Оқу жылындағы І жартыжылдық бойынша



бет1/5
Дата24.04.2017
өлшемі1,22 Mb.
#14734
  1   2   3   4   5
2015 - 2016 оқу жылындағы І жартыжылдық бойынша

бастауыш сынып әдістеме бірлестігінің жұмысына сараптама
Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің мәселесі мынадай:

«Жаңа технологияларды сабақ үрдісіне енгізе отырып, оқушылардың танымды қабілеттерін дамыту»

Міндеттері:

* Жаңа технологиялардың элементтерін қолдана отырып, оқытудың тиімділігін арттыру.

* Барлық оқушыны стандарт деңгейінде оқыту.

* Оқушылық ой жүйесін жетілдіру, бағдар бере отырып, ойын жетелеу, шығармашылықпен ізденуге мүмкіндік беру.


І - әдістеме бірлестігінің отырысында бастауыш сыныптар ӘБ жетекшісі Дөненбаева А.Е бастауыш сынып мұғалімдерінің өткен жылғы жұмысының есебімен таныстырды. Ақкөл орта мектебі мен Ивановка бастауыш мектебінің мұғалімдері әдіс бірлестігінің жаңа оқу жылына құрылған жоспарымен таныстырылды. Жаңа оқу жылының күнтізбелік – тақырыптық жоспарлары қарастырылып, бекітілді.

Биылғы 2015 - 2016 оқу жылында Ақкөл орта мектебінің  бастауыш әдістеме бірлестігінде  10 мұғалім жұмыс істейді.




Мұғалімнің тегі, аты - жөні

Білімі

Санаты

Еңбек өтілі

1

Гринцевич Наталья Васильевна

жоғары

жоғары

38 жыл

2

Киселенко Людмила Станиславовна

жоғары

жоғары

31 жыл

3

Абуова Бақыт Темірғалиқызы

жоғары

І

28 жыл

4

Жармағамбетова Марал Маратовна

жоғары

І

24 жыл

5

Сандыбаева Бибігүл Смагуловна

жоғары

І

19 жыл

6

Дөненбаева Алма Ергалиевна

жоғары

І

18 жыл

7

Виттих Евгения Викторовна

жоғары

-

5 жыл

8

Сорокина Алена Радиковна

жоғары

-

7 жыл

9

Мукушева Жанар Маратовна

жоғары

-

3 жыл

10

Айткешова Айтжамал Сембаевна

орта арнаулы

-

3 жыл


Бастауыш сынып әдістеме бірлестік мүшелері ұйымшыл, өз міндеттеріне жауапты қарайтын ұстаздар. Бірлестік жыл басында бекітілген жоспар бойынша жұмыс істейді. Әдістеме бірлестігінің барлық жоспарланған жұмыстары, жиналыстары өз уақытында өтілді.  Әр мұғалім алдына қойған мәселе бойынша жұмыс жүргізеді. Қыркүйек айы білім күнімен басталды. Оқушылар жазғы демалыстан кейін тұлымдары желбіреп, қуана – қуана мектепке қарай бет алды. Мектептегі 1 қыркүйек білім күніне арналған саптүзеумен басталды. Сынып сағаты «Менің Отаным Қазақстан» атты тақырыппен өткізілді. Оқушылар Отан туралы көптеген тақпақтар айтып, әндер шырқады. Осы айда «Отбасы күніне» арналған мектепішілік іс –шара өткізілді. Бұл іс –шараға бастауыш сынып оқушылары мен ата-аналары белсене ат салысты. Әртүрлі спорттық ойындар мен жарыстар ұйымдастырылды. Бұл ойында 3 «Б» сынып оқушысы Киреев Богдан отбасымен жеңіп алды. Көптеген оқушылар мен ата – аналар мақтау қағаздарымен марапатталды. Ойын соңында шағын концерттік бағдарламаны тамашаладық. Қыркүйек айында өткен «Қазақстан халқының тіл фестивалі» атты іс-шараға жоспар


құрылып, жүзеге асырылды. Бұл іс – шараға сынып жетекшілері жаппай жауапты болды. Бұл жерде оқушылар тақырыпқа байланысты суреттер салып қана қоймай, өздері шығарған өлең – тақпақтарын да бар мектепке паш етті. Бұл жұмыстар мектептік, аудандық газеттерге жіберілген болатын. Қазан айында «Күз сыйы» атты мектепішілік іс – шара өткізілді. Бұл іс – шараға 3 «А», «Б» – сынып мұғалімдері Сандыбаева Б.С мен Киселенко Л.С оқушыларымен жауапты болды. Мереке күздік отырыс түрінде өткізілді. Бұл мерекеге әр бастауыш сынып оқушылары белсене ат салысты. Көптеген тақпақтар жаттап, әндер шырқалды. Тақырып мазмұнына байланысты жұмбақтар жасырылып, оқушылардың күз мезгіліне деген сүйіспеншіліктерін оятты. Тақырыпқа сай суреттер салынып, көрме ұйымдастырылды. Бастауыш әдістеме мұғалімдері үнемі өз біліктілігін көтеру курстарынан өтіп тұрады. Әдістеме бірлестігінің мұғалімдері аудандық, аймақтық семинарларға, сабақтарға қатысып, тәжірибе алмасып отырады. 2 «Б» - сынып мұғалімі Сорокина А.Р желтоқсан айында Азат орта мектебінде өткен аудандық семинарда қонақ сабақ берді. Сабақты орыс тілі пәнінен өткізді, тақырыбы: «Однокоренные слова. Словарьная работа интеллект развитие как средство младшего школьника».



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет