Оқу жылының I жартыжылдығындағы Дөңгілағаш негізгі мектебінде өткізілген тәрбие жұмысының есебі



бет2/33
Дата25.12.2016
өлшемі3,89 Mb.
#4608
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33

Қазақстан Республикасының елі,рәміздері,әнұранының жаңартылуы жайлы мағлұмат беріліп, оқушылар тәрбие сағатына арналған өлең-жырларын жатқа айта білді.Одан әрі оқушылардың хормен «Туған жер» , «Гүлжазира Қазақстан», «Астана», Саржайлау, Отан, Достық туралы әндері шырқалды.

Сынып сағаты қанатты сөздермен қорытындыланды.

-Еліміздің егемендігі жасай берсін !

-Туы асқақтап, Әнұран шырқалып,келешегі еркіндей берсін!

-Еліміз әрқашан тыныш болсын!

«Қазақстан Республикасы көп ұлтты мемлекет» дей келе мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, мақтан тұту, әрбір азаматтың міндеті.

Сынып сағатына қатысқан оқушылар мен ата-аналарға рақмет айтылды.

Бастауыш сыныптарында балалардың жас ерекшеліктері ескеріліп, сабақ ойын түрі мен топтық жұмыстарға сай таңдалып алынды. Сабақ барысында мұғалімдер балаларға сабақтың тақырыбын ойын түрінде ашып,талдап, түсіндірді.Сабақ жоспарға сай,тартымды өткізілді.Сабаққа қатысқан ата-аналар балалар мен ұстаздарын білім күнімен құттықтап,сөз сөйледі. Мектебіміздің 7,8-сыныптарында балаларға сабақ лекция түрінде берілді. Балалар бірнеше мәліметтерді алып,соңынан түсініктерін сұрақ-жауап әдісі арқылы көрсете алды.Мұғалім өз мақсатына жетіп, тақырыпты кеңінен аша алды.9-сынып үшін сынып жетекшісі Иватқызы Гүлден дамытушылық сабақ түрін таңдап алып,өткізді. Сабақ өте қызықты және түсінікті түрде өтті.Сабақтың негізгі мақсатқа жетті.Балалар өз ойларын ортаға салып,тақырыпқа сай ой толғауларын жазып,сабақты аяқтады.

Білім күніне арналған салтанатты саптүзеуге жауапты мұғалім Жакупова Сәуле Тоқпайқызы болып бекітілді және жоспар құрылып,музыкамен әрлендіру жұмысын тәрбие ісінің орынбасары Калиева Гульсум Талапқызына жүктелді.Безендіру жұмысы тәлімгер мен тәрбие ісінің орынбасарына жүктелді. Мектептің сырты мен сыныптар іші мереке күніне сай безендірілді.Саптүзеуді ауылдық мәдени ошағында өткізуді жоспарладық.Саптүзеуде негізге алға қойылған мәселелердің бірі-алғаш мектеп табалдырығын аттап отырған 1-сынып оқушыларына назарды көбірек аудару болды.

Мектеп оқушыларынан құрылған «Сәлем,алтын ұя мектебім!»атты монтаж бен мектебіміздің биші қыздарынан құрылған ұлттық билеріміз саптүзеуді ажарландыра түсті.



Ауылымызда егіншілік шаруашылығымен айналысып жатқан «Ұмай-Жер»шаруашылығы 1-сыныптың төрт оқушысына арнап шағын сыйлықтарын табыс етіп,қуанта түсті. Саптүзеу барысында шақырылған қонақтарға құттықтау сөздері беріліп,ата-аналар тарапынан балалардың аттап отырған қадамдарына арнап,шашу шашылды.Саптүзеу соңында 1-сыныпқа қадам басып отырған бүлдіршіндеріміз 2015-2016 оқу жылының алғашқы қоңырауын соғу рәсімін орындап,қоңырау соғып, оқушылар мен ата-аналарды алғашқы сабаққа шақырды.Барлық сыныптарда алғашқы сабақтар жоспар бойынша,тақырыпқа сай өткізілді.


Каталог: 415043E997791636
415043E997791636 -> Оқу жылының I жартыжылдығындағы Дөңгілағаш негізгі мектебінде өткізілген тәрбие жұмысының есебі
415043E997791636 -> Дөңгілағаш негізгі мектебінің 2015-2016 оқу жылындағы і-жарты жылдығының әдістеме жұмысының есебі
415043E997791636 -> Мектептің білім беру ортасында арнайы жағдайды қалыптастыра отырып, оқушылардың психологиялық даму үдерісін басқару
415043E997791636 -> Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына кітаптар көрмесінің есебі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет