Оқу жылының I жартыжылдығындағы Дөңгілағаш негізгі мектебінде өткізілген тәрбие жұмысының есебі



бет6/33
Дата25.12.2016
өлшемі3,89 Mb.
#4608
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Аудандық білім бөлімінен келген нұсқаулық бойынша жасалған «Абайлаңыз,балалар!»акциясын өткізу үшін мектебімізде жоспар құрылып,жоспар бойынша жұмыстар жасалды.Жоспарланған жоспар негізінде «Жол ережесін бұзбаңдар!» және «Абайлаңыз,балалар!»атты үнпарақтар таратылды.Балалар ауылдағы жеке көліктері бар жүргізушілерге үнпарақты таратып шықты.

«Сен жаяу жүргіншісің»тақырыбына балаларға баяндама оқылып,соңынан қорытынды сұрақтарға жауаптар алынды.

Басқару мен бақылау жұмыстары бойынша қыркүйек айында 1-9 сыныптардың оқушыларының күнделіктері тексеріліп,ескертулер сынып жетекшілерге таныстырылды.Сынып жетекшілердің тәрбие жоспарларының ,сынып журналдарымен сәйкестіктері тексеріліп,сынып жетекшілеріне таныстырылып,ескертулермен жұмыстар жасалды.Жас мамандарға көмектер көрсетіліп,түсіндірілді.

            Мұғалімдер күнінің өтуіне арнап жоспар құрылды. Жоспардың кестесі төменде көрсетілгендей бекітілді.





Іс-шараның тақырыбы

Уақыты

Жауапты

1

Өзін-өзі басқару күні

05.09.

Иватқызы Г.

2

Мерекелік концерт

05.09.

Хурметхан Л.

Жоспар бойынша «Болашақ» балалар ұйымының мүшелері мен 9-сынып оқушылары бір күндік өзін-өзі басқару күнін өткізді. Өзін-өз басқару күнінің мақсаты оқушылардың өздерін-өздері басқара білулерін жетілдіру. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін бастауыш сыныптарға



8-сыныптың оқушылары мұғалім болып бекітілді.Қалған сыныптар мен ұстаздардан құрылған сыныпқа 9-сынып оқушылары сабақ берді.Сабақтар басталмас бұрын мектептің барлық оқушылары мектеп ұстаздарын мерекелерімен құттықтап,тілектерін білдірді.Мектеп дәлізінде мерекелік көңіл күй ұйымдастыра білген оқушылар өздерін тәртіпті ұстай білді.Өзін-өзі басқару өте жақсы деңгейде ұйымдастырылды деген баға қойылды.

Жоспарланған жоспардың келесі іс-шарасы бойынша мектеп ұстаздары мен оқушылары және ата-аналар ауылдық мәдени ошағына жиналды.Хурметхан Лизаның ұйымдастыруымен ұстаздарға арналған мерекелік концерт қойылды .Мәдени ошақтың іші мерекеге сай безендірілген.Бастауыш сыныптың оқушылары концерттің шымылдығын ұстаздарға деген өлең-жырларын оқумен ашты.Әрі қарай жоғарғы сынып оқушылары өз өлең-жырлары мен билерінен құрылған арнауларын ұстаздар қауымына арнады.Мектептің болашақ түлектері 9-сынып оқушылары ұстаздарға арнап дайындаған ойындарын ойнатып,мерекелік кешті одан сайын ажарландыра түсті.Мерекелік кештің соңында мектептің ата-аналар комитетінің атынан ата-аналар құттықтау тілектерін айтып,ұстаздардың ерен еңбектеріне деген жылы лебіздерін білдірді.Осындай мерекелік іс-шарада мектеп ұжымымен бірлесіп жұмыс атқарып келе жатқан мәдени ошағының меңгерушісі де, қалыс қалмай ұстаздарға деген құттықтауын ән арқылы жолдай білді.2014-2015 оқу жылында мектепті аяқтап,бітіріп кеткен оқушыларымыз да,келіп,ұстаздарын құттықтап,ән арнады.

Оқу жылының басында мектептегі оқушылар, ұстаздар, қызметкерлер техника қауіпсіздігі ережелерімен толықтай танысып, қол қойды.

Шаруашылық ісінің меңгерішісі Турлубекова Р.А. –өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ережелермен таныстырып қол қойдырды.

Еңбекке баулу пәнінің мұғалімі Арыков Н.Т. мен информатика пәнінің мұғалімі Каирбекова К.Б. жұмыс барысындағы қауіпсіздік ережелерді сақтау туралы ережелермен таныстырып, қауіпсіздік шараларымен таныстырды.

Тәрбие ісінің меңгерушісі Калиева Г.Т.- оқушыларды, ата-аналарды төтенше жағдайдың алдын-алу, қауіпсіздік ережелерін сақтау, жол-көлік оқиғаларын мұздағы, судағы, зиянды заттардың адам денсаулығына қауіптілігін болдырмау мақсатындағы қауіпсіздік жөніндегі ережелермен таныстырып ,баяндамалар оқыды. Ай бойына апта сайын таза бейсенбілік күні ұйымдастырылып,уақытылы сынып іштері мен дәліздер тазаланып,оқушыларды тазалық пен ұқыптылыққа баулу көзделіп.өткізіліп тұрды.Мектеп ауласының тазалығын сақтау үшін сенбіліктер өткізіліп,мектеп ауласына отырғызылған жағын картоп жинап алынды.Осындай жұмыстар арқылы оқушыларды еңбекке баулып,өз-өздеріне қызымет жасай білуге тәрбиелеу көзделген.



Каталог: 415043E997791636
415043E997791636 -> Оқу жылының I жартыжылдығындағы Дөңгілағаш негізгі мектебінде өткізілген тәрбие жұмысының есебі
415043E997791636 -> Дөңгілағаш негізгі мектебінің 2015-2016 оқу жылындағы і-жарты жылдығының әдістеме жұмысының есебі
415043E997791636 -> Мектептің білім беру ортасында арнайы жағдайды қалыптастыра отырып, оқушылардың психологиялық даму үдерісін басқару
415043E997791636 -> Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына кітаптар көрмесінің есебі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет