Оқу жылының тәрбие жұмысынының i-жартыжылдық бойынша есебі



бет1/9
Дата26.08.2017
өлшемі1,8 Mb.
#29478
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
2016-2017 оқу жылының тәрбие жұмысынының I-жартыжылдық бойынша есебі.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының мемлекеттігі мен қоғамдық қатынасының қалыптасу кезеңінде жалпы азаматтық құндылықтарды меңгерген тұлғаны тәрбиелеу мәселесі, оның рухани және адамгершілік бейнесін қалыптастыру ерекше мағынаға ие болуда. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында тұлғаның шығармашылық, рухани және тән мүмкіншілігін дамытуды, салауатты өмір мен әдептің берік негізінің қалыптасуын, жеке бастың дамуы үшін зердені дамытуды, патриотизмге тәрбиелеуды, халық дәстүрлерін сыйлауды, әлемдік және отандық мәдениеттің жетістігіне ортақтасудың қажет екендігін ескере отырып 2016-2017 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының төмендегідей мақсат пен міндеттері қойылды:



Мақсатымыз: «Жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды сақтай білу, өз Отанын сүйетін ұлтжанды азамат тәрбиелеу. Жан-жақты мәдениетті тұлға, талғамы биік, салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.»

Міндеттері:

1. Оқушыларды заң негіздерімен таныстыру.

2. Құқықтық жүйені оқып білуге және өмірде қолдана білуге қалыптастыру

3. Оқушыларды халқымыздың рухани байлығын сақтауға және оған құрметпен қарауға тәрбиелеу.

4. Көркем шығарма оқуға, театрға баруға, мұражайға баруға баулу.

5. Салауатты өмір салтын ұстануға үгіттеу

6. Нашақорлықтың, ішімдіктің зиянды жақтарынан бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу.

7. Оқушы психологиясындағы өзгерістер мен жас ерекшеліктерін жеке тұлғаның жас ерекшелігіне сай жан-жақты үйрету.

2016-2017 оқу жылын 01.08-30.09 аралығында «Мектепке жол» республикалық акциясын өткізуден бастадық. Акцияны өткізу барысында ұйымдастырылатын іс-шаралар жоспары бекітіліп, ұйымдастыру комитеті құрылды. Бұл акцияға жеке кәсіркерлер, белсене атсалысты. Айлық барысында баланы мектепке дайындауда көмек көрсетілді.

Орынбасарова М------------ ИП «Кадыров»

Байсеитов Т-------------------- ТОО «Флагман Агро»

Аккузов Адай ______________ ИП «Мустафина А»

Уралова Д_________________ИП «Габдуллин И»

Уралов А__________________ИП «Габдуллин И»

Уралов Е ____________________ИП «Габдуллин И»

Акция барысында мектепке бекітілген мөлтек ауданы бойынша 0-18 жас аралығындағы 121 бала саны анықталып, оның ішінен 65 бала оқу жасында болды,мектепалды даярлық сыныпта 12 оқушы, «Балапан» шағын орталығында 20 бала бар,жағдайы төмен отбасыдағы оқушылар саны 11.



Оқу жылының басынан бастап Қызылтаң орта мектебінде бекітілген тәрбие жұмысының жоспары бойынша көптеген жұмыстар жүргізілді.Біздің мектепте тамыз айында сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігінің жоспары жасалып, бекітіліп, жұмыстар белгіленді. Тамыз айында жалпы оқытумен қамту айлығында дайындық жұмыстары жүргізілді. Мұғалімдер шағын мөлтек аудандарға бөлініп, оқушылардың тізімін анықтау мақсатында үйді-үйге жүріп, дәптерлеріне балалардың тізімін алып,ата-аналармен әңгіме жүргізді.

Азаматтық ұлтжандылық тәрбиелеу бағыты бойынша- ең бірінші мектепте өткізілген тәрбие жұмысының жоспары бойынша алғашқы қоңырау мерекесі өтті. Оқу ісінің меңгерушісі басқаруымен сап түзеу ұйымдастырылып, алғашқы 1 қыркүйек Білім күніне арналған тәрбие сабақтары өткізілді.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру бағыты бойынша- Денсаулық фестивалі ұйымдасырылды. Бұл шараға дене шынықтыру мұғалімдері және АӘД жетекшісі Неғметжанов А.С. жауапты болды.Салтанатты түрде мектеп сапқа тұрып , Қ.Р. әнұраны орындалды. Фестиваль құрылған жоспар бойынша жүрді.

Жоғарғы сынып оқушылары Ақкөл орта мектебіне кездесуге барып келді.



Мектеп медбикесі жоғарғы сынып оқушыларына қазан айында «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында жоғарғы сынып қыз балаларымен кездесу өткізді.



Қазан айында Көкшетау қаласына бокс турниріне 3 оқушы қатысып, жеңістерге қол жеткізді. 56 кг салмағында Абушахман Ерген 2 орынға ие болып жеңімпаз атанды.

Қаңтар айында 6-8-cынып оқушылары Красноярда өткен Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысты,бір оқушымыз жүлделі 3-орын алды.

Қарашаның 26-нан желтоқсанның 15-і аралығында 5-cынып оқушысы Аккузов Адай,8-cынып оқушысы Серәлі Ноян, 7-cынып оқушысы Мұрат Ақнұр,9-cынып оқушысы Бейсенбаев Ерназ Бурабайда балаларға арналған шипажайда ем қабылдап келді. 1.12.10. шеңберінде өткен 1 – желтоқсан дүниежүзілік Спидке қарсы күнге жоспары жасалып, жауапты адамдар белгіленді Жоғарғы сынып оқушыларына СПИД туралы мағлұмат берілді




Каталог: 354A4348AEE2D3F9
354A4348AEE2D3F9 -> Тәрбие жұмысына төмендегідей мақсат пен міндеттері қойылды: Мақсатымыз
354A4348AEE2D3F9 -> 1 – қыркүйек білім күні құтты болсын!!!
354A4348AEE2D3F9 -> Сабақтың мақсаты Білімділігі: оқушыларды Сабақтың мақсаты
354A4348AEE2D3F9 -> Сабақ Тақырыбы: Ежелгі Қытай мәдениеті 6-сынып
354A4348AEE2D3F9 -> Баяндама «Бастауыш сыныптарда оқушыларды сыни тұрғыда ойлауды дамыту.»
354A4348AEE2D3F9 -> Оқытуда жаңа педагогикалық технологияларды қолдану Темирбаева Гульнар Сайлаубаевна
354A4348AEE2D3F9 -> «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» Салтанатты жиын 2016-2017 оқу жылы
354A4348AEE2D3F9 -> Сабақтың тақырыбы: Алкендер -қанықпаған көмірсутектер. Алынуы, химиялық қасиеттері және қолданылуы
354A4348AEE2D3F9 -> Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезені. Тақырып пен мақсатымен таныстыру. Әнұран орындау
354A4348AEE2D3F9 -> Әліппемен қоштасу ертеңгілігі Өткізген: Негмнтжанова Р. К. 2015-2016 оқу жылы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет