Оқу кабинетiнiң жабдықталуы



Дата15.09.2017
өлшемі60,44 Kb.
#33703



Оқу кабинетiнiң жабдықталуы.
Қазіргі таңда Қазақстанда білім кеңестігінде жаңа бағдар жүйесі жүріп жатыр.Бұл процесс қазақ тілі кабинетінің талаптарын өзгертуге жол салды. Оқу орыс тілінде жүретін мектепте басқа ұлтқа қазақ тілін оқыту әдістемесі кабинеттің жабдықтаумен тығыз байланысты. Қазақ тілі кабинетінде интерактивті тақта,электронды оқулықтар,мультимедиалық оқу бағдарламалары

лингафондық құрылымдар бар, көлемі 46 шаршы метр, интернет жүйесіне қосылған, 12 оқушыға компьютерлік жұмыс орны жабдықталған және мұғалімнің жұмыс орны моноблокпен жабдықталған.

Кабинеттiң төлқұжаты, кабинеттiң келешек жоспары, орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың Мемлекеттiк бағдарламасын дамыту жоспары, кабинет кеңесiнiң жоспары, оқу кабинетiнiң жабдықталу тiзiмi бар. Бұл кабинеттің төрінде Абай Құнанбаевтың портреті мен 31 қара сөзі орын алған, өйткені кабинет Абай Құнанбаевқа бағытталған.

Стендте Ұлтымыздың ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер және кабинетте дидактикалық материал электрондық және жазбаша нұсқауда жиналған.

« Жүрегімнің түбіне терең бойла » деп аталатын сөрем бар. Бұл сөреде Абай атамыздың шығармалары12 дана және энциклопедиялар 10 дана,қара сөздері, «Абай елі» кітабы орын алған. М.Әуезовтің энциклопедиясы бар. Кабинеттің даму жоспарында жоспарлағандай Абай туралы деректермен толықтырып, Абайтану бағытында негіздеймін. Лицей оқушыларына арналған Абайтану оқыту курсы бар. Кабинеттегі жинақталған материалдар қол тигізбес емес,әр оқушы үзіліс арасында, сабақтан соң, сенбі күндері келіп,өз керектігін алып отырады. Мен осы кабинеттегі барымды балалармен жұмыс жасауда кеңінен қолдануға, оқушыларға көмектесуге тырысамын,кабинет жай ғана жұмыс орным емес, қызметтегі сырласым,серігім. Оқушылардың сауатты да білімді дара дамыған азамат болып шығуларына көмегім тиіп, мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосар кабинеттердің бірі болса содан артық арманым жоқ деп ойлаймын.

Артқы қабырғада Бәйтерек бейнесі ұлттық ою-өрнекпен безендірілген. Бәйтерек бейнесі, Абай сөзі шынымен жабдықталған.

Жоғары «Қазақстан болашағы- білімді ұрпақ» деген жазуы бар.Бұл көріністін мақсаты Ұлтымыздың ұлы ақынның бүгінгі күнде де адамды өз ырқына жетелеп алатын қасиетті дүние.

Алдынғы қабырғада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері ілінуі, тақтаның үстіңгі жағында Абай Құнанбаевтың «Мақсұтым – тіл ұстартып өнер шашпақ ,наданның көзін қойып, көңілін ашпақ» деген сөзі жазылған, 5-11 сынып аралығындағы оқу бағдарламасына енген ақын-жазушылар мен өнер қайраткерлерінің портреттері хронологиялық тәртіпте ілінген.Ақын, жазушылар:- А. Құнанбаев- Мәшһүр-Жүсіп Көпеев- Ж. Аймауытов- А.Байтұрсынов- М. Дұлатов және С.Торайғыров. Сол жақ қабырғада «Тіл мен әдебиет – ой жүйріктігін, тіл шешендігін үйрететін пән» деген стенд бар.Кабинетте «Қауіпсіздік ережесі», «Оқы,үйрен,ізден», «Біздің сынып» стендтері бар. Қазақ тілі кабинетiнде жұмыс iстеу барысында техника қауiпсiздiгiн сақтауды қамтамасыз ететiн құрал-жабдықтары бар.

Кабинетте әдеби нұсқаулық мәліметтер тақырыптарға бөлініп жинақталған. Қай шкафтың қандай сөресінде не бар екенін номенклатура тізіміне қарап, оңай табуға болады.Заманға сай электрондық каталогі бар. Тізімде бірінші шкаф номері,екінші сөре, үшінші құрал номері берілген. Кез келген оқытушы өзі сабаққа дайындалу барысында оңай таба алады.

Дидактикалық материалдар жүйесіне тоқталсақ: жаңа бағдарламаның үш аясы бойынша оқушылардың білім әрекеттерін ұйымдастыруға арналған материалдар, дидактикалық материалдар,

бақылау жұмыстарының өлшем бірліктері,тақырыптық карточкалар,деңгейлік тапсырмалардан құрастырылған таратпа материалдары,олимпиада материалдары (мектепiшiлiк, қалалық, облыстық,)тест жинақтары, диктант, мазмұндама жинақтары,

дарынды оқушылармен жұмыс түрлері, үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс түрлері,рефераттар, баяндамалар (оқушылардың шығармашылық жұмыстары)бар.Қазіргі өмір талабына сай әр оқушыға электрондік аударма сөздігі бар және 100 мың сөз деген қазақша- орысша кітап сөздіктері бар.Кабинетте орфографиялық,түсіндірмелі,ресми-іс,синонимдер,тұрақты сөз тіркестер сөздіктері бар. Қазіргі өмір талабына сәйкес әр сыныпқа арналған тақырыптық тест жинақтары жазбаша және электрондық нұсқалары бар. Кабинет кiтапханасында анықтамалық-ақпараттық әдебиеттер,көркем әдебиеті,мерзiмдiк басылымдар бар.

Қазіргі кезде сабақта әдістемелік мақсатқа қарай келесі бағдарламаларды қолдануға болады:

1. Тренажер – бағдарламалар; 2. Бақылаушы - бағдарламалар;

Көрнекілік - бағдарламалары арқылы компьютерді көрнекілік құралы ретінде қолдана отырып оқушыларды жаңа тақырыпқа керекті материалдармен таныстыруға болады.

Кез келген оқытушы өзінің пәнін қызықты өткізуге, және де оқушыларының білімін арттыруға тырысады. Қазіргі кезде көптеген білім салаларында интерактивті тақталарды қолдану кең өріс алып келеді. Қазіргі кезде оқыту үрдісінде сын тұрғысынан ойлау, жаңа ақпараттық технологияларын сабақта қолдану оқушыларының ойлау қабілеттерін, белсенділігін арттырады. Интерактивті тақта мұғалімнің сыныптағы әрбір оқушыға ақпаратты тиімді жеткізуіне көмектеседі. Интерактивті тақта әр түрлі бағытта оқытуды және сабақ беруді өзгертуі мүмкін. уақытты тиімді пайдалануға өте қолайлы. Схемаларды беруде өте ыңғайлы.

Мақсатым -оқушыларды қазақша сөйлей білуге үйрету болады да, сондықтан сөздерден сөйлем құрау үшін грамматикалық ережелер, анықтамалар сөз үйретудің техникасы ретінде қарастырылады.



Тренажер – бағдарламалар оқушының білімін, білік-дағдысын бекітуге, пысықтауға арналған.Бақылаушы - бағдарламалар бақылауға қажетті тұрақтылықты, көпнұсқалылықты, бағаның мұғалімнің субъективтік көзқарасынан және тағы да басқа факторлардан тәуелсіздігін қамтамасыз етіп, білім беру үрдісінің сапасын жоғарлатып, оқытушының еңбек өнімділігін, нәтижелілігін жоғарлатады.

Тәлімгерлік бағдарламалар - оқушылардың жауабын өндейтін бағдарламалар. Дәстүрлі оқыту әдісімен салыстырғанда интерактивті оқытуда мұғалім мен оқушының өзара әрекеттесуі өзгереді, мұғалім белсенділігі оқушы белсенділігімен ауысады. Мұғалімнің міндеті – оқушының ынта – ықыласына жағдай туғызу. Мұғалім оқу үрдісін ұйымдастыруда оқушының тек көмекшісі болады.
Каталог: uploads -> doc -> 0b9d
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0b9d -> Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ Көрнекілігі: қималар, үлестірмелі қағаздар
0b9d -> Жобаның түрі: Танымдық – зерттеу. Жобаның мақсаты
0b9d -> Әлем елдерімен тересі тең Қазақстан !


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет