ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті



бет5/15
Дата23.10.2016
өлшемі2,39 Mb.
#67
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


1 курс
2 семестр

Пәннің аталуы

Информатика

Қысқартылған атауы

ИН

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, семинарлық, ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 2

Оқытушының Т.А.Ә.

Спабекова Г.М.

Доцент / оқытушы:

ф-м.ғ.к.,доцент

Жұмыс тілі

Қазақ, орыс

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Жалпы білім беретін пәндер.

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер–15, семннарлық–15, ОСӨЖ–30, СӨЖ–30


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

3

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: математика , физика

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

XXI ғасыр адамзат дамуының жаңа сатысы – ақпаратты қоғамға өтумен сипатталады. Бұл қоғамда ең қажеттісі – информатика мен компьютерлік техниканы терең меңгеру. “Информатика” пәнінің негізгі мақсаты студенттерге жаңа ақпараттық технологияларды игеруді және оны нақтылы пайдалана білуді үйрету, информатиканың басты идеялары мен дербес компьютердің жұмыс істеу принциптерін үйрету.

Мазмұны

Дәріс: Информатка пәні, объектілері және оның құрамдас бөліктері. Дискретизация түсінігі, тілдер – объектілерді және процесстерді бейнелеу әдістері. Суреттерді форматизациялау. Компьютерлік графика түсінігі. Информатиканың геометриялық түсінігі. Компьютерде акпаратты бейнелеу. Буль алгебрасы және компьютердің логикалық схемасы. Компьютердің негізгі блоктарын ұйымдастыру элементтері. Процессордың архитектуралық ұйымдастырылуы. Компьютедің жадысын ұйымдастыру. Командалар және адрестер жүйесін жүйесін ұйымдастыру. Ақпаратты сақтаудың техникалық құралдары. Жадыны басқару, мильтипроцессорлық есептеу жүйелері: есептеу процесі ажырату, программаларды ажырату, қабатты-параллельдік формалар, гипераудандар өрісі. Қазіргі замандағы программалық құралдар. Программалау жүйесінің программалық, тілдік және информациялық жабдықталуы. Компиляторлар және интерпретаторлар. Стандартты программалар. Операциялық жүйелер. MS DOS, Windows операциялық жүйелері. Архиваторлар, антивирустық программалар, утилиттер. Алгоритмдер (типтері, қасиеті, бейнелеу әдістері). Алгоритмдік құрылымдар. Программалауды үйрететін тілдерді шолу, жалпы бағыттағы программалау тілдері. Негізгі алгоритмдер. Есеп шығарудың негізгі программалық нәтижелі схема. Массивтерді өңдеудің негізгі алгоритмдері. Тізбектерді өңдеудің негізгі алгоритмдері. Деректердің ақпарттық құрылымдары туралы жалпы мағлұмат. Есепті тиімділеу. Программаларды өңдеу және тестілеу әдістері. Модульдік және құрылымдық программалаудың концепциясы. Объектіге бағыталған программаларды шолу. Мәтіндік редакторлар. MS Word программасында мәтіндік құжат даярлау . MS Word-та кестелермен жұмыс. Графикалық объектілерді пайдалану. Windows жүйесіндегі EXCEL программасы (программаны іске қосу, ұяшықтарға мәліметтер, мәтін енгізу және т.б.). MS Excel-де функциялар мәнін кестелеу. Ұяшықтар мен блоктардың адрестерін абсолютті, салыстармалы және аралас түрде жазу. Excel-де функциялармен жұмыс. Excel-де диаграмма тұрғызу.

Деректер қорын басқару жүйесі. ДҚБЖ-нің негізгі объектілері. Кестеаралық байланыс. Кесте құру режімдері. Сұраныс. Қалып түрлері. Есеп. MS Access-те беттермен жұмыс. Макрос және модульдер. Презентация даярлау құралы - MS POWER POINT. Power Point құжатының құрылымы. Слайд құру режімдері. Компьютерлік желілер, желілік және телекоммуникациялық технологиялар. Желілік туралы жалпы мағлұмат, алдын-ала жағдай және компьютердің желілік әрекеттестік қажеттігілі. Ақпараттық және сәйкес программалық қамсыздандыру. Ауқымды және жергілікті желілер. Негізгі технологияларды, деректер тасымалдау әдістерін шолу. Жергіліті компьютерлік желілерде ақпаратты қорғау, антивирустық қорғаныс. Жасанды интелект жүйелері. Интернет және электрондық пошта. . Ақпараттық сақтандару және оның құрамдастыру. Ақпарат қауіпсіздігіне қауіптер және олардың топталуы. Ақпараттық процеске рұқсатсыз кірісуден сақтану. Ұйымдастыру шаралары, инженерлі және де басқа ақпаратты сақтау әдістері. Жергіліті компьютерлік желілерде ақпаратты қорғау, антивирустық қорғаныс. Жасанды интелект жүйелері. Қазіргі замандағы жоғарғы деңгей тілдері: қысқа мінездеме, негізгі түсініктер. Объектіге бағытталған программалау технологиясы.



Семинарлық сабақтар Санау жүйелері. Бүтін және бөлшек сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне аудару. Есептерді алгоритмизациялау. Сызықты, тармақты және циклдік алгоритмдер. Жүйелі программалық алгоритмдер. Архиваторлар, антивирустық программалар, утилиттер.Windows ОЖ орнату. Жұмыс үстелінде объектілерді құру, жою және қалпына келтіру. Мәтіндік редакторлар.MS Word программасында мәтіндік құжат даярлау. MS Word-та кестелермен жұмыс. Графикалық объектілерді пайдалану. MS Word-та диаграммаларды орнату. MS Word программасында формулаларымен жұмыс. Windows жүйесіндегі EXCEL программасы (программаны іске қосу, ұяшықтарға мәліметтер, мәтін енгізу және т.б.). MS Excel-де функциялар мәнін кестелеу. Ұяшықтар мен блоктардың адрестерін абсолютті, салыстармалы және аралас түрде жазуды қолдану. Windows жүйесіндегі EXCEL программасында диаграмма тұрғызу мүмкіндіктері. EXCEL программасының математикалық қосымшалары. Деректер қорын басқару жүйесі. ДҚБЖ-нің негізгі объектілеріндегі кестеаралық байланыс. Кесте құру, сұраныс. Қалып түрлерін қолдану. Есеп беру. MS Access-те беттермен,макрос және модульдер құру. Презентация даярлау құралы - MS POWER POINT. Power Point-та слайдтар құру. Компьютерлік желілер, желілік және телекоммуникациялық технологиялар. Желілік әрекеттестік қажеттігілі. Ақпараттық және сәйкес программалық қамсыздандыру. Ауқымды және жергілікті желілер. Интернет және электрондық пошта. Негізгі технологияларды қолданып, деректер тасымалдау әдістері.Ақпараттық сақтандару және оның құрамдастыру. Ақпарат қауіпсіздігіне қауіптер және олардың топталуы. Ақпараттық процеске рұқсатсыз кірісуден сақтану. Ұйымдастыру шаралары, инженерлі және де басқа ақпаратты сақтау әдістері. Қазіргі замандағы жоғарғы деңгей тілдері: мінездеме және негізгі түсініктер. Объектіге бағытталған программалау.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Ақпараттардың құрылымы мен қасиеттерін білу, оны іздеп табу, ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, өңдеу, тарату және бұл жұмыстарды автоматтандыра отырып күнделікті тіршілікте керегінше пайдалана білу өркениет өріне бет бұрудың негізі.


1 курс

2 семестр

Модуль аталымы

Психология

Молдульдің қысқаша аталымы

ПС

Тақырыпша

Психология пәні мен міндеттері, студент және оқытушы психологиясы, қарым -қатынас психологиясы, танымдық және оқу іс-әрекет психологиясы, психологиялық қызмет.

Оқу пән курсынан оқу іс-шаралар

Тақырыптар бойынша зерттеулер, тақырып мазмұнына орай кесте мен түсініктер беру.

Семестр

2 семестр

Модульге жауапты

Арымбаева К.М.

Доцент/ оқытушы

п.ғ.к, доцент;

Жұмыс тілі

Казақ тілі, орыс тілі

Оқу жоспарымен ара қатынасы

Базалық міндетті компонент (МК)

Оқыту формасы, академиялық сағат саны

Дәріс–15 чсағат, практикалық –15 сағат, ОСӨЖ–15 сағат, СӨЖ– 15 сағат

Еңбек сиымдылығы

45 сағат

Кредиты/ зачетные ед иницы

2


Модуль шеңберіндегі оқыту әдісінің шарттары

Курс пререквизиті Философия, Орталық жүйке жүйесі және жоғарғы жүйке жүйесінің іс - әрекетінің физиологиясы, жоғарғы матиматика, социология

Білім беру мақсаты/ хабардарлылық

Курс мақсаты мен міндеттері

Курстың мақсаты: Студенттердің жалпы психология курсында алған білімдері мен зерттеу дағдылары негізінде студенттерді психологиялық ойлауын дамыту, семинар және практикалық сабақтар процесінде психологиялық құбылыстарды жүйелі талдауда ептілікпен дағдыны қалыптастыру.

Курстың міндеті: Оқытылған психологиялық құбылыстарды заңдылықтарды негізінде психологияның әр салалары бойынша студенттерде білімдерді жүйелендіру; әртүрлі психологиялық фактілер мен теорияларды жүйелі- психологиялық талдау процесінде студенттерде танымдықт дағдылар мен ептіліктерді дамыту; Дүние жүзілік және отандық психология ғылымдарының негізгі принциптерімен, бағыттарымен және идеялары мен таныстыру.

Мазмұны

  1. Психологиялық ғылымдар және практиканың пәні мен міндеттері. Психология пәні. Жалпы психологияның пәні. Жалпы психологияның әдіснамалық қызметтері. Психологияның принциптері

  2. Іс-әрекетті психологиялық талдау. Психиканың пайда болуы және эволюциясы. Іс-әрекет туралы жалпы түсінік. Іс-әрекет құрылымның психологиялық ерекшелерін зерттеу.

  3. Адам психикасының дамуы және пайда болуы. Психикалық құбылыстардың жалпы құрылымы. Адам психикасының қоғамдық тарихи табиғаты. Адамзаттың тарихи дамуға өтуі. Сананың нақты психологиялық сипатттамасы. Саналы бейненің құрылымы. Мидың психо – физиологиялық қызметтері (сенсорлы сезгіштік, минимикалық, вербалды логикалық, психомоторлық.

  4. Сезімдік таным психологиясы. Түйсік бейнелеудің алғашқы процесі және қоршаған болмысты тану ретінде. Қозғалысты ретеудегі түйсіктің ртөлі. Түйсік психикалық дамудың көзі ретінде түйсіктің танымды еңбекке қарым – қатынаста дамуы. Синестезия.

  5. Түйсіктің жекелеген түрлерінің сипаттамасы. Түйсік жөнінде жалпы түсінік. Түйсік түрлері. Түйсіктің атқаратын қызметі.

  6. Қабылдау және елес. Қабылдау сезімдік ьейнелеудің негізгі процесі. Қабылдауды зерттеудегі екі бағыттың жалпы ипаттамасы: обьектипті және субьектипті – бағдарлаушы бағыттар. Елестердің эмперикалық сипаттамалары: жалпылау, күңгірттену елестердің сезімдік заттық, сипаты есту, көру, иіс сипап сезу елестері, бірізді бейнелер. Эидетикалық бейнелермен түс көру.

  7. Ойлау психологиясы. Ойлау туралы ұғым. Ойлау және таным. Ойлаудың тікелей сезімталдық танымнан айырмашылығы. Ойлаудың түрлері. Ойлау іс әрекетінің мотивациясының ерекшелігі. Аффекті мен интеллектінің бірлік принципі.

  8. Ес. Ес өткен тәжірибені сақтау, тану, қайта жаңғырту ретінде. Естің түрлері, есте қалдырған материал мазмұнына және қайта жаңғыртуға тәуелділігі. Естің жеке адамның маңызды өмірлік міндеттерді шешуіне қатысуы, оның мотивациялық сфераның динамикасымен, құрлысымен шарттануы.

  9. Сөйлеу психологиясы. Зейін. Ойлау және сөйлеу. Лингивистикалық салыстырмалық болжамы, оның психологиялық аспектілері. Зейін алдындағы процестер, объектіні қабылдауға ішкі ыңғайлану.Ерікті, белсенді зейін. Зейіннің дамуы, жас ерекшелігі факторлары.

  10. Эмоция психологиясы. Эмоция психологиясының күйі. Эмоциядағы психикалық бейнелеу ерекшелігі. Эмоцияның функциялары. Эмоцияның таным процестеріне ықпалын эксперименттік зерттеулер. Эмоциялық қүбылыстардың түрлері.

  11. Мотивация және эмоция психологиясы. Қажеттілік мотивациялық процестердің негізі ретінде. Мотивацияның биологиялық және әлеуметтік деңгейлерінің арақатынасы.

  12. Жалпы психологиядағы тұлға. Тұлға түсінігі. Тұлғаның негізгі көрсеткіштері: белсенділік, саналылық, дербестік, жеке даралық.

  13. Тұлға құрылымы. Тұлға қүрылымы жайлы түсінік. Тұлға қүрылымының негізгі блоктары. Тұлғаның әлеуметтік мәртебесі, әлеуметтік қызмет - рөлдері, әлеуметтік жүріс - түрыс, мотивтер, бағыттылық, мінезі. Тұлға құрылымындағы интеллект және қабілеттілік.

  14. Тұлға және даралық. Тұлғалық - жеке даралықтың ішкі әлемі туралы түсінік. Мінез-тұлғаның дара-өзіндік және әлеуметтік-типтік бірлік ретінде. Темперамент - мінездің табиғи негізі ретінде. Қабілет туралы түсінік.

  15. Тұлғаның әлеуметтік мінез -құлқы және дамуы. Әлеуметтік мінез - құлық туралы түсінік тұлғаның белсенділігі оның адамдарға, еңбекке, қоғамға, әлемге қатынасының формасы ретінде көрінеді.

Оқу іс ірекетінің нәтижесі-қорытынды тексеру формасы


Оқыту іс-әрекет нәтижесінде оқытылған психологиялық құбылыстарды заңдылықтарды негізінде психологияның әр салалары бойынша студенттерде білімдерді жүйелендіруді. Әртүрлі психологиялық фактілер мен теорияларды жүйелі- психологиялық талдау процесінде студенттерде танымдықт дағдылар мен ептіліктерді дамытады. Дүние жүзілік және отандық психология ғылымдарының негізгі принциптерімен, бағыттарымен және идеялары мен таныс болады.

1 курс

2 семестр


Пәннің аталуы

Қазіргі қазақ тілі. Фонетика

Қысқартылған атауы

ККТF 1214

Оқу іс-шаралары

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр

2

Оқытушының Т.А.Ә.

Бескемпірова Г.

Доцент/ оқытушы:

аға оқытушы

Жұмыс тілі

қазақ

Оқу жоспарымен сәйкестігі

БП міндетті компонент

Оқу түрі/ академиялық сағаттардың саны

Дәріс 15 ОСӨЖ15, СӨЖ15

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы 45

Кредиттер/ сынақ бірліктері

1

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Қазақ тілінің фонетикасы

Білім беру мақсаттары

Қазақ тілі курсында фонетика, лексика және грамматика салаларын қарастырады. Фонетика саласында - дыбыс, буын, үндестік заңы т.б. салаларын толық қамтып, лексика саласында – этимология, семасиология, ономасиология, фразеология т.б. мәселелерді қамтиды. Грамматика саласында – морфология жіне ситаксис тақырыптарын қарастырып, талдау жұмыстарын практика жүзінде іске асырылуы тиіс.

Мазмұны

Практикалық сабақ: Фонетика Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі, дыбыстардың айтылуы мен жазылуы туралы жалпы мағлұмат. Алфавит, оның құрамы. Алфавит тәртібін білудің практикалық кажеттілігі. Қазақ тіліндегі дыбыстардың дауысты, дауыссыз болып жіктелуі туралы түсінік. Дауысты дыбыстар. Дауысты дыбыстардың жуан-жіңішке, ашық-қысаң, еріндік-езулік болып жіктелуі. Дауысты дыбыстар, олардың емлесі. Дауыссыз дыбыстар. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы, сөз мағынасын ауыстырып қолдану жолдары, олардың стильдік ерекшеліктері. Сөздің көп мағыналығы және омоним. Омоним сөздер мен көп мағыналы сөздердің белгілері, айырмашылықтары, оларды ажыратудағы контекстің рөлі, Көркем шығармада омоним мен көп мағыналы сөздердің қолданылу әдісі. Омограф, омофондар жайында түсінік. Синоним, оның ойды көріктендірудегі ролі. Синонимдік қатарлар, олардың қолданылу ерекшеліктері: бірыңғай мүше түрінде, кос сөз түрінде қолданылуы. Синонимдердің белгілі бір контексте бірінің орнына бірі ешбір өзгеріссіз қолданыла беруі мен сөз талғап қолданылатындығы. Антоним, оның коркем шығармада қолданылудағы ерекшеліктері. Мақал мен мәтелдер, афоризмдер. Тұрақты сөз тіркестерінің стильге қатысы.

Оқу жұмысының нәтижелері/ Қорытынды бақылау түрлері

Пән бойынша барлық материалдарды толық меңгеру

мектеп бағдарламасы көлемінде қазақ тілінен меңгерілген білім, білік дәрежелерін жүйелі түрде тиянақтап, жазу сауаттылығын, ауызша сөйлеу мәдениетін жетілдіріп, алдағы уақытта өтілетін қазіргі қазақ тілінің теориялық курсын жоғары деңгейде меңгертуге дайындау

Емтихан, бақылау тапсырмалары




1курс

2 семестр

Пәннің аталуы

Ежелгі дәуір әдебиеті

Қысқартылған атауы

ЕДӘ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, семинар,ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 2

Оқытушының Т.А.Ә.

Оразбаев Қ.

Доцент/оқытушы:

ф.ғ.к., аға оқытушы

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер міндетті компонент

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Дәрістер -15 семинар- ОСӨЖ-15,СӨЖ-15

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы -45 сағат.

Кредиттер/сынақ бірліктері

1 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Ежелгі дәуір әдебиетінің тарихы. Ежелгі жазба ескерткіштердің топтастырылуы.

Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі

Ежелгі дәуір әдебиеті тарихын білу. Өкілдері шығармашылығымен танысу.

Нәтижесінде: Ежелгі дәуір әдебиетімен таныса отырып, салыстырмалы зерттеу жұмысын жүргізу дағдысын қалыптастыру.



Мазмұны



Дәрістер: Б.з.б. VІІ ғасырдан бастап заманымыздың V ғасырына дейінгі кезеңдегі ежелгі түркі жазба жәдігерліктері мен әдебиеті. Тарихи құжаттар мен шежірелердегі, мифологиялық аңыз әңгімелердегі сақтардың, ғұндардың, үйсіндердің мәдениеті мен өнері. Түркі қағанатының әдебиеті. Орхон, Енисей, Талас ескерткіштері: жанрлық ерекшеліктері, руникалық жазбалардың поэтикасы. Х – ХІV ғасырлардағы мәдениет пен әдебиет. Қайта өрлеу кезеңіндегі әдебиет. Алтын Орда дәуіріндегі мәдениет пен әдебиет: нәзира жанры және оның қазақ әдебиеті дамуындағы орны. Стилі, жанры, поэтикасы. Ежелгі және көне дәуірлердегі қазақ әдебиетін зерттеуге байланысты жаңалықтар. Аударма мен мәтін тану мәселелері. Ежелгі жазба ескерткіштердің топтастырылуы (классификациялануы). Көркем әдіс мәселелері, жанрлар жүйесі, ежелгі орыс әдебиетінің негізгі кезеңдері. Әдебиет пен фольклор.

Семинар сабақтар: Б.з.б. VІІ ғасырдан бастап заманымыздың V ғасырына дейінгі кезеңдегі ежелгі түркі жазба жәдігерліктері мен әдебиеті. Тарихи құжаттар мен шежірелердегі, мифологиялық аңыз әңгімелердегі сақтардың, ғұндардың, үйсіндердің мәдениеті мен өнері. Түркі қағанатының әдебиеті. Орхон, Енисей, Талас ескерткіштері: жанрлық ерекшеліктері, руникалық жазбалардың поэтикасы. Х – ХІV ғасырлардағы мәдениет пен әдебиет. Қайта өрлеу кезеңіндегі әдебиет. Алтын Орда дәуіріндегі мәдениет пен әдебиет: нәзира жанры және оның қазақ әдебиеті дамуындағы орны. Стилі, жанры, поэтикасы. Ежелгі және көне дәуірлердегі қазақ әдебиетін зерттеуге байланысты жаңалықтар. Аударма мен мәтін тану мәселелері. Ежелгі орыс әдебиетінің хронологиялық шекаралары, жазба ескерткіштердің топтастырылуы (классификациялануы). Көркем әдіс мәселелері, жанрлар жүйесі, ежелгі орыс әдебиетінің негізгі кезеңдері. Әдебиет пен фольклор.



Оқу жұмысының нәтижелері/ Қорытынды бақылау түрлері

Ежелгі дәуір әдебиетінің ерекшеліктерін білу.

Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы
files -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет