ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті



бет7/15
Дата23.10.2016
өлшемі2,39 Mb.
#67
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15


2 курс

4 семестр

Пәннің аталуы

Философия

Қысқартылған атауы

ФФ

Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық сабақтар, СӨЖО, СӨЖ

Семестр

4 семестр

Оқытушының Т.А.Ә.

Шалдарбекова А.Б.

Доцент/оқытушы

ф.ғ.к., аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Негізгі пән, міндетті компонент

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Дәрістер – 30, практикалық сабақтар – 15, СӨЖО – 45, СӨЖ – 45

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 135

Кредиттер/сынақ бірліктері

3

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Мәдениеттану, әлеуметтану, саясаттану, өзін-өзітану, логика, психология

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Өзекті мәселелерге біртұтастық тұрғыдан қарауды қалыптастыру, әр адамда әмбебаптық және жаһандық көлемде ойлау үрдістерін қалыптастыру, студенттің шығармашылық ойлау қабілетін қалыптастыру. Адамның іс-әрекетінің, дүниетанымының, өмірлік мақсат, тілектерінің философиялық негіздерін анықтау. Философияның тарихы мен теориясын оқыту барысында тыңдаушы әлем мен адам, оның өзара қатынасы туралы білімдерді тереңдетіп, негізгі ұғымдармен, ілімдермен танысады.

Мазмұны

Дәрістер: Философия мәдениет феномені хақысында. Философияның мәнін түсіндірмелеудің негізгі типтері. Дүниетаным және философия. Философиялық ой кешу типтері. Көне үнділік мәдениетіндегі философия. Даостық философия және Конфуцийдің ілімі. Антикалық мәдениеттегі философия. Сократ, Платон, Аристотель философиясы. Орта ғасырлық мәдениеттегі философия феномені. Исламдық ортағасырлық мәдениет контекстіндегі арабтық-мұсылмандық философия. Әл-Фарабидің парасат, қоғам, ғылым, кемел адам туралы ілімдері. Қожа Ахмет Яссауидің сопылық ілімі. Жаңа Уақыт мәдениетіндегі батысеуропалық философия. Қазақ мәдениетіндегі философия феномені. XX ғ. – XXI ғ. қарсаңы мәдениеті контекстіндегі батыстық философия. Болмыс философиясы. Философиялық антропология. Эпистемология. Әлеуметтік философия. Мәдениет философиясы. Дін философиясы. Тарих философиясы. Білім философиясы. Оқу-білімнің аксиологиялық аспектілері. Оқу-білімдегі классикалық реализм. Глобалдық мәселелер философиясы.

Практикалық сабақтар: Мәдени-тарихи контекстегі философия. Философия қатаң рационалдықтың идеалы ретінде. Көне үнділік мәдениетіндегі діннің мәртебесі және оның философия қалыптасуы мен дамуына әсері. Көне Қытай мәдениетіндегі философия. «И цзин» шығармаларының негізгі мазмұны. Ренессанс пен Реформация мәдениетіндегі философия. Философия мен теология интеллектуалдық қызметтің негізгі түрлері ретінде. Білімдегі модельдеу. Өмірге бейімделу үшін оқу-білім.



Оқу процесінің нәтижелері / Қорытынды бақылау нәтижелері

Дүниеге дұрыс көзқарас қалыптастыру, шығармашылық ойлау қалыптастыру, өзіндік сананы дамыту, өмірдің мәнін түсіну, биік рухани құндылықтарға баулу.



2курс

4 семестр

Пәннің аталуы

Саясаттану

Қысқартылған атауы

СТ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, семинарлық, ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 3

Оқытушының Т.А.Ә.

Байқонысов Е.Р.

Доцент / оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

қазақ

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер–15, семннарлық–15,ОСӨЖ–30,СӨЖ–30


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Мәдениеттану, философия, құқық негіздері, логика,

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

«Саясаттану» курсының негізгі мақсаты студенттерге саяси өмір саласындағы күрделі құбылыстармен тенденцияларға өз бетінше талдау жасау дағдысын қалыптастыру, саясат туралы қажетті білім беру, студенттердің санасында ұғымдық ақпаратты қалыптастыруға ықпал ету. «Саясаттану» пәнін оқып білу студенттердің саяси мәдениетін қалыптастыруға, азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған. «Саясаттану» курсын оқып үйретудің қорытындысы бойынша жоғарғы оқу орнының түлегі білу қажет:

-саяси ғылымының пәні мен әдісі туралы білім алу, саясаи ойдың негізгі бағытына көңіл бөлу;

-билік, мемлекет, азаматтық қоғам, саяси қарым-қатынастар және процестер саяси мәдениет жөнінде хабардар бөлу;

-саяси жүйелер мен саяси тәртіптерді ажырату, саяси партиялар мен белсенді топтарды, сонымен қатар саяси жетекшілерді білу қажет;

-өзіндік қорытынды жасауға;

-жазба жұмыстарды жазуға;

-рецензия жазуға;

-баяндамалар жасауға баулу:

-күнделікті өмірде және өзінің кәсіби іскерлігінде, саяси мәдениеттің жаңалықтарын иелену арқылы саяси білімді де меңгеруі қажет.


Мазмұны

Саяси ғылымдардың негізгі кезеңдері мен қалыптасуы және Қазақстан саяси ойларының тарихы.Саясат қоғамдық өмір жүйесінде. Салыстырмалы саясатттану.

Билік саяси феномен ретінде.Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар және ұлт саясаты

Қоғамның саяси жүйесі .Мемлекет және азаматтық қоғам.Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстарСаяси режимдер, мәдениет, саяси элита, саяси идеология мен процестер және ҚР проблемалары.Саяси режимдерСаяси процесс және саяси қызмет Саяси сана және саяси мәдениет.Саяси элита және саяси көшбасшылық.Саяси технологиялар мен саяси идеология.Дүниежүзілік саясат және халықаралық қатынастар мен саяси болжамдар

Егемен Қазақстанның, саяси проблемалары



Семинарлық сабақтар Саяси ғылымдардың негізгі кезеңдері мен қалыптасуы және Қазақстан саяси ойларының тарихы.Саясат қоғамдық өмір жүйесінде. Салыстырмалы саясатттану.

Билік саяси феномен ретінде.Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар және ұлт саясаты

Қоғамның саяси жүйесі .Мемлекет және азаматтық қоғам.Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстарСаяси режимдер, мәдениет, саяси элита, саяси идеология мен процестер және ҚР проблемалары.Саяси режимдерСаяси процесс және саяси қызмет Саяси сана және саяси мәдениет.Саяси элита және саяси көшбасшылық.Саяси технологиялар мен саяси идеология.Дүниежүзілік саясат және халықаралық қатынастар мен саяси болжамдар

Егемен Қазақстанның, саяси проблемалары



Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Студенттер қоғамдық өмірдің даму заңдылықтарына назар аудару негізінде олардың дұрыс дүниетанымын қалыптасады, қоғамдық үрдістердің белгілі бір мемлекеттер көлемінде немесе ғаламдық тұрғыда қалыптасуы мен іске асу ерекшеліктерін ашып көрсетеді, нақты қоғамдық ортада іс-әрекет жасау қабілетіне дағдыланады, қандай болмасын қоғамдық құбылыстар жағдайына баға беру қажетті ғылыми ұстанымдары қалыптасады, өзінің кәсіби проблемаларын әлеуметтік тұжырымдар мен әдістерді қолдану арқылы шешуге қажетті білімдермен қаруланады; болашақта Қазақстанның қоғамдық - саяси сферасында белсенді болуға тырысады.


2 курс

4 семестр

Пәннің аталуы

Педагогика

Қысқартылған атауы


ПД

оқу іс-шаралары /оқу пәндерінің курстарв (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ӨСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 1, 2

Оқытушының Т.А.Ә.

Куатова Ж.Ж.

Доцент / оқытушы:

п.ғ.к., аға оқытушы

Жұмыс тілі

қазақ тілі

Оқу жоспарымен сәйкестілігі

Базалық пән, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер – 30, практикалық – -30, ОСӨЖ – 60,

СӨЖ – 60


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 180 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

4

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: «Психология», «Философия», «Тарих», «Мәдениеттану»

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Болашақ мұғалiмдердi бүгiнгi педагогика ғылымның теориялық-әдiснамалық бiлiмдерiнiң негiздерiмен қаруландыру болып табылады. Сондай-ақ, қоғамның-экономикалық жағдайларының динамикалық өзгеру жағдайында оқушының жеке басын қалыптастыруда тұтас педагогикалық процестi тиiмдi ұйымдастыра бiлу икемдiгiн қалыптастыру болып табылады.

Мазмұны

Дәрістер: Қазіргі педагогиканың әдіснамалық негіздері. Жеке тұлғаны дамытудың, тәрбиелеудің, қалыптастырудың өзара байланысы және сипаты. Балалардың жас және дара ерекшеліктері, оларды оқу-тәрбие процесінде есепке алу. Мұғалімнің ғылыми-зерттеу мәдениетін қалыптастыру. Тұтас педагогикалық процесс педагогика пәні және мұғалім қызметінің объектісі. Педагогикалық процестің заңдылықтары. Тәрбиенің мақсаты-әлеуметтік келісім. Дүниетаным жеке тұлғаны қалыптастырудың өзегі ретінде. Тұтас педагогикалық процестегі тәрбиенің мазмұны. Тұтас педагогикалық процестегі тәрбие әдістерінің формасы мен құралдарының жүйесі. Педагогикалық процестегі мұғалім мен балалар ұжымының өзара байланысы және өзара іс-әрекеті. Сыныптың тәрбиелік жүйесі, сынып жетекшісінің шығармашылық іс-әрекетінің нәтижесі ретінде. Отбасы тәрбиесінің негіздері. Тұтас педагогикалық процестің құрылымындағы оқыту. Қазіргі мектептегі білім берудің мазмұны. Оқытуды ұйымдастыру формалары. Қазіргі сабақ. Оқыту әдістеріне сипаттама. Оқушылардың ұжымдық-танымдық іс-әрекеттерінің ұйымдастырушылық-педагогикалық негіздері. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендендірудің қазіргі тәсілдері. Тұтас педагогикалық процестегі оқу-тәрбие жұмысының нәтижесін бағалау және есепке алу. Білім беру технологиялары. Мектеп туралы нормативтік құжаттардың сипаттамасы. Мектептің оқу-тәрбие процесін ұйымдастырушылық-әдістемелік басқару. Мектептің оқу-тәрбие процесін диагностикалау-басқарудың негізі ретінде. Мектеп ішілік бақылау. Мектеп жұмысын жоспарлау.

Практикалық сабақтар: Қазіргі заманғы педагогика және оның практикамен өзара байланысы. Тұтас педагогикалық процестің заңдылықтары. Тұлғаны дамыту, тәрбиелеу және қалыптастырудың арақатынасы. Қазіргі педагогиканың әдіснамалық жағдайы (таным теориясы, іс-әрекет теориясы, жеке тұлға теориясы, қарым-қатынас теориясы т.б.). Оқушылардың жас және дара ерекшеліктерінің педагогикалық процестің сапасына әсері. Педагогикалық процестегі жүйе түзуші фактор мақсат ретінде. Қазіргі оқушының дүниеге көзқарасының ерекшеліктері. Қазіргі мектептегі тәрбиенің патриоттық және азаматтық жүйесі. Мектептегі тұтас педагогикалық процесс жағдайында тұтас адамгершілік тұлғаны қалыптастыру. Оқушыларды экологиялық мәдениетке тәрбиелеу. Қазіргі оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Педагогикалық процестің қозғаушы тетіктері: құрал, форма, әдістер. Балалар ұжымы тәрбиенің обьектісі және субьектісі ретінді. Педагогикалық процестегі балалар ұжымының жағдайын оқып үйренудің әдістері. Тәрбие жүйесін құрудағы сынып жетекшісінің іс-әрекеті.



Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрі

«Жалпы педагогика» курсын оқып үйрену нәтижесiнде студенттерде педагогикалық дағды мен тұтас педагогикалық процестi ұйымдастыру және басқару жүйесi қалыптасуы қажет.

Емтихан (1 семестр)




2 курс

4 семестр

Пәннің аталуы

Сөзжасам

Қысқартылған атауы


СЖ

оқу іс-шаралары /оқу пәндерінің курстарв (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

3

Оқытушының Т.А.Ә.

Әуелбекова А.

Доцент / оқытушы:

ф.ғ.к., доцент

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестілігі

Базалық пәндер міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәріс 15, Практикалық 15, ОСӨЖ30, СӨЖ30

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы 90

Кредиттер / сынақ бірліктері

1

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Қазіргі қазақ тілі сөзжасам пәні-қазақ тіл білімінің өзекті саласының бірі-сөзжасам жайлы, оның негізгі теориялық және практикалық мәселелері жайлы білім беретін пән. Сөзжасам тіліміздегі сөздердің жасалу үдерісін, сөзжасам терминдерін, оны жасауға қатысатын сөзжасамдық негізгі тәсілдерін, күрделі сөздерді, олардың түрлерін, сөзжасам терминдерін, сөз таптарын жасаудағы синтетикалық , аналитикалық, лексика-семантикалық тәсілдердің қызметін, сөз таптары сөзжасамын зерттейтін ғылым.


Мазмұны

Дәріс. Сөзжасам тіл білімінің жеке саласы. Сөзжасамның тілдің басқа салаларымен байланысы. Сөзжасамның тіл білімінің негізгі салаларының көбімен байланыстылығы, тіл білімінде бірімен-бірі байланыспайтын саланың кездеспеуі олардың ортақ объектілері яғни нысандарының болуымен байланыстылығы. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. Қоғамдағы жаңалықтар жаңа атауды қажет ететіні, ол қажеттілікті үнемі қамтамасыз етіп отыратын сөзжасам екені. Сөзжасамдық тәсілдер. Сөзжасамдық тәсілдер тілдің сөзжасам жүйесінің негізгі заңдылықтарының біріне жататыны. Тілде жасалған сөздердің бәрі тілде қалыптасқан сөзжасамдық тәсілдердің бірі арқылы жасалады, өйткені сөзжасамдық тәсілдер жаңа сөздердің жасмалу жолы, амалы екені. Қазақ тілінде көне замандардан бері қарай қалыптасқан үш түрлі сөзжасамдық тәсілдің бары: 1) синтетикалық тәсіл; 2) аналитикалық тәсіл; 3) лексика-семантикалық тәсіл. Сөзжасамдық мағына. Туынды сөздер. Сөзжасамдық талдау. Сөзжасамдық ұя. Сөз таптарының сөзжасамы. Зат есімнің сөзжасамы. Сын есім сөзжасамы. Сан есім сөзжасамы. Есімдіктің сөзжасамы. Есімдіктің сөзжасамының өзіндік ерекшелігі, сөзжасам мүмкіндігінің аздығы. Синтетикалық тәсілдің есімдік жасауға қатысы. Аналитикалық тәсіл арқылы есімдіктің жасалуы. Үстеудің сөзжасамы. Етістіктің сөзжасамы. Етістіктің қалыптасқан күрделі сөзжасам жүйесі.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрі

емтихан



2 курс

4 семестр

Пәннің аталуы

ХІХ ғасыр әдебиеті

Қысқартылған атауы

ХІХ ҒҚӘ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, семинар,ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 4

Оқытушының Т.А.Ә.

Қалдыбаев Т.

Доцент/оқытушы:

ф.ғ.к., доцент

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер міндетті компонент

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Дәрістер -15. Практикалық сабақтар-15, ОСӨЖ-30, СӨЖ-30

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы -90 сағат.

Кредиттер/сынақ бірліктері

2 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: ХІХ ғасыр қазақ әдебиеті

Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі

ХІХ ғасыр қазақ әдебиеті тарихын білу, өкілдері шығармаларынмене танысу. Шернияз Жарылғасұлының, Махамбет Өтемісұлы, Сүйінбай Аронұлының шығармашылық мұрасы. Бақтыбай, Түбек ақындар. Нұрым Жаршағұлұлы мен Қашаған Күржіманұлының әдеби мұраларын, ХІХ ғасыр әдебиетіндегі Қоқан езгісіне қарсылық сарын, Мәделі Жүсіп Қожаұлы, Құлыншақ Кемелұлы, Майлықожа Сұлтанқожаұлының ақындық мұрасын білу.

Мазмұны


Дәрістер: Дулат Бабатайұлының (1802-1874) өмірбаян деректері. Шығармашылық мұрасы. Зар Заман поэзиясы. Қазақ әдебиеті тарихындағы зар заман ағымы. Шортанбай Қанайұлының (1818-1881) әдеби мұрасы. Махамбет Өтемісұлы ұлт-азаттық көтеріліс күрескері. Бостандық жыршысы.Шернияз Жарылғасұлының өмірбаян деректері. өлеңдерінің зерттелуі, жариялануы. Шығармаларының мән-мазмұны. Сүйінбай Аронұлының шығармашылық мұрасы. Бақтыбай, Түбек ақындар. Нұрым Жаршағұлұлы мен Қашаған Күржіманұлының әдеби мұралары. ХІХ ғасыр әдебиетіндегі Қоқан езгісіне қарсылық сарын. Мәделі Жүсіп Қожаұлы, Құлыншақ Кемелұлы, Майлықожа Сұлтанқожаұлының ақындық мұрасы. Базар Оңдасұлы, Бұдабай Қабылұлы, Мұрат Мөңкеұлының ақындық мұрасы. Әбубәкір Кердерінің (1861-1895) шығармашылық мұрасы. Ақмолла (Мүфтахаедин) (1831-1895) Мұхамедиярұлы-қазақ, башқұрт, татар әдебиетіндегі ірі тұлға. ХІХ ғасырдағы сал-серілер. Ән-өлең. өнерпаздық, сыршылдық ағым Ақан сері Қорамсаұлының (1843-1913) лирикасы, ән-өлеңдері.Біржан салдың өмірі. Шығармаларының зерттелуі, өлеңдері.Сара Тастанбекқызының (1878-1916) толғаулары. Әсет Найманбайұлының (1867-1923) айтысы, ән-өлеңдері, аудармалары.ХІХ ғасырдағы жаңа жазба әдебиет. ХІХ ғасырдағы оқу-ағарту, баспа ісі. Оның әдебиеттің дамуына ықпалы. Ш. Уәлиханов – қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салушы. Шоқанның жолсапар, күнделік жазбалары. Хаттары. Шоқан жайлы зерттеулер. Ы. Алтынсариннің ағартушылық қызметі, әдеби мұрасы. «Қазақ хрестоматиясы» оқулығы. Ыбырай мұрасының зерттелуі.Абай Құнанбайұлының әдеби мұрасының сақталу, басылым жайы. Абайтану ілімі. Ақын поэзиясының жанрлық қырлары. өлең құрылысы. Абайдың қара сөздері. Абайдағы дін, дүниетаным жайы. Абайдың ақын шәкірттері. Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы, Көкбай Жанатайұлы, Әріп Тәңірбергеновтің өмірі. Шығармалары.

Практикалық сабақтар: ХІХ ғ. Тарихи саяси- әлеуметтік жағдай. Дәстүрлі айтыс. Айтыс ақындары. Дулат Бабатайұлының шығармашылығы. Махамбет Өтемісұлы Шортанбай Қанайұлының толғаулары. Сүйінбай Аронұлының толғаулары, айтыстары. Майлықожа Сұлтанқожаұлы Базар Оңдасұлының толғаулары, дастандары. Мұрат Мөңкеұлының арнаулары. Біржан сал Қожағұлұлының өлеңдері, айтысы. Ақан сері Қорамсаұлының лирикасы, әндері. Сара Тастанбекқызының лирикалық өлеңдері, Біржан мен айтысы. Ш.Уалиханов публицист, жазушы Ы.Алтынсарин- ұлы ағартушы, жазушы,ақын, аудармсашы.Абай Құнанбайұлы мұрасы. Абайтану ілімі. Ақылбай ,Мағауия Абайұлы шығармашылығы.

Оқу жұмысының нәтижелері/ Қорытынды бақылау түрлері

ХІХ ғасыр қазақ әдебиеті тарихын білу, өкілдері шығармаларымен танысу.

Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы
files -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет