ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті



бет9/15
Дата23.10.2016
өлшемі2,39 Mb.
#67
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15

3 курс

5 семестр


Пәннің аталуы

ХХ ғасырдың басындағы әдебиет

Қысқартылған атауы

ХХ ғ БӘ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, семинар,ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 5

Оқытушының Т.А.Ә.

Нұрпейісов Н.Ж.

Доцент/оқытушы:

Ф.ғ.к. доцент

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер міндетті компонент

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Дәрістер -15. семинар-15,ОСӨЖ-30,СӨЖ-30

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы -90 сағат

Кредиттер/сынақ бірліктері

2 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: 20-ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиетінің тарихы, проза, поэзия, драма жанрларының дамуы, әдебиет теориясы мәселелері қарастырылады. 20-ғасыр бас кезіндегі әдеби –көркем шығармаларымен көрнекті ақын-жазушылардың шығармашылығын жан-жақты қарастыру әдебиетімізде бар дәстүрлердің дамуы мен жаңашылдықтың негіздерін тануға, кейінгі әдебиеттің өркендеуінің реңктерін айқындауға, бұрынғы-кейінгі әдебиеттердің жетістіктерін терең зерделеуге мүмкіндік туғызады.

Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі

ХХ ғ.б. әдебиеттің тарихы,қоғамдық-әлеуметтік жағдайлармен тығыз байланысын қарастыру арқылы әдебиеттің ұлт ой- санасын оятудағы міндетін айқындау. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы әдебиетпен байланысы,дәстүрлі әдебиет үлгісін дамыту мен өзіндік ізденістерден туған жаңашылдықтың белгілерін тану. ХХ ғ.б. әдебиеттері ірі әдеби тұлғалардың романтизммен реалистік әдіс тәсілдерді қатар ала жүріп,өмір шындығын ашудағы өзіндік қол таңбасын бағамдау.

Мазмұны

Дәрістер: ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиінің тарихы да ерекше орын алатын кезең деп тануға болады. Тарихи уақыт тұрғысынан алғанда қысқа ғана уақыт болса да бұл кезең әдебиетінің өзіне тән ерекшеліктері мол деп санауға болады. Ең алдымен демократиялық құндылықтарға ұмтылыс белең алды, негізгі бағыттары ағартушылық бағытты көздесе де ұлттық ұраны басым әдебиет болды, әсіресе атақты Міржақып Дулатұлының «Оян, қазақ» атты жинағының дүниеге келуі қазақ даласын дүр сілкінтті деп санауға болады. Халықтың азаттыққа жетуіне жол сілтеген әдебиеттер қатарында А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердиев, С.Торайғыров, Н.Орманбетұлы, Б.Күлеев, С.Көбеев, Ғ.Қараш, С.Дөнентаев,т.б. шығармашылық мұраларын атап көрсетуге болады. Бұл ақын-жазушылардың қай-қайсысы болса да төл әдебиетіміздің бағыт-бағдарын жаңа арнаға бұрды. Әдебиет арнасында жаңа жанрлық ізденістер дүниеге келді, роман жанрының алғашқы көріністері пайда болып, драмалық дүниелер сахна әлемінен көрініс берді. Қысқаша түйіндеп айтқанда кезең әдебиеті ұлттық оянудың алдыңғы сапында тұрып халыққа қалтқысыз қызмет істеді.

Семинар сабақтар: ХХ ғасыр басындағ қазақ әдебиетінің тарихы жайындағы пәнді оқыту, бұл пәннің семинар сабақтарын жүргізу барысында да көптеген мәселелерді назарда ұстау керек. Әсіресе сол бір дәуірмен, дәуірдегі төңкерістермен байланыстыра отырып талдағанның жөні бөлек. «Оян, қазақ!» ұранын әр семинар сабағында назарда ұстап, «Маса» ызыңы арқылы халықтың ой санасына ой салуды мақсат еткен А.Байтұрсынұлы шығармашылығын терең түсіндіру арқылы осы аталған кезең мұраларын танытудың жолы кеңи түседі.



Оқу жұмысының нәтижелері/ Қорытынды бақылау түрлері

ХХ ғасыр басында пайда болған әдеби бағыттар мен соның көрнекті өкілдері мен шығармашылық ізденістері өткен әдебиеттің биік деңгейінің болмыс-бітімін айқындайды.


3 курс

5 семестр

Пәннің аталуы

Абайтану

Қысқартылған атауы

АБ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, семинар,ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 5

Оқытушының Т.А.Ә.

Дуанаева С.А

Доцент/оқытушы:

ф.ғ.к., доцент

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер таңдау компоененті

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Дәрістер -45. семинар-30,ОСӨЖ-75,СӨЖ-75

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы-225 сағат.

Кредиттер/сынақ бірліктері

5 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: «Абайтану» курсын меңгеру үшін әдебиет тарихынан жан-жақты білімі, Абай шығармашылығын меңгеру керек және Абайдың адамгершілік мұраттарын жете түсіну қажет. Абай өлеңдерінің, қара сөздерінің, поэмаларының және көркем аудармаларының ішкі табиғатына үңілу арқылы ұлы ақын талантының көркемдік-эстетикалық мәнін кең ауқымда игеру.

Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі

Абай дәстүрі және оның ұлттық әдебиеттің дамуындағы рөлін білу. Абай өмірі мен шығармашылық мұрасынан жалпы мәліметтерді білу. Өмірбаянын. Шығармаларымен танысу. Ақындығының алғашқы кезеңін, ақынның толысу жылдарын, аудармалары мен поэмаларын, қара сөздерін білу.

Мазмұны

Дәрістер: Өмірі мен шығармашылығы. Абай - қазақ әдебиетінің классигі. Абай — ұлттық жазба әдебиеттің негізін салушы. Абай — қазақ поэзиясының реформаторы. Абай дәстүрі және оның ұлттық әдебиеттің дамуындағы рөлі. Абай — өз заманының жыршысы. Абай шығармаларындағы адамгершілік тақырыбы. Абайдың ағартушылық қызметі. Абай мұрасындағы табиғат тақырыбы. Абай поэзиясындағы махаббат тақырыбы. Абайдың эстетикалық тағылымы. Ақын өлеңіндегі даналық дәрістері. Абайдың поэмалары. Абайдың көркем аудармалары. Абайдың қара сөздері. Абайтану ілімінің қалыптасу тарихы.

Семинар сабақтар: Абайдың өмірі мен шығармашылығы. Абай шығармаларындағы қазақ қауымының әлеуметтік бейнесі.Абайдың ағартушылық қызметі. Ескі ауылдағы әлеуметтік теңсіздік, кедей жалшының мүшкіл халі. М.Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясындағы осыған ұқсас көрініс. Махаббат тақырыбына Абай әкелген жаңа леп. Махаббат сезімінің баяндылығын, қазақ әйелінің бойына біткен табиғи ұстамдылығын ақынның суреттеуі. Қазақ жастарын адал сүйіспеншілік сезіміне тәрбиелейтін Абайдың махаббат лирикасының ұлттық поэзиямызда алатын орны.Ұлттық поэзиядағы көркемдік табиғатын Абайдың түсінуі.Ақын Абайдың ұстаздық тағылымы, оның өнерпаз жастарға қалдырған өсиеті. Көркемдік талғам туралы ұғым.Батыс пен Шығыс даналығын 6ip басына жинақтаған, өз заманының әpi ғұлама ғалымы, әpi кемеңгер ойшылы, әpi данышпан ақыны.Лирикалық қаһарманның көңіл күйін, жан дүниесін ашатын туындылары. Абайдың шығармашылық мұрасындағы оның поэмаларының орны. Абайдың жазба әдебиетімізде көркем аударма саласын дамыту жөніндегі еңбектері, жаңашылдық бастамасы. Абайдың Крыловтан аударған мысалдары. Олардың көркемдік ерекшеліктерін тұпнұсқамен салыстыра талдау.Абайдың шығармашылық мұрасында оның қара сөздерінің алатын орны, ұлттық көркем прозаны дамытудағы маңызы.Қара сөздердің ақынның өлендерінде өрбітілген пікірлермен үндестігі. Автор тұрғысынан алғандағы мұның себептері.Абайтану ілімінің тарихы. 20-30 жылдарда Абай мұрасы жөніндегі өрістеген айтыс.Абайтану ілімінің негізін салған М.Әуезовтің еңбегі, Абай шығармаларын жинастырып, бастырып, насихаттау жөніндегі Әуезов бастамасының 40-шы жылдардан кейінгі дамуы. Бұл жөніндегі алғашқы іргелі ғылыми зерттеулер.

Оқу жұмысының нәтижелері/ Қорытынды бақылау түрлері

Абай дәстүрі және оның ұлттық әдебиеттің дамуындағы рөлін білу.




3 курс

5 семестр


Пәннің аталуы

М.Әуезовтің шығармашылық қызметі

Қысқартылған атауы

М.Ә.Ш.Қ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, семинар,ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 5

Оқытушының Т.А.Ә.

Дуанаева С.А

Доцент/оқытушы:

ф.ғ.к., доцент

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер таңдау компоененті

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Дәрістер -45. семинар-30,ОСӨЖ-75,СӨЖ-75

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы-225 сағат.

Кредиттер/сынақ бірліктері

5 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: М.Әуезовтің шығармашылық қызметі, шығармашылық кезеңдері, қазіргі таңдағы зерттелуі.

Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі

М.Әуезов творчествосы жүйелі түрде оқытылып, терең мазмұнда таныту үлкен мақсатты көздейді. Ғасырлар бойы арманы болған азаттыққа енді ғана қолы жеткен өскелең ұрпағының санасына ұлы жазушының сан қилы өмір жолын, әлемдік деңгейге көтерілген шығармашылық сапарын оқыту арқылы ұлттық болмыс, тәрбиелік тағылым беру жүзеге асырылады. Әуезов мұрасы – ұлттың рухани байлығы. Мұхтартану курсының басты мақсаты айқын міндетінің бірі де осы рухани байлықты игеру, игілікке жарату болып саналады.

Мазмұны

Дәрістер: Мұхтартану ғылымы және оның міндеті мен мақсаты. М. Әуезовтің өмірі мен шығармашылық қызметі. Жазушының алғашқы кезеңдегі шығармалары. М.Әуезовтің 30 жылдардағы әңгіме повестеріндегі тарихи шындықтар. Қазақ әдебиеттану ғылымы және М. Әуезов шығармашылығы. М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының қазақ әдебиетіндегі орны. М. Әуезов - Абайтану ғылымының негізін салушы. «Қилы заманның» жазылу тарихы, тағдыры. "Қилы заман" романының жанрлық сипаты. М. Әуезов жайлы көркем туындылардағы ұлы суреткер бейнесі. М.Әуезовтің «Өскен өркен» романы."Өскен өркен" романының жазылу тарихы, романның тақырыбы. М. Әуезовтің драмалық шығармалары.

М. Әуезов - әдебиет тарихын зерттеуші. М. Әуезов және әлем әдебиеті. Мұхтартанудың өзекті мәселелері. М. Әуезов туралы естеліктерге шолу.



Семинар сабақтар: Әуезов туралы сөз. Әуезов - ұлы суреткер.Қазақ әдебиеттану ғылымы және М. Әуезов шығармашылығы. М. Әуезовтің әңгімелерінің әдеби прцестің дамуына әсері. М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының қазақ әдебиетіндегі орны. Мұхтар Әуезовтің 30 жылдардағы әңгіме-повестеріндегі тарихи шындық. «Қилы заманның» жазылу тарихы, тағдыры. М. Әуезов - Абай ғылымының негізін салушы. М. Әуезов жайлы көркем туындылардағы ұлы суреткер бейнесі.М.Әуезовтің "Өскен өркен" романындағы дәуір шындығы. М.Әуезовтің драмалық шығармалары.М. Әуезов туралы естеліктерге шолу. Әуезов және оның шәкірттері.М. Әуезов - әдебиет тарихын зерттеуші.Мұхтартанудың өзекті мәселелері. М. Әуезов және әлем әдебиеті.

Оқу жұмысының нәтижелері/ Қорытынды бақылау түрлері

Мұхтартану ғылымы және оның міндеті мен мақсаттарын білу.




3 курс

Пәннің аталуы

Әлем әдебиетінен алатын орны.

Қысқартылған атауы

Ә Ә А О

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, семинар,ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 5

Оқытушының Т.А.Ә.

Дуанаева С.А

Доцент/оқытушы:

ф.ғ.к., доцент

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер таңдау компоененті

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Дәрістер -45. семинар-30,ОСӨЖ-75,СӨЖ-75

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы-225 сағат.

Кредиттер/сынақ бірліктері

5 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Абай мұрасының әлем әдебиетінен алатын орны. Абай шығармашылығына әлем әдебиетшілерінің берген бағасы.

Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі

Әлем әдебиетінің тарихы үйрену әлемдік сөз өнері мұраларын игеру деген сөз. «Әлем әдебиетінің тарихы» пәнін қазақ тілінде өтуде қазіргі замандық әдебиеттану ғылымындағы жеке халықтардың әдебиеттерін дүние жүзілік әдеби-мәдени даму аясында қарастырушылықты назарға аламыз. Курсты оқыту барысында пәнаралық байланыстарға үнемі назар аударылады. Әлем әдебиетіндегі шығармашылық мәселесінің өз елдерінің тарихымен, философиясымен, ғылымымен, көрнек түрлерімен тығыз бірлікте қарастырылады.

Мазмұны

Дәрістер: Қазақ әдебиеттану ғылымы және М. Әуезов шығармашылығы. М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының қазақ әдебиетіндегі орны. М. Әуезов - Абайтану ғылымының негізін салушы. М. Әуезов жайлы көркем туындылардағы ұлы суреткер бейнесі. М.Әуезовтің «Өскен өркен» романы."Өскен өркен" романының жазылу тарихы, романның тақырыбы. М. Әуезовтің драмалық шығармалары. М. Әуезов және әлем әдебиеті. М. Әуезов туралы пікір айтқан шетел ғалымдары мен ақын-жазушылары. М. Әуезов шығармашылығының әлем әдебиетіндағы орны. М. Әуезов – Абай есімін әлемге танытушы.

Семинар сабақтар: М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының қазақ әдебиетіндегі орны. М. Әуезов - Абай ғылымының негізін салушы. М. Әуезов жайлы көркем туындылардағы ұлы суреткер бейнесі. М.Әуезовтің драмалық шығармалары.М. Әуезов туралы естеліктерге шолу. Әуезов және оның шәкірттері. Мұхтартанудың өзекті мәселелері. М. Әуезов және әлем әдебиеті. М. Әуезов шығармаларының маңызы. Мұхтартану ғылымының қалыптасуы. Мұхтартану ғылымын зерттеген ғалымдар. Мұхтар Әуезовке байланысты жазылған ғылыми еңбектер. Көркем әдебиеттегі М. Әуезов бейнесі. М. Әуезовтің өмірі мен шығармашылық қызметі. Жазушының ата- тегі, өскен ортасы. Құнанбай мен Әуез әулеттерінің арақатынастары. Абай шығармаларының жазушыға әсер ықпалы. М.Әуезовтің "Өз жайымнан мағлұмат" автобиографиясындағы тарихи деректер. Жазушының білім алған оқу орындары мен ғылыми педогогикалық, жазушылық, ғалымдық, қайраткерлік қызметі.

Оқу жұмысының нәтижелері/ Қорытынды бақылау түрлері

Қазақ әдебиеттану ғылымы және Абай мен М. Әуезов шығармашылығын білу.



3 курс

5 семестр


Пәннің аталуы

Мәнерлеп оқу

Қысқартылған атауы

МО

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, семинар,ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 5

Оқытушының Т.А.Ә.

Тұрдалиева Р.

Доцент/оқытушы:

Ф.ғ.к., аға оқытушы

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер таңдау компоененті

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Дәрістер -30. Практикалық сабақтар-15,ОСӨЖ-45,СӨЖ-45

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы -135 сағат.

Кредиттер/сынақ бірліктері

3 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Мәнерлеп оқу; дұрыс дауыс ырғағымен сөйлеу; дұрыс, тез, көркем оқуға үйрету, сөйлеу тілінің мәдениетін көтеру, оқушының тіліндегі әртүрлі кемшіліктерді болдырмау, демалу аппаратын, даусын жолға қою, дұрыс, анық сөйлеу;

Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі

Сөйлеу мұғалімнің негізгі құралы. Мұғалім өзінің мазмұнды, анық, түсінікті сөзімен оқушыларына әсер етеді. Мұғалімнің сөзін ешбір оқулықпен теңестіруге болмайтыны түсінікті. Өйткені мұғалім қандай пән болса да атынан сөйлеп түсіндіреді. Сондықтан мұғалім ойын мазмұнды етіп құрумен қатар, әрбір сөйлемді өз әуенімен түсіндіріп, сазына келтіріп айта білуі қажет. Демек, мәнерлеп оқу, тиісті дауыс ырғағымен сөйлеу, оқу мұғалімнің негізі құралы. Онсчыз қандай пәнді болса да оқытуда, түсіндіру де қиын. Мәнерлеп оқу практикумының мақсаты.- дұрыс, тез, көркем оқуға үйрету, сөйлеу тілінің мәдениетін көтеру, оқушының тіліндегі әртүрлі кемшіліктерді болдырмау, демалу аппаратын, даусын жолға қою, дұрыс, анық сөйлеуге үйрету.

Мазмұны


Дәрістер: Мәнерлеп оқудың мақсаты, міндеті. М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсіреповтің сөз өнерін сақтау тәсілдері. Дыбыстар туралы жалпы мағлұмат. Дыбыс жасаушы мүшелер, олардың қызметі. Буын. Буын алмасуы. Дыбыстардың үндесуі. Интонацияның шешуші және қосалқылық ролі. Пауза, оның түрі және ролі. Интонацияның граматикамен байланысты.

Практикалық сабақтар: Мәнерлеп оқудың мақсаты, міндеті. М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсіреповтің сөз өнерін сақтау тәсілдері. Дыбыстар туралы жалпы мағлұмат. Дыбыс жасаушы мүшелер, олардың қызметі. Буын. Буын алмасуы. Дыбыстардың үндесуі. Интонацияның шешуші және қосалқылық ролі. Пауза, оның түрі және ролі. Интонацияның граматикамен байланысты.



Оқу жұмысының нәтижелері/ Қорытынды бақылау түрлері

Мәнерлеп оқи білу. Дұрыс буын алмасу. Дұрыс дыбыстарды үндестіру. Интонацияның шешуші және қосалқылық ролін білу. Пауза, оның түрі және ролін білу. Дұрыс интонация қоя білу.



3 курс

5 семестр


Пәннің аталуы

Мәнерлеп оқу машықтары

Қысқартылған атауы

МОМ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, семинар,ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 5

Оқытушының Т.А.Ә.

Тұрдалиева Р.

Доцент/оқытушы:

Ф.ғ.к., аға оқытушы

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер таңдау компоененті

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Дәрістер -30. Практикалық сабақтар-15,ОСӨЖ-45,СӨЖ-45

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы -135 сағат.

Кредиттер/сынақ бірліктері

3 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Мәнерлеп оқу машықтары, Мәнерлеп оқу практикумы.

Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі

Мәнерлеп оқудың басты алғышарттарын білу. Дыбыстар туралы жалпы мағлұмат, дыбыс жасаушы мүшелер, олардың қызметі; Буын. Буын алмасуы. Дыбыстардың үндесуі. Интонацияның шешуші және қосалқылық ролі. Пауза, оның түрі және ролі. Интонация және дауыс ырғағын дұрыс қойуды білу.

Мазмұны


Дәрістер: Сөйлеу мұғалімнің негізгі құралы. Мұғалім өзінің мазмұнды, анық, түсінікті сөзімен оқушыларына әсер етеді. Мұғалімнің сөзін ешбір оқулықпен теңестіруге болмайтыны түсінікті. Өйткені мұғалім қандай пән болса да атынан сөйлеп түсіндіреді. Сондықтан мұғалім ойын мазмұнды етіп құрумен қатар, әрбір сөйлемді өз әуенімен түсіндіріп, сазына келтіріп айта білуі қажет. Демек, мәнерлеп оқу, тиісті дауыс ырғағымен сөйлеу, оқу мұғалімнің негізі құралы. Онсыз қандай пәнді болса да оқыту да, түсіндіру де қиын. Мәнерлеп оқу практикумының мақсаты.- дұрыс, тез, көркм оқуға үйрету, сөйлеу тілінің мәдениетін көтеру, оқушының тіліндегі әртүрлі мс кемшіліктерді болдырмау, демалу аппаратын, даусын жолға қою, дұрыс, анық сөйлеуге үйрету.

Практикалық сабақтар: Мәнерлеп оқудың мақсаты, міндеті. М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсіреповтің сөз өнерін сақтау тәсілдері. Дыбыстар туралы жалпы мағлұмат. Дыбыс жасаушы мүшелер, олардың қызметі. Буын. Буын алмасуы. Дыбыстардың үндесуі. Интонацияның шешуші және қосалқылық ролі. Пауза, оның түрі және ролі. Интонацияның граматикамен байланысты.



Оқу жұмысының нәтижелері/ Қорытынды бақылау түрлері

Мәнерлеп оқу машықтарына үйрену.


3 курс

5 семестр

Пәннің аталуы

Көркем шығармаға талдау жасау

Қысқартылған атауы

КШТЖ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, семинар,ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 5

Оқытушының Т.А.Ә.

Тұрдалиева Р.

Доцент/оқытушы:

Ф.ғ.к., аға оқытушы

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер таңдау компоененті

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Дәрістер -30. Практикалық сабақтар-15,ОСӨЖ-45,СӨЖ-45

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы -135 сағат.

Кредиттер/сынақ бірліктері

3 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Көркем шығармаға талдау жасау, шығарма жазуға үйрену

Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі

Көркем шығармаларға талдау жасауға үйрету. Композициялық, сюжеттік, көркемдік жағынан талдату.

Мазмұны


Дәрістер: М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсіреповтің т.б. қазақ қаламгерлерінің шығармаларына талдау жасау. Прозалық, поэзиялық, драмалық шығармаларға талдау жасау.

Практикалық сабақтар: Көркем шығармаға талдау жасаудың мақсаты, міндеті. М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсіреповтің сөз өнерін сақтау тәсілдері. Көркем шығармаға стильдік талдау. Көркем шығармаға лингвистикалық талдау. Кейіпкерлер бейнесін ашу, жазушының тілдік-стильдік қолтаңбасын анықтау. Көркем әдебиет,әдебиеттің халықтығы көркем бейне және оның жасалу жолдары,көркем шығарманың композициясы мен сюжеті,тілі, өлең құрылысы,әдеби процесс,әдебиеттің тектері мен түрлері :эпикалық тек,лирикалық тек, драмалық тек және олардың түрлері,көркемдік әдіс,,әдеби ағымбағыттар,стиль т.б.Көркем туынды мазмұн мен пішіннің бірлігі тұрғысынан қарастыру әдебиет теориясының негізгі принципі.Көркем шығарманың тақырыбы,идеясы туралы түсінік және олардың түрлері. Практикалық сабақтар: М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсіреповтің т.б. қазақ қаламгерлерінің шығармаларына талдау жасау. Прозалық, поэзиялық, драмалық шығармаларға талдау жасау.



Практикалық сабақтар: Көркем шығармаға талдау жасаудың мақсаты, міндеті. М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсіреповтің сөз өнерін сақтау тәсілдері. Көркем шығармаға стильдік талдау. Көркем шығармаға лингвистикалық талдау. Кейіпкерлер бейнесін ашу, жазушының тілдік-стильдік қолтаңбасын анықтау. Көркем әдебиет,әдебиеттің халықтығы көркем бейне және оның жасалу жолдары,көркем шығарманың композициясы мен сюжеті,тілі, өлең құрылысы,әдеби процесс,әдебиеттің тектері мен түрлері :эпикалық тек,лирикалық тек, драмалық тек және олардың түрлері,көркемдік әдіс,,әдеби ағымбағыттар,стиль т.б.Көркем туынды мазмұн мен пішіннің бірлігі тұрғысынан қарастыру әдебиет теориясының негізгі принципі.Көркем шығарманың тақырыбы,идеясы туралы түсінік және олардың түрлері.

Оқу жұмысының нәтижелері/ Қорытынды бақылау түрлері

Көркем шығармаға талдау жасау білу.


3 курс

5 семестр

Пәннің аталуы

Конгнитивтік лингвистика

Қысқартылған атауы

КЛ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

5

Оқытушының Т.А.Ә.

Тілеубердиев Б.

Доцент/оқытушы:

ф.ғ.д., профессор

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Кәсіби пәндер міндетті компонент

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Практикалық 15, ОСӨЖ15, СӨЖ15

Еңбек сыйымдылығы

45

Кредиттер/сынақ бірліктері

1

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары




Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі

Когнитивті лингвистика – тіл білімінің қоғамдық-әлеуметтік орны мен ролінің күшеюіне орай, адамзаттың ой мен тіл, сана мен сөйлеу, таным мен тілдік қарым-қатынас процестерінің бірлескен әрекеті нәтижесінде тілші ғалымдар алдына жаңа идея, тың ізденісті қажет еткен сала. Когнитивті лингвистика тіл арқылы қоршаған ортаны, адам қасиеттерін, қоғамдық құбылыстар мен жаратылысты танып-білудің ғылыми-теориялық негіздерін қарастырады. Сондықтан когнитивті лингвистика тіл білімінің танымдық бағыттары мен аспектілерін әр түрлі қырынан ғылыми негіздейді және адамның таным процесіне қатысты білімін тереңдетіп, тәжірибесін молайтады.Пәннің мақсаты – тіл біліміндегі танымдық теорияның ғылыми негіздерін меңгеру, оның басты тұжырымдары мен негізгі қағидалары арқылы студенттердің ой-өрісін кеңету. Негізгі мақсаттың жүзеге асуы үшін орындалатын міндеттерТіл білімі мен когнитивті лингвистиканың бір-бірімен байланысын көрсете білу,тіл біліміне қатысты таным теориясының – негізгі қағидаларын игеру, оны қоғамтану мен өміртануда дұрыс қолдана білу;- когнитивті лингвистиканың бағыт-бағдарын ақындай келіп, оның басқа салалармен байланысын зерделеу; танымдық аспектілерге байланысты ғылыми еңбектерді, көзқарастарды талдап, талқыла білу; когнитивтік лингвистикаға қатысты ұғымдарды, терминдерді меңгерту, оларды нақты мысалдар мен деректер арқылы талдап көрсету; ой, сана, тіл тұтастығы арқылы тілдік қатынасты жете меңгеру, таным процесін жан-жақты іске асыру.

Мазмұны


Дәрістер.Когнитивті лингвистика – жеке ғылым саласы. Когнитивті лингвистика- ның зерттеу нысаны – тілдің танымдық теория- сы мен танымдық қызмет екендігі Когнитивті лингвистика- ның зерттелу тарихы.Когнитивті лингвистика ның қазақ тіл біліміндегі көрінісі Когнитивті лингвистиканың басқа ғалымдармен байла нысы.Когнитивті лингвистика ның өзге лингвистикалық сипаттағы пәндер арасындағы статусы Когнитивті лингвистика және тілдік қатынас. Лингвомәдениеттанымның когнитивті лингвистикамен байланысы. Когнитивті лингвистика және терминология Когнитивті лингвистикаға байланысты терминтану- дың тіл білімінде алатын орны, оған қатысты әр түрлі көзқарастар мен пікірлер. Когнитизм және когнитоло- гия. Когнитизм ғылыми бағытының алғашқы нышандары. Когнитологияның жеке тармақтары. Ғылыми когнитологиялық федерация туралы түсінік, оның жиынтығы мен жүйесі Тіл мен таным бірлестігі.Тіл – ойлау мен таным құралы Тіл және сөйлеу. Тіл мен сөйлесім әрекеті арасындағы сабақтас тық. Тіл мен сана. Танымдық мәні мен өзгешелігіне байлан ысты тілдің когнитивтік қызметі Тілдік таным және ғаламды зерделеу.Тіл және ғаламның концептуальді мәні Когнитивті лингвистика және тіл білімінің салала ры. Тілдің лексикалық жүйесінің таным процесі мен байланысы Типологиялық семантика. Концептуализация ұғымы

Оқу жұмысының нәтижелері/ Қорытынды бақылау түрлері

Пән бойынша матералдарды меңгеру..

Емтихан, бақылау тапсырмалары




3 курс

5 семестр


Пәннің аталуы

Шетел әдебиетінің тарихы

Қысқартылған атауы

ШАТ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, семинар,ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 5

Оқытушының Т.А.Ә.

Халикова Н.С.

Доцент/оқытушы:

ф.ғ.к., аға оқытушы

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Кәсіби пәндер міндетті компенент

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Дәрістер -30. семинар-30,ОСӨЖ-60,СӨЖ-60

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы -180 сағат.

Кредиттер/сынақ бірліктері

4 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Шетел әдебиеттің өзіндік қырлары. Батыс Еворпалық әдебиет, Ежелгі түркі тіліндегі әдебиет. Араб әдебиеті. ІХ-ХІІ ғасырлардағы парсы-тәжік әдебиеті.

Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі

Шетел әдебиеттің өзіндік қырларын, ерекшеліктерін білу, Батыс Еворпалық әдебиет,.

Араб, түрік, иран, үнді әдебиетімен танысу. Әдеби байланыстарын білу.



Мазмұны



Дәрістер: Антикалық әдебиеттің өзіндік қырлары. Грек әдебиеті: кезеңдестірілуі. Рим әдебиеті: кезеңдестірілуі. Ерте және кейінгі орта ғасырлар әдебиеті: батырлық эпостар, рыцарлық (куртуаздық) әдебиет, клерикалық әдебиет. Қайта өрлеу дәуірінің әдебиеті. Данте шығармашылығы. Бокаччо. Ренессанстық гуманизм. «Жоғары» итальяндық Қайта өрлеу. Итальян новеллистикасы. ХV-XVI ғасырлардағы Франция. Франсуа Рабле. Испан рыцарлық романы. Сервантес. Ағылшын әдебиетіндегі қайта өрлеу. «Елизаветалық» театр. ХVІІ ғасырдағы әдебиет. Франциядағы прециоздық әдебиет. Корнел мен Расиннің шығармашылығы. Лафонтен сатирасы. Буало. Мольер шығармашылығы. Ағылшын әдебиеті: Дефо, Свифта, Филдинг шығармашылығы. ХVIII ғасырдағы әдебиет. Волтер, Дидро, Руссо, Бомарше. Германиядағы классицизм. Гете шығармашылығы. Шиллер шығармашылығының Штюрмескілік кезеңі. Неміс романтизмі. Гофман. Генрих Гейне. Англиядағы лейкист ақындар. Байрон және «байронизм». Шелли және В. Скотт. Француз романтизмі. В.Гюго, Ж.Санд. Француз реализмі. Стендаль. Бальзак. Мериме. Флобер шығармашылығы. В.Гюго. Англиядағы реализм (Диккенс, Теккерей). ХХ ғасыр әдебиеті. Декаданс. Реализм мен модернизм. «Көпшіліктік» және «ақсүйектік» әдебиет. Постмодернизм эстетикасы. Ежелгі әлем әдебиеті (Шығыс). Египет мифологиясы. Ежелгі түркі тіліндегі әдебиет. Араб әдебиеті. ІХ-ХІІ ғасырлардағы парсы-тәжік әдебиеті.

Семинар сабақтар: Кіріспе. 19-20 ғғ.әлемдік әдеби даму ерекшеліктері.

19-20ғғ.Азия, Америка, Еуропа, Африка, Австралия құрылықтары әдебиетгері. Германия әдебиетіндегі романтизм. Англия эдебиетіндегі романтизм, сыншыл реализм. Англия әдебиетіндегі эпикалық, драмалық, жанрлар. Дж.Ноэл Гордон Байрон шыгармашылығы. Дж.Байронның поэмалары. Франция әдебиетіндегі романтизм. Франция әдебиетіндегі революциялық мазмұндағы шығармалар.Ги де Мопассан шығармашылығы. О.Бальзак шыгармашылығы. АҚШ әдебиетіндегі романтизм, сыншыл реализм. Джек Лондон /1876-1916/ шығармашылығы. Эрнест Хемингуэй /1899-1961/ шығармашылығы. Әзиз Несин /1915-1996/ шығармашылыгы. Теодор Драйзер шығармашы-лыгыТүркия әдебиеті. Назым Хикмет/1902-1969/ шығармашылығы. Лирикалық өлеңдері. 19ғ. Р.Тагордың романдары.Түрік жэне қазақ әдебиеті байланыстары. Үндістан әдебиеті. Рабиндранат Тагор /1861-1941/ шығармашылығы. Үнді жэне казақ әдеби-фольклорлық байланыстары. Иран әдебиеті. Өбілқасым Лахути шығармашылыгы. Парсы /иран, тәжік/ жэне қазақ әдебиетінің байланыстары. Қазіргі әдеби байланыстар.



Оқу жұмысының нәтижелері/ Қорытынды бақылау түрлері

Шетел әдебиетін, әдеби байланыстарды, кезеңдерін, бағыт-ағымдарды білу.


3 курс

6 семестр


Пәннің аталуы

Тіршілік қауіпсіздік негізі

Қысқартылған атауы

ТSO 3114

Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәріс, Практикалық, ОБСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 6

Оқытушының Т.А.Ә.

Донбаева А.

Доцент / оқытушы:

оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Жалпы білім беру пәндері, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Практ -15, ОБСӨЖ-15, СӨЖ-15

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 45

Кредиттер/ сынақ бірліктері

1 кредит

Модуль аясында оқытуға

Пререквизитері: физика, химия, математика, еңбекті қоғау және қауіпсіздік техникасы

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Курстың мақсаты болашақ мамандарды тіршілік етудің қауіпсіз және зиянсыз жағдай жасау үшін, теориялық біліммен және практикалық дағдымен жарақтау.

Мазмұны

Лекция: Өмір тіршіліктеріндегі қауіпсіздікті және зиянсыздықты шарттарындағы жағдайды жасау, шаруашылық техникалық жүйеде қазіргі заманның талабына сай жаңа техника және технологиялық процесстерді қауіпсіздік тұрғыда жобалау. Тұрғындарды қорғау әдістеріне және ТЖ зардаптарын және соңғы жаппай қирату құралдарды сипаттама беру.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Соғыс және әскери уақыттағы төтенше жағдайларға тұрғын халықтарды қорғау арқылы алғашқы қызмет көрсетуді жасай білу қажет/емтихан.

Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы
files -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет