«Оқу мотивациясын анықтау» сауалнамасы



Дата24.10.2019
өлшемі26,04 Kb.
#50557
Байланысты:
1555092684
«Оқу мотивациясын анықтау» сауалнамасы.

Оқу мотивациясы деңгейін бағалау үшін Н.Г.Лусканов арнайы сауалнама ұсынды. 10 сұрақтың жауаптары 0-ден 3 балға дейін бағаланады (теріс жауап - 0 балл, бейтарап -1 балл, оң жауап - 3 балл). 30-25 балл жинаған оқушылар мектепке бейімделуінің жоғары деңгейін. 20-24 балл ортаңғы норманы, 15-19 балл ішкі мотивацияны, 10-14 балл және одан төменгі балл - мектепке деген теріс қарым-қатынасын, яғни мектеп дезадаптациясын көрсетеді.

Сауалнама сұрақтары.

1. Саған мектеп ұнайда ма немесе ұнамайды ма?

2. Таңертең сен ұйқыдан тұрғанда мектепке қуанышпен барасың ба, әлде үйде қалғың келеді ме?

3. Егер мұғалім мектепке ертең барлығыңның келуің шарт емес, келгісі келген оқушылар ғана келсін десе, сен коррекция сабаққа келесің бе, әлде үйде қаласың ба?

4. Кейбір сабақтың болмай қалуы саған ұнайды ма?

5. Саған үй тапсырмасын бермегенін қалайсың ба?

6. Сен сабақта үзілістің көп және үзақ болғанын қалайсың ба?

7. Сен ата-анаңа мектеп жайында жиі айтасың ба?

8. Саған мұғалімнің қатал болғаны ұнайды ма?

9. Сенің сыныпта достарың көп пе?

10. Сыныптастарың саған ұнайды ма?

Оқу мотивациясының динамикасын бағалау үшін сауалнамада сұрақтар қайталанып келеді. Оқу мотивация деңгейінің төмендеуі баланың мектеп дезадаптациясының көрсеткішін, ал оның жоғарылауы - оқудағы және дамудағы оң динамикасын білдіреді.




«Оқу мотивациясын анықтау» сауалнама нәтижесі


Балалардың аты


Жауаптарының интерпретациясы


1

Айнүр

Жоғары деңгей


2

Әсел

Жоғары деңгей


3

Әбдікәрім

Төменгі деңгей


4

Бағила

Жоғары деңгей


5

Болат

Ортаңғы деңгей


6

Бекарыстан

Ортаңғы деңгей


7

Гулдария

Ортаңғы деңгей


8

Гулжан

Жоғары деңгей


9

Ғалым

Жоғары деңгей


10

Ғабит

Жоғары деңгей


11

Кәмилә

Төменгі деңгей


12

Кәрім

Ортаңғы деңгей


13

Қатира

Жоғары деңгей


14

Сәуле

Жоғары деңгей


15

Сәкен

Төменгі деңгей


16

Рахима

Жоғары деңгей


17

Торжан

Ортаңғы деңгей


18

Тоқберген

Ортаңғы деңгей


19

Ораз

Жоғары деңгей


20

Ұлжан

Төменгі деңгей


21

Фархат

Ортаңғы деңгей



Жүргізілген зерттеулер оқушының мектепке бейімделуінің үш деңгейін бөліп күрсетеді:

Жоғары деңгей - оқушының мектепке қатынасы оң; берілген талаптарды адекватты қабылдайды; оқу материалдарын оңай меңгереді; мәліметтерді толық игерген; мұғалімнің айтқандарын мұқият тыңдайды; тапсырмаларды сыртқы бақылаусыз-ақ орындайды; үзіндік жұмысқа, барлық пәндерге қызығушылықпен қарайды; тапсырмаларды мұқият орындайды; сыныпта жоғары мәртебеге ие.

Ортаңғы деңгей - оқушының мектепке қатынасы оң; оқу материалдарын түсінеді; бағдарламаның негізгілерін меңгереді; тапсырмаларды өзбетінше орындайды, тапсырмаларды орындауда мұқият, бірақ бақылауды талап етеді; коррекция сабаққа қызығушылықпен дайындалады: сыныптағы көп оқушылармен достық қарым-қатынас жасайды.

Төменгі деңгей - оқушының мектепке қатынасы теріс; денсаулығының нашарлығына реніш білдіреді; көңіл-күйінің нашарлығын көрсетеді; тәртіп бұзады; оқу материалдарын фрагментарлы меңгереді; өзіндік тапсырмаларға қызығушылық көрсетпейді; коррекция сабақтарға немқұрайлы дайындалады; бақылау мен көмекті үзілісті қажет етеді; пассивті; сыныпта жақын достары жоқ.

Бұл тест бойынша жүргізілген зерттеу нәтижесі балалардың оқу мотивациясы үш деңгейдеде көрініс бергенін анықтады. Қорытындылап айтқанда жоғары деңгейде - 10, орта деңгейде - 7, төмен деңгейде - 4 оқушының көрсеткіштері сай болды.

Оқушыларының мектеп мотивациясын тексеруге арналған әдістеменің екінші тапсырмасы оқушыларға "Мектепте маған не ұнайды?" деген тақырыпта сурет салу тапсырылады.

Автордың пікірінше тақырыпқа байланысты суреттегі мынандай жағдайларға көңіл аудару керек:

1. Мотивациясы дамымаған, мектеп мотивациясы жоқ, бірақ та оқушының ойын және басқа мотивтері басым. Мұндай жағдайда оқушылар машинаны, әскери әрекеттегі ойыншықтарды, оюларды және т.б. суреттерді бейнелейді;

2. Балалық негативизм, оқушы мектеп тақырыбында сурет салудан бас тартып, өзі жақсы көріп салатын суретін бейнелейді, мұндай мінез-құлықты оқушының талаптану деңгейі жоғары және мектеп талаптарына қиындықпен бейімделуін көрсетеді;

3. Тапсырманы түсінбеу немесе дұрыс қабылдамау, оқушылар ешнәрсе салмаса немесе басқа оқушының берілген тапсырмаға қатысты емес суретін көшіріп салса, онда бұл жағдай психикалық дамуы артта қалған балаларға қатысты. Мұндай жағдай 0 баллмен бағаланады.

Берілген тақырып бойынша салынған суреттердің сюжетін бағалау:

- Оқушының таным мотиві мен оқу белсенділігі, оқу жағдайындағы мектеп мотивациясының жоғарылығын көрсетеді, оны 30 балмен бағалайды.

- Сыртқы мектеп атрибуттары оқуға қатысты емес жағдайда мектепке қатынасы оң оқушыларға тән, бірақ сыртқы мотивациясы 20 балмен бағаланады.

- Мектептегі ойын жағдайы мектепке қатынасы оң оқушыларға тән, бірақ игерген ойын мотивациясы 10 балмен бағаланады.

"Мектепте маған не ұнайды?" суретті талдау нәтижесі



Баланың аты

Сурет мазмұны




1

Асылзат

Мектептегі оқу процесімен байланысты, мұғалімдер сынып бөлмесінде, оқушылар сабақ оқып жатқаны салынған.




2

Баян

Мектептегі оқу процесімен байланысты, мұғалімдер сынып бөлмесінде, оқушылар сабақ оқып жатқаны салынған.




3

Алтай

Мекетептегі оқумен байланысты емес, мектеп жанында ойнумен байланысты




4

Сэуле

Мектепте сынып жетекшісі және оқушылар гүлдерді суғарып, сынып бөлмесін тазалау барысындағы қарым-қатынаспен байланысты




5

Еркін

Мектептегі оқу процесімен байланысты, мұғалімдер сынып бөлмесінде, оқушылар сабақ оқып жатқаны салынған.




6

Саян

Мектептегі оқу процесімен байланысты, мұғалімдер сынып бөлмесінде, оқушылар сабақ оқып жатқаны салынған.




7

Атажан

Мектептегі оқу процесімен байланысты, мұғалімдер сынып бөлмесінде, оқушылар сабақ оқып жатқаны салынған.




8

Айжан

Мекетептегі оқумен байланысты емес, мектеп жанында ойнумен байланысты




9

Ержан

Мектептегі оқу процесімен байланысты, мұғалімдер сынып бөлмесінде, оқушылар сабақ оқып жатқаны салынған.




10

Мәди

Мектептегі оқу процесімен байланысты,








мұғалімдер сынып бөлмесінде, оқушылар сабақ оқып жатқаны салынған.


11

Анарбек

Мектептегі оқу процесімен байланысты, мұғалімдер сынып бөлмесінде, оқушылар сабақ оқып жатқаны салынған.


12

Алишер

Мектептегі оқу процесімен байланысты, мұғалімдер сынып бөлмесінде, оқушылар сабақ оқып жатқаны салынған.


13

Роза

Мектептегі оқу процесімен байланысты, мұғалімдер сынып бөлмесінде, оқушылар сабақ оқып жатқаны салынған.


14

Марина

Мектеп өмірімен байланысты, спортзалда ойнап жүрген кез келтірілген


15

Қамила

Мектеп өмірімен байланысты, спортзалда ойнап жүрген кез келтірілген


16

Сәлима

Мекетептегі оқумен байланысты емес, мектеп жанында ойнумен байланысты


17

Амина

Мектепте сынып жетекшісі және оқушылар гүлдерді суғарып, сынып бөлмесін тазалау барысындағы қарым-қатынаспен байланысты


18

Заррина

Мектепте сынып жетекшісі және оқушылар гүлдерді суғарып, сынып бөлмесін тазалау барысындағы қарым-қатынаспен байланысты


19

Қанат

Мектеп өмірімен байланысты, спортзалда ойнап жүрген кез келтірілген


20

Шегебай

Мекетептегі оқумен байланысты емес, мектеп жанында ойнумен байланысты


21

Фарух

Мектеп өмірімен байланысты, спортзалда ойнап жүрген кез келтірілген



Осы тест бойынша жүргізілген зерттеу 5 балаланың мотивациясы оқумен байланысты емес, мектептік болғаны мен сабақтан тыс жүргізілетін мәселелермен байланыстылығы анықталды және мектепке қызығушылық сыныптастарымен ойнауға байланысты екені анық байқалатынын көрсетті. Сондықтан олармен коррекциялық ойындар ұйымдастыру қажет болды.



«Отбасылық қарым-қатынастың аймағы» тесті

(Авторы: отбасылық психотерапевт Э.Г.Эйдемиллер, Санкт-Петербург)



Мақсаты: баланың ата-аналармен өзара қарым-қатынасын зерттеу, ата-аналардың жеткіншектерді тәрбиелеудегі кемшіліктерін диагностикалау.

Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас 4 полюс арқылы көрініс береді:

Б - белсенділік

П - пассивтік

Ж - жұмсақтық

Қ - қаталдық

Осы көрсеткіштер арақатынасын талдағанда олардың бір-бірімен жұптасып келгені неше түрлі варианттағы қатынас тудырады.

Осы арақатынасты талдағанда ата-ана - бала ролдерін бағалау шкалаларын пайдаландық. Жүптастырған бағалау белгілерінің бірінші шкаласы ата-ана көрсеткіші болса, екінші шкала - бала көрсеткіші деп алдық. Мысалы:

ЖБ - ата-ана жұмсақтық көрсетеді, ал бала - белсенділік позициясында.

БЖ - жоғары белсенділік көрсететін ата-аналар балаларын ауыруды күткендей баптап тэрбиелейді, ал балаға ол ұнайды, ол барлық ата-аналық қамқорлықты толық қабылдайды;

ЖБ - ата-аналар балаларын алдап және басқа айлалар арқылы айтқанын орындаған болып көрінуге тырысады, ал балалары қарсыласу арқылы бостандық алғысы келеді;

ҚБ - ата-аналар баларын өте қатал ұстайды, барлық бастамаларын қатал сынап, кейде жаза қолданады, ал балалары белсенді түрде қарсылық көрсетеді, себебінде бір-бірімен қатынас қатынас қатаң жағдайларда өтеді, түсінісу төмен;

БҚ - ата-аналар жоғары белсенділік көрсететіп, доминанттау арқылы баланы өзіне бағындырып алғысы келеді, ал баланың өзін қорғау механизмі оянып, ол өзінің тәуелсіздігін сақтау үшін қаталдық байқатады;

ПЖ - ата-аналар балаларды өзбеттерімен жіберген, балалар ата-анадан қамқорлық көргісі келеді, сондықтан қарсыласу элементтері орын алады;

ЖП - ата-аналар балаларының айтқанын орындап, олардың белсенді болғанын қалайды, барлық бастамаларын мадақтап қолдау көрсетеді, ал бала белсенділіктен бас тартады;

ҚП - ата-аналар баларын өте қатал ұстайды өте жоғары моралдық жауапкершілікті талап етеді, ал баланың жауапкершілігі төмен, жалқау;

ПҚ - ата-аналар балаларды өзбеттерімен жіберген, моралдық және материалдық қолдауы шектетулі, балалары ата-анадан материалдық жағдай жасауды және басқа қамқорлықты талап етеді.


^ Ата-аналарға арналған сауалнама




Сұрақтар


иә

+



кейде

0



жоқ

1

1

Сіз отбасының барлық мөшелері толық құқықты болуы керек деп санайсыз ба?


+





2

Балаңыз Сізбен бірге үй шаруашылық істеріне араласа ма?



+



3

Баланы физикалык, жазалау – тәрбиелеу әдісіндегі ең қолайлы (эффективті) әдіс дегенге келісесіз бе?

+





4

Баланы жиі мадақтау пайдалы ма?



+



5

Сіз балаңызбен әлемдегі болып жатқан жаңалықтармен және отбасылық мәселелерді жиі талқылайсыз ба?







6

Кейбір тақырыптарды балаларға жария ету аса қажет емес деп санайсыз ба?

+





7

Сіздің ойыңызша, педагогтар Сіздің балаңызға әділетсіз қарай ма?





+

8

Сіз жетпеген нәрсеге балаңыздың жетуін қалайсыз ба?


+





9

Баланың ата-анасын сынауға құқығы бар

ма?





+

10

Балаңыздың отбасылық кеңестің шешімін бүзуға құқығы бар ма?






+

11

Отбасының әрбір мүшесі өз көзқарасын білдіруге құқысы бар ма?




+



12

Балаларыңыз Сізбен сырласа ма және жеке бас мәселесіне байланысты Сізден кеңес сұрай ма?

+





13

Баланы дұрыс бағытта тәрбиелеу үшін принциптерге жүгінесіз бе?

+





14

Баланың өткен қателіктерін есіне түсіре бересіз бе?



+



15

Отбасымда балаларыммен өзара түсінушілік бар деп ойлайсыз ба?

+









Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет