Оқу тәжірибеден есеп түркменбаев Ақжол Қазыбайұлы



бет3/9
Дата11.06.2020
өлшемі80,08 Kb.
#73169
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Отчет


КІРІСПЕ

Бағдарламашы – арнайы математикалық модельдеудің көмегімен компьютерлік бағдарламаларды және алгоритмдерді құрастыратын маман.

Бағдарламашыларды салаларға байланысты үшке бөліп қарауға болады.

Қолданбалы бағдарламашылар көбіне ойындар, есептеу бағдарламалары, редакторлар мен мессенджерлерді қамтамасыз ететін бағдарламаларды жабдықтаумен айналысады. Олардың саласындағы жұмыстарға тағы да жүйелі видео және аудио бақылаулар орнату, от өшіру жүйелері мен сигнал беру жабдықтарын жатқызуға болады.

Жүйелік бағдарламашылар операциялық жүйелерді, желі платформаларын, интерфейс жабдықтарын, әр түрлі ақпарат орталықтарын жинақтайтын ғаламтор беттерін жасаумен айналысады. Бұл саланың маманын жоғары төлемақыға ие бола алатындар қатарына жатқызамыз. Сонымен қатар, олар бағдарламалық қамту жүйелерін (сервис), есептеуді қаматамасыз ететін блоктарды (процессор, коммуникациялық және перефириялық құрылғылар) да жасайды.

Web-бағдарламашылар да желімен жұмыс жасайды. Дегенмен, олардың негізгі міндетіне ғаламтормен жұмыс істеу кіреді. Олар сайттардың бағдарламалармен қамтылуын, динамикалық веб-беттерді және дерекқормен жұмыс жасайтын web-интерфейстерді жасаумен айналысады.

Техник-бағдарламашы - техникалық жұмысты орындайтын және бағдарламалық жасақтаманы жасауға, оны сынауға және қызмет көрсетуге қатысатын, ақпараттық-компьютерлік орталықта алынған ақпаратты механикаландырылған және автоматтандырылған өңдеуді қамтамасыз ететін және өндірістік және ғылыми-зерттеу сипатындағы экономикалық және басқа мәселелерді шешуге арналған технологияларды жасайтын маман.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет