ОҚу-тәрбие үдерісіндегі жаңа технологияларды пайдалану төлемісова Айша Серікқызы



бет1/2
Дата18.02.2018
өлшемі196,16 Kb.
#37875
  1   2
ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

Төлемісова Айша Серікқызы

І. Үргенішбаев атындағы орта мектебі

Ел басымыз Н. Ә. Назарбаев «ХХІ ғасырда алдыңғы саптағы елдер қатарына өз жастарының интеллектуалды және рухани әлеуетін барынша дамыта алатын мектептер мен жоғарғы оқу орындарының ең тиімді жүйесін жасаған ел ғана көтеріле алады» деп көрсеткендей жаңа ХХІ ғасыр, компьютерлендіру заманы.

Еліміздегі саяси, әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге сай білім беруді жетілдіру бағыттарының бірі – білім беруді ақпараттандыру. Бұл бағыт жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, қашықтан оқыту, дара тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.



Білім беруді қайта құру мұғалімнен үлкен дайындықты талап етеді. Олай болса, олардың жеке тұлғалық қасиеттері мен мамандық құзырлықтарына жоғары талап қойылады. Мұғалімнің ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру қазіргі таңда үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесіндегі ең көкейтесті мәселелердің бірі болып отыр.

«Білім туралы» заңның 41 бабында мұғалімнің міндеттерін көрсететін норма анықталған. Заңның осы бабына сәйкес мұғалім оқыту нәтижесінде оқушының алатын білімі мемлекеттің білім стандарты талаптарын төмен болмауына қол жеткізуге міндетті. Ал, тәжірбие көрсеткендей дәстүрлі оқыту әдістері мұндай нәтижеген қол жеткізуге кепілдік бермейді. Сол себепті қазіргі білім жүйелерін технологиялау педагогикалық практиканың жаңа, болашағы мол бағыты деп есептеліп отыр.

Қазақстан Республикасындағы басты мәселелердің бірі – жастарға сапалы білім беру.

Орта мектеп бағдарламасындағы ең негізгі пәндердің бірі – математика. Математика сабағында оқушылардың осы пәнге деген қызығушылығын, құштарлығын арттыру, алдына қойылған есеп шешімін өз бетінше табуын жетілдіру, ойлау деңгейін, қабілетін жоғарылату ұстаздың басты міндеті.

.

Қазіргі мұғалім бейнесі



Жаңа технология-мұғалімнің мүмкіндігін қуаттандыратын құрал. Жаңа ақпараттық технлогияны сабақ барысында қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Және оның бірнеше артықшылықтары бар. Осы артықшылықтарды сабақ беру барысында да, сабақ нәтижелерінен де көруге болады.

  • Оқушыларға оқылатын құбылыстар мен объектілер туралы толық және дәл ақпарат бере отырып, оқу сапасын арттырады;

  • Оқытудың көркемділігі артады, яғни оқушыларға қиын да күрделі материалдарды көрнекі түрде түсіндіруге қол жетеді;

  • Оқытудың тиімділігі жоғарлайды және оқыту материалын түсіндіру мүмкіндігі арттырады;

  • Оқушылардың ғылыми-дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыра отырып, олардың білімге құштарлығын, табиғи сұранысын қанағаттандырады;

  • Мұғалімдерді техникалық жұмыстан босата отырып, үнемденген уақытта олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды;

  • Мұғалім мен оқушының жұмысын жеңілдетеді.

Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз-білім беру ісінде ақпараттарды даярлап,оны оқушыға беру процесі.

Ақпараттық технологияларды сабақта пайдаланудың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану, Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыру;

Ақпараттық технологиялардың негізгі міндеттері:

  • Сабақта ақпараттық технологиялар құралдарын қолдану;

  • Практикалық шараларды анықтап, жүзеге асыру;

  • Ғылыми-ізденушілік және оқу-әдістемелік жұмыстар жүргізу;

Ақпараттық технологиянының негізгі мақсаты – қолданушыны керекті мәліметті өздігінен іздеп табуға талпындыру, яғни ізденімпаздыққа үйрету. Сондықтан, бүгінгі компьютерлендірілген ғасырда есептеу техникасының өте жылдам дамып, оны ғылымның кез-келген салаларына қолданып, одан нақтылы нәтижелер алуымызға байланысты ғылым мен білімді одан әрі терең меңгертуде ақпараттық технологияларды қолданғанымыз аса маңызды. XXI ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қоғамды ізгілендіру оның білім мен мәдениет жүйесін дамыту процесінде ақпаратты технологиялар маңызды рөл атқарады.

Ақпараттық технологиялар практика жүзінде қоғамдағы барлық мамандық салаларына байланысты пәндерді оқытуға қатысты. Оқытуда ақпараттық–коммуникациялық технологияны пайдалану бойынша біліктілік арттырудан өткен педагогтардың үлесі 2015 жылы олардың жалпы санының 90% -ын құрайды деп 2020 жылға дейін арналған стратегиялық бағдарламада көзделген. Олай болса, математика пәнінің мұғалімі де компьютерді жетік меңгеруі қажет.

Сабақ - шығармашылық ізденіс дейміз. Өз сабақтарымдағы басты бағдар -оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту жэне оларды шынайы өмірдегі дара түлға етіп әзірлеу екенін жақсы түсінемін. Сондықтан да әрбір жаңа сабақ өткен сабақтың материалымен байланыстырудан басталады. Мұғалім оқушының сабақтағы эрбір әрекетін алдын ала жоспарлап отырса, оқушының ойлау, болжау, тұжырымдау сияқты негізгі зерделік көрсеткіштерін де қалыптастыра алады. Ақпараттық технолгияны пайдалана отырып өткізілген сабағымның үлгісін ұсынып отырмын.

Сабақтың тақырыбы: Логарифмдік теңсіздіктерді шешу.

Сабақтың мақсаты:


  1. Логарифмдік функцияның анықталу облысы, логарифмнің негізгі қасиеттерін пайдалана отырып, теңсіздіктерді шешу.

  2. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, есеп шығару белсенділіктерін арттыру.

  3. Жүйелітүрде жұмыс істеуге , тиянақтылыққа, нәтижеге жетуге ұмтылуға, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Білік пен дағдыны қалыптастыру.

Сабақтың түрі: конфренция - сабақ

Сабақтың көрнекілігі:этимологиялық анықтама, тарихи дерек; «Логарифм - өмірде» слайд презентациясы. 

Ұйымдастыру. Сабақтың барысы:



  1. Логарифмдік фунцияның шығу тарихына шолу жасап жіберейін.

Логарифм (logos — қатынас және arіthmos — сан), N санының негізі бойынша логарифмі — N санын алу үшін а саны дәрежеленетін m дәреже көрсеткіші (Логарифм негізі), бұл logaN түрінде белгіленеді. Сонымен, егер am=N болса, m=logaN. а<0 болғанда шексіз көп оң сандардың нақты логарифмі болмас еді, сондықтан да a>0 деп алынады. Логарифмдік функциялардың қасиеті бойынша, кез келген оң санның берілген негізі бойынша бір ғана нақты Логарифмі болады (теріс санның Логарифмі комплекс сан).

Логарифмнің негізгі қасиеттері: loga(МN)=logaМ+logaN; loga(M/N)=logaM–logaN;



logaNk= =klogaN;(яғни сандарды көбейту және бөлу Л-ін олардың Л-дерін қосу мен алуға, ал дәрежеге шығару мен түбір табу Логарифмін сол дәреже немесе түбір көрсеткішіне көбейту мен бөлуге, яғни барынша қарапайым амалдарға келтіруге мүмкіндік береді). Егер a негізі белгілі болса, анықталған Логарифм жүйесі туралы айтуға болады. Әдетте lgN түрінде белгіленетін ондық Логарифм (a=10) көбірек қолданылады. 10k (k — бүтін сан) санынан басқа рационал санның ондық Логарифмі ондық бөлшек түрінде жуықтап өрнектелетін трансцендент сан. Ондық Логарифмнің бүтін бөлігін сипаттамасы, ал бөлшек бөлігін мантиссасы деп атайды. lg(10kN)=k+lgN болғандықтан, 10k көбейткішімен ерекшеленетін сандардың ондық Логарифмінің мантиссасы бірдей, тек сипаттамалары әр түрлі болады. Логарифм кестелері осы қасиетке негізделіп жасалған, онда бүтін сандардың тек мантиссалары ғана берілген. Негізі e=2,71828... трансцендент сан болатын натурал Логарифмнің де маңызы зор; ол lnN түрінде белгіленеді. Логарифмнің бір негізінен екінші негізіне ауысу үшін logbN=logaN/logab формуласы қолданылады. 1/logab көбейткіші a негізден b негізге ауысу (өту) модулі деп аталады. Натурал Логарифмнен ондық Логарифмге немесе керісінше өту lnN=lgN/lge, lgN=lnN/ln10; 1/lge=2,30258; 1/ln10=0,43429... формулалары арқылы жүзеге асырылады.

Логарифм атауын Дж. Непер ұсынған. Логарифм ең алдымен 16 ғасырда астрономияның тез дамуыменастрономия бақылауларды анықтай түсуге және астрономия есептеулердің күрделілене түсуіне байланысты ашылды. Алғашқы Логарифм кестелерінің авторлары геометриялық прогрессия қасиеттері мен оның мүшелерінің дәреже көрсеткіштерінен құрастырылған арифметикалық прогрессия қасиеттерінің арасындағы тәуелділікті пайдаланған. Бұл тәуелділіктерді б.з.б. 3 ғасырда Архимед ішінара байқаған болатын, 1484 ж. Н.Шюке, 1544 ж. М.Штифель оларды жақсы білген. Алғашқы Логарифм кестелерін 1614 — 1619 ж. Дж.Непер мен 1620 ж. Й.Бюрги бір-біріне тәуелсіз және бір мезгілде құрастырған. Логарифмді теория тұрғыдан зерттеуде Бельгия математигі Григорий мен Л.Эйлер (1707 —1783) еңбектерінің маңызы зор.



  1. Ой қозғау. (Өтілген тақырып бойынша формулаларды еске түсіру).

І. Сәйкестік тест

1. a logab 2. log a b- log a c

2. loga 3. log a b+ log a c

3. loga (bc) 1. b

4. log a b2p 4. 2p log a b

5. log a2p b 6. 1

6. loga a 7. с= log a ac

7. Санды логарифм арқылы жазу. 8.  log a b

8. log a b

  1. Теңсіздіктерді шешуде қолданылатын тұжырымдар.

  1. a > 1 болғанда, log a f (x) > log a g(x)

f(x) > 0

g(x) >0

f(x )> 0


Теңсіздікті шешейік:log1(4x+1)<-2

1) Функцияның анықталу облысын анықтайық

4x + 1>0;      4x>-1;        x>-1/4.

2) y=log1/7 x кемімелі функция болғандықтан, яғни 1/7 < 1

x + 1>(1/7)-2;     4x + 1 > 49;     4x > 48;   x > 12.


Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет