Оқулық. Алматы: 2006 бет Аталмыш оқулық ақша, несие, банк жəне валюта категорияларының



Pdf көрінісі
бет20/24
Дата18.11.2019
өлшемі3,84 Mb.
#52028
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Акша, несие, банк Макыш С.Б. каз
ekonomikaly -teoriya- kaz, 2017 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша, экспресс-информации на казахском языке м

Микрокредиттік  ұйымдар – бұл  микрокредит  берумен  айналысатын 
ұйымдар. 
 
Н. 
Несие – бұл  пайыз  төлеу жəне қайтару шартында уақытша пайдалануға 
(қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы. 
Несиелік  ақшалар - тауар  өндірісінің  дамуымен,  яғни  тауарларды 
сатып  алу  жəне  сатудың  уақытын  кешіктіріп  төлеуге  (несиеге)  берілуімен 
байланысты пайда болаған ақшалар.  
Несие  жүйесі – жалпы  банктердің  (ұлттық  жəне  коммерциялық)  жəне 
банктік  операциялардың  жекелеген  түрлерін  жүзеге  асыратын  банктік  емес 
мекемелердің жиынтығы.   
Несиелік  одақтар – бұл  белгілі  бір  жеке  тұлғалардан  немесе  ұсақ 
несиелік мекемелерден ұйымдастырылатын несиелік кооперативтер. 
Несиелік  серіктестік – бұл  оның  қатысушыларының  бос  ақшалай 
қаражаттарын жұмылдыру жолымен қаржылық көмек көрсету барысындағы 
қажеттіліктерін  қанағаттандыру  мақсатында  заңды  жəне  жеке  тұлғалардың 
ерікті түрде бірігуінің нəтижесінде құрылған, банк болып табылмайтын жəне 
ҚР  Ұлттық  банкінің  лицензиясы  негізінде    жекелеген  банк  операцияларын 
жүзеге асыратын заңды тұлға. 
О. 
 Овернайт – банктердің  Ұлттық  банктегі  корреспонденттік  шотында 
дебеттік қалдықтың пайда болуына байланысты  бір түнге  берілетін несие. 
Облигация – оның  иесінің  ақшалай  қаражат  салғандығын 
куəландыратын  жəне  эмитенттің  осы  қаражат  сомасы  (номиналдық  құны) 
мен пайызды қайтарып беру туралы міндетемесін растайтын бағалы қазаз. 
Овердравт  несиесі – клиенттің  шотынан  қаражатты  шегеру,  дебеттік 
қалды бойынша берілетін қысқа мерзімді несие.  
       Овернайт  несиесі – өтімділікті қолдау мақсатында бір түрнге берілетін 
банкаралық несиенің түрі. 
      Онкольдық  несие  –  кредитордың  алғашқы  талабы  бойынша  өтелетін 
қысқа мерзімді несие. 

 
 
203
  
 
П. 
Пассивтік  операциялар - бұл  несиелік  жəне  активтік  операцияларды 
жүзеге асыруға арналған банктің өз ресурсын құру операциялары.  
Пайыз  тəуекелі  – берілген  несиелерге  байланысты  пайыз 
мөлшерлемелерінен  тартылған  қаражаттар  бойынша  төленетін  пайыз 
мөлшерлемелерінің  артып  кетуі  нəтижесінде  коммерциялық  банктер, 
несиелік  мекемелер  жəне  инвестициялық  ұйымдар  қызметі  процессіндегі 
зияндардың пайда болу қауіпі.  
 
Р. 
Рамбурстық  несие  –  шикізаттарды  ішке  алып  кіру  жəне  жартылай  
фабрикат  жəне  дайын  өнімдерді  сыртқа  шығару  тəжірибесінде 
пайдаланылатын несие.  
Рестрикциялық  ақша-несие  саясаты - екінші  деңгейлі  банктердің 
несиелік операциялар көлемін шектеуге жəне қатаң шарт белгілеуге, сондай-
ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар. 
Ревальвация - ұлттық  валюта  бағамын,  шетел  валюталарға  қатынасы 
бойынша жоғарлауы. 
Резервтік  валюта – бұл  басқа  елдер  үшін  валюталық  паритет  пен 
валюталық  бағамды  анықтауда  негіз  ретінде  қызмет  ететін  жəне  валюталар  
бағамын 
реттеу 
мақсатында 
валюталық 
интервенция 
жүргізуде 
пайдаланылатын  халықаралық  төлем  жəне  резерв  құралы  қызметін 
атқаратын, əлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің еркін ауыстырылатын ұлттық 
валюталары. 
Резервтік  қор – банк  қызметінде  пайда  болуы  мүмкін  зияндардың 
орнын жабу мақсатында құрылған ақшалай қаражаты. 
 
С. 
Стандартты  несие - қайтарылу  уақыты  жетпеген,  бірақ  қайтуында 
ешқандай күмəн жоқ несиелер. 
Сенім  несиесі – банктің  сеніміне  кірген,  төлем  қабілеті  жоғары 
клиенттерге берілетін несие. 
 
 
Т. 
Талап етуіне дейінгі депозиттер – бұл салым иелерінің бастапқы талап 
етуіне  байланысты  əр  түрлі  құжаттар  арқылы  қолма-қол  ақшаларын  алатын 
əр түрлі шоттардағы қаражаттары. 
Төлем  балансы  –  бұл  елдің,  белгілі  бір  уақыт  ішінде  шетелге 
шығарғандарынан  түскен  түсімдері  мен  сырттан  əкелінген  тауарлары  мен 
қызметтер үшін төленген төлемдер арасындағы шекті қатынасы. 

 
 
204
Тіркемелі  бағам - Ұлттық  банктің  ұлттық  валютаның  шетел 
валютасына  қатысты  айырбас  бағамын  анықтауда  валюталық  нарықтағы 
сұраныс пен ұсынысқа араласуы нəтижесінде анықталатын бағам.  
Телеграфтық  инкассо    –  жабдықтаушының  тауар  құжаттарын 
инкассоға  қабылдағаны  туралы  жабдықтаушы  банкісінің  жіберген 
телеграмасына  қарсы  сатып  алушының  төлемі  жасалатын  инкассоның 
ерекше нысаны. 
Тұтыну  несиесі  -  бұл  жеке  тұлғаларға  тұтыну  тауарларын  сатып  алу 
үшін жəне тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.  
Тұрғын үй құрылыс банкі – бұл тұрғын үй құрылысын коммерциялық 
құрылысшылар  арқылы  несиелеуге,  халық  үшін  құрылыс-жинақ  шоттарын 
қалыптастыру жəне ипотекалық несиелеу жүйесін құру мақсатында құрылған 
банк. 
Төлем  тапсырмасы – ақшаны  аударушының  (төлеушінің)  аталған 
тапсырмада көрсетілген  ақша сомасын бенефициарға аудару туралы қызмет 
көрсетуші банкке берген тапсырмасы.  
Төлем  талап-тапсырмасы – бенефициардың  төлеушіге  оған  қызмет 
көрсетуші банкке бағытталған, жөнелтілген өнім, атқарылған жұмыстар жəне 
көрсетілген  қызмет  құнын  жіберілген  есеп  айырысу    құжаттары  негізінде 
төлеу талабы. 
Толық құнды ақша– номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты 
құнымен сəйкес келетін ақшалар.  
Толық құнсыз ақша - номиналдық құны нақты құнынан, яғни олардың 
өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшалар.  
 
 
¶. 
¶мітсіз  несиелер - қайтару  уақыты  кешіктірілген,  мерзімі  өткен 
ссудалар шотына жазылған несиелер. 
 
Ұ. 
Ұлттық  валюталық  жүйе  -  халықаралық  төлем  айналымын  жүзеге 
асыратын,  ұдайы  өндіріс  процесіне  қажетті  валюталық  ресурсты  құрайтын 
жəне оны пайдалануға көмектесетін экономикалық қатынастар жиынтығы. 
Ұлттық банк – бұл ақшалай резервтерді құрайтын, оған қоса меншікті 
алтын  валюта  резервтерден,  басқа  да  материалдық  бағалықтардан  тұратын 
мүліктерге ие болып табылатын заңды тұлға. 
 
 
Ф. 
Факторинг  операциясы – жабдықтаушының  (банк  клиентінің) 
жабдықтаған  тауары  мен  көрсеткен  қызметтері  үшін  төленбеген  төлем  

 
 
205
құжаттарын  (шот-фактурасын)  банкке  сатумен  байланысты  комиссиондық-
делдалдық операция.  
Форфейтинг операциясы –форфейтордың, яғни коммерциялық банктің 
немесе  арнайы  компанияның  экспортерға  төлеуге  тиісті  импортердің  төлем 
құжатын сатып алуы.  
Форс-мажор 
жағдайы 
– 
экономикалық 
келісім-шарттарға 
қатысушылардың  əртүрлі  аяқ  асты  жағдайларға  (өрт,  жер  сілікінсі,  су 
тасқыны жəне т.б.) байланысты міндеттемелерді орындай алмауы. 
 
×. 
×ек – ағымдағы шот иесінің чекті ұстаушыға белгілі бір ақшалай соманы 
төлеу  туралы  немесе  басқа  ағымдық  шотқа  аудару  туралы  өзінің  банкісіне 
берген жазбаша бұйрығы.  
 
Э. 
Экспортты-импорттық  банк  (Эксимбанк) – даму  жəне  ғылыми 
ұйымдардың  экспортын  қаржыландыру  үшін,  экспорттық  несиелер  мен 
инвестицияларға кепілдеме беретін банк. 
Электрондық  ақшалар - компьютер  торабының,  ақпараттарды 
автоматты  түрде  өңдеу  құралдарын  қолданатын  байланыс  жүйелері  арқылы 
жүзеге  асыратын  банктер  жəне  олардың  клиенттері,  сатушылар  мен  сатып 
алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы.  
Экспанциондық  ақша-несие  саясаты  -  несие  беру  көлемін 
кеңейтумен, айналыстағы ақша-массасының өсуіне бақылаудың əлсіздігімен 
жəне сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуімен байланысты шаралар.   
 
 
 
 
 
 
                               
 
 
 
 
 
 
 
А 
 
Аваль  –  вексель  бойынша  төлемді  төлеуге  міндеттеме  алған  тұлғаның 
атынан  міндеттеме  орындалмаға  жағдайда  вексельде  көрсетілген  соманы 

 
 
206
(толық  не  жартылай)  төлеуге  берілетін  кепілдеме.  Вексельді  төлеуге 
кепілдеме беруші тұлғаны авальшы деп атайды. 
Авторизация – банктік  картаны  пайдалану  арқылы  операцияны 
жүргізуге  эмитент  банктің  беретін  рұқсаты.  Авторизациялау  процедурасы 
аяқталған  соң  эмитент  банк,  банктік  картаны  (слип)  пайдалану  арқылы 
жасалған  есеп  айырысу  жəне  өзге  құжаттарды  төлеуге  байланысты 
міндеттеме алады. 
Агент банк (банк агент) - өзге тұлғаның атынын іс жүргізүге  құзыретті 
банк.  Агент-банк  заңда  қарастырылған  барлық  операцияларды  орындай 
алады. 
Акцепті  несие  (акцептный  кредит) - аудармалы  вексельді  (траттаны) 
акцептеу формасында банктерден, берілетін несие. 
Акцепт    -  шаруашылық  ішінде  жəне  халықаралық  тауар  айналымында 
тауарлар  мен  көрсетілген  қызметтерді  төлеуге  кепіл  беру  немесе  есеп 
айырысу құжаттарын төлеуге келісім беру.  
Акцепті-рамбурсты  несие  (акцептно-рамбурсный  кредит)-  акцепт 
негізінде  акцептеуші - банктің  қаражатын  орын  толтыруға  негізделген 
сыртқы сауданы несиелеу формасы. 
Акцептеуші  (акцептант)- төлем құжаттарын (вексель, чек, төлем талап-
тапсырмасын) төлеуге келісім беретін заңды немесе жеке тұлға. 
 Аудармалы  вексельдермен  есеп  айырысу  барысында  Акцептеуші 
ретінде  төлем міндеттемесін өзіне қабылдайтын, немесе куəландыру трассат  
болады. 
Акция – бұл  акционерлік  қоғамның  жарғылық  капиталына  үлес 
қосқандығын  куəландыратын  жəне  басқару  іісіне  қатысуға  құқық  беретін, 
сондай-ақ иесіне табыс əкелетін бағалы қағаз. 
Дивидент  төлеу  тəсілінің  айырмашылығына  байланысты  жай  жəне 
артықшылықты  акцияларға  бөледі.  Жай  акция,  оның  иесіне  акционерлік 
қоғамының табысына байланысты табыс əкеледі жəне қоғамды басқару ісіне 
немесе жалпы жиналысқа қатысуға құқық береді. Ал, артықшылықты акция, 
иесіне  қоғамның  табысына  байланыссыз  тұрақты  табыс  алуға  құқық  береді, 
бірақ  басқару  ісіне  араласуға  немесе  акционерлер  жиналысына  қатысуға 
құқық бермейді. Артықшылықты акцияның келесі бір артықшылығы – қоғам 
борыштық  тұрақсыздыққа  ұшыраған  жағдайда  мүлікті  жай  акция  иесінен 
бұрын алуға мүмкіндік беруі. 
Акционерлік  банктің  акциясы  (акции  акционерного  банка) – банктің 
жарғылық  капиталына  үлес  қосқандығын  куəландыратын  жəне  дивиденд 
алуға жəне банкті басқару ісіне араласуға құқық беретін бағалы қағаз. 
Активті  депозиттік  операциялар  (активные  дпеозитные  операции)– 
банктің  уақытша  бос  ақша  қаражаттарын  басқа  корреспондент-банктердегі 
шоттарда  орналастыруымен  байланысты  операциялар.  Олар  банктің  өтімді 
ретінде, яғни жалпы активтердің өте аз бөлігін алады. 

 
 
207
Аллонж – вексельді  үшінші  бір  тұлғаға  аударып  жазуға  арналаған 
қосымша бет. 
Айырбастау бағамы (обменный курс) – шетел валютасына бейімделген 
сол елдің ақша бірлігінің бағасы. Айырбастау бағамының түрлері: өзгермелі 
(плавающий) – валютаны  еркін  сатып  алу-сату  нарығы  жағдайындағы, 
нарықтық 
ауытқулардың 
нəтижесінде 
белгіленеді; 
Қазақстан 
Республикасында 1999 ж. 4 сəуірден бастап, еркін өзгермелі бағам енгізілді, 
номиналдық (номинальный) – екі валютаның құндарының қатынасы ретінде 
есептелетін  бағам;  тіркелген  (фиксированный) – айырбас  бағамы  мемлекет 
тарапынан қатаң түрде белгіленген айырбастау қатынасы; нақты (реальный) 
– валюталардың тауарлы қатынасын көрсететін  айырбастау  бағамы, яғни əр 
түрлі валютада бейнеленген бір ғана тауардың бағасының қатынасы. 
Аккредитив  (лат. accredo – сенемін) –  бұл    сатып  алушының 
тапсырмасы  бойынша  сатып  алушының  (аккредитив  ашушының)  банкiсiнiң 
жабдықтаушының  банкiсiне,  аккредитивте  көрсетiлген    құжаттарды 
жабдықтаушы  бергеннен  соң  жəне  аккредитивтiң  басқа  да  шарттарын 
орындаған жағдайда төлемдi төлеуге берген шартты ақшалай мiндеттемесi. 
Аккредитивтің 
түрлері: 
өтелген 
(покрытый) 
жəне 
өтелмеген 
(кепілденген)  (непокрытый); 
қайтарылмалы 
(отзывной) 
жəне  
қайтарылмайтын (безотзывной). 
Аккредитивтің  қызмет  ету  мерзімі  жəне  есеп  айырысу  тəртібі  төлеуші 
мен  жабдықтаушының  арасында  жасалатын  келісім-шартта  көрсетіледі, 
сондай-ақ онда мыналар көрсетіледі: эмитент-банктің атауы; аккредитив түрі 
жəне орындалу тəсілі; аккредитив ашылуы туралы жабдықтаушыға хабарлау 
тəсілі;  аккредитив  бойынша  қаражатты  алу  үшін  жабдықтаушының  беретін 
құжаттарының  толық  тізімі  мен  нақты  сипаттамасы;  тауарларды 
жөнелткеннен  кейінгі  құжаттарды  жіберу  мерзімі,  олардың  рəсімделуіне 
қойылатын талаптар; басқа да құжаттар мен шарттар. 
Аккредитив  ашу  туралы  өтініште  төлеуші  мыналарды  көрсетеді: 
аккредитив  ашылатын  келісім-шарттың  номері;  аккредитив  қызмет  ету 
мерзімі  (аккредитив  жабылу  күні  мен  айы);  жабдықтаушының  атауы; 
орындаушы банктің атауы; аккредитив орындалу орны; аккредитив бойынша 
төлем төленетін құжаттардың толық жəне нақты атауы, олардың тапсырылу 
мерзімі  мен  рəсімделу  тəртібі;  аккредитив  төленетін  тауарлардың 
(қызметтердің)  аты,  тауарларды  (қызметтерді)  жөнелту  мерзімі;  аккредитив 
сомасы; аккредитивті іске асыру тəсілі. 
Ақша ұсынымы (денежное предложение) – барлық ақша қаражаттарын 
қоса  есептегенде  орталық  банктің  айналысқа  шығарған  елдің  аумағындағы 
ақшалар санының жиынтығы. 
Ақша базасы (денежная база) – орталық банктің бақылауында болатын 
елдегі ақша ұсынысының бір бөлігі. 
Ақша жүйесi (денежная система)–  бұл тарихи түрде қалыптасқан жəне 
ұлттық заңдылықтармен бекiтiлген, ақша айналысын ұйымдастыру нысаны.  

 
 
208
Ақша  бiрлiгi      (денежная  единица) – барлық  тауарлардың  бағаларын 
бейнелеуге қызмет ететiн, заңды түрде бекiтiлген ақша белгiсi.  
Акцепт (лат. acceptus – қабылдау, келісу) – төлеуге келісім беру немесе 
төлемді  кепілдеу.  Акцепт  инкассо,  төлем  талабы-тапсырмасы,  аккредитив, 
аудармалы  вексель  сияқты  есеп  айырысу  нысандарында  қолданылады. 
Акцепт  аталған  есеп  айырысу  құжаттарында  жазу  нысанында  «төлеуге 
келісім  берілді»  деп  көрсетіледі.  Акцепт  толық  немесе  жартылай  болуы 
мүмкін.  Акцептің  түрлері:  теріс  (отрицательный)  акцепт  беруден  бас  тарту, 
яғни  бекітілген  мерзімде  төлеуге  келісім  бермеуді  білдіреді;  оң 
(положительный) акцепт – төлем құжаттарын төлеуге жазбаша келісім беру; 
алдын-ала  (предварительный) – акцепт  мерзімі  ішінде,  яғни  төлем 
құжаттарын  төлегенге  дейін  жасалады;  кейінгі  (последующий)  акцепт – 
төлемнен  кейінгі  келісім  беру.  Бұл  жағдайда  төлем  құжаттары  төлеушінің 
банкіне  келіп  түскен  күні  төленеді,  бірақ  акцепт  құқығы  төлеушіде 
сақталады,  соның  ішінде акцепт  мерзімі  ішінде  акцепт  бас  тарту құқығы  да 
толық сақталады. Бұл есеп айырысуды жеделдетеді. 
Акционерлік  банк  (акционерный  банк) – акционерлік  қоғам  сияқты 
ұйымдық-құқық  нысанында  құрылған  банк.  Акционерлік  банк  құру  тəртібі 
мен  оның  қызмет  ету  механизімі  «Акционерлік  қоғам  туралы», «Қазақстан 
Республикасындағы  банктер  жəне  банктік  қызмет  туралы»  Қазақстан 
Республикасы  заңдарымен  жəне  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  банктің 
нормативтік актілерімен бекітіледі. 
Ақша  (деньги) – барлық  тауарлардың  құнын  өлшейтін  барлығына 
бірдей балама, ерекше тауар 
Ақша  айналысы  (денежное  обращение) – еңбек  ақы  төлеу,  көрсеткен 
қызметке  төлеу,  тауарларды  сату,  есеп  айырысуларды  жəне  төлемдерді 
жүзеге  асыру,  жəрдем  ақы  төлеу,  қарыздарды  қайтару  құралы  ретінде 
пайдаланылатын  ақшалардың  үздіксіз  қозғалысы;  белгілі  бір  уақыт  ішінде 
елдегі пайдаланылатын барлық төлем құралдарының жиынтығы. 
Ақша  жетімсіздігі  (денежный  голод) – қолма-қол  ақшалардың 
жеткіліксіздігін  бейнелейтін  ақша-несие  дағдарысына  тəн  құбылыстардың 
бірі. 
Ақша  жиыны  (денежная  масса) – 1) белгілі  бір  уақыт  кезеңіндегі 
немесе белгілі бір күндегі айналыста жүрген ақшалардың саны; 2) айналысқа 
шығарылған  ақша  белгілерінің  жиынтық  саны,  оларға:  қолма-қол  ақшалар, 
чектер,  халық  пен  ұйымдардың  банктердегі  жəне  басқа  да  несиелік 
мекемелердегі шоттарда сақталған ақшалай қаражаттары, сондай-ақ міндетті 
түрде төлеуге жататын ақшалай міндеттемелер жатады. 
АҚШ-та,  ақша  жиынын  анықтауда  төрт  ақша  агрегатын,  Жапония  мен 
Германияда - үш,  Англия  мен  Францияда – екеу,  Ресейде - үш  ақша 
агрегаттары пайдаланылады.  
Қазақстанда  ақша  жиынына  Ұлттық  Банк  пен  екiншi  деңгейдегi 
банкiлердiң баланстық шоттарын шоғырландыру негiзiнде анықталады жəне 

 
 
209
оның құрамына айналыстағы қолма-қол ақша жəне резидент заңды тұлғалар 
мен үй шаруашылығы (жеке тұлғалардың) депозиттерi жатады. 
Қазақстандағы  ақша  жиыны  құрылымына  мынадай  ақша  агрегаттары 
жатады: М0 (айналыстағы қолма-қол ақша, немесе банк жүйесiнен тыс ақша); 
М1 
= М0 + банктiк емес заңды тұлғалар мен халықтың теңгедегi аудармалы 
депозиттерi;  М2 
=  М1  +  теңгедегi  басқа  да  депозиттер  жəне  банктiк  емес 
заңды тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы аудармалы депозиттерi; 
М3 (ақша массасы) 
= М2 + банктiк емес заңды тұлғалар мен халықтың шетел 
валютасындағы  басқа  да  депозиттерi.  Мұндағы,  аудармалы  депозиттер – 1) 
əрқашан  айып-пұлсыз  жəне  шектеусiз  атаулы  құнымен  ақшаға 
ауыстырылады; 2) чектiң,  траттаның  немесе  жиро-кепiлдiктiң  көмегiмен 
еркiн  айналады; 3) төлемдер  жүргiзуде  кеңiнен  қолданылады.  Басқа 
депозиттер – негiзiнен  ол,  белгiлi  уақыт  аралығынан  кейiн  ғана 
алынатындығы немесе əртүрлi шектеулерi жай коммерциялық операцияларда 
бiраз  қолайсыздық  туғызатын  жəне  жинақ  механизмiне  қойылатын 
талаптарға жоғары дəрежеде сай келетiн жинақ жəне мерзiмдi депозиттер.  
  Ашық  валюталық  позиция  (открытая  валютная  позиция) – сол 
уақытта  немесе  алдағы  уақыттарда  жекелеген  валюталарда  қаражат  алу 
талабы  мен  беру  міндеттемесін  бейнелейтін,  сол  валюталардағы  сандық 
жағынан  сəйкес  келмейтін  активтер  мен  міндеттемелердің  (баланстан  тыс 
талаптар  мен  міндеттемелерді  есепке  алғандағы)  арасындағы  шетел 
валютасындағы қаражаттар қалдықтарының айырмасы.  
Ашық валюталық позиция қысқа жəне ұзын болып келеді. 
Арнайы қарыз құқы (специальные право заниствавания – СДР) (ағыл. 
Special Drawing Rights - SDR) - Халықаралық  валюталық  қормен  есеп 
айырысу,  резервтерді  толықтыру,  төлем  балансының  қалдығын  реттеу  үшін 
берілетін Халықаралық валюталық қордың шығаратын резервтік жəне төлем 
құралы.  СДР 1969 ж.  бастап  есепке  алу  бірлігі, 1979 ж  бастап халықаралық 
валюталық  жүйенің  негізгі  резерв  құралы.  СДР-дің  бастапқы  құны  АҚШ 
долларының алтындық позициясымен анықталған (ол уақытта 1 унция үшін 
35 долл) 1976 ж. ол 16 елдің валюта қоржыны негізінде анықталды. 1981 ж 
СДР  құны 5 негізгі  валюта  негізінде  анықталады.  Оның  долларлық  бағасы 
күн сайын анықталады. 
Ақша  реформасы  (денежная  реформа)-  ұлттық  ақша  бiрлiгiн 
тұрақтандыруға,  елдiң  ақша  жүйесiн  қалыпқа  келтiруге  жəне  нығайтуға 
бағытталған  ақша  айналысында  меллекет  тарапынан  жүзеге  асатын 
түрлендiрулер. 
Ақша  реформасы  мынадай  түрде  жүргізіледі:  ақша  жүйесінің  бір 
типінен екінші біріне немесе бір ақша тауарынан басқа біріне өту; жаңа ақша 
белгілерін  шығару  арқылы  ақша  белгілерін  толық  немесе  жартылай 
ауыстыру; ақша айналысын қалыпқа келтіруге байланысты бірқатар шаралар 
немесе валютаны тұрақтандыру. Ақша реформасы негізгі əдістері: дефляция, 
жаңарту 
(нуллификация), 
ірілендіру 
немесе 
нольдерін 
қысқарту 

 
 
210
(деноминация),  құнын  төмендету  (девальвация)  немесе  құнын  көтеру 
(ревальвация). 
КСРО тұсында Қазақстанда ақша реформасы үш рет: 1922-24 жж., 1947 
ж.  жəне 1961 ж.,  ал  тəуелсіздік  алғаннан  кейін 1993 ж.,  айналысқа  ұлттық 
валюта - теңгені  енгізумен  байланысты  болды.  Ақша  айырбастау 1:500 
қатынаспен  жүргізілді.  Жеке  азаматтарға 100 мың  рубльге  дейін 
айырбастауға  рұқсат  етілді.  Ақшаны  айырбастау 15-18 қараша  аралығында 
болды. 
Ақша рыногі (денежный рынок) – қысқа мерзімді депозиттік қарыздық 
операциялар  жүзеге  асырылатын  қарыз  капиталдар  рыногінің  бір  бөлігі, 
ақшалай  қаражаттарды  сатып  алу-сату  рыногі.  Ақша  рыногінің  агенттері: 
несиелік  ақшаларды,  валюталар  мен  бағалы  қағаздарды  сатып  алушы 
банктер,  брокерлік  жəне  дилерлік  фирмалар,  басқа  да  қаржы-несие 
мекемелер, болып табылады. 
 Ақша  фетишизмі  (денежный  фетишизм) (франц. Fetuchisme, порт. 
Feitico-  сиқырлық  белгісі) - экономика  мен  өмірдегі  ақшаның  ролін  жəне 
тауар  жиыны  арасындағы  байланысты,  ақшаның  тауарлы  табиғатын 
түсінбеуге  негізделген,  ақшаға  ерекше  мəн  беру,  ақшаның  алдында  бас  иію 
жəне оларды құдайға теңеу. 
 Ақша  мультипликаторы  (денежный  мультипликатор) - ақша-несие 
жүйесіндегі  салымдарды  ұлғайту  немесе  қысқарту  нəтижесінде  қанша 
мөлшерде  ақша  ұсынысының  көбеюін  немесе  азаюын  көрсететін  сандық 
коэффициент, 
мультипликатордың 
шамасы 
ақша-несие 
жүйесінде 
пайданылатын резервтеу нормасына кері пропорциональ болып келеді. Ақша 
мультипликаторын сондай-ақ банктік деп атайды. 
 Ақша-несие  саясаты  (денежно-кредитная  политика  -  экономиканың 
тұрақты  дамуына  жəне  ұлттық  валютаны  сатып-алу  қабілетін  күшейтуге 
бағытталған  ақша  айналысын  жəне  несиелік  қатынастарды  басқаруға 
байланысты  мемлекеттік  атынан  Орталық  банк  пен  Үкімет  арқылы  жүзеге 
асырылатын шаралар жиынтығы. 
  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  Банк  ақша-несие  саясатының  негізгі 
құралдары:  қайта  қаржыландыру  мөлшерлемесін  белгілеу;  міндетті  резерв 
нормасы;  ашық  нарықтағы  операциялар;  валюталық  басқыншылық;  тікелей 
сандық шектеулер. 
  Ақша-несие  саясатының  екі  типі  бар:  экспанциялық  (несие  көлемін 
өсіру) жəне рестрикциялық (несие көлемін шектеу). 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет