Оқулық. Алматы: 2006 бет Аталмыш оқулық ақша, несие, банк жəне валюта категорияларының



Pdf көрінісі
бет21/24
Дата18.11.2019
өлшемі3,84 Mb.
#52028
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Акша, несие, банк Макыш С.Б. каз
ekonomikaly -teoriya- kaz, 2017 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша, экспресс-информации на казахском языке м

Ақшалай  аударым  (денежный  перевод) – аудармада  көрсетілген 
тұлғаға  төлеуі  тұралы  аударушының  жазбаша  немесе  телеграфтың  үкімі. 
Ақшалай аударымдарды несиелік жəне пошта мекемелері жүзеге асырады. 
Ақша механизмі (денежный механизм) – ақша жиынындағы өзгерістер 
арқылы экономикаға ықпал ету тəсілі. 
Айналым  бойынша  несиелеу  (кредитование  по  обороту) – фирманың 
айналым қаражаттарын қысқа мерзімді банктік несиелеу. 

 
 
211
Ашық шот  бойынша несие (кредит по открытому счету) – экспортер 
мен импортердің арасында жасалатын, соның негізінде жабдықтаушы сатып 
алушының  шотына  оның  қарызы  ретінде  сатылған  жəне  жөнелтілген 
тауарларының  құнын  жазатын,  ал  импортер  белгіленген  мерзімде  несиені 
өтеуге міндеттеме беретін келісім жолымен берілетін несие. 
Аудармалы  вексель  (тратта,  переводной  вексель) – вексель  берушінің 
(трассанттың)  үшінші  бір  тұлғаға  (трассатқа)  вексельді  алғашқы  ұстаушыға 
(бенефициарға) вексельде көрсетілген соманы, төлеу мерзімі жеткен кезде не 
оның  мəлімдеуіне  қарай  төлеуі  туралы  бұйрығы.  Трассат  тратта  бойынша 
төлеуге келiсiмiн бергеннен бастап, борышқор болып табылады. Аудармалы 
вексель  келесi  бетiндегi  индоссамент  (басқа  бiреуге  аударуып  жазу) 
көмегiмен  айналыста  жүре  бередi.  Аудару  туралы  қолдардың  көбеюiне 
байланысты  вексель  айналысы  ұлғая  түседi  жəне  мұндағы  əр  индоссант 
вексель бойынша мiндеттемеге бiрлесiп жауап бередi. 
Аударылмайтын  депозиттік  сертификаттар    (непереводимые 
депозитные  сертификаты)–  салым  иелерінің  қолдарында  болып,  уақыты 
жеткен соң банкке салымды алу мақсатында ұсынылады. 
Аударылатын  депозиттік  сертификаттар  (переводимые  депозитные 
сертификаты)–  басқа  бір  тұлғаларға  қайталама  нарықта  сатып  алу-сату 
арқылы қолдан қолға ауысады. 
Алғашқы резервтер (первичные резервы) – бұл сұралатын салымдарды 
қайтаруға  жəне  несиеге  деген  өтінішті  қанағаттандыру  үшін  тез  арада 
пайдаланылатын  өтімділігі  жоғары  активтер.  Мұндай  активтерге  мыналар 
жатады:  кассадағы  қолма-қол  ақша;  Орталық  банктерге  корршоттағы  жəне 
өзге де шоттардағы ақшалай қаражаттар; инкассациялау процесіндегі чектер 
жəне  өзге  де  төлем  құжаттары;  басқа  да  коммерциялық  банктердегі 
корршоттардағы қаражаттар. 
Арнайы провизиялар (специальные провизии) – бұл құны өзінің сатып 
алу  құнынан  екі  есе  төмен  немесе  қайтарылмай  қалуы  мүмкін  нақты 
жіктелінген  активтер  бойынша  шығындарды  жабу  үшін  құрылған  резервтік 
ақшалар. 
Авизо – өзара есеп айрысулардағы өзгерістер туралы бір  банктің екінші 
бір  банке  ресми  түрдегі  жазбаша  хабарламасы.  Авизоның  екі  түрі  болады: 
кредиттік жəне дебеттік.  
Дебеттік  авизо  (дебетовое  авизо) – банктік  шоттан  қаражатты 
шегергені туралы хабарлама. Кредиттік авизо (кредитовое авизо) – банктік 
шотқа қаражат есептегені туралы хабарлама. 
Авуар    (фран. avoir -  мүлік) – міндеттемелер  бойынша  төлемдерді 
жүзеге асыруға мүмкіндік беретін банктік активтердің əр түрлі нысаны.    
Алтын  валюта  резерві  (золото-валютный  резерв) – халықаралық  есеп 
айырысулар  мен  төлемдерді  жүзеге  асыру,  төлем  балансының  тапшылығын 
қаржыландыру,  ұлттық  валюта  бағамының  тұрақтылығын  қамтамасыз 

 
 
212
мақсатында  пайдаланылатын  Орталық  банктің  алтын  жəне  шетел 
валютасында құратын ресми қоры. 
Ақша  айналысының  заңы (закон  денежного обращения) – айналысқа 
қажетті ақшаның санын есептеуге мүмкіндік беретін экономикалық заң. 
Ақша суррогаттары (денежные суррогаты) – ресми ақша бірліктерінің 
жеткіліксіздігіне  байланысты    жекелеген  кəсіпорындар  немесе  ұйымдардың 
айналысқа шығаратын ақша белгілері. 
Ақша  ағымы  (денежный  поток) – қаржылық  жыл  ішінде  банктің 
табатын  жəне  төлейтін  ақшалай  қаражатар  сомаларының  арасындағы 
айырма.   
Ақшаның  сандық  теориясы  (количественная  теория  денег)  - 
 
монетаризм  мен  Фишердің  теңдеуіне (айналыстағы  ақша  жиыны,  ақашаның 
айналыс  жылдамдығы,  тауар  бағасы  мен  саны  сияқты  көрсеткіштерді 
қамтитын) негізделген ақша айналысының теориясы. 
Арнайы провизиялар (специальные провизии) – қайтарылмаған немесе 
құндарының  төмендеуінен  туындайтын  нақты  бір  жіктелген  активтер 
бойынша зиындарды жабуға арналған ақшалай резервтер. 
Аннуитет  - белгiлі    бір  уақыт  ішінде  бірдей  мөлшерде  төленетін 
мерзімді төлемдер. 
Андеррайтер   -  алдын  алы  келісінген  шартқа  сəйкес,  бағалы  қағаздар 
нарығында  эмитенттің  бағалы  қағаздарын  (акциялары  мен  облигацияларын) 
орналастыруға кепіл беруші тұлға.  
 
 
 
Ə 
  
Əмбебап банк (универсальный банк) – экономиканың барлық саласына 
бірдей қызмет көрсетумен шұғылданатын несиелік ұйым. 
 
Б 
Баға  ауқымы  (масштаб  цен) - əрбiр  елде  ақшаның  өлшемi  ретiнде 
қабылданған  жəне  тауарлар  бағасын  өлшеуге  қызмет  ететiн  металлдың 
(алтын) баға белгiлеу процесiндегi ақша бiрлiгiне бекiтiлетiн салмақты саны. 
Банк  активтері  (банковские  активы)–  пайда    табу  мақсатында  банктік 
ресурстарды, əр түрлі активтер бойынша орналастырған қаражаттары. 
Банктiк несие (банковский кредиты)  бұл банктiк мекемелерден қарыз 
алушыларға ақшалай түрде берiлетiн несие.  
Банктік несиеге: тұтыну, ипотекалық, ломбардтық, бланктік, овердрафт, 
револьверлік, 
онкольдық, 
лизингтік, 
факторнигтік, 
форфейтингтік, 
консорциальдық,  рамбурстық,  овернайт,  ауылшаруашылық  несиелері  жəне 
т.с.с. жатады.  

 
 
213
  Банктік  маркетинг  (банковский  маркетинг)  банктік  қызметтер 
рыногына бағытталған банк қызыметінің түрі, оларды басқару қызыметі мен 
тұжырымы, банк қызметтерінің ерекше ойлау философиясы.  
Банк  қызметінің  түрі  ретінде  банктік  маркетинг  рыногына 
қатысушылардың  қажеттілігін  толық  қанағаттандыруға  бағытталатын  банк 
қызметтеріне  сатуды  білдіреді.  Банк  маркетингі  үш  құрамдас  бөліктен 
тұрады:  а)  рынок  туралы  ақпараттар  жинау  жəне  салық  негізінде  банк 
стратегиясын  жасау;  ə)  сататын  банк  қызметтерінің  (өнімдерінің) 
құрылымын  жəне  олардың  бағаларын  анықтау  банк  қызметтерін  өткізуді 
ұйымдастыру.  Банктік  маркетинг  банктік  қызметтер  рыногін  екіге  бөледі: 
Бөлшек сауда жəне көтерме рыноктарға. Клиенттермен қарым-қатынас жасау 
тəсіліне  қарай  активті  жəне  пассивтік  рыногіне  бөлінеді.  Активті  банктік 
маркетингке  əртүрлі  жарнамалар,  даму  жəне  конференция  өткізу, 
клиенттерден  сұрақ  жауап  алу,  мəселелерді  талқылау  тобын  құру  жатады. 
Пассивтік  банктік  маркетинг  банк  туралы  басылымға  мақала  жариялау, 
несиелік ұйымның атынан қайырымдылық жəне демеушілік қызмет көрсету 
т.с.с. шараларды ұйымдастырумен сипатталады.  
Банктік  инфрақұрылым    (инфраструктура  банка) -  банктерді 
өміршеңдігі  үшін  оларды  ақпараттық,  əдістемелік,  ғылыми  жағынан, 
кадрлармен  қамтамасыз  ететін  кəсіпорындар,  агенттіктер  байланыс  жəне 
коммуникация, білім беру жəне ғылыми мекемелер жиынтығы. 
Банк  өтімділігі  (ликвидность  банка) – бұл  салымшылар  мен  қарыз 
берушілер  алдында  банктің  өз  міндеттемелерін  уақытында  жəне  шығынсыз 
орындау қабілеттілігі. 
Банктік  құпия    (банковская  тайна)–  банк  клиенттерінің  шоттары  мен 
салымдары жəне банктің  
жасаған операциялары туралы айтуға болмайтын ақпараттар. 
Банктік  консорциум  (банковский  консорциум) – бірлесіп  несиелік 
операцияны  жүргізуге  жəне  қарыз  алушының  төлем  қабілетсіздігін 
туындайтын шығында азайту мақсатында уақытша біршама банктер арқылы 
ұйымдастырылған банктер тобы. 
Банктік  кепіл-хат  (банковскоая  гарантия) – ақшалай  формада 
орындалуға тиісті банк міндеттемесі. 
Банктік  қадағалау  (банковский  надзор) – банктік  заңдылықтар 
орындалуын  қамтамасыз  ететін  əр  түрлі  мемлекеттік  органдардың  қызметін 
сипаттайды. 
Банктік  қадағалау  жүйесіне  мыналар  кіреді:  қадағалауға  жататын 
банктік  мекемелер;  банктік  операцияларды  жүргізуге  арналған  лицензиялар 
беру  процедурасы;  бухгалтерлік  есеп,  банктік  жəне  статистикалық  есеп 
стандарты;  банктік қызметке берілген  лицензияларды  жоққа шығару немесе 
банктік  операцияларды  шектеу;  аудиторлық  тексерулердің  міндеттілігі;  
банкті  уақытша  басқару  əкімшілігін  тағайындау;  банкті  төлем  қабілетінсіз 

 
 
214
деп  жариалау.  Қазақстанда  банктік  қадағалауды  ҚР  Қаржылық  қадағалау 
агенттігі жүзеге асырады.  
Банк  құжаттары  (банковские  документы) – бухгалтерлік  есеп  жəне 
бақылауды жүргізу үшін банктер пайдаланатын ақшалай жəне есеп айырысу 
құжаттарының жиынтығы. 
Банктік дағдарыс (банковский кризизис) – экономикалық тұрақсыздық 
нəтижесінде банк жүйесінің күйреуі. 
Банк  құқығы  (банковское  право) – банк  қызметі  саласындағы 
қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы. 
Банкноталарды  қолдан  жасау  (подделка  банкноты) - заңсыз  пайда 
табу  мақсатында  банкноталардың  түп  нұсқасының  бастапқы  түрін  өзгерту. 
Қолдан  жасауға:  үстіне  жапсыру,  сызу,  сөзді  немесе  санды  жазу  т.с.с. 
жатады. 
Банктің  ірі  қатысушысы    (крупный  участник  банка) – бұл  банктің 
басты  акцияларының  он  немесе  елу  пайыздан  астамын  тікелей  не  жанама 
түрде  иеленген,  банктің қабылдаған шешімдеріне  ықпал  ету мүмкіндігі  бар, 
ҚР резиденті не бейрезиденті саналатын жеке немесе заңды тұлға. 
Банктің  меншікті  қаражаттары    (собственные  средства  банков) – 
банктің    экономикалық  дербестігін  жəне  қызмет  ету  тұрақтылығын 
қамтамасыз ететін əр түрлі қорлар (капиталдар) мен бөлінбеген пайдасы. 
Банк  ресурстары  (банковские  ресурсы) – бұл  пассивтік  операциялары 
негізінде  қалыптасқан  жəне  барлық  активтік  операциялар  бойынша  банк 
өтімділігін  қамтамасыз  ету  жəне  пайда  табу  мақсатында  орналастыруға 
бағытталатын банктің меншікті жəне тартылған қаражаттарының жиынтығы.  
Банктің  меншікті  капиталы  (собственный  капитал  банка)–  банктің 
қаржылық  тұрақтылығын,  коммерциялық  жəне  шаруашылы  қызметін 
қамтамасыз  ету  үшін  құрылған  банктің  əр  түрлі  қорлары  мен  сол  сияқты 
ағымдағы  қызметінің  нəтижесіне  байланысты  жəне  өткен  жылдардағы 
бөлінбеген пайдасы. 
Банктік инвестиция (банковские инвестиции) – пайда табу мақсатында 
банктың  ресурстарын  орналастыруға  бағытталған  активтік  операциялардың 
жиынтығы. 
Банктің  инвестициялық  саясаты  (инвестиционная  политика  банка) – 
банк  қызметінің  тұрақты  жұмыс  жасауын,  нəтижелілігін  немесе 
пайдалылығын,  сондай-ақ  өтімділігін  қамтамасыз  ету  мақсатында 
инвестициялар  портфельін  басқару  стратегияларын  жасауға  жəне  іске 
асыруға бағытталатын шаралар жиынтығы. 
 Банктің  филиалы  (филиал  банка)  –  филиал  туралы  ережеде  немесе 
лицензияда көрсетілетін банктік операцияларды жүзеге асыруға құқылы жəне 
өзінің  дербес  бухгалтерлік  балансы  бар,  занды  тулга  болып  табылмайтын 
банктік мекеме. 
Банктің  өкілдігі  (представительство  банка)  –  банктік  операцияларды 
жүзеге асырмайтын, яғни банктің тапсырмасымен жəне онын атынан əрекет 

 
 
215
ететін  банктің  орналасқан  жерінен  тыс  орналасқан,  занды  тұлға  болып 
табылмайтын банктің құрылымдық бөлімшесі. 
Банктің  инвестициялық  қоржыны  (инвестиционный  портфель 
банка)–  банктердің  пайда  əкелетін  бағалы  қағаздарға  салынған 
қаражаттарының жиынтығын білдіреді. 
 Банктің  субординарлық  қарызы  (субординированный  долг  банка)– 
бастапқы  қайтару  мерзімі  бес  жылдан  жоғары  болып  келетін,  депозиттік 
міндеттеме болып табылмайтын, меншікті капиталға жататын карызы. 
Банктің  брокерлік  қызметі  (брокерская  деятельность  банка)– 
клиенттің  тапсырмасы  бойынша  жəне  оның  есебінен  бағалы  қағаздармен 
операциялар жүргізу. 
Банктің  дилерлік  қызметі  (дилерская  деятельность  банка)–  банктің 
өзінің  атынан  жəне  өзінің  есебінен  бағалы  қағаздармен  сауда-саттық 
операцияларын жүзеге асыру. 
Банктің  бөлінбеген  пайда  (нераспределенная  прибыль  банка) – 
акциялар  бойынша  дивиденті  төлегеннен  жəне  резервтік  қорға  аударғаннан 
кейін банктің иелігінде қалатын пайданың бөлігі. 
Банкнота – Орталық  банктің  кепілдігімен  айналысқа  шығарылатын 
ақша белігілері. 
Банктік  тарифтер  (банковские  тарифы) – инкассация  жəне  вексельді 
өтегені,  есеп  айрырысуларды  жүзеге  асырғаны,  чектерді  шығарғаны, 
несиелерді бергені жəне т.б. үшін  банктердің көрсететін қызметіне қосатын 
үстемелері. 
Банктік  аударым  (банковские  переводы) – 1) халықаралық  есеп 
айырысу нысаны; 2) банк клиентінің екінші бір тұлғаның есебіне белгілі бір  
қаражат сомасын аудару туралы тапсырмасы. 
Банкомат – банктік карточка көмегімен жəне ондағы сақталған қаражат 
көлемінде,  оның  иесіне  қолма-қол  ақшаны  алуға  мүмкіндік  беретін 
автоматандырылған құрылым. 
«Банк-клиент»  жүйесі  (система  «Банк-клиент») – заңды  немесе  жеке 
тұлғаларға  байланыс  желісі  арқылы  қызмет  көрсетуші  банкке  электрондық 
нысанда  есеп  айырысу  құжаттары  мен  өзге  ақпараттарды  беруге  мүмкіндік 
беретін бағдарламалы техникалық кешен. 
Банктік менеджмент  (банковский менеджмент) – алға қойған мақсатқа 
жету  немесе  пайда  табу  мақсатында  банк  қызметін  ұйымдастыруға 
бағытталған басқарушылық іс-əрекеттердің жүйесі. 
Банкаралық  несие  нарығы  (межбанковский  кредитный  рынок)  – 
банктерге  жəне  банктік  емес  ұйымдарға  қысқа  мерзімді  банкаралық 
депозиттер мен несиелер нысаныда уақытша бос ақша қаражаттарды тартуға 
жəне орналастыруға арналған несие нарығының бір бөлігі. 
Бэк-кеңсесі    (бэк-офис)   - Фронт-офис  қызметтін  қолдай  отырып, 
клиенттерге құжаттық қызмет көрсетеін банк бөлімшесі. 

 
 
216
Бенефициар – тапсырмада  көрсетілген  қолма-қол  жəне  қолма  қолсыз 
ақшалай аударымдарды алушы тұлға.  
Бенефициар  банк    (банк  бенфициара)  –  келісім-шартқа  сəйкес 
қаражатты  жөнелтушіден (төлеушіден) бенефициардың (жабдықтаушының) 
атына келіп түскен қаражатты қабылдаушы немесе қаражатты жөнелтушінің 
тапсырмасымен көрсетілген өзгеде іс-əрекетті жүзеге асыратын банк.  
Биметаллизм  –  жалпыға  балама  рөлi  екi  бағалы  металға  (алтын  мен 
күмiске) негiзделген ақша жүйесi. Тарихтан биметаллизмнiң үш түрi белгілі: 
қос  валюталы  жүйе,  яғни  мұнда  алтын  мен  күмiстiң  арасындағы  шектi 
қатынас, металлдардың нарықтық құндарына байланысты белгiленген; қатар 
жүретiн  валюталар  жүйесi,  яғни  мұнда  бұл  қатынас  мемлекет  тарапынан 
белгiленген; ақсақ валюта жүйесi, яғни мұнда алтын жəне күмiс монеталары 
заңды  төлем  құралы  қызметiн  атқарады,  бiрақ  бiрдей  негiзде  емес,  себебi 
күмiс  монеталарын  жасау  жабық  түрде  жүзеге  асырылып,  алтын 
монеталарын жасауға ерiк берiлдi. 
 
В 
  Валюта – бұл  біріншіден,  сол  елдің  ақша  бірлігі;  екіншіден,  шетел 
мемлекеттерінің ақша белгілері; үшіншіден, халықаралық есептесу бірліктері 
жəне төлем құралы СДР, еуро.  
ҚР-ның  заңына  сəйкес,  валюта – мемлекттердің  заңды  төлем  құралы 
ретінде қабылданған ақша бірліктері немесе банкноттар, қазыналық билеттер 
мен  тиындар,  соның  ішінде  қымбат  металлдардан  жасалған  тиындар 
(айналымнан  алынған  немесе  алынатын,  бірақ  айналымда  жүрген  ақша 
белгісімен айырбастауға жататынын қоса алғанда) түріндегі қолма-қол жəне 
аударым  нысандарындағы  құнның  ресми  стандарттары,  сондай-ақ 
шоттардағы,  соның  ішінде  халықаралық  ақша  немесе  есеп  айырысу 
бірліктеріндегі қаражаттары. 
Валюталық  бағам  (валютный  курс) – бір  елдің  ақша  бірлігінің  екінші 
бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнелейтін бағасы. 
Валюталық  саясат  (валютная  политика) - валютаға,  валюта  бағасына, 
валюталық  операцияларға  əсер  ету  арқылы  елдің  ішінде  жəне  тысқары 
жерлерде  жүргізілетін  мемлеттің  экономикалық  саясаты  мен  сыртқы 
экономикалық  саясатының  құрамдас  бөлігі.  Валюталық  саясаттың  негізгі 
құралдарына  валюталық  интервенциялау,  валюталық  шектеу,  валюталық 
резервтер,  валюталық  тепе-теңдік  (паритет)  жатады.  Елдің  валюталық 
саясатын,  Үкімет,  Орталық  банкі,  орталық  қаржы  органдары  жүргізеді. 
Əлемдік  деңгейде  валюталық  саясатты  Халықаралық  валюта-қаржы 
ұйымдары  (Халықаралық  валюта  қоры,  Халықаралық  банктер)  жүзеге 
асырады.  Ал,  Қазақстанда  валюталық  саясатты  ҚР  Ұлттық  банкі  жүзеге 
асырады. 
Валюталық  реттеу  (валютные  регулирование) - валюта  айналысын 
басқаруға,  валюталық  операцияларға  бақылау  жасауға,  ұлттық  валютаның 

 
 
217
бағасына ықпал етуге, шетел валютасын пайдалануды шектеуге байланысты 
мемлекет органдарының қызметі.  
  ҚР-да валютаны реттеуді жүргізуге валюталық реттеу жəне валюталық 
бақылау туралы ҚР-заңын жетекшілікке алады. 
  Валюталық операциялар (валютные операций) - шетел валютасының 
сауда  саттық  жасау,  шетел  валютасын  төлемі  құралы  ретінде  пайдалану, 
ұлттық  валютаны  сыртқы  экономалық  қызметі  жүзеге  асыру  барысында 
пайдалану  шетелден  валютаны  əкелу  жəне  шетелге  шығару  валюталық 
құндылықтарды аударып жіберумен байланысты операциялар.  
ҚР-ның  валюталық  заңдылықтарына  сəйкес  валюталық  операцияларды 
екі  топқа  бөледі:  ағымдағы  операциялар  жəне  капитал  қозғалысымен 
байланысты операциялар. 
  Валюталық  құндылықтар  (валютные  ценности) - халықаралық 
валюта-  қаржы  байланыстары  арасында  қолданылатын  материалдық 
объектілер. Оларға мыналар жатады: шетел валютасы: шетел валютасындағы 
төлем  құжаттары  (вексельдер,  чектер,  аккредитивтер)  қор  құндылықтары 
(акциялар, облигациялар), табиғи асыл бағалы тастар (алмаз, рубин, изумруд, 
сапфир,  александрид,  жемчук),  сондай-ақ  қымбат  бағалы  металлдар  (алтын, 
платина  жəне  платина  тобындағы  металлдар - палладий,  иридий,  осмий, 
родий, рутений). 
  Валюта  нарығы  (валютный  нарығы) - сұраныс  пен  ұсынысқа 
байланысты нарықтық бағалар бойынша шетел валютасы, чектер, вексельдер, 
аккредитивтермен сауда-саттық жасалатын орын. Валюта нарығы биржалық 
(Қазақстан  қор  биржасы)  жəне  биржадан  тыс  (банкаралық)  болып  бөлінеді. 
Ең ірі дүниежүзілік ваюта нарықтары АҚШ-та, Ұлыбританияда, Германияда, 
Франсияда, Швейцаряда, Японияда, Сингапурде орналасқан. 
Валюталау  күні  (дата  валютирования) – ақшаны  жөнелтушінің 
көрсетуімен  төлем  құжатында  жазылатын  бенефициардың  ақшалай 
аударымды алатын күні. 
Валюталық  тепе-теңдік  (валютный  паритет) - бір  валютаны  екінші 
біріне айырбастау үшін қатаң, ресми түрде белгіленген қатынас.  
  Валюталық  резервтерді  диверсификациялау  (диверсификация 
валютных резервов) – бұл халықаралық есеп айырысуларды қамтамасыз ету, 
валюталық  интервенция  жүргізу  жəне  валюталық  шығындарды  сақтау 
мақсатында  əр  түрлі  валюталарды  қосу  жолымен  валюталық  резервтердің 
құрылымын реттеуге бағытталған мемлекеттің жəне банктердің саясаты. 
 Валюталық  шектеу  (валютные  ограничения) – резиденттер  мен 
бейрезиденттердің,  валюталар          жəне  басқа  валюталық  құндылықтармен 
жасалатын операцияларын заңды түрде немесе əкімшілік түрде тыйым салу. 
 Валюталық биржа (валютная биржа) – шетел валютасымен валюталық 
операцияларды  жүзеге    асыратын,  сұраныс  пен  ұсыныс  негізінде  ұлттық 
валютаға  қатысты  шетел  валюталарының  ағымдағы  бағамын  белгілейтін 
ұғым. 

 
 
218
Валюта тəуекелі (валютный риск) - контрактіге қол қою кезеңі мен ол 
бойынша  төлемді  жасау  аралығындағы  кезең  ішінде  төлейтін  валютаға 
қатысты валюта бағамындағы өзгерістің нəтижесінде туындайтын валюталық 
зиян  шегу  қауіпі.  Экспортшы  немесе  несие  беруші  төлейтін  валютаға 
қатысты  валюта  бағамының  төмендеуіне  байланысты  зиян  шегетін  болса 
импортшы  немесе  займ  бойынша  борышқор  төлейтін  валюта  бағамының 
көтерілуіне байланысты зиян шегеді.  
Валюталық бақылау (валютный контроль) - валюталық операцияларды 
жүзеге  асыру  барысында  валюта  заңдарының  орындалуын  қамтамасыз  ету. 
Валюталық бақылаудың басты міндеті: жұмыс істейтін заңдылықтарға сəкес 
валюталық операциялардың жүргізілуін жəне оларға деген лицензиялар мен 
рұқсат  қағаздарының  болуын  анықтау.  Мемлекет  алдындағы  шетел 
валютасындағы міндеттемелерді, сондай-ақ ішкі нарықта шетел валюталарын 
сатуға  байланысты  міндеттемелерді  резиденттердің  орындауын  тексеру, 
шетел  валютасындағы  төлемдердің  негізделуін  тексеру;  валюталық 
операцияларға  байланысты  есеп  пен  есеп  берудің  толықтығын  жəне 
объективтілігін тексеру. 
Валюталық  декларация  (валютная  декларация) - тасымалданатын 
валюта  туралы  мəліметтерден  тұратын,  кеден  орнына  ұсынылатын,  өтініш 
түріндегі құжат. 
Валюталық декларация (валютная декларация) – сыртқа шағарылатын 
валюта  туралы  мəліметтерді  қамтитын  кеден  ұйымына  көрсетуге  арналған 
құжат.  
Валюталық  қоржын  (валютная  корзина) -  ұлттық  жəне  аймақтық 
валюталардың  бағамдарын  анықтауға  арналған  шетел  валюталарын 
котировкалауда пайдаланылатын валюталар жиынтығы. 
Валюталық котировакалау (валютная котировка) – заңды нормаларға 
жəне  қалыптасқан  тəжірибеге  сəкес  шетел  валюталарының  бағамдарын 
белгілеу.  Валюталық  котировкалау  тікелей  жəне  жанама  болып  бөлінеді. 
Тікелей  котировкалау  бойынша,  шетел  валютасының  бағамы  ұлттық 
валютамен  бейнеленеді.  Ал,  жанама  котировкалауда    ұлттық  валютаның 
бағамы  шетел  валютасына  қатысты  бейнеленеді  (мысалы 1 АҚШ  доллары 
=134,5 теңге). 
Валюталық  резервтер  (валютные  резервы) – халықаралық  есеп 
айырысуларға  арналған,  Орталық  банктегі  жəне  қаржы  ұйымдарындағы 
немесе  халықаралық  қаржы-несие  ұйымдарындағы  шетел  валютансындағы 
қаражаттар.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет