Оқулық. Алматы: 2006 бет Аталмыш оқулық ақша, несие, банк жəне валюта категорияларының



Pdf көрінісі
бет23/24
Дата18.11.2019
өлшемі3,84 Mb.
#52028
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Акша, несие, банк Макыш С.Б. каз
ekonomikaly -teoriya- kaz, 2017 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша, экспресс-информации на казахском языке м

Клирингтік  палата  (клиринговая  палата) – аймақтық  банктердің 
өкілдерінің  клиринг  операциясының  бойынша  нəтижелік  баланс  құра 
отырып, чектерді өзара есепке алу мақсатында алдын-ала келісілген уақытта 
күн сайын кездесетін орыны. 
 
 

 
 
227
 
Қ 
 
Қаржылық  вексель    (финансовый  вексель) – қаражатты  тарту 
мақсатында немесе қаржылық қызмет көрсету туралы мəміле жасау негізінде 
шығарылатын вексель. 
Қазыналық  вексель  (казначейский  вексель) – бюджет  тапшылығын 
жабу  мақсатында  мемлекет  тарапынан  шығарылатын,  оның  мiндеттемесi. 
Қазыналық вексель бойынша мемлекет борышқор болып саналады. 
Қайтарылмалы  аккредитив  (отзывной  аккредитив)  –  қаражатты 
алушыға алдын ала ескертусіз жəне қаражатты алушы алдында эмитент-банк 
ешқандай да міндеттеме алмай-ақ эмитент-банк тарапынан өзгертілуі немесе 
қайтарылып алынуы мүмкін аккредитив түрі. 
Қайтарылмайтын аккредитив  (безотзывной аккредитив) – қаражатты 
алушының  келісімінсіз  эмитент-банк  тарапынан  қайтарып  алынуы  мүмкін 
емес аккредитив түрі. 
Қазақстан  ипотекалық  компаниясы  (Казахстанская  ипотечная 
компания) - 2001 жылы  ақпанда  ҚР  Ұлттық  банкiнiң  ықпалымен  құрылған 
елiмiздегi ипотекалық несиелеу жүйесiн дамыту жəне тұрғын үй құрылысын 
ұзақ  мерзiмдi қаржыландыру  тұжырымдамасын  iс  жүзiне асыру мақсатында 
құрылған ұйым.  
Қазынашылық  билет      (казначейский  билет) - мемлекеттің 
шығыстарын  қаржымен    қамтамасыз    ету  үшін  қазынашылықтың  шығарған 
қағаз  ақшалары.  Қазыналық    билеттерді  айналыста  жүрген  мемлекеттің 
қысқа  мерзімді  міндеттемелеріне  жатқызады.  Қазынашылық  билеттерді 
соңғы  рет 1961 жылы  КСРО  тұсында 1, 3, 5 руб.  номиналдарда  шығарған 
болатын,  оларды 1993 жылғы  ҚР  өзінің  ұлттық  валютасын  айналысқа 
шағаруына байланысты алып тастады. Қазір қазынашылық билеттер бірқатар 
дамыған  елдерде  əлі  де  қолданылуда.  Өзінің  мəні  жығынан  қазынашылық 
билеттер банкноталарға жақын болып келеді. 
Қарыз (займ) – пайдаланғаны үшін сый ақы төлеу шартымен белгілі бір 
мерзімге, қайтарылатын  негізде  бір  тұлғаның  (банктің)  екінші  біріне  берген 
ақшалай қаражаты.  
Қарыз шоты (ссудный счет) -  қарыздың берілуі мен қайтарылуы есепке 
алынатын  шот.  Қарыз  шоты  активтік  шот  болып  табылады,  себебі  онда 
банктің  ресурсының  орналасуы  көрсетеледі.  Қарыз  шотының  дебеті 
бойынша- қарызды беру, кредиті бойынша өтеу жүзеге асады. 
Қарыз  алушы  (заемщик) - алынған    ақшалай  қаражаттардың 
қайтарылуына, берілген несие үшін сый ақының  төленетініне  кепіл  беретін, 
өзіне міндеттеме қабылдаған, қарызды алушы тұлға. 
Қашықтан  (сырттай)  қадағалау  (дистанционный  надзор) – бұл 
банктердің  қадағалау  органдарына  мəліметтер  беру  түрінде  жүргізілетін 
пруденциялық қадағалау əдісі. 

 
 
228
Қағаз  ақшалар  (бумажные  деньги) – айналыстағы  толық  қнды 
ақшалардың  орнын  ауыстыратын,  алтынға  айырбасталмайтын,  мемлекеттің 
шығыстарын қаржыландыру мақсатында шығарылған құнның белгілері. 
Қарызды  қайта  құрылмдау  (реструктирование  долга) – қарыз  туралы 
келісімшарттың  қызмет  ету  мерзімі  ішінде,  оның  мазмұнына  (сыйақы 
мөлшерлемесін, қайтару көзін, қамтамасыз ету мүлкін, негізгі қарызды жəне 
сыйақыны қайтару кестесін жəне т.б.) өзгертулер енгізу. 
Қаржы-өнеркəсіптік  топ  (финансово-промышленная  группа)  – 
тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бəсекелестігін жəне өткізу нарығын 
кеңейтуге,  өндіріс  тиімділігін  арттыруға,  жаңа  жұмыс  орындарын  ашуға 
бағытталған  инвестициялық  жобалар  мен  бағдарламаларды  іске  асыру  үшін 
технологиялық  немесе  экономикалық  интеграциялану  мақсатында  қаржы-
өнеркəсіптік топты құру келісімшарты негізінде өздерінің материалдық жəне 
материалдық  емес  активтерін  толық  немесе  жартылай  қоса  отырып,  негізгі 
жəне еншілес қоғам ретінде қызмет ететін заңды тұлғалардың жиынтығы. 
Қысқа  ақшалар  (короткие  деньги) – банктік  өтімділігін  қолдау 
мақсатында өтімділігі жоғары активтерге орналасытурға бағытталатын жəне 
қысқа мерзімді несиелік ресурс ретінде пайдаланылатын банктік ресурс. 
Қысқа валюталық позиция (короткая валютная позиция) – белгілі бір 
шетел  валютасында  бейнеленетін  міндеттемелер  (пассивтер)  мен  баланстан 
тыс міндеттемелердің сол шетел валютасындағы активтер мен баланстан тыс 
талаптардың  артық  болуына  байланысты  анықталатын  ашық  валюталық 
позицияның түрі.  
Қолма-қолсыз  ақшалар    (безналичные  деньги)-  чектер,  пластикалық 
карточкалар 
электрондық 
аударымдар 
көмегiмен 
пайдаланылатын 
клиенттердiң шоттардағы сақтаған ақшалары (депозиттер).  
Қосымша капиталдар (дополнителный капитал) – негізгі құралдардың 
тозуына байланысты аударылған аударымдар есебінен жəне белгілі мақсатқа 
бағытталатын пайданы бөлу нəтижесінде құрылатын қаражаттар. 
Қосымша  жарна  қосатын  салымдар  (вклады  допольнителными 
взносами) – бұл  шоттағы  қаражатқа  алдын  ала  келісілген  уəде  бойынша 
үздіксіз  ақшалай  соманы  қосып  отыруға  болатын  салымды  білдіреді.  Бұл 
шотта  жинақталынған  соманы  белгілі  бір  күнде  (жаңа  жылдық  салым,  бой 
жеткен кезде жəне т.с.с.) толық төленеді. 
Қор  биржасы  (фондовая  биржа) - ұйымдық  түрде  тəсімделген,  үнемі 
қызмет ететін қаржы рыногының, соның ішінде құнды қағаздар рыногының 
құрамдас бөлігі. Қор биржасында листингке кірген құнды қағаздар: акциялар, 
облигациялар,  туынды  құнды  қағаздар  (опцион,  фьючерс  контрактілері) 
айналыста  жүреді.  Қор  биржасында  аталған  құнды  қағаздардың  бағамы 
анықталады.  Əлемдегі    қор  ең  ірі  қор  биржаларына  Нью-Йорк,  Франкфурт 
на-Майне, Токио, Париж, Базель, Лондондағы қор биржалар жатады. 

 
 
229
ҚР-да  Қазақстан  қор  биржасы  қызмет  етеді.  Қор  биржасындағы 
саудадағы  құнды  қағаздар  рыногының  кəсіби  қатысушыларына  ҚР  Ұлттық 
банкінен алған арнайы лицензиясы бар биржа мүшелері жатады. 
Қоржынды  инвестициялар  (портфельные  инвестиции) - 1) құнды 
қағаздар  қоржыны  түрінде  қалыптасқан  қаржылық  инвестициялар; 2) 
кəсіпорындарға  бақылау  жасауға  олардың  иелеріне  мүмкіндік  бермейтін 
шағын мөлшердегі инвестициялар. 
Қолма  қолсыз  есеп  айрысу      (безналичный  расчет) – банктегі  шотқа 
есептеу жəне төлеушінің шотынан алушының шотына аудару арқылы, қолма-
қол ақшаның қатысуынсыз жүргізілетін ақшалай қаражаттардың қозғалысын 
сипаттайтын  ақша  айналысының  нысаны.  Барлық  қолма-қолсыз  есеп 
айырысулар  банктер  арқылы  чектердің,  вексельдер,  несиелік  карточкалар, 
өзара  есепке  алу  арқылы  жүзеге  асырылады,  сондықтан  да  қолма-қолсыз 
ақша  айналымындағы  ақшаларды  бақылаудан  жəне  салық  салудан  жасыру 
қиын. 
Қолма-қолсыз  ақшамен  есеп  айырысу  қағидалары    (принципы 
безналичных  расчетов)–  бұл  қолма-қолсыз  ақшамен  есеп  айырысулар 
жүйесiнiң  конструктивтiк  қасиетiн,  немесе  қолма-қолсыз  ақшамен  есеп 
айырысуда ақшалардың төлем құралы ретiнде қызмет етуi.  
Қолма-қолсыз  ақшамен  есеп  айырысулар  жүйесi  (система 
безналичных расчетов) – бұл қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысуларды 
ұйымдастыру  қағидаларын,  оларды  ұйымдастыруға  қойылатын  талаптарды, 
сол  сияқты  құжат  айналымына  байланысты  есеп  айырысу  əдiстерi  мен 
формаларының жиынтығы. 
Құжатты  инкассо  (документарное  инкассо) - коммерциялық 
құжаттармен  (мысалға;  шот,  көлік  жəне  сақтандыру  құжаттары)  бірге 
жүретін  қаржылық  құжаттар  инкассосы,  сондай-ақ  тек  қана  коммерциялық 
құжаттар инкассосы. 
 
 
Л. 
 
  Ломбардтық несие (ломбардный кредит) - 1) мүлікті немесе мүліктік 
құқықтарды  (тауарларды,  тауарға  иелік  ету  құжаттарын,  асыл  бағалы 
металлдарды,  құнды  қағаздарды  жəне  т.б.)  кепілге  ала  отырып  белгілі 
мерзімге  қарыз  алушыға  несие  берушінің  қатаң  тіркелген  сомада  беретін 
несиесі. Таза ломбардтық несие - бір жылға дейінгі өтеу мерзімінде (көбінде 
3  ай  мерзімге)  берілетін  қысқа  мерзімді  несие.  Клиенттер  өздерінің  құнды 
қағаздарын  қор  биржасында  сатқысы  келмеген  жағдайда  жəне  уақытша 
несиелік  ресурстарға  қажеттілік  туындаған  жағдайда,  банкке  құнды 
қағаздарын  кепілге  қойып,  осындай  несиені  алуға  болады. 2) Орталық 
банктің  несиелік  мекемелерге,  олардың  қысқа  мерзімді  өтімділігін  қолдап 
отыру мақсатында беретін несиесі.  

 
 
230
ҚР  Ұлттық  банкі 1995 ж.  бастап  екінші  деңгейдегі  банктерге  мұндай 
несиені  берген  болатын.  Оның  мерзімі 30 күннен  аспайды.  Бұл  жерде 
ломбардтың  несие  алу  барысында  кепіл  ретінде  қабылданатын  мемлекеттік 
бағалы қағаздар тізімін ҚР Ұлттық банкі өзі бекітті. 
  Ломбард  мөлшерлемесі  (ломбардная  ставка) - коммерциялық 
банктерге  құнды  қағаздарды  кепілге  ала  отырып,  беретін  Орталық  банк 
несиесі бойынша белгіленген пайыз мөлшерлемесі. 
  ЛОРО-КОНТО (лоро шоты- счет лоро) - 1) (сіздің біздегі шотыңыз) -
коммерциялық  банктің  тапсырмасы  бойынша  барлық  жасалған  операциялар 
көрсетілетін, корреспондент банкінің ашқан корроспонденттік шоты. 
  ЛИБИД  (ағыл. London Interbank Bid) - жетекші  Лондон  банктерінің 
тартатын қысқа мерзімді депозиттері бойынша мөлшерлеме. 
  ЛИБОР  (ағыл. LIBOR, London Interbank offered Rate) - өзге  бірінші 
класстық  банктерде  депозит  түрінде  Лондон  банктерінің  орналастырған 
(əдетте 3-6 ай  мерзімге)  қысқа  мерзімдік  несиелер  бойынша  мөлшерлемесі; 
банктердің  несие  үшін  пайыз  мөлшерлемесін  белгілеуде  қызмет  етеін 
базалық  мөлшерлеме.  Шетел  валютасында  алған  қарыздары  бойынша  
банктер  пайыздарын  есепке  алған  кезде  ЛИБОР  мөлшерлемесінен 3 пункте 
жоғары шамада белгілейді. 
  Ломбард - сақтауға  берілген  жылжитын  мүліктерді,  заттарды  кепілге 
ала  отырып,  қарыз  беретін  несиелік  мекеме.  Заттардың  құнын  бағалау 
тараптардың  келісімі  бойынша  жүзеге  асырылады.  Заттың  иесіне  атаулы 
ломбардтық билет (қолхат) беріледі. Қарызды қайтармаған не иесі мүліктерін 
сатып алмаған жағдайда, олар ломбардтың меншігіне өтеді де, оларды сатып 
жіберу мүмкін болады. Кей жағдайда ломбардқа несие алу мақсатында емес 
тұрақты  сақтау  орны  ретінде  заттарды  өткізеді.  Мүліктерді  кепілге  алып,  
несие  беру  мекемелерін  алғаш  рет  ХҮ  ғ.  Франциядағы  Ломбардиндан 
шыққан өсімқорлар құрған, сондықтан бұл мекемелерді ломбард деп атаған. 
 
Н 
 
Несие  (кредит  лат. credit – сенім) - қайтару  шартымен,  белгілі  бір 
мерзімге қарызды пайдаланғаны үшін қарыз алушыға берген ақшалай немесе 
тауар нысанындағы қарыз. 
Несиелік одақтар  (кредитные союзы)– бұл белгілі бір жеке тұлғалардан 
немесе 
ұсақ 
несиелік 
мекемелерден 
ұйымдастырылатын 
несиелік 
кооперативтер. 
Несиелік  серіктестік  (кредитные  товарищество) – бұл  оның 
қатысушыларының  бос  ақшалай  қаражаттарын  жұмылдыру  жолымен 
қаржылық  көмек  көрсету  барысындағы  қажеттіліктерін  қанағаттандыру 
мақсатында заңды жəне жеке тұлғалардың ерікті түрде бірігуінің нəтижесінде 
құрылған,банк  болып  табылмайтын  жəне  ҚР  Ұлттық  банкінің  лицензиясы 
негізінде жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын заңды тұлға. 

 
 
231
Несие  процессі  (кредитный  процесс) - несиелік  операцияны 
ұйымдастыру  ерекшелігін  анықтайтын,  банктен  қабылдаған  белгілі  бір 
ретпен  орналасқан  несиелік  қатынастарды  іске  асыру  нысаны,  яғни  əдістері 
мен тəсілдері. 
Несиелік  желі (кредитная  линия) – келісілген лимит   шегіндегі  белгілі 
бір  уақыт  ішіндегі  қарыз  алушығы  несие  беріп  отыруға  несиелік  мекеменің 
оған берген заңды түрде рəсімделген міндеттемесі. 
Несиелік  саясат  (кредитная  политика) - ішкі  жəне  сыртқы  несиелерді 
беру  шарты  мен  əдістерін,  несилеу  ауқымын;  несие  үшін  ақы  алуды; 
жеңілдікпен несиелер беруді; несиелердің толық бағдарламаларын қамтитын, 
мемлекеттің, үкіметтің жəне банктердің жүргізетін саясаты. 
Несиелік  жүйе  (кредитная  система)-  несиелік  қанынастардың,  несие 
беру  нысандары  мен  əдістерінің,  сондай-ақ  осы  несиелік  қатынастарды 
ұйымдастыратын  жəне  несиелік  мекемелердің  жиынтығы.  ҚР-ғы  несиелік 
жүйенің  құрылымына:  ҚР  Ұлттық  банкі,  екінші  деңгейдегі  банктер  жəне 
арнайы қаржы- несие ұйымдары жатады. 
Несиелік  ақшалар  (кредитные  деньги) – несиелік    қатынастардың 
дамуымен  пайда  болған,  қазіргі  есеп  айырысу  жəне  төлем  механизмдерінің 
негізін құрайтын ақша түрлері. Несиелік ақшаларға алтынға айырбасталмайтын 
ақшалар:  Орталық  банк  билеті  (банкнота),  вексель,  чек  жəне  несиелік 
карточкалар жатады.  
Несиелік  рейтинг  (кредитный  рейтинг) – несиені  қайтару 
ықтималдығы,  міндеттемені  орындау  тұрғысынан  қарыз  алушының  несиені 
өтеу 
қабілеттілгін 
бағалау; 
мұндай 
рейтингті 
банктер 
немесе 
мамандандырылған консалтинг агенттіктері анықтайды. 
Несиелік  тəуекел  (кредитный  риск) – қарыз  алушының  банктен  алған 
қарызын жəне оған төлейтін пайызды қайтара алмау қаупі. 
Несие  беруші  (кредитор) - борышқордан  берген  қарызын    қайтаруда 
немесе дасқа да міндететмелерді талап ету құқы бар (заңды немес жеке тұлға) 
субьект. 
Несиелік  қабілет  (кредитосопсобность) - қарыз  алушының    банк 
алдындағы  өзінің  қарызы  бойынша  міндеттемесін  (негізгі  қарызы  мен 
пайызы) бойынша толық жəне уақытында қайтару мүмкіндігі.  
Əлемдік жəне отандық банктін тəжірибе қарыз алушының несиені өтеу 
қабілетін бағалауда мынадай критерилерді бетке ұстайды: 1) клиеттің сипаты 
(заңды  тұлға  ретіндегі  оның  беделі,  менеджерлерін  бағалау,  серіктестерінің 
сипаты  банк  стандарттарына  сай  келуі;  клиенттің  экономикалық  жəне 
несиелік  тарихы) ; 2) қаражатты  алу  қабілеті  (құжаттарға  қол  қою  жəне 
келіссөз  жүргізу  құқы,  жеке  тұлғаның  іс-əрекет  қабілеттілігі); 3) ағымдағы 
қызметінің  жүруі  барысында  қарызды  өтеу  үшін  қаражат  таба  алу  қабілеті 
(баланс  өтімділігі  мен  ақша  ағымының  күштілігімен,  қызметінің 
тиімділігімен  сипатталады); 4) клиенттің  капиталы  (капиталының 
жеткіліктілігі,  қаржы  тұрықтылығы  коэффиценттерінің  денгейін  сақтау, 

 
 
232
несиеленетін операцияларға меншікті капиталын салу дəрежесі); 5) несиенің 
қамтамасыз  етілуі  (активтер  мөлшері,  кепіл,  кепіл-хат  сапасы  жəне  т.б.); 6) 
несиелік  мəміле  жасалатын  шарт; 7) қарыз  алушының  қызметінің  заңды 
негізіне бақылау жасау жəне оның банктік стандартпен сай келуі. 
 Несиені  өтеу  қабілетінің  критерийлері  оны  бағалау  тəсілдерінің 
мазмұнын  анықтайды:  іскерлік  тəуекелін  бағалау,  менеджментін  бағалау, 
қаржы  коэффиценттері,  ақша  ағымын  талдау  негізінде  клиенттің  қаржылық 
тұрақтылығын  бағалау,  клиент  туралы  ақпарат  жинау,  клиенттің  жұмыс 
орнына бару арқылы бақылау. 
Несиенiң  нысаны  (формы  кредита) – бұл  несиелiк  қатынастар 
құрылымының,  олардың  негiзгi  қызметтерiнiң  яғни,  əр  алуан  сыртқы  жəне 
iшкi өзгерiстер барысында толық сақталатын көрiнiсi.   
Несиелік  шектеу  (кредитная  рестрикция) - өнеркəсіп  жəне  сауда 
кəсіпорындарына  несиелерді  жалпы  қысқарту,  өндірісті  қысу    немесе  оның 
өсу  қарқынын  тежеуге  жол  беретін  инфляциялық  процестер  мен  банктердің 
құрдырауын  болдырмау,  алтын  қорларының  шетелге  кетуіне  тиым  салу 
мақсатында  коммерциялық  банктерге  Орталық  банктің  беретін  несиелер 
көлемін шектеуі. 
Несиелік    өктемдік  (кредитная  экспансия) -  несиелік  ақшаларды 
эмиссиялау жəне төлем қабілеті бар сұранысты арттыру негізінде қолма-қол 
ақшасыз төлем айналымы нысанында несиелік операциялар ауқымын сапалы  
түрде  ұлғайту.  Шамадан  тыс  жасалатын  несиелік  өктемдік  инфляцияны 
туғызады, оны несиелік инфляция деп атайды. 
Несиелік  келісім-шарт  (кредитный  договор) – несие  беруші  банк 
немесе басқа несиелік ұйым мен қарыз алушының арасында жасалатын,онда 
несие  беруші  мен  қарыз  алушының  міндеттері    мен  құқықтары  толық 
көрсетілетін заңды құжат. 
Несие лимиті  (кредитный лимит) – 1) несие  берушінің қарыз алушыға 
беретін  несиесі  бойынша  несиелік  қатынастың  шекті  деңгейі; 2) қарыз 
алушының  өз  айналымында  несиелік  қаражаттарды  пайдаланудың  ең 
жоғарғы  шегі.  Несиелік  лимит  ішкі  жəне  сыртқы  болып  бөлінеді.  Ішкі 
лимитті  несие  беруші    банктің  өзі    өзінің  қолында  бар  несиелік  ресурс 
көлеміне  жəне  қарыз  алушының  несие  алу  мүмкіндігіне  қарай  белгілейді. 
Сыртқы  лимит, ҚР Ұлттық банктің пруденциалдық нормативтер қатарында, 
бір  қарыз  алушыға  келетін  тəуекелдің  ең  жоғарғы  мөлшері  ретінде 
белгіленеді.  Ол  норматив  бойынша  тəуекелдің  (несие  мөлшерінің)  банк 
капиталына  қатынасы  арқылы  есептеледі  жəне  оның  мəні  екі  жағдайда 
белгіленеді: 1) 0,01 нан аспайтын мөлшерде, яғни ол банкпен тығыз қарым-
қытынастылар  үшін; 2) 0,25-тен  аспайтын  мөлшерде,  яғни  ол  қалған  қарыз 
алушылар үшін (соның ішінде бланктік несиелер үшін – 0,01). 
Несие  қоржыны  (кредитный  портфель) – несиелік  тəуекелдің  немесе 
одан  қорғану  тəсілдерінің  əр  түрлі  факторларына  байланысты  критерийлері  
бойынша  жіктелген  несиелерге  байланысты  банктің  қоятын  талаптарының 

 
 
233
жиынтығы.  Несие  қоржыны  банктің  берген  несиелерінің    негізінде 
қалыптасады.  Несие  қоржынын  жиі  талдап  отыру  қажет,  себебі,  талдау 
арқылы  ғана  несиелік  жұмсалымдарды  əртараптандыруға  болады.  Несие 
қоржынын  талдау  мына  кезеңдерден  тұрады:  қарыздар  сапасын  бағалау 
критерийлерін  таңдау,  мұндай  бағалаудың  əдістерін  анықтау  (номерлік 
немесе  баллды  жүйеде  бағалау,  тəуекел  тобына  қарай  жіктеу,  əрбір  топ 
бойынша  тəуекел  пайызын  анықтау,  жалпы  несие  қоржыны  бойынша  əрбір 
топтың  көлемінде  тəуекелдің  абсолюттік  шамасын  есептеу,  қарыздар 
бойынша  мүмкін  болар  зияндарды  жабуға  арналған  резервтер  көздерінің 
шамаларын  анықтау,  қаржы  коэффиценттері  жүйесінің,  сондай-ақ  оны 
құрылымдық  талдау  негізінде  несие  қоржынының  сапасын  бағалау). 
Қарыздың  сапасын  бағалау  критерийлеріне  əлемдік  тəжірибеде  мыналар 
жатады: несиенің тағайындалуы, несиенің түрі, қарыздың мөлшері, қарызды 
қайтару  кестесі,  іскерлік  тəуекелді  бағалаудың  толықтығы,  несиелік 
операциялармен байланысты қарыз алушының сапасы, оның меншік нысаны, 
қарыз  алушының  несиені  өтеу  қабілеттілігі,  ол  туралы  толық  ақпараттың 
болуы, қарыздың бағасы, қарызды қамтамасыз ету тəсілі.  
  ҚР-да ҚР Ұлттық банктің активтер мен талаптарды жіктеу жəне оларға 
қарсы  провизиялар  (резервтер)  құру  туралы  ережеге  сəйкес,  қоржындағы 
несиелер: стандартты, күмəнді, үмітсіз болып жіктеледі. 
   Несие  тарихы    (кредитная  история) – ұзақ  уақыт  ішіндегі  қарыз 
алушының банктік несиелерді алу жəне қайтаруы туралы нақты мəліметтер; 
қарыз  алушының  алған  несиелерін  қайтару  тұрғысыннан  тұрақтылығын 
сипаттай  отырып,  банк  тарапынан  сол  қарыз  алушыға  несие  беру  туралы 
шешім қабылдау барысында пайдаланылады. 
Несиелік  іс-құжаты  (кредитное  досье) – банктің  нормативтік 
құжаттарына сəйкес бекітілген, несиені беруді рəсімдеуге жəне оған қызмет 
көрсетуге  байланысты  несие  туралы  толық  ақпараттарды  қамтитын 
құжаттардың  жиынтығы.  ҚР-да  екінші  деңгейдегі  банктері  несиелік  іс-
құжаты  қалыптасытыруда  Қазақстан  Ұлттық  банк  басқармасының 
қаулысымен  бекітілген  «Несиелік  құжаттарды  жүргізу  туралы»  ережесін 
тікелей басшылыққа алады. 
Несие  бойынша  сыйақы    (вознаграждение  по  кредиту)  - берілетін 
несие сомасына қатысты пайызбен бейнеленетін несиені пайдаланғаны үшін 
қарыз алушының төлейтін төлемі. 
Несиелік өтініш (кредитная завка) - қарыз алушының банктен несие алу 
мақсатында  толтыратын  банктің  нормативтік  актілеріне  сəйкес  формасы 
бектіліген құжат. 
Несиелік  санкция  (кредитная  санкция) – қарыз  алушының  несиелік 
келісімшартты бұзған жағдайда банк тарапынан қолданылатын шара. 
Несиелік скоринг (кредитный скоринг) – несиелік келісімшартты бұзу 
ықтималдығы  жағдайын  бағалау  жəне  əлуетті  қарыз  алушыларды  таңдау 
процесінде қодданылатын əдіс.  

 
 
234
Несиелік  саясат  (кредитная  политка) – банктің  несиелік  жұмысын 
ұйымдастыру  негізін  жəне  несиелеу  процесіне  қажетті  құжаттар  жүйесін 
жасау шарттары. 
    Несиелеу стандарты (стандарты кредитования) – бұл банкте несиелік 
қызметті  жүзеге  асыратын  барлық  қызметкерлердің  жетекшілікке  алатын 
құжаты. 
    Несиелік    нұсқаулық  (инстркуция  кредитования) – несиелеу 
процедураларын  іске  асырудың  жалпы  алгоритімін  бекітетін  кезектіліктің 
қадамдарын суреттеуді білдіреді. 
    Несиелік механизм (кредитный механизм) – нарықтық қатынастарға 
сай  экономикалық  тиімді  дамуын  қамтамасыз  ететін  несие  түрлерінен, 
несиелеу принциптерінен, несиелеу əдістері  мен тəсілдерінен жəне несиелік 
тəуекелді басқарудан тұратын экономикалық механизмнің құрамдас бөлігі. 
Несиелік  желі  (кредитная  линия) – келісілген  лимит  негізінде  белгілі 
бір  мерзім  ішінде  қарыз  алушыға  несие  беріп  отыратындығы 
заңдастырылған, яғни банктің қарыз алушы алдындағы міндеттемесі. 
   Несиелеу  əдістері  (методы  кредитования) – ссуданың  берілу  жəне 
қайтарылу  ерекшеліктерімен  байланысты  болатын,  банктік  несиенің 
кəсіпорындардың қаражат айналымының шеберіне қатынасу тəсілдері. 
   Несиелеу механизмі (механизм кредитования)– несиенің берілу жəне 
қайтарылу  əдістерін  жəне  несиелеу  процесін,  сондай-ақ  несиенің 
қозғалысына бақылауды қамтитын несиелік механизмнің құрамдас бөлігі. 
Несиені  авторизациялау  (авторизация  кредита) – несиелік  тəукелді 
төмендету мақсатында жүргізілетін анықтамалар жəне тексерулер процесі. 
  Несиелік  мониторинг  (кредитный  мониторниг) – несиені  берген 
күннен  бастап,  оны  толық  қайтарғанға  дейін  бақылауды  жəне  қарыз 
алушының  несиелік  қабілетінің  өзгерісін  үнемі  талдап  отыруды,  несие 
сапасының төмендеуі немесе несиелік келісім-шарттың бұзылуы анықталған 
жағдайларда  тиісті  шаралар  қолданылуды  қамтитын  банктің  күнделікті 
жұмысы.  Ақпараттың  толықтығына  қарай  несиелік  мониторинг  ағымдық 
жəне  тереңдетілген  болып  бөлінеді.  Ағымдық  мониторинг – ай  сайын 
ағымдық мониторинг есебін түрінде рəсімделетін, несиені қайтару кестесінің 
орындалысы  шегінде  барлық  несиелер  бойынша  жоспарлы  түрде  қарыз 
алушының  шаруашылық  жəне  қаржылық  жағдайы  туралы  жалпы 
ақпараттарды алу негізінде жүргізілетін тексеру. Тереңдетілген мониторинг - 
ай  сайын  тереңдетілген  мониторинг  есебін  түрінде  рəсімделетін,  несиені 
қайтару  кестесінің  орындалысының  бұзылуына  қарай,  жоспардан  тыс 
(кенеттен)  немесе  қандай  да  бір  алаңдатарлық  белгілердің  туындауына 
байланысты қарыз алушының шаруашылық жəне қаржылық жағдайы туралы 
барынша толық ақпараттарды алу мақсатында жүргізілетін тексеру.  
  Несиелік  қоржынды  басқару  (управления  кредитным  портфелем) – 
бұл  банк  қабылдауға  дайын  болып  отырған  тəуекел  түрлерінің  барлығын 

 
 
235
айқындауды  жəне  олардың  ең  жоғарғы  жететін  деңгейін  анықтауды  талап 
ететін жоғарғы жетекшілер қызметі. 
 
М 
 
Маусымдық несие (сезонный кредит) – жабдықтаушының қаржыландыру 
уақыты  мен  түсімді  алу  мерзімі  арасындағы  уақыт  бойынша  алшақтақты 
жабуға арналған несеие. 
Монетаризм – экономиканы  реттегіш  құралдарын  пайдалану  арқылы 
нарықтық  экономикаға  мемлекеттің  араласуын  шектеуге  негізделген 
экономика ғылымының бағыты. 
Мерзімі  өткен  қарыз    (просрочная  задолженность)      -    займ  туралы 
келесімшарттта  немесе несиені  қайтару  кестесінде көрсетілген  негізгі қарыз 
бен оған есептелін сыйақы бойынша мерзімі өткен қарыздар. 
Маржа  –  бағамдар,  пайыздар  арасындағы,  сондай-ақ  банктің  берген 
несие сомасы мен несиені қамтамасыз ету сомасының арасындағы  айырма. 
Монометаллизм – бұл барлығына бірдей балама жəне ақша айналысының 
негізі болып  бір ғана метелл (алтын немесе күміс)қызмет ететін ақша жүйесі. 
Мемлекеттік  даму  банкі  (государственный  банк  развития) – бұл  банк 
экономикалық  маңызды  салаларында    тиімді  инвестициялық  жобаларды  ұзақ 
мерзімді  несиелеуді  жүзеге  асыруға  бағытталған  үкіметтің  қаржы – несие 
институты. 
Мерзімді  депозит  (срочный  депозит) – белгілі  мерзімі  бар  жəне  тұрақты 
пайыз төленетін, сол сияқты алдын ала алуға шек қойылатын салым. 
Микрокредиттік  ұйымдар  (микрокредитные  организаций) – бұл 
микрокредит берумен айналысатын ұйымдар. 
ҚР-ның  заңына  сəйкес  олар 1000 айлық  есеп  корсеткішінен  аспайтын 
сомада микрокредиттер бере алады. 
Мемлекеттік  құнды  қағаздар  (государствениые  ценные  бумаги) - 
бюджет  тапшылығын  жабу  мақсатында  үкіметтің  немесе  жергілікті  билік 
органдарының 
атынан 
шығарылған, 
сондай-ақ 
үкімет 
тарапынан 
кепілдендірілген құнды қағаздар. 
  ҚР-да  мемлекеттік  құнды  қағаздардың  басты  эмитенті  ҚР  қаржы 
министірлігі  басып  табылады.  Оның  құнды  қағаздары:  мемлекеттің  қысқа 
мерзімді (1 жылға  дейін)  қазынашылық  міндеттемелері  (МЕККАМ), 
мемлекеттің  орта  мерзімді (1жылдан 3-5 жылға  дейін)  қазынашылық 
міндеттемелері  (МЕОКАМ),  мемлекеттің  индексацияланатын  қазынашылық 
міндеттемелері  (МЕИКАМ),  мемлекеттің  арнайы  валюталық  қазынашылық 
міндеттемелері  (АВМЕКАМ),  Ұлттық  жинақ  облигациялары  жəне  т.б. 
жатады. 
  Мемлекеттік  банк  (государственный  банк) - мемлекеттік  меншік 
нысанында, мемлекеттік бюджет қаражаты жəне басқа да мемлекеттік қорлар 
есебінен  жарғылық  капиталы  қалыптасатын  мемлекеттік  органдардың 

 
 
236
басқаруында болатын банк. Мұндай банктердің қатарында елдердің Орталық 
банкі - ҚР Ұлттық банкі мен Қазақстан Тұрғынүй-құрылыс банкін жатқызуға 
болады. 
  Мемлекеттік несие (государственный кредит) - кейде мемлекет қарыз 
алушы,  кейде  қарыз  беруші  болып  табылатын  несиелік  қатынастар 
жиынтығы.  Бюджет  тапшылығы  болып,  оны  қаржыландыру  мақсатында 
мемлекеттің  бағалы  қағаздары  шығарылып,  халыққа  не  кəсіпорындарға 
сатылса,  онда  мемлекет  қарыз  алушы  болады.  Ал,  мемлекет  бюджеттен 
экономиканы  дамытуға  жəне  əлеуметтік  мəселеге  байланысты  несие  берсе, 
онда ол қарыз беруші ретінде саналады. 
  Мерзімін  ұзарту  (пролонгация) (ram.prolongatio-созу,  ұзарту) – 
банкпен  қарыз  алушының  арасындағы  келісімге  сəйкес,  несиені  қайтарылу 
мерзімін  созу. 
  Монета (лат. moneta - шақа) - төлем құралы ретінде пайдаланылатын, 
белгіленген  салмағы  жəне  пішіні  бар,  металлдан  (алтын,  күміс,  жəне  т.с.с) 
дайындалған  ақша  белгісі.  Монета  сөзі,  ертедегі  Римдегі  Юнона-Монета 
деген  шіркеудің  атынан  шыққан,  себебі  онда  алғашқы  Монета  сарайы 
ашылған. Қазіргі монеталар дөңгелек пішіндес келеді. Монетаның бет жағы-
аверс  (герб  жағы),  келесі  беті-реверс  (сан  жағы)  жəне  жиегін - гурт  деп 
атайды.  
  Монета  сарайы  (монетный  двор) - монета  жасау  мен  айналысатын 
мемлекеттік кəсіпорын. Осы кəсіпорында ордендер, медальдар жəне басқа да 
марапаттау  белгілері  дайынндалады.  ҚР-ғы  Монета  сарайы  Шығыс 
Қазақстан облысында орналасқан. 
Міндетті  резервтер  нормасы  (нормы  обязательных  резервов)-
коммерциялық  банктің  жалпы  міндеттемелеріне  (немесе  банктің  тартқан 
ақшалай  қаражат  сомасына)  қатысты  белгіленетін,  коммерциялық  банктің 
Орталық  банкте  міндетті  түрде  сақтауға  тиісті  міндетті  ақшалай  резервтер 
сомасы.  Міндетті  резерв  нормасы  бұл  коммерциялық  банктердің  клиенттер 
алдындағы  міндеттемесін  тұрақты  орындауын  қамтамасыз  ететін  кепіл 
қорының  шамасын  белгілейді.  Мұндай  норма  Орталық  банк  тарапынан 
коммерциялық банктердің қызметін реттеу құралы ретінде пайдаланылады. 
Маманданған  банк  (специализированный  банк) – экономиканың 
белгілі  бір  саласына  банк  қызметін  көрсетумен  айналысатын  несиелік 
мекеме. 
С 
 
Салымдарды  индекациялау  (индексация  вкладов) - құнсыздануға 
байланысты  салымдар  боиынша  төленетін  пайыздарды  жəне  салымдар 
сомасын қайта есептеу жəне өзгерту. 
  Салым  (вклад) - банкке  немесе  басқа  несиелік  мекемеге  сақтауға 
берілген  ақшалай  қаражат,  банктік  депозит.  Салымы  бар  тұлға  салымшы 
болып  саналады.  Салымдардың  түрлері:  талап  етілетін  жəне  мерзімді, 

 
 
237
мақсатты салымдар болып бөлінеді. Талап етілетін салымның сақталу мерзімі 
көрсетілмейді, ал мерзімді жəне мақсатты салым белгілі мерзімге сақталады. 
  Салым  құпиясы  (тайна  вкладов) - банктегі  шоттағы  қаражаты  жəне 
олармен  жасалған операциялар  туралы  мəліметтерді  құпияда  сақтауға  деген 
салымшының құқығы. 
Сенімді  тұлға  (доверенное  лицо) – қарыз  алушының  қарызды 
қайтармаған  жағдайында,  оның  кепіл  заты  ретінде  банкке  берген  мүлкін 
соттан тыс тəртіпте сатуды жүзеге асыратын тұлға. 
Секъюритизация  –  қарыздық  міндеттемелерді  шығару  барысында 
қамтамасыз  ету  заты  ретінде  келісімшартта  көзделген  ақшалай  түсімдерді 
пайдалану. 
Стенд-бай  (ағыл. stand-by  -  резерв,  қор) – өзара  келісім  бойынша 
банктің бекітілген мерзімге ақшалай резерв жасауы жəне оны қажет кезінде 
клиенттің  пайдалануы.  Стенд-бай  несиесі  бір  жылға  дейінгі  мерзімге 
келісілген мақсатқа сəйкес Халықаралық валюта қорына (ХВҚ) мүше елдерге 
беріледі. 
Своп (ағыл. swap – айырбас) – белгілі бір мерзім өткеннен кейін қайта 
ауырбастау міндеттемесін ала отырып,  ұлттық валютаны шетел валютасына 
айырбастау операциясы.  
Слип (ПОС терминал немесе банкоматтың түбіртегі) – банктік картаның 
көмегімен  жасалған  жəне  оны  пайдаланғандығын  растайтын  есеп  айырысу 
құжаты. 
Спот  (ағыл. spot- қолма-қол,  тез  арада  жасалатын  төлем) - 1) тез  арада 
жеткізу  жəне  төлеуді  көздейтін  тауарды  немесе  валюта  туралы  биржалық 
немесе биржадан тыс мəміле. Спот шартында валюталық мəміле жасасқанда 
валютаны  жабдықтау  бір  күн  ішінде  жүргізіледі.  Жеткізу  жəне  төлеу 
мерзімдері  арасындағы  айырма  есеп  айырысу  бойынша  банктік 
операцияларды  жүргізуге  қажеттігімен  байланысты.  Спот  операциясы 
бойынша валюта бағамының шамасы басқа мəмілелер бойынша бағамдардан 
өзара ажыратылуы мүмкін; 2) тез арада жабдықталатын валюталарды немесе 
басқа тауарларды сататын баға. 
  СВИФТ  (ағыл. SWIFT, Society of Worldwide Interbank Financial 
Telecommunications) - компьютерлерді 
жəне 
банкаралық 
телекоммуникацияларды  пайдалану  арқылы  халықаралық  ақшалай  есеп 
айырысулар  мен  төлемдерді  жүзеге  асыратын  автоматтандырылған  жүйе. 
Халықаралық  есеп айырысуларды жеңілдету жəне жүйелендіру мақсатында 
15 елдің 240 банк өкілдері мен Брюсельде 1973 ж. құрылған 1977 ж. бастап 
қызмет етеді. 
  СПРЭД (ағыл. Spread - айырма)- 1) сату жеңілдігі мен басқарғаны жəне 
орналастырғаны  үшін  комиссия  сомасына  тең,  инвестордың  төлеген  жəне 
эмитенттің  алған,  шығарылған  құнды  қағаздарының  бағалары  арасындағы 
айырма; 2) сатып алушы бағамы мен сатушы бағамы арасындағы айырма; 3) 
əр түрлі мерзімде жеткізілетін бір тауарды бір уақытта сатып алу жəне сатуға 

 
 
238
арналған  фьючер  сконтрактілерін; 4) əр  түрлі  есептеу  мерзімі  бар  жəне  əр 
түрлі  баға  бойынша  опциондарды  бір  уақытта  сатып  алу  жəне  сату; 5) бір 
тауарға бағаның кеңінен өсуі. 
Статус-Репорт – банктің  ағымдағы  қаржылық  жағдайын  толық 
бағалауға мүмкіндік беретін құжат. 
Ө 
 
Өтелген    аккредитив  (покрытый  аккредитив)  –  банк-эмитент 
аккредитив  ашу  барысында  төлеушінің  меншікті  қарататын  немесе  оған 
берілген  несиені  жабдықтаушының  банкіне  (орындаушы  банкке)  жеке 
баланстың шотқа аударуын сипаттайтын аккредитив түрі. 
Өтелмеген  аккредитив  (непокрытый  аккредитив) – банктердің 
арасында  корреспонденттік  қатынас  орнату  барысында  аккредетив 
орындаушы  банкте  ашылып,  оған  эмитент-банктің  шотынан  аккредитивтің 
барлық сомасын алуға құқық беретін аккредитив түрі. 
 
 
 
О 
  Облигация – оның  иесінің  ақшалай  қаражат  салғандығын 
куəландыратын  жəне  эмитенттің  осы  қаражат  сомасы  (номиналдық  құны) 
мен пайызды қайтарып беру туралы міндеттемесін растайтын бағалы қағаз. 
      Қазақстандағы  айналыста  жүрген  облигациялар  табыстылығына 
қарай екі түрге бөлінеді: 
-  Купондық  облигация – инвестор-банкке  пайыз  мөлшерлемесі 
формасында, яғни алты айда немесе жылына бір рет табыс əкелетін түрі; 
-  Дисконттық 
облигация – инвестор-банктің 
облигацияны 
шығарушыдан  номинадық  құнынан  төменгі  бағада  сатып  алып,  оны  өзінің 
құнымен қайта сату арасындағы айырма түрінде банкке табыс əкелетін түрі. 
Овердрафт  (ағыл.overelraft-жоспардан  жоғары) - клиенттің  есеп 
айырысу,  ағымдық  жəне  корреспондентті  шоттағы  қаражат  қалдығынан 
төлейтін төлемдер сомасы жоғары болған жағдайда банктің клиентке беретін 
қысқа  мерзімді  несиесінің  ерекше  нысаны.  Мұндай  жағдайда  клиенттің 
шотынан  қаражатты  толық  көлемде  шегеріп  тастап,  банк,  шоттағы 
қалдықтан асатын сомада клиентке автоматты түрде несие береді. Овердрафт 
нəтижесінде,  бухгалтерлік  тілмен  айтқанда  банкте  дебеттік  қалдық  түзіледі. 
Овердрафты  келісім-шарт  бойынша  банктің  ең  сенімді  клиенттері  ғана 
пайдалана  алады,  ол  келісім-шартта  овердрафтың  ең  жоғарғы  сомасы, 
овердрафт  бойынша  несие  беру  жəне  оны  қайтару  шарты  көрсетіледі. 
Овердрафтың  басқа  қарыздардан  ерекшелігі,  несиені  қайтарудағы  барлық 
сома клиенттің ағымдық шотында есепке алынады. 
  Овернайт  (ағыл.  оvernight - бір  түнге  жасалатын  мəміле) - ағымдағы 
банктік  күннен  келесі  күнге  дейінгі  мерзімге  жасалатын  несиелік  мəміле. 

 
 
239
Мəміле  жасау  жұма  күні  болса:  онда  мəміле  мерзімі  дүйсенбіге  дейінгі 
мерзімді  құрайды.  Овернайт  несиесін  ҚР  Ұлттық  банкі  екінші  деңгейдегі 
банктерге береді. 
«Он-лайн»  режимі  (ағыл. on-line – нақты  уақыт  режимі) – банктік 
картаны  шығарушымен  арадағы  электронды  немесе  телефон  байланысы 
арқылы немесе магнитті штрихті картаны көмегімен жасалатын операция. 
 «Офф-лайн»  режимі  (ағыл. off-line – қолжетімсіздік) - банктік 
карточканы шығарушымен арадағы электронды немесе телефон байланысты 
қажет  етпейтін,  яғни  чипті  (микросхемалы)  картаның  көмегімен  жасалатын 
операция. 
Опцион  –  сатушының  белгілеген  күнінде  немесе  одан  бұрын  базалық 
активті  сатып  алуға  (сатуға)  құқық  алатын  немесе  сиақы  төлеп  қана 
мəміленің  орындалуынан  бас  тартуға  құқылы,  біреуі  осы  контрактінің  иесі 
(немесе  сатып  алушы)  болып  табылатын  екі  қатысушысының  арасында 
жасалатын келісім-шарт. 
      Опционның  екі  түрі  болады:  опцион  “колл”  жəне  опцион  “пут”. 
Опцион  “колл”  бағалы  қағазды  сатып  алуға  құқық  берсе,  ал,  опцион    “пут” 
оны сақтауға құқық береді. 
 
 
 
Р 
 
Рамбурстық несие (рамбурсный кредит) – шикiзаттарды iшке алып кiру 
жəне  жартылай    фабрикат  жəне  дайын  өнiмдердi  сыртқа  шығару 
тəжiрибесiнде пайдаланылатын несие.  
Расталмаған  аккредитив  (неподтвержденный  аккредитив)    –  сатып 
алушының  банкісінің  корреспондент  банкке  жабдықтаушының  тұрған  жері 
бойынша  клиенттің  есебінен  жабдықтаушыға  аккредитивте  белгіленген 
соманы  төлеуі  туралы  тапсырмасы,  мұндай  да  корреспондент-банк 
жабдықтаушыға  жөнелткен  тауары  немесе  көрсеткен  қызметі  үшін  төлемді 
төлеуге кепілдеме бермейтін аккредитив түрі. 
Резервтік  валюта  (резервная  валюта) - 1) халықаралық  есеп 
айырысуларды  жүзеге  асыру  мақсатында  басқа  елдердің  Орталық 
банктерінде  ақшалай  қаражаттар  резервін  құру  үшін  пайдаланылатын  бүкіл 
əлемге  танымал  валюта; 2) халықаралық  есеп  айырысулар  үшін 
пайдаланылатын  əлемнің  жетекші  елдерінің  ұлттық  несиелік  ақшалары  мен 
валюталары. Резервтік валюталарға АҚШ доллары (оның əлемдік валюталар 
резервіндегі үлесі 60%) Еуропа еуросы, ағылшын фунт стерлингі жəне т.с.с. 
жатады. 
 
 
 

 
 
240
П 
 
Пайыз (процент) (лат. рro centrum- жүзден бір бөлігі)- 1) санның жүзден 
бір  бөлігі; 2) несиелік  пайыз - қарыз  алушының  пайдаланған  қаражаты 
немесе  материалдық  құндылықтары  үшін  қарыздың  төлемі. 3) депозиттік 
пайыз - белгілі  мерзімге  берген  салым  бойынша  банктің  салым  иесіне 
төлейтін ақысы. 
  Пайыз  мөлшерлемесі  (процентная  ставка) - қарыз  несие  үшін 
төленетін  пайыз  мөлшері;  белгілі  уақыт  ішінде  (ай,  жыл)  қарыз  алушының 
несие  берушіге  төлейтін  пайыздық  төлемдерінің  қатысты  шамасы.  Пайыз 
мөлшерлемесіне  несие  берушінің  пайдасы  тікелей  байланысты  болады 
Инфляция жағдайында пайыз мөлшерлемесі өседі, себебі оның құрылымына 
толық немесе жартылай күтілетін инфляция деңгейі кіреді. Несие мерзімінің 
соңына  дейін  мөлшері  тіркелмеген  пайыз  мөлшерлемесі  өзгермелі 
мөлщерлеме деп аталады. 
  Пайыздық шығыстар (процентные расходы)- клиенттердің талап ету 
жəне  мерзімді  депозиттері,  басқа  банктердің  депозиттері  бойынша,басқа  да 
банктерден  сатып  алынған  несиелік  ресурстар  үшін,  сондай-ақ  шығарған 
бағалы қағаздар бойынша төленген пайыздардан құралады. 
Пассивті  депозиттік  операциялар  (пассивные  депозитные  операции)– 
бұл  клиенттердің  уақытша  бос  ақша  қаражаттарын  белгілі  уақытқа  жəне 
пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты операциялар. 
ПИБОР  (ағыл.PIBOR, Paris Interbank Offered Ratе) - бірінші  классты 
банктерге  беретін  Париж  банктерінің  қысқа  мерзімді  несиелері  бойынша 
пайыз мөлшерлемесі. 
Пайыз  тəуекелі    (процентный  риск) - берілген  неиселерге  байланысты 
пайыз  мөлшерлерінен  тартылған  қаражат  бойынша  бөлінетін  пайыз 
мөлшерлерінің  артық  кетуі.  Нəтижесінде  коммерциялық  банктер,  несиелік 
мекемелер  жəне  инвестициялық  ұйымдар  қызметі  процесіндегі  зияндардан 
пайда  болуы  қауіпі.  Пайыз  тəуекеліне  инвестордың  құнды  қағаздар 
рыногындағы  пайыз  мөлшерлеріндегі  өзгерістерге  байланысты  зиян  шегу 
қауіпі де жатады.  
  Портфельдік  инвестициялар (портфельные инвестиции)- мемлекетік, 
муниципальдық  органдардың  бағалы  қағаздарына  жəне  корпоративтік 
компаниялардың  шығарған  акцияларына,  облигацияларына  немесе  өзге 
бағалы қағаздарына жұмсаған қаражаттар. 
Пруденциялдық нормативтер (пруденциальные нормативы)- ҚР банкі 
тарапынан  екінші  деңгейдегі  банктер  қызметін  реттеуге  байланысты 
қойылатын талаптар. Пруденциальдық  нормативтерге: жарғылық  қордың  ең 
төменгі  мөлшері,  меншікті  қаржаттаңы  жеткілікті  коэффициенті,  бір  қарыз 
алушыға  келетін  тəуекелдің  ең  жоғары  мөлшері,  өтімділік  коэффициенті, 
банктің  негізгі  құралдары  мен  қаржылық  емес  активтеріне  жұмсалатын 
инвестицияның ең жоғары мөлшері жатады 

 
 
241
ПОС  (ағыл. Point of Sale – сауда  орны) – эквайрер  банкпен  өзара 
жасалған келісімшартқа сəйкес, тұтынушылардың сатып алған тауарлар мен 
қызметтері үшін төлем құралы ретінде банктік картаны қабылдайтын, сауда 
немесе қызмет көрсететін кəсіпорын. 
ПОС-терминал – сауда  немес  қызмет  көрсететін  кəсіпорында  банктік 
карточкаларға қызмет көрсетуге арналған құрылым.   
ПИН-код - (ағыл. Personal Identification Number – жеке 
идентификациялық номер) – банктік картаның иесіне банкомат немесе 
ПОС-терминалдар  арқылы  қызмет  көрсетуге  мүмкіндік  беретін  жеке 
идентификациялық номері. 
Пайм-рейт – ең  сенімді,  қаржылық  жағдайы  тұрақты,  бірінші  классты 
ірі  қарыз  алушыларды  несиелеуге  арналған  банктің  белгілейтін  ең  төмегі 
(базалық) мөлшерлемесі.  
Провизия – активтерді  қайтармаудан  туындайтын  немесе  олардың 
құндарының  төмендеуінен  туындайтын  шығынды  жабуға  қажетті  ақшалай 
резервтер. Провизияның екі түрі болады: арнайы жəне жалпы провизиялар 
 
 
Ұ 
Ұлттық  банк  (национальный  банк) – Орталық  банктің  классикалық 
қызметтерін жүзеге асыратын ҚР-ның орталық банкі. 
Ұзын  валюталык  позиция  (длинная  валютная  позиция) – белгілі  бір 
шетел  валютасында  бейнеленетін  активтер  мен  баластан  тыс  талаптардың 
сол 
шетел 
валютасындағы 
міндеттемелер 
мен 
баланстан 
тыс 
міндеттемелерден  артык  болып  келуіне  байланысты  анықталатын  ашық 
валюталық позициясының түрі.  
Ұлттық  валюта  (национальная  валюта) – белгілі  бір  елдің  аумағында 
заңды  төлем  құралы  ретінде  пайалану  үшін  Орталық  банктің  шығаратын 
ақша  бірлігі.  Мысалы  ҚР-ның  теңгесі,  Ресей  –рублі,  АҚШ – доллары  жəне 
т.б. 
Ұзын ақшалар (длинные деньги) – клиенттердің ұзақ мерзімді қаржатқа 
деген сұранысын қанағаттандыруға бағытталатын жəне өзге де ұзақ мерзімді 
активтерге орналастыруға пайдаланылытын банктің тұрақты ресурстары. 
 
 
 
Т 
  Талап  етілетін  несие  (онкольный  кредит) (ағыл. Lone on call - талап 
етілетін қарыз) - несие берушінің алғашқы талабы бойынша қарыз алушының 
өтеуге  міндеттеме  алатын  қысқа  мерзімді  коммерциялық  несиесі.  Талап 
ететін  несие  валюта  брокерлеріне,  дилерлерге  жəне  клиенттерге  беріледі. 
Оны  қазыналық,  коммерциялық  жəне  өзге  вексельдерді,  құнды  қағаздарды 
жəне  тауарларды  кепілге  ала  отырып  береді.  Іс-жүзінде  талап  етілетін 

 
 
242
несиелер 
құнды 
қағаздармен 
биржада 
жасалатын 
алып-сатарлық 
операцияларды несиелеуде пайдаланылады. 
  Төлем  тапсырмасы  (платежное  поручение) – ақшаны  аударушының 
(төлеушінің)  аталған  тапсырмада  көрсетілген  ақша  сомасын  бенефициарға 
аудару туралы қызмет көрсетуші банкке берген тапсырмасы. 
  Төлем  талап-тапсырмасы  (платежное  требование-поручение)– 
бенефициардың  төлемшеге  оған  қызмет  көрсетуші  банкке  бағытталған, 
жөнелтілген  өнім,  атқарылған  жұмыстар  жəне  көрсетілген  қызмет  құнын 
жіберілген есеп айырысу құжаттары негізінде төлеу талабы. 
Тікелей  инвестициялар  (прямые  инвестиции) - 1) материалдық 
өндіріске  жəне  белгілі  бір  өнімнің  түрін  өткізуге  тікелей  қаржат  жұмсау. 2) 
компанияның  бақылау  пакетіне  иелік  етуді  қамтамасыз  ететін  жарғылық 
капитаына қаражат салу. 
Төлем  балансы  (платежный  баланс)–  елдiң,  белгiлi  бiр  уақыт  iшiнде 
шетелге  шығарғандарынан  түскен  түсiмдерi  мен  сырттан  əкелiнген 
тауарлары  мен  қызметтер  үшiн  төленген  төлемдер  арасындағы  шектi 
қатынасы. 
Тройск  унциясы  (тройская  унция)- 1/12 ағылшын  алтын  монеталы 
функтың бөлігі, алтын салмағының өлшемі 31 1035г болып табылады.  
  Теңге  (тенге) - 100 тиыннан  тұратын  ҚР-ның  ақша  бірлігі  жəне  ол 
1993ж. 15 қарашада айналымға енгізілді. 
  Табыстарды  индексациялау  (индексация  доходов) - инфляция 
нəтижесінде  табыстағы  зияндарды  толық  немесе  жартылай  орнын  толтыру 
үшін  бөлшек  сауда  бағасының  өсу  динамикасын  ескере  отырып,  халықтың 
ақшалай  табыстарын  (жалақы,  зейнетақы,  стипендия)  қайта  санау  жəне 
өзгерту.  
  Траст  операциясы  (тратовые  операции) – клиенттің  сенімді  тұлғасы 
ретінде оның  мүлкін  басқаруға  жəне тапсырмасы  бойынша басқа да қызмет 
көрсетуге байланысты банктің операциялары. 
Телеграфтық  инкассо  (телеграфное  инкассо)  жабдықтаушының  тауар 
құжаттарын  инкассоға  қабылдағаны  туралы  жабдықтаушы  банкісінің 
жіберген  телеграммасына  қарсы  сатып  алушылық  төлемі  жасалатын 
инкассоның ерекше нысаны. 
Тұрақсыздықақы  (неустойка)  - қарыз  алушының  банк  алдындағы 
міндеттемесін  орындай  алмаған  жағдайда  өзара  жасалған  келесімшартта 
сəйкес төлейтін айыппұлы немесе пенясы. 
 
Ш 
Шарты  жəне  мүмкін  міндеттемелер  (условные  и  возможные 
обязательства) – клиенттердің  өтініші  бойынша  берліген  аккредитивтер 
немесе кепілхаттар мен кепілдемелер. 
 
 

 
 
243
Ф 
  Фронт-кеңсесі – (фронт-офис)  банк  пайдасының  деңгейін  арттыру 
мақсатында клиентпен тығыз қарым-қатынас жасайтын жəне оларға банктің 
əр  түрлі  өнімдерін  сата  отырып,  қызмет  көрсетумен  айналысатын  банктің 
бөлімшесі. 
Фидуциар    -  өзге  тұлғаның  мүддесіне  сай  мүлікті  басқару  қызметін 
жүзеге асыратын жəне сол үшін жауапты жеке немесе заңды тұлға. 
Франчайзинг – ірі  корпорациялар  (франчайзерлер)  мен  шағын 
фирмалар  немесе  жекелеген  кəсіпкерлер  (франчайзи)  арасында 
жасалған  келісімшартқа  сəйкес  франчайзер  фирма    өзінің  серіктесі 
франчайзиға  франчайзердердің  атынан  əрекет  етуге  құқықтар  мен 
артықшылықтар беретін келісім. 
Форс-мажор 
жағдайы 
(форс-мажорные 
обстоятельство) - 
экономикалық  келісім-шарттарға  қатысушылардың  əр-түрлі  аяқ  асты 
жағдайларға  (өрт,  жер  сілкінісі,  су  тасқыны  жəне  т.б.)  байланысты 
міндеттемелерді орындай алмауы.  
  Факторинг  (ағыл. Factoring) - клиенттің  айналым  капиталын 
несиелеуге  ұқсас  сауда-комиссиондық  операциясының  бір  түрі;  ұсақ  жəне 
орташа  фирмаларға  (клиенттерге)  коммерциялық  банктердің  олардың 
еншілес фактор-бөлімдерінің фирма көрсететін қаржылық қызмет түрі. Оның 
мəні  мынада,  фактор-бөлімі  клиенттен  олардың  борышқорларына  қоятын 
талабын  өтеу  мерзімі  жеткенше  дейін  сатып  алып,  оның 70 тен 90%-ға 
дейінгі мөлшерде қарызын қайтарады. Пайызды шегергеннен кейін қалатын 
қарыздың  бөлігі  клиентке  қарызды  толық  төлеген  соң  қайтарылады. 
Нəтижесінде  фактор-бөлімінің  клиенті  өзінің  қарызын  тез  арада  қайтарып 
алады, бірақ ол үшін фактор-бөлімге белгілі бір пайыз төлейді.  
Федеральдық  резервтік  жүйе  (ағыл. Federal Reserve System) 
(федеральная  резервная  система) - АҚШ-тың  Орталық  банкісінің  қызметін 
атқаратын  біріккен 12 федеральдық  резервтік  банктер,  сондай-ақ  ФРЖ-ге 
мүше  болып  табылатын  коммерциялық  банктер.  ФРЖ 1913 ж  құрылған. 
Федеральдық  банктер:  банкноттарды  эмиссиялау,  федеральдың  бюджетке, 
кассалық  қызмет  көрсету,  үкіметтің  құнды  қағаздарын  сатып  алу-сату, 
коммерциялық  банктердің  қызметіне  бақылау  жəне  қадағалау  жасау,  дүние 
жүзілік валюта рыногында операциялар жүргізумен айналысады. 
  Форвард  (ағыл. Porward-алдын-ала) – мəмілені  жасағаннан  кейін  екі 
күн  ішінде  шұғыл  түрде  жасалатын  есеп  айырысу  нысаны.  Əдетте 
форвардтық  операцияларды  бағаның,  валюталар  бағамындағы  өзгерістер 
ауытқулардан  туындайтын  мүмкін  болар  зияндардан  алдын  алу  мақсатында 
банктер жəне сауда өнеркəсіп кəсіпорындары арқылы жасайды. 
  Форфейтинг (франц. a forfait - тұтас, жалпы сомада) - коммерциялық 
вексельді  сатып  алу  жолымен  экспортты  несиелеу;  сыртқы  сауда 
операцияларында 
қолданылатын 
сату 
барысында 
экспортерлерді, 
сатушыларды несиелеу нысаны. 

 
 
244
Банк  (форфейтор)  экспортердан  (сатушыдан)  сатқан  тауары  үшін 
импортердің  (сатып  алушының)  берген  ақшалай  міндеттемесін  (векселін) 
сатып  алуы  арқылы  экспортердің  сатқан  тауарының  құнын  толық  немесе 
жартылай  төлейді.  Кейіннен  импортер  (сатып  алушы)  форфейтордың 
көрсеткен  міндеттемесі  бойынша  ақшалай  соманы  оған  төлейді.  Тез  арада 
төлегені  үшін  форфейтор-банк  экспортерден  пайыз  ұстап  қалады. 
Форфейтинг операциясы факторингпен біршама ұқсас болып келеді. 
  Фьючерс – келісім  жасалған  уқытта  тараптардың  келісімімен 
белгіленген  бағады  базалық  актиті  сатуға  не  сатып  алуға  құқық  беретін 
биржалық контракт. 
Фьючерстің  өзге  туынды  бағалы  қағаздардан  өзгешелігі  ол  тек  қана 
биржада    жасалады.  Қазақстанда  фьючерс  контрктісі  валюта  жəне  астыққа 
жəне т.с.с туаар түрлеріне қолданылып отыр. 
Фунт стерлинг (ағыл. Sterling- стандартқа жауап беретін алтын немесе 
күміс  сынабы)-  Ұлыбританияның  (Х  ғ  бастап, ағылшынның, 1707 ж.  бастап 
Шотландияның, 1825 ж.- 1927 ж.  дейін  Ирландияның)  ақша  бірлігі.  Фунт 
стерлинг  Х-ХІХ  ғғ.  күміс,  ХІҮ  ғ.  бастап,  алтын  монета, 1694 ж.  бастап,  
банкнота нысанында айналыста жүреді,  жəне ол 100 пенсадан құралады. 
 
Х 
Халықаралық есеп айырысу банкі (междунардный расчетный банк)   - 
бес  мемлекеттің  (Бельгия,  Ұлыбритания,  Германия,  Италия,  Франция)  
орталық банктерінің арасында жасалған Гаагск келісімі негізінде 1930 жылы 
құрылған орталық банктердің банкі. 
Хеджерлеу  (хеджирование) – валюта  бағамындағы  жəне  т.с.с. 
өзгерістер нəтижесінде мүмкін болар зияндарды жабуға арналған резервтерді 
құру, сауда немесе несие валютасын өзгерту жолымен валюталық жəне өзге 
тəуекелдерді сақтандыру.   
Ч 
 
Чек  (ағыл. chegue) - чекте  көрсетілген  соманы  чекті  ұстаушыға  төлеу 
туралы,  өзінің  банкіне  берген  чек  беруішінің  бұйрығы.  Бұл  сома  чек 
берушінің  чектік  шотынан  шегеріліп  тасталынып,  чек  ұстаушының  шотына 
толығымен  аударылады.  Чектердің  атаулы  (бір  тұлғаның  атына  жазылған), 
ордерлі  басқа  бір  тұлғаның  атына  аударылып  жазылатын,  мəлімдеуші 
(мəлімдеуге  арналған)  түрлері  болады.  Чек  белгілі  бір  уақыт  кезеңінде  ғана 
жарамды.  Банктер  арасындағы  есеп  айырысуларды  банктік  чектер 
пайдаланылады. 
  Чек кітапшасы (чековая книжка) - банктегі шоты бар тұлғаға банктен 
берілетін,  чектердің  бланкілерінен  тұратын,  қолдан  жасауға  қарсы  өзіндік 
қорғаныс  элементтері  бар,  кітапша  түрінде  болатын  ақшалай  құжат. 
Чектердің  арнайы  қағазбен  жасалынған  нысаны  мен  реттік  номері  болады. 
Чектер бойынша чектік кітапшадан клиент қолма-қол ақшаларды алады жəне 

 
 
245
олардың  көмегімен  басқа  заңды  жəне  жеке  тұлғалармен  тікелей  есеп 
айырысады.  
   
 
Ц 
 
 
Цессия  (лат.  сessio - беру) - меншікті  қаражаттарды  иелену  немесе 
оларды  алу  құқығын  басқа  тұлғаға  беру,  мысалы,  несие  беруші  (цедент) 
өзінің  қарызды  алу  құқығын  басқа  тұлғаға  (цессионарға)  беруі  мүмкін; 
цессия  сөзі  тəуекелді  қайта  сақтандыруға  тапсыру  дегенді  білдіреді.  Бұл 
жағдайда  қайта  сақтандыруға  тапсырушы  рөлін -  цедент,  ал  қайта 
сақтандырушы рөлін - цессионар атқарады. 
  ЦЗЯО - Қытай халық республикасының банкнотасы Цзяо-10 фынямға 
немесе 10 юан жень миньбиға тең. 
 
Э 
 
Эмиссиялық банк (эмиссионый банк)– қолма-қолсыз немесе қолма-қол 
ақша  формасында  ақша  белгілерін,  сондай-ақ  өзге  төлем  құралдарын 
айналысқа шығаратын банк. 
  Экспорттық  несие  (экспортный  кредит) - экспорты  қолдау  құралы 
ретінде  өнімді  сатуды  қаржыландыру  мақсатында  сатып  алушыға  немесе 
оның  банкіне  берген  несие.  Фирмалық  экспорттық  несие  экспортер 
тарапынан  беріледі  де  банктен  қаржыландырмайды.  Банктік  экспорттық 
несие банктен шетелдік сатып алушыларға тікелей беріледі. 
  Эмиссия  (лат.  еmissio-шығару) - айналысқа  құнды  қағаздарды,  ақша 
белгілерін  барлық  нысандарда  шығару.  Ақшаны  эмиссиалау  тек  қана  ақша 
белгілерін  басуды  білдірмейді,  сол  сияқты  айналыстағы  қолма-қол  жəне 
қолма-қолсыз  ақшаларды  ұлғайтуды  сипаттайды.  Эмиссиялаудың  басты 
нысандары  несиелік  ақша - банкнотаны  эмиссиялау;  құнды  қағазды 
эмиссиялау. 
  Электрондық ақшалар (электронные деньги) - компьютер тарабының 
ақпараттарды  автоматты  түрде  өңдеу  құралдарын  қолданатын  байланыс 
жүйелері  арқылы  жүзеге  асырылатын,  банктер  жəне  олардың  клиенттері, 
сатушылар  мен  сатып  алушылар  арасындағы  қолма-қолсыз  есеп 
айырысуларды қамтамасыз ететін электрондық төлем жүйелері.          
          
 
 
 
 
 

 
 
246
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет