Оқулық. Алматы. 2011 Уанбаев Е. К. «Дене тәрбиесінің негіздері». Алматы. Санат. 2000 «Балалар бақшасындағы дене тәрбиесі»



бет1/3
Дата27.09.2022
өлшемі21,54 Kb.
#150989
түріОқулық
  1   2   3
Байланысты:
ДО2Б-11 14.О9
Гимнастика ТБ, Циклограмма МАД тобы 2022-2023, zamanaui-tәrbieshіge-қoyylatyn-talaptar

Дәріс тақырыбы:
«ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ МЕН СПОРТ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ»
Негізгі әдебиеттер:
5. Кенеман А.В., Хухлаева Д.В. «Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі».
6. А.Ж.Сисенбердиева «Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі». Оқулық. Алматы. 2011
7. Уанбаев Е.К. «Дене тәрбиесінің негіздері». Алматы. Санат. 2000
8. «Балалар бақшасындағы дене тәрбиесі». Осокина. 1982. Мектеп
Қосымша әдебиеттер:
4. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік бағдарламасы, 2016 жыл
5. Жұмабекова Ф.Н. «Мектепке дейінгі педагогика» Астана, 2008
6. ЖМББС «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»
Дене тәрбиесі – қоғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы. Жастардың жан-жақты дамуын дене тәрбиесінсіз елестету мүмкін емес. Денесі жақсы дамыған ден күн режиміне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыспен кезектестіріп отыратын жас адамды айтамыз. Мектептен тыс дене тәрбиесі және спорт жұмыстарын  мектеп ұжымы оқушылардың ата-аналарымен бірігіп, аудандық, қалалық халыққа білім беру басқармалары ұйымдастырады.
Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстардың міндеттері: баланың денсаулығын нығайтуға көмектесу; ағзаны шынықтыру, оқушылардың жан-жақты өсіп жетілуіне, дене шынықтырудың оқу бағдарламасын ойдағыдай меңгеруге кемектесу; балаларды дене шынықтыру және спортпен үнемі шұғылдануға әдеттендіру; қозғалыс дағдысын тәрбиелеу. Дене шынықтыру мен спорт жөніндегі сыныптан тыс жұмыстың негізгі формалары: секциялар мен үйірмелердегі сабақтар, спорт жарыстары, серуендер, туристік жорықтар, дене шынықтыру және спорт мейрамдары. Серуендер мен жорықтарды балалардың табиғат туралы білімдерін толықтыра алатындай тамаша адамдардың әңгімелерін ести алатындай жерде белгіленген жөн.
Мектептен тыс дене тәрбиесі жұмыстары әр-түрлі ұжымды мекемелерде, жұмыс орындарында өткізіледі.
Ол мекемелер: балалар және жасөспірімдер спорт мектебі, жаздық сауықтыру лагерлері, еңбек сауықтыру лагерлері, стадиондар, дене мәдениеті сауықтыру кешендері, спорт клубтары. Бұл мектептен тыс жұмыстар, оқу және сыныптан тыс жұмыстарды толықтырады. Жаттықтыру түрлері әр түрлі болып келеді. Спорт түрлерін таңдауға балалардың мүмкіншіліктерін кеңейтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет