Оқулық Алматы, 2013 2 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет1/22
Дата07.02.2020
өлшемі3,34 Mb.
#57388
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
burunbetova-genetika


1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. Қ. Бурунбетова
ГЕНЕТИКА НЕГІЗДЕРІ
Оқулық
Алматы, 2013

2
Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық» 
республикалық ғылыми-практикалық орталығы бекіткен
Пікір жазғандар:
А. Л. Воробьев – биология ғылымдарының докторы;
З. К. Cұлтанбеков – медицина ғылымдарының докторы;
А. Ш. Букунова – медицина ғылымдарының кандидаты.
ƏОЖ 575 (075)
КБЖ 28.04 я 7
Б 84
ƏОЖ 575 (075)
КБЖ 28.04 я 7
Оқулық генетикадағы тұқым қуалаудың негізгі заңдылықтары, 
тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттеудің əдістері, тұқым қуудың 
цитологиялық негізі, гаметогенез, генетиканың  негізгі заңдары мен 
заңдылықтары, ажырау кезінде əдеттегі сандық қатынастардың ауытқулары, 
гендердің өзара əрекеттесуі, жыныс генетикасы, тұқым қуалаудың 
хромосомалық теориясы, өзгергіштік, адам генетикасы, медициналық ге-
нетика, адам қан топтарының тұқым қуалауы мен популяциялық генетика 
мəселелері сынды генетиканың классикалық тақырыптарын қарастырады. 
Г. Мендель жəне Т. Морган заңдылықтары бойынша генетикалық есептерді 
шығару жолдары мен білімді тексеруге арналған тест тапсырмалары берілген.
Жоғары оқу орындарының биология, экология мамандықтары 
студенттері, магистранттары мен оқытушыларына жəне мектеп мұғалімдері 
мен оқушыларына арналған.
Бурунбетова Қ. Қ.
Генетика негіздері: Оқулық. – Алматы: ЖШС «Дəуір», 
2013. – 264 б.
ISBN 978-601-217-414-4
ISBN 978-601-217-414-4
© Бурунбетова Қ. Қ., 2013
© ҚР Жоғары оқу орындарының
 қауымдастығы, 2013
Б 84

3
Кіріспе
Егеменді Қазақстанымыздың білімді де білікті жас ұрпақты тəр-
биелеуге шұғыл бетбұрыс жасап отырғандығын білім беру сала-
сында болып жатқан тың өзгерістерден көруге болады. Жаһандану 
дəуірінде жас биолог мамандарды дайындауда, генетика барлық жа-
ратылыстану ғылымдарының алдыңғы шебінде тұрған ғылым сала-
сы екендігі баршаға анық.  
Генетика пəнінің мақсаты – тірі ағзалардың барлығына тəн 
қасиеттер, тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттеу бол-
са, білім алып отырған болашақ мамандардың алдына қояр 
мақсаты – генетиканың негізгі мəселелерін жəне жаңалықтары мен 
жетістіктерін оқып-үйрену. 
«Генетика негіздері» оқулығы  5В060700 – Биология, 5В011300 –
Биология мамандықтарының Қазақстан Республикасының жоғары 
оқу орындарының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стан-
дарттары мен типтік бағдарламалары негізінде жазылған.
Оқулықты жазу барысында Қазақстан жəне Ресей ғалымдарынан 
М. Е. Лобашевтың «Генетика» (1967), С. Г. Инге-Вечтомовтың «Генети-
ка с основами селекции» (1989), С.Ж.Стамбековтың «Генетика» (1993), 
Р. І. Берсімбаевтың «Генетика» (2002), Б. Бегімқұлдың «Меди циналық 
генетика негіздері» (2008), «Молекулалық генетика негіздері» (2009) 
еңбектері мен ғылымның соңғы жетістіктері жəне автордың генетика 
пəнінен дəріс берген тəжірибесі басшылыққа алынды.
Оқулықта тұқым қуудың цитологиялық негізі, гаметогенез, 
тұқым қуалау құбылысының негізгі заңдылықтары, ажырау кезінде 
əдеттегі сандық қатынастардың ауытқулары, гендердің өзара 
əрекеттесуі, жыныс генетикасы, тұқым қуалаудың хромосомалық 
теориясы, өзгергіштік, адам генетикасы, медициналық генетика, 
адам қан топтарының тұқым қуалауы мен популяциялық генетика 
мəселелері қарастырылған.
Ұсынылып отырған оқулық жоғары оқу орындарының жара-
тылыстану ғылымдары факультеті мамандықтарының студенттері, 
магистранттары, оқытушылары жəне мектеп мұғалімдері мен 
оқушыларына арналған.

4
Генетика негіздері оқулықтарына қойылатын талаптарға толық 
жауап береді. Тараулардың соңында түйінді сөздер мен ұғымдар, 
талқылауға арналған сұрақтар жəне материалды толық меңгеруге 
көмектесетін генетикалық есептердің шығару жолдары мен есептер 
жинағы берілген.
Оқулықты толыққанды деп санауға болмайды, сондықтан оған 
айтылатын сын-ескертпелер болашақта жазылатын оқулықтар мен 
оқу құралдарында тиімді орын табады деп айтқым келеді.
Генетика барлық тірі ағзаларға тəн негізгі екі қасиетті – тұқым 
қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін биология ғылымының 
негізгі саласы.
Тұқым қуалаушылық – ата-аналарының белгілерінің  ұрпақта-
ры на берілуі мен ұрпақтар арасындағы жалғастықты қамтамасыз 
ететін қасиет. Тұқым қуалаудың негізінде  тірі ағзалардың кейбір 
түрлері миллиондаған жылдар бойы өздерінің ерекшеліктерін сақ-
тап келеді. Тұқым қуалау көбею үрдісімен, ал көбею жасушаның 
бөлінуі жəне оның құрылымы мен функцияларының көшірмелері -
нің ұдайы өндірілуімен тығыз байланысты.
Өзгергіштік – тірі ағзаның бойындағы белгілер мен қасиеттердің  
өзгеруі. Өзгергіштікке байланысты тірі ағзада жаңа белгілер, 
қасиеттер пайда болады немесе бұрынғылары өзгеріп, жойылуы 
мүмкін.
Өзгергіштік ағзаның тұқым қуалайтын қасиетінің əрдайым 
сақталып отырмауының көрінісі болып табылады. Ол гендердің 
өзгеруіне жəне олардың комбинациясына, сондай-ақ ағзаның 
тұқым қуалаушылық қасиетінің даму үдерісінде гендер көрінісінің 
өзгеруіне де байланысты болады. 
Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік бірімен-бірі қатар жүретін, 
бір-біріне қарама-қайшы, өзара тығыз байланысты үдерістер. Тұқым 
қуалаушылық пен өзгергіштік туралы білім жер бетіндегі тіршіліктің 
пайда болу заңдылықтарын терең де толық зерттеуге мүмкіндік 
береді.
Ағзаның осы басты екі қасиетін жасуша ядросының хромосо-
маларында орналасқан гендер қамтамасыз етеді. Ата-аналарының 
ұрпақтарымен байланысы негізінен жыныстық көбею арқылы 
жүзе ге асады. Жасушаның бөлінуі алдында əрбір хромосома екі 
еселенеді. Бөліну үрдісінде олар жаңадан түзілген жеке жасушалар -
ға ажырап кетеді. Жасушаның бөлінуіне дейінгі хромосома жиынты -
ғы қанша болса, жаңа түзілген жасушаның ядросындағы толық 

5
хромосома жиынтығы да сонша болады. Басқа жасушалармен 
салыстырғанда жыныс жасушаларындағы хромомсомалар саны екі 
есе кем болады. Ал түрге тəн хромосоманың толық саны ұрықтан -
ған жасушада қайтадан қалпына келеді. Зигота хромосоманың əр 
жұбының бір сыңары – əкесінің, екіншісі – анасының қасиеттерін 
береді. Ағза белгілері мен қасиеттерінің дамуы хромосоманың 
белгілі-бір бөлігі – геннің əсер етуіне байланысты болады.
Ген – материалдық бөлшек болғандықтан ұрпаққа берілгенде 
жойылып кетпейді, əр ұрпақ сайын жасушаның бөлінуі барысын-
да өзіне ұқсас гендерді жасап отырады. Яғни, дамуы онымен бай-
ланысты белгілер де жойылып кетпейді. Тұқым қуалаушылық пен 
өзгергіштікке жауапты зат өзін-өзі өндіріп, жаcушаның бөлінуі 
барысында жаңа жасушаларға дəл тарала алуы керек. Бұл қасиет 
жасуша ішіндегі хромосомаларға ғана тəн. Молекулалық деңгейде 
хромосоманың осы ерекшеліктерін оның құрамындағы ДНҚ (дезок-
сорибо-нуклеин қышқылы) молекуласы анықтайды.

6
1. ГЕНЕТИКАНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Тұқым қуалаушылық туралы алғашқы зерттеулер біздің 
дəуірімізге дейінгі V ғасырда өмір сүрген ғалымдардың еңбектерінен 
де белгілі. Сол кезеңнің өзінде тура жəне тура емес тұқым қуалау ту-
ралы ойлар болған. Тура тұқым қуалау теориясының жақтаушысы 
Грек ғалымы Гиппократтың тұжырымы бойынша репродуктивті ма-
териал дененің барлық бөліктерінен жиналып тұқым қуалауға ықпал 
етеді, сондықтан денедегі сау жəне ауру тұқым қуалау бастамалары 
бірдей ұрпақтарға беріледі деген болса, біздің дəуірімізге дейінгі ІV 
ғасырда өмір сүрген Аристотель репродуктивті материал дененің əр 
бөлігінен жиналмай, дененің бөліктерін құрауға арналған қоректік 
заттардан жасалады деген болатын.  
Тура тұқым қуалау теориясы 23 ғасыр өмір сүрді. Генетиканың 
дамуына Ч.Дарвиннің (1868) «Жануарлар мен өсімдіктердің 
үй жағдайында өзгеруі» деген еңбегінде пангенезис гипотеза-
сы маңызды қозғау салды. Ол гипотеза бойынша өсімдіктер мен 
жануарлардың барлық жасушалары «өздерінен бүкіл денеге тара-
лып жатқан өте ұсақ геммулалар бөліп шығарады», ол геммулалар 
репродуктивті мүшелерге түседі де, ұрпақтарына ата-аналарының 
қасиеттерін жеткізеді делінген. Ч.Дарвиннің өзінің айтуы бойын-
ша, бұл теория Гиппократтың ойына ұқсас болатын жəне гипотеза-
да ұрпақ белгілерінің дамуын анықтайтын жыныс жасушаларында 
ерекше  бөлшектер болды деген дұрыс болжам бар еді. 
1871 жылы Ч.Дарвиннің пангенезис гипотезасын белгілі жа-
ратылыстанушы Ч.Дарвиннің немере бауыры Ф.Гальтон тəжірибе 
жағдайында сынап көрді. Ол қара қояндардың қанын ақ қояндардың 
қанына құйып реципиенттерді үш ұрпақ бойында шағылыстырып, 
ақ қояндардың жүн түсінен ешқандай өзгеріс байқай алмай, қанда 
геммулалар болмайды деп тұжырым айтты.
Дарвиннің пангенезис теориясы баспаға шыққанға дейін 
1865 жылы чех жаратылыстанушысы, зерттеуші Грегор Мен-
дель «Өсімдік будандарымен тəжірибелер» атты еңбегін жарыққа 
шығарды. Бұл еңбекте кейіннен генетиканың негізі болып саналған, 
тура емес тұқым қуалау заңдылығы құрастырылған болатын. 
Зерттеулерінің нəтижесін 1865 жылы Брно (Словекия) қаласы 
табиғат зерттеушілер қоғамының отырысында баяндады. Дарвин-

7
ге Мендельдің тəжірибелері таныс емес болатын. Ч.Дарвин өзінің 
1876 жылы жазған «Айқас жəне өздігінен ұрықтанудың əсері» атты 
еңбегінде Гофмманның 1869 жылы жазылған «Түр мен əртүрліліктің 
мəселелері» атты еңбегіне сілтеме жасайды, ол еңбекте автордың 
Мендельдің мақаласына бес сілтемесі бар еді, бірақ ол сілтемелерге 
Дарвин көңіл аудармады.
Замандастары  Мендельдің тəжірибелерін байқамады деп айту 
қате пікір болар еді, өйткені 1865 жылдан 1900 жылға дейін ол 
еңбекке 6 рет сілтеме жасалынған, соның ішінде Британ энцикло-
педиясында 1881-1885 жылдары «будан» мақаласында да сілтеме 
болған. Шынайы қараса замандастары Мендельді түсінбеген деп 
айтуға болады. Сол замандардағы биология оның ойын қабылдауға 
дайын емес болатын. Алайда ол сол кездегі өсімдіктерді буданда-
стыру туралы тəжірибелер жасаған жалғыз немесе бірінші ғалым 
емес еді. Олар Европаның бірнеше қалалаларында, сонымен қатар 
Петербургта да еңбек еткен, темекі өсімдігінің будандық қуатын 
жəне реципрокты будандастырудың бірдей нəтиже көрсететіндігін 
ашқан неміс ботанигі И.Г.Кельрейтер (1773-1806). Ағылшын
Т. Э. Найт (1759-1838) кейінірек Мендель жасаған тəжірибелердегі 
сияқты, бұршақ өсімдігімен тəжірибелер жүргізу арқылы реципрок-
ты будандастырулардың бірдей нəтиже беретіндігін, бірінші бу-
дан ұрпақтардың белгілерінің бірдей болатындығын, будандардың 
өздігінен тозаңданғанда белгілерінің ажырайтындығын ашқан бо-
латын. Оның отандасы жəне замандасы Дж. Госс (1822) екінші бу-
дан ұрпақтарды тағы өздігінен будандастырса, олар белгілері ажы-
райтын жəне белгілері ажырамайтындар болып бөлінетіндігіне 
көңіл аударған. Француз зерттеушісі О. Сажрэ (1763-1851) кон-
стантты белгілердің будандастыру кезінде қайта бөлінетіндігіне 
көңіл аударған. Ол 1825 жылы жазған еңбегінде комбинативтік 
өзгергіштік туралы: «Табиғаттың біркелкілікті қалыптастырмау 
үшін жəне əртүрлі белгілерді алу үшін қолданатын тəсілдерінің 
қарапайымдылығына таңғалмасқа болмайды. Белгілердің қосылуы 
мен ажырауы – екі қасиеттің əртүрлі жолдармен комбинацияланып 
əртүрлілікті шексіз өзгерте алады» деп таңдана жазған. 
Г. Мендельге дейінгі ешбір ғалым өз алған мəліметтерін əртүрлі 
будан ұрпақтар кластарының арақатынасы тұрғысынан есептеуге 
ұмтылмаған да. 
Г. Мендельдің басты жетістігі, дискретті факторлардың тұқым 
қуалау гипотезасын тексеру үшін гибридологиялық талдау əдісін 

8
құрып оны қолданғандығы болып табылады. Мендель ашқан тұқым 
қуалау құбылысының заңдылықтары нақты 1900 жылы ғана бағалана 
бастады.
1900 жылы Гуго Де Фриз Голландияда, Карл Корренс Герма-
нияда, Эрих Чермах Австрияда, бір-бірімен байланыссыз, əртүрлі 
нысандармен зерттеулер жүргізіп, Мендель тапқан белгілердің 
тұқым қуалау заңдылықтарын қайтадан ашты, сондықтан 1900 жыл 
генетиканың дүниеге келген жылы деп есептелінеді. Тұқым қуалау 
заңдылықтарының қайтадан ашылып жарық көруі, өсімдіктер 
мен жануарлардың басқа түрлерінде де осы заңдылықтардың 
болатындығын тексеруге арналған жұмыстардың əрі қарай жүргізіле 
беруіне мүмкіндік тудырды. 1902 жылы У.Бэтсон оны тауықтардың 
айдарларының пішінінің тұқым қуалауы мысалында, ал дəл сол 
жылы А.Кюэно үй тышқанының ақ жəне сұр түстерінің тұқым 
қуалау мысалдары арқылы дəлелдеді. 1909 жылы У.Бэтсон Мен-
дель ашқан тұқым қуалау заңдылықтары дəлелденген өсімдіктердің 
100 белгісін жəне жануарлардың да шамамен сонша белгісі ту-
ралы, жиынтық материалы бар мақаласын баспада жариялады. 
Нəтижесінде Мендель ашқан тұқым қуалау заңдылықтарының уни-
версалды жəне материалдық негізі бар екендігі анықталды. Менде-
лизм нық ғылымға аяқ басты. 
Мендель заңдылықтары қайтадан ашылмас бұрын тұқымқуалау-
дың ядролық гипотезасы пайда болды, бұл теория неміс зерттеушісі 
Т.Боверидің (1862-1915) 1889 жылы өте көркем жасалған, 
теңіз кірпілерінің будандасуы барысында аталық жəне аналық 
пронуклеустардың бірдей мəнде болатындығын анықтаған тə-
жірибесінен кейін дəлелденді. Ол тəжірибеде ғалым ядрола-
ры зақымданған жұмыртқаларды ұрықтандырса да, дернəсіл 
аталық пронуклестардың арқасында дамитындығын, алайда 
ол дернəсілдердің көлемі қалыптыларына қарағанда 4 есе кіші 
болатындығын байқады. Өз тəжірибелерінде Т.Бовери теңіз 
кірпілерінің дернəсілдері қаңқасымен ажыратылатын екі түрін 
қолданды:  Echinus microtuberkulatus жəне Sphaerchinus granularis. 
Қалыпты ұрықтану барысында дернəсілдердің қаңқасы аралық 
пішінді болса, ал егер ядросыз E. microtuberkulatus жұмыртқасын 
S. granularis сперматазоидымен ұрықтандырғанда толығымен 
S. granularis қаңқа құрылысы қайталанды, дегенмен пішіні 
қалыпты жағдайдан кіші болды, осылайша ядроның тұқымқуалау 
барысындағы рөлі маңызды екендігі дəлелденді.

9
Хромосомалық гипотезаға бір қадам ғана қалды. Оны 
У.Сэттон Мендель ашқан тұқым қуалаушылық заңдылықтары мен 
хромосомалардың өте параллель тұрғандығына көңіл аудара оты-
рып айтты. 1903 жылы У.Сэттон Мендель заңдылықтары қайтадан 
ашылғаннан кейін ғана мендельдік факторларды хромосомаларға 
орналастырды. 
Тұқым қуалау құбылысы туралы ұғымның қалыптасуына 
неміс биологы А.Вайсманның онтогенез барысында қалыптасқан 
белгілердің тұқым қуаламайтындығы, ұрық жасушаларының 
автономдығы туралы, мейоз барысында хромосомалар санының 
редукциясы түр хромосомалары жиынтығының диплоидтық 
тұрақтылығын сақтап тұру үшін жəне комбинативтік өзгергіштіктің 
негізі деген ойлары үлкен үлес қосты. 
ХХ ғасырдың басында 1901 ж. Голландия ғалымы Г. Де Фриз 
мутациялық өзгергіштік теориясын ұсынды, ол теория бойынша 
ағзалардың тұқым қуалайтын қасиеттері мен белгілері константты 
емес, олар тұқым қуалау бірліктерінің мутацияға ұшырауына бай-
ланысты кенеттен өзгере алады деген ойды айтты. Г.Де Фриздің 
мутациялық теориясы орыс ботанигі С.И.Коржинскийдің (1861-
1900) гетерогенез теориясымен астарласып жатқан еді. 
Сонымен генетиканың əдістемесі гибридологиялық талдау, 
цитологиялық əдіс пен мутациялық үрдістер негізінде қалыптасты. 
Тұқым қуалаумен өзгергіштікті зерттеудегі классикалық генетика-
ның негізін қалаған осы үш əдіс қазіргі күнге дейін өзектілігін жо-
ғалтқан жоқ, басқа да жаңа əдістермен толығып дамып келе жатыр. 
Генетиканың дамуындағы басты кезеңдердің бірі, генетиканың 
жаңа зерттеу нысаны болған Drosophila melonagaster мен жасаған 
тəжірибелерінің нəтижесінде тұқым қуалаудың хромосомалық тео-
риясын ашқан Америка ғалымы, эмбриологы Томас Хант Морганның 
(1866-1945) есімімен жəне оның мектебімен байланысты болып 
келеді. Ол өзінің оқушылары А.Стертевант (1891-1970), К.Бриджес 
(1889-1938), Г.Меллермен (1890-1967) бірге ХХ ғасырдың 20-жыл-
дары гендердің хромосомада тізбектеле  орналасатындығы туралы 
теория мен гендер теориясының алғашқы нұсқасын ұсынды. Ген 
мəселесі генетиканың басты мəселесі болды. Бұл бағытта қазірдің 
өзінде де зерттеулер жүргізілуде. 
Тұқым қуалайтын өзгергіштік туралы келесі еңбектер кеңес 
ғалымы Николай Иванович Вавиловпен (1887-1943) де байланыс-
ты, ол 1920 ж. тұқым қуалайтын өзгергіштіктің гомологиялық 

10
қатары туралы заңын ашты. Бұл заң жақын туыстар мен түрлердің 
өзгергіштігінің параллельдігі туралы көптеген мəліметтерді жинап 
генетикамен систематиканы нық байланыстырды. 
Мутациялық теория үрдісі 1925 жылғы индукциялық мута-
генез ғылыми жаңалығымен толыға түсті. Кеңес микробиолог-
тары Г.А. Надсон мен Г.С.Филлипов 1925 ж. төменгі сатыдағы 
саңырауқұлақтарға радиоактивті сəулелердің мутациялық əсер 
ететіндігін байқаған. 1927 ж. америкалық ғалым Г.Меллер дро-
зофила шыбынымен тəжірибе жүргізіп радиоактивті сəулелердің 
мутациялық əсерін көрсетсе, келесі бір америка биологы Дж.Стадлер 
(1927) сол құбылысты өсімдіктерден де байқаған. 
Индукциялық мутагенез құбылысын қолданып 1929 ж.
А.С. Серебровский (1892-1948) бастаған кеңес ғалымдары Dro-
sophila melonagaster-дің гені күрделі құрылымды екендігін алғаш 
рет анықтады. 
1919 ж. Ю.А.Филипченко (1882-1930) Петроград университе-
тінде ТМД-дағы алғаш генетика кафедрасын құрды, ал 1920 ж. 
соның жанынан Петроград университетінің Петергоф жаратылыста-
ну ғылымдары институтында ғылыми зерттеу жұмыстары зертха-
насын ұйымдастырды. 1929 ж. ол бірінші «Генетика» оқулығын жа-
зып шықты, бұл кітабында бұрын жазылған «Өзгергіштік жəне оны 
зерттеу əдістері», «Тұқымқуалаушылық» атты кітаптарын біріктірді. 
Ю.А.Филипченко қайтыс болғаннан кейін «Жұмсақ бидайдың гене-
тикасы» атты кітабы шықты, ол өсімдіктерді генетикалық талдау -
да ғы алғашқы əдістемелік еңбек болды. 1921 ж. академик 
Ю.А.Филипченко Ғылым академиясының Жаратылыстану өндіріс -
тік күштер комитеті жанынан алғаш рет зертхана ұйымдастырды, 
кейін ол Генетика институтына айналды. Бұл институтты 
Ю.А.Филипченко қайтыс болғаннан кейін Н.И.Вавилов басқарды.
1930 ж. А. С. Серебровский Москва университетінде генетика 
кафедрасын ұйымдастырды. Осы жерде ғалым өзінің жануарлармен 
ғылыми зерттеу жұмыстарын оқытушылық қызметімен қатар алып 
жүрді. 1948 ж. «Генетикалық талдау» атты еңбегін аяқтады, ол 1970 
ж. жарыққа шықты. 
1932 ж. Ленинград университетінде өсімдіктер генетикасы ка-
федрасы ашылып, оны Г.Д.Карпеченко (1899-1942) басқарды. Бұл 
ғалым өсімдіктердің əртүрлі түрлерінің геномдарын біріктіруге 
болатындығын тəжірибе жүзінде көрсетті. Сол арқылы өсімдіктерде 
түр түзудің тағы бір жолы ашылды. 

11
ХХ ғасырдың 20-30 жылдары ірі ғылыми-зерттеу орталықтар-
дың бірі болып 1916-1917 жылдары Н.К.Кольцов (1872-1940) құр -
ған Москвадағы эксперименттік биология институты саналды. 
Өзінің негізгі жұмыстарын С.С.Четвериков (1880-1959) осы инсти-
тутта атқарды, 1926 ж. тəжірибе жүзінде мутациялық үрдістердің 
табиғи популяцияларға əсерін көрсетті.
40-жылдары Дж. Бидл (1903 жылы туылған) мен Э.Тэйтум 
(1909-1975) биохимиялық генетиканың негізін қалады. Олар нан 
саңырауқұлағында  Neurospora crassa мутациялар жасушалық 
метоболизмнің əртүрлі кезеңдеріне блокада жасайтындығын 
анықтады, яғни гендер ферменттердің биосинтезін бақылайды деген 
ұсыныс жасады. 
1944 ж. америкалық О.Эвери, К.Мак-Леод, М.Мак Карти пнев-
моккок микроағзаларының белгілерін трансформациялаудағы ну-
клеин қышқылдарының рөлін анықтады. Олар трансформация 
жасайтын агенттерді ДНҚ молекуласымен ұқсастандырды. Бұл 
молекулалық генетиканың дами бастағандығының көрінісі еді. 
ДНҚ молекуласының құрылымын ашқан америка вирусологы 
Дж.Уотсон (1928 жылы туған) мен ағылшын физигі Ф.Крик (1916 
жылы туған) болды, олар 1953 жылы ДНҚ полимерінің құрылымдық 
моделін жария етті. 
Генетиканың қысқаша даму тарихын келесі кестеден қарастыруға 
болады.
1-кесте
Генетиканың қысқаша даму тарихы
№ Жылдар
Маңызды оқиғалар
Автор
1
2
3
4
1 1838-1839 Жасуша теориясының ашылуы
Т.Шванн, М.Шлейден
2 1865
«Өсімдік будандарымен тəжірибе» 
жұмысының шығуы
Г.Мендель
3 1870
Митоздың өсімдіктер ағзасында 
ашылуы
Е.Страсбургер
4 1879-1882 Митоздың жануарлар ағзасында 
ашылуы
В.Флемминг
5 1875
Ұрықтану барысында 
жануарларда  пронуклеустардың 
қосылуының ашылуы
Э. Ван Бенеден
О.Гертвинг

12
6 1883
Ұрықтану барысында өсімдіктерде  
пронуклеустардың қосылуының 
ашылуы
Н.Н.Горожанкин
7 1884
Ұрықтану барысында өсімдіктерде  
пронуклеустардың қосылуының 
ашылуы
Е.Страсбургер
8 1883-1884 Тұқым қуалаудың ядролық 
теориясының ашылуы
В.Ру
Е.Страусбургер
О.Гертвиг
9 1883
«Хромосома» терминінің 
қабылдануы
В.Вальдейер
10 1884-1887 Хромосомалардың «ажырауының» 
ашылуы
Л.Гайзер
Э. Ван Бенеден
11 1885
Хромосома жиынтығының 
тұрақтылығының ашылуы
К.Рабль
12 1887
Редукциялық бөлінудің ашылуы
Э. Ван Бенеден
В.Флемминг
13 1900
Мендель заңдарының қайтадан 
ашылуы
К.Корренс
Э.Чермак
Г.Де Фриз
14 1901
Мутациялық өзгергіштік 
теориясын ұсынды
Г.Де Фриз
15 1902
Гаметалардың  тазалық ережесі
У.Бэтсон
16 1906
«Генетика» термині қабылданды
У.Бэтсон  
17 1909
«Ген», «генотип», «фенотип» 
терминдері қабылданды
В.Иогансен
18 1925
Саңырауқұлақтармен тəжірибеде 
рентген  сəулелерінің тұқым 
қуалайтын өзгергіштіктердің 
пайда болуына себепкер екендігі 
туралы мəліметтер алды
Г.А.Надсон 
Г.С. Филлипов
19 1927
Дрозофиламен  жасаған 
тəжірибелерінде рентген 
сəулелерінің тұқым қуалайтын 
өзгергіштіктердің пайда болуына 
себепкер екендігі туралы 
мəліметтер алды
Г.Меллер

13
Кестенің жалғасы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет