ОҚулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен


Дәрістер, семинарлар, практикалық сабақтар



бет15/52
Дата15.12.2019
өлшемі471,07 Kb.
#53615
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   52
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu (1)

Дәрістер, семинарлар, практикалық сабақтар


Колледждегі және ЖОО-дағы дәрістің мақсаты – білім алушылардың оқу материалын терең меңгеруі үшін бағыт беретін негізді қалыптастыру. «Дәріс» сӛзі латынның «lection» - оқу деген сӛзін білдіреді. Дәріс ең алғаш Ежелгі Грецияда пайда болған, әрі қарай Ежелгі Римде және орта ғасырларда дамытылған. Ресейде оқытудың дәрістік формасын ең алғаш М.В.Ломоносов қолданып, таратқан. ХІХ ғасырдың ортасынан бастап ғылыми және техникалық білімнің артуына байланысты дәріс сабақтарын студенттердің ӛзбеттілігін және белсенділігін талптандыратын практикалық сабақтармен толықтыру қажеттілігі арта бастады.

Бүгінгі таңда оқу материалын дәрістік баяндауды қолдаушылармен қатар оған қарсы шыққан адамдар да бар. Олардың дәйектерінде шындық та бар. Не болса да, оларды есте сақатаған дұрыс:



  1. Дәріс бӛтен пікірлерді енжар түрде қабылдауға үйретеді, ӛзіндік сананының дамуына кедергі келтіреді. Дәріс қаншалықты күшті болса, бұл заңдылықтың сақталуы соншалықты нәтижелі болады.

  2. Дәріс ӛз бетімен жұмыстануға талапты жояды.

  3. Оқулықтар мүлдем жоқ немесе аз мӛлшерде болған жағдайда ғана дәріс оқыған дұрыс.

  4. Кейбір студенттер айтылған нәрсені ұғынса, кӛп студенттер – дәріс білім алушының сӛздерін жазып алуға ғана үлгеріп отырады.

Дегенмен, тәжірибе кӛрсеткендей, дәрістен бас тарту студенттер дайындығының ғылымилық деңгейін тӛмендетеді, семестр бойына жұмыстанудың жүйелілігін және бір қалыптылығын бұзады. Сондықтан дәріс осы күнге дейін колледж, ЖОО-да оқу үрдісін ұйымдастырудың басты формасы болып отыр. Жоғарыда аталған кемшіліктерді кӛп орайда дұрыс әдістемемен және оқу материалын ұтымды жеткізумен жоюға болады.

Оқытудың дәрістік формасы мына жағдайларда қажет:



  1. жаңа енгізілген курстар бойынша оқулықтар болмаған жағдайда дәріс ақпараттың негізгі кӛзі болып табылады;

  2. нақты тақырып бойынша берілетін жаңа оқу материалы қолда бар оқулықтарда ашылмаған немесе оның кейбір жақтары ескірген жағдайда;

  3. оқулықтың кейбір тақырыптары ӛз бетімен зерттеуге ӛте күрделі болған жағдайда оқытушының әдістемелік ӛңдеуін қажет еткен кезде;

  4. курстың негізгі проблемалары бойынша екіжақты, қарам- қарыс тұжырымдар болған жағдайда. Бұнда дәріс оларға объективті баға беру үшін оқылады;

  5. студенттердің кӛзқарасын қалыптастыру мақсатында дәріс білім алушының оларға жеке эмоционалдық әсер етуі маңызды болған жағдайда. Дәрістің эмоционалдық сипаты ғылыми мазмұнмен біріге отырып, ой мен сӛздің үйлесімділдігн тудырады және тыңдаушылармен жақсы қабылданады.Әсіресе бұл гуманитарлық пәндерді оқытуда ерекше орынға ие. Сонымен қатар жаратылыстану және дәл пәндердің оқытушыларына да эмоционалдық қажет.

Әсіресе, авторлық дәрістер ерекше әсер етеді. Бұл мәселе бойынша К.Тимирязевтің айтуынша, дәрісте ғылыми проблемалардың дұрыс шешімі идеяға берілу, сол идеяны

ұстанумен бірігуі керек. Д.И.Менделеевтің дәрістері тап осы қасиеттерге ие болған.



Дәрістің артықшылығы:

  1. дәріс білім алушының аудиториямен шығармашылық қарым-қатынас жасауы, шығармашылықпен бірге айналысу, эмоционалдық ӛзара әрекеттесу;

  2. дәріс – білім негіздерін жалпы түрде алудың ең үнемді тәсілі;

  3. дәріс дұрыс ұғынылып, мұқият тыңдалған жағдайда студенттің ақыл-ой әрекетін белсендендіреді.

Сондықтан дәріс жүргізушінің мақсаты – студенттердің белсенді зейінін дамыту, оларда ой қозғалысын тудыру. Соңғы кезде кредиттік жүйе бойынша студенттерге оқытушыларды таңдау еркі берілген. Бұл оқытушының дәріс оқу шеберлігін арттыру проблемасын алға қояды.

Кӛп оқытушылардың есептеуінше, дәріс жүргізушінің міндеті – ӛз пәнін жақсы білу және оны анық түрде баяндау. Бірақ «анық түрде баяндау» деген не? Бұл ӛте күрделі педагогикалық проблема



  • бұл баяндаудың жүйелілігі, кӛрнекілігі, тыңдаушылардың материалды саналы және белсенді түрде меңгеруі, нәтиже ретіндегі түсіну.

Дәріске қойылатын талаптар

Дәріс пен оқытудың адамгершілік сипаты, ғылымилық (қазіргі ғылымның даму деңгейіне сәйкестігі) және ақпараттық деңгей, дәлелділік және дәйектілік, ашық, сенімді мысалдардың, фактілердің, негіздемелердің, құжаттардың және ғылыми дәлелдердің жеткілікті мӛлшерде болуы, баяндау формасының эмоционалдығы, тыңдаушылардың ойын белсендендіру, ой- толғаныс үшін сұрақтар қою; қарастырылатын сұрақтардың қатаң құрылымы және қисыны; әдістемелік ӛңделуі – негізгі ойларды және қағидаларды кӛрсету, қорытындылардың астын сызу, қорытындыларды түрлі формулировкада қайталау; қол жетерлік деңгейде және анық баяндау, жаңа терминдерді және атауларды түсіндіру; мүмкіндігінше аудиовизуальды материалдарды қолдану. Аталған талаптар дәрістің сапасын бағалау критерийлерінің негізін құрайды.



Дәрістің қҧрылымы

Дәрістер бір-бірінен құрылымы бойынша ажыратылады. Ол берілетін материалдың мазмұнына және сипатына тәуелді. Бірақ

кез-келген дәріс түріне ортақ жалпы құрылымдық негіз бар. Бұл ең алдымен дәрістің жоспарын беру және сол жоспарды қатаң сақтау. Жоспарда дәрістің басты сұрақтарының атаулары беріледі. Олар кейін емтихан сұрақтарын жасақтауда пайдаланылады.

Алдыңғы ӛткен дәрістің мазмұнын еске түсірген пайдалы, оны жаңа материалмен байланыстырып, жалпы курс, пән құрылымында оның орнын және маңызын анықтау қажет.

Тақырыпты ашуда индуктивті әдісті қолдану ұсынылады: ғылыми қорытындылар жасауға мүмкіндік беретін мысалдар, фактілер; сонымен бірге дедуктивті әдісті де қолдануға болады: жалпы қағидаларды түсіндіріп, оларды нақты мысалдар негізінде кӛрсету. Талданатын әрбір қағида бойынша қорытынды жасалу керек, оларды интонациямен және қайталаумен айқындаған жӛн. Дәріс соңында жалпы қорытынды жасау керек. Колледж және ЖОО-дағы дәстүрлі дәріс ақпараттық болып табылады. Оның бірнеше түрлері бар: кіріспе дәріс, шолу-қайталау дәрісі, шолу дәрісі.

Кіріспе дәріс. Ол студенттерді курстың мақсат-міндеттерімен, оның оқу пәндері жүйесіндегі орны және маңызымен таныстырады. Әрі қарай курсқа жалпы шолу жасалады (аталған ғылымының даму кезеңдері, белгілі ғалымдарының есімдері). Бұндай дәрісте ғылыми проблемалар қойылады, болжамдар ұсынылады, ғылымның даму перспективалары және оның практикадағы маңызы белгіленеді. Кіріспе дәрісте теориялық материалды мамандардың болашақ жұмыс практикасымен байланыстырған жӛн. Содан кейін курс бойынша жұмыс жасаудың жалпы әдістемесімен таныстырып, оқулықтар және оқу құралдарына сипаттама береді, міндетті әдебиеттер тізімімен, емтиханда қойылатын талаптармен таныстырады.

Шолу-қайталау дәрісі тараудың немесе курстың соңында оқылады. Онда сол тараудың не курстың ғылыми-ұғымдық негізін құрайтын барлық теориялық қағидалар қарастырылады. Бұл курстың квинтэссенциясы.

Шолу дәрісі. Бұл қысқаша конспект емес, білімді жоғарырақ деңгейде жүйелеуге бағытталған. Бұнда емтиханның күрделі сұрақтары да қарастырылады.

Дәрісті оыған кезде оқытушы студенттердің конспект жазатындығын естен шығармаған жӛн. Конспект мұқият тыңдауға, жазу барысында жақсы есте сақтауға кӛмектеседі, семинар

сабақтарына, емтиханға даярлық барысында негізгі материалдың болуын қамтамасыз етеді. Дәріс білім алушының міндеті – студенттерге ұғына отырып конспект жазуға мүмкіндік беру. Тыңдауға, ұғынуға, ӛңдеуге, қысқаша жазып алуға мүмкіндік беру. Бұл үшін оқытушы студенттерге кӛмектесуі қажет. Бұны аудиторияның реакциясынан кӛріп отыруға болады.

Конспект жазуға қандай қҧралдар кӛмектеседі? Бұл дәріс материалын акцентпен айқындай отырып баяндау, яғни ең маңызды, мәнді ақпаратты дауыс жылдамдығымен, дауыспен, интонациямен, қайталаумен ерекшелеу, үзілістерді пайдалану, тақтаға жазу, иллюстрациялық материалды кӛрсету, сабақтың тәртібін қатаң сақтау.

Студенттерге конспект жазу әдістемесін, жазбаларды дұрыс графикалық орналастыруға және рәсімдеуге үйреткен пайдалы: азат жолдарды белгілеу, негізгі ойлардың, тірек сӛздердің астын сызу, қорытындыларды қоршауға алу, түрлі түсті қалам мен маркерлерді пайдалану.

Дәріс білім алушының ӛнері студенттердің дәріс барысында жұмысын дұрыс ұйымдастыруға кӛмек береді. Дәрістің мазмұны, құрылымының нақтылығы, зейінді шоғырландыру тәсілдерін қолдану – бұның бәрі ақыл-ойды және жұмыс жасау қабілетін белсендендіреді, педагогикалық байланыс орнатуға жол ашады, студенттердің эмоционалдық жауабын күтеді, еңбексүйгіштік дағдыларын тәрбиелейді, пәнге деген қызығушылықты қалыптастырады.

Дәріс сапасын бағалау.

Сапаны бағалаудағы негізгі ӛлшемдері: мазмұны, әдістемесі, студенттердің жұмысына жетекшілік ету, дәріс білім алушыға тән сапалар, дәрістің нәтижелілігі. Олардың әрқайсысына тоқталсақ.

Дәрістің мазмҧны: ғылымилық, ғылымның қазіргі даму деңгейіне сәйкестігі, дүниетанымдық жағы, әдістемелік сұрақтардың болуы, оларды дұрыс түсіндіру. Ақыл-ойды проблемді сұрақтарды қою арқылы белсендендіру және оларды дәріс барысында шешу. Сұрақтың тарихына шолу, түрлі тұжырымдамаларды кӛрсету, оның практикамен байланысы.

Дәріс және оқулық: оқулықта жоқ материал баяндалды ма? оқулықтың мазмұны қайта айтылды ма? ерекше күрделі сұрақтар түсіндіріле ме? ӛз бетімен жұмыстану үшін оқулық бойынша

тапсырма беріле ме?. Ӛткен және алдыңғы материалмен байланысы, пәнаралық, пәнішілік байланыс.



Дәрісті оқу әдістемесі: дәрістің қатаң құрылымы және баяндау қисыны. Жоспардың болуы-болмауы, оны сақтау. Дәріске байланысты әдебиеттер тізімін беру (қашан беріледі, әдебиеттің градациясы). Жаңа терминдер мен ұғымдардың қол жетерлік деңгейі және түсіндірілуі. Дәлелділік және дәйектілік. Басты ойларды кӛрсету және қорытындылар жасау.

Бекіту тәсілдерін қолдануы: қайталау, зейінді, меңгеру деңгейін тексеру сұрақтары; сұрақ соңында, дәріс соңында қорытындылар жасау. Кӛрнекі құралдарды, ОТҚ пайдалану. Дәріс білім алушының тірек материалдарын қолдануы: мәтін, конспект, бӛлек жазбалар, тірек материалынсыз оқу.



Білім алушылардың жҧмысына жетекшілік жасау: конспект жазуды талап ету және оның орындалуын бақылауы. Білім алушыларға жазу әдістемесін үйретуі және кӛмек беруі: жылдамдық, жай жылдамдық, қайталау, үзіліс жасауы, графиктерді сызу.

Конспектілерді тексеру жолдары: дәріс барысында, дәрістен соң, семинар және практикалық сабақтарда жүзеге асады.

Зейінді шоғырландыру тәсілдерін қолдануы: риторикалық сұрақтар, әзіл, шешен сӛйлеу тәсілдері. Сұрақ қоюға рұқсат беруі (қашан және қандай формада).



Дәріс білім алушыға тән сапалар: пәндік білімі, эмоционалдығы, дауыс ырғағы, дикциясы, шешен сӛйлеу шеберлігі, сӛйлеу мәдениеті, сыртық түрі, байланыс орнату іскерлігі.

Дәрістің нәтижелілігі: ақпараттық құндылығы, тәрбиелік жағы, дидактикалық мақсаттарға жетуі.

Колледж және ЖОО-да дәріс формасының дамуы

Отандық білім беру жүйесінің дамуы, оның ізгіліктік сипаты, жеке адамға, оның шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталуы дәрістің жаңа түрлерінің пайда болуына түрткі болды. Олар: проблемалық дәріс, бірге оқылатын дәріс, дәріс- визуализация, дәріс-пресс-конференция.

Ақпараттық дәрісте дайын ақпарат хабарланса, проблемалық дәрісте жаңа білім белгісіз нәрсе ретінде ұсынылып, оны «шешу» қажеттілігі туындайды. Оқытушының міндеті – проблемалық ситуацияны тудыра отырып, білім алушыларды сол проблеманы

біртіндеп шешуге итермелеу. Бұл үшін жаңа теориялық материал проблемалық міндет түрінде ұсынылады. Оның шартында қарама- қайшылықтар болады, оларды тауып, шешу қажет. Оның шешілуі нәтижесінде оқытушымен біріге отырып, жаңа қажетті білім табады. Осылайша, студенттердің таным үрдісі бұл жағдайда іздену, зерттеу әрекетіне жақындатылады. Басты шарт дәріс материалын, оның мазмҧнын таңдау және ӛңдеу барысында проблемалық ҧстанымын сақтау. Оны ашуда қарым-қатынастың диалогтық формасы қолданылады. Проблемалық дәріс арқылы теориялық ойдың дамуы, пәннің мазмұнына танымдық қызығушылық, кәсіптік мотивация, корпоративность дамытылады.



Дәріс-визуализация кӛрнекілік принципін жүзеге асырудың жаңа мүмкіншіліктерін іздеудің нәтижесі ретінде пайда болды. Бұл дәріс визуальды формаға ӛзгертілген ауызша ақпарат болып табылады. Бұнда оқытушы мазмұндық ақпарат беретін демонстрацилау материалдарын, кӛрнекіліктер (слайдтар, пленкалар, планшеттер, сызбалар, суреттер, кестелер, т.б.) даярлау қажет. Дәріс визуальды материал бойынша біріктірілген, толық комментарий беру болып табылады. Визуальды материал:

  1. бар білімнің жүйеленуін қамтамасыз етуі керек;

  2. жаңа ақпараттың меңгерілуін қамтамасыз етуі керек;

  3. проблемалық ситуацияларды тудыру және шешуді қамтамасыз етуі керек;

  4. кӛрсетудің түрлі тәсілдерін қамтамасыз етуі керек.

Оқу материалына байланысты кӛрнекілік түрлері: табиғи (минералдар, реактивтер, машиналардың бӛлшектері), бейнелі (слайдтар, суреттер, фотолар), символдық (сызбалар, кестелер).

Визуальдық дәрісте материалдың белгілі бір визуальдық қисыны және жылдамдығы, оның мӛлшері, оқытушының аудиториямен қарым-қатынас жасау шеберлігі және стилі. Бұндай дәрістің басты қиындығы – визуальдық құралдарды жасау және дәрісті оқу үрдісін даярлау. Мына жағдайларды есепке алған жӛн:



    • аудиторияның даярлық және білімділік деңгейлерін;

    • кәсіби бағытталуын;

    • нақты тақырыптың ерекшеліктерін.

Кез-келген материал және кез-келген пән бұл формада баяндалуға келмейді. Бірақ бұл дәрістің элементтерін кез-келген пәнде қолдануға болады (мысалы, мәдениеттану, дизайн және т.б.).

Екі адам оқитын дәріс – бұл екі оқытушының диалогы барысында материалды проблемалық жолмен ұсынудың түрі. Теориялық және практикалық сұрақтарды талқылаудың шынайы кӛрінісін екі оқытушы (мысалы, түрлі ғылыми мектептердің ӛкілдері, теоретик және практик, қорғаушы немесе қарсы шығушы) модельдейді. Оқытушылардың диалогы пікірталас жүргізу мәдениетін кӛрсететіндей болуы керек, пікірталасқа студенттерді қатысуға, ӛз пікірін дәлелдеуге, сұрақ қоюға итермелейтіндей болуы керек. Артықшылықтары:

  1. диалогты түсініп, оған қатысу үшін студенттерде бар білім ӛзектілікке иеленеді;

  2. проблемалық ситуация туындайды, дәлелдер жүйесі белгіленеді және т.б.;

  3. екі ақпарат кӛзінің болуы түрлі пікірлерді салыстыруға, таңдау жасауға, ӛз кӛзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік береді;

  4. пікірталасты жүргізу мәдениеті жайында кӛрнекі түсінігі қалыптасады;

  5. педагогтың кәсібилігі айқындалады түседі, оның тұлғасы танылады.

Алдын-ала жоспарланған қателері бар дәріс студенттердің зейінін шоғырландыруға, олардың ақыл-ой әрекетін дамытуға, сарапшы, сыншы рольдерінде сӛз сӛйлеу іскерліктерін қалыптастыруға бағытталған. Дәріске алдын-ала жоспарланған қателер (мазмұндық, әдістемелік, әрекеттік сипаттағы) енгізіледі де, оларды оқытушы дәріс соңында студенттерге ұсынады. Типтік қателер таңдалып алынады, бұнда студенттердің міндеті дәрісті оқу барысында қателерді тауып, оларды шығарып отыру. Қателерді талдауға 10-15 минут уақыт бӛлінеді. Дұрыс жауапты тек оқытушы емес, студенттер де атап отырады. Дәріс ынталандырушы, бақылау, диагностикалық міндеттерді атқарады.

Дәріс-пресс-конференция. Дәріс тақырыбын айтқаннан кейін оқытушы білім алушыларға тақырып бойынша жазбаша түрде ӛзіне сұрақтар қоюын сұрайды. 2-3 минут ішінде студенттер ӛздерін толғандырған сұрақтарды жазып, оқытушыға береді. Оқытушы 3-5 минут ішінде сұрақтарды мазмұны бойынша сұрыптайды. Бұнда дәріс сұрақтарға жауап ретінде емес, тұтас мәтін түрінде оқылады. Оны баяндау барысында берілген сұрақтарға жауаптар құрылады. Дәріс соңында оқытушы берілген жауаптарды талдайды. Бұл дәрісті мына жағдайларда ӛткізген қолайлы: тақырыптың басында

топтың қажеттіліктерін, қызығушылықтарын, мүмкіндіктерін, мақсаттарын анықтау үшін; ортасында курстың негізгі мәселелері қаралған жағдайда студенттерді тарту үшін; соңында – меңгерілген білімнің даму перспективасын анықтау үшін.

Колледж және ЖОО-ның білім беру жүйесінің оқу үрдісін ұйымдастырудың келесі түрі – семинарлар мен практикалық сабақтар болып табылады.

Колледж және ЖОО-ның оқу үрдісіндегі практикалық сабақтардың қызметі – пәнді терең зерттеу, субъективті тәжірибемен ұштастыру. Білім алушылардың практикалық міндеттерді шешу үшін алынған білімін қолдану дағдысын қалыптастыруда практикалық сабақтар ерекше орынға ие. Практикалық сабақтардың формалары әртүрлі болып келеді: тіл сабақтары, бақылу жұмысы, тест, шығарма мен мазмұндама жазу сабақтары, практикумдар.

Практикалық сабақтардың мақсаты – дәрісте жалпыланған формада алынған білімді тереңдету, кеңейту, бӛлшектеу және кәсіби іс-әрекеттің дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасау. Олар ғылыми ой мен тілді дамытады, білім алушылардың білімін тексеруге мүмкіндік береді және кері байланыс құралы болып табылады.

Практикалық сабақтардың жоспары дәріс курсының жалпы идеяларына және бағытына сәйкес құрылады. Практикалық сабақтардың әдістемесі әртүрлі, ол оқытушының жеке ерекшелігіне байланысты болып келеді. Дәріс пен практикалық сабақтардың аралығында білім алушылардың ӛздік жұмысы жоспарланады.

Барлық практикалық сабақтардың құрылымы кӛбінесе ортақ болып келеді:


    • оқытушының кіріспе сӛзі;

    • белгісіз, анық емес материал бойынша білім алушылардың сұрақтарына жауап беру;

    • практикалық бӛлімі (реферат талдау, пікірталас, есеп шығару, баяндамалар, жаттығу жұмыстары, бақылау, эксперимент және т.б.);

    • оқытушының қорытынды сӛзі.

Бұнда жеке тұрғыдан келу және педагогикалық қарым-қатынас ерекше мәнге ие ьолады. Білім алушылар ӛз мүмкіндіктерін, қабілеттерін, тұлғалық әлеуетін ашуға мүмкіндік алуы тиіс.

Біріккен топтық әрекет – ең тиімді формалардың бірі. Оның бағыты оқытушыға байланысты. Оқытушы практикалық міндеттерді студенттердің әрі қарай ӛз бетімен ізденуіне мүмкіндік беретіндей, студенттердің ақыл-ойын белсендендіретіндей, практикалық жұмыстың әдістерімен қаруландыратындай қойылуы тиіс.



Зертханалық жҧмыстар студенттердің теориялық-әдіснамалық білім мен дағдыларын біріктіруге бағытталған. Мысалы, эксперимент инженерлерді даярлауда ӛзектілікке ие.

«Лаборатория» латын тілінен «labor» сӛзін аударғанда – еңбек, жұмыс, қиындық дегенді береді. Оның мәні ежелден-ақ адам ӛмірінде болатын ғылыми және ӛмірлік міндеттерді шешу үшін ақыл-ой және дене күштерін пайдаланумен байланысты.

Оқу мамандығына орай зертханалық жұмыстар белгілі бір айқын спецификаға ие. Сондықтан әрбір нақты жағдайға түрлі әдістемелік нұсқаулар қажет.

Кез-келген практикалық сабақ формасының маңызды бӛлігі жаттығулар болып табылады. Жаттығудың негізі – дәрісте берілген теория позициясынан талқыланатын мысал. Әдетте, нақты дағдыны қалыптастыруға басты назар аударылады. Бұл студенттер іс- әрекетінің мазмұнын (есеп шығару, графикалық жұмыстар, ғылымның ұғымдары мен категорияларын нақтылау) құрайды. Білім алушылармен жаттығуды орындау барысында ұғыну және түсіну қабілеттерін қалыптастыруға ерекше кӛңіл бӛлген жӛн.

Оқыту формасы ретінде семинар сабақтары ежелден пайда болған. Семинар сӛзі латынның «seminarium» – егу дегенді береді. Білімді «егуші» педагог ӛз білім алушыларына пікірін, білімін береді деп ауыспалы мағынада қолданылған. Ежелгі грек және римдік мектептерде семинарлар пікірталас, білім алушылардың баяндамасы, оқытушылардың қорытындысы түрінде қолданылған. XVII ғ. бастап оқытудың бұл формасы Батыс Европада, ал XIX ғ. ресейлік және қазақстандық оқу орындарында таралған. Семинар сабақтары практикалық сиптта болып келген, олар белгілі бір ғалымның мектебі болып саналған.

Бүгінгі колледждер мен ЖОО-да семинар гуманитарлық және техникалық ғылымдар бойынша практикалық сабақтардың негізгі түрі болып табылады. Бұл білім алушылардың ғылыми ойлауын дамыту құралы болып табылады. Семинар пәнді терең зерттеуге, ғылыми танымның әдіснамасын меңгеруге арналған.

Семинар сабақтарының басты мақсаты – білім алушыларға зерттелетін саланың ерекшеліктеріне сәйкес теориялық білімді қолданудың іскерлігі мен дағдыларын меңгеру мүмкіндігін беру. Семинарда мынадай педагогикалық міндеттер шешіледі:


    • кәсіби шығармашылық ойды дамыту;

    • танымдық мотивация;

    • оқу жағдайларында білімді кәсіби қолдану: а) сәйкесінше ғылымның тілін меңгеру; ә) түсініктерді, ұғымдарды, анықтамаларды қолдану дағдылары; б) интеллектуалды проблемалар мен міндеттерді қою және шешу, ӛз пікірін қорғау, басқа пікірді жоққа шығару іскерліктері мен дағдыларын меңгеру.

Сонымен бірге оқытушы семинар барысында мынадай жеке міндеттерді де шешеді:

    • білімді қайталау және бекіту;

    • бақылау;

    • педагогикалық қарым-қатынас.

Колледждер мен ЖОО-ғы семинарлар үш бағытта қолданылады:

  1. Белгілі бір курсты терең зерттеу мақсатында ӛткізілетін семинар.

  2. Курстың маңызды тақырыптарын не бір күрделі әдіснамалық сипаттағы тақырыптың жан-жақты ӛңдеу үшін ӛткізілетін семинар.

  3. Ғылымның жеке проблемаларын терең зерттеу мақсатында нақты тақырып бойынша зерттеушілік типіндегі семинар.

Қазіргі колледждер мен ЖОО-ғы семинар сабақтарының ҥш типі бар: просеминар, кәдімгі семинар, арнайы семинар.

Просеминар – семинарға дайындау үшін бірінші курста ӛткізілетін сабақ. Мақсаты – білім алушыларды ӛздік жұмыстың ерекшелігімен, әдебиет тізімімен, негізгі ақпарат кӛздерімен, жұмыс жасау әдістемесімен таныстыру. Тәжірибе кӛрсеткендей, бірінші курс білім алушылары ақпарат кӛздерімен жұмыс жасауды біле бермейді, әдебиеттер тізімінен қажеттісін таңдап ала алмайды. Сондықтан әдебиетпен жұмыс жасау дағдысын дамытуға, материалды шығармашылықпен ӛңдеуге ерекше назар аударған жӛн.

Просеминарда жұмыс жасаудың екінші кезеңі – белгілі бір тақырыптарға реферат даярлау, оны оқу және талқылау, қорытындылау. Маңызды оқу және тәрбиелік міндеттер 2-3

курстарда және әсіресе 4 курстардағы арнайы семинарларда шешіледі.

Арнайы семинар.

Жоғары курстардағы семинар білім алушыларды арнайы семинарға біртіндеп даярлайды. Арнайы семинар – бұл зерттеушілерге арналған белгілі бір ғылыми проблема бойынша пікір алмасу мектебі болып табылады. Арнайы семинардың нәтижелілігі оның жетекшісіне байланысты. Беделді маман жетекшілік жасайтын арнайы семинар ғылыми оқу орынының сипатына иеленеді, білім алушыларды ұжымдық ойлауға және шығармашылыққа үйретеді. Семинар сабақтарында талқыланатын мәселелер:



  • курстың негізгі тақырыптары, оларды меңгеру кәсіби дайндықтың сапасын анықтайды;

  • түсіну және меңгеруде қиын болатын сұрақтар.

Оларды әрбір білім алушылардың қатысуын қамтамасыз ететін ұжымдық жұмыста талқылаған жӛн.

Семинар – қатысушылардың ӛзара әрекеттесуі және қарым- қатынасы. Семинар сабақтарының формалары: а) алдын-ала белгіленген жоспар бойынша әңгіме; б) білім алушылардың шағын баяндамалары, кейін оны семинарға қатысушылар талқылайды. Семинар – бұл білім алушылармен тікелей байланыс, сенімді қарым-қатынас орнату, педагогикалық қарым-қатынас. Семинар сабақтарында біріккен шығармашылық, біріккен іс-әрекет ұстанымы жүзеге асырылады.

Семинар сабағының дәстүрлі ұйымдастырылуы тӛмендегідей формаларда болуы мүмкін:


  1. Топтық форма. Оқытушы тұтас топпен әрекеттеседі. Бұнда оқытушы қарым-қатынастың топтық тәсілін сақтайды. Кемшіліктері:

  • жауап беретін білім алушы жеке білімін кӛрсететін болғандықтан, бұнда қарым-қатынас жоққа жақын.

  • ынтымақтастық пен ӛзара кӛмек жоқ. Жауап беріп тұрған білім алушыға кӛмектесу тәртіп бұзушылық, тыйым салынған тәсіл ретінде қабылданады.

  • оқу әрекетіне білім алушылардың тұлғалық қатысуы жоқ.

  • білім алушылардың интеллектуалдық белсенділігіне кедергі келтіреді.

  • оқытушы мен білім алушы арасындағы қашықтық қарым- қатынасқа, ӛзара әрекеттесуге тосқауыл болып табылады.

  • білім алушыларға үндемей отыру, семинарға қатыспай басқа жұмыспен айналысу мүмкіндігі беріледі.

Семинарды ұйымдастырудың мұндай формасы білім алушыларды енжар позицияға қояды, олардың сӛйлеу белсенділігі барынша тӛмен дәрежеде болады. Кәсіби қарым-қатынас жасау және әрекеттесу дағдыларын қалыптастыру мүмкіндігі жоқ. Осылайша, сабақтағы топтық оқыту формасы ұжымда, ӛндірісте адамдар қарым-қатынасының тиімді моделіне жатпайды, бүгінгі таңда мамандарды даярлау қажеттілігін қанағаттандырмайды.

Тиімді форманы іздестіру нәтижесінде «дӛңгелек үстел» принципіне негізделген семинар сабағының ұжымдық формасына әкелді:



  1. Дӛңгелек ҥстел. Бұл форма қазіргі ӛндірістегі кәсіби қарым- қатынастың ерекшеліктерін кӛрсетеді. Бұндай семинарда ынтымақтастықпен жұмыстану және ӛзара кӛмекке келу жүзеге асырылады. Әрбір білім алушының интеллектуалдық белсенділікке құқығы бар, семинардың жалпы мақсатына бағытталған, ұжымдық шешім қабылдау және қорытындылар жасауға қатысады. Біріккен жұмыста білім алушы белсенді позицияға иеленеді. «Дӛңгелек үстел» принципі, әсіресе пікірталас-семинарда толлық сақталады.

  2. Пікірталас-семинар – курстың теориялық және практикалық проблемалары біріккен жұмыс арқылы талқыланып, шешілетін қатысушылардың диалогтық қарым-қатынасы. Талқылауға курстың ең ӛзекті деген мәселелері шығарылады. Пікірталаста әрбір қатысушы баяндамасында ӛз пікірін нақты білдіруі, қорғауы, дәйекті түрде қарсы шығуы, қате пікірді жоққа шығара білуі тиіс. Нәтижелі пікірталас болуы үшін білім алушылардың дәріс және ӛздік жұмысы барысында жинақталған жеке білімі қажет.

Білім алушыларды қарым-қатынас және ӛзара әрекеттесу мәдениетіне үйрету ӛте маңызды. Пікірталас-семинардың бӛлігі ретінде «миға шабуыл», «іскерлік ойын» әдістерінің элементтерін қолдануға болады. Бірінші жағдайда семинарға қатысушылар мүмкіндігінше кӛп идеяларды ешқандай сынсыз ұсынады, содан кейін оның ішінен ең маңыздылары таңдалып, талқыланады, шешіледі. Екінші әдісте семинар рольдік құралдар кӛмегімен ұйымдастырылады. Бұнда материалдың мазмұнына байланысты

жүргізуші, қарсылас, сыншы, логик, психолог, сарапшы және т.б. рольдерді ажыратуға болады.

Пікірталас-семинарды жүргізуші пікрталасқа жетекшілік жасайды, уақытты бақылайды, айтылатын баяндамалардың дәйектілігін, орындылығын тексеріп отырады.

Қарсылас немесе сыншы оппозиция ролін атқарады, яғни баяндамашы позициясының осал, таласты тұстарын немесе қателерін тауып, проблеманы шешудің басқа жолдарын ұсынады.

Логик баяндамашы және қарсыластың сӛздерінен қарама- қайшылықтар мен логикалық қателерді анықтайды, ұғымдарды нақтылайды, талдайды.

Психолог талқылаудың нәтижелілігін, әдептілігін талқылайды, диалогережелерінің сақталуын бақылайды.

Сарапшы пікірталастың нәтижелілігін бағалайды, қатысушылардың қарым-қатынастарына сипаттама береді, пікірталасқа қатысушылардың қосқан жеке үлестері жӛнінде пікір айтады.

Пікірталас-семинарда оқытушының ролі ерекше:



  1. Талқыланатын проблемалар мен сұрақтар аясын белгілеу.

  2. Семинар тақырыбы бойынша баяндамашылар мен қатысушыларға арналған негізгі және қосымша әдебиеттер тізімін жасау.

  3. Білім алушылардың ұжымдық жұмысқа қатысу формаларын және функцияларын белгілеу.

  4. Білім алушыларды таңдап алған рольдеріне даярлау.

  5. Семинар жұмысын басқару.

  6. Пікірталасты жалпы қорытындылау.

Семинар сабақтарының ерекше формасы бар: әдетте, арнайы курстың оқылуы барысында пайдаланылатын зерттеу-семинары. Зерттеу-семинарының басында білім алушылар оқытушының ұсынысымен 7-9 адамнан тұратын шағын топтар құрайды. Шағын топтар сабақтың тақырыбы бойынша проблемалық сұрақтар тізімін жасалады. 5-15 минут ішінде білім алушылар пікір алмасады, сӛз сӛйлеуге даярланады. Топша баяндама білім алушыны белгілейді. Басқа білім алушылар оқытушы не басқа топтың білім алушылары қоятын сұрақтарға жауап береді. Сабақтың соңында оқытушы қорытынды жасап, білім алушылардың жұмысын бағалайды.

Семинар сабағын бағалау ӛлшемдері:

  1. Мақсатқа бағытталуы: проблема қою, болашақ кәсіби қызметтің материалын пайдалана отырып, теорияны практикамен байланыстыру.

  2. Жоспарлау: кәсіби пәндермен байланысты негізгі сұрақтарды белгілеу, әдебиет тізімінде жаңа оқулықтардың болуы.

  3. Семинарды ҧйымдастыру: пікірталасты тудыру және оны ӛрбіту іскерлігі, барлық жауаптар мен баяндамаларды талдау, оқу уақытының пікірталаспен толықтырылуы, оқытушының ӛз іс- әрекеті.

  4. Семинарды ӛткізу стилі: қызу пікірталас тудыратын ұтымды сұрақтар қою, ойды да, қызығушылықты да оятпайтын пікірталас.

  5. «Білім алушы-оқытушы» қарым-қатынастары: құрметпен қарайды, талап қоятындай, бейтарап.

  6. Топты басқару: Білім алушылармен байланысты тез орнатуы, топта ӛзін сенімді ұстауы, білім алушылармен әділ және орынды әрекеттесуі, керісінше, ӛктем дауыс, жұмыста кӛшбасшыларға сүйенуі, басқа студенттерді енжар қалдыруы.

  7. Оқытушының ескерту жасауы: білікті, жалпы немесе ескертулер жасамайды.

  8. Білім алушылардың семинарда жазып алуы: күнделікті, сирек, жазбайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   52




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет