ОҚулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



бет16/52
Дата15.12.2019
өлшемі471,07 Kb.
#53615
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   52
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu (1)

4. Студенттердің ӛздік жҧмысы


Колледж және жоғары оқу орнындағы оқытудың басты міндеті

  • ӛз бетімен жұмыс жасау, шешім табу, ойлау іскерліктерін дамыту. Кредиттік жүйе бойынша ӛзіндік жұмыстарға бӛлінетің сағат санының кӛбеюі, білім алушының танымдық ӛзбетілігін және олардың әдебиет кӛздерімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастырады.

Педагогикалық жүйе ретінде қалыптасқан студенттердің ӛздігінен орындайтын жұмыстары олардың танымдық белсенділігін, шығармашылық қабілетін арттырып, оларды тиянақтылыққа, ұстамдылыққа, бастаған істі аяғына дейін жеткізуге тәрбиелейді. Шебер оқытушы ӛзіндік ойдың пайда болуына жағдай жасап, оны қолдайды, ойдың зияткерлік құқығын сақтайды, әрбір нәрсеге ӛз күшімен, еңбегімен, белсенді іс- әрекетімен жету дағдысын дамытады. Кітаппен жұмыс, кітапханада жұмыс, пікірталастар, ӛздік тәжірибелер, проблемалық міндеттерді шешу, ғылыми әдебиетті, журналдарды оқу, пікір алмасу, ӛлең,

мақала, шығарма, баяндама жазу – бұл білім алушылардың қабілеттерін дамытуды қамтамасыз ететін еңбек түрлері. Сондай оқытудың бір түрі – студенттердің ӛздік жұмысы (СӚЖ).



СӚЖ-н жекелеу. СӚЖ үшін жеке тапсырмалар жасауда адамдардың интеллектуалдық сапаларынан шығу керек. «Жай ойлайтындар» бар, «жылдам қабылдайтындар» бар, «идеяны тудырушылар» бар, «идеяны орындаушылар» бар. Біреулер жеке жұмысты таңдаса, басқалары – ұжымда жұмыстануға бейім болып келеді. СӚЖ орындауда студенттерге ӛз мінез-құлқындағы кемшіліктерді жоюға кӛмектесу керек. Тӛмендегі ұсыныстар оқытушыларға түрлі сипатты студенттермен жұмыстануда жекелеу тұрғысын қолдануға мүмкіндік береді:

  • аудиториялық сабақтарды ӛткізгенде ӚЖ-тың белгілі бір минимумын барлық студенттердің орындауын қамтамасыз етуі тиіс, ал жақсы дайындығы бар білім алушылар үшін күрделі тапсырмалар даярлаған жӛн;

  • СӚЖ-ның орындалуын міндетті түрде белгіленген уақыты бойынша тексеру қажет және оқытушының жеке кеңес беруі жоспарланғаны жӛн. Бұнда студенттердің оқытушымен педагогикалық қарым-қатынас жасауы ерекше орынға ие;

  • СӚЖ-ның дұрыс орындалуы үшін оны орындау бойынша нақты әдістемелік нұсқаулар беру қажет. Семестрдің басында оқытушы бірінші сабақтан-ақ студенттерді СӚЖ-ның мақсатымен, құралдарымен, қиындық деңгейімен, орындалу уақытымен, бақылау және ӛзін-ӛзі бақылау формаларымен таныстырғаны жӛн. ӚЖ кестелері тӛменгі курстарда қажет, ал жоғары курстарда – студенттерді ӛз жұмысын жоспарлауға үйреткен жӛн;

  • кез-келген пән бойынша пратикалық сабақтардың үй тапсырмалары жинағында болуы тиіс: бақылауда берілетін тапсырмалардың барлық типтері; жоспарланған іскерліктерді меңгеру үшін қажетті ұғымдар, фактілер, заңдар мен әдістер тізімі; олардың ішінен жатқа білуі тиіс ұғымдар кӛрсетіледі;

  • тапсырмалар жинағы семестр басында беріледі, оны тапсырудың уақыты белгіленеді;

  • СӚЖ-на тапсырмалар екі бӛлімнен тұруы мүмкін – міндетті және факультативті. Факультативті бӛлігі дайындығы жоғары студенттерге арналған, оалрдың орындалуы қорытынды тексеруде ескеріледі;

  • Практикалық сабақтар барысында тапсырмаларды дұрыс және жылдам орындайтын студенттерді анықтау оңай. Оларға күрделендірілген жеке тапсырмалар беруге, СҒЗЖ-на қатысуға, дайындығы тӛмен студенттерге кеңес беруге болады.

СӚЖ-ын белсендендіру. СӚЖ-ын белсендендірудің түрлі тәсілдері педагогикалық әдебиеттерде қарастырылған және практика жүзінде қолданылып келеді. Олардың кӛп таралған түрлері:

  1. Студенттерді ӚЖ әдістеріне үйрету: уақытты жоспарлау дағдысын қалыптастыру үшін СӚЖ-ді орындауда уақытта бағдар беру; ӛзін-ӛзі талдау және ӛзін-ӛзі бағалауға қажетті рефлексивті білім беру.

  2. Болашақ оқу және кәсіби әрекеті үшін дәрісте, әдістемелік нұсқауларда, оқу құралдарында берілетін оқу материалын меңгеру қажеттілігін сенімді түрде кӛрсету.

  3. Ғылым мен техникада қолданылатын шынайы талқылаулардың типтік тәсілдерін кӛрсететін материалды проблемалық ұсыну.

  4. Теория мен практиканың бірмәнді байланысын орнату мақсатында заңдар мен анықтамалардың операциялық формулировкаларын қолдану.

  5. Белсенді оқыту әдістерін (нақты ситуацияларды талдау, пікірталас, топтық және жұптық жұмыс, қиын сұрақтарды ұжымдық талқылау, іскерілк ойын) қолдану.

  6. Пәннің құрылымдық-логикалық сызбасын және оның элементтерін жасау және студенттерді онымен таныстыру; видеоқатарды пайдалану.

  7. Тӛменгі курс студенттеріне жан-жақты алгоритмі берілген әдістемелік нұсқаулар беру. Студенттердің ӛз бетімен жұмыстану дағдысын қалыптастыру мақсатында курстан курсқа кӛшкен сайын түсіндірмелі бӛлігі азая береді.

  8. Теориялық материалды, әдістемелік нұсқауларды және тапсырмаларды жинақтаған кешенді оқу құралдарын жасау.

  9. Пәнаралық сипаттағы оқу құралдарын жасау.

  10. Үй тапсырмаларын және зертханалық жұмыстарды жекелеу, ал топтық жұмыста – оны топ мүшелері арасында дұрыс бӛліп беру.

  11. Типтік тапсырмаларды күрделендіру.

  12. Әрбір дәріс соңында дәріс легіне бақылау сұрақтарын беріп отыру.

  13. Оқытушы кӛмегімен алдын-ала даярланған дәріс бӛлігін (15- 20 минут) студенттердің оқуы.

  14. Үлгерімі жоғары студенттерге барынша кӛмек жасай отырып, «студент-кеңесші» мәртебесін бекіту.

  15. Ұжымдық, топтық, жұптық жұмыс жасау әдістерін ӛңдеу және енгізу.

СӚЖ-н жетілдіру жолдары:

  • Білім алушыларды СҒЗЖ-на тарту үшін оқытудың жеке жоспарларын мүмкіндігінше ӛндіріс тапсырмасын шынайы жобілім алушыу мақсатында ұйымдастыру;

  • СӚЖ-ын оқу жоспарына және сабақ кестесіне кафедрада жеке кеңес берулерді ұйымдастырумен бірге ендіру;

  • СӚЖ-ын орыдауға қажетті оқу және оқу-әдістемелік құралдар кешенін даярлау;

  • кіріктірілген кафедрааралық тапсырмалар жүйесін жасау;

  • дәріс курстарының ӛздік жұмысқа бақытталуы;

  • СӚЖ-ын рейтингілік бақылау әдісі;

  • оқытушылар мен студенттердің коллегиалдық қарым- қатынастары;

  • стандартты емес шешімдерді ұсынатын тапсырмалар жасау;

  • оқытушының жеке кеңес беруі және СӚЖ-ді есепке ала отырып оқу жүктемесін қайта қарау;

  • дәріс-әңгіме, дәріс-пікірталас түріндегі дәріс сабақтарын ӛткізу, бұнда оқытушы жүргізуші ролін атқарса, студенттер баяндамашылар болады. Бұндай сабақтар нақты тақырып бойынша оқу құралдарынан алдын-ала ӛз бетімен даярлықты, оқытушымен жеке кеңесуді және қосымша әдебиеттердің қолданылуын қажет етеді.

Жалпы оқу үрдісінің ӛзбетімен жұмыстануға бағытталуы және оның тиімділігін арттыру, бұл:

  • СӚЖ-на бӛлінетін сағат санын арттыру;

  • әрдайым кеңес, кеңес беру қызметін, тапсырмалар жинағын беруді ұйымдастыру;

  • ӛз бетімен пәнді меңгеруге мүмкіндік беретін ЖОО-ның оқу- әдістемелік және материалдық-техникалық базасын (оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, компьютерлік кластар) жасау;

  • зертханалар мен шеберханалардың қол жетімдігі;

  • әрдайым тексеріп отыру;

  • ӛздік жұмысқа кӛп уақыт беру және кеңс беру пункттерінде қызмет кӛрсету мақсатында практикалық және зертханалық сабақтардың кӛп бӛлігін жою.

СӚЖ-н ұйымдастыру формалары. Қазіргі уақытта ЖОО-нда ӛздік жұмыстың бірнеше түрі бар: 1) дәстүрлі, яғни студенттің ӛзіне ыңғайлы уақытта, әдетте, аудиториядан тыс кезеңде, қажет болған жағдайда шеберханада немесе зертханада ӛз бетімен орындалатын кәдімгі СӚЖ-сы. 2) ӚЖ-тың тағы бір түрі – оқытушы бақылауымен жүретін аудиториялық ӚЖ. Оның барысында студент оқытушыдан кеңес ала алады, яғни кеңес беру ӛздік жұмысы (КӚЖ). 3) Сонымен бірге, бүгінгі таңда СӚЖ-ның үшінші, аралық түрін жасау бағыты байқалады. Бұл түрі студенттерден кӛбірек ӛзбеттілікті, тапсырмалардың неғұрлым жекелендірілуін, кеңес беру пункттерінің болуын талап етеді және кеңестер мен бақылаулар сипатына, тапсырмалардың мазмұнына байланысты енгізілетін психологиялық-педагогикалық жаңалықтармен ерекшеленеді.

Бұл тақырыпта оқытушы бақылауымен жүргізілетін СӚЖ-ын ұйымдастырудың кейбір жақтарын қарастыруды жӛн кӛріп отырмыз. Себебі кәдімгі СӚЖ дәстүрлі болып табылғандықтан, ол ӚЖ-тың жаңа формаларына, әсіресе, КӚЖ-на ауысуда, ал үшінші нұсқасы әлі де эксперимент деңгейінде жүріп отыр.



Коллоквиум. «Коллоквиум» сӛзі латынның «collocvium» - әңгіме, әңгімелесу дегенді береді. Бұл оқу сабақтары формаларынң бірі, оқытушы білімді анықтау мақстында студенттермен әңгімелеседі. Коллоквиум бақылау-оқыту қызметін атқарады. Егер оқылатын пән 2-3 семестрге жоспарланған, бірақ қорытынды бақылау бір рет болса, коллоквиум қолданған орынды. Оны семинар орнына қорытынды практикалық сабақта белгілеуге болады. Коллоквиум білімнің меңгерілу деңгейін анықтауға сүскіндік береді, ұйымдастырушылық қызмет атқарады, студенттерді белсендендіреді, оқытушы мен студент арасында кері байланыс орнатудың формасы ретінде ұснылады.

Ӛзіндік жҧмыстың шығармашылық сипаты.

Шығармашылық ойлау – ойлау түрлерінің бірі, субъективтік жаңа ӛнімнің жасалуымен және оны жасау жӛніндегі танымдық іс- әрекеттің ӛзіндегі жаңа түзілімдермен сипатталады. Ӛз бетімен білімін жетілдіру – жеке адамның ӛзі басқаратын мақсатты

танымдық іс-әрекеті; қандай да бір саладан (ғылым, мәдениет, техника, саяси ӛмір және т.б.) жүйелі түрде білім алу.

ӚЖ студент әрекетінде қайта ӛндіру және шығармашылық үрдістерді қажет етеді. Осыған сәйкес СӚЖ-ның ҥш деңгейін ажыратады:



  1. Репродуктивті (жаттығу) деңгейі. Жаттығу ӛзіндік жұмыстары үлгі бойынша орындалады: есеп шығару, кесте толтыру, сызба және т.б. Студенттің танымдық әрекеті танудан, ұғынудан, есте сақтаудан кӛрінеді. Мақсаты – білімді бекіту, іскерлік, дағдыларды қалыптастыру.

  2. Реконструктивті деңгей. Реконструктивті ӚЖ-тарда жоспар құру, тезистер құру, аннотация жазу сынды тапсырмалар беріледі. Бұл деңгейде рефераттар орындалады.

  3. Шығармашылық, ізденіс деңгейіндегі тапсырмалар проблемалық ситуацияны талдауды, жаңа ақпарат алуды талдауды қажет етеді. Студент мәселені шешу құралдары мен әдістерін ӛзі дербес таңдауы тиіс.

Қазіргі ғылымда шығармашылық жалпы мәдениеттің интегративті, жүйеқұраушы компоненті ретінде қарастырылады. Іс- әрекеттің шығармашылық сипаты студенттің танымдық әрекетінің ерекше стилін белгілейді. Ол студент тұлғасының барлық психикалық салаларының (танымдық, эмоционалдық, еріктік және мотивациялық) күрделі жұмыстануын қажет ететін нәтижелердің жаңалығымен және мәнділігімен байланысты. Шығармашылық – бұл: шығармашылықпен жұмыстануға деген қажеттілік; шығармашылықпен ойлау қабілеті; белсенділік; ӛз іс-әрекетін басқару және реттеу іскерлігі; жауапкершілік; ой-пікірдің дербестігі; ӛзіндік ерекшелік; қиял мен ойдың батылдығы.

Шығармашылық кәсіби мәдениеттің компоненті ретінде ӛз- ӛзінен дамытылмайды. Оны дамыту үшін мына жағдайлар қажет:



  • жағымды мәдениетті шығармашылық атмосфера;

  • ынталандырушы орта;

  • объективті жағдайлар (әлеуметтік-мәдени шындықтың әсері, ұжымдағы жағымды эмоционалды психологиялық ахуал, ғылыми білімнің даму деңгейі, материалдық-техникалық жабдықталу, уақыттың болуы);

  • субъективті жағдайлар (жалпы мәдениеттілік дайындықтың жоғары деңгейі, шығармашылыққа ұмтылу, дамыған ойлау және рефлексия, тәжірибе және интуиция, түрлі ситуацияларда шұғыл

шешім қабылдау іскерлігі, проблемалық кӛру және ғылыми зерттеудің техникасын меңгеру).

Осылайша, шығармашылық – бұл тұлғаның жеке, психологиялық, интеллектуалдық күш-жігері мен қабілеттерін ӛз бетімен жүзеге асыру үрдісі.

Студенттердің ӛздігінен орындайтын жұмыстарын ұйымдастыру мына шарттарға байланысты болмақ:


  • студенттің ӛзі атқаратын жұмысының мақсатын айқын, саналы түсінуі;

  • жұмыстың жемісті аяқталуына сеніп, алдағы нәтижесіне қызығуы;

  • жұмысты студенттің ӛз еркімен орындауы;

Ӛзіндік жұмысты ұйымдастыруға тӛмендегідей талаптар

қойылады:



  • жұмыстың кӛлемін шамадан тыс асырмай, сапасын арттыруға кӛңіл аудару;

  • студенттердің ӛзіндік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;

  • студент жастардың дербестігін арттырып, ӛзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;

  • ӛзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті ӛмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;

  • табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, нақты деректер мен құбылыстарды ӛздігінен талдап тұжырымдауға үйрету;

  • алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;

  • ӛз жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет етуге баулу;

  • ӛздігінен жұмыс істеуге, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.

Ӛзіндік жұмыс жастардың танымдық іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруда, сондай-ақ, ӛз бетінше білім жинай алу қабілеттерін дамыту барысында жетекші рӛл атқарады, ойлау, сыни ойлау қабілеттерін жандыра түседі және оқып үйренуде шәкірттердің жалпы белсенділігін арттырады. Студенттердің ӛзіндік жұмысы оқу материалын нығайта түсу, жаңа материалды игеру мақсатын кӛздейді.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   52




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет