ОҚулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен


Педагогика ғылым және оқу пәні ретінде



бет3/52
Дата15.12.2019
өлшемі471,07 Kb.
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52

Педагогика ғылым және оқу пәні ретінде


Педагогиканың нысанына адамның ӛз ӛмiрiнiң белгiлi бiр кезеңiнде кездесетiн әртүрлi оқу-тәрбие жүйелерi айналуда. Ал, педагогика ғылымының пәнiне еркiн, әлеуметтiк белсендi, шығармашылық тұлғаға бүкiл ӛмiрi бойына бiлiм беру алынуда. Ӛз пәнiн жан-жақты зерттеу және педагогика практикасын тек ӛзiнде тиiмдi ӛзгерту, түзету енгiзу үшiн дәстүрлi қалыптасқан құралдары жеткiлiксiз. Осымен байланысты К.Д.Ушинскийдiң мынадай сӛзiн еске түсiруге болады: «Педагогика үшiн, ол ӛз мақсатына жету үшiн адам денесi және жаны, табиғаты зерттелетiн және де қиялда емес, ақиқат құбылыста зерттелетiн барлық ғылымдардан сүзiп алынған қажеттi бiлiм, құралдар саналады».

Қоғамдық дамудың қазiргi барысы педагогика және бүкiл

«адамтанушы» ғылымдардың – философия, әлеуметтану, психология, тарих, физиология, этика, зстетика, биология, медицина, кибернетика, лингвистика және т.б. терең ғылымаралық синтезiнiң қажеттiлiгiн объективтi түрде дәлелдеп отыр. Мұндай түсiнiкте педагогика адамтану мен қоғамтанудың маңызды саласының бiрiне айналуда, кӛптеген қоғамдық және жаратылыс ғылымдарының мәлiметтерiн ӛз пәнiнде синтездеушi адам тәрбиесi жӛнiндегi интегративтi ғылымға айналады.

Бұл педагогика ғылымын жасанды дәрiптеу емес деп санаймыз. Шындығында да педагогика нақты адаммен, дара тұлғамен, топпен, ұжыммен, оны қалыптастыруды мақсат етiп қоя отырып, тiкелей байланысатын бiрден- бiр ғылым. Педагогикалық iс-әрекеттi жемiстi жүзеге асыру үшiн, педагогикалық ғылым мен практика сӛз жоқ бӛтен ғылыми бiлiмдерден барлық қажеттiлiгi мен құндылығын таңдап алуы керек. Педагогика адамды барлық жағынан тәрбиелегiсi келсе, онда ол бәрiнен бұрын оны барлық жағынан бiлуi керек. Бұл бiлiмдер педагогиканың әдiснамасын

жасау, кешендi педагогикалық зерттеулер жүргiзу үшiн әртүрлi оқу- тәрбие жүйелерi қызмет етуiнiң мақсатты бiлiм мазмұны, формасы, әдiстерi мен құралдары мәселелерiн шешу, оқу әрекетiнде олардың ӛзара әсерi мен сабақтастығын жүзеге асыру үшiн қажет.

Әрдеңгейлi бiлiм беру жүйелерi, олардың қызметiндегi сабақтастық- бұл үздiксiз бiлiм берудiң бiртұтас жүйесiнiң белгiсi. Мұндай жүйенi жасауға деген қажеттiлiк бүгiнгi күнi ерекше кӛкейтестi және қоғамның әлеуметтiк- экономикалық дамуынан туындап отыр. Рухани, әлеуметтiк, мәдени аймақта даму тенденциясы адамның жеке бiлiмдiк қажеттiлiгiнiң динамикасына байланысты пайда болуда. Ғылым аралық ӛзара байланыс- үздiксiз бiлiм беру жүйесiнiң теориялық дәлелдi тұжырымдамасын жасаудың қажеттi шарты.



Педагогиканың ғылым ретіндегі зерттеу пәні – адам, яғни жеке тұлға, оның дамуы, қалыптасуы, әлеуметтенуі, білім алуы, тәрбиесі. Сондықтан ғылыми тұрғыда адамды, яғни жеке тұлғаны зерттеуде, оның дамуын дұрыс болжауда тұлға дамуының құрылымы мен заңдылықтарын, оның құрылымының жеке бӛлімдерінің ӛмір сүру ерекшелігіне, іс-әрекет түрлеріне, әлеуметтік ортадағы алатын орны және т.б. ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан зерттеп меңгеруге мүмкіндік береді. Тұлға бұл сезімнің, әсердің, ішкі күйініш, сүйініштің бойға жинақталған және жан-жақты психикалық құрылым. Ол шындықтағы адамның әлеуметтік негізін сәулелендіруші. Танымның, ерік жігердің жаңа субъектісі, ӛмірдің белсеңді қайта құрушысы деп айта алмыз. Адамды, яғни жеке тұлғаны зерттеуде ғылыми танымның, білімнің, ғылыми-зерттеу әдістерінің алатын орны ерекше. Теория мен эмпирика, тарих пен логика, индукция мен дедукция, анализ және синтез ӛзара бір- бірімен тығыз байланыста жүре отырып, осы ғылыми теорияның қалыптасуына негіз болады. Осы әдістердің негізінде белгілі бір қорытындыға келуде абстрактілі пайымдаудан нақты логикалық ойлауға, нәтижеге келеміз.

Ғылымның шыңына қол жеткізу оның негіздерін меңгеруден басталады. Олар оқу пәндерінде жинақталған. Ғылым және оқу пәні бір-бірімен ӛте тығыз байланысты. Ғылым ӛз пәні жайындағы білімді жинақтайды. Оның міндеті – пәнін толық және терең тану, ал басты қызметі – зерттеу. Ал, оқу пәні ғылымның тек негіздерін ғана оқытады. Ол білім оқытудың міндеттерін, жас шамасын және

білім алушылардың дайындық деңгейін есепке ала отырып таңдалады. Оқу пәнінің басты қызметі – оқу. Пәннің құрылымын жасауда ғылыми білім тек беріліп қана қоймайды сонымен қатар олар нақтыланады, ұғымдары тереңдетіледі, жүйеленеді. Оқу пәні белгілі бір жүйе ретінде құрылады.

Оқу пәні ғылымда нәтижелі болып келетін білімді кіріктіреді. Оқу пәнінің құрылуы ұзақ процесс. Оның мазмұнын анықтауда ғалымдар, оқытушылар тарапынан дидактикалық мәселелер бойынша пікірталас жүргізіледі. Соған байланысты ғылымда жаңа мәселелер пайда болып, оның дамуы жүзеге асады. Бұл шығармашылық жұмыс ғылымның дамуына, оқу пәнінің тұрақтануына ықпал етеді. Бастапқыда оқытылатын пәндердің құрылымынан арнайы орта және жоғары мектептерде оқытылатын пәндердің белгілі бір айырмашылықтары бар. Жоғарғы оқу орындағы оқу пәнінің мазмұны ғылым құрылымына жақын, онда ғылымның жаңалықтары, шешілмеген мәселелері де қамтылады.

Әрбір ғылымның нақты-ғылыми әдіснамасы және оның сәйкес қызмет ететін практикасы ӛзіндік салыстырмалы түрде ӛз бетіндік кӛзқарастар немесе принциптер арқылы анықталады.

Ғылым үнемі жаңа фактлермен толықтырылып отырған жағдайда ғана дами алады. Ал оның жинақталуы мен интерпретациясы үшін ғылыми негізделген зерттеу әдістері қажет болады. Зерттеу әдістері ғылымтануда әдіснама деп аталатын теориялық принциптердің жиынтығына тәуелді болып келеді.

Зерттеушілер кӛбінесе «әдіснама» ұғымын нақты ӛмірден және білімдік процестен мүлдем алыс жатқан абстрактылық ұғым деп санайды. Шын мәнінде «әдіснама дегеніміз – теориялық және практикалық әрекетті ұйымдастыру және құрудың принциптері мен тәсілдерінің жүйесі».

Әдіснаманың «ғылыми танымның және дүниені қайта ӛзгертудің әдісі туралы ілім» деген анықтамасы да бар. Қазіргі ғылыми әдебиеттерде әдіснаманы алдымен ғылыми таным әдіснамасы, яғни ғылыми-танымдық іс-әрекетті құрудың принциптері, формалары мен тәсілдері туралы ілім ретінде беріледі. Ғылым әдіснамасы ғылыми зерттеудің компоненттеріне, оның объектісі, талдау пәні, зерттеу міндеттері, оны шешуге қажетті зерттеу құралдарының жиынтығына сипаттама береді, сонымен қатар зерттеушілік міндеттерді шешу процесіндегі

зерттеуші іс-әрекетінің бірізділігі жӛніндегі кӛзқарасын қалыптастырады.

Әдіснаманың қазіргі әдебиеттерде беріліп жүрген басқа да анықтамалары. Бұл түсініктің келесі қырларына сүйенетіндігін кӛруге болады, яғни айтқанда әдіснама дегеніміз:

а) үнемі ӛзгеріп отыратын педагогикалық шындықты кӛрсететін ғылыми білімдерді алу тәсілдерін анықтайды.

ә) белгілі бір ғылыми-зерттеудегі мақсатқа қол жеткізу негізгі жолдарын бағыттайды, алдын-ала анықтайды.

б) зерттелетін процесс немесе құбылыс туралы ақпаратты алудың жан-жақтылығын қамтамасыз етеді.

в) педагогика теориясы қорына жаңа ақпаратты ендіруге кӛмектеседі.

г) ғылымдағы теминдер мен ұғымдарды айқындауға, байытуды, жүйелерді қамтамасыз етеді.

д) ғылыми танымдық объективті фактілер мен логикалық- аналитикалық құрадарына сүйенетін ғылыми ақпараттар жүйесін жасайды.

«Әдіснама» ұғымының ғылымдағы қызметін анықтайтын бұл белгілері келесі қорытындыны жасауға мүмкіндік береді: педагогиканың әдіснамасы – зерттеудің мақсатын, мазмұнын, әдістерін тұжырымдамалық мазмұндауды, педагогикалық процестер мен құбылыстар жӛнінде барынша объективті, дәл, жүйеленген ақпараттар алуды қамтамасыз етеді.

Әдіснаманың бұл анықтамалары бір-біріне қарама-қайшы келмейді. Олар әдіснамалық рефлексия аймағының бірқалыпты даму процесін кӛрсетеді. Бұдан шығатын қорытынды, педагогика ғылымының әдіснамасын педагогикалық таным мен шындықты түрлендіру туралы теориялық ережелердің жиынтығы ретінде қарастыруға болады.

Әдіснама негізінен, реттеушілік, нормативтік қызмет атқарады. Оның міндеті де осында. Бірақ әдіснамалық білімдер дескриптивтік (сипаттамалық), немесе прескрептивтік (нормативтік) формада, яғни, алдын ала жазу, әрекетке тікелей нұсқау түрінде де берілуі мүмкін.

Дескриптивтік әдіснама ғылыми білімнің құрылымы, ғылыми танымның заңдылықтары туралы ілім ретінде зерттеу процесінде бағдар ретінде қызмет атқарады, ал прескрептивтік әрекетті реттеуге бағытталады. Нормативтік әдіснамалық талдауда ғылыми

әрекетті жүзеге асырудағы жағымды ұсыныстар мен ережелерді жасаумен байланысты құрылымдық міндеттер басымырақ болады. Дескриптивтік талдау ғылыми танымның бұған дейін жүзеге асырылған процестерді сипаттаумен байланысты болады.

Э.Г.Юдин әдіснамалық білімдер құрылымында: философиялық, жалпығылыми, нақты-ғылыми және технологиялық деп тӛрт деңгейді бӛліп кӛрсетеді. Әдіснаманың жоғары, философиялық деңгейінің мазмұнын танымның жалпы принциптері мен ғылымның тұтастай категориялдық құрылымы құрайды. Философиялық білімдердің бүкіл жүйесі әдіснамалық қызметті атқарады.

Екінші деңгей – жалпы ғылыми деңгей – ғылыми пәндерге қолданылатын теориялық тұжырымдамалардан тұрады.

Үшінші деңгейі – нақты ғылыми әдіснама, ғылыми білімге кіретін эмпирикалық ақпаратты алуды қамтамасыз ететін іс- шаралар, зерттеудің әдістемесі мен техникасын құрайды.

Әдіснама ең алдымен ғылыми танымның әдіснамасы, яғни ғылыми танымдық іс-әрекеттің формалары мен тәсілдері, құрылымы жайындағы ілім. Ғылымның әдіснамасы ғылыми зерттеудің компоненттеріне (объектісі, талдау пәні, міндеті, құралдар жиынтығы) сипаттама береді. Осылайша, ғылымның әдіснамасы – таным және ондағы ӛзгерістердің теориялық жиынтығы.

Әдіснамалық білімнің 4 құрылымдық деңгейі бар. Олар:



  • философиялық деңгейде танымның жалпы ұстанымдары мен ғылымның категориялары қарастырылады;

  • жалпығылыми деңгейде теориялық тұжырымдамалар жинақталады;

  • нақтығылыми деңгейде арнайы ғылыми зерттеуде қолданылатын зерттеудің әдістері мен ұстанымдарының жиынтығы белгіленген;

  • технологиялық деңгейде зерттеудің әдістемесі мен техникасы сипатталады. Ол басқа деңгейлер арқылы анықталады: педагогикалық зерттеу және оның ұйымдастырылуы сол деңгейлерге бағынышты.

Осылайша, әдіснама – теориялық және пратикалық қызметті ұйымдастыру мен құрудың ұстанымдары және тәсілдерінің жиынтығы. Сонымен қатар, ғылымның әдіснамалық негізі – табиғат пен қоғам құбылыстарын зерттеуге негіз болған, әрі сол құбылыстардың теориялық түсіндірмесіне шешімді ықпал етуші

философиялық идеялардың жиынтығы. Бұл идеялар белгілі бір құбылыстың теориясын құруға мүмкіндік береді.

Педагогикалық білімнің әдіснамасы – педагогикалық теорияның негіздемесі, құрылымы, бастапқы қағидалары, білімді ашулар мен принциптері жайындағы білім жүйесі. Олар педагогикалық ақиқаттың, ӛзгерістерінің шынайы кӛрсеткіші.

Педагогикалық әдіснамаға тӛмендегілер енеді:


  1. Педагогикалық білімнің құрылымы мен қызметі жайындағы ілім;

  2. Бастапқы, іргелі жалпығылыми және педагогикалық қағидалар (теориялар, тұжырымдамалар, болжамдар);

  3. Педагогикалық зерттеудің әдістері жайындағы ілім.

Педагогика әдіснамасы оқыту, тәрбиелеу және даму заңдылықтарын тану мен қолданудың жалпы тұрғыларын анықтайды. Педагогика әдіснамасының объектісі - жеке тұлғаны оқыту, тәрбиелеу және дамыту құбылыстарын тану, ал пәні – жаңа адамды қалыптастыру үрдісінің заңдылықтары. Педагогикадағы әдіснамалық тұрғы оқыту-тәрбие әрекеті практикасын ӛзгертудің тиімді жолдарын іздеу және қалыптастыру үшін қажет. Педагогика әдіснамасының қызметі – оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың тиімді жаңа жолдарын жасау.

Педагогиканың әдіснамасына мына қағидалар енеді.



  1. Педагогикалық білімнің құрылымы және қызметі жайындағы ілім.

  2. Жалпығылымилық мәнге ие бастапқы, негізгі, фундаментальды педагогикалық қағидалар (теориялар, тұжырымдамалар, болжамдар).

  3. Педагогикалық зерттеудің логикасы және әдістері жайындағы ілім.

  4. Алынған білімді практиканы жетілдіру мақсатында қолдану тәсілдері жайындағы ілім.

Жоғарғы оқу орындағы оқу пәнінде студенттерді ғылыми ізденіске баулу мақсатында ғылыми зерттеудің әдіснамасы мен әдістері беріледі.

Педагог бірде-бір күрделі сұраққа нақты әдіснамалық негізсіз шешім таппайтынын үнемі есінде сақтағаны дұрыс. Педагогтың кәсіби дайындығының ең жоғарғы деңгейі – оның әдіснамалық мәдениетінің қалыптасуы. Оның негізгі белгілері мыналар:



  • педагогика және философия ғылымдарының негізгі ұғымдарының мәнін түсінуі;

  • білім берудің түрлі ұғымдарын нақты ойлаудан абстрактілі ойлауға кӛшу деңгейі ретінде ұғынуы;

  • педагогикалық теорияны таным әрекетінің әдісіне ӛзгерте білуі және т.б.

Әдіснаманы меңгере отырып зерттеуші оның принциптерін саралай бастайды. Жеке ғылыми әдіснама деңгейінде білім беру мен әлеуметтік саясаттың бірлігінің принциптерін меңгеру маңызды болып табылады.

Педагогтың кәсіби дайындығының негізгі кӛрсеткіші – бұл әдіснамалық мәдениетінің болуы. Оның негізгі белгілері:



  • педагогика ғылымындағы негізгі түсініктер мен философияның негізгі категорияларына қатысты мәселелерді түсіну;

    • абстрактылыдан нақтылыққа ӛту деңгейлері ретіндегі білім берудің түсініктерін меңгеру.

    • таным әрекетіне педагогикалық теорияның құрылу ұстанымы

    • педагог ойының педагогикалық формалар мен олардың тұтастық құрушы сапаларының генезисіне бағытталуы.

    • педагогиканың түсініктеме – терминологиялық жүйесінде білім беру тәжірибесін қайта құру қажеттілігі.

    • педагогикалық білімнің ӛз тарихи дамуында бірлігін кӛрсетуге деген ұмтылыс.

    • педагогикалық сананың шындығы мен жағдайдарына сыни қатынас.

    • педагогикалық процестің басқа да қатысушыларының ой- пікірлері мен педагогикалық жеке танымдық әрекетінің жүрісі, алғышарты, қорытындыларына байланысты рефлексия.

    • адамзаттың білімі саласында ғылымға қарсы кӛзқарастардың жалған екеніне дәлелдер.

    • педагогиканың гуманистік, дүниетанымдық қасиетін түсіну. Педагогикалық процестің ережелері мен принциптері,

мақсаттары, заңдылықтарының ӛзара байланысын болашақ педагогтың түсінуі дегеніміз әдіснамалық мәдениетті меңгеруі деген сӛз.

Болашақ педагогтың әдіснамалық мәдениетті меңгеруі педагогикалық процестердің құрылымы мен таным әдіснамасының

мәнін түсінуге сүйенеді. Әдіснамалық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған диалектикалық тұрғыдан кӛзқарас тӛмендегі кезеңдерден тұрады: қарсылық кӛрсету жағдайларын саралауға бағытталу; шешімнің ӛнімсіздігін ашу; педагогикалық практика аймағындағы логиканы тасымалдау мүмкіндіктері мен берілген тапсырмаға орай жұмыс тәжірибесін қорытындылау.

Әдіснамалық мәдениет ғылыми-педагогикалық ойлауды қазіргі заманға сай етеді, жаңартады. Сондықтан баланың жоспарланған педагогикалық әсерге қатынасын алдын-ала кӛре алуға мүмкіндік беретін тірек бейнеге мұғалімнің ойлау қабілетін талдауды жүзеге асыру маңызды. Мұнда мұғалімнің эмпатиялық ұстанымдары адамды түсіну қабілетіне назар аударылады.

Педагогикалық бағытталған ойлаудың басты сипаттамаларының бірі – білім алушыларда психологиялық жаңа құрылымдардың қалыптасуын қамтамасыз ететін әрекетті модельдеу ұстанымы. Мұндай модельдеу мәнді ӛзгерістерді әрекеттің қарапайым логикасына сәйкес келтіруді және педагогикалық процестің оның талаптарына бағынуын қарастырады. Ойлаудың бұл ӛлшемін меңгеру – педагогтың ерекше педагогикалық логиканы меңгеруге ұмтылдыратын арнайы тапсырмалар мен жаттығуларды ӛңдеуге жетелейді.

Кез-келген педагогикалық зерттеудегі мұндай әдіснамалық негізгі белгілері:



    • ғылымның даму деңгейін, практиканың сұранысын, әлеуметтік ӛзектілік пен нақты мүмкіндіктерді есепке ала отырып зерттеудің мақсатын анықтау.

    • зерттеліп отырған барлық процестер мен құбылыстарды сыртқы және ішкі тәуелділікте дамуы мен ӛздігінен дамуында алып қарау. Мұндай тұрғыдан қарастырғанда тәрбие - ӛздігінен дамитын құбылыс, ол қоғамның, мектептің, отбасыны, баланың психикалық жас ерекшелік қалыптасуымен байланысты; бала - дамымалы жүйе - ӛздігінен тануға және ӛздігінен дамуға қабілетті, сыртқы әсерлер мен ішкі қажеттіліктер және қабілеттеріне сәйкес ӛзін ӛзгертіп; педагог – үнемі ӛзін жетілдіруші маман, әрі қойған мақсаттарына сәйкес ӛз әрекеті мен ӛзіндік кӛзқарасы ӛзгеріп отырады және т.б.

    • тәрбиелік және білімдік проблемаларды адам туралы барлық ғылымдар тұрғысынан: әлеуметтану, психология, антропология, физиология, генетика және т.б. қарастыру.

Педагогика – қазіргі барлық адамзат білімін және оңтайлы педагогикалық жүйені құру үшін адам туралы барлық ғылыми ақпаратты біріктіретін ғылымға айналып отыр.

Зерттеудегі жүйелік тұрғыдан бағдарлау құрылымдық элементтер мен құбылыстардың ӛзара байланысы, олардың ӛзара бағыттылығы, сатылық қызмет етуі, жүйе дамуының тұтастығы, даму динамикасы, мәні мен ерекшелігі, факторлары мен шарттары деген сӛз.

Оқыту мен тәрбие процесіндегі ұжым мен тұлға дамуындағы қарама-қайшылықтарды анықтау және шешу, ескі мен жаңаның, бала мен ересектің, тәрбие мен ӛзін-ӛзі тәрбиелеудің, мақсат қою мен оны жүзеге асырудың, басқару мен ӛзін-ӛзі басқарудың т.б. күресі туралы философиялық ілімнің педагогикалық интеграциясы болып табылады.


    • теория мен практиканың байланысы, идеялар мен оны жүзеге асыру, педагогтарды жаңа ғылыми тұжырымдамаларға, жаңа педагогикалық ойларға бағдарлай отырып, әрі ескірген, ӛзінің күшін жойған педагогикалық теріс кӛзқарастардан алшақтау.

Зерттеудің әдіснамасы жоғарыдағы кӛрсетілген белгілерге жауап беретін және зерттеу стратегиясын айқындайтын, зерттеуді жүргізуге мүмкіндік беретін шарттар жиынтығын анықтайды:

  1. Педагогикадағы негізгі әдіснамалық басқа ғылымдармен пәндераралық байланысты пайдалану. Қазіргі кезде ең кӛп таралған қолданыста жүрген ұғымдарды білу олардың мағынасын түсіну үшін соңғы психологиялық және педагогикалық журналдарды қарап шығу пайдалы. Мысалы: соңғы кезде әдебеттерде кездесетін «креативтік» (шығармашыл), толеранттық т.б.

  2. Педагогикадағы ғылыми зерттеу процесі мен құрылымын философия, әлеуметтану, психология және т.б. ақрылы жетілдіру. Педагогикалық проблематиканың кӛзі үнемі педагогикалық практика аймағы арқылы кеңейіп отырады. Ғылым дамуының логикасынан кӛптеген зерттеулердің тақырыбы шығады. Бірақ кӛптеген тақырыптар мен проблемалар әлеуметтанудан, психологиядан, физиологиядан алынған. Мысалы: қабілеттілік, танымдық қызығушылық,

белсенділіктің кӛптеген түрлері, мектепті басқару теориясы және т.б. зерттеуде ӛзі шығармашылық ізденіс сипатын алады, мысалы педагогикалық зерттеудегі болжамның кӛптүрлілігі, болжамды әртүрлі зерттеулерде сыннан ӛткізу оларды тексерудегі бірнеше нұсқадағы эксперимент. Мектептегі жұмыстың мүмкін болатын нұсқаларын сыннан ӛткізу негізінде оқу-тәрбие үрдісін ыңғайлы ұйымдастыру және т.б. Зерттеудің нысанасы, мәні, мақсаты мен міндеттеріне қойылатын нормативтік талаптар анық берілуі керек. Қазіргі кезде нақты материалды математикалық ӛңдеу әдісі кеңінен қолданылады.

  1. Педагогикалық ғылым мен практиканың ӛзара әсері қазіргі педагогикада ерекше мәнге ие болуда, ӛткені тӛмендегі келеңсіздіктер орын алуда:

- ғылым логикасы мен мұғалімдердің практикалық әрекетінің логикасы кӛбіне сәйкес келе бермейді, сондықтан педагогика теориясымен айналысушылар және практиктер арасында түсініспеушілік пайда болады.

Сонымен, ғылымның әдіснамасы және оның сәйкес қызмет ететін практикасы ӛзіндік салыстырмалы түрде ӛз бетіндік кӛзқарастар немесе принциптер арқылы анықталады.

Педагогикада олар – жүйелілік, біртұтастық, тұлғалық, әрекеттік, мәдениеттанымдық, этнопедагогикалық, антрапологиялық кӛзқарастар, әрі оның әдіснамалық принциптері болып саналады.

Жалпы-ғылымилық әдіснама қоршаған шындықтың құбылыстары мен процестерінің жалпыға ортақ ӛзара байланысы мен ӛзара тәуелділігін кӛрсететін жүйелік тұрғыдан келу сипатында берілуі мүмкін. Ол зерттеушіні ӛмірдің құбылыстарына белгілі бір құрылымы мен ӛзіндік қызмет ету заңдары бар жҥйе ретінде қарауға бағыттайды. Жҥйелік тҧрғыдан келу қазіргі кезде қызметтік, аналитикалық кӛзқарастардың орнын басты.

Жүйелік тұрғыдан қарастырудың мәні мынада, яғни салыстырмалы жеке компоненттер бӛлек-бӛлек емес, олардың ӛзара байланысында, дамуы мен қозғалысында қарастырылады.

Жүйелік тұрғыдан келу жүйені құраушы элементтерде болмайтын интегративті жүйелік қасиеттер мен сапаларды анықтауға мүмкіндік береді. Жүйелік тұрғыдан келудің пәндік, қызметтік және теориялық қырлары зерттеудің тарихилық, нақтылық, жан-жақты байланыстар мен дамуды есепке алу сияқты

принциптерін бірлікте жүзеге асыруды талап етеді. Жүйелік тұрғыдан келу зерттелетін процестерді жүйе ретінде қарастыра отырып құрылымдық және функциональдық модельдерді құруды ойластырады, олардың қызметі мен заңдылықтары, тиімді ұйымдастыру принциптері туралы білімдерді алуға мүмкіндік береді.

Жүйелік тұрғыдан келуде эвристикалық және практикалық түрлендіру мүмкіндіктері білім беруді зерттеуде педагогикалық процесті «педагогикалық жүйе», «тұтастық» және «ӛзара әсер» категорияларына жүгінуге тура келеді. Педагогикалық жүйе құрылымдық, қызметтік талдау деңгейінде ӛзара байланысты компоненттер жиынтығы ретінде: педагогикалық процесс субъектілері, білім мазмұны (жалпы, базалық және кәсіби мәдениет) және материалдық база (құрал-жабдық) қарастырылуы мүмкін. Олардың мақсатқа бағытталған органикалық ӛзара байланысты қозғалысы педагогикалық процесті динамикалық жүйе ретінде кӛрсете алады. Мақсат-педагогикалық жүйе пайда болуының жетекші факторы.

Жүйелік тұрғыдан келу педагогикалық, теория, эксперимент және практиканың бірлігі принципін жүзеге асыруды талап етеді. Бұл принциптің дұрыс берілуі мен дамуы практика мен ғылым арасында белгілі бір қайталанбалы байланыстың болатындығын түсінуге мүмкіндік жасайды. Педагогикалық практика ғылыми білімдер, теориядан шығатын ережелердің дұрыстығының кӛрсеткіші болып табылады және шінара экспериментте тексеріледі. Практика білім берудің жаңа іргелік мәселелерінің кӛзіне айналады. Теория ӛз кезегінде дұрыс практикалық шешімдерге негіз болады, бірақ ауқымды проблемалар, міндеттер, білімдік процесте пайда болатын іргелі зерттеулерді талап ететін жаңа мәселелерді тудырады.

Педагогикадағы тұтастық тұрғыдан кӛзқарас, қызметтікке қарама-қарсы пайда болды. Тҧтастық тҧрғыдан келу жүйелікті дамыту сияқты педагогикалық процесті ұйымдастыруда тұлғаның интегративтік (тұтастық) сипаттарына бағдар жасауды талап етеді. Осымен байланысты тұлғаны ӛзіндік құрылымы, қызметі және ішкі құрылымы бар күрделі психикалық жүйе ретінде түсіну қажет.

Тұлғаның интегративті, тұтастық қасиетін бӛліп кӛрсету проблемасы психологияда ӛзінің бір жақты шешімін таба қойған жоқ. Дегенмен зерттеушілер тұлғаның барлық қырлары ӛзара тығыз

байланысты, бір-бірімен ӛзара әсерлеседі, бірақ оның басым әсері бәрі бір де оның әлеуметтік жағы-дүниетанымы мен қажеттілігі, қызығуы, идеясы, ұмтылысы, тұлғалық моральдық және эстетикалық сапаларын кӛрсететін бағыттары болып табылады. Тұлғаның маңызды ӛлшемдік сапалық қасиеті болып оның бағыттылығы, яғни тұлғаның рухани ӛзегі ретінде саналады.

Сонымен, тҧтастық тҧрғыдан келу педагоикалық жүйеде және дамитын тұлғаны, алдымен интегративтік тұрақты жүйе құраушы байланыстары мен қатынастарын анықтауға бағдарлайды; жүйеде не берік (тұрақты), ал не ӛзгермелі, не басты, не қосалқы екендігін зерттеуге және қалыптастыруға бағдарлау. Ол тұлғаны жүйелік тұтастық ретінде дамытудағы жекеленген компоненттер- процестердің қосатын үлесін айқындауды қарастырады. Бұл жағдайда ол тұлғалық тұрғыда келумен ӛте тығыз байланысты.

Тҧлғалық тҧрғыдан келу педагогикада тұтастықтан шығады. Ол тұлғаның әлеуметтік әрекеті және шығармашылық мәні туралы кӛзқарасты бекітеді. Тұлғаны қоғамдық тарихи дамудың жемісі және мәдениеттің тасымалдаушысы ретінде мойындауды кӛздейді.

Бірлескен әрекет пен қарым-қатынас процесінде, адамдар әлемі мен мәдениет жемістерімен ынтымақтастық процесінде ӛзіндік менін тапқан тұлғаның әлеуметтік-әрекеттік мәні туралы кӛзқарас қалыптасады. Ол тұлғаның қоғамда ӛмір сүруі барысында туындайтын адамгершілік таңдау дың әртүлі проблемалық, дау- жанжалдық жағдайында әрекет пен іс-қимылды реттейтін тұлғалық мағынасы мен мағыналық негізіне кӛңіл аударады. (А.Н.Леонтьев).

Тұлғалық тұрғыдан келу тұлғалық мағыналардың қалыптасуына бағдарлауды жоққа шығармайды. Дегенмен, бұл жағдайда дүние адам алдында тұрған, оған жету үшін ол әрекет ететін, күресетін және ӛмір сүретін мотивтер түрінде кӛрініс табады. Адамның тұлғалық мағынасында дүниенің мәні ашылады, ӛмірлік ӛзін-ӛзі анықтаудың бағдары туындайды, олар тұлғаның бағыттылығын анықтайды және тұлғаның құрылымдық маңызды бӛлігі ретінде барлық жағынан кӛңіл бӛлінеді.

Тұлғалық тұрғыдан келу педагогикалық процесті құрылымдау мен жүзеге асыруда тұлғаға мақсат, субъект, нәтиже және оның тиімділігінің басты кӛрсеткіші ретінде кӛңіл аударады. Ол адамның бірегейлігін, оның интеллектуалдық және адамгершілік еркіндігін, сыйлауға құқығын мойындауды қатаң талап етеді. Ол тәрбиеде тұлғаның нышандарын ӛзіндік дамуы мен шығармашылық

потенциялының табиғи процесіне сүйенуді кӛздейді, оған сәйкес жағдай туғызуды айтады.

Әдіснаманың материалистік диалектикасы тұрғысындағы жоғары, философиялық деңгейінде іс-әрекет тҧлғаның дамуының негізі, құралы және шешуші шарты екендігі айқындалған. Бұл - педагогикалық зерттеуде және практикада тұлғалықпен тығыз байланыста әрекеттік тұрғыдан келуді жүзеге асырудың қажеттілігін кӛрсетеді.. Әрекет - қоршаған шындықты адамдардың ӛзгеріске келтіруі. Мұндай ӛзгертудің бастапқы формасы еңбек болып саналады. Адамның материалдық және рухани әрекетінің барлық түрі еңбектен ӛндіріледі. Оның басты ерекшелігі - қоршаған әлемді шығармашылықпен түрлендіруі. Табиғатты ӛзгерте отырып адам ӛзін де ӛзгертеді, ол ӛз дамуының субъектісі ретінде кӛрінеді.

Адамзат болмысының маңызды жағы- деп кӛрсетті, Б.Ф.Ломов, оның заттық әрекеті мен қарым-қатынасы (субъект-объектілік және субъекті-субъектілік қатынас). Заттық әрекет әр уақытта белгілі бір материалдық және рухани ӛнімді шығармашылықпен жасауға бағытталан.

Әрекеттік тҧрғыдан келудің мәнін А.Н.Леонтьев ӛз еңбектерінде дәлелді түрде кӛрсеткен. «Адамзаттық мәдениет жетістіктерін иелену үшін –деп жазды ол-әрбір жаңа ұрпақ, осы жетістіктердің артындағы тұрған бара-бар әрекетті жүзеге асыруы керек. Сондықтан тәрбиеленушілерді ӛзбетіндік ӛмірге және әржақты әрекетке даярлау үшін, оларды мүмкіндігінше осы әрекеттерге тарту керек, яғни әлеуметтік және адамгершілік жағынан толыққанды ӛмірлік әрекеттерді ұйымдастыру қажет».

Кез-келген әрекеттің ӛзінің психологиялық құрылымы: мотиві, мақсаты, қиялылы, шарттары мен құралдары, нәтижесі болады. Егер, педагог әрекеттік тұрғыдан келуді жүзеге асырғысы келіп, оқушы әрекетін ұйымдастыруда қандай да бір құрылымдық сәттерді шет қалдырса, онда ол (оқушы) бұл жағдайда әрекет субъектісі бола алмайды, немесе оны жекелеген іс-қимыл кезінде ғана орындайды

Оқушы білім мазмұнын ішкі қажеттілік болғанда және оны меңгеруге деген белсенді-жағымды мотивация болған жағдайда ғана меңгереді.

Әрекетте тұлғаның қалыптасатындығын және ӛзін кӛрсетете алатындығын мойындаумен қатар, оның ӛз әрекетін қалыптастыру бойынша арнайы жұмысын талап етеді. Бұл ӛз кезегінде оқытудағы

әрекетті мақсатты бағыттау және жоспарлауды, оны ұйымдастыру, реттеу, бақылау, әрекет нәтижесін ӛзіндік талдау және бағалауды талап етеді.

Диалогтық тҧрғыдан келу адамның мәні оның әрекетіне қарағанда бай, әр жақты және күрделірек екендігінен шығады. Ол оны жоққа шығармайды, және оған теңестіріле шығармайды, және оған теңестіріле алмайды. Осымен байланысты тұлғанының шағын қоршауына кӛңіл бӛле отырып, білімдік процесс субъектілері арасындағы қарым-қатынасқа рухани дамудың маңызды кӛзі ретінде қарау керек. Міне, осы ӛзара әсерлесу кезінде тұлға ӛзінің азаматтық, гуманистік мазмұнына ие бола алады. Осымен байланысты тұлға белгілі мағынада ӛзін қоршаған адамдармен қарым-қатынасының жемісі және нәтижесі яғни, интерсубъектілік білім беру болып табылады.

М. М. Бахтин мен А. А. Ухтомский ғылымның екі түрлі саласында тәуелсіз еңбектене отырып, жеке тұлға диалогтық қарым-қатынастың кӛмегімен ғана қайталанбас құрылым бола алады деген қорытындыға келеді. Сӛйтіп, жеке тұлғаның белсенділігі, қажеттіліктерін жетілдіру жекеленген түрде емес, керісінше басқа адамдармен диалог арқылы қарым-қатынас орнату негізінде жүзеге асып отырады.

Тұлғалақ, іс-әрекеттік, диалогтық тұрғыдан келу – гуманистік педагогика әдіснамасының негізі болып саналады. Оларды қолдану ӛзіндік дамуға, ӛзіндік ашылуға, ӛзіне ӛзі әсер етуге және ӛзара дамуға мүмкіндік береді.

Мәдениеттанымдық тҧрғыдан келу әрекеттің ӛзара байланысты үш қырын: аксиологиялық (құндылықты), технологиялық және тұлғалақ-шығармашылықты құрайды (И.Ф.Исаев 1993).

Аксиологиялық - педагогикалық процесті жеке тұлғаның құндылық бағдарларын зерттеу мен қалыптастыру бағытында ұйымдстыруды қамтамасыз етеді.

Технологиялық - мәдени тұрғыдан келу мәдениетті адамзатқа тән әрекеттің құралы ретінде түсінумен байланысты. «Мәдениет»,

«іс-әрекет» ұғымдары ӛзара байланысты алынады. Мәдениетті жеке тұлғаның меңгеруі практикалық әрекет құралдарын меңгеру болып табылады.

Тұлғалық-шығармашылық жағы - индивид пен мәдениеттің объективтік байланысын кӛрсетеді. Индивид - мәдениет иесі.

Мәдениетті меңгеру арқылы адамда ӛзгерістер болады және ол шығармашылық тұлға ретінде қалыптаса бастайды.



Этнопедагогикалық тҧрғыдан келу. Қазіргі кезде ұлттық мәдениеттер мен халықтық педагогиканың тәрбиелік мүмкіндіктерінің арасында және ғылыми негізделген ұсыныстардың болмауына байланысты қарам-қайшылықтар байқалады. Этнопедагогикалық тұрғыдан келу осыны жоюға бағыт алады. Жастардың ұлттық халық дәстүрін, этникалық салтына сүйене отырып әлемдік педагогикалық мәдениетке шығуы- этнопедагогикалық тұрғыдан қарастырудың педагогикалық процесте жүзеге асу шарты болып табылады.

Антропологиялық тұрғыдан қарастырудың алғаш негізін салып, ӛңдеген К.Д.Ушинский. Антропологиялық ыңғай тәрбиенің құралы ретіндегі адам жӛніндегі ғылымдар мәліметін жүйелі қолдану және оларды педагогикалық процесті ұйымдастыруда жүзеге асыруды кӛздейді. Ушинский антропологиялық ғылымдар қатарына: психологияны, адам физиологиясы, анатомиясы, патологиясын, логиканы, философияны, географияны, статистиканы, саяси экономиканы, тарихты жатқызады.

Осы ғылымдарда тәрбие құралы – адамның қасиет-сапалары айқындалатын фактілер мен қатынастар топталып, салыстырылады. Кез келген педагогикалық заңдылықтар, теория, болжам, ұсыныс, баға даму үстіндегі адам жӛніндегі жүйелі білім негізінде

ғана құрылады. (Б.М.Бим-Бад. 1994).

Жоғарыда бӛлініп кӛрсетілген педагогиканың әдіснамалық ыңғай түрлері (принциптер) оның мәселелерін ашып кӛрсетуді, шешу жолдарын анықтауды, сатыларын құруды кӛздеді.



Қҧзыреттілік тҧрғы бүгінгі күнде білім берудің мақсаты мен мазмұнын, нәтижесін айқындауда жетекші парадигмаға айналып отыр. Кӛптеген жылдар бойы білім беру нәтижесі деп білім, іскерлік және дағдының жүйесі саналғаны белгілі. Бұл нәтиже оқу бағдарламаларында белгіленген білім іскерлік, дағдының сатылығын теориялық негіздеу және оны қалыптастырудың, бағалау мен бақылаудың сәйкес әдіснамасын қалыптастырды.

Алайда Қазақстанның әлеуметтік экономикалық дамуы, оның әлемдік қауымдастыққа кіруі, осы жағдайға жастардың бейімделуі ғалымдарды, мұғалімдерді «БІД» парадигмасын қайта қарауды міндеттейді. Бұл парадигманың орнына білім берудің мазмұны (және сәйкес оқыту технологиясы) мектеп түлегінің тұлғалық

дамуы әлеуметке тезірек бейімделуге мүмкіндік беретіндей (бизнес әлемінде орнын таба алатындай, бәсекеге қабілетті, Қазақстан Республикасының азаматы мен патриоты, жетекші адамгершілік этикалық және эстетикалық құндылықтары бар, салауатты ӛмір салтын ұстанатын т.б.), яғни жалпы орта білім беретін мектептің білім беру нәтижесі ықпалдастырылған тұлға ретінде анықтайтын жаңа парадигмасы қалыптасуда.

Мұндай нәтижесі бар парадигма туралы сӛз қозғағанда ғалымдар мұндай мектептің түлегі ықпалдастырылған тұлғаның жетекші құрамдас бӛліктерінен құзыретті болуы керек деген кӛзқарасқа кӛбірек тоқталуда. Осылайша жаңа мемлекеттік білім беру мазмұнын жасақтауда оның негізгі құзыреттіліктерінің нәтижесін сапалы құру қажеттігі туындап отыр. Ғылыми айналымға жаңа дефиниция енгізілгендіктен, оның мәніне терең бойлап, оған теориялық әдіснамалық негіздеме беру қажеттігі туындайды.

Оқыту үрдісінің теориялық әдіснамалық негізін, оның ішінде құзыреттілік тұрғыны айқындау жалпы орта білім берудің мазмұнын жобалау үшін қажеттілігі туындап отыр.

Осылайша білім саласындағы құзыреттілік тұрғы (басқа да қызмет саласындағыдай) мүлдем жаңа тұжырымдама болып саналмайды. Оның негізін білім мазмұнының теориялық әдіснамалық базасын құрайтын әлемдік педагикалық білім қорынан қарастыруды қажет етеді. Сондықтан, білім беру мазмұнынын жобалауда құзыреттілік теорияларының тарихи педагогикалық және қазіргі тұрғысы қарастырылады.


3. Оқу пәні ретіндегі педагогика дамуының негізгі кезеңдері Педагогика ұзақ уақыт бойы философияның бір бӛлігі ретінде дамытылып, екі негізгі философиялық тұжырымдамалар бағытында қалыптасқан. Бірінші тұжырымдамада Сократ пен Платонның идеялары жинақталған. Олардың айтуынша, адам дамуының негізгі факторлары – оның табиғи қабілеттері. Ал сыртқы жағдайлар адамның дамуына елеусіз әсер етеді. Екінші тұжырымдамада Гераклит, Демокрит, Эпикурдың идеялары біріктірілген: адамның дамып, тәрбиеленуін, ең алдымен, қоршаған орта және сыртқы

жағдайлар белгілейді.

Тұжырымдамалардың нәтижесінде педагогикада осы күнге дейін педагогикалық теорияны жасауда әртүрлі пікірлер айтылуда. Материалистік тәрбие теориясының шешімі үшін ең маңызды идея


  • бұл адамның жекетҧлға болып дамуының кӛзі тіршілік иесінен сыртта, әрі оның қалыптасуы «әлеуметтік бағдарламаға» сәйкес, қоғамдық ықпалдың, соның ішінде тәрбиенің нәтижесінде іске асады. Сонымен қатар, бұл әдіснама, адам дамуының кӛзі, одан тыс екенін айта отырып, оның қоғамдық тҧлға болып қалыптасуында ӛзінің ішкі белсенділігінің де маңызды орын алатындығын алға тартады, әрі зерттеушілерге ӛзіндік белсенділіктің кӛтерудің жолдарын табудың қажеттігін түсіндіреді. Материалистік философия мен педагогика қоғамда әлеуметтік және рухани қатынастардың жетілуімен адамның ӛзі де жетіліп, әрі дамып отырады, оның ӛзіндік қасиеттері мен сапаларын ұнамды бағытта ӛзгертіп және жақсартып отыруы үшін зор табиғи мүмкіндіктерге ие екендігін жария етеді. Сонымен қатар, бүгінгі педагогика қоғамдық дамудың объективті заңдылықтарына сүйене отырып, қоғамдық ілгерілеуге қызмет ету қажеттігін, адамды қоғамның ең жоғарғы қҧндылығы деп тануды ӛз міндеті деп

санайды.

К.Д.Ушинский ғылыми педагогиканың қалыптасуының маңызды кезеңі – халық педагогикасы деп есептеген. Ол педагогикалық тәрбие жүйелерін халық ӛмірінің ерекшеліктерімен байланыстыра түсіндіреді.

Содан кейін педагогиканың дамуында екі үлкен кезеңді белгілейді: 1) ғылымға дейінгі кезең; 2) педагогикалық ғылым ретінде қалыптасу кезеңі.

Соңғы уақытта ғана неміс педагогы Франц Хофман педагогиканың дамуында үш кезеңді кӛрсетеді:



  1. Ерте кезең. Оны автор тәрбие даналығы деп атайды. Бұл адамзаттың қарапайым педагогикалық ойлаудан тәжірибемен тексерілген ойлауға қарай кӛшу кезеңі. Осы кезеңдегі педагогикалық кӛздер: Ежелгі Египет папирустары, «Соломон притчаларының кітабы» және т.б.

  2. Екінші кезең – «Пайдагогия». Бұл кезеңінің қалыптасуында Ежелгі Грецияның педагогикалық ойлары ерекше орын алады. Бұнда педагогикалық білім саяси, философиялық және психологиялық білімнің бір бӛлігі болып табылады.

  3. Педагогиканың дербес ғылыми теория ретінде қалыптасу кезеңі. Бұл кезең ұлы чех педагогы Я. А. Коменский есімімен тығыз байланысты. «Ұлы Дидактика» еңбегі. Я. А. Коменскийдің «Ұлы

Дидактика» еңбегі педагогиканы ғылым ретінде жүйелеген оқулық және әдістемелік құрал.

Қазақстандағы педагогика ғылымының дамуы

Қазақстан қоғамында болған ӛзгерістерге байланысты педагогика ғылымы: социалистік, коммунистік, демократиялық, гуманистік сипатта дамып отырды.

Қазақстандағы педагогикалық ойлардың дамуы ұлы ойшылдар (Әл-Фараби, Ж. Баласағүн, М. Қашқари, Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин. А. Құнанбаев, Ж. Аймауытов және т.б.). Бұл ойшылдардың еңбектері мен ойлары олардың беделі сияқты әртүрлі тарихи кезеңдерде қазақ халқын оқыту мен тәрбиелеуде қозғаушы күшке тең болды.

20-30ж.ж. қазақтың ағартушы педагогтарының ішінен А.Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев және т.б. айтуға болады. Олар отандық педагогика мен мектептегі оқытудың дамуына тарихи-мәдени мұра мен қазақ халқының салт-дәстүрлері тұрғысынан кӛп үлестерін қосты. Білім беруді қолдау негізінде олар мынадай оқу пәндерін қойған, олар: ана тілі және әдебиеті, тарих, география, Қазақстанның ӛсімдіктер мен жануарлар әлемі, Қазақтың дәстүрлі шаруашылық іс-әрекет түрлері негізіндегі еңбек тәрбиесі, бейнелеу ӛнері, ұлттық ойындар және т.б. Бірақ қазақ ағартушыларының демократиялық ойлары сол кездердегі мемлекеттік партия ұйымдарының саяси идеологиялық үкіміне қарсы тұра алмады.

Қазақстанда соғыстан кейінгі жылдары педагогика теориясы мен тарихы, жеке әдістеме мәселелері зерттеле бастады. Бұл жылдары А. С. Ситдыковтың «Ы. Алтынсаринның ағартушылық іс- әрекеттері мен педагогикалық ойлары» (1949) атты монографиясы, Р. Г. Лембергтің «Бастауыш мектептегі сабақ» (1948) атты ғылыми жұмысы жарық кӛрді.

50-60 жылдардың екінші жартысында педагогика теориясы мен тәжірибесінде жаңа құбылыстар пайда болды. Бұл жылдары Қазақстанда тарихи-педагогикалық зерттеулердің қарқынды ӛсуі байқалады. Кӛрнекті ғалым-профессорлардың Т. Т. Тажібаевтың

«ХІХ ғ. екінші жартысындағы Қазақстандағы ағартушылық пен педагогикалық ойлардың дамуы» (1958), «ХІХғ. екінші жартысындағы Қазақстан мектептері және ағартушылық»(1962),

«ХІХғ. екінші жартысындағы Қазақстандағы педагогикалық ойлар»; А.И.Сембаевтың «Қазақстандағы кеңес мектептерінің

тарихы туралы очерктері» (1958), «Қазақстандағы кеңестік мектептердің даму тарихы» (1962); К.Б.Бержановтың

«Ағартушылықтың дамуындағы орыс-қазақ достастығы» (1965) еңбектерін айтуға болады. Бұл жылдары тарихи-педагогикалық ғылымның іргетасы қаланды деуге болады.

70-80 жылдары тарихи-педагогикалық жұмыстардың басылымы кӛбейді. Осылай қазақстандық педагог Ы.Алтынсаринның 3 томдық шығармалар жинағы жарық кӛрді (1975-1978); К.Б.Жарықбаевтың «Қазақстандағы психологиялық ойлардың дамуы» (1968), «Революцияға дейінгі Қазақстан педагогикалық ойларының даму тарихынан» (1978), Г. М. Храпченковтың «Қазақстандағы халықтық білім берудің ғылыми- педагогикалық сұрақтары» (1976), «Қазақстан мектептерінде оқыту мазмұны мен әдістерінің мәселесі»(1983) және т.б. еңбектері де жарық кӛрді.

Педагогиканың арнайы мәселелеріне арналған К. Ж. Жаманбаевтың «Қазақстандағы жоғары мектеп» (1972), К. Қ. Құнантаеваның «Қазақстандағы әйелдерге білім берудің дамуы. Білім шыңына жету» (1978), К. Т. Жұмағұловтың «Ы. Алтынсарин және қазақ халық мәдениетінің дамуы» (1984), А. Кӛбесовтың «Әл- Фарабидің педагогикалық мұралары»(1989) және т.б. еңбектері басылып шықты.

80 жылдардың ортасынан бастау алған қазіргі заман педагогикалық білімінің дамуы «педагогикалық серіктестік» деп аталған жаңашыл педагогтардың инновациялық іс-әрекеттерімен сипатталады. Педагогикадағы бұл кезең оқытушы мен оқушылардың қарым-қатынасы саласындағы субъект-объект қатынасына субъект-субъект қатынасына ауыу, оқу-тәрбие үрдісін монологтық формадан диологтыққа кӛшу т.б. белгілі. Бұл оқушының оқу іс-әрекетінің психологиясын, оқу үрдісінің механизмі мен технологиясын, «оқытушы-оқушы» жүйесінің тиімді құрылымдануына белсенді жағдай жасауды терең зерттеуді шамалады. Осы арқылы психологиялық-педагогикалық зерттеулердің негізгі бағыттары анықталды. Бұл жылдары дидактиканың әртүрлі бағыттарын зерттеу негізгі даму бағытына айналды.

Атақты ғалым, профессор Р. Г. Лемберг ӛзінің кӛптеген еңбектерінде шығармашылық оқыту әдістерін қолдану, оқу үрдісінің психологиялық аспектісі, оны белсендендірудің тәсілдері

мен жолдарын сипаттайды. Ол оқытудағы догматизм мен формализмге қарсы шығып, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік кедергілерден ӛту қажеттілігін және жаңа тиімді оқыту әдістемелерін іздеуге баса назар аударды. Жаңа педагогиканы шығармашылықпен іздеуде кейіннен ӛздерінің педагогикалық мектебін ашқан Р. Г. Лемберг мектебінің оқушылары белсенділікпен қатысты. Бұл профессор Г. А. Умановтың ғылыми мектебі еді, мұнда еңбекке оқыту мен тәрбиелеу, кәсіби- техникалық білім беру мәселелері зертеледі; педагогикалық үрдіс мәселелері және педагог кадрларды дайындауды Хмель ғылыми мектебі зерттейді.

Педагогика ғылымының дамуына ҚР ҰҒА академик, профессор А. П. Сейтешев және оның мектебі маңызды үлес қосты. Оның еңбектерінде жалпы білім беретін, кәсіби-техникалық, жоғары мектеп дидактикасы, инженерлік-педагогикалық кадрларды дайындау, мектеп оқушыларын, КТУ студенттерін тәрбиелеу мәселелері үлкен теориялық-тәжірибелік мәнге ие. Бұл кезеңде елімізде педагогика ғылымының дамуы мен ӛркендеуіне атақты ғалым-педагогтар Х. К. Арғынов, К. Б. Жарықбаев, А. И. Сембаев, К. Б. Бержанов ӛз үлестерін қосты.

80 жылдардың ортасында біздің еліміздегі басталған қайта құру үрдісінің толқуы адамзат іс-әрекетінің барлық аймағын қамтыды, олар: саяси жүйені, мемлекеттік құрылымды, құлықтық құндылықты, құқықтық нормаларды, мәдени мұраны, халықаралық қатынастарды. Білім берудегі негізгі қайта құрылу-педагогикалық ойлардың ӛзгеруі, авторитарлық педагогиканы демакратиялық педагогикаға қайта бағыттау еді.

Қазіргі заманғы педагогика білім беру туралы ғылым, адамдарды тұлғалық және кәсіби дамуының барлық жас ерекшелік кезеңдерінде оқыту және тәрбиелеу үрдісі.

Бүгін педагогика – бұл жеке ғылым, басқа ғылымдармен кең кӛлемде ӛзара байланысты біріктірілген және жіктелген үрдіс, олар: философия, психология, әлеуметтану, физиология, математика, саясаттану, экономика. Ол оқыту мен тәрбие саласындағы ғылыми құбылыстарды кӛрсетеді, құбылыстар арасындағы байланыстың себебін анықтайды және білім берудің ықпалын адамда болатын ӛзгерістердің неліктен екендігін түсіндіреді.

Педагогиканың ғылым ретінде қалыптасуынан бастап оның оқыту пәні ретіндегі формасы қалыптаса бастайды. Ғылым

табиғат, қоғам және ойлау жайындағы шынайы білімнің жүйесі. Оқу пәні ғылымда нәтижелі болып келетін білімді кіріктіреді. Оқу пәнінің мазмұнын анықтауда ғалымдар, мектеп ұжымдары дидактикалық мәселелер бойынша пікірталас жүргізіледі. Соған байланысты ғылымда жаңа мәселелер пайда болып, оның дамуы жүзеге асады. Бұл шығармашылық жұмыс ғылымның дамуына, оқу пәнінің тұрақтануына ықпал етеді.

Педагогиканы оқу пәні ретінде оқыту бағдарламалар, оқулықтар, әдістемелік құралдар, әдістемелік нұсқаулар кӛмегімен жүзеге асырылады.

Білім беру және тәрбиенің кӛлемінің кеңеюіне байланысты ғылыми білім түрлі принциптер бойынша жүйеленді.

Педагогиканың оқыту пәні ретінде дамуы.

1922-1925 жж. П. П. Блонский, А. П. Пинкевич, М. С. Григорьевский, В. Я. Струминский, М. Жұмабаев, А.Байтұрсыновтың кітаптары жарыққа шығады. Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» атты еңбегі сол кезеңде ана тілінде жазылып, ғылыми әлемді елең еткізген туынды болып табылады.

1927-1930 жж. ӛткізілген педагогикалық пікірталастар педагогиканың дамуына ӛз үлесін қосты.

1931 ж. ең алғаш педагогикадан бағдарлама жасалады. Бағдарлама, оқулықтардың авторлары негізінен орта және жоғары мектеп оқытушылары жасайды.

1933 ж. педагогикалық техникум және педагогикалық жоғарғы оқу орнына арналған бағдарлама енгізіледі. Бағдарлама мынадай негізгі бӛлімдерден тұрады: 1) Совет педагогикасының мәні, маңызы және мақсаты; 2) халыққа білім беру жүйесі; 3) оқу жоспары және бағдарламалар; 4) политехникалық мектептегі оқыту әдістері; 5) мектептегі білім беру жұмысын ұйымдастыру формалары; 6) оқулықтар; 7) пән; 8) мектептен тыс жұмыс; 9) педагог; 10) мектептің ұйымдастырушылық педагогикалық мәселелері.

Осы кезеңде оқулықтың теориясы қалыптаса бастайды. 70-ші жылдың басында еліміздің педагогикалық жоғарғы оқу орындарында психологиялық-педагогикалық пәндер және педагогикалық практика жүйесінің жаңа түрі енгізіледі. Бұл педагогика курсы үш тарауға бӛлінді: педагогикаға кіріспе, дидактика, тәрбие теориясы.

Ғалымдардың педагогикаға деген кӛзқарастарын үш түрлі тұжырымдамаларға бӛліп қарастыруға болады:

Бірінші бағыттың ӛкілдері - педагогиканы адамзат білімінің пәнаралық пәні деп қарастырады. Бұл бағыт бойынша педагогиканы жеке ғылым саласы екенін жоққа шығарады.

Екінші бағыт ӛкілдері педагогиканы қолданбалы ғылым деп анықтап, ол басқа ғылым салаларынан жинақталған білімдерді білім беру мен тәрбие саласында туындаған қиыншылықтарды шешуге ӛзіне бейімдеп қолданады деп кӛрсетеді. Педагогикаға бұл тұжырымдама тұрғысынан қарау педагогикалық тәжірибенің қызмет етуі мен оны қайта қарауда біртұтас іргелі негіздерді қамтамасыз ете алмайды.

Үшінші бағыт тұжырымдамасының ӛкілі ғалым В.В.Краевскийдің кӛзқарасына сәйкес педагогика жеке ғылым саласы, оның жеке зерттеу объектісі мен пәні бар деп қарау дұрыс.



Педагогиканың қарастыратын негізгі мәселелері.

Педагогиканың негізгі қарастыратын мәселесі жеке адамның дамуы, оның арасында болған заңдылықты байланыстарды зерттеу және оның негізінде оқыту процесі мен тәрбиелік жұмыстардың теориялық және әдістемелік проблемаларын шешу, яғни арнайы ұйымдастырылған процесс сипатындағы тәрбиенің теориясы мен әдістерін айқындайды.

Педагогика – индивидтің ӛткен ұрпақтардың әлеуметтік тәжірибесін меңгеру процесін, яғни біртұтас педагогикалық процесті зерделейді. И.В.Сластениннің анықтауынша педагогиканың пәні арнайы әлеуметтік институттарда (отбасы, білім беру және мәдени-тәрбиелеу мекемелері) мақсатты түрде ұйымдастырылған шынайы біртұтас педагогикалық процестегі білім беру ісі болып табылады.

Педагогиканың нысаны – объективті шындықтағы педагогикалық іс-әрекет. Зерттеушілер педагогиканың нысанын индивидтің дамуына жағдай жасайтын объективті құбылыстағы шынайылық ретінде қарастырады.

Педагогика – адамды педагогикалық процесте ӛмір бойы дамытудың құралы және факторы ретінде қарастырыады. Оның мәнін, заңдылықтарын, ағымдарын, даму бағыттарын зерттейтін ғылым саласы болып табылады. Педагогика бұл тұрғыдан педагогикалық процесті ұйымдастырудың теориясы мен технологиясын, педагогтың іс-әректін жетілдіру формалары мен

әдістерін және оқушылардың әр түрлі іс-әректтері мен оларды ұйымдастыру тәсілдерін зерттейді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет