ОҚулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен


Студенттердің дидактика бойынша білім, білік, дағдыларын бақылау және есепке алу ерекшеліктері



бет46/52
Дата15.12.2019
өлшемі471,07 Kb.
#53615
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   52
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu (1)

4. Студенттердің дидактика бойынша білім, білік, дағдыларын бақылау және есепке алу ерекшеліктері


Педагогика бойынша студенттердің оқу-танымдық әрекетінің нәтижелерін тексеру.

Бұл мәселеге педагогикалық кӛп кӛңіл бӛлінеді. Зерттеулерде оның мына жақтары кӛрсетіледі:



  • оқу-таным әрекетінің спецификасы, әрдайым тексеру мен бағалаудың қажеттілігі;

  • тексерудің оқыту және тәрбиелеу сипатында болуы;

  • білім беру міндеттері мен сипатын, оқу пәні мен міндеттердің спецификасын есепке алу;

  • тексерудің оқу процесін ұйымдастыру және оның сипатымен тығыз байланыстылығы.

Бұл қағидалар оқу-тәрбие процесіндегі танымдық әрекетті тексеруді ұйымдастыруда аса қажет.

Педагогиканы оқыту процесі болашақ маман емтиханын тапсырса да, ӛз бетімен білім алуына тәрбиелеуге бағытталған.

Педагогикада теория мен практика бірге жүреді. Бұл оқушылардың оқу-танымдық әрекетін тексеруді белгілейді. Міне, сондықтан, теориялық материалдың білімін анықтаумен қатар түрлі жаттығулар, практикалық тапсырмалар, есеп шығару әдістері ұсынылады.

Педагогиканы оқыту үрдісінде тексерудің барлық түрлері қолданылады: ағымдағы тексеру, кезеңді тексеру, қортыныды тексеру; түрлі әдістер: ағымдағы, бақылау, ауызша сұрау, тапсырманы орындау, жазбаша бақылау жұмыстары. Оқу- танымдық әрекетін тексеру түрлі формаларда ӛткізіледі: фронтальді, топтық және жеке.



Ағымдағы тексеру: ауызша сұрау, жазба жұмыстары, түрлі практикалық тапсырмалар, жаттығулар.

Кезеңді тексеру: тапсырманы орындау жайында есеп беру, коллоквиум, әңгімелесу белгілі бір тақырып бойынша сынақ.

Коллоквиум (латын тіліде colloquium - әңгіме, әңгімелесу) – ғылыми жұмысты ұйымдастыруда дәстүрлі әдіс. Олар ерте заманнан-ақ қолданылуда. Олар оқу пәнінің белгілі бір сұрақтары бойынша әңгімелесу түрінде ӛткізіледі. Әңгімелесу сұрақтарын оқытушы алдын-ала дайындайды, студенттерге негізгі және қосымша әдебиет тізімі ұсынылады. Коллоквиумның негізгі қызметі – оқыту, бұнда бақылау функциясы екінші орында. Коллоквиум барысында оқытушы жасалған жұымсқа жалпы баға береді, ол негізінен мазмұнды сипатта болады.

Сынақ жүйесі жоғарғы оқу орнында кӛптен бері пайдаланып келеді. Оқу пәндерінің тараулары, әсіресе, практикалық бӛлімдері бойынша білімді тексеру мен есепке алудың түрі. Сынақ түрлі формаларда ӛткізілуі мүмкін: теориялық материал бойынша оқытушының студентпен әңгімелесуі, практикалық жұмыс, бақылау нәтижелері бойынша әңігмелесу. Студенттерге ең басында сынаққа қандай материал берілетіндігі, оны қашан және қандай формада ӛткізетіндігі, сынақты ағымдағы әрекетінің нәтижесі бойынша алу үшін семинарда, практикалық сабақтарда қандай жұмыс орындау керектігін айтып ӛтеді.

Сонымен қатар, емтихандар. Жоғарғы оқу орнында курстық және мемлекеттік емтихандар енгізілген. Емтихандардың басқа тексеру әдістерінен айырмашылығы –



  1. оның бақылау сипатында болуы;

  2. оқушылар мен студенттердің теориялық білімін тексеруге бағытталуы.

Курстық емтихандарда студенттердің білімі тексеріледі. Мемлекеттік емтихандар жаңа негізде ӛткізіледі: әдістемені, педагогика тарихын оқу. Осылайша, емтихан сұрақтары жасалады. Олар, негізінен, проблемді сипатта болады. Студенттер ӛздерінің жауаптарында педагогикалық ойлау деңгейін кӛрсете білуі тиіс. Мемлекеттік емтихан білім және ғылым министрлігі бекіткен арнайы бағдарлама бойынша ӛткізіледі. Ол мемлекеттік емтиханның мазмұны мен ұйымдастырылуын анықтайды.

Педагогикада мыналарды тексеру қажет:

1.Ұғымдар және олардың анықтамалары. 2.Тәрбиенің мақсат-міндеттерін, мазмұнын білуі.


  1. Оқыту мен тәрбиенің ғылыми негіздерін, заңдылықтары мен принциптерін түсінуі.

  2. Оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу әдістерін, формаларды білуі.

  3. Оқу-тәрбие процесін бақылауды жүргізе білуі, баға беруі. 6.Оқыту мен тәрбиеде міндеттерді белгілей білуі, олардың

жоспарын құруды білуі.

  1. Оқытушы басшылығымен, оқу және оқудан тыс сабақтарды ӛткізе білуі, оны бағалауы.

  2. Педагогикалық әдебиетпен жұмыстана білуі.

Енді тексерудің жазбаша формалары: есеп беру, жазба бақылау жұмысы, педагогикалық шығарма жазу, реферат, курстық жұмыс, дипломдық жұмыс.

Егер қарапайым формалар негізінен білімді тексерсе, реферат, курстық және дипломдық жұмыстар, оқыту формалары, студенттерді ғылыми-зерттеу ізденісіне енгізу. Сонымен бірге, үздіксіз педагогикалық практиканы ӛткізу де қажет.

Педагогикадан реферат жазу екі бӛлімнен құралады: 1.Әдебиет кӛздерін қорытындылау; 2. Практика барысында жинақталған педагогикалық фактілерді жүйелеу. Реферат жазуға дайындық семинар және практикалық сабақтардан-ақ басталады. Бұнда материал жинақталып, тақырып белгіленеді. Содан соң материалды жинақтап, оны жүйелеу жасалады. соңынан реферат талқыланады.

Практикалық бӛліміне материал жинақтауды мына әдістер қолданылады: белгілі бір мәселе бойынша мұғаліммен әңігмелесу, сабақты, тәрбие жұымысын бақылау, мұғалім жұмысын талдау.



Жалпы орта білім беретін мектептегі педагогикалық бақылау негіздері

Бақылаудың оқуға ынталандыру қызметін атқаратыны және студенттердің әрекетіне әсер ететіні белгілі. Тәжірибелер кӛрсеткендей, оқу процесінен бақылауды жартылай немесе мүлдем алып тастау білім сапасының тӛмендеуіне әкеледі. Қазіргі уақытта оқу процесіне оқытудың жаңа әдістерін ендіру педагогикалық бақылаудың сапасы мен тиімділігі саласында жаңіа ізденістерді, бақылаудың жаңа формаларының, мысалы, рейтинг, пайда болуын қажет етеді.



Педагогикалық бақылаудың қызметтері

Бақылау саласында үш негізгі ӛзара байланысқан қызметтерді атауға болады: диагностикалық, оқыту және тәрбиелеу.



Диагностикалық қызметі: бақылау – бұл студенттердің білім, іскерлік, дағдыларының деңгейін анықтау, студенттің шынайы әрекетін бағалау.

Оқыту қызметі оқу материалын меңгеру жұмысын белсендендіруден кӛрінеді.

Тәрбиелеу қызметі: бақылау жүйесінің болуы тәртіпке шақырады, студенттердің іс-әрекетін ұйымдастырады және бағыт береді, біліміндегі ақаулықтарды, тұлғаның ерекшеліктерін анықтауға кӛмектеседі, осы ақаулықтарды жоюға кӛмектеседі, пәнге деген шығармашылық қарым-қатынасты қалыптастыруға және оларды дамытуға ұмтылысын дамытады.

Оқу-тәрбие процесінде аталған үш қызметі ӛзара тығыз байланысты, бірақ осы қызметтер ішінен біреуі ғана басымдылыққа ие болатын бақылаудың формалары бар. Мысалы, семинарда негізінен оқыту қызметі бірінші орынға ие: түрлі пікірлер айтылады, сұрақтар қойылады, қателер талқыланады, сонымен қатар семинар тәрбиелеу және диагностикалау қызметтерін де атқарады.

Сынақ, емтихан, коллоквиум, тестілеу негізінен бақылаудың диагностикалық қызметін атқарады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   52




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет