ОҚулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



бет47/52
Дата15.12.2019
өлшемі471,07 Kb.
#53615
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu (1)

Педагогикалық өлшеу


Педагогикалық ӛлшеудің ең кӛп тараған түрі – педагогикалық тест. Педагогикалық тест – белгілі бір мақсатпен педагогикалық ӛлшеуді ӛткізу үшін ғылыми тәсілдер негізінде таңдалып алынған тапсырмалар жиынтығы. Тестіге қойылатын ұйымдастырушылық талаптар:

  1. тестілеу негізінен бағдарламалық бақылау арқылы жүзеге асырылады. Барлығы бірдей жағдайда бірдей сұрақтарға жауап береді;

  2. нәтижелерді бағалау алдын-ала белгіленген шкала бойынша жүреді;

тестілеуді жүргізуде тест сапасының үш критерийі есепке алынады: сенімділік, валидтілік, объективтілік.

Сенімділік – педагогикалық бағалаудағы қателіктер деңгейін анықтау, бағаның шынайы мәнін нақтылау. Соңғы уақытта сараптамалық сұрау кең тарала бастады, бұнда студентті 2-3 және одан кӛп оқытушылар бағалайды. Валидтілік – бақылау формалары мен әдістерінің бақылау мақсатына сәйкестігі.

Білімді сапалы бағалаудың басты міндеті мына сұраққа жауап беруге байланысты: білім деген не? Пәндік білімі жоғары студенттің идеалын жасау арқылы бақылауға қажетті материал алуға болады. Бақылаудың валидтілік емесіне жататындар – кӛшіріп алу, сыбырлап айту, репетиторлық «тасу», аяушылықы жасау, шектен тыс талап қоюшылық. Бұл жағдайларда бақылау нәтижесі қойылған міндеттерге сйәкес емес.

Объективтілік – сенімділік, валидтілік және психологиялық, педагогикалық, этикалық, құндылықты сипаттағы аспектілердің жиынтығын беретін критерий.


Бақылаудың объективтілігін арттыру жолдары


Бірінші бағыты – коллегиалдық бағаны қалыптастыру, мысалы, МЕК.

Екінші бағыты – техникалық бақылаудың стандартты тест бағдарламаларын қолдану. Оны кафедра, ЖОО, әдістемелік лаборатория, арнайы ұйымдар ӛткізуі мүмкін.


ЖОО-ның оқытушысы бақылауда объективтіліктің барлық жақтарын есепке алуы тиіс:

Объективтіліктің эстетикалық жағы – моральдық реттеу. Кӛшірі алу және сыбырлап айтуды оқу тәртібін бұзу деп саналмаған жағдайда қабылдауға болады. Оқытушының жақсы кӛретін және жақсы кӛрмейтін студенттері болмауы және соған сәйкес баға қоймауы керек.

Бағлаудың құндылықты критерийі бағаның әділдігі жӛнінде сұрақ тудырады. Студент санасында объективті емес қойылған баға әділдіксіз қойылған бағамен ассоциация тудырады. Оқытушының

пікірі дәйекті және дәлелді болған жағдайда ғана бағаның әділдігі қабылданады. Студенттерді оқытушының шешімі дұрыс екендігіне сендіру қажет. Олардың түсінігі бойынша оқытушылар мейірімді және қатал болып бӛлінеді. Себебі әрбір оқытушы бағалаудың жеке ӛзіндік критерийлерін жетекшілікке алатын болғандықтан оның объективтілігі педагогикалық тәжірибесі мен жеке тұлғалық сапаларына тәуелді.

Объективтіліктің психологиялық жағы – баға қою шешіміне студенттің пәнге, оқытушыға деген қарым-қатынасы, сабаққа қатысуы, берілетін сұрақтардың сипаты мен саны оқытушы санасында студенттің «бейнесін» қалыптастырады.

Сондықтан кӛп жағдайларда оқытушы неліктен сол бағаны қойғанды жӛнінде түсінік беріп отыруы тиіс.



Педагогикалық бақылауды ҧйымдастыру принциптері

Негізгі үш принцип ажыратылады:



Тәрбиелеу принципі – студенттің оқуға деген шығармашылық және саналы қарым-қатынасын белсендендіреді, танымдық қажеттіліктері мен қызығушылықтарының ӛсуіне жағдай жасайды, оқу әрекеті мен тәрбие жұмысын ұйымдастырады. Студент тұлғасына нұқсан келтіретін бақылау ЖОО-да қолданылмайды.

Жҥйелілік – жүйелі бақылау оқыту процесін реттейді, мотивацияны ынталандырады, қажетті шамада баға жинақтауға мүмкіндік береді.

Жан-жақтылық бақылауға және бағалауға енгізілетін сұрақтар аясы пәннің барлық тараулары мен бӛлімдерін қамтуы тиіс. Тұлғаны бағалауда іскерлік, моральдық сапаларды, құндылықты бағдарларды, қоғамдық жұмысты, оқу жетістіктері есепке алу керек.

Жетінші тарау бойынша сҧрақтар мен тапсырмалар


  1. Оқыту процесінің мәні.

  2. Жалпы орта білім берудің мазмұны.

  3. Педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері.

  4. Оқытудың заңдары, заңдылықтары, принциптері.

  5. Оқушылардың оқуының мотивтері.

  6. Жалпы орта білім беруде білім алушылардың танымдық іс- әрекетін қалыптастыру.

  7. Оқыту теориясының негізін қалаушылар.

  8. Оқытудың психологиялық негізідері.

  9. Жалпы орта мектеп білім алушыларының оқыту әдістерін және танымдық іс-әрекетін белсендіру.

  10. Дидактикадағы оқытуды ұйымдастырудың формалары және олардың дамуы.

  11. Сабақ – оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы.

  12. Оқыту әдістерінің эволюциясы.

  13. Жалпы орта білім беруде сабақ талдаудың психологиялық-педагогикалық жақтары.

  14. Оқу процесінің қозғаушы күштері.

  15. Оқыту процесіндегі жаттығулар. Олардың түрлері, атқаратын қызметі және оларды даярлаудағы және ӛткізудегі дидактикалық талаптар.

  16. Проблемалық оқыту.

  17. Оқыту құралдары.

  18. Жалпы орта білім беру кезеңіндегі білім алушылардың оқу мотивтері

  19. Қазіргі жалпы орта білім берудегі оқу үрдісін ұйымдастырудың сыныптан тыс және сабақтан тыс формалары.

  20. Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру түралы – мектеп оқулығы.

  21. Білім алушылардың танымдық іс-әрекет нәтижесін бақылау, бағалау және есепке алу.

  22. Қазақстанның білім беру жүйесі.

  23. Мектепте 12-жылдық білім беруге ӛтуде педагогикалық процесті ұйымдастыру ерекшеліктері.



Жетінші тарау бойынша пайдаланған әдебиеттер тізімі


  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Егемен Қазақстан., 2007.

  2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты.- Негізгі ережелер. ҚР МЖБС 2.003-2009. Ресми басылым. ҚР Білім және ғылым министрінің №566/1 бұйрығымен 22.11.2007 жылы бекітілген.

  3. Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.- 2002.

  4. Оконь В. Введение в общую дидактику: Пер. с польского Л.Г.Кашкуревича, Н.Г.Горина. – М.: Высшая школа, 1990. – 382 с.

  5. Скаткин М.Н. Проблемы современной дидактики. М., 1980. – 297 с.

  6. Коменский Я.А. Великая дидактика., 1955, С. 287.

  7. Давыдов В.В. О предмете и методе дидактических исследований. - М.: Изд-во АПН РСФСР, 1962. - 120 с.

  8. Лихачев Б.П. Педагогика: Учеб.пособие.- М., 1992.

  9. Попков В.А., Коржуев А.В. Дидактика высшей школы. 2004.

  10. Сабыров Б.Т. Болашақ мұғалімдердің дидактикалық дайындығын жетілдіру. А., 1999.

  11. Краевский В.В. Соотношение педагогической науки и педагогической практики.-М., 1977.

  12. Данилов М.А. Основные проблемы методологии и методики педагогических исследований. - М.: АПН СССР, 1971. - 36 с.

  13. Образцов П.И. Методы и методология психолого- педагогического исследования.- СПб.: Питер, 2004,- 2686.

  14. Роберт И.В. Современные информационные технологии в образовании. - М.: Школа-Пресс, 1994. С. 205.

  15. Равен Дж. Педагогическое тестирование: Проблемы, заблуждения, перспективы /Пер. с англ. Изд. 2-е, испр. -М:

«Когито-Центр», 2001. - 142с.

  1. Макарова Т.Д. Тестирование в системе мониторинга качества образования //Стандарты и мониторинг в образовании.- 1998.- №1 .-60-616.

  2. Ковалева Г.С.Зарубежный опыт построения и актуальные проблемыразвития образовательного тестирования: М., 2001.

  3. Загвязинский В.И. Методология и методика педагогических исследований. - Тюмень: Изд-во Тюменского университета,

1996.-86с.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет