ОҚулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен


Тақырыптарға әдістемелік сипаттама: «Адамгершілік тәрбиесі», «Азаматтық-патриоттық тәрбие», «Экономикалық тәрбие», «Экологиялық тәрбие», «Эстетикалық тәрбие»



бет51/52
Дата15.12.2019
өлшемі471,07 Kb.
#53615
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu (1)

5. Тақырыптарға әдістемелік сипаттама: «Адамгершілік тәрбиесі», «Азаматтық-патриоттық тәрбие», «Экономикалық тәрбие», «Экологиялық тәрбие», «Эстетикалық тәрбие»,


«Отбасы педагогикасы» негіздерін зерттеу

Тұлғаның кӛзқарасы мен сенімінің тұрақтылығы, оның идеясы мен қоғамдық белсенділігі – тұлғаның маңызды сипаттамасы. Бұл қасиеттер тәрбиелеу процессінде қалыптасады. Тәжірибеде кӛрінгендей, осы мәселені нәтижелі меңгеру үшін білім алушылар маңызды басты ұғымдардың мәнін саналы түрде меңгереді.

«Дүниетаным» – бұл сӛзді білім алушылар жиі естиді. Ал оның нені білдіретінін сұрасаңыз, кӛбі оның мағынасын біле бермейді. Дүниетаным – бұл кӛзқарастар, сенімдер, идеялар жүйесі. Ал бұл компоненттер қалай жүйеленеді? Білім және дүниетаным, олар қандай байланыста, бір-біріне қалай әсер етеді? Міне, осындай сұрақтарды студенттерге қоюға болады. Бұл сұрақтарды оқытушы ӛзі қойып, оған жауапты студенттермен бірге іздегені дұрыс. Талдауды тек абстрактілі емес, сонымен қатар фактілерді, белгілі тұлғалар ӛмірінен мысал келтіру арқылы жүргізген жӛн.

Адамгершілік тәрбиесі

Адамгершілік тәрбиесі – бұл тәрбиеленушінің қоғамдық мораль талаптарына сай санасына, сезіміне, мінез-құлығына адамгершілік сапаларды қалыптастыру жолындағы мақсатты түрде бағытталған жүйелі әрекет. Келесі анықтама бойынша, адамгершілік тәрбиесі – білім алушылардың бойында мінез- құлықтың белгілі бір сипаттарын қалыптастыруға және оларға ӛздерінің бір-біріне, отбасына, адамдарға, мемлекетке, Отанға деген қатынасын анықтайтын мінез нормалары мен ережелерін дамыту жӛніндегі педагогтардың мақсатты түрдегі іс-әрекеті.

Тәрбиелеу мақсаты – адамгершілігі мол тұлғаны қалыптастыру. Адамгершілік тәрбиесі мақсатының ерекшелігі үстемдік қоғамдық қатынастармен және рухани құндылықтармен анықталады. Адамгершілік тәрбиесінің негізгі міндеттері – адамгершілік сананы: адамгершілік ұғымдарды, мұратты, моральдық-этикалық құндылықтар мен нормаларды, ӛз-ӛзіне сенімін арттыруды, этикалық бағалауды қалыптастыру.

Адамгершілік сезімдерді дамыту дегеніміз білім алушылардың бойында ізгіліктік, ар, абырой, борыш, жауапкершілік, жолдастық, ұжымшылдык, ұят, адамдарды сыйлау икемділіктерін қалытастыру. Қабылданған этикалық нормаларға және дәстүрге сәйкесті мінез- құлық тәжірибесін қалыптастыру, адамгерішілік әдетке (шындықты айту, жамандық істемеу т.б.) дағдыландыру.

Адамгершілік тәрбиесінің ұстанымдары (принциптері): тәрбиенің қоғамдық бағытталғандығы, тәрбиенің ӛмірмен,

еңбекпен байланысы, тәрбиеде жағымдыға арқа сүйеу, тәрбиенің ізгіленуі, тәрбиелік ықпалдардың бірлігі, сана мен мінез-құлық бірлігі, оқу орынымен отбасының, жұртшылықтың педагогикалық талаптарының бірлігі.



Адамгершілік тәрбиесінің мазмұны:

  • адамда қоғаммен байланыстылығын, оған тәуелділігін, ӛз мінез-құлқын қоғамның қызығушылығымен сәйкестендіру қажеттілігі санасын қалыптастыру;

  • адамгершілік мұраттармен, қоғамның талаптарымен таныстыру, олардың орынды қойылуын және адамға сыйымдылығын дәлелдеу;

  • адамгершілік білімдерді адамгершілік сенімдерге айналдыру, осы сенімдердің жүйесін құру;

  • орнықты адамгершілік сезімдерді, адамгершілік сапаларды және жоғары мәдениетті мінез-құлықты қалыптастыру;

  • адамгершілік әдеттерді қалыптастыру. Адамгершілік тәрбиенің формалары:

  • ұжымдық: мейрамдар, кештер, пікірталастар, фестивальдар, жорықтар, жиналыстар т.б.

  • топтық: еңбек бірлестіктері, клубтар, пән үйірмелері, қоғамдық бірлестіктердің жұмысы, ғылыми қоғамдар, қызығушылылығы бойынша бірлестіктер т.б.

  • жекелік: ӛзін-ӛзі тәрбиелеу жұмыстары, жеке ғылыми- танымдық, шығармашылық іс-әрекеттер, адамгершілік мазмұныңдағы тапсырмалар т.б.

Адамгершілік тәрбиесінің әдістері:

  • адамгершілік санасын қалыптастыру әдістері (әңгіме, дәріс, пікірталас, үлгі);

  • адамгершілік қоғамдық мінез-құлық әрекетін және тәжірибені қалыптастыруды ұйымдастыру әдістері: талап, қоғамдық пікір, үйрету, жаттығу, тәрбиелеушілік ситуациялар туғызу, тапсырма;

  • адамгершілік іс-әрекет пен мінез-құлықты қолдау әдістері: жарыс, мадақтау, жазалау.

Адамгершілік тәрбие үрдісінің ӛзектілігі оның:

  • мазмұнымен шартталған – қоғамдық моральмен, қоғамдық адамгершілік сананың нормаларын жеке санаға және әрбір білім алушының мінез-құлқына ендіру қажеттілігімен;

  • мақсаттарының, мазмұнының, адамгершілік тәрбиелігінің кӛрінісі, ұйымдастырушының және диагностикасының ерекшелігі;

  • ақыл-ой, еңбек, азаматтық, эстетикалық, денелік, құқықтық тәрбиелеу үрдістеріне енетіндігінде.

Адамгершілік тәрбиені жүзеге асыру жолдары:

  • оқу үрдісінің мүмкіншілігін пайдалану, әсіресе гуманитарлық пәндердің;

  • мәдениет, денсаулық сақтау ұйымдарының т.б. мекемелердің тәрбиелік мүмкіншілігін пайдаланып адамгершілік білім беру;

  • ұжымдық ӛмірді, бірлескен іс-әрекет пен қарым-қатынаста адамгершілік тәжірбиесін және қоғамдык мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру;

  • отбасының және қоғамдық тәрбие мекемелерінің ӛзара байланысын қамтамасыз ету.

Тәрбиелік істерінің этикалық бағыттағы құрылымына педагог адам моралі туралы мәліметтер енгізеді. Мораль – адам санасының формасы және адамзат мәдениетінің бӛлігі. Мораль принциитерін, нормасын, мәнін түсінуден тәрбиеленушілер ӛздерінің және басқа адамдардың қылықтарын дұрыс бағалауға үйренеді. Адамгершілік жағынан тұрақталған тұлға моральдық нормалардың шындығына сенімді болады, оларды орындау қажеттілігін мойындайды.

Бірақ, адамгершілік нормаларды білу, түсіну наным-сенімдердің бекуіне ӛзідігінен қамтамасыз ете алмайды, тек олардың қалыптасуына кажетті алғы шарттар ғана болып есептелінеді. Адамгершілік білімдер білім алушының ӛмір тәжірибесіне ӛтіп, ой толғауына еніп, тәрбиеленушілердің ӛзіндік талқы сарабына түскен болса ғана адамгершілік нанымдар дәрежесіне кӛтеріледі.



«Азаматтық-патриоттық» тәрбие

Қазақстан Республикасының егемендік алуы, нарықтық экономикаға кӛшуімен байланысты болып жатқан ӛзекті ӛзгерістер білім алушы жастардың азаматтық-патриоттық тәрбиесін теңдесі жоқ биіктікке кӛтеруді талап ететіні айқын кӛрініс. Осы тақырыптағы дәрістің сыни тұрғыда жазу және ойлау технологиясы бойынша жоспарланған үлгісін ұсынамыз.



Тақырыбы: Азаматтық-патриоттық тәрбие

Мақсаты: эстетикалық тәрбие, оның мақсат-міндеттері, эстетикалық тәрбиенің принциптерін, формалары және құралдарын меңгерту.

Ӛткізу әдістері:

Студенттермен диалог, мәселелік түсіндіру тәсілі; «Оқу және жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» стратегиялары: ассоциация, эссе жазу, түртіп алу, 2 жақты күнделік, әңгіме құрастыр немесе 2-3 айналым.



Кҥтілетін нәтижелер: Студенттер дәрістің соңында:

    • Азаматтық-патриоттық тәрбие туралы түсінік алады;

    • Еліміздегі патротизмнің дамуының кезеңдері танысады.

    • Патриотизм ұғымына берілген анықтамалардың классификациясымен танысады.

    • Азаматтық-патриоттық тәрбие берудің негізгі жолдарын меңгереді.

Дәрістің мазмҧны:

  1. Азаматтық-патриоттық тәрбие және оның мақсаты.

  2. Еліміздегі патротизмнің дамуының кезеңдері.

  3. Патриотизм ұғымына берілген анықтамалардың жіктелуі.

  4. Азаматтық-патриоттық тәрбие берудің негізгі жолдары.


1 КЕЗЕҢ – ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ОЯТУ


  1. Жаттығу: «Ассоциация»

Студенттерге сұрақ: Патриот адамның негізгі қасиеттері қандай болуы тиіс?» қойылып , олардың жауаптары тақтаға жазылады.


2 КЕЗЕҢ – НЕГІЗГІ БӚЛІМ


  1. Ауызша пікір алмасу




    1. Азаматтық-патриоттық тәрбие және оның мақсаты Лектор сӛзі (слайд 1):

Азаматтық-патриоттық тәрбие – адамға заң, әлеуметтік, адамгершілік және саяси жағынан ӛзін кәдеге жарамды сезінуге мүмкіндік беретін жеке тұлғаның интегративті қасиеті ретіндегі азаматтық құлқын қалыптастыру.

Азаматтық-патриоттық қҧлықтың негізгі элементтеріне: ӛзінің қадір-қасиетін сезінуінен, жеке тұлғаның ішкі еркіндігінен, тәртіптілігінен, басқа азаматтар мен мемлекеттік билікке деген құрмет пен сенімінен, ӛзінің міндеттерін орындауға қабілеттілігінен, отаншылдық, ұлттық және жалпыадамзаттық сезімдерін жарасымды үйлестіруімен кӛрінетін адамгершілік және құқықтық мәдениет жатады. Адамгершілік мәдениет жалпыадамзаттық моральдық құндылықтарға негізделеді, ал құқықтық мәдениет құқықтық мәдениеттің ӛмір сүруінің субьективті негізі және алғышарты ретінде кӛрінеді, ондай мемлекет үшін адамдардың азаматтық жоғары деңгейде қажетсіну тән. Жеке тұлғаның азаматтық-патриоттық құлқын тәрбиелеу тәрбиешілердің субьективті күш-жігерімен ғана емес, сонымен қатар, ең алдымен, қоғам мен мемлекеттің обьективтік жай- күйімен, демократияның, гуманизмнің даму деңгейімен де анықталады. Жеке тұлғаның азаматтық-патриоттық тҧрпатының негізгі белгілері балалық, жасӛспірімдік, бозбалалық жаста, отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада қаланады да, әрі қарай адамның бүкіл ӛмір бойы қалыптасады.

Азаматтық-патриоттық тәрбиенің негізгі мақсаты адамды қоғамның, мемлекеттің адамгершілік құлық мұраттарына, Отанға деген сүйіспеншілік сезіміне, бейбітшілікке талпынуына, қоғам игілігі үшін еңбек етуді қажетсінуіне тәрбиелеу.

Патриотизм грек тілінен аударғанда «Patriotes» – отандас,

«Patris» – Отан, туған жер деген мағынаны береді. Отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы күш қуатымен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау. Туған жер, ана тілін, елдің әдет-ғұрпымен салт- дәстүрін құрмет тұту сияқты патриотизм элементтері ерте заманнан бастап-ақ қалыптаса бастайды. Азаматтық-патриоттық сезімнің обьектісі мен қайнар кӛзі – Отан десек, оның мазмұны: туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған ӛлкедегі тамаша киелі орындар. Олардың адам кӛкірегіне жылулық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің қайнар кӛздеріне айналуы азаматтық-патриотиоттық тәрбиенің арқасы.

Елжандылық идея – отаншылдық сезім – адамда жүре пайда болатын, жеке тұлғаның саналы ӛмірімен қабаттас қалыптасатын психологиялық, әлеуметтік құбылыс. Отаншылдық сезім жалпы адам баласына тән адами – түйсік қасиеті, оның еліне, туған жеріне, ӛз тілі мен мәдениетіне, ұлттың құндылықтарына деген жеке қатынасын, ӛзіндік бағасын, түйсінуін, қуаттап қолдауын пайымдайтын сезім кӛрсеткіші.



  1. Топтық жҧмыс: «Тҥртіп алу»

Студенттер 3 топқа бӛлініп, оларға тапсырмалар беріледі. Жұмыс орындалған соң үлгілі шығармалар таңдалады және оның себептері талқыланады.

  1. топқа «Қазақстан азаматтарының азаматтық- патриоттық тәрбиеілілігінің деңгейі»,

  2. топқа «Азаматтық патриоттық тәрбиені қай кезде берген дҧрыс?»,

  3. топқа «Азаматтық-патриоттық тәрбиенің мазмҧны» тақырыбына «ээсе» жазу.

Студенттер ӛз орындарынан топ болып «Түртіп алу» стратегиясы бойынша жұмыс жасап материалдың 2-ші сұрағын талдайды.

Қазақстан тарихы, әдебиет пәндері бойынша білімдерін еске түсіре отырып, қазақ ойшылдарының патриоттық тәрбие туралы айтқан, тәрбиелік ойлары мен сӛздерін жазады. Қазақстанда патриотизмнің даму кезеңдеріне сәйкес тарихи мәнді оқиғаларды кӛрсете отырып, «эссе» жазады.

Содан кейін 3 топтың шығармалары тыңдалады.

2. Еліміздегі патротизмнің дамуының кезеңдері Лектор сӛзі (слайд 2):

Патриотизм туралы идеяларды кезінде ӛздерінің шығармаларында қазақ даласының ойшылдары да, атап айтсақ, Әл- Фараби, Ж.Баласағҧни, М.Қашқари, жыршы-жыраулары да: Асан- қайғы, Доспамбет, Шалкиіз, Бҧқар жырау, Махамбет т.б. айтқан. Қазақ халқының табиғи түрдегі азаматтық-патриоттық тәлімінің басқа да халықтық дәстүрі мен байлықтарының дами түсуін, тіпті кейбір уақыттарда патриот деген сӛздің лексикалық құрамынан алынып қалмауын қазақ жеріндегі жиі-жиі болып тұрған тарихи оқиғалардың қыр-сырынан іздеген жӛн. Қазақтың ұлан-байтақ даласын біздің ата-бабаларымыз сан ғасыр найзаның ұшымен, білектің күшімен, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға соқтырмай

аман сақтап келді. Олардың құрып кету қаупі тӛніп тұрған кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жауға қарсы тұруы нағыз шынайы Отансүйгіштік қасиет деп түсінеміз.

Зерттеуші, саясаттанушы Ж.О.Кенжалин патриотизм ұғымының Қазақстанның саяси тарихының алар орны жӛніндегі проблемаларды түйіндей келе соңғы онжылдық тарихын мынадай кезеңдерге бӛліп қарастыруды ұсынған.

Қазақстандық патриотизмнің ел тәуелсіздігі жылдарындағы тарихының алғашқы кезеңі: 1991-1994 жылдар аралығы. Екінші кезең 1995-1998 жылдары аралығы. Бұл кезең мемлекеттің нарықтық экономика заңдарына ӛту кезеңімен, кей тұстары халықтың жекелеген әлеуметтік топтарын торығушылыққа, дағдарушылыққа алып келген сәттерімен сипатталады.

Ҥшінші кезең: 1999 жылдан бері қарай. Бұл кезең Қазақстанда патриотизм ұғымы шын мәнінде ел ішіндегі бірліктің, қоғамдық келісімдік тұрақты саяси ахуалдың кепілдігіне айналғандығымен сипатталады.


  1. Жаттығу «Екі жақты кҥнделік»

3-сұрақ бойынша студенттер «Екі жақты күнделік» стратегиясымен жұмыс жасайды (слайд 3).

Слайд 3

1-кестеден 1 анықтаманы

таңдап алып, осы графаға жазыңыз



Анықтаманы таңдап алу себебіңіз










  1. Жаттығу: Кесте толтыру

Алыс және жақын шетелдердегі патриотизм ұғымына берілген анықтамалардың классификациясы 1-кестеде кӛрсетілген.

3. Патриотизм ҧғымына берілген анықтамалардың жіктелуі

Кесте 1. Патриотизм ұғымына берілген анықтамалар

Слайд 4.

Анықтамалар

Алынған әдебиет кӛзі

«Менің патриоттық сезімім ірбіт сандығындай («матрешка» сияқты бір сандықтың ішінде бір сандық, оның

ішінде тағы бір сандық) мен ең



Ш.Уәлиханов Таңдамалы

шығармалар жинағы.



алдымен ӛз отбасымды, туған туыстарымды қадірлеймін, одан соң ауыл-аймақ, ел-жұртымды, руластарымды, одан соң халқымды,

одан соң Сібір орыстары, Ресей жұртын қадірлеймін», - деген екен.






Патриот – Отанын сүйетін, оның

байлығын қорғайтын, отансүйгіш, отаншыл азамат.



Даль В.И.

Толковый словарь живого велико русского

языка.


Патриотизм – адамгершілік және

саяси принцип, сезім, оның мазмұны – Отанға сүйіспеншілік; оған адалдық, оның ӛткені мен қазіргісіне деген мақтаныш, Отан мүддесін қорғауға құлшылық. Патриотизм – адамның

мыңдаған жылдар бойы бекіген ең терең сезімдерінің бірі.


Философиялық сӛздік.

Алматы, 1996



Патриотизм – Отанға, туған

жерге, ӛзінің мәдени ортасына деген сүйіспеншілік.



Педагогикалық

энциклопедия.

Қазақ совет

энциклопедиясы.



«Патриотизм – Отанға деген

сүйіспеншілік, жеке адамның аман- саулығының қоғамдық-мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз жеке

адамды күшейті екенін мойындау».


Б.Момышұлы.

Қанмен жазылған кітап.



Патриотизм ӛз халқына, Отанға

деген сүйіспеншілік пролетарлық интернационализммен берік

байланысқан.


Педагогикалық сӛздік.

Патриотизм – адамның туа біткен,

биологиялық қасиеті емес, ол - әлеуметтік, тарихи қалыптасқан, Отанға деген сүйіспеншілік сезім, ол Отанға қызмет кӛрсетуден кӛрінеді.



Құсайынова Д.С.

Әлия мен Мәншүк ерлігінде жоғары сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеу.

Алматы, 1999.


  1. Кестемен жҧмыс

Студенттер 4-ші сҧрақ мәтінін оқи отырып, 2-кестені толтырады (слайд 5).

4. Азаматтық-патриоттық тәрбие берудің негізгі жолдары

Азаматтардың мақсаттары топтарының бойында саналы азаматтық бірлік пен қатыстылық, этносаралық және жеке адамдар арасындағы ӛзара түсіністік сезімін қалыптастыруға ықпал ететін ұйымдастырушылық алғышарттары мен шаралар жүйесін құру мыналар арқылы мүмкін болады:



  1. Мемлекеттік нышандарды насихаттау және қолданылатын саласындағы мемлекеттік саясатты белсенді іске асыру.

  2. Мемлекеттік рәміз ұлттың мәдени эмблемалар кешені болып табылады. Мемлекеттік рәмізді дұрыс пайдалану азаматтық жеке сананы және қауымдық сезімді қалыптастыруға ықпал етеді.

Мемлекеттік рәмізді насихаттау түрлі деңгейлерде халықтың ауқымды жіктерін тарту арқылы ӛткізілетін әртүрлі конференциялар, семинарлар, акциялар шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

Бұған қоса, түрлі әлеуметтік топтардың елдің мемлекеттік нышандарын қабылдау дәрежесін анықтауға бағытталған әлеуметтанушылық зерттеу нысанында жүзеге асырылатын осы жұмысты ғылыми қамтамасыз ету қажет болады.

Түрлі конкурстар және басқа да бұқаралық акциялар ӛткізу арқылы мемлекеттік рәміздің маңызы мәселелерінде жастардың хабардар болуын арттыруға айрықша назар аударылады.

Осы тақырыптағы теледидар және радио бағдарламаларды жасау және кӛрсету арқылы жүзеге асыру жоспарланып отырған мемлекеттік нышандар насихатын жүргізуге БАҚ-ты тарту қажет болады;



  1. мемлекеттік мерекелерді жалпыхалықтық мереке ретінде ӛткізу қағидасын енгізу.

Жүргізілетін салтанаттарға адамдарды барынша тарту қажет. Бұл ретте ӛткізіліп жатқан әрбір мерекені азаматтардың «шын жүректен», бірлік, тұтастық, рухани кӛтеріңкілік сезімімен қабылдауы үшін оны ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз ету жӛнінде шаралар қабылдау маңызды.

Мемлекеттік мерекелерді ӛткізу нысандарын түрлендіру мемлекеттік мерекелерді барынша ізгілендіретіндей сценарийлер әзірлеуді қарастырады.

Аталған жұмыстың нәтижесі мемлекеттік басқару органдары мен қоғамның түрлі жіктерінің жақындасуы, билік органдары мен халық арасындағы ӛзара түсіністіктің тереңдеуі болмақ;


  1. білім беру жүйесінің оқу бағдарламаларының деңгейін кӛтеру.




  1. Кесте

Слайд 5

Осы уақытқа дейін азаматтық-патриоттық тәрбие беру бойынша жиі қоданылып

келген әдіс-тәсілдер, тәрбие формалары



Сіз азаматтық-патриоттық тәрбиені нәтижелі жүргізу үшін қандай әдіс-тәсілдер, жолдар, жұмыс формаларын ұсынасыз

1.

1.

2.

2.

...

...


3 КЕЗЕҢ – ТОЛҒАНЫС


  1. Жаттығу «Әңгіме қҧрастыр»

  1. топтың студенттері топ болып 1 бет ақ параққа кезекпен 1 сӛйлемнен жазу арқылы (2-3 айналым) «Әңгіме құрастыр» стратегиясы бойынша жұмыс жасайды.

Тақырып «Елімізде азаматтық-патриоттық тәрбие беру жұмысы және оның нәтижесі». Жұмыс уақыты аяқталған соң топ басшылары құрастырған әңгімелерін оқиды.
«Экономикалық тәрбие»

Қоғамдағы түбегейлі әлеуметтік-экономикалық қайта құру жағдайында қазіргі жалпы орта мектеп педагогтарының тәрбие процесінде тұлғаны қалыптастыру бағытындағы жұмыстарының ішінде экономикалық тәрбие беру маңызды болып табылады. Сондықтанда осы тақырыпқа жоспарланған интерактивті дәріс үлгісін ұсынуды жӛн кӛрдік.



Тақырыбы: Экономикалық тәрбие

Мақсаты: экономикалық тәрбие, экономикалық білім беру ұғымдарын меңгерту. Экономикалық білім беру бойынша қазіргі уақыттағы білім беру жүйесіндегі әдіс-тәсілдерді игерту.

Ӛткізу әдістері:

Мәселелік түсіндіру тәсілі; «Оқу және жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» стратегиялары: ассоциация, «2 жақты күнделік», «Эссе».



Кҥтілетін нәтижелер: Студенттер дәрістің соңында:

  • Экономикалық тәрбие, экономикалық білім беру ұғымдарын меңгереді;

  • Сабақта экономикалық тәрбие беру әдіс-тәсілдерін меңгереді.

Дәрістің мазмҧны:

  1. Экономикалық тәрбие, экономикалық тәрбие және оның мақсаты.

  2. Экономикалық тәрбие бойынша қазіргі білім беру жүйесіндегі жұмыс формалары.


1 КЕЗЕҢ – ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ОЯТУ


  1. Жаттығу «Ассоциация»

Ассоциация стратегиясы. Студенттерге сұрақ қойылады:

«Экономикалық тәрбие беру дегенді қалай түсінесіздер?». Жауаптар тақтаға жазылады.



Жауаптар бойынша неге олай ойлайтыны сұралады, пікір алмасу жүргізіледі.


2 КЕЗЕҢ – НЕГІЗГІ БӚЛІМ


  1. Ауызша пікір алмасу




    1. Экономикалық тәрбие, экономикалық тәрбие және оның

мақсаты
Лектор сӛзі (слайд 1):

Экономикалық тәрбие – оқушыларға жоспарлау, қаржыландыру, еңбек ӛнімдерін есептеу мен бӛлу тәжірибесін үйрету.

Экономикалық білім беру – оқушылардың еңбекті қажетсінуін, еңбексүйгіштігін, қоғамдық еңбектегі белсенділігін, сапалы еңбек тәртібін және басқа да моральдық сапаларын қалыптастыру мақсатында берілетін білім. Оқушыларға экономикалық білім берудің мақсаты – қоғамның экономикалық саясатын ұғындыру, ӛндіріс, айырбас, бӛлісу және тұтыну шеңберіндегі негізгі экономикалық қатынастарды тәжірибеде меңгерту. Экономикалық білім теориясы қоғам ӛмірінің материалдық негіздеррін түсінуге, қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай оқушылардың оқушылардың экономикалық ойлауын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осының негізінде оқушылар қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы адамның шешуші ролін ұғынып, қоғам мен жеке адам мүддесі үшін қоғамдық ӛндіріс пен еңбекке жаңа кӛзқарастарды қалыптастыруы керек. Оқушыларға экономикалық білім беру қазіргі кезеңдегі ең ӛзекті мәселелердің бірі. Сондықтан оларды халық шаруашылығының әр түрлі салаларында жұмыс істей білуге үйрету үшін экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық білімдермен қаруландыру керек.

    1. Топтық жҧмыс «Екі жақты кҥнделік»

Студенттер 3 топқа бӛлініп оларға тапсырмалар беріледі.

  1. топ тапсырмасы (слайд 2): Тӛмендегі кестені толтырыңыз

Слайд 2


Ұғымдар

Түсінік

Жоспарлау

(түрлері, кімді, нені, неге, қашан)

қаржыландыру

(түрлері, кімді, нені, неге, қашан)

еңбек ӛнімдерін

есептеу


(түрлері, кімді, нені, неге, қашан)

еңбек ӛнімдерін бӛлу

(түрлері, кімді, нені, неге, қашан)




  1. топ тапсырмасы (слайд 3): Тӛмендегі кестені толтырыңыз

Слайд 3


Ұғымдар

Түсінік

еңбекті қажетсіну

(ол не, неліктен, не үшін керек,

қалай және қашан қалыптасады?)



еңбексүйгіштік

(ол не, неліктен, не үшін керек,

қалай және қашан қалыптасады?)



қоғамдық еңбектегі

белсенділігі



(ол не, неліктен, не үшін керек,

қалай және қашан қалыптасады?)



сапалы еңбек тәртібі

(ол не, неліктен, не үшін керек,

қалай және қашан қалыптасады?)






  1. топ тапсырмасы (слайд 4): Тӛмендегі кестені толтырыңыз

Слайд 4


Ұғымдар

Түсінік

экономикалық саясат

(қалай түсінесіз, оны білу не үшін

қажет, ӛмірде қашан пайдаға асады?)



ӛндіріс

(қалай түсінесіз, оны білу не үшін

қажет, ӛмірде қашан пайдаға асады?)



айырбас

(қалай түсінесіз, оны білу не үшін

қажет, ӛмірде қашан пайдаға асады?)



бӛлісу және тұтыну

(қалай түсінесіз, оны білу не үшін

қажет, ӛмірде қашан пайдаға асады?)






    1. Ҧжымдық талқылау

Жұмыс аяқталған соң 3 топқа арналған плакатқа кестелер салынып, ұжымдық талқылауға салынып, ортақ кестелер (1,2,3) толтырылады.
2. Экономикалық тәрбие бойынша қазіргі білім беру жҥйесіндегі жҧмыс формалары
Лектор сӛзі:

Адамның болашағы оның қазіргі алған білімінің сапасының кӛлеміне, ойлау деңгейіне байланысты.

Аса қарқынды ӛзгерістерге толы қазіргі әлеуметтік экономикалық жағдайда білім беру жүйесінің алдында мектептік дамуды қайта қарастыру мәселелері тұр.

Олар қандай да бір нақты жағдайды талқылайды, оны шешудің баламаларын іздестіреді. Шешімнің ӛзіндік нұсқасын ұсынады.Ол шешімді негіздейді, бұдан соң оны практикада қабылданған шешіммен салыстырады.

Әдіс оқушылардың шешім қабылдауға қабілетін дамытуға жәрдемдеседі.

Топтық жұмыс дағдыларын дамыту әдісі (іскерлік ойындар).

Кез-келген іскерлік ойынының негізгі ойынды ӛткізу уақытындағы нақты жағдайларды имитация жасау процесі болып табылады. Іскерлік ойын екі бӛліктен тұрады.

1.Ойын модельдері; 2.Ойындар;

Модель шеңберді анықтап ойын үшін негіз жасайды. Ойынның ӛзі ойыншыларға модельге сәйкес шеңберде шешім қабылдауға мүмкіншілік береді.

Имитациялық ойындар.

Әдіс ретінде имитациялық ойын ӛзіне ойын элементтерін енгізетін кӛптеген оқыту стратегияларында қолданылып келеді. Бұған енетіндер:


    • рольдік ойындар

    • тартысты ойындар

    • шешім қабылдауға арналған ойындар

    • іскерлік ойын негізіндегі компьютерлік имитация және басқалары.

Имитациялық ойындар ойындардың жарыс, кооперция, ереже секілді сипатты белгілерін үйлесімді ұштастырады. Экономикаға үйретуде рольдік және орындар аса зор маңызға ие.

Рольдік ойын оқыту әдісі ретінде оқыту процесін ойын әрекеті түрінде және қоғам ӛмірінен нақты ситуацияларды имитациялау түрінде ұйымдастыруға мүмкіншілік береді. Рольдік ойынға диалектикалық әдістемелік ерекше қызығушылық балалар мен үлкендер рӛлдік ойындардың арасында тікелей байланыстың болуымен түсіндіріледі. Осылайша балалар үлкендер ӛміріндегі болашақ рӛлдеріне дайындық жасайды.

Рӛлдік ойын оқушыларға нақтылыққа жақын мінез-құлықтың түрлі әлеуметтік формаларын ойын түрінде кӛріп-білуге жәрдемдеседі. Бұл жағдайда олар дұрыс емес мінез-қылық үшін жазаланудан қауіптенбейді.

Проектілік немес жобалық әдіс ( әрекетке үйрету)

«Проект» сӛзі латынның «prjicere» сӛзініен шыққан және қазіргі тілде «жоспарлау», жобалау, жасап шығару мағынасында қолдауды («жоспарларды іске асыру» дегенді білдіреді).

«Жоба» ұғымы педагогикалық саламен ғана шектелмейді, сондай-ақ экономикада, басқару аен зерттеулерде қолданылады. Сол не ӛзге шаруашылық сауда немесе кәсіпкерлік шараларды жүзеге асыру проектісі, зерттеу проектісі, білім беру бойынша проект және т.б.



Жобалау әдісіне қойылатын мақсаттар:

1.Ӛнімге және әрекетке бағыттылық. 2.Оқушыларға бағыттылық.



  1. Білімнің жағдайға және қоғамға бейімделуі.

Проектілік жұмыс үшін проектілердің ӛту кезеңін жоспарлау аса маңызды болып табылады:

а) мақсатты белгілеу (мақсатты); ә) жоспарлау (ресурстар);

б) орындау (әрекеттер);

в)бағалау және бақылау (нәтижелер);

Оқушылар басынан-ақ проектілер мен мақсаттарды таңдауға қатысу мүмкіндігіне ие болуы қажет, одан соң оларды сол ие ӛзге әдіс- тәсілмен жүзеге асырады.

Алайда, бұл мұғалімнің қатысуын жоққа шығармайды, алғашқы кезек секілді, проектіні жүзеге асыру сатысында да мұғалім араласып отырады.

Экономикалық субьектілерді зерттеу әдісі (кәсіпорындағы зерттеу)

Кәсіпорындардағы зерттеуді кәсіпорынға барып келуден ажыратып алу керек. Кәсіпорынға барғанда оқушылар ол жайлы жалпы түсінік алады. Әдетте ол оқыту тұжырымдамасының кіріктірілген бӛлігі болып саналмайды, тек алдын ала дайындықсыз, нәтижелерін шығаруды қажет етпейтін бір реттік шара ретінде ғана ӛткізіледі.



Кәсіпорындардағы зерттеулердің сипаттамасы:

    • ол оқу үрдісінде кӛрнекі ашып кӛрсету және түсіндіруге арналған әдістемелік тәсіл болып табылады;

    • зерттеу сабақтарында дайындалады;

    • зерттеу сабақта талқыланатын тақырыптарды мысалмен түсіндіруге арналған кәсіпорын қызметтердің белгілі бір аспектілерімен шектеледі.

    • оқушылар зерттеу үшін нақты міндеттерді алдын ала алады;

    • зерттеу кезінде алынған мәлімет талқыланады және келесі сабақтарда қолданылады;

Осылайша, білім берудің барлық деңгейлеріндегі ұсынылып отырған экономикалық мәдениетті білімдік технологиялар негізінде қалыптастырудың нақты методологиялық мәні бар.

Олар бүгінгі мектеп партасында отырған ұрпаққа мақсатқа сай ықпал ету міндетін қоюы мен экономикалық белсенді, ӛркениетті нарық жағдайларында жұмыс істеуге қабілетті, оның талаптары мен нормаларын білетін тұлға қалыптастыруға ықпал ететіндігімен маңызды.




  1. Топтық жҧмыс

3 топқа жеке тапсырмалар беріледі.

  1. топ студенттері «Экономикалық тәрбие беруде қолданылатын ойын тҥрлері, оларды қолдану ерекшеліктері мен маңызы»

  2. топ студенттері «Экономикалық тәрбие беуде жобалық әдісті қолдану және оның маңызы»,

  3. топ студенттері «Қазіргі уақытта экономикалық тәрбиенің әлемдік деңгейдегі ӛзектілігі» тақырыптарына эссе жазады. Жҧмыс соңында ҥздік эссе анықталады.


3 КЕЗЕҢ – ТОЛҒАНЫС

5 Кесте толтыру «Мен ҥйрендім»

Студенттер ӛз орындарынан «Мен үйрендім» кестесін толтырады. Сабақ қорытындыланады.



Кесте - «Мен ҥйрендім»

Слайд 4

Мен ҥйрендім

1.

2.





«Экологиялық тәрбие»

Қазіргі кезеңде экологиялық апат қаупінің алдын алатын, жедел табиғатты қорғау жұмыстарын жүргізу кӛкейкесті проблемалардың бірі болып тұр. Жергілікті материалдар мен экология туралы жалпы мәліметтерге қосымша табиғатқа кӛмек қажеттігін түсіндіру - педагогтың тікелей парызы.

Экологиялық тәрбие жұмысының негізі – табиғатты қорғау ниеттерін іс жүзінде іске асыру. Ӛмір бір жақты экологиялық тәрбие ісімен шектелмей, оларды үздіхсіз табиғат қорғау әрекетімен байланыстыру, еңбек тәрбиесімен ұштастыруды талап етеді. Осыған орай тәрбие ісі бастауы экология туралы білімдерге, яғни қажетті ақпаратгарды қабылдау, талқылау, түсіну.

Бұл істің кӛзі адам ӛмірінің бастауы - жер, су, ауа, аң, ӛсімдік. Аймақ қажеттігі жергілікті табиғат жағдайы тәрбие ісі бағытын, түрін, оны үйымдастыру мен іске асыру формалары мен мазмұнын анықтайды (жасыл патрулдер, орман достары, аңдар мен құстар қорғаушылар тобы). Егер білім алушы ӛзінің ертеңгі күні, ӛзімен бірге достары және жақыңдарының бақыты қоршаған ортадағы ауаның, судың тазалығына байланысты екенін түсінсе, жасыл желек пен ағын суды таза ұстауға кӛмек тигізсе, ол табиғатты қорғаушылар қатарында болғаны. Тӛменде осы тақырыпқа дәріс жоспары беріледі.



Тақырыбы: Экологиялық тәрбие

Мақсаты: эстетикалық тәрбие, оның мақсат-міндеттері, эстетикалық тәрбиенің принциптерін, формалары және құралдарын меңгерту.

Ӛткізу әдістері:

Диалог, мәселелік түсіндіру тәсілі; «Оқу және жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» стратегиялары: ассоциация, «Т кестесі», «Еркін жазу» стратегиялары.



Кҥтілетін нәтижелер: Студенттер дәрістің соңында:

  • Экология термині, экологиялық тәрбие туралы түсінік алады;

  • Экологиялық сана ұғымын меңгере отырып, оның атқаратын қызметтері жӛніндегі білімді игереді;

  • ЖББМ-де экологиялық тәрбие беру мен экологиялық сананы қалыптастырудың негізгі формаларын, жолдарын, экологиялық білім беру бағдарламасын жүзеге асыру кезеңдерін меңгереді. Материалға сын кӛзбен қарауға үйренеді.

Дәрістің мазмҧны:

  1. Экология және экологиялық тәрбие мақсаты туралы түсінік.

  2. Экологиялық сана және оның қызметтері.

  3. Мектепте экологиялық тәлім беру мен оқыту жүйесі.


1 КЕЗЕҢ – ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ОЯТУ

  1. Жаттығу «Ассоциация» стратегиясы.

Қарастырылатын ұғым: «Экология». Студенттер бұл ұғым жӛнінде ӛз ой, пікірлерін білдіреді. Айтылған ой, пікірлер тақтаға жазылып тұрады (сурет 1).
Сурет 1.



2 КЕЗЕҢ – НЕГІЗГІ БӚЛІМ

  1. Ауызша сҧрақ мағынасын ашу

Студенттердің пікірлері тақтадағы суретке түсірілген соң 1- сұрақтың мағынасын оқытушы ашады.

1. Экология және экологиялық тәрбие мақсаты туралы тҥсінік Лектор сӛзі (Слайд 1):

«Экология» ұғымын тұңғыш рет 1866 жылы неміс биологы Э. Геккель қолданды. Бұл ұғым гректің «ойкос» – (үй немесе тұрғын үй/ жилище/) және «логос» (ой /мысль/), яғни, «тұрғын үйді ойлау» деген ұғымнан пайда болса керек.

Қазіргі кезде «экология» ұғымына анықтамада:

Экология – организмдердің бір-бірімен және қоршаған ортамен ӛзара қарым-қатынасын зерттейтін ілім.

Экология – жануарлар ӛсімдіктер, микроорганизмдердің ӛзара және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін биологияның құрамдас бӛлігі.

Экология – тірі организмдердің тіршілік ортасымен арақатынасын зерттейтін биологиялық ғылым ретінде қарастырады.

Слайд 2. Экологиялық тәрбие –табиғаттың барлық субъектілеріне қатысты ізгілікті, қайырымдылықты, парасаттылықты қалыптастыруды кӛздейді.

Экологиялық тәрбие – бұл тек «жұлуға болмайды», «ластауға болмайды» деген жалаң ұран, үндеу тастау немесе тәртіпке шақыру ғана емес, сонымен бірге не себепті олай етуге болмайтындығын түсіндірумен байланысты жүзеге асады.

Слайд 3. Экологиялық тәрбиенің мақсаты оқушылар бойында экологиялық білім, кӛзқарас, сенім жүйесін қалыптастырып, сол арқылы олардың табиғатқа, қоршаған ортаға парасаттылық, жауапкершілік қарым-қатынасын жан-жақты қалыптастырып, дамыту.


  1. Жаттығу Бейнені толықтыру

Экология және экологиялық тәрбие, оның мақсаты туралы білім жеткізілген соң студенттермен біріге отырып жоғарыдағы 1- ші сурет толықтырылады немесе түзетіледі.
2. Экологиялық сана және оның қызметтері Лектор сӛзі:

«Экология» қоғамдық сананың формасы ретінде жануарлар әлемі мен ӛсімдіктер дүниесінің ішкі ӛзара әрекеттесуін және қоршаған ортамен ӛзара қарым-қатынасының заңдылығын зерттейтін биология ғылымының құрамдас бӛлігі. Экологиялық санаға экологиялық білім жатады: фактілер, деректер, жануарлар әлемімен ӛсімдіктер дүниесі және олардың ӛмір сүру ортасы жайында, жалпы қоршаған ортада болып жатқан құбылыстардың ӛзара қарым-қатынасының қорытындысы мен талдауы. Эстетикалық сезім және экологиялық жауапкершілік оның құрамдас бӛлігі болып табылады. Олар адам баласын табиғатты сақтауда қырағы болуға түрткі болады, табиғи сулар, жер қойнауы, атмосфера және орман, тоғайларды ӛндіріске пайдалануда келеңсіз оқиғаларға тап келуін болдырмауды алдын-ала ескертеді. Адамнан табиғатты пайдалануда ондағы экологиялық ойлау қабілетінің жоғары болуын талап етеді.

Экологиялық сана қоғамдық сананың формасы ретінде маңызды қызмет атқарады.

Ағартушылық қызметі. Ол оқушыларға табиғатта адамның ӛмір сүру ортасы ретінде және эстетикалық тұрғыдан жетілуіндегі оның маңызын түсінуге кӛмектеседі.

Дамытушылық қызметі. Ол балаларды экологиялық құбылыстарды ұғыну , табиғат жағдайына талдау жасау, табиғатпен ақалға сиятындай орынды қарым-қатынас жасау біліктілігін қалыптастыру просцесінде жүзеге асады;

Тәрбиелік қызметі. Ол оқушыларда табиғатқа адамгершілік және эстетикалық қарым-қатынасты қалыптастыруды кӛрініс береді. Олардағы жауапкершілік сезімі мен борыш органикалық тұрғыды ақиқат ӛмірдің ұлылығын және сұлулығын шаттана сезіну барысында бірлікте жүзеге асады. Бұл оқушыларда табиғатты қорғау әрекетін жандандыруға түрткі болады. Туған табиғатта терең білу, оған деген махаббат сезім патриоттық сезімді байытады және нығайтады.

Ҧйымдастырушылық қызметі. Ол оқушыларда табиғатты қорғау әрекетін ынталандыруды кӛздейді.

Алдын-ала болжау қызметі. Ол балаларда адамның табиғатқа жасаған қайсыбір әрекетінде мүмкін болатын зардаптарын немесе экологиялық процестердің бұзылу жағдайынан неге алып келетінін, ол үшін қандай шараларды ұйымдастыру қажеттігін алдын-ала болжай білу біліктілігін тәрбиелеуді немесе дамытуды кӛздейді.

Экологиялық тәрбие экологиялық білім берудің құрамдас бӛлігі.



  1. Жаттығу «Т кестесі»

Диалог негізінде жүргізілген 2-сұрақ материалын талқылаудан кейін негізгі ұғымдарды ескере отырып (курсивпен жазылған), студенттер «Т кестесі» стратегиясымен жұмыс жасайды.

«Т» кестесінің сол жағына экологиялық санаға жатын экологиялық білімдер (мысалы, фактілер, деректер т.б.) жазылса, оң жағына экологиялық сананың атқаратын қызметтері жазылады (мысалы, ағартушылық, дамытушылық т.б.).



Слайд 4.

«Т» кестесі» стратегиясы





Экологиялық санаға жататын

экологиялық білім



Экологиялық сананың

атқаратын қызметтері



  1. Жаттығу «Тҥртіп алу»

3-ші сұрақты меңгеру алдында студенттер 2 топқа бӛлінеді.

Барлығы 3-ші сұрақ мәтінін «Түртіп алу» стратегиясы арқылы талдай отырып, ӛз тапсырмаларын орындайды.



  1. топ тӛмендегі кестені толтырады (кесте 1)

Слайд 5

Мектепте оқыған кезіңізде экологиялық тәрбие беру бойынша қандай жұмыстар

жүргізілді?



Экологиялық тәрбие беру бойынша тағы қандай қосымша жұмыстар жүргізілгені дұрыс?

1.

2.

.



1.

2.

.






  1. топ толтыруға тиісті кесте (кесте 2)

Слайд 6

Экологиялық білім беру

бағдарламасын жүзеге асыру кезеңдері



Нақты қандай жұмыстар жүргізілгені дұрыс?

1-кезең.




2-кезең.




3-кезең.




4-кезең.







  1. сҧрақ мәтіні Мектепте экологиялық тәлім беру мен оқыту жүйесі

Экологиялық тәрбие мен білім беру – табиғат ресурстарын

тиімді пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауда белсенді әрекет жасай алатын жеке тұлғаның экологиялық сенімін қалыптастырып, белсенділігін кӛтеру. Сондықтан, экологиялық білім беру оқышылардың табиғатқа жаңаша кӛзқарасын қалыптастырудың негізі болса, әртүрлі формаларда жүргізілетін экологиялық тәрбие жұмыстары жеке тұлғаның эмоциялық – сезімдік әлеміне бағытталады, адамгершілік жауапкершілік қасиеттерін тәрбиелейді. Экологиялық тәрбие жұмысының негізі – табиғатты қорғау ниеттерін іс жүзінде іске асыру. Ӛмір бір жақты экологиялық тәрбие ісімен шектелмей, оларды үздіхсіз табиғат қорғау әрекетімен байланыстыру, еңбек тәрбиесімен ұштастыруды талап

етеді. Осыған орай тәрбие ісі бастауы экология туралы білімдерге, яғни қажетті ақпараттарды қабылдау, талқылау, түсінуге негізделеді.

Бұл істің кӛзі адам ӛмірінің бастауы – жер, су, ауа, аң, ӛсімдік. Аймақ қажеттігі жергілікті табиғат жағдайы тәрбие ісі бағытын, түрін, оны үйымдастыру мен іске асыру формалары мен мазмұнын анықтайды (жасыл патрулдер, орман достары, аңдар мен құстар қорғаушылар тобы). Егер білім алушы ӛзінің ертеңгі күні, ӛзімен бірге достары және жақыңдарының бақыты қоршаған ортадағы ауаның, судың тазалығына байланысты екенін түсінсе, жасыл желек пен ағын суды таза ұстауға кӛмек тигізсе, ол табиғатты қорғаушылар қатарында болғаны.

Оқушылардың экологиялық санасын тәрбиелеуде гуманитарлық және эстетикалық циклдегі пәндердің де маңызы ерекше.

Тарих, қоғам тану, мемлекет және құқық негідері пәндері оқу барысында табиғатқа рақымсыз қарым-қатынас жасауға болмайтындығын, ол үшін мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың әрекетін реттейтін заң актілері жайында білім алады.



Эстетикалық пәндер негізінде: әдебиет, кӛркемӛнер, музыка сабақтары табиғаттың эстетикалық мәнін, оның ӛзіне тән қайталанбас сұлулығын, адамға және жалпы қоғамға маңыздылығын ашып кӛрсетеді. Ӛнер табиғатты жандандырады, адамның сүйіспеншілігін оятады және оның бӛлінбес бӛлшегі екендігін ұғынуға мүмкіндік береді.

Экологиялық білім беру бағдарламасын жҥзеге асыру кезеңдері:

  1. кезең. Оқушыларды негізінен ӛзінің айналасында не болып жатыр, міне осыны түсінуге баулу керек.

  2. кезең. Экологиялық міндеттерді анықтап, оларды шешу жолдарын белгілеуге, қоршаған ортаның жағдайын айқын парасатттылықпен және сын кӛзбен бағалай білуге үйрету.

  3. кезең. Жоғары сынып оқушыларын ӛзінің тұрғылықты мекені, қала мен ауылдың экологиялық жағдайын түсіне білуге үйрету.

  4. кезең. Оқушылармен бірлесе ӛзінің тұрғылықты мекенінде экологиялық жағдайы нашар немесе апат аймақтарды қорғауға алу жұмыстарын ұйымдастыру.

3 КЕЗЕҢ – ТОЛҒАНЫС

  1. Жаттығу «Еркін жазу» стратегиясы

Студенттер сабақ бойына жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін т.б. жайлы ӛз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт беріледі. Уақыт аяқталған кезде студенттер ӛз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқылады.
Эстетикалық тәрбие

Ӛркениет ӛрісінде адам ӛзін қоршаған ортада сұлулық іздеп, сезінуге үйренеді. Бұл қабілет эстетикалық сезім деп атауын алды. Эстетика категориясының ең негізгісі – әдемілік. Әсемдік – бұл ӛмірдің ӛзі, бұл табиғат және адам қарым-қатынасы мен оның еңбегінің жемісі.

«Эстетика» термині гректің «эстезис» – сезімталдық деген сӛзінен шыққан. Бұл сӛзді алғаш рет неміс ӛнертану ғалымы Баумгартен ғылыми атау ретінде енгізіп, 1750ж. оның «Эстетика» деген еңбегі жарық кӛрді. Сол кезден бастап эстетика ғылым саласына айналды. Ал эстетика ұғымының ӛзі ертеректе туған. Оның бастауы ежелгі заманға кетеді.

Эстетикалық тәрбие – бұл ӛнерде және ӛмірде әсемдікті толықтай қабылдап және дұрыс түсінуге жеке адамның қабілетін дамытуға мақсатты түрде бағытталған үрдіс.

Эстетикалық тәрбиенің мақсаты – эстетикалық талғамды және ӛмір шындығына (еңбекке, қоғамдық іске, табиғатқа, ӛнерге, ӛз қылығына) эстетикалық қатынасты қалыптастыру.

Эстетикалық тәрбиенің міндеттері:



  • эстетикалық сананы қалыптастыру, яғни отандық және дүниежүзілік мәдениет, эстетика негіздері бойынша білімдер жинағы, ӛнерде, халық кӛркемӛнер шығармашылығында, табиғатта, адамда шынайы әсемдікті айырып, түсіне білу кабілеті;

  • эстетикалық сезім, талғамды қалыптастыру, кӛркем - шығармашылық іс-әрекетке қабілетін және мотивациясын (сұранысын; қызығушылығын т.б.) дамыту;

  • кӛркем-шығармашылық іс-әрекеттің тәсілдерін қалыптастыру, дарынды білім алушыларды қолдау, тұрған ортасын, еңбегін, оқуын эстетикалық нормаға және құндылықтарға сай ұйымдастыру тәжірибесін (іскерліктер мен дағдылар) жасау.

Эстетикалық тәрбиенің жалпы принциптерімен бірге ерекше принциптері де бар:

  • эстетикалық тәрбиенің және кӛркемӛнер білімінің бәріне қатыстылығы және міндеттілігі;

  • эстетикалық тәрбиенің бүкіл істеріне кешенді тұрғы;

  • білім алушылардың кӛркемӛнер және жалпы психикалық дамуының бірлігі;

  • білім алушылардың кӛркемӛнер-шығармашылық іс-әрекеті және ӛнерпаздығы (самодеятельность);

  • білім алушылардың бүкіл ӛмірінің эстетикалық талаптарына сай болуы;

  • білім алушылардың жастық психологиялық-педагогикалык ерекшелігін есепке алу;

Эстетикалық тәрбиенің мазмұны:

  • қоршаған дүниені эстетикалық қабылдауды, әсемдікті бағалау және жасау қабілетін дамыту;

  • эстетикалық сезім мен эмоцияларды дамыту;

  • ӛнер, мәдениет, табиғат объектілері аясында білім алушыларға эстетикалық білім беру;

  • білім алушылардың эстетикалық нышандарын, қабілетін және ынталарын дамытуға бағытталған жекелік эстетикалық тәрбие;

  • эстетикалық қатынастарды, қабылдауды, сезімдерді, талғамды және мұраттарын қалыптастыру.

Эстетикалық тәрбиенің формалары: конкурстар, викторина, әртүрлі оқу орындары мен мекемелері, үйірмелер, шығармшылық топтар, ұжымдық, жаңа формасы – «ұшқын» концерті, ӛнерпаздар театры, әдеби-шығарма конкурсы, ұнамды сабақ эстафетасы, гигиеналы мәдениет, тазалық пен тәртіпті тек оқу орындарында ғана емес, сол аймақта сақтау қажеттігімен байданыстыру т.б.

Эстетикалық тәрбиеде тәрбиелеудің жалпы әдістерін кеңінен пайдаланады. Эстетикалық тәрбиені жүзеге асыру жолдары:



  • оқыту үрдісінде: тілдер, әдебиет, тарих, саз, бейнелеу ӛнері, дүниежүзілік және отандық кӛркемӛнер мәдениет дәрістері мен семинарлары;

  • оқудан тыс тәрбиелік жұмыстың әр түрлі формалары мен түрлері;

  • жалпы және қосымша білім беру, яғни тәрбиелеу және оқыту, мәдениет және т.б, мекемелерінде кӛркем-шығармашылық іс-әрекетке баулу.

Эстетикалық тәрбиенің кӛптүрлі құралдары кӛркемдік жұмыстарда кӛрінеді. Эстетикалық тәрбиенің құралдары сан-алуан: табиғат, еңбек, адам қатынасы, ӛнер және т.б., ал тәрбиелеу кӛздері

- қоршаған орта, оқу-үйрету еңбегі, ӛнер әлемі, музыка, суреткер шығармасы т.б.



Отбасы педагогикасы – бұл теория. Ол педагогика ғылымының саласы, ол институционалдық белгісіне қарай, яғни әлеуметтік институт. Тарихи-педагогикалық материалды дұрыс қолдана отырып, студенттерге отбасы педагогикасының пайда болуы, дамуы және қалыптасуы жайында толық түсінік беру қажет. Бүгінгі күнге дейін отбасы тәрбиесі педагогиканың бір саласы ретінде дамытылып, әлеуметтік, ізгіліктік сипатта болып келеді. Отбасы мен отбасының ынтымақтастығы үрдісінде ата-аналарды оқу орынының оқу-тәрбие үрдісіне қатыстыру, ағарту жұмыстары ұйымдастырылады.

Я.А.Коменский да ӛзінің «Ұлы Дидактика» еңбегінен кейін ӛз еңбектерін отбасы тәрбиесіне арнаған «Ана мектебі» оқулығын жазады. Содан кейін И.Г.Песталоцци отбасы, оның білім алушы тәрбиесіндегі мүмкіншіліктері жайында бірнеше әдеби- педагогикалық шығармаларын жазады. Осылайша, педагогика әрдайым отбасыға, оның тәжірибесіне сүйене отырып дамытылады. Орыс педагогикасында бұл дәстүр жалғастырылады. Мысалы, К.Д.Ушинскийдің шығармашылығын алатын болсақ, ол тәрбиеленушінің тәрбиесі мен оқытылуы ана тілінде жүргізілуі тиіс деген. Халықтың мәдениеті, тарихы жайында оқулықтар

мазмұнына енгізген.

Зерттеушілер ӛз жұмыстарында (Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, М.Жұмабаев) отбасы тәрбиесінің ӛзекті мәселелерін белгілейді:



  1. Қоғамдағы ӛзгерістердің отбасы ӛміріндегі кӛрініс.

  2. Жеке меншіктік мәселесі.

  3. Адамды адамның қанауы.

  4. Білім алушылар құқығы.

  5. Білім алушы тәрбиесіндегі ананың немесе әкенің басымдылығы және т.б.

«Ел болам десең бесігіңді түзе», – деген М.Әуезовтың аталы сӛзі отбасы тәрбиесінің маңызын айқындайды, ӛркениетті даму жолындағы қоғам алдымен білім алушыны отбасына жан-жақты қамқорлық жасап, оның мәртебелік орнын жоғарғы деңгейге кӛтеруге тырысады.

Отбасы ӛзара жауапкершілік пен ӛзара кӛмек беруге, ортақ тұрмыстық жағдайға, некеге немесе туысқандық байланыстарға негізделген кіші топ, онда жұбайлары, ата-аналары мен білім алушылары, білім алушылардың арасындағы ӛзара әрекеттесуді реттейтін нормалар мен ережелер жасалады. Отбасы жас ұрпақты әлеуметтендірудің маңызды институты. Білім алушы дамуының қай жағын алсақ та, оның тиімділігі отбасыға тәуелді. Отбасы адамның дене және эмоционалдық дамуын қамтамасыз етеді, білім алушының психологиялық жынысының қалыптасуына әсер етеді, білім алушының ақыл-ойының дамуында ерекше орынға ие, сонымен қатар білім алушының оқуға кӛзқарасын қалыптастырады. Отбасы әлеуметтік нормаларды әсіресе отбасы рӛлдерін орындауға қажет нормаларды меңгертуде елеулі орынға ие. Отбасыда әлеуметтік және ұлтаралық қарым-қатынастардан кӛрінетін, адамның ӛмір сүру бағытын, мақсатын, жоспарын, іс-әрекет тәсілдерін анықтайтын негізгі құндылықты бағдарлары қалыптасады. Отбасы адамның әлеуметтік даму үрдісінде үлкен орын алады. Себебі отбасының қолдауы, мақұлдауы, қабылдамауы адамның ортасына бейімделуіне кӛп әсерін тигізеді.

Отбасы тәрбиесі – білім алушыны жан-жақты дамыту мақсатындағы ата-аналар мен отбасының басқа да мүшелерінің білім алушыларға әсер етуі. Отбасы тәрбиесінің мазмұны, сипаты, нәтижесі тұлғалық ресурстарға байланысты. Тұлғалық ресурстар, бір жағынан, отбасы құрамымен (әкесі, шешесі, атасы, әжесі, ағасы және т.б.) анықталса, екінші жағынан, отбасыдағы ересек адамдардың денсаулығының күйімен, білімділік деңгейімен, қызығушылықтарымен, құндылықты бағыттарымен, әлеуметтік мақсаттарымен де белгіленеді. Отбасы тәрбиесінің маңызды сипаты ретінде ондағы қарым-қатынас стилі танылған, яғни отбасыдағы ересек адамдардың білім алушылармен ӛзара әрекеттесу тәсілдері мен сипаты. Олар: авторитарлы (ӛктем), демократиялық, либералды стильдер болуы мүмкін.

Қоғам дамуында отбасы, оның сипаты, ондағы психологиялық ахуал ӛзгерістерге ұшырап, оның түрлі (жақсы, жаман) жақтары шыға бастады. Мысалы, тірі жетімдердің пайда болуы, маскүнемдік, нашақорлық, оралмандар отбасысы, аз қамтылған отбасылар және т.б. Бұл құбылыстардың барлығы отбасының тәрбиелік әсерін ӛте тӛмендеу салдарынан болуда. Бұның нәтижесі



  • ажырасқан отбасылар санының кӛбеюі. Ал азап шегетіндер – білім алушылар.

Ата-аналармен, білім алушы отбасымен байланыс орнату педагогтің ең басты міндеті. Педагогтің отбасымен байланыс орнатудың бірқатар психологиялық-педагогикалық ерекшеліктеріне тоқталған орынды.

Бірінші ереже: Оқу орыны мен педагогтың отбасымен және жұртшылықпен жүргізетін жұмысының негізі ата-аналардың беделін кӛтеру және нығайтуға бағытталуы тиіс. Педагогтың ақыл үйретушілік, кӛсемдік сӛз саптауы, ӛкпе, реніш, ыңғайсыздыққа негіз болады. «Міндетті», «қажетті» деген үзілді-кесілді сӛздерден соң ата-ананың кеңес сұрауға деген ынтасы жоғалады. Ата- аналардың кӛпшілігі ӛз міндеттерін жап-жақсы түсінеді, бірақ тәрбие практикасында ӛз білгенін кӛңілдегідей қолдана алмауы мүмкін. Сондықтан оларға не істеу керек екендігімен бірге қалай істеу керек екендігін білу де маңызды. Педагог мен ата-ананың арасындағы бірден-бір дұрыс норма – ол бірін-бірі құрметтеу. Осындай жағдайда білім алушы тәрбиесін қадағалау, тәжірибе алмасу, ақыл кеңес, бірлесе шешім қабыладау сияқты екі жақты да қанағаттандыратын формаға ауысады. Бұндай қатынастың маңыздылығы сол – педагог пен ата-аналарды жеке жауапкершілік, азаматтық парыз, ӛзіне деген талапшылдық дамып нығаятын болады.

Екінші ереже: Ата-ананың тәрбиелік мүмкіндіктеріне сенім арту, олардың педагогикалық мәдениетінің деңгейін кӛтеру тәрбиелік белсенділігін арттыру. Ата-аналар психологиялық жағынан мектептің барлық бастамалары мен талаптарын қолдануға дайын. Тіпті педагогикалық дайындығы, жоғарғы білімі жоқ ата- аналардың ӛзі білім алушы тәрбиесіне терең түсінікпен және жауапкершілікпен қарайды.

Ҥшінші ереже: Отбасының ӛміріне орынсыз араласуға жол бермейтін педагогикалық әдеп. Педагог – ресми тұлға. Ол ӛз қызметі аясында кӛп жағдайда қаласа да, қаламаса да отбасының ӛзгелерден «жасыратын» құпия сырларына куә болуы мүмкін. Жақсы педагогсі отбасы үшін бӛтен емес, қайта ата-аналар одан кӛмек күтіп сенім сыр айтады, ақылдасады. Сондықтан отбасы қандей болса да, ата-аналар қандай тәрбиеші болса да педагог барынша әдепті болуы тиіс.Ол отбасы туралы барлық білімін ата-

аналардың тәрбие ісіне кӛмектесуге, ізгі ниетті орнықтыруға жұмсауы керек.



Тӛртінші ереже: Тәрбие мәселелерін шешуге ӛмірге құштар, кӛтеріңкі кӛңіл күйді басшылыққа алу, жеке тұлғаның табысты дамуына бағыт ұстау, білім алушының жағымды қасиеттеріне, отбасы тәрбиесінің күшті жақтарына сүйену. Тәрбиеленушінің мінезін қалыптастыру қиындықсыз, қайшылықсыз және оқыс оқиғасыз іске аспайды. Егер осының бәрі даму заңдылығы түрінде қабылданса (білім алушы мінезінің тұрақсыздығы, соқтықпалы сипаты т.б) онда қиындық, қайшылық және күтпеген нәтиже педагогты әбіржітпеуі тиіс. Қалыптасқан педагогикалық міндеттерді шешудің ондаған тәсілдері болғанымен, солардың біреуі ғана нақты жағдайға толық нәтиже беруі мүмкін. Сондықтан педагогика ғылымына дайын рецент беретін анықтама емес, тұлғаға тиімді ықпал жасайтын жалпы заңдылықтар туралы ғылым деп қарау қажет.

Отбасы тәрбиесінің әдістері: сендіру, түсіндіру, ақыл-кеңес беру, иландыру, жеке ӛнеге, мадақтау, сыйлық, мақтау, жазалау, білім алушылар үшін қызықты перспектива, достықтан бас тарту, рахаттылыққа рұқсат бермеу. Отбасында тәрбиелік міндеттерді шешуде әр түрлі құралдар бар: сӛз, ата-ана беделі, оқу, табиғат, үй тұрмысы, ұлттық салт-дәстүр, қоғамдық пікір, отбасының рухани және моральдық ахуал, күн тәртібі, әдебиет, спорт мейрамдары, символ, атрибуттар және т.б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет