ОҚулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен


І. ПЕДАГОГИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ПӘНІ МЕН МІНДЕТТЕРІ



бет2/52
Дата15.12.2019
өлшемі471,07 Kb.
#53615
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu (1)

І. ПЕДАГОГИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ПӘНІ МЕН МІНДЕТТЕРІ





  1. Ғылым және оқу пәні, олардың ӛзара байланыстары мен ерекшеліктері

Қазiргi кезеңнiң ауқымды проблемаларының ұшталуы, адам проблемасын тарих, әлеуметтiк шығармашылық субъектiсi ретiнде алдыңғы орынға шығару және бұл үрдiстегi бiлiм берудiң рӛлiн түсiну педагогиканы басым бағытты ғылымдар қатарына қойып отыр. Ақиқат пен ғылыми-практикалық бiлiм дамуының қазiргi кезеңiндегi педагогиканың нысанасы мен пәнi де бiршама кеңеюде.

Ғылым күрделi динамикалық жүйе болғандықтан оның логикалық және танымдық сипаттары алдыңғы орынға шығарылады. Ғылымсыз әлеуметтік-экономикалық прогресс мүмкін емес. Қазіргі Қазақстанның даму кезеңінде білім мен ғылымның мықты ӛзара байланысы оның тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудың, экономикалық ӛсуінің қозғаушы күшіне айналып отыр.

Алдымен ғылым дегенiмiз не екендiгiн анықтап алуымыз қажет. Ғылым дегенiмiз табиғаттың, қоғамның, ойлаушы жан иесi ретiнде адамның мәнi, қасиеттерi, ӛзiндiк ерекшелiктерi мен даму процестерi жӛнiндегi бiлiмдер жүйесi болып табылады. Сол сияқты ғылым осы объективтiк қасиеттер мен процестердi бiлiмге, ойлау әрекетiне сәйкес әртүрлi формада және бағытта қолдануды қамтиды. Ғылымның бұл түсiнiгi объектiнiң ауқымы бойынша да (табиғат, қоғам, адам), әрi тереңдiгi мен оның практикада қолданылу бағыттары бойынша да алынады.

«Ғылым» ұғымы бірнеше негізгі мағынаны білдіреді. Біріншіден – табиғат, қоғам, қоршаған ортаны тану турасында жаңа білімдерді жүйелеуге бағытталған адам қызметінің саласын түсінеміз. Екінші мағынасында - ғылым, осы әрекеттің нәтижесі - алған ғылыми білім жүйесі ретінде кӛрінеді. Үшіншіден - ғылым, қоғамдық сананың бір формасы, әлеуметтік институт. Соңғы мағынасында, ғылыми ұйымдар мен ғылыми қоғам мүшелерінің бір-бірімен байланысы, сонымен бірге, ғылыми ақпараттары, ғылымның нормалары және құндылықтары және т.б.

Ғылым ӛзінің даму тарихында белгілі бір ерекшеліктері бар күрделі де, жүйелі ұйымдасқан құрылымға ие болып отыр. Ғылым түсінігіне әдебиеттерде түрлі анықтамалар, түсініктемелер

берілген. Ғылым – объективті ақиқатқа жетуге, заңдылықтарды бейнелеуге және алдын-ала болжауға арналған, жүйелі түрде құрылған білімнің жоғары түрі. Ғылым – ақиқаттағы тәжірибемен тексерілетін және дәлелденетін қоршаған орта жӛнінде тарихи қалыптасқан және үнемі дамып отыратын адам білімінің логикалық жүйесі. Сонымен, ғылымды ерекше тану үдерісі деп айта аламыз. Ғылым – қоршаған орта туралы ақиқат білім жинау және теориялық жүйеге келтіру болып саналатын зерттеу әрекетінің бір саласы. Тарихи тұрғыда ғылым адамзат дамуының белгілі бір сатысында, тікелей қажеттіліктердің қосылысынан құрылған. Осының негізінде ғылымтану теориясы келіп шығады.

Ғылым туралы кӛзқарас ерекше тұтастық ретiндегi зерттеу процестерiн қарастырған кезде пайда болады. Зерттеу объектiсiнен тәуелсiз бiрiңғай принциптер мен жалпы зерттеу әдiстерiн iздестiру, iргелi қорыту, әдiснамалық қорытындылар жасауға негiзделедi. Кез-келген ғылыми фактiлердi жинау және қорыту арқылы алынған нәтиженi әрекет құралдары мен әдiстерiнде жүзеге асыру үшiн оның логикасын ашу қажет.

Ғылым ұғымы мен ғылыми зерттеу ұғымдары арасында байланыс қандай? Жалпы алғанда ол бiлiм мен таным арасындағы арақатынас сияқты. Таным дегенiмiз бiлiмдi жасау процесi (бiлiмнiң жасалу, пайда болу процесi). Бұл мағынада ғылым (science) және ғылыми зерттеу (rescareh) оны жасау процесiнен ӛнiм ретiнде ажыратылады және бұл екi категорияны араластыру дұрыс бомайды. Бұл жерде әңгiме мүлдем бӛлек екi аймақ жӛнiнде болып отыр, оның бiрi қызмет ету қасиетiмен ерекшелiнедi, ал екiншiсi жүйенiң пайдалы нәтижесi болып шығады. ғылым сонымен зерттеу емес, зерттеуiң нәтижесi.

Ғылыми бiлiм зерттеуге дейiнгi мақсат ретiнде алынады. Ғылымның теориясы ғылыми-зерттеу әрекетiнiң әдiснамасы болып табылады. Яғни, ғылымның философиялық теориясы – зерттеудiң жалпы әдiснамасы.

Ғылым - әлеуметтiк ӛмiрдiң ең динамикалық салалардың бiрi. Философтар қазiргi ғылымды талдай отырып, зерттеудiң арнайы пәнi ғылымилық құбылыс болып келетiн, классикалық тұрғыдан қарастыруға кӛбiрек кӛңiл бӛледi. Сонымен қатар, ғылымтану мәселесi ӛз алдына пәндераралық синтездi кӛрсетедi және ӛз мәртебесi жағынан философия, ғылым әдiснамасымен барабар. Ғылымтануға ғылым жӛнiндегi кешендi бiлiм деген кеңейтiлген

мағына берiлiп отыр. Анықтамалықтар мен сӛздiктерде ғылымның қызметi мен даму заңдылықтарын, ғылыми әрекет құрылымы мен динамикасын, оның басқа әлеуметтiк институттармен ӛзара әсерiн зерттейтiн, сонымен қатар ―ғылым дегенiмiз не және оның белгiлерi қандай?» деген мәселемен айналысатын салалармен де байланысын кӛрсетедi. Ал, әдiснама «ғылым басқаша емес не себептi осылай деген мәселемен айналысады», - деп кӛрсетiледi.

Объект және оның қолданылуы туралы бiлiмдер жүйесi ретiнде

«ғылым» тӛтенше жалпылық ұғымға ие болады. Келтiрiлген анықтама жеке ғылымдарға да жалпы ғылымдарға да ортақ. Сондықтан, бiрден ғылымның қай объектiсi жӛнiнде сӛз болатындығын анықтап алу қажет. Жеке және жалпы ғылымдар мен қатар ғылымның жүйесiне ғылымның ӛзi туралы ғылым да кiредi. Ол барлық ғылымдар жӛнiндегi бiлiмдер жүйесiн бере отырып, олардағы жалпылық пен ерекшелiктi, тұтас алғандағы орнын, оларға тән даму мен қоғамға қызмет етудiң жалпылығы арқылы байланыстырылатын жалпы логикасы жӛнiнде тұтасымен алынады.

Қазiргi ғылым ӛте күрделi ұйымдасқан, пәндiк ерекшелiгi тұрғысынан қарасақ, оның кӛп салалы пәндерi ғылым кешенiн құрайды, яғни ол жарытылыс, қоғамдық, техникалық, гуманитарлық, антропологиялық ғылымдар саласына бiрiгедi.

Ғылымда адам дүниені идеалдылығы жағынан игереді. Ғылымның түпкілікті мақсаты қандай да бір нақтылықтың мәні туралы білу, яғни нақты білімге жету болғандықтан абстрактілік ойлаудан таным теориясына ӛту болып табылады. Ғылым ұдайы қайталанып отыратын адамзат практикасына сүйенеді, оның белгіленген әдістері мен формалары күнделікті тұрмыстағы эмпирикалық білімге, сондай-ақ ғылым пайда болғанға дейінгі білімге тән әдістер мен формалардан ӛзгеше. Ғылым ӛзінің зерттеу сипатына, әрбір ғылымның ӛзіндік ерекшеліктеріне қарай әртүрлі салаларға байланысты жіктеліп отырады (педагогика ғылымы, психология ғылымы, философия, әлеуметтану, математика, тарих, жаратылыстану, және т.с.с). Мұны ғылымдар классификациясы, яғни ғылымдардың жіктелуі деп айтады. Мысалы, Әл-Фараби қандай ғылым болсада, ол - адам санасына дербес ерекше мәндерді ұғыну арқылы ұялайтыны туралы айтып, ӛзінің «Ғылымдар классификациясы» атты еңбегінде ғылымдарды ол тӛмендегіше жіктеген: 1) тіл білімі және оның тараулары; 2) логика және оның

тараулары; 3) математика, яғни арифметика, геометрия, оптика, математикалық астрономия, музыка, статистика, амал-әрекет жӛніндегі ғылымдар; 4) физика тараулары, метафизика және оның тараулары; 5) азаматтық ғылым және оның тараулары заң ғылымы.

Ғылым дамуының заңдылықтырына, сипатына қарай ғылым логикасы саласының ӛзіндік ерекшелігі бар. Ғылым логикасы – ғылыми танымның логикалық заңдылықтарын зерттейтін философиялық ғылымның бір саласы. Ғылым, ғылыми теория ӛзінің зерттейтін затын ұғым мен ой формаларында бейнелейді. Соның арқасында ғылым берілген пән саласында ой-ӛрісінің барысын, ережелерін анықтайды. Осыған орай әрбір ғылымның ӛзіндік логикасы бар деуге болады. Олай болса ғылымды логикалық тұрғыдан талдау мәселесі заңды болып табылыды. Демек, ғылымның ӛзін зерттеу мәселесі қажет екендігі айқындалып отыр.

Ғылым дамиды, яғни уақытпен бiрге сапалық ӛзгерiске ұшырап отырады. Ол үнемi ӛз кӛлемiн ұлғайтады, үздiксiз жiктеледi, күрделiленедi және т.б.

Бүгiнгi күнi ғылымтану туралы басқа ғылымдардан ӛзiндiк ерекшелiгi, ӛзiне тән пәнi, әдiстемесi, әдiснамасы және мiндеттерi бар ғылыми бiлiм аймағы деп есептеледi.

Ғылымтануға ғылым жӛнiндегi кешендi бiлiм деген кеңейтiлген мағына берiлiп отыр. Анықтамалықтар мен сӛздiктерде ол ғылымның қызметi мен даму заңдылықтарын, ғылыми әрекет құрылымы мен динамикасын, оның басқа әлеуметтiк институттармен ӛзара әсерiн зерттейтiн, сонымен қатар «ғылым дегенiмiз не және оның белгiлерi қандай» деген мәселемен айналысатын салалармен де байланысын кӛрсетедi.

Ғылымтану – ғылымның дамуын және қызмет ету заңдылықтарын қарастыратын зерттеу саласы. Ғылыми қызметтің құрылымын және динамикасын, ғылымның басқа қоғамдық институттарымен, қоғамның рухани және материалдық салаларымен қарым-қатынасын зерттейді. Ғылым теориясына толығырақ түсінік беретін болсақ, оның зерттеу әдістерінің ерекшеліктеріне де тоқталу керек болады. Ғылым әдістерінің ӛзіндік ерекшеліктері – танымның сыналған әдістері арқылы объективті ақиқатқа жетудің мақсаттылығын сипаттайтын білім формасы. Танымның сыналған әдістерінің ақиқаттылығы, ғылыми таным нәтижелерінің дәлдігі сияқты, практика, адамдардың іс-

тәжірибесінде зерттеліп, дәлелденген құбылыс немесе зат, белгілі бір жүйе т.с.с.

Ендi ғылым дамуының жалпы модельдерiне тоқталайық. XX ғасырдың 60-ж. бастап ғылымның дамуы жӛнiндегi американдық тарихшы және философ Т.Кун ұсынған тұжырымдама негiзгi орын алады. Т.Кунның тұжырымдамасындағы ғылымның даму логикасының маңызды элементi – зерттеулердiң қандайда бiр алдын-ала белгiлi шеңберде, iргелi ғылыми жаңалықтар ашылған салада ұзақ уақыт қызмет iстеу қабiлетi. Ол әдiснамаға жаңа ұғым

парадигманы енгiздi. Бұл сӛздiң дәл мағынасы – үлгi. Мұнда дүниенi кӛруге мүмкiндiк беретiн белгiлi бiр бiлiмдер жиынтығы, оның айрықша тәсiлiнiң ӛмiр сүруi есепке алынады және ол зерттеу бағытын таңдауға да әсерiн тигiзедi.

Парадигмада нақты проблеманы шешудiң жалпы қабылданған үлгiлерi де болады. Парадигмалық бiлiм «таза» теория емес (шындығында оның ӛзегi қандайда бiр iргелiк теория бола тұрса да), сондықтан ол тiкелей түсiнiк беру қызметiн атқармайды. Ол- есептеу жүйесi, яғни әртүрлi теорияларды құруға және негiздеуге алғышарт ретiнде ғана алынады. Т.Кунның пiкiрi бойынша: ол белгiлi бiр уақыт аралығында проблеманың қойылу моделi мен оны шешудiң мойындалған ғылыми жетiстiгi болып табылады. Оның мазмұны оқулықтарда, ғалымдардың iргелi еңбектерiнде кӛрiнiс табады, ал негiзгi идеялары кӛпшiлiк санасына енедi.

Ғылыми қоғамдастық мойындаған парадигма ұзақ жылдар бойы ғалымдардың қызметiндегi басты проблемалар шеңберiн анықтайды, олардың қызметiнiң шын мәнiнде ғылыми екендiгiн ресiми түрде бекiткендей болады. Т.Кун парадигмаға ғылым тарихында мысалы, Аристотелюдiк динамиканы, астрономияны, Нюьтонның механикасын т.б. жатқызады. Мұндай парадигма iшiнде, оның шегiндегi ғылыми бiлiмнiң дамуы, ӛсiп-ӛрiстеуi

«қалыпты ғылым» деген атқа ие болды. Ал парадигманың ауысуы нағыз ғылыми тӛңкерiс деп есептеледi.

Т.Кун тұжырымдамасының шешушi жаңалығы мынада: ғылымның дамуындағы парадигманың ауысуы сызықтық сипат алмайды. Ғылымның дамуында логиканың ӛзiндiк заңдылығы бар, бiрақ бұл заңдылық басқа да кӛптеген еш кем түспейтiн заңдылықты мүмкiндiктер iшiнен кездейсоқ таңдалады. Мысалы, бiзге үйреншiктi дүниенiң кванттық релятивистiк бейнесi басқаша да болуы мүмкiн едi. Ғылымның дамуы туралы балама модельдi

И.Лакатос ұсынды. Жоғарыда айтылған екi тұжырымдама да ғылым дамуында кезеңдiк сәттерге, ғылыми тӛңкерiс деп аталатын қандай да бiр байламдарға ерiксiз сүйенедi. Ендi осы ғылыми тӛңкерiстерге тоқталып кӛрейiк. Ғылыми тӛңкерiстiң табиғаты мен сипатын К. Поппер анықтап бердi. Оның пiкiрiнше, теорияның күйреуi нәтижесiнде жаңа проблемалар пайда болады. Ал, бiр проблемадан екiншiсiне қарай iлгерiлеу, шын мәнiнде ғылымның дамуын жүзеге асырады. Тӛңкерiс сӛзi ғылымдағы қолданысында оның бүкiл элементтерiнiң ӛзгерiсi: фактiлер, заңдылықтар теориялар, әдiстер, дүниенiң ғылыми бейнесiнiң ӛзгерiсi деген сӛз. Дүниенiң ғылыми бейнесi қорытылған, жүйелi бiлiмдi бередi, ал оның ӛзгерiсiн, тiптi iрi ғылыми жаңалық бола тұрса да, жекелеген ӛзгерiске жатқызуға болады. Сонымен, дүниенiң ғылыми бейнесiнде ғылыми бiлiмнiң барлық базалық элементтерi қорытылған түрде берiледi. Ал, ғылыми тӛңкерiс жағдайында да жекеленген принциптер, әдiстер мен теориялардың ӛзгерiсi емес, осы дүниенiң ғылыми бейнесiнiң ӛзгерiсiн айтады.

Қазiргi ғылым адамға тарих және танымның (психоанализ, философиялық антропология, экзистенциализм, ӛмiр философиясы және басқа бағыттарда) белсендi субъектiсi ретiнде ерекше кӛңiл бӛледi.

Ғылым – қоғамдық сананың формаларының бірі, яғни адамдардың рухани және физикалық ӛмір туралы кӛзқарастарының бірі. Ғылым – адам іс-әрекетінің саласы, оның қызыметі ақиқат туралы объективті білімдерді жасау және теориялық жүйелеу; сонымен қатар жаңа білімдерді алуға бағытталған іс-әрекеттің ӛзі, және оның нәтижесі – осы кезеңде алынған ғылыми біліімдердің жиынтығы болып табылады. Ғылымның тікелей мақсаты – шындықтың процестері мен құбылыстарын сипаттау, түсіндіру, және болжау, оның ашқан заңдары негізінде оның зерделеу пәнін құрайтын яғни кең мағынасында – шындықты теориялық түрде кӛрсету.Педагогика да осы ғылымдар қатарына жатады. Педагогика


  • адамды оқыту мен тәрбиелеу заңдылықтары мен мақсатты бағытталған тәжірибесін зерделейтін ғылым. Былайша айтқанда педагогикалық заңдылықтарды зерделеуді және жүзеге асыруды қамтамасыз ететін ғылым. Оны айқындау оның нысаны мен пәнін зерттеудің мақсаты мен нәтижесі. Ғылыми кӛзқарас әр уақытта арнайы зерттеулер арқылы айқын, қалыпты, тексерілгенді қорыту. Ғылыми педагогиканың назары мен әсері сол педагогикалық

құбылыстар мен процестерді зерделеумен және оны жүзеге асырумен байланысты. Педагогика ғылымының нысаны мен пәніне де әртүрлі кӛзқарастар бар. Солардың ішінде оның нысаны білім беру – оқыту және тәрбиелеу саласы, ал пәні – осы салада қалыптасатын қарым-қатынаста жүзеге асатын процестердің заңдылықтары. Сонымен қатар педагогикалық практика бар. Оның нысаны педагогикалық процестің қатысушыларының нақты ӛзара әсерлесуі.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет