ОҚулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен Алматы, 2011


ҚОСЫМШАЛАР Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер



Pdf көрінісі
бет18/19
Дата26.03.2020
өлшемі1,89 Mb.
#60784
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
jusipova-pedagogikalyk-sheber
Педагогикалық шеберлік2, сапаркулов жумыс

ҚОСЫМШАЛАР
Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер
1. Өз пәні бойынша 
білімі 
Өз пәнін бағдарламадан да жоғары, 
терең, жан-жақты біледі, әр түрлі білім 
саласындағы арнайы, әдістемелік және 
ғылыми-көпшілік әдебиеттерге еркін 
бағыт ұстай алады 
2. Өз пәніне 
көзқарасы
Өз пәнін қызыға оқытады, ұнатады және 
біледі
3. Жұмыстағы 
жаңалықты сезінуі
Жаңа идеяларды іздеуімен 
ерекшеленеді, педагогикалық 
міндеттердің тосын шешімдерін 
іздестіруге ұмтылады
4. Оқу жұмысын 
жоспарлай білуі
Тақырып бойынша сабақ 
жүйесін, олардың құрылымын 
шығармашылықпен жоспарлайды, 
оқытудың формасы мен әдістерін 
оқушылар мен сыныптың 
ерекшеліктерін ескере отырып 
түрлендіреді
5. Оқытудың 
психологиялық-
педагогикалық 
негіздерін білу
Оқытудың қазіргі психологиялық-
педагогикалық тұжырымдамаларын 
еркін бағдарлай біледі, оларды өз 
педагогикалық қызметтерінде негіз 
ретінде пайдаланады.
6. Педагогикалық 
әдеп
Балалармен қарым-қатынаста, оларға 
талап қоюда шектен шықпайды 

289
7. Оқыту процесінде 
оқушыларға жеке 
тұрғыдан келу
Оқушылардың ерекшеліктерін ұдайы 
зерттейді және оқыту талаптарына 
жеке тұрғыдан келуді қамтамасыз 
етеді; тапсырманың көлемі мен 
күрделілігін саралайды, сабақта үлгерімі 
нашар оқушыларға тұрақты түрде 
көмек көрсетеді, үй тапсырмасының 
орындалуын тиянақты, тұрақты 
бақылайды, сонымен қатар оқу 
дайындығы деңгейі күшті,орташа 
оқушыларды назардан тыс 
қалдырмайды. 
8. Оқушылардың 
оқу жұмысына 
дағдыларын дамыту 
бойынша жұмыс
Оқушылардың оқу жұмысын тиімді 
ұйымдастыра білу дағдыларын табанды 
түрде қалыптастырады (оқудағы 
өзін-өзі бақылау,оқу жұмысын тиімді 
жоспарлау,оқу,жазу,санаудағы нақты 
қарқын) және оған жеке тұрғыдан келуді 
іске асырады. 
9. Оқушылардың 
ойлау қабілетін 
дамыту бойынша 
жұмыс
Сабақ берудің формалары мен әдістеріне 
белсенді дамытушылық ықпал 
етеді,оқушыларды оқыған материалдағы 
маңыздыны ажыратуға үйретеді, 
оқушыларға жеке тұрғыдан келуді 
қамтамасыз етеді.
10. Оқушылардың 
пәнге 
қызығушылығын 
дамыту
Оқушылардың пәнге қызығушылығын 
арттыру үшін арнайы тәсілдерді 
қолданады; оқылатын ұғымдарды 
салыстырады, олардың практикалық 
маңызын және т.с.с. көрсетеді; 
оқытудың әр алуан әдістерін 
қолданады; сыныптан тыс іс-шаралар 
ұйымдастырады; оқушылардың 
танымдық қызығушылықтарын 
қалыптастыруда жеке тұрғыдан келуді 
қамтамасыз етеді.

290
11. Оқушылардың 
білім сапасын, білігі 
мен дағдыларын 
бағалай білу 
Бағалаудың шарттарын тиянақты 
оқиды,оларды практикада орынды 
қолданады; тек білімді ғана емес, 
сондай-ақ практикалық және 
эксперименттік білім мен дағдыларды 
да бағалаудың шынайлығын қамтамасыз 
етеді; бағаларды дәлелдейді; 
оқушылардың тоқсандық білім 
дайындығын шынайы бағалау үшін 
жеткілікті түрде ағымдағы бағалар 
санын жинақтайды.

291
Мұғалімнің методологиялық мәдениетін өз бетінше бағалауы
Ұсынылатын  тестінің  ерекшелігі  –  ол  білімін,  білігін 
және  тұлғалық  сипатын  өзінше  бағалау  негізінде  мұғалімнің 
методологиялық  мәдениетінің  өзекті  деңгейін  анықтауға  және 
рефлексиялауға  мүмкіндік  береді.  Көз  алдарыңызға  осы  сапалық 
дамудың жоғары (9 балл) және ең төмен (1 балл) деңгейін елестетіңіз, 
сонан  соң  өзіңіздің  9  балдық  шәкіл  бойынша  орныңызды  тауып, 
белгілеңіз.
Тест сұрақтары
Бағалар шәкілі    
1. Оқыту, тәрбиелеу саласында 
зерттеу, реформалау қажеттігін 
қандай дәрежеде қажет етесіз?
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9,
2. Егер сізде керемет педагогикалық 
идея туса, онда алдын ала 
оны теория жүзінде негіздеп, 
эксперимент жүзінде тексеру 
қабілетіңіздің деңгейі қандай?
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9,
3. Зерттелетін проблеманың 
маңызын, мақсатын, 
нысанын,пәнін,жұмыс гипотезасын, 
зерттеу міндеттерінайқын 
тұжырымдаудағы, экспериментті 
жоспарлаудағы қабілет деңгейіңіз 
қандай? 
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9
4. Педагогикалық зерттеулердің 
педагогикалық процестерді 
модельдеу, сауалнама жүргізу, 
тестілеу әдістерін қандай дәрежеде 
меңгересіз? 
1, 2, 3, 4 ,5, 6, 7, 8, 9
5. Өзіңіздің өз бетіңізбен сауалнама, 
тест дайындай алатындығыңызды 
қаншалықты жоғары бағалайсыз?
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9

292
6. Педагогикалық эксперимент 
процесінде және оның нәтижесін 
өңдеуде математикалық статистика 
әдістерін, компьютерлік техниканы 
қандай дәрежеде пайдалана аласыз? 
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9
7. Сіз бұдан бұрын қандай да бір 
педагогикалық экспериментті 
ұйымдастыруға қатыстыңыз 
ба және сіздің белсенділігіңіз, 
жауапкершілігіңіз, қатысу деңгейіңіз 
қандай болды?
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9
8. Сіз педагогикалық зерттеулердің 
негізгі методологиялық 
принциптерін атауға қабілеттісіз бе, 
ең бастысы оларды пайдаланудағы 
қабілет деңгейіңіз қандай?
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9
9. Сіз педагогикалық эксперименттің 
нәтижесін қорытындылай келіп, 
мақала жазуға, ғылыми семинарда 
немесе конференцияда шығып 
сөйлеуге қандай дәрежеде 
қабілеттісіз?
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9
10. Сіз өзіңіздің ғылыми 
пікірталастар жүргізу, қандай да бір 
талас тудыратын методологиялық 
мәселе, педагогикалық проблема 
бойынша өз көзқарасыңызды 
ұстану қабілетіңіз бен білігіңізді 
қаншалықты жоғары бағалайсыз? 
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9
Сұрақтарға  жауап  берген  соң,  өзіңіздің  методологиялық 
мәдениетіңіздің жалпы деңгейін ұсынылып отырған шәкіл бойынша 
анықтаңыз.

293
Балдар жиынтығы
Деңгейлер
10 – 18  
Өте төмен
19 – 27 
Төмен
28 – 36 
Орташадан төмен
37 – 45 
Орташадан сәл төмен
46 – 54 
Орташа
55 – 63 
Орташадан сәл жоғары
64 – 72 
Орташадан жоғары
73 – 81 
Жоғары 
82 – 90  
Өте жоғары
Жеке тұлғаның шығармашылық 
әлеуетінің деңгейін бағалау
Төменде  ұсынылып  отырған  тест  9  балдық  шәкіл  бойынша 
тұлғалық  сипатты  немесе  тұлғаның  шығармашылық  әлеуетінің 
даму  деңгейін  сипаттайтын  олардың  пайда  болу  жиілігін  өзінше 
бағалауға мүмкіндік береді (бағалау әдістері алдыңғы тестідегідей).
Тест сұрақтары
Бағалар шәкілі
1. Бастаған істі логикалық аяқтау сізде 
жиі бола ма?
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9
2. Егер барлық адамдарды ойша 
логиктерге және эвристиктерге, яғни 
идеялардың генераторына бөлетін 
болсақ, сіз қандай дәрежедегі идеялар 
генераторы болар едіңіз? 
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9
3. Өзіңізді қандай дәрежеде табанды 
адам деп санайсыз?
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9

294
4. Сіздің соңғы «өніміңіздің», 
еңбектеріңіздің көбіне батапқы 
жобаңыздан, ойыңыздан 
айырмашылығы қандай деңгейде?
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9
5. Адамдардың берген уәдесін орындау 
үшін талап қоя білу және табандылық 
көрсетуге қабілетіңіз қандай деңгейде? 
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9
6. Сіз басқалардың атына жиі сын 
айтасыз ба? 
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9
7. Туындаған проблемалар 
шешімінің сіздің күш-қуатыңыз бен 
табандылығыңызға байланыстылығы 
қандай деңгейде?
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9
8. Ұжымыңыздағы адамдардың қанша 
пайызы сізді, сіздің батамаңызды, 
ұсыныстарыңызды қолдайды? (1 ұпай 
10% шамасында)
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9
9. Көңіл-күйіңіз көңілді және 
оптимистік жағдайда жиі бола ма?
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9
10. Егер соңғы жыл бойында сіз 
шеккен проблемаларды шартты түрде 
теориялық және практикалық деп бөлсе, 
онда соның ішіндегі практикалық 
проблемалардың үлес салмағы қандай? 
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9
11. Өз принциптеріңізді, 
көзқарастарыңызды жиі қорғайсыз ба? 
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9
12. Сіз үшін өмірлік маңызы бар 
проблемаларды шешуге көпшілдігіңіз 
бен тіл табыса білушілігіңіз қандай 
дәрежеде ықпал етеді
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9
13. Ұжымдағы күрделі проблемалар мен 
істерді шешудегі басты жауапкершілікті 
өзіңізге жиі аласыз ба?
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9

295
14. Идеяларыңыз бен жобаларыңызды 
өмірде қандай дәрежеде іске 
асырдыңыз?
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9
15. Жұмыста немесе оқуда тапқырлық 
және ұтымдылық көрсету арқасында өз 
қатарластарыңыздан жиі ала шығасыз 
ба?
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9
16. Жолдастарыңыздың, 
жақындастарыңыздың арасында 
көпшілігі сізді тәрбиелі, интелегент деп 
санай ма? 
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9
17. Сіздің өміріңізде 
қабылдағандарыңыз достарыңыз үшін 
күтпеген, жаңа іс болып көрінген 
жағдайлар жиі бола ма?
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9
18. Өз өміріңізді түбегейлі өзгерту 
немесе көне проблемаларды шешуде 
жаңа тәсілдер табу жиі кездесті ме?
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9
Жинақталған 
қорытынды 
ұпай 
негізінде 
өзіңіздің 
шығармашылық әлеуетіңізді анықтаңыз.
Балдар жиынтығы
Деңгейлер
18 – 39 
Өте төмен
40 – 54 
Төмен
55 – 69 
Орташадан төмен
70 – 84 
Орташадан сәл төмен
84 – 99 
Орташа
100 – 114 
Орташадан сәл жоғары
115 – 129 
Орташадан жоғары

296
130 – 142 
Жоғары
143 – 162 
Өте жоғары
 
Мұғалімнің конструктивтік-мазмұндық  және конструк тив-
тік – жедел білігінің қалыптасуын бағалау.
2 балл – білігі жоғары; 1 – білігі бар; 0 – жоқ.

Біліктілік сипаты
Балл
1.
І. КОНСТРУКТИВТІК-МАЗМҰНДЫҚ
Алдағы және ағымдағы жоспарлауды іске 
асыра білу
2.
Сабақтың тиімді құрылымын таңдау және 
оны композициялық құруды анықтай білу
3.
Сабақ материалын анық жоспарлай білу:
1-бір сабаққа керекті материалдарды таңдап 
алу, ондағы негізгісін, бастысын ажыратып 
көрсету;
2-теориялық материалды жеңіл және 
қарапайымнан қиындау және күрделіге 
қарай орналастыру;
3-сабақтағы демонстрациялық 
эксперименттің орны мен сипатын анықтау;
4-есептер мен жаттығуларды оқушылар 
үшін қиындығының артуына қарай 
орналастыру.

297
4.
Оқушылардың 
сабақтағы 
жұмысын 
жоспарлай білу:
1-жаңа  материалды  игерудегі  сынып-
тың,  жекелеген  оқушылардың  оқу 
жұмыстарының тиімді түрін таңдау;
2-оқушылардың  әр  түрлі  топтарының 
өткен  материалды  тексеру  кезіндегі 
қызметінің сипатын анықтау;
3-іс-әрекеттің кейбір түрінде оқушыларда 
туындайтын қиындықтарды қарастыру;
4-оқушылардың 
оқу 
жұмысындағы 
бір  сабақтан  екінші  сабаққа  дербестік 
дәрежесін көтеру. 
5.
Сабақта өз жұмысын жоспарлай білуі:
1-сабақтың  әр  кезеңіне  уақытты  тиімді 
бөлу;
2-бір  кезеңнен  екінші  кезеңге  қисынды 
көшуді жоспарлау;
3-сабақтың  әр  кезеңінде  оқушылардың 
жаңа  материалды  меңгеруіне  басшылық 
сипатын анықтау;
4-сабақ  барысын  өзгертудің  мүмкін 
жолдарын қарастыру.
6.
ІІ. КОНСТРУКТИВТІК–ЖЕДЕЛ
Педагогикалық  қызметті  психологиялық-
педагогикалық  ғылымның  және  озық 
педагогикалық тәжірибенің ұсыныстарына 
сәйкес жүзеге асыра білу
7.
Оқытуда  ақылмен  тәрбиелеуді  іске  асыра 
білу
8.
Оқушыларды оқу білігі және дағдысымен 
қаруландыра білу
9.
Шығармашылық іс-әрекетке жағдай жасай 
білу

298
10.
Оқушылардың  оқуға  оң  көзқарасын, 
танымдық  қызығушылығы  мен  білімге 
құштарлығын  қалыптастыруға  жағдай 
жасай білу
11.
Қолайлы 
психологиялық 
жағдай, 
педагогикалық оптимизм жасай білу
12.
Оқытудың барлық құралдарын пайдалана 
білу
13.
Әр түрлі озық әдістерді пайдалана білу
14.
Оқушылардың  оқу  материалын  игеруіне, 
олардың салыстыру, жинақтау, қорытынды 
жасау қабілеттеріне бақылау жасай білу
15.
Оқушылардың  ауызша  және  жазбаша 
жауаптарын  талдай  және  дұрыс  бағалау 
білу
16.
Педагогикалық  қызметтің  барлық  түрін 
жоспарлай білу
17.
Дайын конспектіні тиімді пайдалана білу
18.
Оқушыларды  тану  әдістерін  пайдалана 
білу,  жеке  тұрғыдан  келуді  жүзеге  асыра 
білу
19.  Сабаққа,  оның  ішінде  өзінің  сабағына 
психологиялық талдау жасай білу
20.
Өз  қызметін,  оның  нәтижелерін  талдай 
білу

299
Зерттеу білігін меңгеруі
Мақсаты:  білім  беру  қызметкерінің  зерттеу  білігінің  кешенін 
анықтау.
Білім беру қызметкері меңгерген және сүйенетін біліктің тұсына 
«+» белгісін қойыңыз.

Зерттеу білігі
Меңгеру дәрежесі
жақсы
нашар
меңгер-
меймін
1.
Өзінің  педагогикалық 
шеберлігін 
саналы 
түрде жетілдіру
2.
Өз  қызметінің  басты 
идеяларын 
және 
нәтижелерін 
талдау, 
сыни  бағалау,  бөліп 
көрсету
3.
Өз жұмысына 
психологиялық-
педагогикалық 
ғылымның 
ұсыныстарын енгізу 
4. Зерттеу 
тақырыбын 
таңдау және негіздеу
5.
Зерттеу 
тақырыбын 
ұғынуға 
қажет 
әдебиетті  таңдау,  өз 
тәжірибесін әдебиеттегі 
сол  проблемаға  сәйкес 
тәжірибемен салыстыру
6. Зерттеу  құралдары  мен 
әдістерін болжау

300
7.
Зерттеу нысанын, пәнін, 
гипотезасын, мақсатын, 
міндеттерін,  кезеңдерін 
анықтау және негіздеу
8.
Зерттеудің  өзіне  сай 
әдістемелерін табу және 
пайдалану
9.
Алынған нәтижелерді 
жинақтау, сипаттау 
және әдеби көркемдеу
10.
Зерттеудің соңында 
қорытындылар 
мен ұсыныстарды 
тұжырымдау және 
соның негізінде шешім 
қабылдау
11.
Зерттеу 
жұмысының 
қорытындысы бойынша 
рефлекстеу
Зерттеу қызметін мотивациялау
Мақсаты:  білім  беру  қызметкерлерінің  зерттеу  қызметтерінің 
басым мотивтерін анықтау.
Сіздің  зерттеу  қызметіне  оң  көзқарасыңыздың  негізіндегі 
мотивтің тұсына «+» белгісін қойыңыз.

Мотивтер
1.
Әдістемелік білімі мен білігін жетілдіру
2.
Психологиялық-педагогикалық 
білімдерін толықтыру
3.
Педагогикалық тәжірибесін (оның ішінде 
өзінің) талдау және жалпылау

301
4.
Өзінің іс-тәжірибесіне озық 
педагогикалық тәжірибе идеяларын 
енгізу
5.
Өз жұмысында психологтар мен 
педагогтардың ұсыныстарын пайдалану
6.
Оқыту ықпалын болжау және бағалау
7.
Педагогикалық  жағдайларды  өз  бетінше 
шешу
8.
Ғылыми-зерттеу  жұмыстарының  оқу-
тәрбие процесін жетілдіруге әсері
9.
Оқыту  процесі  функциясын  жүзеге 
асыруды  қамтамасыз  ететін  біртұтас 
педагогикалық жүйе құру
10.
Интегралды біліктілікті қалыптастыру
Озық педагогикалық тәжірибені (ОПТ) зерттеу, жалпылау және 
енгізудің ғылыми негіздерін меңгеру.
Сәйкес бағанға «+» белгісін қойыңыз.

Сұрақтар
Жауаптар 
Білімдер мен біліктерді 
меңгеремін
жақсы нашар меңгер-
меймін
1.
Озық педагогикалық 
тәжірибенің маңызы
2.
Озық педагогикалық 
тәжірибенің белгілері
3.
ОПТ-ні меңгерудің 
жұмыс жүйесі
3.1. Жұмыстың жалпы 
әдістемелік жүйесін 
айқындау 
3.2. Жұмыстың жеке 
әдістемелік жүйесін 
айқындау

302
4.
ОПТ шарттары бойынша 
талдау
5.
ОПТ-ні жалпылау
6.
ОПТН-ні жалпылау 
жұмысының формалары 
мен әдістері
7.
Өз жұмыс тәжірибесін 
жалпылаудағы жұмыс 
кезеңдері
8.
Озық педагогикалық 
тәжірибені енгізу (құру) 
8.1.  Енгізу  немесе  құру 
себептері
8.2.  Енгізу  процесінің 
анықталуы және мәні 
8.3. Енгізу әдісі
8.4. Енгізу мақсаты
8.5. Енгізу құралдары
8.6. Енгізу нәтижелері
8.7. Енгізу объекті
8.8. Енгізу субъекті
8.9. Енгізу формалары
8.10. Енгізу принциптері
8.11.Оңтайлы енгізу 
шарттары
8.12. Сәтсіз енгізу 
себептері

303
Педагогикалық қабілетті зерттеу
Мақсаты: Педагогикалық қабілеттің даму деңгейін зерттеу
Нұсқау:  Сіздің  алдыңызда  күрделенген  педагогикалық 
жағдайлар қатары берілген. Әр берілген жағдайды оқи отырып, өз 
педагогикалық  пайымдауыңыз  бойынша  көрсетілген  нұсқаудың 
біреуін  таңдайсыз.  Егер  берілген  нұсқаулардың  ешқайсысына 
көңіліңіз  толмаса,  онда  жетінші  нұсқаға  өзіңіз  дұрыс  деген 
ойыңызды жазыңыз.
1) Сіз сыныпты тыныштандырып, сабақты бастап кеттіңіз. Бір 
уақытта  оқушының  қатты  күлкісі  естілді.  Сіз  тосыннан  ештеңе 
айтып үлгермей, оған таңдана қарап едіңіз, ол сізге тіке қарап: «Сіз 
сабақ түсіндірген кезде менің сізге қарап күлкім келеді».
Сіз қандай шешім қабылдайсыз? Төмендегі жауаптардың ішінен 
сіздің шешіміңізге сәйкес келетін жауапты белгілеңіз.
1. Қарай гөр, өзін!
2. Саған не күкілі?
3. Еркің білсін.
4. Есің дұрас па?
5. Көңілді адамдарды ұнатамын!
6. Сенің көңіл-күйіңді көтергеніме қуаныштымын.
7. ____________________________________________________
2)  Сіз  сабақ  берген  бірінші  күніңізде  немесе  бірнеше  күннен 
соң, оқушы сізге: «Менің ойымша, сіз мұғалім ретінде бізге ештеңе 
үйрете алмайсыз.»
1. Сенің ісің мұғалімге үйрету емес, өзің оқуың керек.
2. Әрине, мен сендерге ештеңе үйрете алмаймын.
3. Саған басқа сыныпқа ауысып, басқа мұғалімнен оқуың керек 
шығар.
4. Шындығына келгенде,  сенің оқығың келмейді.
5. Неге олай ойлатыныңды білгім келеді.
6.  Бұл  туралы  нақтырақ  сөйлессек  қайтеді?  Мүмкін  мен  бір 
нәрсені  дұрыс  істемегендіктен  сенде  осындай  ой  қалыптасып 
отырған шығар?
7_____________________________________________________

304
3)  Мұғалім  оқушыларға  тапсырма  берді.  Оқушы  берілген 
тапсырманы орындағысы келмей:
- Орындағым келмейді, - деді
Мұғалімнің әрекеті қандай болады?
1. Орындағың келмесе орындатамын!
2. Онда сен неге мектепке келдің?
3.  Дым  білмей  қалғаның  өзіңе  жаман.  Сен  оқымай  өзіңе 
жамандық жасап тұрсың.
4. Мұның немен аяқталатынына сен есеп бересің бе?
5. Не себепті екенін сен маған түсіндіре аласың ба?
6. Мүмкін сенікі дұрыс шығар. Бұл туралы отырып сөйлесейікші.
7. ____________________________________________________
4) Оқушы оқу үлгеріміне, қабілетіне көңілі толмай және жаңа 
тақырыпқа  дұрыстап  түсіне  алмай,  мұғалімге:  «Мұғалім,  мен 
келешекте  жақсы  оқып,  сыныптағы  басқа  балалардан    озады  деп 
ойлайсыз ба?
Мұғалім не деп жауап беруі керек?
1. Шынымды айтсам, күмәнім бар.
2. Әрина, сен бұған күмәнданбай-ақ қой.
3. Қабілетің жақсы мен сенен үлкен үміт күтемін.
4. Неге сен өз-өзіңе сенбейсің?
5. Сөйлесіп қиындықтың неде екенін анықтап алайық.
6. Бәрі екеуміздің бірігіп жұмыс істеуімізге байланысты.
7. ____________________________________________________
5) Оқушы:  «Қазір сіз беретін сабаққа қатысқым келмейді, оның 
орнына мен достарыммен қыдырсам деймін», - деді.
Қалай жауап беру керек?
1. Осыдан, солай істеп көр.
2. Келесіде мектепке ата-анаңды ертіп келуіңе тура келеді.
3.  Өзің  біл    емтихан  тапсыратын  өзің  ғой.  Сабақты  босатқан 
күндеріңе бәрібір жауап беруге тура келеді.
4. Сен сабаққа ешқандай көңіл бөлмейтін сияқтысың?
5. Мүмкін саған мектепті тастау керек шығар?
6. Одан әрі сен не  істеймін деп ойлайсың?
7.  Сенің  сабақ  оқығаннан  гөрі,  достарыңмен  демалған, 
қыдырғаның неге қызықты екенін білу маған қызықты.

305
8.  Мен  сені  түсінемін№  Сабақ  оқығаннан  гөрі  демалған, 
қыдырған, концертке бару қызықты. Бірақ неге бұлай ойлайтыныңды 
білгім келеді?
9. ____________________________________________________
6) Есіктен кіріп келе жатқан мұғалімді көріп оқушы: «Сіз бүгін 
өте шаршаған кейіптесіз», - деді.
Бұған мұғалім қалай жауап беру керек?
1. Сенің тарапыңнан маған мұндай ескерту жасау дұрыс емес.
2. Ия, мен өзімді нашар сезініп тұрмын.
3. Өзіңді жөндеп ал!
4. Бүгін нашар ұйықтадым және жұмыстарым да көп болды.
5. Уайымдама, менің шаршағаным біздің сабағымызға зиянын 
келтірмейді.
6. Қамқорлығыңа рахмет, сен өте байқағышсың.
7. ___________________________________________________
7) Оқушы: «Менің ойымша сіздің сабағыңыздың маған ешқашан 
көмегі жоқ....  Мен сабақты тастасам ба?»
Бұған мұғалімнің жауабы:
1. Ондай ақымақтықты таста.
2. Ойлап тапқанын қарашы!
3. Мүмкін, саған басқа мұғалім табу керек шығар?
4. Сенің неге олай істейтініңді анығырақ білсем деймін.
5. Мүмкін, біз сенің жағдайыңды бірлесе отырып шешетін басқа 
жолдарды қарастырармыз?
6. Мүмкін сенің жағдайыңды басқаша шешерміз?
7. ____________________________________________________
8) Оқушы өзіне деген сенімділігін, білдіру үшін, мұғалімге: «Егер 
істеймін десем, кез-келген жұмысты атқара аламын. Керек десеңіз, 
сіздің беретін пәніңізді меңгеру, маған еш қиындық тудырмайды»
Мұғалімнің жауабы:
1. Сен өзіңді тым жоғары бағалайсың.
2. Қайдам? Сенің мына қабілетіңмен бе?
3. Сен бұлай деуіңе қарағанда, өз-өзіңе сенімді сияқтысын?
4. Егер істеймін десең, қолыңнан бәрі келетініне күмәнім жоқ.
5. Ол үшін сенің көп екбектенуің керек шығар.

306
6. Шектен тыс сенімділік жұмысқа кері әсерін тигізеді.
7. ___________________________________________________
9)  Мұғалімнің  берген  ескертуіне,  оқушы:  «Мені  өте  қабілетті 
адам санайды!» – деп пәнді еш қиындықсыз меңгеретіндігін айтты.
Мұғалім қалай деп жауап беруі керек?
1. Сен бұл айтылған ойға сәйкес келмейсің.
2.  Сенің  сабақтағы  қиналғаныңа  қарағанда,  бұған  білімің 
жетіңкіремейді
3. Көп адамдар өздерін солай санайды, Бірақ іс жүзінде көпшілігі 
олай болып шықпайды.
4. Өзің туралы мұндай жоғары ойда болғаныңа қуаныштымын.
5. Міне, енді өзіңнің оқуыңа одан да көп күш салуың керек.
6. Сен өзіңнің қабілетіңді, шамаңды білмей тұрған сияқтысың
7. ____________________________________________________
10)  Оқушы  мұғалімге:  «Мен  тағы  да  дәптерімді  ұмытып 
кетіппін», – деді. 
Не деп жауап беру керек?
1. Тағы да ма?
2. Бұл жауапсыздық қой!
3. Бұл іске енді басқаша  қарау керек сияқты.
4. Неге екенін білуге болма ма?
5.  Сенде  ең  құрымаса  дәптерді  ұмытпайтындай  мүмкіндік 
болмады ма?
6. «Мен бұл туралы ылғи неге  ескертеді деп ойлайсың?»
7. ____________________________________________________
11)  Оқушы  мұғаліммен  әңгімелесіп  тұрып:  «Сіз  маған  басқа 
оқушыларға қарағанда, жақсырақ көңіл бөлгеніңізді қалаймын», - 
деді.
Оқушының  бұл ұсынысына мұғалім не деу керек?
1. Неге мен саған басқалардан гөрі ерекше қарауым керек?
2. Кімге қалай қарау керек екенін өзім білем.
3. Сен сияқты өтініш жасайтын адамдар маған ұнамайды.
4. Неге мен сені басқа оқушылардан бөле-жара қарау керектігін 
білгім келеді?»
5.  Егер  мен  сені  басқалардан  ерекше  жақсы  көремін  десем, 
өзіңді жақсы сезінер ме едің?»

307
6.  Қалай  ойлайсың,  шындығында  мен  саған  қандай 
көзқарастамын?
7. ___________________________________________________
12)    Оқушы    мұғалімге  осы  епәнді  дұрыстап  түсіне 
алмайтындығын айтып: «Мені не алаңдататынын айттым. Мұның 
себебін және одан әрі не істеу керектігімді айтыңыз».
Мұғалім не деуі керек?
1. Меніңше сенің өзіңе көңілің толмайтын сияқты.
2. Бұған алаңдайтын ешнәрсе жоқ.
3. Мен бұл туралы өз ойымды айтпас бұрын, жағдайды тереңірек 
біліп алуым керек.
4.  Шамалы  күте  тұрайық,  біраз  жұмыс  істеп  алып  барып,  бұл 
жағдайға қайтып оралайық. Біз шешімін табатын сияқтымыз.
5.  Мен  саған  тура  қазір  жауап  бере  алмаймын.  Сәл  ойлануым 
керек.
6.  Алаңдама,  менің  де  сендей  кезімде  дәл  осындай  қиындық 
болған.
7. ____________________________________________________
13)  Оқушы,  мұғалімге:  «Маған  сіздің  сөйлегеніңіз,  сабақ 
түсіндіргеніңіз ұнамайды»
Мұғалімнің жауабы қандай болу керек?
1. Бұл жақсы емес.
2. Сен бұл туралы ештеңе түсінбейтін сияқтысың.
3.  Бұдан  арғы  сабақтарда  сенің  көзқарасың  өзгереді  деген 
ойдамын.
4. Неге?
5. Сабақты қалай түсіндіргенімді қалайсың?
6. Әр адамның қабылдауы әр түрлі.
7. Мен не үшін, кім үшін сабақ түсіндіреді деп ойлайсың?
8. ____________________________________________________
14)  Оқушы  сыныптасымен  қарым-қатынасының  нашар  екенін 
көрсете отырып: «Мен онымен бірге оқығым келмейді».
Мұғалім не деуі керек?
1. Ия, тағы не айтасың?
2. Қаламасаң да, бірге оқуға тура келеді.

308
3. Бұл сенің тарапыңнан дұрыс емес.
4. Осы сөзді естігеннен кейін оның да сенімен оқығысы келмейді.
5. Неге?
6. Менің ойымша сенікі дұрыс емес.
7. ____________________________________________________
Нәтижені  бағалау.  Берілген  жауапты  қорыта  отырып,  сапалы 
түрде бағалаған дұрыс. Егер зерттелушінің жауабын сандық түрде, 
әрі жауаптың ұпайын шығару керек болса, 1- кестеде берілген кілтке 
салынып    есептелінеді.  Зерттелуші  өз  ойын  жазған  нұсқа  бөлек 
бағаланып, бағасы жалпы ұпайға қосылады.
1-кесте 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет