ОҚулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет4/19
Дата26.03.2020
өлшемі1,89 Mb.
#60784
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
jusipova-pedagogikalyk-sheber
Педагогикалық шеберлік2, сапаркулов жумыс

Тест тапсырмалары
1. Педагогтің қызметі
А. Жас ұрпақты жан-жақты дамыту
Ә. Тәрбиешінің өнегелі істері
Б. Тәлім-тәрбиесінің ықпалы
В. Қоғамдық орындарда өзін ұстауы
Г. Тәжірибе жинақтауы
2. Педагог қызметінің міндеттері
А. Әрбір сабаққа ұқыпты дайындалу
Ә. Өндіргіш күштің тұлғасы
Б. Адам факторына мән беру
В. Қоғамды дамыту
Г. Халықтың көзін ашу
3. Педагогқа тән сипат
А. Отан, халық, ата-ана алдында жауапкершілікті сезіну
Ә. Жүйелі ықпал ету
Б. Білімін молайту
В. Идеялық көзқарасын білдіру
Г. Бағыт беру
4.Педагогикалық іс-әрекеттегі еңбек субьектісі:
А. Ата-ана
Ә. Оқушылар ұжымы
Б. Педагогикалық процесс
В. Мұғалім
Г. Мектеп әкімшілігі
5. Педагогикалық іс-әрекет мәні
А. Оқушыларды басқару
Ә. Әлеуметтік тәжірибені беру, оқушыны дамыту және өмірге 
дайындау жағдайын жасауды ұйымдастыру
Б. Оқушыларға тек білімдер беру
В. Оқушыға әсер ету
Г. Әлеуметтік сұранысты орындау

56
6. Педагогикалық қызмет. Ол:
А. Жеке дербес адамның жұмысы 
Ә. Ортақ іс
Б. Әрекеттер жиынтығы
В. Біртұтас процесс
Г. Қарым-қатынас түрі

57
3. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІКТІҢ БАСТЫ ШАРТЫ. 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЭРУДИЦИЯ МЕН ҚҰЗЫРЕТТІЛІК
Жоспар:
1. Жалпы мәдениет - педагогтың кәсібилігінің шарты.
2.  Ғылыми  эрудиция,  құндылық  бағдарлар  –  педагогикалық 
мәдениеттің компоненттері.
3.  Арнайы,  әлеуметтік,  жеке  тұлға,  дара  құзыреттілік, 
мамандыққа құзыреттілік
4. Педагогикалық әрекеттің этикасы
5. Шығармашылық - оқушылардың дербестігін дамыту негізі
Негізгі  ұғымдар:  мәдениет,  педагогикалық  мәдениет, 
педагогикалық эрудиция, құзыреттілік, шығармашылық
Педагогтың  кәсібилігінің  бір  шарты  –  мәдениет  болса, 
«мәдениет»  ұғымының  мәніне  тоқталайық.  “Мәдениет”  термині 
латын  тілінің  “cultura”  сөзінен  аударғанда  жерді  өңдеу  дегенді 
білдіреді. Кейін бұл ұғым кең мағынада қолданыла бастады.
Мәдениет  –  адам  әрекетінің,  саналы  қызметінің  көрінісі. 
Мәдениет  адамсыз  жаралмайды.  Белгілі  американ  психолог-
гуманисі  А.  Маслоу  «мәдениет  біздің  психологиялық  және 
биологиялық табиғатымызға өте жақын, сондықтан оқытудың негізі 
ретінде қарау керек» дейді.
Мәдениет  –  адамның  іс-әрекетін  ұйымдастыру  түрлері  және 
әдістерімен,  сондай-ақ  олар  жасаған  материалдық,  рухани 
құндылықтармен  сипатталатын  қоғам  дамуының,  шығармашыл 
күштердің  және  адам  қабілеттерінің  тарихи  анықталған  деңгейі. 
Ол  іс-әрекет  (білім,  білік,  дағды,  интеллект  деңгейі,  көзқарас, 
адамгершілік,  эстетикалық  дамуы,  қарым-қатынас  жасаудың 
тәсілдері мен түрлері) кезінде жүзеге асырылатын адам күші мен 
қабілеттерінен тұрады.
Мәдениетті    адамның  тыныс  тіршілігі    оның  әрекетін 
ұйымдастыру  тәсілінен,  материалдық  және  рухани  байлықты 
жасауынан  көрінетін  қоғам  мен  адамның  белгілі  тарихи  даму 
дәрежесі іспетті, яғни оқу-білім, ғылым, өнер салаларындағы қол 
жеткізген жетістіктері. 
Рухани  байлықтың  көзі  -  мәдениетте.  Адам  өзінің  даму 
барысында  қоғамдағы  мүмкіншілігін,  рухани  дамуын  мәдениеті 

58
арқылы көрсетеді. Ол қоғамның дамуының түрлі мазмұнына сәйкес. 
Олай  болса,  мәдениет  өзгермейтін,  өзгеріске  ұшырамайтын  нәрсе 
деп қарауға болмайды.
Кең  мағынада  мәдениет  дегеніміз  қоғамның,  шығармашылық 
күштердің және адам қабілеттерінің дамуының тарихи белгілі бір 
деңгейі, ол адам өмірінің және іс-әрекетін ұйымдастыру формасы 
мен типі түрінде, материалдық және рухани құндылықтар түрінде 
көрініс табады.
Тар мағынада мәдениет дегеніміз бұл адамның рухани өмірінің 
бір саласы, ол кәсіби және басқа іс-әрекетті жүзеге асыру тәсілі. 
Мәдениеттің  мәні  өмірлік  іс-әрекеттерді  жүзеге  асыру 
тәсілдерімен  анықталады.  Соның  ішінде  педагогикалық  мәдениет 
ұғымын қалай түсінуге болады?
Педагогикалық мәдениет – жалпы адамзаттық мәдениеттің бір 
бөлігі, онда білім беру мен тәрбиелеудің рухани және материалдық 
құндылықтары  кең  тұрғыда  көрініс  табады,  ол  тұлғаны 
әлеуметтендіру, ұрпақтар ауысуы тарихи процесіне қызмет көрсету 
үшін  қажетті  шығармашылық  педагогикалық  іс-әрекет  тәсілдері 
болып табылады.
Педагогикалық  мәдениет  педагогикалық  теорияларды  және 
практиканы,  қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологияларды, 
педагогикалық  іс-әрекеттегі  тұлғаның  шығармашылық  өзін-өзі 
реттеу тәсілдерін меңгеру тәсілдері ретінде қарастырылады.
Мұғалімнің мәдениеті – білім ошақтарында ғана емес, күнделікті 
жүріс-тұрысынан,  өзін  қай  ортада  болсын  ұстай  білуден,  өзгелер 
қызығатын  жан  дүниесі  бай,  кең,  көпшіл,  білімді,  адамгершілігі 
мол,  жан-жақты  жарасымды  болғанда  ғана  нағыз  ұстаз  екенін 
дәлелдейді.
Педагогикалық  ғылым  мәдениетті  негіз  ретінде  алып 
қарастырады,  себебі,  арнайы  зерттеулер  мамандардың  жоғары 
дәрежедегі  іс-әрекетін  біріншіден,  оның  мәдениеттілігіне 
байланысты деп санайды.
Педагогтың  жеке  дара  мәдениеті  –  тұлға  әлемі.  Мұғалім 
мәдениеті өзін-өзі жетілдіру үшін педагогикалық еңбектің мақсатын 
және оларға жету тәсілдерін еркін таңдауға мүмкіндік беретін кәсіби 
іс-әрекет пен өзіндік сана-сезім негізінде қаланады.
«Педагогикалық  мәдениет»  ұғымының  құрылымын  зерттей 
келе, құрамдас бөліктері көбейген сайын біз осы ұғымға тән нақты 

59
маңыздылықты ашып көрсете аламыз. «Педагогикалық мәдениет» 
ұғымының  тағы  бір  ұлттық  кұрылымын  педагогикалық  тәжірибе 
барысында  М.  В.  Прохоров  ұсынған.  Педагогикалық  мәдениет  - 
өзіндік  мазмұны  бойынша  кең  таралған  және  арнайы  категория. 
Педагогикалық  мәдениеттің  тасымалдаушысы  жеке  әрекеттің 
мотиві ретінде рөл атқаратын белгілі бір тұлға. 
Отандық 
педагогикада 
педагогикалық 
мәдениеттің 
мысалдары  шексіз  көп.  Оны  педагогика  тарихынан,  көркем 
сурет  шығармаларынан  көптеп  кездестіруге  болады.  Педагогтар 
педагогикалық  мәдениетті  этикамен  де,  эстетикамен  де, 
педагогикалық  шеберлікпен  де  теңестірмейді.  Олар  бұл  ұғымды 
әр  алуан  қасиеттердің  бірігуі  ретінде  қарастырады.  Олар  мына 
қасиеттерді  маңызды  деп  санайды:  адамға  деген  махаббат, 
оқушыларға әрекет ете білу дағдысы (ой шақыру, ойын толғандыру, 
сезімін ояту, қажетті бағытта бұра білу) және т.б.
Педагогикалық  мәдениет  негізінде  терең  психологиялык-
педагогикалык  танымдар,  әр  бағыттағы  білімділік,  үнемі 
педагогикалық  ойды  жетілдіру,  өзіне  емес  жұмыс  нәтижесіне 
іштей  қанағаттанушылық,  өзіндік  сыншылдық,  жүйелі  кәсіптік 
әрекетке ұмтылыс (оқытуға, тәрбиелеуге, дамытуға), мәжбүрлеусіз 
оқу-тәрбие  ісіне  толық  берілу  жатады  да,  ал  ішкі  қажеттіліктерге 
назар аударсақ, өзіндік еркіндік; рухани байлық, ұнамды тазалық, 
педагогикалық этика, шығармашылық, жаңашылдык, іздемпаздық 
жатады.
Сондықтан,  педагогикалык  мәдениет  формальды  -  мазмұнды 
жоспарында  -  педагогикалық  дәлелдер  мен  шеберліктің, 
педагогикалық  этика  мен  кәсіптік-педагогикалық  қасиеттердің, 
оқу-тәрбие жұмысы мен мұғалімнің өз-өзіне және жұмысына деген 
қатынасы  стимулының  синтезі.  Оның  маңызды  жақтары:  әлемдік 
көзқарас,  ұнамдылық,  кәсіптік,  интеллектуалды,  эмоционалды-
еркін, эстетикалық және физикалык.
Педагогикалық мәдениет мазмұны өзіндік жоспарға ие: білімді 
тарату,  оқыту,  мәжбүрлеу  т.б.  Педагог  жұмысы  –  кәсіп  емес,  оны 
таңдаған адамның өмірлік бейнесі, ал өзге адамдар көзқарасында ол 
әлеуметтік жетілудің рухани бейнесін елестетеді. Оны оқушы әлемге 
деген  көзқарасына,  әрекет  ету  стиліне,  өміріне,  әрбір  құбылысқа 
қатынасына  қарай  қабылдайды.  Талантты  мұғалімнің  оқушысы 
өзіне  ұқсайды.  Ойшыл  көзқарастары,  еңбекке  деген  катынасы, 

60
ғылыми білімдарлығы, тіл табысу әдісі және т.б. Жоғары дәрежелі 
педагог  бос  сөзбен  сөйлемеуге,  тереңірек  тілдесуге  тырысады 
және  сонымен  қатар  алдыңғы  қатарлы  ойларды  тарату  жолымен 
оқушылар арқылы оның қолдану аясын кеңейтеді.
Е.  В.  Бондаревская,  С.  В.  Кульнеевич  бойынша,  мұғалімнің 
жалпы базалық мәдениеттінің мазмұнына жатады:
 - ақыл-ой және дене еңбегі мәдениеті;
 - өзін-өзі тәрбиелеу, өзіндік білім алу;
 - өзін-өзі ұйымдастыру мәдениеті;
 - тұрмыс мәдениеті;
 - қарым-қатынас және демалыс мәдениеті.
Педагогтың ақыл-ой мәдениеті – педагогтің іс-әрекеті кезіндегі 
өзіндік ойлауы мен шығармашылық ойы және икемділігінің деңгейі; 
түрлі  педагогикалық  жағдаяттардағы  педагогикалық,  сол  сияқты 
жаңа, күтпеген және даулы мәселелерді шешудің жолдарын талдау 
мен құралдарын таңдаудағы педагогтың ойлау процесінің тиімділігін 
туындататаын және қамтамасыз ететеін сапалар  жиынтығы.
Өздігінен  білім  алу  мәдениеті  -  өздігінен  ілім  алудың  барлық 
құрылымдарының дамуы мен жетілуінің жоғары деңгейі. Өздігінен 
білім  алу  қажеттілігі  дамыған  тұлғаға  тән  қасиет,  оның  рухани 
өмірінің  қажет  элементі  болып  табылады.  Тұлғаның  танымдық 
қажеттілігінің  қанағаттандырылуының  жоғары  формасы  болып 
санала  отырып,  өзіндік  білім  алу  адамның  елеулі  ерік  күшінің 
көрінуіне,  жоғары  деңгейдегі  саналығы  мен  ұйымшылдығына, 
өздігімен жетілу үшін іштей жауапкершілік қабылдау даярлығына 
байланысты.
Педагогикалық  қарым-қатынас  мәдениеті  –  педагог  пен 
оқушының  арасындағы  адмагершілікті  саналы  қарым-қатынасы, 
оның мазмұнында сөз мәдениеті, сыртқы өзіндік безендіру мәдениеті 
мен педагогикалық мақсатты өзара қатынас мәдениеті бар.
Қарым-қатынас  пен  мәдениеттің  ажырамас  тұтастығын 
көрсететін негізгі жол - тұлғаны дамыту, тәрбиелеу, қалыптастыруда  
оның қоршаған дүниені қабылдауы, меңгеруі және табиғи, әрекеттік, 
әлеуметтік қатынасы. 
Теориялық зерттеулер бұл тұрғыда әртүрлі бағыттар ұсынады, 
яғни  тұлғаны  дамытуда  мәдени  дамуды  қарым-қатынас    реттейді, 
оларды басқаратын және жіктейтін механизмдерін, заңдылықтарын 
анықтайды. 

61
Қарым-қатынас мәдениеті ұғымының теориясы және оны жан-
жақты  талдаудың  қажеттілігін  көрсетеді.  Ғылыми  әдебиеттерде 
терминнің мағынасы зерттеушілердің теориялық позициясына және 
ұғымның тереңдігіне тәуелді.
Ғылыми теориялық бағытта, қарым-қатынас  мәдениеті – рухани 
және  қатынастық    материалдық  құндылықтар  байлығы,  адамзат 
санасы, тұрмысы, өткені мен бүгіні. 
Мәдениеттің өзі материя қозғалысының  әлеуметтік  формасы, 
«әлеуметтік  ортаның  қажетті  шарты»,  тұлғаның  өмір  сүру  әдісі, 
әрекетінің сапалық сипаты. 
Ғылымда  «қарым-қатынас  мәдениеті»  ұғымы  бір  жағынан 
дәлелдеуді  қажет  етпейтін  қисынды  ұғым  болса,  екіншіден 
көпмағыналы тіл мәдениеті, этикеті, мінез-құлқы  тұрмысы, салты 
т.б. болып жіктеледі.
Алайда  қарым-қатынас  мәдениеті,  қарым-қатынас  және 
мәдениет  ұғымы  синтезінде  төмендегідей  логикалық  анықтамаға 
сүйенеді: «қарым-қатынас мәдениеті - адамзаттың мәндік сапаларын 
жақындастыруға бағытталған адамгершілік, саналылық әрекеттер».
Зерттеуде  О.  Араковская  берген  бұл  тұжырым  қарым-қатынас 
мәдениеті ұғымын  білім беруде қажетті педагогикалық мазмұнмен 
толықтыруға бетбұрыс жасайды. 
Қарым-қатынас  мәдениеті  адамзат  үшін  әртүрлі  деңгейде, 
әртүрлі кезеңде қалыптастыруды қажет ететін құбылыс. 
Болашақ кәсіпті игеру жолында да оның өзіндік ерекшеліктері, 
өлшемдері, бағыттары бар. Осыған орай, қарым-қатынас  мәдениеті 
ұғымын  жалпы  құндылықтардан  ажырата  қарастыру  үшін  кәсіби 
қарым-қатынас мәдениеті ұғымын қолдануға болады. 
Қазіргі қоғам сұраныстары рухани және материалдық сфералар  
аясында қарым-қатынас проблемасын өте маңызды етіп көрсетеді. 
Қарым-қатынас  адамның  өмірлік  іс-әрекетінің,  әсіресе  білім, 
ғылым,  өнер  салаларында  бөлінбейтін  бөлшегі  болып  табылады. 
Оның  дәлелі  ретінде  білім  мен  мәдениеттің  терең  байланысын 
айтуға болады. 
Болашақ  педагогтардың  кәсіби  мәдениетін  дамыту  қазіргі 
уақытта  психологиялық-педагогикалық  зерттеу  мәселесіне  айна-
луда. Көптеген ғалымдардың көзқарасы бойынша, болашақ маман 
даярлауда  студенттерге  педагогикалық  әдеп,  іскерлік,  дағдыны 
қалыптастырудағы  басты  компоненттерінің  бірі  –  педагогикалық 
мәдениет шарттарын айқындау болып табылады.

62
Педагогикалық  кәсіби  мәдениет  –  мұғалімнің  әлеуметтік 
тәжірибені  меңгеруі,  игерген  білім,  білікті  тәжірибеде  қолдана 
білуі  және  өзін-өзі,  қоршаған  ортаны  жаңарту  қабілетімен  қатар 
басқа  адамдармен  ізгілік  тұрғысында  қарым-қатынас  жасай  білу 
қабілетімен сипатталады.
Педагогтың кәсіби мәдениеті ол тұлғаның мәндік сипаттамасы 
ретінде жүйелі білім беру түрінде көрінеді.
Кәсіби  мәдениетті  жоғары  деңгейде  меңгерген  мұғалімнің 
шешуге тиісті міндеттері: 
1. Жаңаша ойлауға, таным және өзіндік ұйымдастыру әдістеріне 
оқыту;
2. Оқушыны құбылысқа тұтастай және қозғалыс кезінде қарауға 
үйрету;
3. Оқушыны өзін-өзі ұйымдастыруға үйретіп, өз бетінше өмір 
сүрудің нақты жолын көрсету;
Педагогикалық  кәсіби  мәдениетті  жоғары  деңгейде  меңгерген 
мұғалім:
- ғылыми теория, гносеология, әдістеме негіздерін білу тиіс;
- мамандықты және пәнін жақсы білуі керек;
- мұғалімнің өзінің сенетіндегін көрсететін және шығармашылық 
таным процесін дамытатын энергияның болуы қажет.
Педагогикалық  кәсіби  мәдениетті  жоғары  деңгейде  меңгерген 
мұғалімге тән мінез-құлық:
-  балаларды  сүйе  білу  –  ізгіліктік  қағида  мұғалімнің  адами 
маңызды сапасы;
- баланы, адамды құрметтеу - әр адамның бойынан тұлғаны көре 
білу қасиеті;
-  балаға,  адамға  сену  –  оқу  процесіндегі  жетістік  кепілі, 
ізгіліктілік пен өзіне өзі сенім;
-  баланы,  адамды  білу  –  тұлғаның  жан  дүниесін  білмейінше 
тәрбие жүйесіз жүргізіледі; гуманист болу – адамды тани білу;
- баланы, адамды түсіну – оның орнына өзіңді қоя біліп, қоршаған 
дүниені соның көзімен көре білу қабілеті;
Педагогикалық мәдениеттің компоненттері төмендегідей:
- мұғалімнің балаларға қатынасындағы гуманистік ұстанымы;
- кәсіби мінез-құлық мәдениеті, өзін-өзі дамыту, өз іс-әрекетін 
өзіндік реттеу және қарым-қатынас іскерлігі;
- шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі;

63
-  психологиялық-педагогикалық  құзіреттілік    және    педагоги-
калық ойлауды дамыту;
- ғылыми эрудиция, құндылық бағдарлар;
-  пәні  бойынша  білімді  болу,  педагогикалық  технологияны 
меңгеруі.
Сондай-ақ, педагогикалық мәдениеттің компоненттері былайша 
жіктеледі: аксиологиялық; технологиялық; эвристикалық; тұлғалық.
Аксиологиялық  компонент  –  педагогикалық  еңбектің 
құндылықтарын меңгеру және қабылдаудан тұрады:
• Кәсіби педагогикалық білім мен дүниетаным.
• Педагогикалық ойлау және рефлексия.
• Педагогикалық такт және этика.
Педагогикалық  мәдениеттің  құрылымында  дүниетанымдық 
компонент маңызды рөл атқарады. 
1)  Дүниетанымдық  компонент  педагогикалық  тұжырымдарды 
қалыптастыру  процесі  мен  нәтижесінен,  мұғалімнің  қызығу-
шылықтары,  құндылық-бағдары,  ұстанымдарын  анықтау  проце-
сінен тұрады.
2) Педагогикалық ойлау мәдениеті педагогикалық талдау және 
синтездеуді дамыту қабілеттерінен және ойлаудың сапаларын (сыни 
ойлау,  дербестік,  белсенділік,  жылдамдық,  байқағыштық,  есте 
сақтау, шығармашылық елестету) дамытудан құралады.
Мұғалімнің  адамгершілік  мәдениеті  –  кәсіби  педагогикалық 
этиканың  зерттеу  пәні  болып  табылады.  Ол  адамгершілік  сана, 
адамгершілік сезімдерден құралады.
3)  Адамгершілік  мәдениеттің  негізгі  компоненттерінің  бірі 
–  педагогикалық  такт.  Педагогикалық  такт  –  бұл  мұғалім  мен 
оқушы  арасындағы  адамгершілік  қатынастар  мақсатына  сәйкес 
ұйымдастырылған мұғалімнің өзін-өзі ұстауы және оларға әсер етуі.
Технологиялық 
компонент 
қарым-қатынас 
мәдениеті 
барысында  білім  беру  процесіне  қатысушылардың  өзара  әсер  ету 
тәсілдері мен жолдарынан, сөйлеуден, ақпараттық және білім беру 
технологияларын қолданудан құралады.
Технологиялық компоненттің құрамдас бөліктеріне жатады:
-  оқу-тәрбие  процесін  ұйымдастыру,  жоспарлау  туралы  білім, 
іскерліктер;
- педагогикалық ойлау;
- педагогикалық іскерліктер (гностикалық, перцептивті, конструк-
тивті, жобалау, болжау, коммуникативті, ұйымдастырушылық);

64
- педагогикалық техника;
- педагогтың өзі-өзі реттеуі.
Педагогикалық  мәдениеттің  эвристикалық  бөлігі  мұғалімнің 
шығармашылығына негізделеді.
Эвристикалық  білім  беру  іс-әрекеті  төмендегілермен 
сипатталады:
-  мұғалімнің  тұлғалық  білім  беру  потенциалы,  жеке 
ерекшеліктері, мотивтері, мақсаттары негізінде жүзеге асады;
- мұғалімнің іс-әрекетіне сәйкес жаңа білім беру өнімін жасап 
шығаруына әкеледі.
Мұғалімнің  іс-әрекетінде  оны  орындауға  қажетті  әдістер, 
құралдар  және  тағы  басқа  жағдайларды  меңгеруіне  байланысты 
субъективті қиындықтар мен мәселелер туындатады.
Педагогикалық мәдениеттің тұлғалық компоненті педагогикалық 
іс-әрекетті  орындаудағы  педагогтың  өзінің  қажеттіліктерін, 
қабілеттерін, қызығушылықтарын іске асыру барысында көрінеді. 
Өзін-өзі  іске  асыру  процесі  өзін-өзі  танудан,  өзін-өзі  бағалаудан 
құралады,  олар  мұғалім  тұлғасының  кәсіби-  адамгершілік, 
интеллектуалдық потенциалын ашады. 
Тұлғалық  компонент  өзін-өзі  ұстау,  кәсіби  этикет,  сөйлеу 
мәдениеті, киіну мәдениеті сияқтылардан құралады.
Мұғалім  кәсіби  этикетті  сақтай  отыра,  белсенді  түрде  кәсіби 
қарым-қатынасқа түсу іскерліктерін де білуі тиіс.
Мұғалімнің сырт келбеті мұғалім мамандығына сәйкес ұқыпты, 
әсем, көрікті болуы тиіс.
2.  Педагогикалық  мәдениет  компоненттерінің  бірі  құндылық 
бағдарлар  болса,  негізінен  құндылықтық  бағдарлар  тұлғаның 
қоғамдағы  және  әлеуметтік  топтағы  белгілі  бір  орнын  анықтауға 
әсерін  тигізеді,  сонымен  бірге  топтағы  адамның  ойлауын,  оның 
қоғамдық келбетін анықтайды.
«Құндылықтық  бағдарлар»  түсінігі  көптеген  ғылымдар 
қиылысында  дамыды  -  әлеуметтік  жөне  мәдени  антропология, 
әлеуметтану, әлеуметтік психология, жалпы психология, құндылық 
философиясы, аксиология және т.б.
Ал,  «құндылықтық  бағдарлар»  терминіне  келетін  болсақ,  бұл 
термин 1964-1965 жылдар аралығында пайда болған. Құндылықтық 
бағдарлану  адамдардың  әлеуметтік  құндылықтарды  мақсат  етіп 
қойып, сол мақсатқа жетулеріне тырысуы кезінде көрінеді. Күрделі 

65
құбылыс  саналатындықтан  құндылықтық  бағдарлар  ғалымдар 
тарапынан әр қырынан, әр тұрғыдан зерттелген.
Антикалық  дәуірге  шегініс  жасасақ,  Сократтың  айтуынша 
өмірлік  құндылықтар  негізінде  адамгершіліктік    мінез-
құлық  жатады.  Этиканың  негізін  салушы    Сократ,  антикалық 
философияның  негізін  қалай  тұра  жақсылық,  адамгершілік  және 
сұлулық не деген сұрақтарға жауап табуға тырысқан. Оның пікірі 
бойынша, осы негізгі өмірлік құндылықтарға білім арқылы жетудің 
негізі рухани мінез-құлықта жатыр. 
Әлеуметтануда В. Я. Ядов, И. С. Кон, Н. И. Лапина, С. Г. Кли мова 
т.б.  құндылықтық  бағдарлар  мәселесін  зерттеген.  П.  А.  Сорокин-
нің  айтуынша,  тарих  әр  түрлі  мәдени  жүйелердің  циклдық 
ауысымдарының  процесі  ретінде  қарастырылады.  Ал,  бүл  жерде 
құндылық  қоғамның  ең  негізгі  қозғаушы  күші  болып  табылады. 
Мұнда қоғам дамуы тарих сабақтастығы алда тұрған құндылыққа 
байланысты болатынын байқаймыз.
Құндылықтарды 
сақтау 
концепциясы 
оның 
басқару 
функциясының мәнін ашып көрсетеді. М. Вебер бойынша әлеуметтік 
қатынастар жүйесі негізінде сенім және құндылықтар пайда болады. 
Вебер  үшін  қоғамдық  қозғалыстар  кезінде  «материалды  және 
идеялы  қызығушылықтар»  үлкен  рөл  атқарады.  Ол  адам  өмірінің 
әр  қырлылығы  мен  өзгешелігі  жайлы  айтқан.  Осы  кезде  тұлғаны 
өзгертетін  мотивтер  мен  құндылықтар  болады  және  олар  адамды 
басқарады.  Сондықтан  да,  адам  қандай  мақсаттарға  талпынады, 
олардың  құндылықтары  қай  кезде  көрінеді  және  т.б.  анықтап  алу 
абзал.  Қоғам  маңызы  -  мотивациялар  мен  құндылықтар  әлемінен 
тұрады.  Қоғам  моделі,  қоғам  мотивациясы  болып  «құндылықтық 
бағдарлар» табылады.
И.  А.  Громов  жұмысында  әлеуметтік  зандар,  олардың 
дұрыстығы  құндылықтармен  шектелген.  Бұл  кездегі  әлеуметтік 
құбылыста  мәнге  көп  көңіл  бөлінеді.  Ең  негізгі  құнды  болатын 
нәрсе мотивациялар деген .
П.  Сорокин  қоғамдық  өмір  механизмдерін  әлеуметтік  мінез-
құлық  формаларын  талдау  негізіне  байланысты  ашып  көрсетуге 
тырысты. Ол құндылықтардың үстем, басым болатындығы жайлы 
ерекше атап кетті.
Әлеуметтанушы В. Л. Оссовский құндылық функцияларъшың екі 
аспектісін көрсетті: қоғам қызығушылықтарын қанағаттандыратын, 

66
мәдениет  элементі  ретіндегі  -  норма  құндылықтары  және  адам 
қызығушылықтарының объектісі ретіндегі - объект құндылықтары. 
Оның  жұмысында  бұл  құндылықтардың  арақатынас  ерекшелігі 
көрсетілген.
Құндылықты сендіру түсінігі арқылы қарастыру Г. Е. Залесский 
мен американдық психолог М. Рокичтің жұмыстарында үлкен орын 
алған.  Олар  құндылықты  тұрақты  сендіру  ретінде  қабылдайды. 
Олардың ойынша, тұлға құндылығының мынадай белгілері бар:
- құндылық бастаулары - мәдениет, қоғам;
- әлеуметтік феномендерге деген құндылық әсері;
- адам дәулеті саналатын жалпы құндылықтар саны;
- құндылықтар дәрежесінің әр түрлілігі;
- жүйе бойынша ұйымдастырылған құндылықтар. 
Психологияға  оралсақ,  мұнда  құндылықтық  бағдарлар  өте 
үлкен  мәселелердің  бірі  болып  отыр.  В.  Дильтей  психологиялық 
талдау  пәнінің  негізі  жанды  өмірлік  байланыстар  деп,  оған 
біздің  түсінігіміздегі  қатынастар,  құндылықтар,  дағдылар  және 
идеяларымызды  кіргізген.  Онда  біз  кез  келген  уақытта  саналай 
бермейтін  ережелер  бар  екенін  айта  келе,  ол  ережелерге  біздің 
әрекеттеріміз  бағынатынын  көрсетеді.  Оның  айтуынша,  жалпы 
өмірдің  мазмұны  болып  эмоция,  сезім  табылады,  ал  олар 
құндылықтардың тұлғалық көрінісін аңғартады. Ол сонымен қатар 
құндылықтардың сезімдерден бөлінбейтінін атап өткен. Мұндағы В. 
Дильтейдің айтпағы - жағымды эмоция мен жоғары сезім құндылық 
саналатындығы.
Психологиялық пәндер аясында  «құндылықтық бағдарлар» адам 
мінез-құлқы мен іс-әрекетін сипаттайтын механизм санаттарымен 
байланысты.
Э. Шпинглер бұл қағиданы сынға ала отырып, адам жанының 
мазмұны  эмоциялық  реттеу  арқылы  айқындалатын  субьективтік 
құндылықтарды  ғана  емес,  сонымен  бірге  обьективтік  құн-
дылықтарды  да  бейнелейтінін  көрсеткен.  Бұл  құндылықтар  өмір 
тарихында  қалыптасып,  жеке-дара  өмірдің  мәні  мен  мазмұны 
шеңберінен  шығып  обьективті  мәдениет  аясына  кіретінін  айтқан. 
Оны біз рух, рухани өмір немесе обьективті мәдениет деп атаймыз. 
Сонымен психологияда құндылықтық бағдарлар субьективтік және 
қоғамдық сананы, нормалар мен түсініктерді көрсететін екі жақты 
сипатқа ие. Шынымен-ақ бұл жерде құндылықты бір ғана жағынан 

67
қарастыруға  болмайды.  Себебі,  ол  субьективтік,  сонымен  бірге, 
қоғамға  ортақ  нормалардан,  ережелерден,  талаптардан  да  көрінуі 
мүмкін.
Австрия  психологиялық  мектебінде  «құндылық»  субьективтік 
феномен  ретінде  қарастырылады.  X.  Эренфельс  бойынша 
құндылық  обьектісі  болып  өз  мүмкіндіктерін  қанағаттандыра 
алатын  тілектер  анықталады.  Сонымен,  құндылық  иерархиясы 
қанағаттандырылатын  немесе  қанағаттандырылмайтын  қабілет 
обьектілерінен тұрады. А. Мейнонг құндылық түсінігін құндылықты 
сезінудің  субьективті  күйзеліс  мүмкіндіктері  арқылы  саралаған. 
Оның айтуынша, құндылық адамға тән дара түрде болады. К. Левин 
ғылыми  психологиялық  түсініктер  жүйесінен  құндылық  түсінігін 
саналы  түрде  шығарып  тастаған.  Оның  айтуынша,  психология 
құнды  негізді  жіктемелер  шегінен  шығады  екен.  Мұнда  К. 
Левиннің осыншама мәнді құбылыс құндылыққа орын бермеуі сын 
келтірерліктей. А. Мейнонг пен Х. Эренфельс ішінара құндылықтың 
мәнін түсіріп жіберген. Өйткені, тек тұлғаға тән құндылық этикалық 
тұрғыдан алғанда жағымсыз қасиеттерге жол беруі әбден мүмкін.
Бихевиоризмде құндылықтық бағдарлар адам табиғатын ғылыми 
зерттеу  аясынан  ысырып  тастаған.  Б.  Скиннердің  айтуынша,  біз 
әлеуметтік  өзара  қатынасты  және  әр  түрлі  мәдени  құбылыстарды 
жоспарлай, өлшей алған кезде құндылық өзінен өзі тысқарыланып 
қалатын көрінеді.
Бихевиористер  үшін  этика,  мораль  және  құндылықтар 
ассоциативті үйренудің қорытындысы. Классикалық бихевиоризмде 
адамдар  мінез-құлқы  реакциялар  жиынтығы  болып  табылады, 
ол  сыртқы  орта  стимулдарына  қуаттану  күшімен  анықталады. 
Э.Толмен  құндылық  түсінігін  адам  реакцияларының  күші  және 
бағыты ретінде қолданған. Ол қажеттілікті анықтайтын мақсатпен 
қатар, осы обьектіге қызығушылық кезінде анықталады дейді.
Л.  Хьелл  өзінің  әлеуметтік  үйрену  теориясында  қуаттану 
құндылығын  қолданады.  Қуаттану  құндылығымен  қатар,  адам 
мінез-құлқы  қажеттілікке  деген  құндылықпен  анықталмақ.  Бұл 
күтілудегі  құндылық  сыртқы  әлеуметтік  жағдайды  субьективті 
бағалауға  байланысты.  Бұл  жерде  автордың  қажеттілікке  деген 
құндылық жөніндегі ойын ішінара мақұлдаймыз.
Келесі  3.  Фрейдтің  психоаналитикалық  теориясы  адам 
дамуының ішкі биологиялық факторларына көп көңіл бөлген. Дж. 

68
Фейдимен  мен  Р.Фрейгердің  айтуларынша  3.  Фрейдттің  бар  ойы 
дене жан тәжірбиесінің бірден-бір қайнар көзі болып табылады. Ол 
жан феномендерін тікелей ми физиологиясымен түсіндіретін уақыт 
келді деген.
Көптеген  зерттеушілердің  ойынша,  3.  Фрейдтің  тұлға 
құрылымының элементтері құндылықтың негізі. Г. Г. Дилигенский 
бойынша,  супер-эго  әлеуметтік нормалар  мен  құндылықтарды,  
эго  жеке-дара  құндылықтарды  қамтиды.  Эгоқұндылықтары, 
құндылықтардың жалпы қабылданған жүйесін құрайды.
Бұл  жұмысты  одан  әрі  қарай  А.  Адлер,  К.  Хорни,  Э.  Фромм 
жалғастырды.  Э. Фромм адамға өмір мәні жайындағы сұрақтарға 
жауап беру қажеттілігі, өз нормалары мен құндылықтарын анықтай 
алу тән деп әділ атап көрсетті. Оның З. Фрейд теориясынан басты 
ерекшелігі -мінез негізін құштарлықтан емес, адамның өмірге деген 
қатынасының  арнайы  нысандарынан  көре  алғандығы.  Ол  адам 
сырқы  дүниемен  ассимиляция  (азық  табу  және  қоректену)  және 
әлеуметтену  (басқа  адамдармен  қатынас  орната  алу)  процестері 
арқылы  байланыста  болады  деді.  Бұл  процестің  ерекшелігі 
әлеуметтік мінездің белгілі бір түрін қалыптастыруында.
А.  Адлер  тұжырымдамасында  ең  үлкен  орынды  қоғамдастық 
сезімі, әлеуметтік қатынасқа түсуге талпыныс, адам белсенділігінің 
бастауы  ретінде  әлеуметтік  қызығушылықты  алады.  Әлеуметтік 
қызығушылық идентификация процесінде қалыптасады. А. Хеллдің 
айтуынша,  бұл  теориядағы  әлеуметтік  қызығушылыққа  маңызды 
критерий  ретінде  назар  аударылуы  психотерапияда  құндылықтық 
бағдарлар тұжырымдамасының пайда болуына үлкен әсерін тигізді.
Сонымен 
қоса, 
құндылықтық 
бағдарлар 
гуманистік 
және  экзистенциалдық  психологияда  қамтылған.  К.  Роджерс 
теориясындағы  ең  негізгі  түсінік  өзінділік.  Оның  ойынша,  ішкі 
және  сыртқы  құндылықтар  ағзаны  нығайтуға  және  сақтауға  әсер 
ететін  физиологиялық  құрал  арқылы  қабылданады,  қалыптасады. 
Осы негізде әлеуметтік құндылықтар сіңіріледі. Ол құндылықтық 
түсініктер  негізінде  туатын  күйзелістерді  саналау  қажеттігін  атап 
өткен.
А.  Маслоу  дені  сау  адамдар  дұрыс  тандау  жасайды  дейді. 
Оның  айтуынша,  құндылықтар  және  тандау  құндылықтары  бар. 
Ал, осыны дұрыс тандау өзіндік өзектенуге апарады. Адамдардың 
жоғары құндылықтарды тандауы құдайдан емес, оның табиғатымен 

69
тығыз  байланысты.  Адамның  ерікті  тандауы  болған  кезде  ол 
инстинктивті  түрде  жалғандық,  жақсылық,  жамандықты  емес, 
ақиқатты  тандайды,  А.  Маслоу  құндылықтардың  ішкі  табиғи 
биологиялық  ерекшеліктерін  айта  келе,  адамның  кез-келген 
инстинктивті  бейімділіктері  өркениет  күшінен  әлсіз  дейді.  Ол 
осы  жерде  өзіндік  өзектенуді  адамның  ішкі  құндылықтарын  ояту 
кезіндегі психологтың рөлін көреді.
А. Маслоудың құндылық жөніндегі бұл тұжырымы құптарлық. 
Өйткені  мұнда  адам  белсенділігі  оның  құндылығына  сәйкес 
екендігін аңғарамыз.
Г.  Олпорт  тұлға  құндылықтарының  алғышарты  қоғамдық 
мораль  болып  табылады  дей  келе,  құндылықтық  бағдарлардың 
бірнеше түрін көрсетеді: білім құмарлық, эрудиция, қарым-қатынас. 
Моральдық нормалар мен құндылықтар сыртқы күштер көмегімен 
қалыптасады.  Олар  адамның  негізгі  мақсаты  ішкі  құндылықтарға 
жету  жағдайларының  құралы  бола  алады.  Адамның  сыртқы 
құндылығының ішкі құндылыққа ауысуын Г. Олпорт функционалды 
автономия  деп  атады.  Оны  ол  білім  категориясының  мәнділік 
категориясына ауысу процесімен түсіндірді және құндылық түсінігін 
қандай да бір тұлғалық мағына деді. Бала құндылықты оның мәні 
түбегейлі маңызды болған кезде саналайды деп көрсетеді. Мұндағы 
құндылықтарды нағыз адам құндылықтары деуімізге болады.
Отандық ғалымдарға тоқталатын болсақ құндылықтар кеңестік 
психологияда  да  тұлганы  зерттеуде  әр  түрлі  аспектілер  бойынша 
қарастырады.  Тұлға  сипаттамасында  көптеген  зерттеушілер  негіз 
ретінде, бағыттылықты санаған. Бағыттылықтың негізіне құндылық 
бағдарларды  алған.  Құндылықтық  бағдарлар  адамның  дамуын, 
өсуін, қалыптасуын ынталандырады.
С. Л. Рубинштейн, А. Н. Леонтьев, Б. Г. Ананьев, Д. Н. Узнадзе, Л. 
И. Божович және т.б. ғалымдар жұмыстарында бағыттылық адамның 
психикалық  қатпарларын  анықтайтын  тұлға  қасиеті.  Б.  Ф.  Ломов 
тұлғаның ең негізгі сипаттамасы бағыттылық болып табылады деді. 
Ол бағыттылықты тұлғаның қоғамнан алатын немесе оған беретін 
қатынасы  бола  алатындығымен  сипаттайды.  Бұл  жерде  әңгіме 
материалдық  және  рухани  құндылықтар  жайында.  Бағыттылықты 
тұлғаның негізгі сипаттамасы дей отырып, материалдық және рухани 
құндылықтардың көрсетілгендігін отандық ғылымдағы зор жетістік 
деуімізге  болады.  Мұның  мәні,  тұлғаның  кемелденгендік  деңгейі, 

70
материалдық  не  рухани  құндылықтармен  анықталатындығымен 
байланысты. Осы арқылы тұлғаның жалпы парасаттылық деңгейі 
де айқындалады.
Сонымен  бағыттылық  субьективті  құнды  қатынастар  арқылы 
көрінеді. Құндылықты бағыттылықтың обьектісі ретінде қарастыра 
келе, В. П. Тугаринов құндылықтық бағдарлар түсінігін қолданады, 
ол адамның белгілі бір құндылыққа деген бағытымен анықталады.
Білім  мен  ақпарат  үстемдік  құрған  қоғамда  білім  беру  жүйесі 
инновациялық экономиканың негізгі бөлігі болып табылады. Қатаң 
талаптары қалыптасып келе жатқан инновациялық экономика қай 
салада болса да, бүгінгі маманның құзыреттілігін, яғни өз саласы 
бойынша ой-пікірінің қалыптасуын, кәсібилігін, өмірдің өзгермелі 
жағдайына бейімділігін, оған сай өз білімін пайдалану ғана емес, 
оны қажеттікке қарай толықтырып отыруды талап етеді.
Қазіргі таңда қалыптасып қалған білім, білік, дағдыға негізделген 
білім берудің нәтижелері мен жаңа әлеуметтік экономикалық қоғам 
қажеттіктері  деңгейі  арасындағы  қайшылықтар  айқын  байқалуда. 
Өйткені,  заман  талабы  педагог  мамандардың  құзыреттілік 
сапаларын қоғамның жаңа құрылымына сәйкес белгілеп отыр. 
Мысалы,  Болон  процесі  оқытудағы  білім,  білік,  дағдыға  қоса 
құзыреттілік сапаларының қарастырылуын жаңа парадигма туғызып 
отырған қажеттілік деп бағалайды. 
Білім – қоғамды әлеуметтік, мәдени үрдіспен қамтамасыз ететін 
жоғары  құндылық.  Осы  жоғары  құндылық  сапасын  көтерудің 
басты шарты – педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту болып 
табылады.  Олай  болса,  білімге  негізделген  қоғам  құрылысының 
негізгі  басымдықтарын  есепке  ала  отырып,  педагог  мамандардан 
аса жоғары кәсіби құзыреттілік талап етіледі. 
Еуропалық  білім  кеңістігінде  қоғамға  қажеттік,  мобильдік, 
өзара сенім білдірудің ең басты шарты алынып, сапа көрсеткіштері 
ретінде құзыреттіліктер қарастырылуда
.
Педагогикалық  шеберліктің  басты  шарты  педагогикалық 
эрудиция  мен  құзыреттілік  болса,  педагогикалық  эрудиция 
дегеніміз мұғалімнің педагогикалық міндеттерді шешу барысында 
икемді пайдаланатын қазіргі заманғы білім қоры. Ал, құзыреттілік 
дегеніміз  қызметтегі  тұлғаның  жеке  мүмкіндіктерін,  оның  белгілі 
бір мәселені шешуге жағдай жасайтын біліктілігін (білім, тәжірибе) 
атайды.

71
Педагогикалық-психологиялық  әдебиеттердегі  ғалымдардың 
зерттеулеріне қарағанда, кәсіби шеберліктің қалыптасуы мен даму 
үрдісінде  екі  ұғым:  құзыреттілік  (компетенттілік)  және  құзырет 
(компетенция)  ұғымдары  пайдаланып  келеді.  Оның  біріншісіне 
«Қазақ  Совет  Энциклопедиясының»  орысша-қазақша  сөздігінде 
«хабардар, жетік, терең білетін» деп, ал екіншісіне «хабардарлық, 
міндет, қызмет бабы» деп анықтама берілген. Құзыреттілік түсінігі 
көп аспектілі жан-жақты ұғымды білдіреді. 
Ғалымдар құзыреттіліктің табиғатын түсіндіру мақсатында оны 
білім, білік ұғымдары арқылы анықталатын тұлғаның жеке қасиеті 
(Н. Кузьмина, А. Маркова, К. Махмурян және т.б.) немесе ерекше 
қабілеті (Д. Ж. Равен, Р. Уайт, Х. Хершген және т.б.) деп түсіндіреді.
Өмірдің  өзгермелі  жағдайында  құзыретті  тұрғы  білім  берудің 
практикасы  мен  теориясының  дәстүрлі  мақсаты  ретінде  алға 
шығады. Құзыретті болу мен құзыретсіз болудың себептері бірдей, 
ол адамның жеке тұлға ретіндегі жай-күйі. Немесе құзыреттіліктің 
бар-жоғын  анықтау  үшін  қарым-қатынас,  педагогтік  еңбек 
нәтижелері мен адами қарым-қатынаста, оның қорытындыларына 
қарап  пайымдау  қажет.  Мұның  мағынасы  педагог  мамандар  өз 
әрекеті  мен  орындаған  жұмысы  кәсіби  іс-әрекеттің  белгіленген 
талаптарына  жауап  беретін  және  орындай  алатын  болса,  кәсіби 
құзыретті болып саналады. Н. Г. Милорадованың айтуынша білім 
беру жүйесінде құзыреттілікті тудыратын төрт негіз бар ( біріншісі 
–  кәсіби-әдістемелік  құзыреттілік,  екіншісі  –  іс-әрекет  негізіндегі 
құзыреттілік,  үшіншісі  -  әлеуметтік  қарым-қатынас  құзыреттілігі 
және төртіншісі – жеке тұлға негізіндегі құзыреттіліктер) сыншыл 
ойлауды,  рефлексияны,  өз  позициясын  анықтау  қабілеттілігін, 
өздігінен  бағалайтын  ойдың  дамуын  және  өмір  бойы  үйрену 
қабілеттілігін талап ететіні анық.
Құзыреттілік – жұмыскердің өз білімі, біліктілігі және дағдылары 
негізінде  нақты  кәсіп  аясында  жоғары  сапалы  және  мөлшерлік 
еңбек нәтижелеріне жету үшін нақты жұмыс түрлерін білікті атқара 
алу қабілеті.
Құзыреттілік  (компетентность)  ұғымы  белгілі  бір  салада 
шешім  қабылдауға,  тұжырымдар  жасауға  мүмкіндік  (немесе 
құқық)  беретін  адамның  қабілеттілігі  мағынасында  қолданылады. 
Бұл  қабілеттіліктің  негізін  білімділік,  хабардарлық  және  іс-
әрекет тәжірибесі құрайды. Осы арқылы  құзыреттілік ұғымының 

72
жинақтаушылық, кіріктірушілік сипаты айқындалады. Адам білімді 
және  сәйкесінше  тәжірибені  меңгеру  негізінде  құзыретті  болады. 
Сондықтан, құзыреттілік ұғымы қазіргі таңда елімізде, шетелде де 
білім берудің нәтижесі ретінде қолданылады.
Ш.  Таубаева:  «Құзыреттілік  –  ол  тұлғаның  оқыту  және 
әлеуметтену процестері барысында меңгерген білім мен тәжірибеге 
негізделген, оның жалпы қабілеті мен іс-әрекетке даярлығы ретінде 
айқындалатын, тұлғаның кіріктірілген қасиеті» - деп қарастырады. 
«Құзыреттілік – білімдер мен іскерліктерді, іс-әрекет тәжірибесін 
меңгеру  нәтижесінде  белгілі  бір  іс-әрекет  түрін  табысты  жүзеге 
асыруға  қабілеттілігін  сипаттайтын  тұлғаның  кіріктірілген 
қасиеттері». 
Құзыреттілік дегеніміз қызметтегі тұлғаның жеке мүмкіндіктерін, 
оның  белгілі  бір  мәселені  шешуге  жағдай  жасайтын  біліктілігін 
(білім, тәжірибе) атайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет