ОҚулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 Әож 616. 8(075)



бет1/13
Дата10.06.2017
өлшемі3,09 Mb.
#18806
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Қазақстан Республикасы

білім және ғылым министрлігі


А. А. Тайжан, Л. Н. Манжуова,

Ғ. С. Шубаева


Невропатология

негіздері

ОҚУЛЫҚ


Қазақстан Республикасының Білім және

ғылым министрлігі бекіткен

Алматы, 2011


ӘОЖ 616.8(075)

КБЖ 56.12 я 7

Н 35

Пікір жазғандар:
А. Б. Қанатбаева - медицина ғылымдарының докторы, профессор;

Р. А. Сүлейменова – педагогика ғылымдарының докторы, профессор;

Ә. Өмешұлы – медицина ғылымдарының кандидаты, доцент

А. А. Тайжан, Л. Н. Манжуова, Ғ. С. Шубаева



Н 35 Невропатология негіздері: Оқулық. А. А. Тайжан - м.ғ.д., профессор, Л. Н. Манжуова - м.ғ.к., доцент, Ғ. С. Шубаева - м.ғ.к., доцент. - Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011.- 282 бет.
ISBN 978-601-217-191-4
Оқулық педагогикалық мамандықтарда, соның ішінде дефектология мамандығында оқытылатын басқа пәндерді меңгеру үшін қажетті “Невропатология негіздері” курсының бағдарламасына сәйкес құрастырылған. Оқулықта жүйке жүйесінің әр түрлі бұзылыстары қарастырылған.

Оқулық дефектология бөлімінің студенттеріне, арнайы мекемелердің мамандарына арналған.



ISBN 978-601-217-191-4

ӘОЖ 616.8(075)

КБЖ 56.12 я 7

© А. А. Тайжан, Л. Н. Манжуова,

Ғ. С. Шубаева, 2011 ж.

© ҚР Жоғары оқу орындарының

қауымдастығы, 2011 ж.

МАЗМҰНЫ


Кіріспе

4


I тарау

ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ АНАТОМИЯСЫ МЕН ФИЗИОЛОГИЯСЫ




§1. Жүйке жасушасы, жүйке талшығы, глия, синапс

6

§2. Мидың құрылысы және қызметі

13

Мидың топографиясы

20

Ақырғы, немесе үлкен, ми

26

Ми қыртысындағы қызметтердің орны

33

Қыртыс асты аймағы

40

Аралық ми

43

Ортаңғы ми

46

Артқы ми

49

Ретикулярлық формация

52

Жүйке жүйесінің қызмет атқаруының үш бірлестігі


54

§3. Жұлынның құрылысы мен қызметтері

59

§4. Жұлын мен мидың өткізгіш жолдары

62

Орталықтан шығатын жолдар

64

Орталыққа бағытталған жолдар

67

Бас-ми жүйкелері

69

§5. Вегетативтік жүйке жүйесі

79

§6. Жоғарғы жүйке іс-әрекеті туралы түсінік (ЖЖҚ).

83

Нейрофизиологияның даму тарихы

83

Жоғарғы жүйке іс-әрекетін іске асыратын негізгі механизмдер

85

Талдағыштар туралы түсінік

87

Жүйке үрдістерінің қозуы мен тежелуі

89

Жоғарғы жүйке іс-әрекетінің типтері

93

Нәрестелер мен сәбилердің шартсыз рефлекстері

94


ІІ тарау

ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ (ЭВОЛЮЦИЯСЫ)




§1. Жүйке жүйесінің дамуы туралы жалпы мәлімет

97

§2. Жүйке жүйесінің филогенезі

100

Омыртқасыздардың жүйке жүйесі

100

Омыртқалылардың жүйке жүйесі

105

Жүйке жүйесінің жануарлар эволюциясындағы маңызы

109

§3. Адамның жүйке жүйесінің онтогенезі

111

Сенсомоторлық қызметтердің дамуы

115

Сенсорлық қызметтердің дамуы

117

Онтогенездегі асимметрия

122

§5. Қызметтік жүйелердің қалыптасуы

125


ІІІ тарау.

ЖҮЙКЕ АУРУЛАРЫНЫҢ КЛИНИКАСЫ




§1. Қимыл және сезу қызметтерiнiң бұзылыстары

135

Қимыл қызметтерiнiң бұзылыстары

135

Мишықтың зақымдалу синдромы

140

Сезу қызметтерiнiң бұзылыстары

141

Жоғары қыртыстық қызметтердiң бұзылыстары

142

§2. Жүйке жүйесінің онтогенездік дамуының бұзылыстары

145

Даму ақаулары( аномалиялары)

148

Хромосомдық аурулар

153

Гендік аурулар

156

Үдемелі бұлшық ет дистрофиялары

164

Ми ісіктері

169

§3. Жүйке жүйесінің жұқпалы (инфекциялық) аурулары

172

Менингит

173

Энцефалиттер

188

Полиомиелит

199

Невриттер

206

Жүйке жүйесінің мерезі (сифилис)

212

Жүйке жүйесінің туберкулез (құрт ауруы) кезіндегі зақымдануы

216

§4. Жүйке жүйесінің жарақаттық және қантамырлық бұзылыстары

220

Минимальды ми дисфункциясы

227

Мидың қантамырлық бұзылыстары

230

§5. Балалардың церебралдық сал ауруы

232

Балалардың церебралдық сал аурудың себептері

232

Балалардың церебралдық сал аурудың бұзылыс синдромдар

234

Балалардың церебралдық сал аурудың түрлері

236

§6. Эпилепсия (қояншық ауру)

239

§7. Невроздар (жүйкенің тозуы)

248

Астения

258

Түнгі еріксіз зәр шығару (энурез)

262

§8. Ішкі секреция бездерінің аурулары кезіндегі жүйке жүйесінің бұзылыстары

265

§9. Орталық нерв жүйесінің перинаталды зақымдануы және резидуалды-органикалық бұзылыстары туралы түсінік

273

Әдебиет

279

Суреттер

282


Кіріспе

Жүйке немесе нерв жүйесі адам организміндегі өмірлік маңызы бар басты жүйелердің бірі болып табылады. Ол дененің сыртқы ортаның әсеріне бейімделуін және дененің біртұтас қызметінің іске асуын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге нерв жүйесі ішкі мүшелердің қызметін реттейді және бүкіл өмір бойы олардың жұмысын үнемі өзгеріп отыратын сыртқы ортаға сәйкестендіреді. Жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі өте күрделі болып келеді.

Нерв жүйесі онтогенезде және филогенезде әртүрлі даму сатыларынан өтеді және бірте-бірте күрделеніп отырады.

Ұсынылып отырған оқу құралының мақсаты – студенттердің өзіндік жұмысының барысында жүйке тінінің, жүйке жүйесінің барлық бөлімдерінің құрылысымен жүйелі түрде таныстыру, оның қызметінің және дамуының негізгі заңдылықтары туралы түсініктерін қалыптастыру.

Оқу құралы үш тараудан тұрады.

Бірінші тарауында нерв жүйесінің анатомиясы және физиологиясы қарастырылады, орталық және шеткі жүйке жүйесінің, вегетативтік жүйке жүйесінің құрылысы, қызметі және еркшеліктері жайлы мәліметтер келтірілген.

Екінші тарау жүйке жүйесінің эволюциясына (дамуына) арналған. Мұнда осы жүйенің әртүрлі бөлімдерінің даму сатылары, олардың бір-бірімен күрделі қарым-қатынасы сипатталған.

Үшінші тарауда жүйке жүйесі тарапынан болатын әртүрлі аурулардың себептері мен белгілері көрсетілген. Олардың себептері, даму жолдары және клиникалық көріністері әралуан. Педагогтар үшін, соның ішінде әсіресе дефектолог мамандар үшін жүйке ауруларын білу маңызды болып табылады. Өйткені олар балалармен жұмыс істей отырып, осындай аурулардың белгілерін дер кезінде байқап, қажетті шаралар қолдана алуы керек. Сонымен қатар жүйке ауруларының алдын-алу шараларын да білуі керек. Жүйке жүйесінің ауруы бар сырқат баланың жағдайын түзетуге дәрігер, ата-ана және мұғалім тығыз байланыста қызмет етсе, көптеген жетістіктерге жетуге болады.

Ұсынылып отырған оқу құралының мақсаты – студенттердің өзіндік жұмысы барысында жүйке ауруларының түрлерімен, олардың жіктелуімен, себеп-салдарымен, патогенезімен, клиникалық көрінісімен жүйелі түрде танысуы үшін мәлімет беру.

Жүйке жүйесінің даму ақаулары, инфекциялық аурулары, жарақаттық және қантамырлық зақымданулары жайлы мағлұмат келтірілген. Эпилепсия, невроздар сияқты жүйке жүйесінің ерекше аурулары сипатталған. Сонымен қатар ішкі секреция бездерінің аурулары кезінде жүйке жүйесі тарапынан болатын өзгерістер туралы мәлімет берілген.

Әр тақырыптың соңында студенттердің өзіндік жұмыс барысында алған білімдерін нығайтып, жүйеге келтіруге және бекітуге бағытталған өз бетінше дайындық сұрақтары берілген. Тақырып мәліметтері көрнекті түрде қабылдануы үшін суреттер жинағы келтірілген.

I тарау

ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ АНАТОМИЯСЫ
Жүйке жүйесін нерв жасушаларының жиынтығы мен нерв бұтақтары (өткізгіш жолдар) құрайды. Ол орталық (ми және жұлын), перифериялық және вегетативтік жүйке жүйесі болып бөлінеді (1-сурет). Онтогенездік тұрғыдан мидың мына бөлімдерін ажыратады: ақырғы ми (ми жарты шарлары және қыртыс асты құрылымдарының бір бөлігі – стриатум), аралық ми (көру төмпешіктері, төмпешік асты және қыртыс асты құрылымдарының басқа бөлігі – паллидум), орталық ми (төрт төмпешік және ми аяқшалары) және артқы ми (Варолио көпірі, сопақша ми, мишық). Сопақша ми бас сүйегі шегінің сыртында жұлынмен жалғасып жатады. Ми мен жұлыннан бұлшық еттерге, байламдарға, буындарға, теріге перифериялық, яғни шеткі жүйке талшықтары тарайды. Жүйке жүйесі артикуляциялық және қаңқалық моторикамен ғана емес, ішкі мүшелермен де (вегетативтік жүйке жүйесі арқылы) тығыз байланысты болады.

Әрі қарай біз жүйке жүйесінің әр бөлімімен егжей-тегжейлі танысамыз.



§1. Жүйке жасушасы, нерв талшығы, глия, синапс
XVII ғ. микроскоптың ойлап табылуы арқасында өлі және тірі табиғат құрылысының құпиясын зерттеу мүмкіндігі туды. Өсімдіктер мен жануарлар организмін құраушы ұлпалардың микроскоп арқылы көптеп зерттелуі олардың өте ұсақ ұяшықтардан – жасушалардан тұратынын көрсетті. Тірі организмдердің жасушалық құрылысының ашылуы нәтижесінде биология мен медицинаның игілігі үшін кейбір күрделі және түсініксіз сұрақтарға жауап табылды. Бұл жаңалықтың ашылуы эмбриогенезді (ұрықтық даму сатысы) зерттеу саласында өте маңызды болды.

Жасуша туралы ілім әрі қарай жедел қарама-қайшылықта дамыды. Біраз жылдар бойы өзімен замандас-дәрігерлердің ойын өз пікірлеріне қаратқан неміс оқымыстысы Р. Вирховтың бірқатар көзқарастары таласты болып шықты. Р. Вирхов жасушаның түзілуі жайындағы сұраққа қатысты, жасушалар тек жасушалардан бөліну арқылы пайда болады деген пікірді ұстанды. Ал жасушаның басқа жолдармен пайда болуы теріске шығарылды. Бұл көзқарас материалистер мен идеалистер арасында ғылыми таластарды тудырған Жер бетіндегі тіршіліктің пайда болу себептері жөніндегі әйгілі сұрақты түсіндірмей, қайта шиеленістірді. Бұл таластың мәнісі мынаған сайып келді. Егер тірі жасушалардың тек өз-өзінен пайда болуы ғана мүмкін болса, онда мынадай заңды сұрақ туындады: Жер бетіндегі тіршіліктің басы болған ең алғашқы тірі жасуша қалай пайда болды?

Біздің миымызды құрайтын жасушалардың саны орасан зор. Тек ми жартышарларының қыртысында 14 млрд. жуық нерв жасушасы болады. Жүйке жасушалары нерв талшықтарының қатысынсыз ашылды. Жүйке жасушалары мен нерв талшықтарының арасындағы байланысты көптеген зерттеушілер болжамдағанмен, техниканың дамуы төмен болғандықтан оны дәлелдей алған жоқ. Жүйке талшығы орталық жүйке жүйесінде жатқан жүйке жасушаларының бұтақшалары екендігі туралы гистологиялық дәлелдер орыс ғалымдары Ф. М. Овсянников және Н. М. Якубович еңбектерінде келтірілген. Кейін басқа зерттеушілер жүйке ұлпасын зерттеуде тарамдау әдісін қолданып, жүйке жасушаларын бүкіл бұтақшаларымен бірге бөліп алды.

Жүйке жасушасы одан шығатын бұтақтарымен қоса неміс оқымыстысы В. Вальдеердің (1891ж.) ұсынысы бойынша нейрон деп аталды. Сонымен, нейрон жүйке ұлпасының құрылымдық бірлігі болып табылады.

Жүйке ұлпасының тағы бір құрылымдық элементі болып глия жасушалары – нейроглия саналады. Нейрондармен тығыз байланыста бола отырып, өте көп бұтақшаларға ие глиоздық жасушалар, нейрон массаларын ұстап тұратын өзіндік тірек механизмі болып табылады және басқа да функцияларды атқарады – зат алмасу, қорғаныш және т.б.

Нейрондардың пішіні, өлшемі және бұтақтарының сипаты әртүрлі болады. Осылай, сопақ пішінді, дән тәрізді, пирамидалық, ұршық тәрізді және тағы басқа нейрондар болады. Нейрон өлшемі 4-тен 130 мкм-ге дейін болады. Жүйке жасушасының цитоплазмасы (нейроплазма) барлық жасуша түрлеріне тән құрылым бөлімдерінен тұрады. Нейронның денесінде ядро мен ядрошықты ажыратады, олар жасушаның ең маңызды құрамдас элементі болып табылады. Метиленді көкпен өңдегеннен кейін цитоплазмада ядроның айналасынан көк түсті ерекше дәндерді – Ниссль хроматофильді затын (Ниссль денешігін) көруге болады. Кейде бұл дәндерді тигроидты зат немесе тигроид деп атайды (бұл қосындылар жасушаға жолбарыстың терісі тәрізді өзіндік жолақтар береді). Нейроплазмада ауыр металл тұздарының импрегнациясынан кейін өте жұқа жіпшелер – нейрофибриллалар анықталады. Электронды микроскоппен зерттеуде нейрофибрилдердің әртүрлі диаметрдегі микротүтікше будаларынан тұратыны көрсетілді. Бұл құрылымдар цитоплазманың жылжуына (аксоплазматикалық ағымға), сонымен қатар дендриттердегі нейроплазма ағымына қатысады.

Жүйке жасушасының цитоплазмасында қоңыр немесе қара түсті пигменттік құрылымдарды кездестіруге болады – липофусцин және меланин.

Нейрон денесінен тарайтын бұтақтар: қысқа дендриттер және ұзын аксондар. Әрбір жасушада бірнеше қысқа және бір ұзын бұтақ болуы мүмкін (2-сурет). Олардың өзіндік ұштары болады. Осылай, қысқа бұтақтар тікенектер деп аталған өте ұсақ бұтақталумен бітеді. Ұзын бұтақ аяқталатын жерінде тарамдалып, телодендрий құрайды. Ниссль денешіктері дендриттерде табылады, бірақ аксондарда кездеспейді. Дендриттер арқылы нерв импульстары жасушаға келіп түседі. Импульстар нейроннан аксондар арқылы таралады. Нейрондар бір-бірімен өзіндік механизмдердің көмегімен байланысады. Нейронаралық байланыстардың бірнеше түрлері сипатталған. Осылай, белгілі нейрогистолог С. Рамон-и-Кахал мұндай байланыстардың екі түрін сипаттады: 1) аксодендриттік, мұнда телодендрий жіпшелері дендрит тікенектерімен жақындасып, осы бұтақтардың ұштарында өндірілетін нейромедиатор ацетилхолин бөлінеді. Бұл қосылыс активті жағдайдағы белгілі бір топ жасушаларына тән. Аксодендритті байланыс түрі С. А. Саркисов пен Г. И. Поляков пікірлері бойынша үлкен жартышарлар қыртысында басым болады; 2) аксосоматикалық түрі себет (корзина) түзілуімен сипатталады (Гольджи бойынша), мұнда аксонның тарамдалуы көрші жасуша денесін өріп қоршап тастайды.

Нейрон теориясының авторлары ерекше контакт немесе синапс түзетін жасушааралық байланыстардың болатындығын ұсынды (3-сурет). Бірақ бір нейроннан екінші нейронға қозудың берілу механизмі әлі де толық анықталған жоқ. Академик К. М. Быков шәкірттерінің болжауы бойынша, бір нейроннан екінші нейронға қозудың берілу механизмі, жеке алғанда афферентті (сезімтал) жүйке талшығынан эфферентті (қозғалтқыш) жүйке талшығына қозудың берілуі синапс аймақтарында пайда болатын электрлік потенциалдардың айырмасы нәтижесінде болады, бұл белгілі бір дәрежеде жоғарыда атап өткен ацетилхолин сияқты жоғары активті қосылыстардың түзілуімен байланысты болуы мүмкін.

В. А. Деловтың пікірі бойынша жүйке в жасушаларында немесе синапстық ұштардың аймағында ацетилхолиннің түзілуі орталық жүйке жүйесі қызметін сипаттайтын биохимиялық және физико-химиялық реакциялардың бүкіл айналымын толық қамтымайды, бірақ, шамасы, нейроннан нейронға қозудың берілуін анықтайтын процесстер тізбегінің міндетті бөлігі болып табылады .

Нейрофибрилдерден тұратын жүйке торының импульстарды өткізу процесіндегі рөлі жануарлар әлемінде төменгі сатыдағы өте зор. Сүт қоректілерде, және әсіресе адамдарда қозуды өткізетін аппарат құрылымының нәзік дифференциациясына байланысты оның маңызы шектелген.

Жүйке талшығы нейрон бұтақшасының, атап айтқанда аксонның, жалғасы болып табылады. Жүйке талшығының ортасымен нейрофибриллалардың шоғырынан түзілген және жүйке импульстарының өткізуін қамтамасыз ететін орталық механизм болып табылатын біліктік цилиндр өтеді. Нейрон денесінен біраз қашықтықта талшықтар екі қабықшамен қапталады. Тікелей біліктік цилиндрді миелинді қабықша қоршап жатады. Миелин біліктік цилиндрді толығымен жаппай, Ранвье буындары деп аталатын үзілістерден тұрады, бұл үзілістер арқылы біліктік цилиндрді қамтамасыз ететін қан тамырлары мен лимфа тамырлар кіреді. Миелин жабындысы өз кезегінде құрылымсыз жұқа тыс қаппен – неврилеммамен, немесе Шванн қабықшасымен – қапталған. Миелин қабықшасының маңызы екі түрлі. Бір жағынан ол біліктік цилиндрді әртүрлі ықтимал әсерлерден қорғайды, екінші жағынан – жүйке импульстарының жүйке талшығымен өтуін тездетеді. Миелинді қабықшамен көмкерілген жұмсақ және симпатикалық жүйке талшықтары мен иіс сезу жіпшелерінің құрамына кіретін жұмсақ емес (жалаңаш) жүйке талшықтарын ажыратады. Миелинді қабықшасы бар жүйке талшықтарымен қозу толқынының өту жылдамдығы 60-тан 120 м/с-ке дейін. Жұмсақ емес жүйке талшықтарында бұл жылдамдық төмен болады (1-ден 30 м/с-ке дейін). Жүйке талшықтары жүйке шоғырларына бірігіп, перифериялық жүйкелерді құрайды. Ірі перифериялық жүйкелерді жүйке талшықтарының саны бірнеше мыңға жетеді. Бұл жүйкелердің қаңқа бұлшық етін құрайтын өте көп бұлшық ет талшықтарын қамтамасыз етуге тура келетіндігіне байланысты болады.



Глия (нейроглия). Жүйке жүйесін құрайтын жүйке элементтерінің құрамына және бір глия немесе нейроглия деп аталатын жүйке ұлпасының түрі қосылады. Бұл ұлпа нейронмен және оның бұтақшаларымен өте тығыз байланысып, шын мәнісінде біртұтас жүйе құрайды. Жасушалық құрылымының сипатына қарай нейроглия микро- және макроглия болып бөлінеді. Макроглия құрылысына жасуша денесінен сәуле тәрізді шашырап жататын, өте көп бұтақшалары бар жұлдыз тәрізді жасушалар – астроциттер – тән. Макроглияның маңызы тіректік: ол нейрон массаларын ұстап тұратын өзіндік ерекше каркас болып табылады да, жүйке жүйесінің бүкіл элементтерін жабыстырған сияқты болады. Микроглия негізінен қоректендіру және қорғаныш функциясын атқаратын жасушалардан тұрады.

Нейрондық теория жүйке ұлпасының құрылысы туралы білімді тереңдетті. Бірақ бұл теория жүйке қызметінің рефлекторлық принципте құрылған негізгі заңдары неврологияда әлі жетекші рөлге ие болмаған кезеңде пайда болғанын ескерген жөн. Р. Вирховтың организмді мүшелер мен жүйелердің механикалық жиынтығы деп көрсеткен ой-пікірлері басым маңызға ие болды. Нейрон теориясын ұсынушылар нейронды құрылым элементі ретінде қарастырып қоймай, оған физиологиялық бірлік маңызын берді. Мұндай көзқарас, әрине, жеке нейрондар қызметінен құралған біртүрлі механикалық жиынтық ретінде анықталған жүйке жүйесінің бүтіндей қызметін дұрыс түсінбеушілікке әкелді. Мұндай пікір сол заманғы нейрон теориясын қолдаушыларды қанағаттандыра алған жоқ.

Қазіргі заманғы нейрофизиология үлкен жарты шарлар қыртысының бүтіндей қызметінің заңдылықтарын рефлекторлық принцип тұрғысынан анықтайды. Осыдан қозу мен тежелу процестерінің бағытталуы жеке нейрондар қызметіне ғана емес, бірқатар әртүрлі әсерлерге тәуелді болады. Мұндай жағдайда синапстар қызметінің нәтижесінде құрылатын жаңа сапа зор маңызға ие болады. Синапстар жеке нейрондарды жаңа сапалық категорияға біріктіреді. Міне осы байланыстардың негізінде жүйке қызметін іске асыратын физиологиялық механизмдер, яғни ми мен жұлынның сансыз рефлекстері түзіледі.
Өз бетінше дайындық сұрақтары:


  1. Жүйке жүйесі неден құралған?

  2. Жүйке жүйесі қалай бөлінеді және орталық жүйке жүйесіне не жатады?

  3. Онтогенездік тұрғыдан мидың қандай бөлімдерін ажыратады?

  4. Тірі организмдердің жасушалық құрылысының ашылу тарихы және оның маңызы?

  5. Нейрон құрылысының басқа жасушалардан айырмашылығы қандай?

  6. Нейронның бұтақтарына сипаттама беріңіз?

  7. Синапстың түрлері және синапстарда нерв импульсының берілуі қалай өтеді?

  8. Миелинді қабық қандай жүйке өсінділерінде болады? Оның қызметі қандай?

  9. Жүйке талшығының құрылысына талдау жасаңыз?

  10. Глия жасушаларының маңызы неде?

  11. Қазіргі заманғы нейрофизиология ми қыртысының бүтіндей қызметінің заңдылықтарын қандай принцип тұрғысынан анықтайды?



Каталог: portal -> ebook -> files
files -> Кенжебекова Р. И., Айдарова Б. А.,Ералиева Т. О. Мектепке дейінгі жаста қарапайым математикалық ТҮсініктерін қалыптастыру әдістемесі шымкент-2016
files -> Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Аламаты, 2011 (075. 8)
files -> I теоретические основы логопедии
files -> «Бейнелеу өнері, сызу және кәсіптік білім» кафедрасы
files -> «Аналитикалық геометрия және сызықтық алгебра» пәні бойынша 5В011000- “Физика”
files -> Лекция жинағЫ Қарағанды 2011 Құрастырғандар: Жұмабаев С. Ә. ф-м.ғ. к., доцент
files -> Музыкалыќ іс-јрекетініѕ психологиясы
files -> Ә. Т. Мейірбеков., Т. П. Раимбердиев., Г. Ю. Башбенова тіршілік қауіпсіздік негіздері


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет