ОҚулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 Әож 78(574)(075)



бет11/17
Дата05.11.2016
өлшемі7,09 Mb.
#526
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17

Қазақтың кәсіби музыка өнерінен композитордың Л.Хадимен бірігіп жазған «Абай» (1944) және «Төлеген Тоқтаров» (1947) атты операларының алатын орны ерекше. 1944 жылы премьерасы өткен «Абай» сол тұстағы қазақ операсының биік шыңы. Бұл туындысы үшін композиторлар 1967 жылы Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығына ие болған. Мұнда композиторлар бұрынғы цитаталық тәсілден бас тартып, Абай, т.б. халық композиторларының әндерін үлкен шығармашылықпен пайдаланған. Операда речитатив, ән, ансамбль, ария, хор, би, оркестрдің атқарып тұрған драматургиялық қызметі орасан зор. Абайдың халықтық-эпикалық бейнесі бірнеше ән-ариялары арқылы қанық әрі дәлелді сомдалған.

Өмірінің соңғы жылдары композитор «Құрманғазы» операсын жазып жүрген екен. 1968 жылы композитордың қайтыс болуына байланысты шығарма аяқталмай қалған. Оны композитордың қызы Ғ. Жұбанова радиоопера түрінде аяқтаған еді.

Композитордың фортепианоға арнап жазған «Қазақ билері», «Тәжік билері» циклдары да республикамыздың жер-жерлерінде орындалып келеді. Олардың кейбірі Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрінің репертуарынан да берік орын алған.

А.Жұбанов – 1946 жылы құрылған Қазақ КСР Ғылым академиясының алғашқы толық мүшелерінің бірі. Ол бұрынғы Тіл-әдебиет институты негізінде 1961 жылы қайта құрылған Әдебиет және өнер институты жанынан музыка секторын ашуға мұрындық болып, өмірінің соңына дейін соны басқарған. Ғалымның Г. Бисенова, Б. Ғизатов, т.б. алғашқы қазақ музыка зерттеушілері - өнертану ғылымдарының кандидаттарын дайындауға сіңірген еңбегі де орасан зор.

А. Жұбанов қазақ мәдениетіне сіңірген еңбектері үшін өнертану ғылымдарының докторы (1943), Қазақ КСР халық артисі, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі (1946), профессор (1948) құрметті және ғылыми атақ-дәрежелеріне ие болды. Академик А. Жұбанов шығармашылығы қазақ музыкасымен ғана шектеліп қалмайды. Ол республикамыздағы мәдени іс-шаралардың басы-қасында жүрген, 1936 және 1958 жылдары Москва қаласында өткен қазақ әдебиеті мен мәдениетінің он күндіктеріне қатысқан қоғам қайраткері. Ғалымның композиторлық және зерттеушілік еңбектері қазақ мәдениетін биік сатыға көтерген асыл мұралар. Қоғам тарапынан сол мұраларға деген қажеттілік бар кезде академик Ахмет Жұбановтың есімі де мәңгі жасайтын болады.
40-50 - ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚ МУЗЫКАСЫ
Ұлы Отан соғысының басталуына қарамастан Қазақстандағы музыка мәдениеті одан әрі дами түсті. Бұл кезеңде Е. Брусиловский, А. Жұбанов, Л. Хамидилердің қатарына жас композитор М. Төлебаев келіп қосылды. Композиторлардың бәрі жас әрі тәжірибесі аз болғандықтан ірі музыкалық жанрларға келгенде бригадалық шығармашылық тәсілге жүгінді. Сөйтіп Брусиловский мен М. Төлебаев «Амангелді», А. Жұбанов пен Л. Хамиди «Абай» операсын жазды.

Композиторлардың назарында Ұлы Отан соғысы тақырыбы тұрды. Осы тақырыпқа арналған опералық шығармалар қатарында Е. Брусиловскийдің «Гвардия, алға!», А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Төлеген Тоқтаров» атты операларын айтуға болады.

40-жылдары жазылған опералық туындылардың көркем үлгісі – «Абай». 1944 жылы премьерасы өткен бұл шығарма қазақ музыкасындағы опера жанрын биік белеске көтерді. 4 актылы, 5 суретті операның либреттосын жазған М. Әуезов болатын. Шығарманың кейіпкерлері аса көп емес: Абай (баритон), Айдар (тенор), Әзім (тенор), Ажар (сопрано), Қарлығаш (меццо-сопрано), Көкбай (баритон), Сырттан (бас), Жиренше (баритон), Нарымбет (тенор), Мес (тенор). Бұлар операда екі топқа бөлініп, өзара тартыс үстінде көрсетілген. Соның бір жағында, негізгі орында, Абай мен оның шәкірті Айдар мен Ажар тағдыры тұрады.

Опера эпикалық сарындағы шағын кіріспемен басталады:



Абай – операның басты тұлғасы. Оның бейнесі мен әр кездегі ішкі ой-толқынысын композиторлар бірнеше жеке нөмірлер арқылы суреттеген. Олардың бірі ән, өзге үшеуі ариялар.

Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет