Оқушы мен мұғалім еңбегінің өлшемі



Дата09.06.2018
өлшемі43,5 Kb.
#42199
Оқушы мен мұғалім еңбегінің өлшемі

Білім саласындағы негізгі ережелер мен басым міндеттер ҚР «Білім туралы заңы» Заңында, ҚР Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан – 2030» Жолдауында және басқа бағдарламалық құжаттарда тұжырымдалған. Егемен еліміздің өркениетті мемлекеттер қатарына қосылып, тәуелсіздіктің көк туын биік ұстауы, қазіргі мектеп қабырғасында білім алып отырған жас ұрпақтың білімі мен ақыл парасатына, іскерлігі мен жауапкершілігіне байланысты болмақ. Қазақстанды өзге дамушы елдерге үлгі болатын дәрежеге жеткізетін зерделі де білімді ұрпақ бүгінгі таңда мектеп партасында отыр. Сол жастардың білімін саралап, келешекке жодама беретін тетік – ҰБТ.

Мемлекеттік ҰБТ жүйесінің елімізде қолданысқа енгеніне он шақты жылдың жүзі болды, бұл үлкен мағынаға ие болып отырған іс барған сайын жетіліп, мектепті аяқтаушы түлектердің білім деңгейін шынайы айқындауда мол тәжірибе жинады десек те болады. Соңғы жылдардағы өткізілген сынақтардың әділ өтуі және тест сұрақтарына деген келіспеушіліктердің тоқтауы немесе азаюы оған дәлел.

ҰБТ – ғылымда дәлелденген, тиімділігі практикада танылған үрдіс. Өркениетті елдерде бүгінгі таңда жаппай қолданылатын және білімді бағалаудың бірден-бір объективті әдсі екенін уақыт дәлелдеді десек артық айтқандық болмас. Өзім басқарып отырған киелі Түркістан жерінде ашылған дарынды балалар үшін арнайы мектеп-интернаттың ұжымы 2002 жылдан бастап жас дарындарға тәрбиемен бірге сапалы білім беріп келеді. Мектеп ашылғалы бері 265 түлек бітірсе, оның ішінде 51-і «Алтын белгі» белгісіне, 23-і «Үздік аттестатқа» ие болды. Мектеп бітірушілердің орта балы соңғы бес жылда 99,37-ден 109,03 дейін жетуі білім саласындағы жағымды өзгерістер мен ұжымның жинақтаған тәжірибелеріне байланысты деген ойдамын. Бұл жетістігіміз облыс, қала берді республика бойынша 1 орынды иеленіп, жеңімпаз атанса, ал 2009 жылы республикадағы «Ең үздік жаңашыл мектеп» атағын иеленді. Мектеп бітірушілерді ҰБТ-ға дайындауда түрлі авторлардың оқулықтары, әдістемелік құралдары, анықтамалары, «Шың» баспасынан шыққан оқулық тесттері, тест дискілері мен электрондық оқулықтары, олардың интернетпен жұмыс істеуі және республика көлемінде тарайтын «Талапкер» газетімен барлық 7-11 сынып оқушыларын толықтай қамтамасыз етіп келеміз. Осы айтылғандардың барлығы да оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын оятуға тигізер пайдасы үлкен болып отыр. Осындай нәтижелі жұмыстардың арқасында ғана жетістіктерге жетуге болатындығына көзіміз жетті. Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуін дағдыландыра отырып, өзінің біліміндегі олқылықтарды қалай жоюға болатындығына бағыт-бағдар берудің нәтижесі пайдалы болмақ. Тақта алдында қолына бор ұстаған өз пәнін жетік білетін, білімді де, ұлағатты ұстаз бен мектеп партасында отырған білімге құштар, озық ойлы шәкірт арасындағы байланысты жалғастыра, жалғай білгенде ғана жақсы нәтижеге жетуге болатыны аян.

Мектебіміздегі білім сапасы – мектепте бірыңғай, жүйелі білімді бақылауды жүзеге асыруға байланысты. Сондықтан әрбір мұғалім өтілген материалды әр оқушының толық меңгеруін қаматамасыз етеді. Өтілген тақырыпты меңгермеген оқушы келесі тақырыпты меңгеруге жіберілмеуі тиіс. Бұл терең үздіксіз, жүйелі білім алуды басты қамтамасыз етудің басты талабы. Ал «жаттап алып» немесе «түртіп алып» жақсы балл жинауға болады деушілерге тесттегі тапсырманың берілуі басқаша берілсе, әлгі оқушының сол кезде сол дұрыс жауап бере алмай қалатынын айтқым келіп тұр.

ҰБТ-ның кемшлігі ретінде соңғы кезде жиі айтылып жүрген мәселелердің бірі – кейбір пәндерді оқушылардың тереңдетіп оқуына кедергі келтіруі. Мәселен, әдебиет пен химияны алайық. Қазіргі заманда балалар көркем әдебиетті оқымайды немесе тест үшін шығарма, мазмұндама жазудың керегі жоқ деген пікір айтылып жүр. Рас, көркем әдебиетке деген деген жастардың көзқарасы төмен екендігін мойындаймыз. Сондықтан болашақта журналист, әдебиетші боламын деген оқушы сол пәннен тереңдетілген бағдарламаға сәйкес шығарма да диктант та жазады. Заман ағымына сай бала интернеттен өзіне қажетті білімді, керекті материалды тауып оқиды, ізденеді, оның өз білімін жетілдіруге мүмкіндіктері мол. Ал химияны жастардың таңдау дәрежесінің төмендігі – елдегі сол ғылымды талап ететін өндіріс салаларының яғни, кәсіпорындардың, фабрика, заводтардың аздығы себеп болып отыр. Қазіргі заманда өзекті мәселелердің бірі – еліміздегі өндіріс салаларына білікті кадр жетіспей шет елден шақыруы соның дәлелі.

Елбасы Жолдауында «Білім беру реформасының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез-келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады» делінген. Ол үшін балалардың білімін щыңдап, жоғары технологиялық өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауға дайындауымыз керек. Кадр өзімізден шығу үшін жастарды жарытылыстану ғылымдарына, соның ішінде физикаға, химияға, математикаға қызықтыру керек. Болашақта химиялық өндріс салалары дамыған сайын оған сұраныстың да арта түсетіні белгілі.

2009 жылғы жылғы республикалық ақпараттық –сараптамалық «Талапкер» газетінің №21, республикалық «Қазақстан мұғалімі» газетінің №19 сандарындағы әріптесім, Батсы Қазақстан облыстық мамандандырылған дарынды балалар мектебінің директоры, педагогика ғылымының кандидаты Нәсіпқали Даулетовтың «Тестілік бақылыауды үнемі жетілдіріп отыру – заман талабы» және «ҰБТ-ның пайдасы – ұшан теңіз» тақырыбындағы мақаласында көтерген көкейтесті мәселелерін мен де толығымен қолдаймын. Осы заманда білімге қойылатын талап өте жоғары, білімнің сапасы жоғары болуы қажет. Оқушы саплы білім алу үшін мұғалімнің білімі терең, қабілеті жоғары болу керек. Мұғалім мен оқушының білім деңгейі ҰБТ-да айқын көрінеді, яғни, оны таразыға салып өлшеп береді. Сол үшін мұғалім оқушының білімін (фундамент) төменнен, 5-ші сыныптан бастап мықтап бекіту керек және заман ағымындағы жаңалықтар мен өзгерістер мен хабардар етіп, сабақтарын түрлендіріп отыру керек деп ойлаймын.



Осы орайда ҰБТ-ны өткізуге байланысты жеті ұсыныстарым мынадай:

  1. Аудан орталықтарындағы мектептерде, колледждерде, арнаулы кәсіптік мектептер базасында орналасқан тест орталықтарын жабу кезек күттірмсейтін мәселе, ол тек қана облыс орталықтарындағы ЖОО-ның базасында өткізілсе, оның шынайы, әділ, таза өтуіне, оған жасалынатын бақылау мен басшылықтың жоғары деңгейіне жетер едік деп ойлаймын. Мектеп бітірушіні ҰБТ тапсыру пунктіне апару, алып қайту, жататын орны мен тамағына мемлекеттің қаржысы бөлініп отырғаны белгілі. Олай болса, оларды қай пунктке апаруына қаржы жеткілікті деп есептеугне болады.

  2. Тестті екі рет, біріншісі мектептен кейін ҰБТ, сосын екіншісі ЖОО-ға түсу үшін университет базасында қайта тапсыру жайлы ұсынысқа мүлдем қарсымын, баланың тағдырын ойыншық етуге, оладрды әуре-сарсаңға салуға болмайды. Мектеп бітірушінің мазасын қайта-қайта алудың еш керегі жоқ. Бұған аса мүдделі болып, қызығушылық танытып отырған ЖОО-ның басшылығы деп есептеймін.

  3. ЖОО-ға түсуге мамандықтар бойынша берілетін мемлекеттік білім грантына бөлінген тапсырыстар санын орыс және қазақ бөлімдері деп бөлек-бөлек көрсетудің еш керегі де, қажеті де жоқ. Оған нақты мысал келтірер болсам, қандай да бір кез келген мамандықты алып қарасаңыз, орыс бөліміндегі мемлекеттік білім грантына өту балы төмен болса, ал қазақ бөліміне өту балы одан 5-15 балл жоғары екендігін байқайсыз. Бұдан шығаратын қорытынды, қазақ сыныбында оқитын оқушының 11-сыныпта орыс сыныбына ауысып кететіндінгі анық. Бұдан қазақты қазақша оқыта алмай отырғанда, оларды өз қолымызбен орыс сыныбына жетелеп апарудың негізгі бірден-бір жолы болатынын ескерейік. Осыны болдырмаудың негізгі жолы жоғарыда айтылғандай болса, онда кім білімді болса, сол мектепті бітіруші мемлекеттік білім грантының иегері бола алады деген тұжырымға келеміз. Біздің негізгі мақсатмыз білімді азаматты таңдап алу емес пе!

  4. Мектеп бітірушілер түгелдей 100 пайыз ҰБТ-ға барып, өзінің білімін көрсетіп, орта білім туралы аттестат алса, өте дұрыс болар еді. Бұл дегеніміз мектепке, мұғалімге, қала берді ауданға және облыстың білім деңгейіне нақты баға берілер еді деп есептеймін.

  5. Ұлттық мектептерді (өзбек, ұйғыр, тәжік) бітірушілердің «Алтын белгі» мен «Үздік аттестатқа» үміткерлері міндетті түрде ҰБТ-ға қатысып, өзінің білімін дәлелдеп алса деген ойым бар, бұл оқыту тіліне байланысты емес барлық мектеп бітрушілерге қойылған бірыңғай талап пен міндет болар еді.

  6. ҰБТ-дағы пәндерге деген өз ұсынысым мынадай: Қазақстан тарихы пәнін міндетті пән ретінде міндетті етіп белгілеудің қажеті жоқ, ол пән өзінің мемлекет және қоғам алдындағы міндетін онсыз да орындап отыр, себебі талапкер ЖОО-ның студенті атанған соң ол пәннен мемлекеттік емтихан тапсыратындығы белгілі. Одан да ҰБТ-дағы пәндер санын көбейте бермей таңдау пәнін екі пәнге жеткізуді алдағы уақытта ойлауымыз және қарастыруымыз керек сияқты.

  7. «Алтын белгіге» үміткерлердің ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсе, онда негізгі мектепті «Үздік» куәлікпен бітіргені туралы куәлігі мен 10 және 1 сыныптардағы жылдық бағалары «өте жақсы» болғаны ғана ескерілсе деген ұсынысым бар. Себебі оқушының 5-8 сыныптардағы әр мектептердегі жылдық және қорытынды бағаларын жинақтау, «Алтын белгіге» үміткерлердің құжаттарын дайындауға қолбайлау жасап, кедергі келтіріп, қиындық тудырып келеді. Оған 5-9 сыныптардағы негізгі білімнің нәтижесі «Үздік» куәлік болып саналатындығы есерілсе, осы өте дұрыс болар еді.

Осы менің ұсыныстарыма озық ойлы, көкірегі ояу, жаны таза әрбір адамның келісері хақ.
Каталог: oty


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет