Оқушылардың білім алғандығының дәлелдемелері (оқушы жұмыстарының фотосуреттері, оқушы жұмыстарының үлгілері және оларды бағалау жөніндегі жазбалар) қамтылған тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған сабақ бойынша бір рефлексивтік есеп



бет1/5
Дата04.07.2018
өлшемі2,39 Mb.
#47097
  1   2   3   4   5

Байбалақова Зейнегүл мұғалім портфолиосы В2 есебі

№1 топ 3-деңгей

Алматы қаласы 15.04.2014 ж



Оқушылардың білім алғандығының дәлелдемелері (оқушы жұмыстарының фотосуреттері, оқушы жұмыстарының үлгілері және оларды бағалау жөніндегі жазбалар) қамтылған тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған сабақ бойынша бір рефлексивтік есеп


Мұғалімнің ойлары

Бағалаушының пікірі

Менің үшінші сабағымды Бағдарламаның модульдермені мен оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін ықпалдастыра отырып, төмендегідей дәрежеде өткіздім.

Сабағымның жалпы мақсаты бойынша бұл сабағымда оқушылар Word мәтіндік процессорында объектілермен, графикамен жұмыс жасауды үйренеді, құжатқа түрлі объектілерді, суреттерді, көркем жазуды, диаграммаларды кірістіреді, пішімдейді.

Сабағымда «Сәлемдесу», «Екі өтірік, бір шындық», «Шашу» әдісі, «Бас бармақ», «Шар ішіндегі сұрақ», «Қар үйіндісі», «Өрмекші торы», «Түртіп ал», «Күту» ағашы әдістерін қолдандым.

Сабақты әдеттегідей оқушылармен амандасып, сыныпты түгендеумен бастадым. Сабаққа 13 оқушы қатысты, 1 оқушы белгілі себеппен сабаққа қатыспады.



Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілінің бірі сыныптағы жағымды, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырып, оқушыларды сергітіп алу мақсатында «Екі өтірік, бір шындық» әдісін пайдаландым.


Бұл әдіс оқушыларға әрине, қызықты болды. Оқушылар: «Менің атымды әжем қойған, мен өлең жазамын, бүгін ең жақын досымның туылған күні», «Менің туылған күнім 29 ақпан, бүгін маған біреу сыйлық берді, бүгін мен ұнататын сабақ болды» деген сияқты балаларға қайсысы шын, қайсысы өтірік екені белгісіз, біраз ойландыратын әңгімелер айтылды. Оқушылар біреуінікін дұрыс тауып, екіншісінен шатасып, біраз әуре болды. Менің бұл әдісті пайдаланған себебім, оқушылардың жылдам ойлау қабілетін дамыту, оқушылар арасындағы қарым – қатынасты нығайту болатын. Бір – бірінің өтірігі мен шындарын тауып барлық оқушылардың көңілдері көтеріліп, сабаққа деген қызығушылықтарының артқанын байқадым. Топтағы ең жуас, көп сөйлемейтін ынжықтау Сауле мен Елнұрдың өзі де ойынға белсене қатысты. Көздерінен қуанып, көңілдерінің көтеріліп тұрғанын байқадым. Олардың Олардың жүзін көріп менің де жүрегіме қуаныш ұялады. Бұл оқушылар алдыңғы сабақтардағы ой сергектерде ұяңдық танытып, онша ашыла коймаған. Мен ынтымақтастық атмосферасының бала психологиясына жақсы әсер ететінін, сыныптастары арасында қарым-қатынасқа түсуге ыңғайланатынын бүгінгі сабағымнан байқадым. Бағдарламаның негізгі міндеті–баланың ішкі жан дүниесіне терең үңілу және түсіне білу. Оқушылармен дәл осындай қарым – қатынаста болып ерінбей, жалықпай, ізденіп, сабағымды түрлі әдіс –тәсілдермен өтетін болсам, кез – келген баланың жүрегіне жол табатыныма сенімді болдым.

Сыни тұрғысынан ойлауға үйретуде ең бірінші қағида топпен жұмыс жасау деп ойлаймын. Ол сабақтың нәтижелі, қызықты, пікірталасқа толы, түрлі идеялардың тууының негізі болып табылады. Сол мақсатта оқушыларды түрлі тәттілерді шашып, «Шашу» әдісімен топқа бөлдім. Балалар қолдарына түскен тәттілерін жеп мәз болды. Өткен сабақтарға қарағанда тез реттеліп, топқа бөлінді.





Каталог: uploads -> doc -> 0e4f
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0e4f -> Тақырыбы: «Ана тілің –арың бұл » Мақсаты
0e4f -> «Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің №3 мектеп-гимназиясы» мм


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет