Оқушылардың білім, біліктерін байқау, шешендік сөз және өлеңдерді жатқа мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру



Дата08.06.2018
өлшемі22,04 Kb.
#41540
Мақсаты : Оқушылардың білім, біліктерін байқау, шешендік сөз және

өлеңдерді жатқа мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру;

Оқушылардың сахна мәдениетін меңгеруін қадағалау;

Онерге, сауаттылыққа, әсемдікке, отансүйгіштікке, ұйымшылдыққа,

тапқырлыққа, қазақ тілін сүюге тәрбиелеу.

Армысыздар алтын ұя мектептің ардақты ұстаздары, білім нәрімен сусындап жүрген жас өркендер, қадірлі қонақтар!

Өзіміздің сүйікті мектебімізде тағы да бір қазақша КВН сайысымызды бастағалы отырмыз. Құрметті көрермендер өздеріңізге белгілі алдымызда 16 желтоқсан «Тәуелсіздіктің 25 жыл» дық тойын тойлайық деп отырмыз. Осы күнге сай біз де бүгінгі КВН сайысымыздың жалпы тақырыбын «Отаным-кең далам!» деп алдық. Баршаңызды алда келе жатқан мерекелеріңізбен шын жүректен құтттықтаймыз! Бүгінгі сайысымыз басқа сайыстардан ерекшелігі оқушыларымыз тек қазақ тілінде сөйлеп, ән айтады.Сондықтан да бүгін сіздер тамаша сайысқа күә боласыздар деген ойдамыз.
Өнер менің – бар өмірім, шындығым,

Көкте самғап қыран құсы сындымын.

Шын тұлпарлар оза шауып бәйгеде,

Шын дарындар сынға  түсер күн бүгін!-демекші бүгін сіздер мектебіміздің 9-сынып оқушыларынан құралған үш команда «Ақ ниет», «Асау жүрек» және «Жас қанат» КВН командалары ортасындағы сайысты тамашалайтын боласыздар. Әрине осы үш команданың тағдырын шешетін төртінші команда ол әділқазылар алқасы.

Сонымен бүгінгі әділқазылар алқасы құрамында:

Мектептің оқу істері жөніндегі директор орынбасары:Эштаев Адилжан

Инновация істері бойынша директор орынбасары:Элтаева Мехринса

Мектептің тәрбие істері жөніндегі директор орынбасары:Халтаев Сабиржан

Мектебіміздің тәжірибелі ән-күй пәні мұғалімі: Сайдуллаева Саломат апай.

Жоғары санатты,озат тәжірибелі қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі: Имашева Фарида апай.

Бүгінгі КВН сайысымыз 3 бөлімнен тұрады:

1-тур.Сәлемдесу

2-тур.Еске алдық сол бір күнді

3-тур.Білсе әзіл, білмесе шын.

Ал енді командалар сіздерге сәттілік тілеймін, дайындала беріңіздер. Ал ендеше КВН сайысты бірінші болып, «Асау жүрек» КВН командасы бастап береді. Сахнада «Асау жүрек» өз сәлемдесуімен.

Бәрекелді

Ал енді кезекті «Ақ ниет» КВН командасына береміз.

Бәрекелді

Ал енді кезекті «Жас қанат» КВН командасына берейік.

Бәрекелді «Жас қанат»

Мінекей қымбатты достар сәлемдесуімізді аяқтадық. Енді кезек әділқазылар алқасында. Сәлемдесуімізге қойылған бағаларға көз жүгіртсек. Жоғары ұпай 6 балл.

«Асау жүрек » КВН командасына қойылған бағалар,

«Ақ ниет» КВН командасына қойылған бағалар,

«Жас қанат» КВН командасына қойылған бағалар.


Әр қазақтың есінде сақталады,

Желтоқсандық өркендер ақталады.

Ер намысын қорғаған сарбаздарым,

Ерліктерің мәңгілік сақталады.

Қандай бақыт қуанышты күн бүгін,

Дәлелдеуде Қазақстан елдігін.

Арман еткен қыршын кеткен ағалар мен апалар,

Елің алды егеменді теңдігін,- деп жырлай келе тәуелсіздігіміз жасай берсін,еліміз тыныш болсын!-дей отырып, «Еске алдық сол бір күнді» деп аталадын конкурсымызға кезек берейік. Бұл конкурста қатысушыларымыз «Желтоқсан оқиғасын» еске алатын болады.

Ендеше кезекті «Жас қанат» КВН командасына береміз. Сахнада «Жас қанат» өздерінің сахналық қойылымдарымен.

Бәрекелді

Ал енді кезекті «Асау жүрек» КВН командасына береміз.

Бәрекелді

Ал енді кезекті «Ақ ниет» КВН командасына берейік.

Бәрекелді

Мінекей қымбатты достар екінші конкурсымызды да аяқтадық. Енді кезек тағы да әділқазылар алқасында.

Бірінші болып сахнаға шыққан «Жас қанат» КВН командасына қойылған бағалар,

«Асау жүрек » КВН командасына қойылған бағалар,

«Ақ ниет» КВН командасына қойылған бағалар.

Рахмет: Ендеше келесі турға көшеміз.
«Көңілді тапқырлар» сайысы дейді білгендер,

Өнерімен кірпік-нәрін ілгендер,

Бар өнерін өздеріңе сыйлайды,

Бақ-талаптың шын тұлпарын мінгендер!- демекші келесі сайысымыз «Білсе әзіл, білмесе шын!» деп аталады. Сахнада «Ақ ниет» өз әзілдерімен.

Бәрекелді

Ал енді кезекті «Жас қанат» КВН командасына береміз.

Бәрекелді

Ал енді кезекті«Асау жүрек» КВН командасына берейік.

Бәрекелді

Мінекей қымбатты көрермендер соңғы турымыз да аяқталды. Енді кезек әділқазылар алқасында. 3-тур бойынша қойылған бағаларға көз жүгіртсек.

«Ақ ниет» КВН командасына қойылған бағалар,

«Жас қанат» КВН командасына қойылған бағалар,

«Асау жүрек » КВН командасына қойылған бағалар.

Ал енді әділқазылар алқасы барлық ұпайларды есептеп болғанға дейін кезекті (биге) әнге береміз

 Ең айшықты әлеміндей үлгінің,

Өнерлі жан жеңе алады бірді мың..,

Дән – қауызы бүршік жарып дарынның..,

Үздіктерден үздік шығар күн бүгін!-дегендей шын дарындылар танылып, талаптың тұлпарын мінген өнерлі шәкірттердің бәйгесі өз мәресіне жетті.



Сындарлы өнердің сапасын сарапқа салған алқа,ол- әділ қазылар кеңесі. Ендеше, сөз кезегі шынайы өнерді шындықпен әділтеп бағалайтын сарапшыларға беріледі.(Әділ қазылар алқасы) Марапаттар тапсырылады
 ХХІ ғасыр ---білім ғасыры. Ендеше ғасырдың осындай сайыстарынан қалмайық. Еңсесі биік егеменді еліміздің адалдықты ту еткен алғыр ойлы, адал азамат ұл-қыздары болып өсіңіздер.
Каталог: uploads -> doc -> 03ca
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
03ca -> Сабақтың тақырыбы: PowerPoint Сабақтың мақсаты: Білімділік


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет