Оқушылардың жазғы демалыс кезіндегі мінез-құлық ережесі мен техникалық қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық



бет1/2
Дата08.02.2022
өлшемі18,25 Kb.
#117707
  1   2
Байланысты:
Жазғы демалыс
тарбие талдау

Оқушылардың жазғы демалыс кезіндегі мінез-құлық ережесі мен техникалық қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық

  1. Көшеде жолдан өту кезінде, жол жүру ережелерін сақтап, мұқит болу керек.

  1. Орман, өзен-көлдерде серуендеу кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау керек:

  • Ауыл төңірегінде және орманды аймақтарда от жағуға тыйым салынады;

  • Суға арнайы белгіленген жерлерде және жылы уақытта ғана шомылуға болады;

  1. Таныс емес жидектер мен саңырауқұлақтарды тамақ ретінде қолдануға тыйым салынады.

  2. Өз денсаулығыңыздың қамын ойлаған дұрыс: шомылу мен күнге қыздырыну кезінде уақыт тәртібін сақтаған жөн.

  3. Электр құралдары: теледидар, электр үтік, шәйнек және т.б. тоққа қосып, ажырату кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтап, абай болу қажет.

  4. Газ құралдарын қолдану барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет.

  5. Теледидар көру, компьютермен жұмыс жасау кезінде уақыт тәртібін сақтау қажет.

  6. Үлкендердің жетегінсіз тракторлық бригадалар, гараждар, фермаларға баруға тыйым салынады.

  7. Үй жануарларымен айналысқан кезде абай болу қажет.

  8. Үлкендердің жетегінсіз 23.00-ден кейін далада жүруге тыйым салынады.

  9. СӨС нормаларына сәйкес белсенді тынығу жүргізу.

  10. Жол-көлік уақиғасының құрбаны немесе себепші болмауы үшін, балаларға жол жүру ережелерін үйрету қажет, жолда және қоғамдық көлікте мұқият болуды үйретіңіз; балалармен ойын және спорт алаңында, жорыққа шыққанда абайлаңыз және қауіпсіздік талаптарын сақтаңыз; велосипедте, квадроциклда, мопедте, мотоциклда балармен жүру ережені жаттаңыз. Есте сақтаңыз! 14 жасқа толмаған балаларға велосипедті автомагистраль мен соған тең жолдарда жүргізуге, ал 16 жасқа толмаған балаларға скутерді (мопедті, квадроциклді) жүргізуге тыйым салынады.

  11. Отпен мұқият болыңыздар. Отпен мұқият болмағандықтан өрт жағдайларының кең тараған уақиғаларына балалардың назарын аударыңыз; баланың отпен сотқарлығы; сөндірілмеген көмірлер; сөндірілмеген темекі қалдықтары, сіріңкелер; саяжай мен орман жиегіндегі жер иелерінің қоқысты жағулары; шөптерді өртеу; қысқа мерзімге тұйықталу; электротехникалық құрылғыларды, тұрмыстық құралдарды, пештерді пайдалану.

  12. Балалар табиғаттан бейқам және сенгіш екенін есте сақтаңыз. Балаларда алаңғасарлық болатына назар аударыңыз. Сондықтан, өзін ұстаудың оңай ережелерін балардың есіне жиі салуыңыз, олардың есте сақтап және оны қолдануына мүмкіндік береді. Сіз оны үнемі естеріне салып отыруға міндеттісіз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет