ОҚушының танымдық Қабілетін дамыту айтуғанова Балқия Егитбаевна №35жалпы орта білім беру мектебі,математика пәнінің мұғалімі



Дата25.08.2017
өлшемі66,12 Kb.
#26157
ОҚУШЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
Айтуғанова Балқия Егитбаевна
35жалпы орта білім беру мектебі,математика пәнінің мұғалімі
Бүгінде жас ұрпақтың жаңаша ойлауына, дүниетанымның қалыптасуына, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру- жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі.

Сабақты жаңаша үрдісімен өткізу оқушылардың білім сапасын арттырып қана қоймай, олардың шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамытады.Сондықтан да мектептегі оқу процесінің негізгі мақсаты –арнайы педагогикалық әдістермен мақсатты және жүйелі түрде оқушылардың интеллектілігін , шығармашылық ойлауын дамыту, ғылыми көзқарасымен белсенділігін қалыптастыру, әр адамның бойындағы туғаннан пайда болған интуициясын әрі қарай дамытуға ықпал ету , оқушының табиғи қасиеттерін, математикалық білім деңгейін терендету үшін оқытуды жоспарлы түрде ұйымдастыру, өз бетінше білім алу дағдыларының дамуына негізін салу болып табылады.

Сабақтан басынан соңына дейін оқушы басқа нәрсеге аудармайтындай әдістің бірі-дұрыс сұрақ қою. Дұрыс тандаған сұрақтар баланы ойлауға жетелейді. Мұғалім өзі ғана сұрақтар дайындап оны сұраумен қатар оқушыларға да сұрақтар дайындатуға үйрету керек.

Оқушылардың қойылған сұрақтарына жауап берілмесе, онда осы сұрақты дайындап келген оқушы өзі айтып бұл сұрақты жан-жақты дәлелдейді.Оқушылардың терең мәні бар сұрақ дайындағаны, оған өздерінің жауап беруі, олар үшін үлкен жеңіс, қуаныш. Ол үшін олар оқыған материалдарын өздері өте жақсы білуі керек және оларды қалыптастыру керек.

Оқушының жеке тұлғасын, рухани әлемін, ынтасы мен қабілетін дамыту бүгінгі күннің негізгі мәселелердің бірі. Себебі: оқушылар өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге, өз бетінше білімді тәжірибеде, өмірде пайдалануға дағдыланбаған. Осы мәселені шешу жолында оқу материалын түсіндіру кезінде оқушылардың сезіміне, эмоцияға ықпал ету арқылы ынта-ықыласын, қызығушылығын күшейту қажет.

Математикалық ойлауды қалыптастыру арқылы оқушыны өздігіне оқытуға үйрету- мұғалімнің негізгі мақсаты болып табылады. Оған оқушылар білім негіздерін мұғалімнің басшылығымен іздестіріп, сол білімді жаңадан ашу керек. Оқушы өзі белсенді қатыспаса, саналы оқыту жүзеге аспайды.

Осылайша ұйымдастырылған оқу процесі оқушылардың ойлау қабілеті кеңейеді және де оқушылардың саббаққа деген ынтасы артады.Оқушы назарын аудару, оның ойына түрткі болатын математика туралы қызғылықты материалдар, әр түрлі қызықты есептер, математикалық софизмдер, викториналар, ойындар сабақ үстінде өзінің орнын алады.Әсіресе, бесінші-алтыншы сынып оқушылары бірсаранды есеп шығарудан шаршамағандай, оларға әр түрлі жарыстар, эстафеталар және ойындарды ұйымдастыру керек.

40,4 * (26,3 – 37,67:5,9 + 41,39):

Мұндай есептер оқушыларды өздігінен шешуге итермелейді және логикалық ой-өрісін дамытады.Оқушылардың білімдерін тексеру,шапшандыққа,бірлесіп жұмыс істеуге баулу, математика пәніне деген қызығушылығын арттыру мақсатында сыныптан тыс өткізілетін жарыстардың, кештердің маңызы зор. Оқушы ауызша жақсы түсінсе, ол теорияны өзі айтып береді.

Оқу процесінде оқушылардың алған білімін, дағдыларын тексеру және бағалау нәтижесінде мен тек оқушының білім деңгейін ғана анықтамаймын, сонымен қатар оқушының жіберген қателерін талдағанда , қолданылған әдіс –тәсілдеріне, берілген тапсырмаларға түзетулер еңгіземін. Сонда оқушының білім алуға, қатесін жоюға белсенділігі артады. Әр сыныпта қабілетті оқушылармен қатар математикадан білім деңгейі төмен оқушыларда аз емес. Сондықтан, берілген тапсырмаларды әр сыныптағы материалдарды бірнеше тарауға бөліп ( мысалы:" Есептеу ", " Теңдеу және теңдеулер жүйелері " ," Мәтін есептер" т.б) білім деңгейлеріне, қабілеттеріне қарай жеңілден қиынға деген принципімен орындауға беріледі.

Жіберілген қателерді ескертіп, оқушылар теориялық талдау жасап,

кітаппен жұмыс жасап, оқу материалының қандай түрлерін есте сақтау керектігін білуге, оқушының өз мүмкіндігін байқап, оны әрі қарай түсуіне көмектесемін. Үйге орындауға берген тапсырмалар арқылы оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін әр түрлі деңгейде ұйымдастырып, жаттықтыру, бекіту, қайталау мақсатында өткізілді.

Сабақтың тиімділігін арттыру және оқушылардың математика пәніне қызығушылығын тудыру жолдарының бірі-сабақ барысында математика тарихының элементтерін еңгізу, бұрыннан белгілі жағдайдың бұрын көңіл бөлінбеген әдістерімен таныстыру қажет.

Математиканың сан алуан сырын сандар әлемінің қызық құбылысын, ойын элементтерімен өрнектеген сабақ қызықты әрі ұтымды. Ойын сабақтарында берілетін тапсырмалар қарапайымнан басталып, біртіндеп қиындап оқушылардың танымдық қызметін белсендіруге назар аударылады. Белсенді емес оқушылар жолдастарын кейін тартпау үшін жанын салады. Ойындарды бесінші, алтыншы сыныптарда ғана емес, 8-11 сыныптарда қайталау сабақтарында, сынақ сабақтарында іскерлік ойындар ұйымдастыруға болады. Білім бағалаудың бұл әдісі оқушылардың өзінше ойланып, қорытынды жасауға үйретеді, пәнге деген қызығушылығын арттыруға үлкен әсер етеді.

Пәнге деген қызығушылығы болса ғана, оқушы оған көңіл қойып тыңдап, тереңдете оқып үйрене бастайды. Пәнге қызыққан оқушының білім сапасының жоғары болатыны белгілі. Және де оқушылардың бір пәннен менгерген білімін, дағдыларын екінші жақын пәндерге орынды қолдана білу, оған ойлау және салыстыру арқылы өз бетінше жете білу. Мысалы, геометрия мен астраномияға қатысты сұрақ :

Қандай жұлдыздар Аспанда тең қабырғалы үшбұрыш құрайды ?

Геометрия мен химияға қатысты сұрақ :

Алмаз молекуласының пішіні қандай геометриялық фигураға ұқсайды?

Алгебра мен астраномия : әріпті өрнектермен таныстырып қарапайым астрономиялық формулаларды пайдалануға болады. Ол бір жағынан оқушыларды пәнге қызықтырады, екінші жағынан астраномияға кіріспе болады. Қорыта айтқанда, пәнаралық байланыс оқушылардың білім сапасын жақсаруына зор ықпалы бар деймін.

Қызығушылық туғызудың тәсілдері өте көп. Оның бірі : жақсы дайындық пен өткізген күнделікті сабақтар. Мысал ретінде алтыншы сыныпта өткізілген "Пропорцияның негізгі қасиеті" тақырыбына сабағын алайық. Осы қасиеттің әр түрлі есептер шығарғанда өте көп пайдасы бар.

Мысалы : Рационал сандарды салыстыру.

2 / 5 , 7 / 15 пропорцияның негізгі қасиетін пайдалансақ , бұл

есеп тез және жылдам шығарылады:

Оларды салыстыру қажет.Шеткі мүшелерінің көбейтіндісін 1- ші бөлшек астына, ортаңғы мүшелерінің көбейтіндісін екінші бөлшек астына жазайық:

7 · 5 және 15 · 2 ; 35 > 30 болғандықтан,
Енді бөлшектерді салыстыру керек. Онда оңай түрде салыстыруға болады. Мысалы:

31 және 11 31 11

41 20; 31 * 20 және 44 * 11 : 620 >484 , яғни 44 20

Сонымен пропорцияның негізгі қасиетінің зор пайдасы бар екенін көрдік . Осындай жағдайларды оқушыларға үнемі ескертіп отырған тиімді болады.

Оқушылардың өз бетімен жұмысын қалыптастыру оқушының пәнге деген танымдық қабілетінен және қызығушылығынан туады.Өз білімін көтеру жекелеген оқущылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдысын дамытып, шығармашылық белсенділігін арттырады.жылдар бойы сабақтарды жүргізу нәтижесінде тәжірибе жинақталып, бірсарандылықтан құтылуға ұмтыласың, ізденесің.

Сонымен ,егер «математика ақыл-ойдың гимнастикасы» қағидасын баршамыз мойындаған болсақ, онда оқушы болашақ тұлға реінде, оның әлеуметтік ортада толыққанды тұрмыс –тіршілік жасауына аса қажетті бұл гимнастикамен күніне шұғылдануы тиіс.

Шынында мұғалімнің өзінің беретін пәніне оқушылардың ынта- ықыласын оята білуінен сабақ табысты болып қана қоймайды, соның нәтижесінде оқушылар күнделікті өмірде және қазіргі қоғамда пайдалы еңбек еткенде қажет болатын білімді саналы түрде меңгеретін болады.

Оқушылардың математикаға деген танымын, ынтасын арттыру жолдарының бірі – сабақ барысында оның тәжірибелік және қолданбалы рөлін ашып көрсету.Сондықтан жаңа тақырып өткенде, теореманы дәлелдеу кезінде немесе есеп шығару барысында әрқашанда өмірмен байланыстырып отырған жөн. Өтіп жатқан жаңа тақырыпты оқушыларға мұндай жолдармен таныстыру олардың теориялық материалдың мағынасын терең түсініп, танымдылық өрісін кеңейтуге мүмкіндік береді.Математика пәнін оқытытуда қолтаңбалы бағытты ашып көрсету- бұл оқушылардың болашақта қандай мамандықтарды болмасын кең пайдалануына жол ашады.

Математика мұғалімінің негізгі алға қоятын мақсаты –бастапқы математикалық түсініктер, олардың өзара байланысы , математикалық заңдылықтар, аксиомалар, математика әдістерінінің өзімізді қоршап отырған өмірден , оның заттарынан абстракциялау арқылы құбылыстарын жалпылау арқылы алынатынын көрсете білу.

Демек, мұғалімнің күнделікті сабақта оқушысын баурап алуы, қызығушылығын арттырып шығармашылық ізденіске тәрбиелеуі – таптырмайтын табыс.

Білім –бір құрал.Білімі көп адам, құралы сай ұстасықылды, не істесе де келістіріп істейді” – деп,А.Байтұрсынып айтқандай, қысқаша бірнеше тақырыпты жалаң игергеннен, бір тақырыпты толық, жетік меңгерген абзал.

Әрине оны одан әрі толықтырып , жетілдіру қажет.Ол үшін әрбір тақырып, әрбір есеп жан- жақты зерттеліп , сараланып барып оқушыларға түсіндірілуі қажет.


Қолданылған әдебиеттер.
1. Журнал “Математика в школе ”

2. Журнал “ Математика және физика”

3. Журнал “ Математика”

4. Ф.Клейн “Элементарная математика с точки зрения высшей” . М.;Наука






Каталог: files -> loader
loader -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
loader -> №23 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
loader -> Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сандықтас қонысы көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған
loader -> Сабақтың тақырыбы: Абай шаңырағы Сабақтың мақсаты
loader -> Рассказ. Б. Комеков, С. Утениязов. «Шокан Уалиханов». Рассказ. Ж. Касымбаев. «Абылай хан»
loader -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ақын өмірбаянымен
loader -> Ануарбек Дуйсенбиев «Зима в лесу»
loader -> Қарағанды тарландары


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет