Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби



бет15/16
Дата11.01.2017
өлшемі5,51 Mb.
#6800
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Етіс категориясы

Етіс категориясы тілдің грамматикалық жүйесінде кернекгі орын алатын қимыл, іс-әрекеттің, субьекті мен обьекті арасындағы әртүрлі қатынасын білдіретін, белгілі қосымшалар жүйесі арқылы жасалатын етістіктің лексика-грамматикалық категорияларының бірі. Етіс категориясы субьекті мен обьектінің әзара әр түрлі қатынаста болуынан, яғни бастауыш пен толықтауыштың сөйлемдегі қатынасынан пайда болатын категория. Әрі етіс етістіктіңсалт, сабақты мағынада жұмсалуымен де байланысты, өйткені етіс түбір етістіктерге қосымшалардың қосылу арқылы жасалады. Етіс катего-риясы қимылдың субьекті мен обьектіге әр түрлі қатынасын көрсететін жұрнақтар қосылу арқылы, түбір сөздің бастапқы грамматикалық мағынасын өзгертіп, сөйлем мүшелерін синтаксистік байланысқа түсіреді.

Етіс туралы алғашқы пікір ХІХ ғасырдың басында түрік тілдерін зерттей бастаған тіл мамандарының еңбектерінде бар. Онда етістіктіңрай, шақ, жіктік жалғау категориялары қатарында етіс категориясының бары да айтылған. Кейінгі шыққан грамматикаларда бұрынғы айтылғандарға қосқан айтарлықтай жаңалық болмағанымен, етістік категорияларын жеке-жеке атап, әрқайсысына тоқгалып, солардың ішінде етіске де анықтама беріп, жасалу жолдарының көрсетілуі етіс туралы зерттеудің де кеңи бастағанын көрсетсе керек.

Қазақ тілінде жазылған еңбектердің ішінде етіс туралы алғаш айтылған пікірді Ахмет Байтұрсыновтың «Тіл-құрал» оқулығынан табамыз. А.Байтұрсынов етістіктің етіс түріне ереже бермей, бірден «Етістікте он түрлі етіс бар», -дей келе, оның сабақты етіс, салт етіс, ортақ етіс, өздік етіс, өзгелік етіс, беделді етіс, ырықсыз етіс, шығыс етіс, дүркінді етіс, өсіңкі етіс - деген түрлері барын келтіреді. Етістүрлері ішінде салт етіс пен сабақты етісті етістің түрлері қатарында атайды. Салт етістік пен сабақты етістікті етіс категориясымен бірге қарау, бұдан кейінгі жылдары шыққан мектепке арналған оқулықтар мен жоғары оқу орнына арналған грамматикаларда да орын алып келді.

Етіс категориясын ғылыми тұрғыда лексика-грамматикалық сипаты жағынан арнайы зерттеген ғалым профессор А.Қалыбаева (Хасенова). Ғалым Аққал Қалыбаева етіске берген сипаттамасында етіс категориясының етістікке қатысы жайында және сабақты етістік пен салт етістіктердің етіс катего-риясы мен байланысы жөнінде, етістің түрлері, олардың жасалу жолдары, етіс категориясының мағынасы мен тұлғалық ерекшеліктеріне ғылыми талдау жасап, «Етіс мәселесін дұрыс шешу үшін, сөйлем мүшесі (баяндауыш) мен сөз табының (етістік) ерекшеліктерін байланыстыра салыстырып, бірінен бірін бөлмей тұтас қарау қажет» - деген құнды тұжырым жасайды.

Ғалым басқа сөз таптарының грамматикалық категориялары сияқгы етістікгің етіс категориясының қалыптасуы сөйлем мүшелері мен сөз таптарының дамуымен байланысты екенін дұрыс бағдарлайды.



Өзінің қалыптасу дәуірінде түрлі заңдылықтарды басынан өткізген етіс категориясының синтаксистік қызметіне сай беретін мағынасы, өзіне тән тұлғапық ерекшеліктері, ол тұлғаларды жасайтын қосымшалары бар. Етіс жасайтын қосымшапар етістіктің сабақты түріне де, салт түріне де жалғанып, етістіктің етіс тұлғасын жасайды. Сапт етістіктерден қимыл мен қимыл иесі арасындағы қатынастан туып, субьектінің ішкі мәнін түрлендіретін өзгелік, ортақ етіс түрлері жасалса, сабақгы етістіктерден етіс қосымшалары қосылу арқылы барлық етіс түрі жасала береді.

Қазақ тіліндегі етіс қосымшаларының осындай бір-бірінен мағыналық ерекшеліктерімен қатар, етістікгің басқа қосымшаларынан ажырататын өзіндік тағы бір ерекшелігі бар. Ол – етіс тудыратын жұрнақтардың етістіісгің түбіріне тікелей жалғанатын болымсыз -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтарынан бұрын жалғанатындығы. Мысалы: кел-тір-меді, кел-тір-іл-меді, кел-тір-т-кіз-беген, ойла-н-бады, ойла-т-пады, ойлан-дыр-т-қыз-бады, әкел-ін-беді, әкел-т-тір-меді, өкел-іс-педі т.б. Бұл мысалдардан етіс қосымшаларының тағы бір ерекшелігі етістіктің негізгі және туынды түбірлеріне тікелей жеке де, және бірінен соң бірі үсті-үстіне жапғана беретін қасиеті бары көрінеді. Етістік етіс қосымшаларынан соң өзінің басқа категорияларының қосымшалары ретімен қабылдайды. Яғни, етіс қосымшаларынан кейін түбірге етістіктің басқа категорияларының есімше не көсемше, рай, шақ, жақ тұлғаларынның көрсеткіштері қосылады. Осындай етістіктің ерекше мағынапық құбылуынан, тұлғалық түрленуінен етістің жасалуы, немесесубьекті мен обьектініңөзара қатынасына сай семантикалық және модальдық құбылуынан етіс категориясы туады. Сөйтіп, етіс жұрнағы жапғанған етістік сөз етістіктіҢ грамматикалық категорияларын кезегімен қабылдау арқылы түрлене келе, сөйлемнің белгілі мүшесі баяндауыштың қызметін атқарады.

Етіс категориясының семантикалық сипаты, етіс қосымшаларының қызметі жайында бірізді пікір көпке дейін қалыптаспады. Ол 1967 жылы шыққан академиялық грамматиканың өзінде «етіс аффикстері қосылған сөздер аффикстердің санына қарамай, туынды түбір етістіктер құрамына кіретін журнақ» қатарында келтіріп, етістік негізден етістік тудыратын жұрнақ ретінде танылғанынан көрінеді. Бұл пікірді морфология оқулығының авторы профессор Ахмеди Ысқақов та қолдаған. Оған «Етістіктен етістік тудыратын, өздерінше морфологиялық және синтаксистік сипаттары басқашалау болып келетін, бір алуан жұрнақтардың жүйесі, әдетте, етістер я етіс категориясы деп аталады. Етістерді етістіктіңөзге категорияларынан ерекшелендіріп тұратын сипаттары мынадай: Ол одан жөн сұрады; Олар бір-бірінен жөн сурасты; Ол онан жөн сұратты; Одан жөн сұралды; Ол өзі сұранды деген сөйлемдердегі етістік (сұрады, сұрасты, сұратты, сұралды, сұранды) формалардың соңындағы өткен шақгың қосымшасын (-ды, -ты) алып тастағаннан кейінгі сұра, сұрас, сұрат, сұрал, сұран етістіктерін бір-бірінен сапыстырғанда, олар бір түбірден өрбіген түбірлес негіздер екені айқындалады. ...Етіс формаларының бұл ерекшелігінен, біріншіден, басқа жұрнақгар сияқгы, туынды етістікжасайтын қабілеті барлығы (айырмасы тек етістіктен етістік тудыратындығы) және сол етіс жұрнақгары арқылы туған формалар етістік негіздері есебінде қызмет ететіні айқындалады. Ендеше, бұл жағынан қарағанда етіс жұрнаідары сөзден сөз тудыратын жұрнақгармен сәйкес келеді де, лексикалық категорияға жатады. Екіншіден, етіс категориясының формаларында субьекгі мен обьектінің амалға қатысын, керісінше, амалдың (өрекеттің) субьекті мен обьектіге қатысын білдіретін грамматикалықсипаты күшті. Демек, етіс формалары сөйлемнің граммати-калық құрылысына өзгеріс енгізіп отырады» - дегені дәлел. Бұл пікірден автордың етіс қосымшаларын әрі сөзжасам, әрі грамматикалық мағына беретін қосымша тұрғысында танығаны анық көрінеді. Ал, И.Маманов етіс категориясын түбір етістіктен туатын грамматикалық форма ретінде таныған . Бұл пікірді профессор С. Исаев қолдап, етіс қосымша-ларынформатудырушытұлға қатарына қосады. Ғалым «етістіктерде етіс жұрнаідары жаңа сөз тудырмайды, етістік түбір білдіретін семантикасын өзгертіп жібермей, лексикапық және жалпы грамматикалық мағынасы сақталып қалады, тек сабақтылық- салттылық өзгеріп, сөйлемде субьект пен обьеіст арасындағы қатынасы ауысуы мүмкін» -дейді.

Етістік түбірге етіс қосымшалары жалғанғанда, етістіктің түбірінің жалпы грамматикалық мағынасы өзгермей, тектүбірдегі салттылық-сабақ-тьілық мән ғана өзгеретін болса, етіс жұрнақтары тек салт етістікті сабақты етістікке, сабақты етістікті салт етістікке айналдыру қызметін ғана атқара құралады. Ендеше ол (етіс қосымшалары) сөзжасам қосымшаларына жатпайды, сөз түрлендіруші қосымшалары қатарына қосылады. Етіс қосымшалары етістік түбірге жалғанғанда түбірдің грамматикалық сипатын өзгертпейді. Ол етістұлғалы етістіктіңтүбір етістіктер сияқты ерекшелігі екенін көрсетеді. Яғни етіс тұлғалы етістіктер түбір етістікгер сияқгы тек сырттай бұйрық райдың 2-жақжекеше, анайы түрімен сәйкес келгенімен тікелей жіктік жалғауларын қабылдамайды, сонымен бірге сөйлемде етістік етіс тұлғасында қолданылмайды.

Етіс журнақтары түбір етістіктерге де, арнаулы жұрнақтар арқылы жасалған туынды етістіктерге де, күрделі етістіктердің түр-түрлеріне де жалғана береді. Оқулықтарда етіс - негізгі етіс, ортақ етіс, өзгелік етіс, ырықсыз етіс, өздік етіс, - деген бес түрге бөлініп, негізгі етіске мынадай түсінікберілген: «Негізгі етістің арнаулы көрсеткіші болмайды. Оған әрбір түбір я туынды етістіктердіңде, күрделі етістікгердің де негіздері жатады. Әдетте етістік негізінің субьекгі мен обьектіге қатысы я субьекті мен обьектінің етістік негізіне (амалына) қатысы сол негіздің бастапқы лексикалық семантикасына қарай анықталатындықтан, оның семантикалық ерекшелігі, грамматикапық (синтаксистік) қызметі туралы да арнайы сипаттама беру қажет болмайды». Бұл түсініктің өзінен анық көрінетіндей, негізгі етіс деп аталатын етіс түрінің етістік түбірі деген ұғымнан, мейлі негізгі түбір, мейлі туынды түбір болсын, не семантикалық жағынан, не формалық жағынан, не синтаксистік қызметі басқа сөздермен қарым-қатынасы жағынан ешбір айырмашылығы жоқ және грамматикалықя лексикалық категория (түрлеріне) негіз болатын тұлға, яғни негізгі етіс деп аталған, дұрысында етістік түбірі деген тұлға ол категорияның бір түрі бола алмайды, категория шеңберіне енбейді, сол категория түрлеріне негіз ғана болады. Сондықтан негізгі етіс деген етіс категориясының түрі жоқ, етіс категориясына, түрлеріне негіз болатын негізгі, туынды, күрделі етістік түбірдеген ұғым ғана бар» - деген пікір негізгі етіс етістіктің етіс түрінің бірі бола алмайтынын көрсетеді. Сол себептен де етіс түрлері төрт түрге бөлінеді, яғни етіс категориясының өздік етіс, өзгелік етіс, ортақ етіс, ырықсыз етіс түрлері ғана бар.

Олар сөйлемде атқаратын қызметі мен беретін мағынасына қарай тұлғалық ерекшелікгері бар қалыптасқан грамматикалық категорияға жатады.

1. Өздік етіс. Өздік етісте субьектінің қимылы басқа обьектіге емес, субьектінің өзіне қарай жұмсалады. Яғни субьекті өз-өзіне обьекті болады да, баяндауыш қызмет атқарып тұрған етістік өздік етіс тұлғасында тұрады. Өздік етіс баяндауыш болып тұрған сөйлемнің бастауышында әрі субьекгілік, әрі обьектілік мағына сақталатындықтан, ол сөйлемде тура толықтауыш болмайды. Осылай өздік етісті сөйлемде тура толықтауыш болмай, етістік мағынасы жағынан салт етістікке айналып кететіндіктен, сөйлем құрылысы жағынан обектісіз сөйлем болады.

Өздік етіс қимыл, іс-әрекеттің субьектісіне қарай бағытталып, сабақгы етістікке-ын,-ін,-н қосымшасы қосылу арқылы жасалады. Бірақ барлық сабақты етістіктерден өздік етіс жасала бермейді. Өздік етіс жұрнағы тек қимыл, іс-әрекет субьекгініңөзіне қарай бағыттапа алатын сабақты етістіктерге жалғану арқылы жасалады және сол сабақты етістікті салт етістікке айналдырады. Етіс қосымшасы -ын, -ін, -н негізіндеөздікетіскетән қосымша ретінде өзі жалғанған сабақты етістікті салт етістікке айналдырып қана қоймайды, ол жалғанған етістік сөйлемдегі бастауыштың әрі субьектісі, әрі обьекгісіекеніндебілдіреді. Өздік етістің бастауышы қимыл иесінің қызметін өзі атқаратындықган, оның қимылы тікелей өзіне жумсалатыны көрініп тұрады.

2. Ырықсыз етіс. Ырықсыз етіс іс істеуші арнайы айтылмай, ол іспен байланысты зат өздігінен амалға ие бола алмайтындығын көрсететін етістікгің түрін айтады. Ырықсызетістексабаі^гы етістіктерден -ыл, -іл, -л қосымшасы (түбір құрамында «л» дыбысы болса, -ын, -ін, -н) арқылы жасалып, қимыл, іс-әрекеттің өздігінен орындалатын мән үстеп, қимыл, іс-әрекеттің тура обьектісі оның грамматикалық бастауышы болу қызметін атқарып турады да, ырықсыз етіс жұрнағы жалғанған сабақты етістіктер салт етістікке айналады. Кейде қимылды атқарушы субьект жалпы сөйлемнің мазмұнынан сезіліп тұрады немесе грамматикалық жанама обьекті тұлғаларында тұрып та жұмсалады. Профессор С.Исаев өздік етіс пен ырықсыз етістің ұқсас та, өзгешелікте жерлері барын былай көрсетеді: «ұқсастығы: 1)қосымшалардың кейде бірдей болып келетіні, кейде өздік я ырықсыз етіс екені контекстен ғана байқалады, сөйтіп бір-бірімен омоформа жасайды: Ол дәрігерге көрінді және алыстан бір қара көрінді; 2) екеуі де сабақты етістікті салт етістікке айналдырады. Негізгі айырмашылығы: олардың білдіретін семантикасында: өздік етісте логикалық (іс иесі) субьект - грамматикалық субьекг (бастауыш) болады да, ал ырықсыз етісте грамматикалық бастауыш логикалық обект болады».

3. Өзгелік етіс. Өзгелік етіске қазақ тілінің грамматикаларында «істің басқа біреу арқылы істелетінін көрсететін етістіктің етістүрі өзгелік етіс» -дөген ереже берілген. Бұл айтылғаннан, яғни істі басқа біреу істегенімен, оны істеуші субьектінің бар екенін, оныңалатын орнын, ол субьекгінің негізгі түрі екенін айтпай кетуге болмайды. Өйткені, өзгелік етіс қимыл, іс-әрекеттің тікелей субьектінің өзі арқылы емес, екінші бір субьекті арқылы істелетінін, іске асыратынын білдіріп, етістікке арнайы -дыр, -дір, -тыр, -тір, -қыз, -кіз, -ғыз,-гіз қосымшаларының бірі жалғану арқылы сабақты етістік жасалатын етістіктің етіс категориясының бір түрі болып табылады. Демек, езгелік етісте қимылды, әрекетті іске асырушы субьекті бір емес, екеу болады; бірі -іс-әрекетті, қимылды орындатушы иесі, қимылды жалпы іске асырушы субьект, бірақ ол өзі тікелей қимылды орындамайды, ол атау тулғада тұрып сөйлемде грамматикалық бастауыш қызметінде болады, яғни бұл әрі логикалық субьекті, әрі грамматикалық субьекті болады, екінші, іс-әрекетті, қимылды тікелей орындаушы субьект - агенс деп аталатын іске асырушы болады, ол грамматикалық тұлғасы жағынан бастауыш емес, сейлемде берілмеуі де мүмкін, берілсе ол сөз сөйлемде барыс, шығыс, көмектес септіктерінде, кейде шылаумен тіркесіп келіп жанама толықтауыш қызметін атқарады. Оспан баласына хат жаз-дыр-ды дегенде Оспан-субьекгі, бірақ іс-әрекетті (жазу) тікелей езі атқарған жоқ, оны атқарған - баласы

Сабақты еттістікке өзгелік етіс қосымшасы үстелгенде, ол баяндауыш болып тұрған сөйлемде тек іс-әрекет, қимылды тікелей атқарушы барыс септікгегі екінші субьект (агенс) ғана пайда болады, яғни баяндауыш сабақты етістікті сөйлемде іс-әрекетті орындатушы субьекгі мен обьект өзгелік етіс қосымшасы қосылмай тұрғанның өзінде де түбірде ол мән бар болады (хат жазды, хат жаз-дырды). Өзгелік етіс жұрнағы салт етістікке жалғанғанда, салт етістіктен бірден өзгелік етіс тудырмайды, тек салт етістік сабақты етістікке айналады. Мысалы: Бала шамды сөн-дір-ді дегенде сөндіру қимылының субьектісі де, тікелей сол қимылды іске асырушы да біреу-ақ, ол - «бала». Бұл жерде етістіктің салт етістік күйіндегі грамматикалық субьектісі - «шам» (шам сөнді), ол бұл жерде обьектіге айналған: шамды сөндірді, бірақ шам өз-өзінен сөнген жоқ. Мұнда өзгелік етіс қосымшасы салт етістікке жалғанғанда, тек салт етістікті сабақты етістікке айналдырған. Енді осы сабақты етістікке екінші рет етіс қосымшасы жалғанған соң ғана өзгелік етіс жасалады. Мысалы, Бапа інісіне шамды сөн-дір-т-ті. Бұл сөйлемде «бала»-қимылдың иесі, субьекті, бірақ оны (қимылды) тікелей өзі атқарып отырған жоқ, екінші субьект-агенс арқылы іске асырып отыр, яғни сөндіру қимылын тікелей орындаушы субьект агенс - інісі, сөйлемде ол (інісі) барыс септік тұлғасында тұрып грамматикалық жанама обьекті (толыідауыш) синтаксистік қызметін (қатынасты) атқарып тұр, ал тураобьекті шамды өзгерген жоқ .

Өзгелік етіс субьектінің қимылы обьектіге тікелей емес, екінші біреу арқылы бағытталатынын білдіретін сабақты етістіктің грамматикалық формасы болып табылады.

4. Ортақ етіс. Етістің ортақ етіс түрі етістіктің сапт етістік, сабақгы етістік тұлғаларынан арнайы -ыс,-іс,-с қосымшаларының жалғануы арқылы жасалып, қимыл іс-әрекеттің бір емес, бірнеше субьекті арқылы іске асатынын білдіреді. Басқа етіс түрлерінен ортақ етіс жасап тұрған етістің мағынасы мен қосымшасының ерекшелігі - етістіктің салттылық- сабақгылығына бейтарап болумен қатар, кей ортақ етіс формалы етістіктің қимыл атауын білдіруге бейімділігі негізінде заттық ұғымды білдіріп зат есімге айналып кететін кездері болады. Мысалы: Арқан тарт-ыс-ты. Тартыс басталды. Асыққа тала-с-ты. Талас күшейді дегенде ортақ етіс жұрнағы жалғанған «тартысты, таласты» етістіктерінің бірі -сабақты, бірі -салт етістік болса, «тартыс, талас» атау тұлғадағы зат есімдер «тарт, тала» етістіктерінен -ыс жұрнағы арқылы жасалған туындытүбіртұлға. Яғни бұл сөздердің тұлгалық ұқсастығы болмаса, бұлардың құрамындағы қосымша екі түрлі категориялы сөзтудыратын морфема.

Етістің ортақ етіс және өзгелік етіс түрлері қимылдың, іс-әрекеттіңбір субьекті емес, бірнеше субьектінің қатысуы арқылы жасалатын мағынасы жағынан бір-біріне ұқсас келеді. Солай дегенмен де бұлардың арасында оларды ажырататын белгі де жоқ емес. Ол белгі -олардың бірінде агенстін болу- болмауы. Сөйлемде өзгелік етіс тек сабақты етістіктен жасапып, ондаекінші субъект - агенс міндетті түрде болуға тиіс болса, ал ол - қимыл, іс-әрекетті тікелей орындаушы ортақ етісте болмайды .



Етіс жұрнақтарының семантикапық сипаты сөзжасам қосымшаларына жақын болғанымен (етістіктен етістік тудырғанымен), өзі жапғанған етістік түбірінің мағынасын, лексикалық мәнін өзгертпейді, тек сабақтылық-салттылық мәнін ғана өзгертеді.

Етіс жұрнақтары бірінің үстіне - бірі жалғанғанда, мына тәртіппен орналасады: 1) өздік етіс + езгелік етіс: ойла+н+дыр, түй+ін+дір; 2) өздік етіс + ортақ етіс: бүл+ін, бүл+ін+іс; 3) ортақ етіс + өзгелік етіс: бөл+іс, бөл+іс+ кіз(-тір); 4) өзгелік етіс + өзгелік етіс: бақ+тыр+т, тура+т+қыз т.б.
?! Тақырыпты бекіту үшін сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Негізгі және көмекші етістіктердің өзіндік ерекшеліктерін сипаттап беріңдер.

  2. Аналитикалық форманттар дегенде не түсінесіңдер?

  3. Етістіктің лексика-грамматикалық категорияларына сипаттама беріңдер?

  4. Салт-сабақтылық категориясы дегеніміз не?

  5. Етіс категориясының түрлері мен олардың маңызын талқылап беріңдер.


Үстеу
Ең бір күрделі, әрі даулы сөз таптарының бірі -үстеулер. Сондықтан да тілде үстеулер мәселесі назардан тыс қалды деуге болмайды. Бұл жайында айтылған пікірлер мен бірнеше ғылыми зерттеулерді кездестіреміз. Үстеулер мәселесі өткен ғасырдағы түркі тілдеріне арналған грамматикаларда көрініс тауып жүрді. Мәселен, үстеулер туралы пікірлер И.Гиганов, М.А.Казем-бек, Г.М.Мелиоранский, А.М.Щербак, А.Н.Харитонов, А.Н.Кононов, И.И.Мещанинов, А.Н.Боровков, Н.А.Басқаков еңбектерінен орын алды.

Ал қазақ тілінде көрнекгі ғалым А.Байтұрсынов үстеу сөздерді о баста шылау сөздердің құрамында демеу, жалғаулық, одағай сөздерінің қатарына қосып, оған: «... сөз үстіне қосылып сөздердің мағынасын толықтыратын сөздерді үстеу дейміз»-деген анықтама береді. Ғалым кейінірек үстеуді жеке сөз табы ретінде бөлек атап, оған былайша анықтама береді: «Үстеу деп - сын есім, сан есім, есімдік, етістік сөздерді толықтыру, күшейту үшін айтылатын сөздерді» айтамыз. А.Байтұрсынов үстеуді бес мағынапық топқа бөледі. Олар: 1) нықтаулық; 2) сынаулық; 3) өлшеулік; 4) мезгілдік; 5)мекендік.

Профессор С.Аманжолов «Үстеу дегеніміз - істің қимылын, белгісін, мезгілін білдіретін сөз»-деген түсінік береді . Ғалым оларды қызметіне қарай екі топқа бөледі: «етістікпен тіркесетін етістік үстеулер және есімдермен тіркесетін есім үстеулер». С.Аманжолов етістік үстеулерге қолма-қол, дәл, кеше, бүгін т.б. үстеулерді жатқызса, ал есім үстеулерге орасан, тым, тіпті т.б. сөздерді жатқызады .

Үстеу туралы арнайы еңбек жазған - профессор А.Ысқақов. А.Ысқақовтың «Қазіргі қазақ тіліндегі үстеулер» атты еңбегі бар. Бес тараудан тұратын Бұл еңбектің I тарауында үстеулердің зерттелуі мен оқытылуы, II тарауда үстеулердің сөз табы ретіндегі өзіне тән белгілері, сын есім мен үстеудің ортасында жүрген аралық сөздер мен үстеу құрамындағы кейбір кенерген қосымшалардың қолданылуы қарастырылған. III тарауда үстеудің мағыналық топтарына тоқталса, IV тарауда үстеулердің морфологиялық белгілерін, туынды үстеулердің жасалу жолдарын, үстеудің шырай формаларын, үстеу жасайтын басқа да сөз таптарының қызметі туралы сөз етеді. V тарауды «үстеулер синтаксисі» деп атап, оны үш салада қарастырады: 1) үстеулердің сөйлем мүшесі қызметінде жұмсалуы, 2) үстеулердің басқа сөз таптарымен тіркесу дәрежесі, 3) үстеулердің сөйлемдегі орны. Ғалым біріншіден, үстеулердің сөйлемде пысықтауыш, анықтауыш, баяндауыш қызметте жұмсалатынын дәлелдейді. Екіншіден, үстеулердін басқа сөз таптарымен тіркесу қабілеті қандай деген сұраққа олардың етістіктер, сын есімдер, есімдіктер және зат есімдермен тіркесін атайды. Сондай-ақ үстеулердің мағыналық топтарының аталған сөз таптарының қайсысымен тіркесе алатынына да тоқталады, А.Ысқақов үстеулердің сөйлемдегі орны туралы былай дейді: «үстеулер сөйлемде көбінесе пысықтауыш пен анықтауыш қызметін атқарып, өзі қатысты болып тұрған сөздің алдында тұрады».

Үстеуді арнайы зерттеген ғалымдардың бірі - Е.Саурықов «Адвербиалдану процесінің құрылымдық-семантикалық сипаты» тақырыбында кандидаттық диссертация жазды. Онда үстеу сөз табының лексика-сематикалық сипаты, морфологиялық белгісі, синтаксистік қызметі сияқты белгілерін жалпы түркі тілдерінің материалдары негізінде сипаттайды. Еңбекте үстеулердің пайда болуы мен тарихы қалыптасу жолдарын диахрондық әдіспен зерттеу нәтижесінде олардың тілдік жүйедегі орны, даму деңгейі көрсетіледі

Үстеулер мәселесін арнайы қарастырған - Ә.Ыбырайым. Ол үстеулердің тілдік қолданысқа байланысты ішінара морфологиялық өзгерістерге ұшырау құбылысының грамматикалық ерекшеліктерін ашып көрсетеді. Жалпы үстеу сөз табының бойында болып жатқан әр түрлі лексика-семантикалық, морфологиялық, синтаксистік қасиеттері туралы ғылыми түсінік береді. Ғалым сондай-ақ үстеулердің барлық есім сөз таптарына тіркесе беретіндігін жан-жақты дәлелдейді.


Үстеудің жалпы сипаттамасы

Сөздерді таптастыру ұстанымдарына сай, лексика-семантикалық сипатына, морфологиялық белгісіне, синтаксистік қызметіне қарай бөлінетін сөз таптарының бірі - үстеу.

Үстеулер - қимылдың, іс-әрекеттің мекенін, мезгілін, жай-күйін, мақсатын, сын-бейнесін, себебін білдіріп, грамматикалық жағынан түрленбейтін сөздер. Кеше ғана шуақ өріп жамырап, Тірлік біткен қалып еді жадырап (М.Мақатаев). Қарағым-ай, бұл өмір осылай өтеді екен, Сүймесе дүние бекер екен (Ш.Сариев). Берілген мысалдардағы кеше, осылай сөздері үстеу болып табылады. Осы сөйлемдердегі кеше сөзі қимылдың мезгілін білдіріп, қашан? деген сұраққа жауап берсе, осылай сөзі қимылдың сын - бейнесін білдіріп, қалайша? деген сұраққа жауап беріп тұр. Үстеулердің ішінде бірде үстеу, бірде септеулік шылау болып қолданылатын сөздер бар. Ондай сөздерге мынадай сөздер жатады: бері, кейін, соң, бұрын т.б. бұл сөздер амал-әрекеттің мезгілін, мекенін т.б. белгілерін білдірсе ғана үстеу болады.

Үстеулерді көпшілік ғалымдар түрленбейтін сөз табы деп қарастырса, кейбір ғалымдар оларды аз түрленетін сөз табы деп таниды.

Сөйлемде пысықтауыш қызметінде жұмсалатын есімдер мен көсемше тұлғалы етістіктер бар, бірақ олар үстеулер емес. Бұл туралы А.Ысқаков: «.. қимылдың белгілері пысықтауыш мүше ретінде қолданылатын басқа есім сөздер мен етістік формалары (мысалы, көсемшелер) арқылы да білдіріледі. Бірақ белгілі жағдайда ғана пысықтауыш болып қызмет атқаратын ондай есім сөздер мен етістік формалары өздерінің бастапқы қасиеттерін жоймайды. Осы себептен пысықтауыш мүше болған сөздердің барлығы бірдей үстеу болуы шарт емес» - дейді .

Үстеу сөздер іс-әрекеттің, қимылдың мезгілін, мекенін, сын - бейнесін білдіретіндіктен негізінен етістіктермен тіркеседі. Бірақ үстеу сөздердің есім сөздермен тіркесі де тілімізде жиі кездесетін құбылыс деуге болады.


Үстеулердің лексика-грамматикалық топтары

Үстеудің сөз табы ретіндегі бір белгісі - оның лексика-семантикалық сипаты. Үстеу амал-әрекеттің әр алуан мезгілдік, мекендік, мөлшерлік, сындық, себептік. мақсаттық сипаттарын білдіреді. Осымен байланысты, олар мынадай мағыналық топтарға бөлінеді: 1. Мезгіл үстеулері. 2. Мекен үстеулері. 3. Мөлшер үстеулері. 4. Сын-қимыл (бейне) үстеулері. 5. Күшейткіш үстеулер. 6. Мақсат үстеулері. 7. Себеп-салдар үстеулері. 8. Топтау үстеулері.



1. Мезгіл үстеулері амалдың, іс-әрекеттің жүзеге асу мезгілін, уақытын білдіріп қашан? қашаннан? деген сұрақтарға жауап береді. Мезгіл үстеулері аса көп. Мезгіл үстеулерге мына сөздер жатады: бүгін, ертең, қазір, биыл, енді, таңертең, кешке, күндіз, кеш, қыстай, жаздай, қыстыгүні, жаздыгүні, әзірше, жаңа, кеше, бұрын, ерте т.б.

- Бүгін шелпек нан пісіртіп, ағаңа тие берсін қылдыртып едім (Б.Майлин). Ділдә кетуге ыңғайланып тұрып: -Ертең біздікіне келесіз бе? -деді (Бұл да). Бұрын ішіп көрмеген нәрсесі болса да, бай тартына алмады, ішпесе қонағының көңіліне келетін секілденді (Бұл да).

Мезгіл үстеулер құрамы жағынан негізгі, туынды түбір және күрделі түбір болып бөлінеді. Негізгі үстеулерге бұрын, ерте, қазір, кеш, кеше сияқгы морфемаларға бөлшектеуге келмейтін сөздер жатады.

Ал туынды үстеулер басқа сөз таптарынан сөз жасамдық жұрнақтар жалғану арқылы жасалады:

1. -ша (- ше) жұрнақтары арқылы: бүгінше, әзірше, биылша.

2. Көлемдік септіктердің көнеленуі арқылы жасалған мезгіл үстеулер: жазда, қыста, күнде, түнде, бағанадан, бүгіннен, әуелден, таңертеңнен, ертемен т.б.

3. Күрделі үстеулерге бүгін (бұл күн), биыл (бұл жыл), әуел баста, бүгін - ертең, бұрын-соңды, ала жаздай, таң сәріде, жаз бойы сияқты бірігу, қосарлану, тіркесу арқылы жасалған сөздер жатады.

2. Мекен үстеулері қимыл-әрекеттің орнын, мекенін білдіріп, қайда? қайдан? деген сұрақтарға жауап береді. Мекен үстеулері мыналар: алға, артқа, артта, жоғары, темен, әрі, бері, кері, ілгері, әрмен, тысқары, осында, мұнда, әрі-бері, жол-жөнекей, жолшыбай т.б.

Мекен үстеулер де құрамына қарай негізгі, туынды, күрделі түбір үстеулер болып бөлінеді.

Негізгі мекен үстеулеріне жоғары, төмен, әрі, бері сияқты морфемаларға бөлшекгенбейтін сөздер жатады.

Туынды мекен үстеулер сөз тудыратын жұрнақтар мен көлемдік септікгердің көнеленуі арқылы жасалады.

Туынды мекен үстеулерінің жасалу жолдары:

1) -қары (-кері ), -ғары (-гері) жұрнақтары арқылы: ілгері, ішкері, тысқары, сыртқары т.б.

2) Көлемдік (барыс, жатыс) септіктердің көнеленуі арқылы жасалған мекен үстеулері: алға, артқа, артта, жоғарыда, мұнда, төменде т.б.

Күрделі түбір мекен үстеулері негізінен сөздердің қосарлануы арқылы жасалады. Мәселен, жол-жөнекей, әрі-бері т.б.



3. Мөлшер үстеулері амалдың, қимылдың мөлшерін, көлемін білдіріп, қанша? қаншама? қаншалықты? деген сұрақтарға жауап береді. Мөлшер үстеулерге мына сөздер жатады: онша, сонша, оншалық, соншалық, мұншама, едәуір, бірқыдыру, анағұрлым т.б.

Тоқты желініп, үйдің жатқанына едәуір уақыт болған (Б.Майлин). Мөлшер үстеулердің барлығына жуығы туынды үстеулер, мөлшер үстеулері негізгі түбір бола алмайды.

Мөлшер үстеулер құрамына қарай туынды және күрделі болып бөлінеді.

Мөлшер үстеулері -ша (-ше); -шама (-шалық; -дайлық) жұрнақтары арқылы жасалады. Мысалы, онша, мұнша, мұншама, соншама, осыншама, мұншалық, соншалық, осыншалық, мұндайлық, ондайлық, сондайлық т.б.

Күрделі түбір мөлшер үстеулері сөздердің бірігуі, қосарлануы арқылы жасалады. Мысалы, анағұрлым, недәуір, неғұрлым, бірталай, бірен-саран, азды-көпті т.б.

4.Сын-қимыл үстеулері қимылдың сан алуан бейнесін, орындалу амалын білдіріп, қалай? қалайша? деген сұрақгарға жауап береді. Сын-қимыл үстеулеріне мына сөздер жатады: бірден, тез, жылдам, бірте-бірте, лезде, әрең, үнемі, қолма-қол, менше, құсша, емін-еркін, ақырын, шалқасынан, оқыс, дереу, зорға, қапыда, өзінше, ерекше, ретімен, жүрісінен, жасырын, бірден, бір жола, шала-пұла, бетпе-бет, жападан-жалғыз т.б.

Құрамына қарай негізгі түбір, туынды түбір, күрделі түбір қимыл-сын үстеулері болып бөлінеді.

Негізгі түбір үстеулерге тез, әзер, дереу, оқыс, үнемі сияқты морфемдік жағынан бөлшектенбейтін сөздер жатады.

Туынды түбір сын-қимыл үстеулерінің жасалу жолдары мынадай:

1) -ша (-ше) жұрнақтары арқылы: қазақша, орысша, ауызша, жазбаша, қысқаша т.б.

2) -шаң (-шең) жұрнақтары арқылы: қөйлекшең, етікшең т.б,

3) -лай (-лей), -дай (-дей) жұрнақтары арқылы: жартылай, шикілей, тікелей, осылай т.б.

4) Көлемдік септікгердің көнеленуі арқылы: бірге, зорға, оқыста, лезде, шалқасынан, кенеттен, жайымен, ретімен, кезекпен, шынымен т.б.

Күрделі түбір сын-қимыл үстеулері сөздердің бірігуі, қосарлануы арқылы жасалады.

1) Сөздердің бірігуі арқылы жасалған сын-қимыл үстеулер: ауызекі, бір жола.

2) Сөздердің қосарлануы арқылы жасалған сын-қимыл үстеулер: қолма-қол, бетпе-бет, бостан-босқа, жападан - жалғыз т.б.

5. Күшейткіш (күшейту) үстеулер заттың сындық белгісін, қимыл, іс-әрекеттің сапасын, мөлшерін, көлемін күшейтіп я болмаса солғындатып көрсету үшін қолданылады. Күшейткіш үстеулер қашан? қандай? деген сұрақтарға жауап береді. Күшейткіш үстеулерге ылғи, кілең, тіпті, нақ, нағыз, нық, әбден, мүлде, өңкей, дәл, керемет, орасан, қабағат т.б. сөздер жатады.

Өте сөзі қазақ тіліне қатысты оқулықтарда, грамматикаларда күшейткіш үстеу құрамында қаралып жүр. Бірақ ғылымда ол туралы басқа да пікірлер кездеседі. Мәселен, 1986 жылы жарық көрген «Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі» деген еңбекте профессор Н.Оралбаева былай деп жазады: «Өте сөзі қазақ тілінің грамматикаларында күшейту үстеуінің тобына жатқызылады. Бұны үстеу деп тану оның лексикалық мағынасын тануды талап етеді, оның бірлі - жарым етістіктермен тіркесте қолданылатыны рас: өте асықгы, өте ұрысты, өте кейіді, өте мақтады. Күшейту үстеулері етістіктерді таңдап және олармен өте сирек тіркеседі, бұл үстеудің табиғатына қарсы келеді, ал үстеудің негізгі тіркесетін сөз табы - етістік. Күшейту үстеулерінің етістікпен тіркесінде көңіл бөлерлік бір жағдай бар» [33,170-171]. Ғалым өте қатты асықты, өте қатты ұрысты, өте қатты кейіді, өте қатты мақтады деген қолданыстар барын тілге тиек ете келіп, бұнда өте сөзі сын есімнің алдында тіркесіп тұрғанын айтады. Күшейткіш сөздердің бұлай қолданылуын олардың алғаш етістікпен тіркеспегендігін көрсетеді деп дәлелдейді. Шынында, үстеулердің күшейткіш деп аталып жүрген кейбір түрлерін үстеуге жатқыза қою қиын. Сондықтан оларды күшейткіш көмекшілер деу қажет.



6. Мақсат үстеулері қимылдың мақсатын білдіреді. Мақсат үстеулерге жататын сөздер сан жағынан көп емес. Олар: әдейі, жорта, қасақана. Мысалы, - Әдейі істедің провалды, тұратұр, саған көрсетермін провалды!-деп айқай салды (Ш.Жиенқулова).

7.Себеп-салдар үстеулері қимылдың себебін, нәтижесін білдіреді.Себеп-салдар үстеулері не себепті? неге? деген сұрақтарға жауап береді.

Себеп-салдар үстеулер құрамы жағынан туынды түбір болып келеді. Олар көлемдік септік жалғауларының көнеленуі арқылы жасалады. Мысалы, бекерге, босқа, текке, амалсыздан, шарасыздан, лажсыздан.



8. Топтау үстеулері қимылдың жасалуының топтық сипатын білдіреді. Топтау үстеулері нешеден? қаншадан? деген сұрақтарға жауап береді. Топтау үстеулеріне жататын сөздер төмендегідей: біреулеп, екеулеп, көптеп, қос-қостап, топ-тобымен т.б.

Топтау үстеулері морфологиялық құрамына қарай туынды түбір және күрделі туынды түбір болып келеді.

Топтау үстеулерінің жасалу жолдары мына төмендегідей: 1) -лап (-леп), -дап (-деп), -тап (-теп) жұрнақтары арқылы жасалады: екеулеп, көптеп, аздап, қостап т.б.

2) Қосарлану арқылы жасалады: он-оннан, топ-тобымен, бір-бірлеп, қос-қостап т.б.


Үстеудің морфологиялық ерекшеліктері

Үстеу - морфологиялық жағынан алғанда аз түрленетін сөз табы. Бұл оның морфологиялық ерекшелігі болып табылады десек те, үстеулер қандай сөзге тіркессе де өз формасын өзгертпейді.

Тілдік құрылыстағы болып жатқан өзгерістер үстеулерге де әсерін тигізбей қалған жоқ. Қазіргі қазақ тіліндегі үстеулердің сөйлемдегі қызметіне қарай көптік, септік, тәуелдік жалғауларын қабылдап заттанып, кейде жіктік жалғауын қабылдап, предикаттық қызмет атқаратынын кездестіруге болады. Бұл айтылғандардан үстеулер өзінің үстеулік мағынасынан мүлде алшақтап кетеді деген ұғым тумауға тиіс. Үстеулер өзінің семантикалық мағынасын сақтайды, олар белгілі бір контексте ғана заттық немесе предикаттық мағына береді.

Ғылымда үстеудің түрленуі туралы пікірлер әр түрлі. Мәселен, ғалым Ә.Төлеуов үстеулердің көпшілігін түрленбейді деп, оның себебін былайша түсіндіреді: «Үстеулердің көбі түрленбейді, өйткені олар көне септік формалар қосылуынан жасалған сөздер: бірге, босқа, текке, абайсыздан, лажсыздан, түнде, қырынан, кенеттен т,б.».

Соңғы уақыттардағы зерттеулерге қарағанда үстеулер барынша молынан түрленетін сөз табын құрап отыр. Мәселен, ғалым Ә.ЬІбырайым: «Морфологиялық жағынан еш түрленбейді деп келінген үстеу сөздер қазіргі қазақ тілі мен түркі тілдерінде коммуникативтік қызметі мен мағынасына қарай түрлі формаларға ие болып қолданылып жүр. Мәселен, кейбір үстеулердің сөйлемдегі қызметіне қарай көптік, тәуелдік, септік жалғауларын қабылдап заттанып, жіктік жалғауын қабылдап предикаттық қызмет атқаруы көркем әдебиет пен баспасөз беттеріндегі тілдік сөз қолданыстарда жиі кездесетін процесс болып отыр» - деп жазады .
Үстеудің синтаксистік қызметі

Үстеудің пысықтауыш қызметінде жұмсалуы. Үстеудің ең негізгі синтаксистік қызметі - сөйлемде пысықтауыш болу. Сөйлемде үстеулер қашанда өздерінің пысықтайтын сөздерінен бұрын тұрады. Үстеулердің ішінде орын талғамайтындары да бар. Сондай орын талғамайтын үстеулердің бірі - мезгіл үстеулері. Мезгіл үстеулері баяндауыштан басқа мүшелерді пысықтаса, онда пысықтайтын мүшенің алдынан келеді. Ал баяндауышты пысықтаса одан алшақ тұра береді.

Үстеу қимылдың, амал-әрекеттің әр алуан сын бейнесін, белгісін білдіреді. Осымен байланысты мекен, мезгіл, сын-қимыл, мақсат, себеп пысықтауыш бола береді. Үстеу мен үстеу, я үстеу мен зат есім тіркесіп келіп күрделі пысықтауыш болады. Мысалы, Құр кимелеудің зардабын тартқан жұрт енді еппен етіп жатыр (Ғ.Мүсірепов). Таң қараңгысында еркек атаулы жұмысқа кетеді (С.Мұқанов). Жоғары-төмен үйрек, қаз ұшып тұрса сымпылдап (Абай). Алынған сөйлемдерде еппен сын-қимыл пысықтауыш болып тұрса, таң қараңгысында мезгіл пысықтауыш болып, жоғары-төмен мекен пысықтауыш ретінде жұмсалып тұр.



Үстеудің бастауыш қызметінде жұмсалуы. Үстеулер субстантивтеніп бастауыш қызметінде жұмсала береді. Нөлдік тұлғада көптік жалғаулары арқылы субстантивтеніп бастауыш болады. Кей жағдайда көмекші сөздермен тіркесіп бастауыш қызметін атқарады. Еріншектің ертеңі бітпес (мақал). Бүгін деген қорқыныш пен үміттің екі ұдай аралығы (Ә.Кекілбаев).

Үстеудің баяндауыш қызметінде жұмсалуы. Үстеулер сөйлем соңында жіктеліп баяндауыштың қызметін де атқарады. Мысалы, Киім формасы өзгешелеу екен өзінің (К.Тоқаев). Мен сенімен біргемін (Ғ.Сланов).

Үстеудің толықтауыш кызметінде жұмсалуы. Үстеулер заттанып тура толықтауыш та, жанама толықтауыш та бола алады. Тура толықтауыш қызметінде жай септікпен бірге тәуелдеулі септік формасында да жұмсала береді. Мысалы, Азын-аулақ қазақшаны да далбарлайтын болған (М.Әуезов). Жанама толықтауыш болып барыс, шығыс және көмектес септіктерінде келе береді. Мысалы, Соншаны көріп, біліп келіп, ішке тығып тастағандай едіңіз (Бұл да).

Үстеудің анықтауыш қызметінде жұмсалуы. Зат есіммен, сын есіммен тіркесіп, анықтауышта болады. Мысалы, Осынша орысшаны қайдан үйреніп жүрсіз (Т.Ахтанов).
?! Тақырыпты бекіту үшін сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Үстеудің зерттелу тарихы жайлы мәлімет беріңдер.

  2. Үстеудің жалпы сипаттамасы.

  3. Үстеулердің лексика-грамматикалық топтарына сипаттама беріп, олардың өзіндік ерекшелігін мысалдар арқылы дәлелдеңдер.

  4. Үстеудің синтаксистік қызметі жайлы мәлімет беріңдер.

  5. Үстеудің өзіндік сипаты мен жіктелуіне сызба жасаңдар.


Еліктеу сөздер
Еліктеу сөз табына жататын сөздер адамды қоршаған табиғат құбылыс-тарының және айналадағы заттардың қозғалуынан шыққан дыбыстарға еліктеуден немесе адамның түрлі жағдайға байланысты әрекетіне, қозғалысына қатысты көріністердің, сонымен бірге желдің гуілі, жапырақтың сыбдыры, найзағайдың жарқылдауы, күннің күркіреуі, өзеннің сылдырап ағуы, заттардың құлап тусуі, домалауы, соқтығысуларына еліктеуден пайда болған мән-мағынаны білдіретін ұғым атаулары, сол сөздердің жиыны.

Қазақ тілі адамның көру, есту мүшелері арқылы түйсіну, ұғу қабілетінен пайда болған мұндай еліктеу сөздерге өте бай. Олар ауызекі тілде де, әдеби тілде де кеңінен қолданылады. Ойды дәл де ықшам, жинақгы да көрікті етіп жеткізуде ерекше көркемдік мән үстейтін сөздер. Мысалы: Төрт-бес ат суға түсіп, шомылып, жүндері жылт-жылт етіп, көлшімекгің жағасындағы балғын шалғынды бырт-бырт орады. (С.Сейфулин); Сырт-сырт етіп жас сүйек сынды (М.Әуезов)-деген сөйлемдердегі «жылт-жылт, бырт-бырт, сырт-сырт» еліктеу сөздері айтылған ойды көрікгендіріп тұр.

Сөз табы ретінде еліктеу сөз тілде кейіннен танылған сөздердің тобы. Ол түркі тілдерінің ертеректе шыққан грамматикаларында одағай сөз табының құрамында қаралып келген. Түркі тілдерінде еліктеу сөздерді өз алдына одағайдан алғаш рет бөліп, оның 115-тен артық құрылымдық түрі барын анықтаған чуваш ғалымы Н.И. Ашмарин. Түркі тіліндегі еліктеу сөздерді бұдан кейінгі кезеңде өз алдына бөліп, одағай сөзден айырмашылығын көрсеткен келесі ғалым Л. Н. Харитонов .

Қазақ тілінде де біресе үстеудің, біресе одағайдың ішінде қарастырылып келген еліктеу сөздердің жеке сөз табы болып бөлініп даралануы профессор А.Ыскақовтың есімімен байланысты. Ахмеди Ысқақов қазіргі қазақ тілінде «еліктеу сөздер» өзгеше бір сөздер тобына жататынын баспа беттерінде елуінші жылдардың басында жариялаған мақалаларында-ақ дәлелдейді.Бұған дейін жалпы түркологиядағы сияқты қазақ тіл білімінде де жеке аталмай басқа сөз таптарының ішінде аралас беріліп келген еліктеу сөз, осыдан кейін қазақ тілі грамматикаларына жеке сөз табы ретінде еніп, алпысыншы жылдардан бастап ғалымдардың назарына ілінген маңызды ғылыми тақырыпқа айналды. Епіктеу сөзге арнап Ш. Сарыбаев кітап шығарса, Б.Катембаева ғылыми жұмысының тақырыбы етеді.

Еліктеу сөздің жеке сөз табы болып танылуы, біріншіден, олардың бәріне ортақ дыбысқа, бейнеге еліктеу мағынасының болуы. Обьективті өмірде болып жатқан дыбыстар мен бейнелер еліктеу сөздер мәні арқылы ұғынылады. Еліктеу сөздер өзінің шығуы мен құрылысы жағынан еш сөз табына қосылмайды. Адам баласы тілінің пайда болуы, тілдің шығуы туралы пікірлердің бірі - дыбысқа еліктеу теориясы бойынша табиғаттағы дыбыстарға еліктеуден апғашқы сөздер жасалып, ол сөздер сол заттардың атауларына айналған делінеді. Түркі тілдерде қарқ-қарқ, мияу-мияу, гу-гу, тарс-тарс, саңқ-саңқ, қор-қор, сықыр-сықыр, ыңқ-ыңқ тәрізді еліктеуіш сөздер және олардан жасалған қарқылдау, мияулау, гуіл, гуілдеу, тарсыл, тарсылдау, саңқылдау, қорыл, қорылдау, сықыр, сықырлау, ыңқыл, ыңқылдау тәрізді туынды сөздер жасалған. Бұдан тілдің шығуы еліктеу сөздерге байланысты болған деген пікірдің жаны бар екені көрінеді. Мысалы, «көкек» сөзі құстың «ку-кук» деп шығарған дыбысына байланысты, құстың бір түріне берілген атау. Мұндай атаулар тілде көп, әрі бұл туралы түрлі теориялар қазақ тіл білімінде айтылып та жүр. Бұған Қ. Хұсайыновтың ғылыми еңбегі дәлел. Бұл ғылыми зерттеуде қазақ тілінде нағыз дыбыс пен бейнеге еліктеуден пайда болған бір топ сөздердің бары, олардың дыбыс пен бейнеге еліктеу ұғымына байланысты ортақ мағынасы болатыны, ондай сөздер елікгеу сөздер тобына жататыны ғылыми тұрғыда дәлелденді.

Еліктеу сөздерін сөз табы ретінде танудың екінші себебі, оларды түрлендіретін морфологиялық көрсеткішінің жоқтығы және оларды басқа сөз таптарынан бөліп тұратын айрықша белгі олардың дыбыстық құрамы жағынан өздеріне тән жүйесінің болуы. Профессор Ш.Сарыбаев қазақ тіліндегі еліктеу сөздер дыбыстық құрамының бес түрін көрсетеді. 1) «дауыссыз-дауысты» дыбыстардан құралған үлгі-модель. Бұған «ду, гу, зу» сияқты екі дыбыстан тұратын еліктеу сөздерді жатқызады; 2) Дыбыстық құрамының қатары «Дауыссыз-дауысты-дауыссыз» болып үш дыбыстан құралған модельді еліктеулерге «сар, маң, шыр» т.с. с. үш дыбыстан құралған сөздерді келтіреді. 3) «Дауыссыз-дауысты-дауыссыз-дауыссыз» ретімен құрамы төрт дыбыстан тұратындарына «былқ, сырт, дұрс» сөздерін жатқызады. 4) «Дауыссыз-дауысты-дауыссыз-дауысты-дауыссыз» дыбыстардан тұратын үлгіге «жалаң, қылаң, сылаң, ырсың, ербең» т.с.с. құрамы бес дыбыстан құралған еліктеу сөздерді жатқызады. 5) «Дауыссыз-дауысты-дауыссыз-дауыссыз-дауысты-дауыссыз» үлгісіне негізінен туынды түбір болатын «жалб-аң, қорб-аң, жалт-ың, кірж-ің» сияқты еліктеу сөздерін келтіреді. Бұл модельдер қазақ тіліндегі еліктеу сөздерінің дыбыстық құрамы мен құрылысында басқа сөз таптарына ұқсамайтын өзіндік ерекшелік барын айқындай түседі.


Еліктеу сөздердің мағыналық түрлері

Еліктеу сөздердің біразының семантикасы табиғатта ұшырасатын әр алуан дыбыстармен байланысты мағыналарды білдірсе, кейбірінің мағыналары сол табиғаттағы әр қилы көріністердің бейнелерін білдіреді. Мысалы, «мылтық тарс етгі», «қарға қарқ етті» деген мысалдарда, «тарс» мылтықгың атылуынан шыққан, «қарқ» қарғаның қаңқылдауынан пайда болған дыбыстардың мағынасын беріп тұрса, «Алшаңбасып аю келеді», «Абай кілт бұрылып, жалт қарады» дегенде «алшаң, кілт, жалт» сөздері бейнеге еліктеу мағынасын білдіріп тұр.

Еліктеу сездер ішкі мағыналық ерекшеліктеріне орай екі салаға бөлінеді, бірі - елікгеуіш (еліктеме) сөздер, екіншісі - бейнелеуіш (бейнелеме) сөздер аталады. (63.360-366.).

1. Еліктеуіш (еліктеме) сөздер дегеніміз - өзіне тән лексика-семантикалық мағынасы адамның есту мүшесі құлақ арқылы дыбысқа еліктеу ұғымын білдіретін еліктеу сөздердің бір мағыналық түрі.

Адамның тыныс мүшесі арқылы шығарылатын дыбыстау мағынасын білдіретін еліктеуіш сөздер тілімізде едәуір. Мәселен, бір ғана ұйықтауға байланысты еліктеу сөздер ішкі мағыналық реңіне қарай «қор-қор, пыс-пыс, быр-быр» сияқты сөздермен беріледі.

Адамның көңіл-күйіне қатысты күлудің он бес түріне Ш.Сарыбаев мына еліктеу сөздерді атайды: «ду күлу, жырқ-жырқ күлу, кеңк-кеңк күлу, қарқ-қарқ күлу, мыңқ-мыңқ күлу, мырс етіп күлу, сақ-сақ күлу, солқ-солқ күлу, сық-сық күлу, сылқ-сылқ күлу, сыңғыр-сыңғыр күлу, таңқ-таңқ күлу, тарқ-тарқ күлу, шаңқ-шаңқ күлу, ырқ-ырқ күлу, т.б.» (46) келтіреді.

Түрлі жан-жануарлар, хайуан, аң-құстардың дауыстарына еліктеуден пайда болған түрлі еліктеуіш (еліктеме) сөздер де бар. Мысалы: «Бақ-бақ еткен текені, қар жауғанда көрерміз...» деген сөйлем ішінде келген «бақ» еліктеуіш сөзі еркек жынысты ешкі малы шығаратын дыбыс мағынасын білдірсе, «Құлындар шіңгір-шіңгір кісінесіп, ойнақтап тұяғымен көтерді шаң» деген өлең жолындағы «шіңгір-шіңгір», жылқы малының құлына тән кісінегенде шығаратын дыбысқа еліктеуден туған еліктеуіш сөз.

Адам организмінде болатын алуан түрлі сезім құбылыстары су-су, дүрс-дүрс, зырқ-зырқ, лүп-лүп, лып-лып, дір-дір, зу-зу, зың-зың, зырқ-зырқ, даң-дұң, әңкі-тәңкі, шың-шың, дың-дың, астан-кестен, ың-жың, мең-зең, алай-түлей, ұйқы-тұйқы, алау-жалау, сап-сап, әлем-жалам сияқты еліктеме сөздер арқылы беріледі. Еліктеуіш сөздер тілде қолданылған жеріне әрдайым әсемдік, ықшамдылық сипат беріп, шығарма тілін көріктендіріп турады. Мысалы: Бермеймін демеймін-ау, салдыр-гүлдір жүрісіңнен қорқамын «Ә.С.). Аюкеме оңашалана бергенде, күңк етіп қалып едім, шоқ басқандай зыр ете түсті.

2. Бейнелеуіш сөздер -табиғаттағы құбылыстар мен заттардың және неше алуан жан-жануарлардың сыртқы сын-сипаттары мен әрекет қимылдарын көру мүшесі - көз арқылы қабылданған бейне - көріністердің атаулары. Бейнелеуіш сөздер адамның, не түрлі заттардың қимыл-әрекетінің бейнелі еліктеу мағынасын білдіреді. Мысалы, «Саусақтары бұлың-бұлың етті де кетті» (Ғ.С.); «Аттар борт-борт желіді» (С.М.); «Бұланбай мен Алшағырдың үй іштері көшіп келіп, абыр-сабыр болып қалды»(Ғ. М.) - деген сөйлемдерде адам саусағының, аттың жүрісінің, адамдардың түрлі қимыл әрекетінің көрініс бейнелері «бұлың-бұлың, борт-борт, абыр-сабыр» бейнелеуіш (бейнелеме) сөздерінің мағынасы арқылы берілген.

Бейнелеуіш сөздер адамның не заттың қимыл процесін ғана көрсетіп қоймай, олардың сыртқы көрінісінің бейне-сипатына байланысты қалыппын да білдіреді. Мысалы, «дал-дал, ойқаң-тойқаң, пара-пара, дода-дода, әлем-жәлем, опай-топай, алақ-жалақ, мылжа-пылжа» сөздері заттың сыртқы тұлғалық көрінісінің бейнесін білдіретін сөздер. Осылардың біразын сөйлем ішінде келтірейік: «Алға!» - деп, құшырланып тиіскенде, дал-дал боп қақ жарылған мидай тақыр» (Бекежанов). Үстіндегі ер тоқымы пара-пара (Ә.Көшімов). Скважина ауызы ойқан-тойқан болып қалды (Ғ.Мұстафин).

Бейнелеуіш сөздерге жалпы жарық сәуленің қатысы арқылы көзге шағылысу бейнелерінің мағыналарын білдіретін оттың жануы, күннің жарқырауы, жалтыр нәрсенің жылтылдауы байланысты мағыналарды білдіретін «жалт-жұлт, жарқ-жұрқ, лап-лап, лау-лау» сияқгы сөздер де жатады. Етістік сөздерден -аң, -ең, -ң жұрнағы арқылы жасалынған туынды еліктеу сөздер де бейнелеуіш сөздердің мағынасын білдіреді. Мысалы, сүйрең, қисаң, созалаң. Жалпы адамның, тірі жанның, нәрсенің қимыл-қалпын көру, қабілеті арқылы қабылдаудан пайда болған еліктеу мағынасындағы сөздер бейнелеуіш сөздер тобына кіреді.

Адамның көру қабілеті арқылы танылатын бейне-құбылыстар, тірі жанда болатын сезім-күйлер семантикалық жақтарынан құбылып түрліше мағынаны білдіруіне байланысты, өз ішінде бірнеше топтарға бөлінеді.

1. Адам мен хайуанаттардың, құстардың жүрістерінің бейне-сипатын білдіретін бейнелеуіш сөздер тобына «алшаң-апшаң, тайраң-тайраң, апыл-тапыл, қаз-қаз, қақшаң-қақшаң, митың-митың, байпаң-байпаң, күйбең-күйбең, талтаң-талтаң, маң-маң, қойқаң-қойқаң, тепең-тепең, шоқаң-шоқаң» т.с.с. сөздер жатады.

2. Адамдар мен хайуанаттардың, құстардың қимыл, іс-әрекеттерінің сырт тұлға көріністерін бейнелейтін сөздерге «қылт-қылт, қылтың-қылтың, елбек-елбек, елең-елең, еңкең-еңкең, мықшың-мықшың, қыбжың-қыбжың, қутың-қутың, елбек-елбек, сылқ-сылқ, былқ-былқ, қалт-құлт, ербең-ербең, шыбжың-шыбжың, қаужаң-қаужаң, шошаң-шошаң» сияқты сөздер жатады.

3. Көру сезімі арқылы танылатын әр қилы заттардың құбылып көрінуі және адамның бет пішінінде болатын қуаныш, реніш сияқты реңктердің, құбылыстардың бейнелерін білдіретін сөздер тобына «жарқ-жұрқ, жалт-жұлт, мөлт-мөлт, жымың-жымың, лау-лау, лап-лап, лып-лып, алау-жалау, жылт-жылт, алай-түлей, бұлдыр-бұлдыр, ұйқы-тұйқы, бұрқ-бұрқ, алай-түлей, елең-алаң, апақ-сапақ, қылаң-қылаң, жапба-жұлба, тоз-тоз, құж-құж, ығы-жығы, айқыш-ұйқыш, олпы-солпы» тағы осы сияқты мағынадағы бейнелеуіш сөздер жатады.

4. Ойламаған жерден, қапылыстан, кенеттен шұғыл істелетін қимылдың көрінісін, құбылысын бейнелеу мағынасын білдіретін сөздерге «сау-сау, сумаң-сумаң, қылп-қылп, зып-зып, қылт-қылт» сияқгы сөздер жатады.

5. Қимыл процестің тәртіпсіз, жүйесіз астан-кестен, үсті-үстіне болған қалпын білдіретін бейнелеуіш сөздер мағынасын «жапыр-жұпыр, астан-кестен, абыр-сабыр, ойран-топыр, қапыл-құпыл, опыр-топыр, бұлан-талан, ұмар-жұмар» бейнелеуіш сөздері білдіреді.

Бейнелеуіш сөздердің көпшілігі ауыспалы мағынада жиі қолданылады.



Еліктеу сөздердің фонетика-морфологиялық сипаты

Еліктеу сөздер мағыналық түрлері жағынан ғана емес, фонетика-грамматикалық сипаттары жағынан да өзіндік ерекшелікке ие. Еліктеу сөз табына жататын сөздердің буын құрылымы, морфологиялық тұлғалары бір-бірімен ұқсас, орайлас келеді.

1. Еліктеу сөздердің фонетикалық сипаты олардың дыбыстық құрамы, буын жігі, айтылу ырғағы арқылы анықталады. Еліктеу сөздер дыбыстық құрамы жағынан басқа сөз таптарындағыдай шашырап жатпай, белгілі бір заңдылыққа бағынған. Еліктеу сөздердің түбір күйіндегі дені негізінен екі, үш, төрт дыбыстан құралған бір буынды түбір сөздер болып келеді де, ал қосарланып келгенде бес-алты дыбысқа дейін жетеді. Еліктеу сөздердің дыбыстық құрамындағы дыбыстардың тіркесуінде белгілі бір қалыптасқан жүйелі заңдылықтың болуы, олардың басым көпшілігінің негізгі түбір форма екенін көрсетеді.

Еліктеу мағынасын білдіретін сөздерде болатын мұндай ерекшеліктермен қатар, олардың құрамында келетін дауысты және дауыссыз дыбыстардың келуінде де ерекшелік бар. Дауысты дыбыстардың барлық түрлері емес, белгілі бір түрлері ғана еліктеу сөздің құрамында келеді. Еліктеу сөздерді жасауға тек «а, е, ы, і, ұ, ү, у» дауыстылары қатысады. Сонымен бірге бұл дауысты дыбыстар бірен-саран еліктеу сөздің басында болмаса, бірінші дыбыс болып келмейді, көбіне негізінен екінші орында тұрады. Дауысты дыбыстардың жуан-жіңішкелігі еліктеу сөз білдіретін мағынаның өзгеруіне әсер етеді. Дыбыстық құрамы жағынан бірдей жуан дауыстылар қатысқан еліктеу сөздің мағынасы, жіңішке дауысты дыбыстар бар сөздердің мағынасынан бөлек мағынаны білдіреді. Мысалы, бір топтағы еліктеу сөзге жататын құрамында жуан «а» дауысты дыбысы бар «шаңқ» сөзі мен жіңішке «і» дауысты дыбысы келген «шіңк» еліктеу сөзінің ішкі білдіретін мағыналары бірдей емес. «Шаңқ» сөзі көлемі жағынан ірі, үлкен заттың, әрі одан шыққан дыбыс қарқынының күштілігін білдірсе, «шіңк» сөзінің мағынасы көлемі кіші заттардан әлсіз шығатын дыбысты білдіреді. Еліктеу сөз құрамындағы дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке түрлері, оның айтылуына да әсер етеді. Жуан дауысты дыбыс бар еліктеу сөз күшті қарқынмен айтылса, жіңішке дауыстысы жай қарқынмен айтылады. Бұл еліктеу сөздерінің айтылуына тән дауыс ырғағының болатынын көрсетеді.

Еліктеу сөздердің құрамына дауысты дыбыстар сияқты барлық дауыссыз дыбыстар да қатыса бермейді. Әрі сөздің басы мен соңында келетін дауыссыз дыбыстың түрлері біркелкі болмайды, олардың келуінде де өзіндік ерекшелік бар. Дауыссыз дыбыстан басталған еліктеу сөздердің бірінші дыбысы дауыссыздың қай түрінен басталғанына шек қойылмайтын болса, соңында келетін дауыссыз дыбыстардың түрі мен орналасуында белгілі тәртіп болады. Негізінен үш, төрт дыбыстан тұратын соңы екі дауыссыз дыбысқа аяқталатын тұйық және бітеу буынды еліктеу сөздердің алдыңғы дауыссызы үнді, соңғысы қатаң дауыссыз болуы шарт. Мысалы, «сылқ, бүлк, сырт, еңк, епп» т.б.

Еліктеу сөздердің соңында келген р, ж, ң дыбыстары созылып айтылады. Мысалы, гүр-р-р ете түсті, быж-ж-ж ете қалды, дың-ң-ң етті., ыр-р етті, мыж-мыж-ж болды т.б. Басқа сөз таптарына жататын сөздердің соңында сирек кездесетін «ж» дыбысы еліктеу сөздердің соңында көп кездеседі. Мысалы, гүж- гүж, баж-баж, шыж-быж, мыж-мыж т.б.

Басқа сөз таптарында «л» дыбысынан басталатын сөздердің алдында естілетін «ы, і» протетикалық дыбыс (лақ, лай, лезде, лас т.б.) еліктеу сөздерде айтылмайды. Мысалы, «лақ етті, лап ете қалды, лау-лау етті».

Егер дыбыс жылдам, шұғыл, тез шықса, онда еліктеуіш сөздің айтылу интонациясы да тез шұғыл болады. Ал дыбыс шұғыл болмай, созылыңқы шықса, онда еліктеуіш сөздерде созылыңқы интонациямен айтылады.

Екі буынды дыбыстық еліктеуіш сөздердің соңғы дыбысы көбіне вибрациялық «р» дыбысына аяқталады. Мысалы, «даңғыр-дүңгір, тықыр-тықыр, салдыр-гүлдір т.т.

Үш дыбыстан құралған еліктеу сөздердің соңғы дыбысы сонор «р, л, м, ң» дыбыстарына аяқталады. Мысалы, «дыр, дал, шым, шың, маң».

Төрт дыбыстан құралған еліктеу сөздердің үшінші дыбысы сонор, ал төртінші дыбысы міндетті түрде қатаң дауыссыздарға бітеді. Мысалы,» сарт, бырт, былқ, селк, тарс» т.т.

Буын түрі жағынан бір буынды еліктеу сөздердің көбі ашық және бітеу буынды сөз болып келеді. Мысалы: зу, ду, гүж, шың, мырс, селк т.б. Қосарланып келген еліктеу сөздердің сыңарлары аралас буынды сөздерден тұрып, көбіне екі буынды болады.

Бір буынды негізгі түбір еліктеу сөздер интонациясы жағынан мағыналарына орай бірде жылдам ырғақпен, бірде баяу, ақырын ырғақсыз айтылады. Жалпы еліктеу сөздер интонацияға бай, әрі олар құбылмалы келеді. Олардың интонация байлығы, оларды омонимдес зат есімдермен салыстырғанда анық байқалады. Мысалы, «Қор болды» мен «қор ете түсті» деген екі тіркестің бірінші заттық мағынадағы «қор» сөзі жай, қоңыр интонациямен айтылса, «қор ете түсті» тіркесіндегі «қор» еліктеу сөзі жұлып алғандай күшті екпінмен айтылады. Мұндай интонациялық құбылмалық «дар асты -дар ете қалды», «қыз бала- қыз-қыз қайнады», «шөп шапты - шөп ете қалды» тіркестеріндегі омоним сөздердің айтылу интонациясының бірдей еместігінен де көрінеді. Бұп еліктеу сөздердің интонациялық құбылу шеңбері кең екенін көрсетеді.

2. Еліктеу сөздер морфологиялық құрамы жағынан жалаң және күрделі тұлғаларда келеді. Жалаң түбір еліктеу сөздерге негізгі түбір еліктеу сөздер мен олардан синтетикалық тәсіл арқылы жасалынған туынды сөздер жатады.

Негізгі еліктеу сөздер айналадағы табиғат құбылыстарын қулақпен есту арқылы қабылдаған дыбыстардан және көзбен көру арқылы қабылданған елес-көріністердің бейнелерінен пайда болған түсініктердің атаулары, демек, сол дыбыстар мен бейнелердің атаулары есебінде қызмет ететін бір морфемадан тұратын түбір сөздер болып келеді.

Туынды еліктеу сөздерге негізгі түбір еліктеу сөздер мен басқа атаушы сөздерге жалғанғанда еліктеу мағынасын тудыратын сөз тудырушы жұрнақтардың қосылуынан жасалынған, морфемдік құрамы жағынан екі морфемадан (түбір морфема + қосымша морфема) тұратын туынды сөздер жатады. Синтетикалық тәсіл арқылы туынды еліктеу жасайтын негізгі сөз тудырушы жұрнақтар: -аң, -ең, -ң, -ың, -ің, -алаң, -елең, -лаң, -лең. Мына «балпақ -балп-ақ», «жылтың-жылт-ың», «томпаң-томп-аң», «елпең-елп-ең», «көлбең - көлб-ең», «сылаң - сыл-аң», «ирелең - ир-елең», «бұралаң - бұр-алаң», «шұбалаң - шұб-алаң» сөздері екі морфемадан құралған туынды түбір еліктеу сөздері. Мысалы: Арқа арбадан қорбаң етіп түсті. Ол жайнамаз үстінен түспей, шоқаң-шоқаң етті де отырды.

Еліктеу сөздердің күрделі түрі негізінен қос сөзді түбірлер болып келеді. Күрделі түбір тұлғалы туынды еліктеу сөздер аналитикалық тәсіл арқылы негізгі не туынды түбір елікгеу сөздердің қайталанып немесе қосарланып келуінен жасалады. Мысалы, «күж-күж, быж-быж, шыр-шыр, шыж-шыж, пыс-пыс» еліктеу сөздері негізгі түбір еліктеу сөздің қайталануынан жасалынған қайталама түбірлі қос сөз тұлғалары. Ал, бір сыңарының фонетикалық өзгеріске ұшырап қосарлануынан жасалынған «шыж-мыж, шарт-шұрт, арбаң-тарбаң, алақ-жұлақ» сияқты еліктеу сөздер қосарлама немесе қосарланған түбір еліктеу сөздеріне жатады.

Бір сөздің қайталануынан жасалынған қайталама түбірлі еліктеу қос сөздердің бір қалыпты болған дыбысқа еліктеуді білдіреді. Мысалы, тырс-тырс, быж-быж т.б. Ал қосарлама қос сөздердің мағынасы әр түрлі дыбысталған еліктеулердің мағынасын береді, Мысалы сатыр-сұгыр, бұрқан-тарқан, шаңқ-шұңқ, т.т,

Күрделі еліктеу сөздер сыңарлары фонетикалық дыбысталуы және беретін мағынасына байланысты бірыңғай қосарлы және әр түрлі аралас қосарлы болып келеді. Күрделі еліктеу сөздердің бір сыңарының дыбыстық өзгеріске ұшырау арқылы қосарланған еліктеу сөздер қатарына «жапыр-жұпыр, қыбыр-жыбыр» сияқты сөздер жатады. Ал аралас қосарлы күрделі еліктеу сөздер сыңарларының дыбыс саны тең келмейді және мағыналық жағынан бірі мәнді болса, екіншісі мәнсіз сөз болады. Кей еліктеулердің екі сыңары да мәнсіз сөздерден қосарланады. Оны мына «ойпаң-тойпаң, апалаң-жұпалаң, абыр-сабыр, тасыр-тұсыр» сияқгы қосарланған түбір еліктеу сөздерінің сыңарларынан көруге болады. Мұндай қосарланған түбір еліктеу сөздердің сыңарларының біреуі, кейде екеуі де жеке қолданылмайды.

Күрделі түбір еліктеу сөздердің сыңарлары арасында «да, де, та, те» шылаулары келетіндері де бар. Мысалы, «гүрс те гурс, жалт та жұлт, елтең де селтең, тасыр да тұсыр» дегендер аналитикалық тәсіл арқылы жасалынып тұрған тіркесті күрделі еліктеу сөздер. Бұндай тіркесті түбірлер көбіне әр түрлі бейне, дыбыстауға байланысты аралас еліктеу ұғымын білдіретін сөздер болып келеді. Мысалы: Ел қағынды, мал сабылды, ұрлық, өтірік, гу де гу (Абай).

Еліктеу сөздер басқа сөз таптарынан жасалмайды. Керісінше басқа сөз таптарын жасауға негіз сөз болады. Еліктеу сөздердің зат есім мен етістік жасауға қабілеті күшті. Сөз тудыратын еліктеу сөздердің өнімді басты жұрнақтары: -ыл, -іл; -да, -де; -ақ, -ек; -ыр, -ір; -ық, -ік. Мысалы, «гүрсіл естілді, жалтақ бала, жалтыр қағаз, бүлкек жүріс» деген тіркестердің ішінде не? сұрағына жауап беріп тұрған «гүрсіл» сөзі туынды зат есім, ал «жалтақ, жалтыр, бүлкек» сөздері қандай? сұрағына жауап беретін туынды сын есімдер, яғни еліктеу сөздерден жасалған есім сөздер.

Бір буынды еліктеу сөздерінен -ыл, -іл жұрнақтары арқылы зат есім жасалатын (сыр-ыл) болса, оның үстіне -да, -де жұрнағы жалғану арқылы туынды зат есімнен жаңа сөз- туынды етістік (сыр-ылда) жасалады. Туынды зат есімнің де, туынды етістіктің де негіз сөзі елікгеу сөз болады. Еліктеу сөздерден жасалған етістіктер қазақ поэзиясында есімше, көсемше формаларға түрленіп келуі, әсіресе өлең ұйқасы көсемшенің «-ып» формасында қолданылуы жиі кездеседі.

Қазақ тілінде еліктеу сөздерге -дақ,-дек жұрнағы жалғану арқылы зат есімдер де жасалады. Олар жер-су аттарында көп кездеседі. Мысалы, Ысылдақ (сайдың аты), Лоқылдақ (бұлақ ата), Бақырақсай (өзен аты), Сарқырама (өзен аты) т.б. Кейбір еліктеуіш сөздер сықырлауық, сылдырлауық, тоқылдауық сияқгы туынды етістіктен жасалған туынды зат есімдердің жасалуына да негіз болған. Кейде –у жұрнағының еліктеу сөзге бірден жалғануынан жасалынған зат есім сөздер сирек болса да кездеседі. Мысалы, шаншу, қыңқу, каңқу. Ауруда шаншу жаман, сөзде қаңқу жаман. Ел арасында қыңқу, сыңқу көбейді.

Туынды еліктеуіш сөздерге -ла,-ле жұрнағы тікелей жалғанып та туынды етістік жасалады. Мысалы, «талтаңда, сопаңда, бұраңда, қиқалаңда» туынды етістіктердің негіз сөзі «талтаң, сопаң, бұраң, қиқалаң» - туынды еліктеу сөздері. Аталған сөздердің үстіне «-да» жұрнағы жалғанып, жаңа туынды етістік жасалған.

Кейбір еліктеуіш сөздерге «и» жұрнағы жалғанып та етістік жасалады. Мысалы, «бүкши, секси, түкси» т.т. Осылай еліктеу сөздерден сөзжасам жұрнақгары арқылы екі сөз табының туынды түрлері жасалатын болса, «ет, бер, қақ» негізгі мәнді кемекші етістіктердің еліктеу сөздерге тіркесінен күрделі етістіктер жасалады. Мысалы, «тарс етті, лап берді, бүрсең қақты».
Еліктеу сөздердің синтаксистік қызметі

Еліктеу сөздер синтаксистік қызметі жағынан қандай сөйлем мүшесінің қызметін атқаруы, оның сейлем ішінде қолданылу орнына және олардың өзге сөздермен өзара тіркесіне байланысты болады. Еліктеу сөздер көп жағдайда зат есім сөздің алдында атау тұлғада тұрып, қандай? қай? сұрағына жауап беріп, анықталушы сөздің анықтауышы сөйлем мүшесінің қызметін атқарады. Мысалы, Шаңқ-шұңқ айқай естілді. Қандай айқай естілді? - Шаңқ-шұңқ. Бұл - бастауышты анықгап тұрған сөз, анықтауыш мүше. - Не естілді?-Айқай. Зат есімнен болған бастауыш. Еліктеу сөз атау тұлғада зат есім сөздің орнына қолданылғанда сөйлемнің бастауыш мүшесі де бола алады. Мысалы, Төңірекгі шаңқ-шұнқ басты. -Не басты? -Шаңқ-шұңқ. Мұнда еліктеу сөз заттық ұғымдағы сөздің орнына жүріп, сөйлемнің бастауышы болып тұр. Етістіктен болған баяндауыштың алдында тұрып, сөйлемнің пысықтауышы қызметін де атқара алады. Мысалы, Үй іші де ду күліпті. - Не істеді? - Күлді. -Қалай күлді? - ду. Күлу қимылының қалай болғаны «ду» еліктеу сөзі арқылы білініп түр.

Сөйлемде елікгеу сөздер көбіне жеке қолданылмайды, негізінен басқа сөздермен тіркесіп, күрделі сөздің құрамында келеді. Көбіне «ет» етістігімен тіркесте келіп күрделі сөйлем мүшенің қызметін атқарады. Мұндайда аналитикалық формадағы етістік сөйлемнің күрделі баяндауышы болады. Мысапы, «тарс ете қалды, арс-арс етіп, арс етті, жарқ ете қалды, жарқ-жұрқ ете қалды»-деген тіркестерде, «арс, тарс, жарқ» еліктеу сөздері атау тұлғада «ет» етістігімен тіркесіп келіп жаңа туынды сөз - күрделі етістіктің бір түрі -құранды етістіктер жасап, олардың бірі - көсемше формада, екіншісі -шақтық формада, үшінші-төртінші-аналитикалық формаларда түрленіп тұр. Мұнда грамматикалық формаларға түсіп тұрған еліктеу сөз емес, еліктеу сөзге «ет» етістігінің тіркесі арқылы жасалынған құранды етістіктің грамматикалық формаларға түрленуі, етістіктің грамматикалық категориясында жұмсалуы. Еліктеу сөздердің кейбіреуі «бер, қақ» сияқты етістіктермен тіркесіп келіп, құранды етістік тұлғасын жасайтындары бар. Мысалы, «лап берді, шап берді, сылаң қақты, бүрсең қақты» деген кұранды етістік құрамында қолдану кездеседі. Профессор А.Ысқақовтың еліктеу сөздерді «жеке-дара қолданылмайтын формалар», «түрленбейтін сөздер» - деп атауы, осы ерекшелігіне байланысты болса керек. Еліктеу сөздер сөйлемде басқа сөздермен ішкі тіркес құрып, күрделі мүшенің құрамында айтылады, бірен-саран жағдайда болмаса еліктеу сөздер көбіне етістіктермен тіркеседі. Кемекші етістікпен тіркес келгенде грамматикалық формалар еліктеу сөзге емес, көмекші етістікке жалғанады.

Еліктеуіш сөздерде заттану процесі жиі кездеседі. Мұндай жағдайда олар зат есімдерше түрленеді. Мысалы. Осы абыр-сабыр, даң-дұңын тыста тұрып есітті. Мұнда «даң-дұң» еліктеу сөзіне әуелі «-ы» тәуелдік, онан соң «-н» септік жалғаулары жалғанып келіп несін? Деген зат есімнің тәуелдеулі септік формасының сұрағына жауап беріп тұрған заттанған сөз. Еліктеу сөздерге әдетте жалғаулар бірден тікелей жалғанбайды, тек заттанған жағдайда ғана зат есімнің категориялық көрсеткіштері жалғанып сөйлемде бастауыш, толықгауыш мүшелерінің қызметін атқарады.

Еліктеу сөздер толық мәнді етістіктермен де, көмекші мәнді етістіктермен де тіркесіп келеді. Осы тіркесу сипатына қарай олардың синтаксистік қызметі де әр түрлі болады. Еліктеуіш сөз әр уақытта етістік алдында тұрады. Еліктеуіш сөздер негізгі мағыналы етістіктермен тіркесіп оның алдында келгенде, әрдайым күрделі пысықтауыштың қызметін атқарады. «Ет» көмекші етістігімен тіркесіп қолданылғанда, күрделі баяндауыш не күрделі пысықгауыш болдады.

Еліктеу сөздер сөйлемде зат есім сөздің орнына жүріп заттанып қолданылғанда, олара зат есімнің көптік, септік, тәуелдік категорияларының формаларына түрленеді.

Еліктеу сөздердің жалаң түрі мен күрделі (қосарланған) түрінің қай-қайсысы болса да, кебіне «ет» етістігімен еркін тіркеседі. Кейде толық мағыналы дербес етістіктердің ішінен тек өздерінің мағыналарына орайластарымен ғана тіркес құрайды. Елікгеу сөздер барлық сөз таптарымен тіркесе бермейді. Сөз таптарының кейбір сөздерімен некен-саяқ тіркескенімен, сын есім, үстеу, шылау сияқты сөз таптарымен мүлде тіркеске түспейді.

Еліктеу сөздер атау түлғада зат есімдерден бұрын тұрса, анықтауыш (шаң-шұң дауыс естілді), шығыс септігі формасында (шаң-шұңнан бас қатты) келсе, толықтауыш, етістікпен тіркескенде сын-қимыл пысықтауыш (маң басты, жалт қарады) болады. Ал, «ет» көмекші етістігімен тіркесетін еліктеу сөздер құранды мүшенің құрамына енеді де, тұтас бір күрделі мүшенің не күрделі баяндауыш, не күрделі пысықтауыштың қызметін атқарады. Мысалы, Қиралаң етіп, артқа қарап Сұңқардың құлақ шекесіне азу тістерін қадамақшы болған Зуылдың сақ еткен тістері ауа қармады. Қара кемпірдің бетінен бұрқ ете түскен қызыл қан төмен қарай жылжып түсе берді. Зырқ еткен жүрегі бұлқынып барып тынышталды. Денесі селк еткен Жаныс алдында бойы ұзарып, кеткен өлі денені көрді (Д.Бейс).

Қорыта келгенде, еліктеу сөздердің негізгі сипаты мынадай:

1. Еліктеу сөздер дыбыстық құрамы жағынан белгілі бір заңдылыққа бағынған жалаң түбір күйінде екі, үш, төрт, кейде бес, алты дыбыстардан тұратын сөздер. Қосарланып келгенде еліктеу сөздердің сыңарларының дыбыстық құрамы екіден бес-алты дыбысқа дейін жетеді. Мысалы, зу, пыр, саңқ, ербең, жалбаң, зу-зу, пыр-пыр, сарт-сұрт,сатыр-сұтыр, қорбаң-қорбаң т.б.

2. Елікгеу сөздердегі дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке және ашық, қысаң болуы сол сөздердің мағынасына әсер етеді Мысалы, «сарт етіп түсті» мен «селк ете түсті», «шиық етті» мен «шіңк етті» мағыналары бірдей емес. Сөз құрамында жіңішке дауысты дыбысы бар сөздер жуан дауысты барына сөздерге қарағанда, қимылдың әлсіз, жай, қысқа болғанын білдіреді.

3. Еліктеу сөздердің соңғы дыбыстары қос дауыссызға аяқталады. Оның алдыңғысы міндетті түрде үнді, кейінгісі қатаң дыбыс болады.

4. Еліктеу сөздер түбір күйінде тұрғанда нақты қандай мағынаны білдіретіні білінбейді. Олардың мағыналары көбіне дыбысқа, көрініске, құбылысқа тәуелді болып келетіндікген, еліктеудің дәл мағынасы оның басқа сөздер мен тіркеске түскенінде анық білінеді. Мысалы, «сылқ, жылп, сылп» еліктеу сөздерінің мағынасы жеке тұрғанда түсініксіз. Егер бұларды «Рақима сылқ-сылқ күлді» (Б.Майлин); «Малта аузына жылп етті, екі ерні сылп етті (С.Сейфулин) сияқты сөйлемдердегідей «күл, ет» етістіктерімен тіркесте қолданғанда олардың мағынасының анықтығы мен толықтығы байқалады. Өйткені «сылқ, жылп, сылп» еліктеулері адамның күлуімен, құрт-малтаның ауыздан түсу қимылы мен еріннің қозғалу қалпына қатысты бейнеден пайда болған сөздер. Егер ондай қимылдар болмаса, «сылқ, жылп, сылп» сөздері де тумас еді.

5. Еліктеу сөздер «ет» көмекші етістігімен тіркес келгенде, негізінен сөйлемнің пысықтауыш, баяндауыш мүшелерінің қызметін атқарады.

6.Заттанғанда болмаса, еліктеу сөздерге көптік, септік, тәуелдік және жіктік жалғаулары жалғанбайды.

7. Есім сөздер мен етістіктерден еліктеу сөздер жасалмайды, керісінше еліктеу сөздерден есім мен етістіктер жасалады.

8. Қосарлы түбір елікгеу сөздер құлаққа естілетін дыбыстың не көзге көрінетін елестің және адам организмінде болатын сезім, күйдің үсті-үстіне бірнеше рет қайталанғанын білдіреді. Мысалы: Арқа арбадан қорбаң-қорбаң етіп түсті. Ол жайнамаз үстінен түспей, шоқаң-шоқаң етті де отырды.

9. Еліктеу сездер ерекше логикалық екпінге ие.


?! Тақырыпты бекіту үшін сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Еліктеу сөздерге жалпы сипаттама беріңдер.

  2. Еліктеу сөздердің қандай мағыналық түрлерін білесіңдер? Олардың әрқайсысына мінездеме бере отырып, мысалдар арқылы дәлелдеңдер.

  3. Еліктеу сөздердің фонетика-морфологиялык сипатын айтып беріңдер.

  4. Еліктеу сөздердің синтаксистік қызметі дегенде не түсінесіңдер?

  5. Еліктеу сөздер өзіндік сипаты мен жіктелуіне сызба жасаңдар.


Шылау СӨЗДЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ МЕН СИПАТЫ
Шылаулардың о баста толық мағыналы сөздер болғандығы туралы барлық ғылыми еңбектерде жазылып келеді. А.Байтұрсынов шылауларды былайша үшке бөледі: 1. Үстеу. 2. Демеу. 3. Жалғаулық. Ғалым шылаулардың қатарына үстеулерді де жатқызады. Демеуліктерге да, де, ма, ме, әлде не, немесе, әйтпесе де т.б. жалғаулықтарды жатқызады. Ал жалғаулықтарға қазіргі күнде септеулік шылау делініп жүрген біраз сөздер енгізілген. Ол туралы А.Байтұрсынов былайша түсінік береді: «Кей сөздер жалғау орнына жүреді жаңа жалғаулар сияқгы басқа сөздердің шылауында тұрмаса, өз алдына мағына шықпайды. Сондай сөздерді жалғаулық дейміз. Жалғаулық сөздер қазақ тілінде тіпті аз, мәселен: мен, үшін, арқылы, тақырыпты, туралы»

Шылаулардың тарихына мән беріп, арнайы тоқталған - М.Балақаев. Ол 1941 жылы жарық көрген «Қазақ тілі грамматикасының кейбір мәселелері» атты еңбегінің «Шылау сездер тарихы» тарауында шылауларды шығу тегі, дамуы турасында ғалымдар пікірлеріне шолу жасай келіп, былай деп жазады:«... шылау сөздердің кейбірі бастапқы сөзінен онша өзгере қоймаған, кейбірі көптеген өзгеріске ұшырап, бұрынғы сөзінен мүлдем қашықтап кеткен...

Профессор С.Аманжолов шылауларға: «Сөйлемдегі сөздердің басын қосуда ерекше орны бар дәнекерлік қызмет атқаратын нәрсе...» - деп анықгама береді де, бөлінуін екі түрлі деп көрсетеді: жалғаулық, демеулік. Жалғаулықтарға «сөз бен сөз, сөйлем мен сөйлем арасын біріктіретін, бірақ өз алды жеке жазылатын сөз сымақтар» деп да, де, не, немесе, бірақ, яки, және, әлде т.б. атайды. Бұлардың өзін іштей қолданылуына қарай екіге бөледі: екі сөйлем ортасында я бір сөйлем ортасында я екі сөз ортасында қолданылатындар (не, бірақ, алайда, кейде) және бір сөйлем ортасында қолданылатындар (және, мен, да, де). Демеулікті де екі түрге бөледі: а) сұрау-тілек демеулігі (ма, ме, шы, ші, ә, сірә); ә) құрау демеулігі (құсап, ары, бері, соң, кейін, сияқты, ішінде, астында, үстінде, арқасында, қасында, арқылы, үшін, дейін, шейін, таман, қарай, ақ, ғана т.б.). Ғалым құрау демеулігінің барлығы тек белгілі бір сөздің артынан айтылатынын атап, демеулікгердің құрау түрлері жеке тұрғанда, мәнді (ішінде, астында), мәнсіз (ақ, мыс) болып бөлінетінін айтады. Ғалым бөлінісінде жалғаулықгардың тобы қазіргі мен бірдей болып келсе, демеуліктер ажыратылмай, септеуліктермен араласып кеткен яғни септеулік шылаулар деген сөз қолданылмайды. Профессор Қ.Жұбанов шылауларды қосалқылар, жалғауыштар деп атаған. Қосалқыларға: «Түбірше, оңаша жұмсала алмай, басқа бір түбір сөз, үстеулі сөз, жалғаулы сөздердің біріне қосалқы болып ғана жүре алады. Ондай сөздерге жаңадан көбінесе үстеу де, жалғау да жалғанбайды. Осындай сөздерді қосалқы сөз дейміз»-деп анықтама береді. Қосалқылардың өзін дәйек және аяқ қосалқы деп екіге бөліп, дәйек қосалқыға тым, бек, қас, ең деген қазіргі күшейткіш үстеулерді, ал аяқ қосалқыларға шейін, сайын, мен, да, ақ, ғой шылауларын жатқызады.

Шылаулардың бір жағынан, жеке сөз тәрізді дербес тұлғада болуы, екінші жағынан, мағынасының дерексіз, абстрактылы болып, көмекшілік қызметте қолданылуы ғалымдардың біразының оларды дербес сөз деп, ал кейбір зерттеушілердің оларды жалғау мен жұрнақтарға теңеуіне себеп болды. Профессор Р.Әміров 1959 жылы жарық көрген «Қазақ тіліндегі жалғаулықтар» деген еңбегінде былай деп жазады: «Шылау сөздер өздерінің мағынасы, қызметі жағынан грамматикалық категорияға жуық болғанымен, олар сөз қатарына жатуға тиіс. Өйткені, біріншіден, шылаулар басқа сөздер сияқты дара тұлғаға ие. Сөйлем ішінде бөлек тұрады. Екіншіден, грамматикапық мағыналар да, басқа сөздер сияқты, дүниедегі құбылыстарды танудан туады....шылау сөздер де белгілі бір ұғымға ие. Ол ұғым - атаулы сөздер білдіретін ұғымнан абстрактылау, дерексіз, дегенмен, ол - адамның дүние тану, ойлау жұмысы негізінде туған ұғым» .

Қазақ тілінің грамматикаларында А.Ысқақовтың еңбектерінде шылау сипаты толық ашылған деуге болады.

Шылаудың жекелеген түрлеріне қатысты еңбектер де баршылық. Олардың қатарынан септеуліктер мен демеуліктер жайында еңбек жазған Ф.Кенжебаеваны, Қ.Әміралиевті, Қ.Қадашеваны, Ғ.Иманғалиеваны және демеулік шылаулардың функционалды негізін танытуға арналған Ы.Шақаманның зерттеу еңбегін атауға болады. Әйтсе де шылаудың функциялық аясы, кейбір семантикалық ерекшеліктері, олардың қалыптасу жолдары сияқты зерттеуді қажет ететін тұстары да жоқ емес.


Шылаулардың жалпы сипаттамасы, түрлері

Толық лексикалық мағынасы жоқ, тек сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын, белгілі бір сөздердің жетегінде қолданылып, түрлі грамматикалық мағына үстейтін көмекші сөздер шылаулар деп аталады. Мысалы, Мың ақын жырласа тіл жетпейтін, бұл қыздар жаралған тек сүю үшін (Ж.Баязитов). Профессор Александров, тәсілінде, қазақ операларына би қоюға шақыртылған-ды, бірақ Жүргеновтың арнайы табыстауымен маған хореографияның жүйе-жүйесін, техникасын үйретіп, би білімімді ұштауды қолға алды (Ш.Жиенқулова). Қасыңа бара алмадым, Сездіңбе жан арманым, Еріксіз, қалқам, саған ән арнадым (Т.Рахымов). Берілген сөйлемдердегі үшін, бірақ, бе - шылау сөздер. Бұл сөздер өздері тіркескен сөзге, салаласа, сабақтаса байланысатын сөйлемдерге әр түрлі мағыналық реңқ жамайды.

Шылаулардың өздеріне тән мынадай белгілері бар:


  • Біріншіден, шылаулар абстрактылы грамматикалық мағына білдіреді, олардың толық лексикалық мағынасы болмайды.

  • Екіншіден, шылаулар грамматикалық қызмет атқарады. Олар тең дәрежедегі сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді салаластыра және сабақтастыра байланыстырады.

  • Үшіншіден, шылаулар сөйлемде жеке сөйлем мүшесі бола алмайды.

  • Төртіншіден, шылаулар өзіне жалғау, жұрнақ жалғамайды, түрленбейді.

Шылаулардың білдіретін грамматикалық мағынасы мен сөйлемде атқаратын қызметіне қарай үш топқа бөлінеді. Олар: жалғаулықтар, септеуліктер, демеуліктер.

Жалғаулықтар

Өзара тең дәрежедегі сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді әр түрлі мағыналық қатынаста байланыстыратын кемекші сөздердің бір тобын жалғаулықтар дейміз. Мысалы, Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе - білім (М.Әуезов). Әрі роль ойнайсыз, әрі белгілі балериналардан үйренесіз, - деді (Ш.Жиенқұлова). Берілген мысалдардағы пен, мен жалғаулықтары тең дәрежедегі сөз бен сөзді ыңғайластық мәнде байланыстырып тұрса, әрі жалғаулығы сөйлем мен сөйлемді ыңғайластық мәнде байланыстырып тұр. Жалғаулықгар салалас құрмалас сөйлемдердің құрамындағы жай сөйлемдерді, сөйлемнің бірыңғай мүшелерін әр түрлі мағыналық қатынаста жалғастыру үшін қолданылады.

Мағынасына қарай жалғаулықтар алты топқа бөлінеді:


  • Ыңғайластық жалғаулықтар: мен (бен, пен), және, да, де, та, те, әрі.

  • Талғаулықты жалғаулықтар: әлде, біресе, не, немесе, болмаса, я, яки, кейде, мейлі.

  • Қарсылықты жалғаулықтар: бірақ, алайда, дегенмен, әйтпесе, сонда да, әйткенмен.

  • Себептік жалғаулықтар: себебі, өйткені, неге десең.

  • Салдарлық жалғаулықтар: сондықтан, сол үшін, сол себепті.

  • Шарттық жалғаулықтар: егер, онда.

1. Ыңғайластық жалғаулықтары бірыңғай сөйлем мүшелерін байланыстырады. Ыңғайластық жалғауларының ішінде тілде аса жиі қолданылатыны -және жалғаулығы. Және жалғаулығы ыңғайлас келген екі немесе одан да көп бірыңғай мүшелерді, сөйлемдерді байланысқа түсіреді. Және жалғаулығы сөз табын талғамайды. Мысалы, Меніңше адамның ең бір үлкен бақыты - күресе білу, қуана білу, жұмыс істей білу және басқалардан қалыспай, өмірге ілесе білу (В.Н.Терешкова).

Және жалғаулығы салалас құрмалас сөйлемдер құрамындағы жай сөйлемдерді де ыңғайластыра байланыстырады. Мысалы, Жомарттың бүгін жүре қоярлық ниеті жоқ еді және оның ниетіне қарай даяр көлік те болмады (Ғ.Мұстафин).

Және жалғаулығы ойды айқындай, нақтылай, толықтыра түсу мақсатында жұмсалады. Мәселен, Әйелдің өз перзентін үйретіп, өсіруге ұмтылуы қанында бар және оның мұнымен бірге осыған сай қабілеті бар (К.Д.Ушинский).

Мен (6ен,пен) жалғаулықтар тек зат есімнен немесе субстантивтенген басқа сөздерден болған сөйлем мүшелерін байланыстырады. Тілде өте жиі кездеседі. Мысалы,... ғылым мен мәдениет барлық дүниенің алтын алқасы болып отыр (М.Әуезов). Құлақтан кіріп бойды алар, Жақсы ән мен тәтті күй (Абай).

Мен жалғаулығы арқылы сөздер байланысқанда жалғау соңғы сыңарға жалғанады. Мысалы,... халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе-білім (М.Әуезов). Өлең халық көңіліндегі қайғы мен қасіреттің, қуаныш пен шаттықтың серігі (П.Лафарг).

Әрі жалғаулығы заттың, нәрсенің, қимылдың сапасын, қасиетін білдіретін мүшелерді байланыстырады. Мысалы,... олар кеніштегі қым-қуыт жұмыстарды мінсіз әрі сапалы жүргізуге мүмкіндік әпереді (Д.Қонаев).

Әрі жалғаулығы кейде салалас құрмалас сөйлемдердің құрамындағы жеке сөйлемдерді де ыңғайластыра байланыстырады. Мысалы, Әбіштің сөздерінде әрі саясаттық шеңберлік бар, әрі Семейдің үркек қорқақ чиновниктерін сескендіру де бар (М.Әуезов).

Да, де, та, те шылаулары жалғаулықта, демеулік те болады. Бұл жалғаулықтардың ең басты қызметі - сөз бен сөзді, сөйлемдерді ыңғайластыра байланыстыру. Мысалы. Бар дүние жансыз да, ажарсыз (Ғ.Мүсірепов).

2. Талғаулықты жалғаулықтарға әлде, біресе, не, немесе, болмаса, я, яки, кейде, мейлі шылаулары жатады. Мысапы, Не жылуы, не ыстық суы жоқ ескі үйде тұрады екен, соны жаңа үйге ауыстырып беруін өтінді (Д.Қонаев).

Әлде жалғаулығы талғау мәнін білдіреді, бірақ кейде бір нәрсеге күдіктену, күмән келтіру тәрізді реңкті білдіреді. Мысалы, Жылқыға қасқыр шапты ма, жоқ әлде Әзімбайлар қашаға, қуғызып жүр ме? (М.Әуезов).

Бірде, біресе, бір жалғаулықгары амал-әрекеттің кезекпен бірінен соң бірінің алма-кезек ауысып отыратынын білдіреді. Мысалы, Біресе жаңбыр себелейді, біресе қар ұшқындайды (Ғ.Мүсірепов). Қосқа бір кірдім, бір шықтым (С.Мұқанов).

3. Қарсылықты жалғаулықтар салалас құрмалас сөйлемдер арасындағы қарсылық мәнді білдіреді. Мысалы, Ақырында ұрыспақ болған адамдай оңтайланып та көріп еді, бірақ алғашқы қақтығыста Абайдан шайлығып қапты (М.Әуезов). Түн ол күні бұлтты, көзге түртсе көрінбейтін қараңғы еді, әйткенмен Ботагөз қайда келе жатқанын шамалайды (С.Мұқанов). -Әлжан аға, өзіңізге қатысты мәселе туралы айтыңызшы, - деп Ержан сөзге араласты. Әлжан бірақ оның дауысын естімеді (Б.Мұқаев). Әрине, істің орайы келе бермейді, әптпесе алдыңа келген адам өтінішін аяқ асты етпегенге не жетсін (Д.Қонаев).

Бұл топтағы жалғаулықтардың қатарына бірақ, алайда, әйтсе де, әйткенмен, сонда да, дегенмен, әйтпесе, әйтпегенде жалғаулықтары жатады. Олардың ішінде ең жиі қолданылатыны - бірақ жалғаулығы. Бірақ жалғаулығы сапаласа байланысқан сөйлемдер арасындағы қарсылықты қатынасты білдіру үшін жұмсалады.



Әйтседе, әйткенмен, сөйтседе, дегенмен, сонда да жалғаулықтары кейде сөйлемдердің арасындағы қарсылықты қатынасқа күшейткіш мағына да қосады. Бұл жалғаулықтардың бірақ жалғаулығына қарағанда қолданылу өрісі тарлау. Бұл күшейткіш мағына туралы 1967 жылы шыққан «Қазақ тілінің грамматикасы» атты академиялық грамматикада былай делінген: «Бойындағы осы экспрессивтік мағына бұл жалғаулықтардың жұмсалу өрісін өлшеп, белгілейді. Сондықган бұлар бірақ жалғаулығына қарағанда кем жұмсалады». Көп қолданылатын қарсылықты жалғаулықтардың бірі - әйтпесе жалғаулығы. Әйтпесе жалғаулығы арқылы байланысқан сөйлемдердің екіншісі алғашқысында айтылған уақиға, іс-қимыл болмаған жағдайда соның болмауының нәтижесінде болған уақиғаны, іс-қимылды айтады. Мәселен, Шылбырым үзіліп абырой болды, әйтпесе атымды көтеріп кетер ме еді, қайтер еді (С.Мұқанов).

4. Себептік жалғаулықтарға себебі, өйткені шылаулары жатады. Бұл жалғаулықтар тілде аса көп кездеседі. Себептік жалғаулықтар салалас құрмалас құрамындағы жай сөйлемдерді байланыстырып, соңғы сөйлем апдыңғы сөйлемдегі айтылатын ойдың себебін білдіреді. Мысалы,... бойдағы аз кемшіліктің өзін жою үшін де күресе білу керек, өйткені, жамандық, кемшілік деген ит жанды келеді, бойға ұялампаз (Е.Букетов).

5. Салдарлық жалғаулықтар құрмалас сөйлемнің басыңқы сыңарындағы болған іс-әрекеттің нәтижесін, салдарын білдіру қызметін атқарады. Жалғаулықтардың бұл туріне сондықтан, сол себепті, сонан соң шылаулары жатады. Мысалы, Мен қорықпаймын, әжем кеше сұрап алған, Түйебайдың сылтауы шамалы, сондықтан оның таяқ жейтініне менің де, өзінің де көзі жетеді (Б.Майлин). Жер жақын болып екеуіңіз жеңісе алмадыңыз, содан соң алысқа айдап отырмын (Ғ.Мұстафин).

6. Шарттық жалғаулықтар сөйлемдер арасындағы шарттық қатынасты білдіру үшін жұмсалады. Жалғаулықтардың бұл түріне егер, онда шылаулары жатады. Көбінесе егер жалғаулығы бағыныңқы сөйлемнің бас позициясында қолданылады. Ал онда жалғаулығы көбінше басыңқы сөйлемнің басында тұрады. Егер мен онда жалғаулықгары бір сөйлемнің ішінде екеуі де қатар келетін кездері де болады. Мысалы, Егер алдамшы сезімнің арбауына түспесем Ажарға жолар ма едім (Б.Мұқаев). Ал, Әбіш, жаңағы сөзің мен Долгов сөзі анық дұрыс сөз болса, онда мен де кеше Құнанбай жазықсыз қанын төккен Қодардың ұлы ұрпағы болсам не деді (М.Әуезов).



Септеуліктер

Объекті мен объектінің арасындағы әр қилы грамматикалық қатынасты білдіріп, белгілі бір септік жалғауын керек етіп тұратын сөздерді септеуліктер деп атаймыз.

Септеулік шылаулар мағынасы мен қызметіне қарай септік жалғауларына ұқсайды. Сондықтн да олар өзі тіркескен сөзінің белгілі бір септікте тұуын қажет етеді. Септеуліктер өздері тіркескен сөздерге себептік, бағыттық, мақсаттық, мезгілдік, болжалдық, бірлестік, талғау, таңдау т.б. мағыналар үстейді. Мысалы, Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар. Ең әуелі ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тәртіп керек (М.Әуезов). Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі ушін ең алдымен азаттық пен білім қажет (Ш.Уәлиханов). Ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі (Ж.Аймауытов). Қабілеттілік те бұлшық ет тәрізді жаттығумен жетіледі (В.Обручев). Таптырмайтын ең асыл нәрселер: өнеріміз жайлы, жеткен, жетпеген жақтарымыз жайлы айтылған, дуалы ауыздан шыққан құнды пікірлер болды (Ш.Жиенқұлова).

Септеулік шылауларды зерттеген ғаламдардың бірі - Ф.Кенжебаева. Ол септеуліктердің негізгі қызметі мен мағыналық түрлерін, басқа шылаулармен ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетеді. Ғалым Ф.Кенжебаева септеулік шылаулардың негізгі бірнеше ерекшеліктерін атайды: «Септеуліктердің бірінші ерекшеліктері - септік жалғауларындағы сөздерді меңгеріп, өздерінің әрбір септікті меңгеруіне қарай топталуы болса, екінші ерекшелігі - сол меңгерген септіктеріне үстеме мағына қосып, олардың ұғымын нақтылауы. Үшіншіден, септеулік шылаулар септік жалғауындағы сөздердің құрамына еніп, сол сөздерді келесі сездерге септестіре байланыстырады да, олардың сөйлемдегі қызметін нақтылайды» .

Көптеген еңбектерде септеулік шылаулардың қандай септікпен тіркесетіндігі туралы ғана айтылып жүргені мәлім. Кейбір зерттеушілер мәселеге тереңірек барады. Септеулік шылаулардың белгілі бір септік формасындағы сөзбен тіркесетіндігі жайында ғылымда бірізді пікір қалыптасқан деуге болады. Мәселен, профессор Н.Оралбаева: «Септеулік шылаулар белгілі септік формасына байлаулы, әр септік формамен қолданылатын тілде түрлі септеуліктер бар. Септеуліктер өзі тіркескен сездің белгілі септікте тұруын қажет етеді» - дейді . Ғалым септеуліктер сөйлемде дербес сөзбен бірге бір мағынаны білдіреді, сөйтіп олар біртұтас элемент кызметін атқарып, сөйлемнің мағыналы бір бөлшегі қызметінде жұмсалады деп санайды. Ғалым Н.Оралбаева септеулік шылауларды аналитикалық септікке жатқызады: «Әрине, септеулік шылаулардың заттардың арасындағы апуан түрлі қатысты білдіретіні сөзсіз және олардың септеулік аталуы да белгілі дерекке негізделген. Олардың тіркесетін тұрақты септіктері бар. Басқаша айтқанда, олар белгілі септіктердің мағынасын ғана толықтырады. Осы тұрақтылық тегін емес. Сондықтан қазақ тілінде де акалитикалық септік нақтылы арнайы зерттеуді керек етеді» .

Септеулік шылаулар дербес сөз формасын таңдап, талғап тіркесетіндіктен, олар барлық септік жалғауларымен қолданыла бермейді. Септеуліктер атау, барыс, шығыс және көмектес септікте тұрған дербес сөздерге ғана тіркеседі. Септеуліктердің дербес сөз тұлғасын таңдауы, сол септеуліктің өзінің мағынасы мен тіркесетін септіктің мағынасының жақындығына байланысты.

Септеуліктер де басқа шылаулар сияқты өзіне жалғау, жұрнақ жалғамайды, яғни түрленбейді.

Септеуліктер зат есімдерге, заттанған басқа сөз таптарына, қимыл атауына (есіміне) тіркеседі. Оларға септеуліктер мынадай тұлғалардан кейін барып тіркеседі:



  • Атау септігін меңгеретін септеуліктер: үшін, сайын, сияқты, секілді, тәрізді, туралы, арқылы, бойы, бойымен, бойынша, жайлы, жайында, шамалы, шақты, қаралы.

  • Барыс септігін меңгеретін септеуліктер: шейін, дейін, таман, жуық, тарта, қарай, таяу, салым.

  • Шығыс септігін меңгеретін септеуліктер: гері, кейін, соң, бері, әрі, бұрын, бетер.

  • Көмектес септігін меңгеретін септеуліктер: қатар, бірге, қабат.


Атау септігін меңгеретін септеуліктер

Атау септік тұлғасындағы сөзбен тіркесетін септеулікгер, негізінен, есім сөзден соң жұмсалады.



Үшін септеулігі есім сөздермен, қимыл атауымен және -мақ (-мек), -ған (-қан, -кен,-ген) формалы есімшелермен тіркесіп, оларға себептік, мақсаттьщ мағына үстейді. Мысалы, Екі анасын қөңілдендіріп тағы айтқызу үшін кейде өзі де қаладан әкелген кітаптарының ішінен: «Жүсіп-Зылиха» сияқты қиссаларды оқып берді (М.Әуезов).

Сайын септеулігі зат есімдермен, есімшемен тіркескенде, ол сөздерге даралау мағынасын береді немесе белгілі бір істің қайталануын білдіреді. Мысалы, Көше бойының шыныланып қойған қалыңқары көк аттың тағасы тиген сайын сықырлай түсіп, кірш-кірш етеді (М.Әуезов).

Туралы септеулігі бір құбылыс туралы, сол хақында, сол турасында, сол жайында деген сияқты мәнде жұмсалады. Мысалы, Құнанбай Жидебайдағы істер туралы Жұмабай мен Тәкежан сөздерін түгел тыңдап алды да, Абайларға енді ыза болды (М.Әуезов). Осы туралы септеулігімен мағыналас жайында, жөніндегі, жөнінен, турасында, турасынан деген шылаулар да бар. Желқұйын туралы өз ауылындағы бір үлкен аңшының айтқан сөзі еді (М.Әуезов). Ол осы іс жөніндегі арам ойды ерте ойлаған. Кәмшат турасында күйзелтіп күңірентіп отырсыңдар сендер бізді. Ел мен елдің шабысы, таласы жайында бірталай күндер айтты (Бұл да).

Арқылы септеулігі зат есіммен, тұйық етістікпен тіркесіп, іс-әрекеттің не арқылы іске асқанын білдіреді. Мысалы, Абайдың байлауын тілмаштар арқылы енді түгел түсініп болған екі ояз күлісіп, бір-бірімен келісе жарасқандай. Жиренше арқылы Абайға пара ұсынған. Барақ, қазір көтеріңкі отыр (М.Әуезов).

Шамалы, шақты, қаралы септеуліктері негізінен сан есімдерге тіркесіп оларға болжалдық мән үстейді. Мәселен, Осы көштердің алдында Сүйіндік, Сүгір, Жексен және басқа да кәрі, жастан жиырма шақты кісі оқшауырақ келеді. Қазірде Бөжей қорасының алдында тұрған қырық шамалы кісі бар (М.Әуезов).

Бойы, бойымен, бойынша септеуліктері зат есімдермен, есімдіктермен және -ған, (-қан, -кен, -ген) тұлғалы есімшелермен тіркесіп, белгілі бір мерзімді толық қамтитындай мағынаны береді. Мәселен, Күндегі машық бойынша келіп жатқан атқамінер, даугер, арызшылар (М.Әуезов).

Барыс септігін меңгеретін септеуліктер

Шейін (дейін) септеулігі зат есімге, сан есімге, есімдікке және есімшелерге тіркесіп, мезгіл-мекен мағынасын білдіреді. Мәселен, Осы жасына шейін өз қасиетін жоятын жаман аттан да аулақ (М.Әуезов). Осы түнде ас піскенге шейін Барлас «Қобыланды батыр» жырын жырлады (Сонда). Ол қазір шешесіне қарай тарпылдап жүгіріп, дәл от басынан Абайдың төсегіне дейін бір-ақ секіріп, Ґлжанның тізесін соға дүрс етіп кеп түсті (Сонда). Бұл мысалдардың «шейін» септеулігі қатысқан алғашқы екеуінде мезгілдік мағына болса, соңғы үшінші сөйлемде «дейін» септеулігі тіркескен «төсегіне дейін» тіркесте мекен мәні бары байқалады.



Қарай, таман септеуліктері зат есімдерге, көмекші өсімдерге, есімдіктерге және үстеулерге тіркеседі. Мысалы, Қызылшоқыдан Шыңғысқа қарай тартатын көш соқпақгың сол жағында, жағада бір жалғыз төбе бар еді (М.Әуезов). Балалар аттарына мінісіп, беттерін ауыл жаққа бұрғанда, жаңағы асқан белден асып, ойға таман түсе келе жатқан қалың көш көрінді (Сонда).

Салым, тарта, жуық септеуліктері зат есім мен сан есімге тіркесіп, мезгілдік мәнді білдіреді. Мысалы, мыңға тарта, күзге салым, отызға жуық.

Шығыс септігін меңгеретін септеуліктер

Гөрі септеулігі зат есіммен, есімдікпен және -қан (-ған) -кен (-ген) формалы есімшелермен тіркесіп таңдау, талғау мәнінде жұмсалады. Мысалы, Желі бойындағы жылқылардың биелерінен гөрі жарау семіз, саяқ аттары көп (М.Әуезов). Өзге баладан гөрі басқа бір ермек, бөлек бір дос тапты (Бұл да).

Бері септеулігі есімдіктерге, -қан (-ған, -кен, -геи) формалы өткен шақ есімшеге тіркесіп, мезгілдің басталу шегін білдіреді. Мысалы, Аңнан Абай қайтып келгеннен бері Баймағамбет қалаға үш рет барып қоржын толтыра кітап апарып, толтыра ала қайтып, Абайдың ендігі ой-азығын жиі-жиі ауыстырумен жүр (М.Әуезов). Түннен бері, дәл таңатып, ел тұрғанша тыныш таппаған (Сонда).

Кейін, соң септеуліктер зат есімдерге, есімдіктерге, қимыл атауына және есімшеге тіркесіп, мезгілдік мағынаны білдіргенде бір істің не нәрсенің орындалу шегінен соңғы жағдайды нақгылайды. Мысалы, Осыдан кейін тағы үш күндей Салиқа дауының, Керей-Найман ылаңының тынымсыз тергеуі өтті (М.Әуезов). Алты күннен соң, осы Құнанбай ауылдары көшкен жолмен тағы бір мол көштер келе жатты (Сонда).

Соң септеулігі кейде мезгілдік мағынадан басқа реттік, яғни, бір нәрседен немесе біреуден кейін деген мағына да береді. Мысалы, Жаңағы шешелерден басқа: жеңгелер, көрші үйлердің қатындары, бірен-саран тыста жүрген шал-кемпір, онан соң ауылдың барлық үйлерінен шығып, жүгірісіп келе жатқан балалар бар (М.Әуезов).

Бұрын септеулік шылауы зат есімдермен, тұйық етістіктермен тіркесіп, іс-әрекеттің істелген мезгілін басқа бір іс-қимылдың алдында болғандығын білдіреді. Мысалы, Ол Абайдан бұрын үйленіп, сол жылы енші алып, бөлініп шыққан (М.Әуезов). Оған кетуден бұрын, әуелі өзімде бармен сенде барды ортаға шығарып, үлеске салып кетемін (Бұл да).

Бетер септеулік шылауы іс-әрекеттің бұрын істелген іс-әрекеттен неғұрлым күшті болғанын білдіреді. Мысалы, менен бетер, одан бетер.

Каталог: uploads -> books -> 47828
47828 -> Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева Қазіргі әдеби процесс
47828 -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
47828 -> Ш. юлдошева, А. Нисанбаева
47828 -> Методикасы кафедрасы
47828 -> Низами атындағы тмпу-дың Қазақ тілі және әдебиетін оқыту әдістемесі кафедрасының доценті Е. Абдувалитовтың “Абай халық данасы” тақырыбындағы сабақ үлгісі
47828 -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
47828 -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
47828 -> Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби
47828 -> Низомий номидаги тошкент давлат педагогика университети


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет