Өзгеріссіз өмір сорға айналмақ



Дата28.09.2019
өлшемі13,88 Kb.
#48944
Байланысты:
Мағжан Жұмабаев

Ал қазақ халқының тағы бір кемеңгер перзенті Мұхтар Әуезов 1927 жылы “Еңбекші қазақ” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газетінің сауалдарына қайтарған жауабында “Мағжан — культурасы зор ақын... заманнан басып озып, ілгерілеп кеткен ақын бо­лады... Сондықтан бүгінгі күннің бар жазушыларының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз Мағжан сөзі. Одан басқамыздікі күмәнді, өте сенімсіз деп білемін” деп жазады.

Ұлтты сүю, кісілік деңгейге дейін көтерілу, туған халқының мүддесі үшін құрбандыққа баруға әзірлік — Мағжан Жұмабаевтың өмірлік мұраты. Жас ұрпаққа арналған “Педагогика” оқулығында ол: “Өзінің елін сүюі, яғни еліне жауыздық тілемей, ізгілік тілеу, пайда келтіріп, зиян келтірмеуді” әрбір адамның қасиетті борышы ретінде атап көрсетеді.


Мағжанның ойынша, жан дегеніміз оның көріну формаларының жиынтығы емес, ол құпия қалпында қалады. Тек тіл ғана жан құпиясына жақындай түсуге мүмкіндік береді.
Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымы арнасында Мағжан жанды, көбінесе, жүрек бейнесінде жырлайды:
“Өзгеріссіз өмір сорға айналмақ,

Жүйрік жүрек сұр өмірде байланбақ.

Шын адам сол — ылғи шаттық жырымен,

Жүрек қалай қуса, солай айдалмақ”.





Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет