Өзін – өзі танудың парадигмалары



бет2/3
Дата28.07.2017
өлшемі0,7 Mb.
#22291
1   2   3

34.  5-сынып оқушыларының білімін бағалау. Оқушылардың «Өзін-өзі тану» пәні бойынша білім сапасын бағалау 5-сынып бағдарламасында белгіленген «Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар» негізінде жүргізіледі. Бұл талаптар оқушылардың өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарға сүйенуге талпыну және қоғамға қызмет ету дағдыларын жетілдірудегі танымдық әрекеттерін дамытуды саралауға (мониторингіне) қызмет етеді. Адамгершілік-рухани білім беру ерекшеліктеріне сай сандық емес, сапалық бағалау маңызды, сондықтан әр жартыжылдық қорытындыда «сынақ» деген баға қойылады.

35. Оқушы 5-сынып бағдарламасындағы «Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптардың» жалпы көлемінің кем дегенде 2/3 бөлігіне сай өз жетістігін көрсете алса, онда «сынақ» деген баға қойылады.

36. Оқушыға «сынақ/сынақ емес» деген баға қойыларда оның «Өзін-өзі тану» пәні бойынша шығармашылық-жобалау жұмыстарын көрсететін портфолиосы назарға алынады. Портфолио сапасын сараптауда оқушының ұжымдық және топтық шығармашылық жұмыстарға қатысу белсенділігіне, сонымен қатар өзінің жеке шығармашылық іс-әрекетінде қойылған мәселені терең түсінуіне, оның мақсаты мен мазмұны жалпыадамзаттық құндылықтар басымдылығына бағдарлануына, сабақ барысында адамға және қоршаған әлемге деген сүйіспеншілік негізінде қойылған мәселелерді шешудің жолдарын іздеуіне назар аударылады.

37. 6-сынып (барлығы 34 саға, аптасына 1 сағат):






Сабақтың тақырыбы

Сабақтың мазмұны

Сағат

саны


I-тарау. Таным жолында

1-2

Ізгілікке бастар жол

Өзін-өзі тану туралы

Өзін-өзі танудың маңыздылығы, адамгершілік нормалар негізінде әрекет ету.



2

3-5

Өз мүмкіндігімізді таниық

Адам мүмкіндігінің шексіздігі.

Адам бойындағы түрлі мүмкіндіктерді жүзеге асыра білу. Дарындылық және еңбекқорлық. Өз бойындағы қабілеттерін аша білу, жетілдіру, адамзат жетістіктерінің ең биік шыңдарына талпыну.



3

6-7

Ізденген жетер мұратқа

Білім алуға өздігінен іздену, өзін-өзі тәрбиелеу, табандылық, еңбексүйгіштік

2

8-9

Әсемдікке ұмтылайық

Адамның ішкі дүниесі мен сыртқы келбетінің, сөзі мен ісінің  үйлесімді болуы. 

2

II-тарау. Қарым-қатынас мәдениеті

10-11

Әдептен озбайық

 


Әдептілік пен сыйластық. 

Адами қарым-қатынас жасау әдеп-тілігі. Айналасындағылармен сыйласу, оларды бағалай білу.

Ұл бала мен қыз баланың өзара сыйластығы, достығы.


2

12-13

Бауырмалдық және кеңпейілдік

Жан-жағындағыларды, жақындарын жақсы көру, қайырымды, кешірімді бола білу

2

14-15

Жанашырлық – жанға қуат 

 


Елгезектік, жанашырлық таныту. 

Немқұрайдылықтың айналасындағы адамдарға және өзіне зияны туралы.



2

16-17

Ынтымақ түбі – береке

Отбасы сыйластығы. Еліміздегі ынтымақтастық, өзара келісім, бірлік, тәуелсіздік, бостандық, достық, ұлтжандылық, азаматтылық.

2

III тарау. Адам және  әлем тұтастығы

18-19

Армысың,  кең дүние!

 


Адамның қоршаған әлем туралы түсінігі. Болмысты әр қырынан түсіне білу, қоршаған ортаны жан-жақты танып үйрену.

2

20-21

Мөлдір бұлақ – жасыл құрақ

Қоршаған ортаның адам дамуындағы рөлі, оны әр қырынан тани білу.

Адамның табиғатқа ізгілікті қарым-қатынасы.



2

22-23

Денсаулық – зор байлық

Денсаулықты сақтау және нығайту.

Өзін-өзі тәрбиелей білу, жағымсыз іс-әрекеттерден аулақ болу.



2

24-25

Өмірің өз қолыңда

 


Адамның өмірлік мұратының мәні.

Адамның білім алуы, еңбексүйгіштігі.

Қоғамға қызмет ету.


2

IV тарау. Жасампаздық жарасымы

26-27

Шындық шыңы – ақиқат

Адалдықты, шындықты іздеу, ақиқатқа талпыну.

2

28-30

Жаныңда жүр жақсы адам

 


Ұрпақтар сабақтастығы .

Жақсы адамдардың өміріндегі жақсылыққа бастайтын құндылықтар.



3

31-32

Мәдени мұра – халық игілігі

 


Рухани мәдениетті тану, мәдени мұралардан тағылым алу.

Ата салты –  асыл қазына.

Салт-дәстүрді құрметтеу, үлгі-өнеге алу.


2

33-34

Таным шаттығы

Таным жолында жеткен өзіндік ізденістерінің жемісін шығарма-шылықпен қолдана алу; өз еңбегінің жемісіне шаттана алу, өзгелердің еңбегін орынды бағалай білу. Өзін-өзі танудың жалпыадамзат ғұмырында-ғы, жеке өмірдегі маңызы мен қажеттілігі туралы түсініктерін бекіту.

2

38. 6-сынып оқушыларының білімін бағалау. Оқушылардың «Өзін-өзі тану» пәні бойынша білім сапасын бағалау 6-сынып бағдарламасында белгіленген «Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар» негізінде жүргізіледі. Бұл талаптар оқушылардың өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарға сүйенуге талпыну және қоғамға қызмет ету дағдыларын жетілдірудегі танымдық әрекеттерін дамытуды саралауға (мониторингіне) қызмет етеді. Адамгершілік-рухани білім беру ерекшеліктеріне сай сандық емес, сапалық бағалау маңызды, сондықтан әр жартыжылдық қорытындыда «сынақ» деген баға қойылады.

39. Оқушы 6-сынып бағдарламасындағы «Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптардың» жалпы көлемінің кем дегенде 2/3 бөлігіне сай өз жетістігін көрсете алса, онда «сынақ» деген баға қойылады.

40. Оқушыға «сынақ/сынақ емес» деген баға қойыларда оның «Өзін-өзі тану» пәні бойынша шығармашылық-жобалау жұмыстарын көрсететін портфолиосы назарға алынады. Портфолио сапасын сараптауда оқушының ұжымдық және топтық шығармашылық жұмыстарға қатысу белсенділігіне, сонымен қатар өзінің жеке шығармашылық іс-әрекетінде қойылған мәселені терең түсінуіне, оның мақсаты мен мазмұны жалпыадамзаттық құндылықтар басымдылығына бағдарлануына, сабақ барысында адамға және қоршаған әлемге деген сүйіспеншілік негізінде қойылған мәселелерді шешудің жолдарын іздеуіне назар аударылады.

41. 7-сынып (барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат):






Сабақтың тақырыбы

Сабақтың мазмұны

Сағат

саны


I-тарау. Таным жолында

1-2

 

 



 

Көкірек көзін ашалық!

Адамның өзі туралы, өзінің мінез-құлқы туралы жақсы көзқарас қалыптастыру. Өзін-өзі қадағалау, бағалау  және өзін-өзі тәрбиелеу іс-әрекеттерін негіздеу.

2

 

 



 

 

3-4


 

 


Сәулесімен санаңның жігерленсін талабың.

Өзін-өзі танудың маңыздылығы арқылы саналы түрде өз қасиеттерін, ерік-жігерін тәрбиелеу, жан-дүниесін ізгілікке бағыттау.     

 

2

 



 

5-7

 


Сыр мен сымбат

 


Адамның сыртқы тұлғасы мен ішкі жан-дүниесінің үндестігі. Түрлі әрекеттер жасауына (жақсы, жаман) түрткі болатын себептер, адамгершілік әрекеттерін саралау. Адамның ішкі жан дүниесін, мінез-құлқын, адами қасиеттерін бағалай білу.

3

 


8-9

 


Бақыт құшағында

 


Рухани және тән саулығы үндестігінің маңыздылығы: кеңпейілділік, ақ көңілділік, әсемдікке ұмтылу. Күнделікті өмір құндылықтары: сыпайылық, ыждағаттылық, ұқыптылық, еңбексүйгіштік, жауапкершілік және махаббат.

2

 


II-тарау. Қарым-қатынас мәдениеті

10-12

 


Қарым-қатынас жарастығы

Отбасында, аулада, сыныпта, мектепте, сол сияқты ұжымда қарым-қатынас жасау мәдениеті, өзара сыйластық, адамға деген сүйіспеншілік, жанашырлық сезімі. Адамдармен қарым-қатынас жасау кезіндегі адами қасиеттер мен адамгершілік нормаларының рөлі.

3

 


13-14

 


Тамырын жайып тереңге

Отбасы құндылықтары. Ата-баба дәстүрі, ұрпақ жалғастығы, салт-дәстүр сабақтастығы. Өскелең ұрпақты үйлесімді тәрбиелеудегі отбасының, шаңырақтың ықпалы.

2

 


15-16

 


Аялай біл сен деп соққан жүректі

Жаныңда жүрген жақын адамдарға жүрек жылуын жеткізе білу. Айнала қоршаған адамдар, отбасы мүшелері, құрбы-құрдастар, достар арасындағы сыйластық, құрмет.

2

 


17-18

 


Адамның азаматтық тұлғасы

Жеке тұлғаның қоғам алдындағы әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігін өз білімі мен адамгершілік қасиеттеріне сыни көзқарас тұрғысынан сезіну. Мемлекеттік тілге құрмет көрсету, өз еліндегі елеулі оқиғаларды мақтан ету сезімдерін тәрбиелеу. Халықтар достығының қоғам өміріндегі маңызы. Дін, діл және мәдениет ұғымдары. Жеке адам игілігі.

2

 


III-тарау. Адам және  әлем тұтастығы

19-20

 


Атамекен –  алтын бесік 

 


Туған жердің, туған елдің адам өміріндегі маңыздылығы. Адамның атамекенді қадірлеп, қастерлеуі. Атамекеннің адам тұлғасына ықпалы.

2

 


21-22

 


Құдіретті Жер-Ана

 


Жер-Ананың қадір-қасиетін бағалау. Ауа, су, топырақтың – тіршілік көзі екендігі. Табиғат құбылыстарының (апаттардың) адам өміріне әсері.

2

 


23-24

 


Ғаламшар ғажаптары

Адамдардың нәсілін, дінін, көзқарасын түсініп, қабылдай білу (толеранттылық). Ғаламды түсіну.

2

 


25-26

 


Өмір, қымбатсың маған!

Өмірге құштарлық, өмірді сүйе білу, қадірлеу, өмірді мәнді өткізуге тырысу.

2

 


IV-тарау. Жасампаздық жарасымы

27-28

 


Халық дәстүрі – асыл қазына

Жалпыадамзаттық құндылықтардың адам өміріндегі мәні, маңызы. Өмірлік бағдарын, айқындамасын, ұстанымдарын белгілеудегі орны.

2

 


29-30

 


Ұрпаққа өшпейтіндей із қалдырған

Өнер, ғылым, білім, діл, дін, мәдениет, даналық, олардың адам өміріндегі маңызы. Мәдени мұраның  құндылық әрі ұстаным ретіндегi орны.

2

 


31-32

 


Жасампаздық жемісі

Адамның шығармашылық қабілеттері.  Шығармашылықтың қайнар көзі.

Көркемдік мәдениет және әсемдікті сезіну.



2

 


33-34

 


Жақсылық – жан азығы

Адамның әлемге және өзіне деген көзқарасының, жан дүниесінің, іс-әрекетінің әсемдігі арқылы өмір сүру жолдары.  Адам өмірін  ізгілендіру.

2

 


42. 7-сынып оқушыларының білімін бағалау. Оқушылардың «Өзін-өзі тану» пәні бойынша білім сапасын бағалау 7-сынып бағдарламасында белгіленген «Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар» негізінде жүргізіледі. Бұл талаптар оқушылардың өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарға сүйенуге талпыну және қоғамға қызмет ету дағдыларын жетілдірудегі танымдық әрекеттерін дамытуды саралауға (мониторингіне) қызмет етеді. Адамгершілік-рухани білім беру ерекшеліктеріне сай сандық емес, сапалық бағалау маңызды, сондықтан әр жартыжылдық қорытындыда «сынақ» деген баға қойылады.

43. Оқушы 7-сынып бағдарламасындағы «Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптардың» жалпы көлемінің кем дегенде 2/3 бөлігіне сай өз жетістігін көрсете алса, онда «сынақ» деген баға қойылады.

44. Оқушыға «сынақ/сынақ емес» деген баға қойыларда оның «Өзін-өзі тану» пәні бойынша шығармашылық-жобалау жұмыстарын көрсететін портфолиосы назарға алынады. Портфолио сапасын сараптауда оқушының ұжымдық және топтық шығармашылық жұмыстарға қатысу белсенділігіне, сонымен қатар өзінің жеке шығармашылық іс-әрекетінде қойылған мәселені терең түсінуіне, оның мақсаты мен мазмұны жалпыадамзаттық құндылықтар басымдылығына бағдарлануына, сабақ барысында адамға және қоршаған әлемге деген сүйіспеншілік негізінде қойылған мәселелерді шешудің жолдарын іздеуіне назар аударылады.

45. 8-сынып (барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат):






Сабақтың тақырыбы

Сабақтың мазмұны

Сағат

саны


I-тарау. Таным жолында

1-2

Сен де бір кірпіш дүниеге...

Адамның өз өмірінің мәнін түсініп, белгілей білуінің маңыздылығы жөніндегі ұғымдарын дамыту. Өмірлік мақсат-мұраттар мен жалпыадамгершілік құндылықтардың адам өміріндегі маңызы.

2

3-4

Өнер – өмір өрнегі

Адам өміріндегі өнердің маңызы. Адамның жасампаздық мүмкіндіктері мен рухани-адамгершілік тұлғасының өзара байланысы.

2

5-6

Мақсат – жетістік желкені

Өз болашағының бағытын айқындау, мақсат қоя білу.

2

7-8

Талаптыға нұр жауар

Алдына қойған мақсатын, табиғи дарынын, қабілетін жетілдіруде іздену, талаптана білу. Мақсаттарын жүзеге асыруда талаптың алатын орны.

2

II-тарау. Қарым-қатынас жарастығы

9-11

Кешірімділік –

көңіл кеңдігі



Кешірімділік – адам бойындағы жақсы қасиет. Айнала қоршаған адамдарға кешіріммен, түсінісушілікпен, ізгілікпен қарау. Кешірім, кешірімділік туралы түсінік.

3

12-13

Іздегенде табылатын қасыңнан

Дос, достық  ұғымдарының адамгершілік құндылық ретіндегі мәні. Достар арасындағы рухани жақындықтың мәні.

2

14-15

Адамзаттың бәрін сүй,

бауырым деп



Махаббат ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәні. Өз махаббатын күллі тіршілікке, болмысқа бағыттай алудың мән-мағынасы.

2

16-17

Елім деп соғар жүрегім

Отан, ел  ұғымдарының адамгершілік құндылық ретіндегі мәні. Отанына, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілік. Отанға, туған жерге деген махаббат.

2

III-тарау. Адам және  әлем тұтастығы

18-19

Адам – әлем бөлшегі

Әлем, адамзат, адам құндылықтарының мәні. Адамның әлеммен үйлесімі, адам өмірінің мәні туралы түсінік.

2

19-20

Табиғаттан нәр алып

Табиғат, жер, су, ауа,топырақтуралы ұғымдар. Табиғат байлығының адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсінік.

2

22-23

Табиғат – тал бесігің, аялай біл!

Табиғатпен үйлесімділік, табиғатты  аялаутуралы түсінік. Табиғат тіршілік бастауы, адам табиғаттың бір бөлшегі екендігі, табиғат заңдылықтарын сақтау туралы түсінік.

2

24-25

Салауаттылық – өмір салты

Салауатты өмір салты туралы түсінік. Денсаулықтың адам өміріндегі маңызы. Зиянды әдеттерден аулақ болу. Өзіне, өзгелерге жағымды қарым-қатынас жасай білу.

2

IV-тарау. Адамзаттың рухани тағылымы

26-28

Халық даналығы – рухани байлық көзі

Халық даналығы, салт-дәстүрлер туралы алған  білімдері   негізінде ата-баба дәстүрінің, көсем сөздер мен шешендiк сөздердің рухани  тағылым, адамгершілік құндылық, даналық ретіндегі  мәні мен мағынасы.

3

29-30

Ана тілі – жүрек үні

Ананың ұрпақ тәрбиесіндегі, өмірдегі, қоғамдағы орны туралы түсінік. Әлемдегі барлық жақсылық пен игі істердің  ана махаббатынан  тарауы. Ана тілінің құдіреті.

2

31-32

Ізгілік іздеп келемін

Ізгілік ұғымы туралы   түсінікті кеңейту. Ізгі істерге жетелейтін адамгершілік қасиеттерді дамытуға ықпал ету.

2

33-34

Жалын атқан жүрекпен

«Өзін-өзін тану» сабағынан өткен білімдерін тиянақтау.

2

46. 8-сынып оқушыларының білімін бағалау. Оқушылардың «Өзін-өзі тану» пәні бойынша білім сапасын бағалау 8-сынып бағдарламасында белгіленген «Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар» негізінде жүргізіледі. Бұл талаптар оқушылардың өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарға сүйенуге талпыну және қоғамға қызмет ету дағдыларын жетілдірудегі танымдық әрекеттерін дамытуды саралауға (мониторингіне) қызмет етеді. Адамгершілік-рухани білім беру ерекшеліктеріне сай сандық емес, сапалық бағалау маңызды, сондықтан әр жартыжылдық қорытындыда «сынақ» деген баға қойылады.

42. Оқушы 8-сынып бағдарламасындағы «Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптардың» жалпы көлемінің кем дегенде 2/3 бөлігіне сай өз жетістігін көрсете алса, онда «сынақ» деген баға қойылады.

43. Оқушыға «сынақ/сынақ емес» деген баға қойыларда оның «Өзін-өзі тану» пәні бойынша шығармашылық-жобалау жұмыстарын көрсететін портфолиосы назарға алынады. Портфолио сапасын сараптауда оқушының ұжымдық және топтық шығармашылық жұмыстарға қатысу белсенділігіне, сонымен қатар өзінің жеке шығармашылық іс-әрекетінде қойылған мәселені терең түсінуіне, оның мақсаты мен мазмұны жалпыадамзаттық құндылықтар басымдылығына бағдарлануына, сабақ барысында адамға және қоршаған әлемге деген сүйіспеншілік негізінде қойылған мәселелерді шешудің жолдарын іздеуіне назар аударылады.

44. 9-сынып (барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат):




 

Тақырыбы

Мазмұны

Сағат саны

I-тарау. Адам және өмір

1-2

Өзіңді тану - өмірді тану

 


Кіріспе сабақ. Әр адамның өзін-өзі тануы, олардың өмірді түсінуі, бағалауы түсініктерінің кеңейтілуі. Өмірдің сынақтарынан сүрінбей өту, жақсылығын бағалау, қуанышын бөлісе білу және т.б. Өмірдің адам үшін маңыздылығы.

2

3-4

Салауаттылық - өмір негізі

 


Денсаулық – өмір өзегі. Денсаулық, Ұзақ өмір. Мәнді, мазмұнды өмір. Денсаулықты нығайту. Денсаулыққа зиянды, пайдалы әрекеттер. Салауатты өмір салты. Адам өміріне зиянды әрекеттерден аулақ болу: нашақорлық, ішімдік ішу, шылым шегу, СПИД және т.б

2

 

5-6


Әсемдік – өмір жарасымы

 

 



Табиғат әсемдігі. Адамның табиғатқа әсері. Әсемдікті, сұлулықты сезіну.Өнердің адам өмірінің көркеюіне ықпалы.

2

7-8

Еңбек – өмір мәні

 


Еңбектің адам өміріндегі маңыздылығы. Еңбектің шығармашылыққа ұласуы. Сүйікті іспен шұғылдану. Адамның шығармашылық қабілетін ашу. Шабыт, ынта, жігер, талап т.б. ұғымдар туралы түсініктер.

2

ІІ-тарау. Адам болам десеңіз...

9-10

Жақсылық – жан жадыратады

 


Жақсылық жасау. Жақсы сөз айтудың адами қарым-қатынаста алатын орны. Жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығы.

2

11-12

Ар-намыс керек адамға

 


Ар-намыс, ұят ұғымдарын адамгершілік ұғым ретінде мәнін ашу. Өзіне-өзі есеп беру, өзінен-өзі ұялу, өзін-өзі тәрбиелеуі және т.б

2

13-14

Мінез – адам  көрсеткіші

 


Адамның мінез-құлқы туралы түсініктерін дамыту. Жақсы мінездің қалыптасуы. Өз көзқарасы мен қылықтарын, сондай-ақ өзге адамдардың көзқарастары мен қылықтарын талдай білуі және сыни тұрғыдан бағалауы, өз ойы, сөзі және ісіне жауапкершілікпен қарай алуы.

2

15-16

Адалдық – адамдықтың белгісі

 


Адалдық. Адамдарға жақсылық ойлау. Ой мен істің ұштасуы. Адамның өз көзқарасы мен пайымдауын еркін, дәйекті түрде жеткізуі және оны негіздей алуы. Шындық пен жалғандықты ажырата білу.

2

ІІІ-тарау. Адам және мәдениеттілік

17-18

Татулық – достық кілті

Татулық, ынтымақ, достық, туыстық т.б. Ұлттар достастығы, сыйластығы және т.б.

2

19-20

Адами қарым-қатынас  ізгіліктері

 


Сәлемдесу, жылы жүзбен қарсы алу, жымиып сөйлеу, сабырлылық таныту, әдеп сақтау, үлкеннің сөзін бөлмеу, дабырлап, даурығып сөйлемеу және т.б. Отбасындағы қарым-қатынас. Іскерлік қарым-қаты-нас, жолдастық қарым-қатынас жасау әдептері және т.б.

2

21-22

Әдептен озбайық

 


Қоғамдық орындарда: мектепте, театрда, кино театрда т.б., көшеде, транспорттарда әдептілік сақтау. Дұрыс киіну, өзін-өзі дұрыс ұстау әдептері және т.б.

2

23-24

Әдептілік – адамгершілік бастауы

Сыпайылық, сыйластық, қам-қорлық, татулық ұғымдарының мәнін ашу және т.б.

2

IV-тарау. Адам әлем аясында

25-26

Адам мен отбасы

 


Отбасы жарастығы. Отбасындағы қарым–қатынас. Адамның отбасын сүюі.

2

27-28

Адам мен қоғам

 


Адамның өмірден өз орнын таба білуі. Адамның қоғамға қызмет етуі. Ер адамны, әйел адамның қоғамдағы орны.

2

29-30

Адам мен Отан

Адамның отанын сүюі. Отанын қорғауы. Ұлттық сана, ұлттық намысының болуы.

2

31-32

Адам және Жер шары

Адам Жер шары ұрпағы. Бүкіл жер шары халқын сыйлауы, сүюі.

2

33-34

Махаббат – өмір өзегі

Қорытынды сабақ. Адамды, отанды, өмірді сүйе білу және сүйіспеншілікті, махаббатты бағалай білу. Сүйіспеншіліктің, махаббаттың бар жақсылық негізі екенін ұғындыру.

2

45. 9-сынып оқушыларының білімін бағалау. Оқушылардың «Өзін-өзі тану» пәні бойынша білім сапасын бағалау 9-сынып бағдарламасында белгіленген «Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар» негізінде жүргізіледі. Бұл талаптар оқушылардың өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарға сүйенуге талпыну және қоғамға қызмет ету дағдыларын жетілдірудегі танымдық әрекеттерін дамытуды саралауға (мониторингіне) қызмет етеді. Адамгершілік-рухани білім беру ерекшеліктеріне сай сандық емес, сапалық бағалау маңызды, сондықтан әр жартыжылдық қорытындыда «сынақ» деген баға қойылады.

46. Оқушы 9-сынып бағдарламасындағы «Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптардың» жалпы көлемінің кем дегенде 2/3 бөлігіне сай өз жетістігін көрсете алса, онда «сынақ» деген баға қойылады.

47. Оқушыға «сынақ/сынақ емес» деген баға қойыларда оның «Өзін-өзі тану» пәні бойынша шығармашылық-жобалау жұмыстарын көрсететін портфолиосы назарға алынады. Портфолио сапасын сараптауда оқушының ұжымдық және топтық шығармашылық жұмыстарға қатысу белсенділігіне, сонымен қатар өзінің жеке шығармашылық іс-әрекетінде қойылған мәселені терең түсінуіне, оның мақсаты мен мазмұны жалпыадамзаттық құндылықтар басымдылығына бағдарлануына, сабақ барысында адамға және қоршаған әлемге деген сүйіспеншілік негізінде қойылған мәселелерді шешудің жолдарын іздеуіне назар аударылады.

 

 



1.      Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

 

48. Оқушылар 5-сыныптың соңында:



1)      адамның өзін-өзі тануы, жан сұлулығы, салауатты өмір сүруі және жақсылық, сөз, сенім, сабырлылық, ұстамдылық, адалдық пен әділдік, кеңпейілділік пен жомарттық, шығармашылық, еңбек, табиғат, өмір сияқты ұғымдар мен адамгершілік құндылықтар туралы терең түсінік алады;

2)      адамның жағымды және жағымсыз қасиеттері, эмоциялары мен сезімдері туралы терең түсініктерге ие болады;

3)      өзінің қайталанбас жеке тұлға екендігін сезінеді, өзгелердің жеке тұлға екендігіне құрметпен қарайды;

4)      өз ойлары мен сезімдерін еркін жеткізіп, өзіне қарасты объективті пікір білдіре алады;

5)      отбасында, өз айналасындағылармен рухани нормалар, адамгершілік қағидаттар негізінде бірлескен әрекетте достық қарым-қатынасты қолдайды; ұрыс-керіс, дау-жанжалдың жағымсыз екенін сезінеді, оларды жеңе алады, ынтымақтастық пен келісім негізінде өзара әрекет ете алады;

6)      адамның гендерлік айырмашылығын ескере отырып, олардың әлеуметтік рөлі туралы түсініктерді біледі;

7)      өздігінен білім алады және өзін іс жүзінде көрсете біледі, өз бетінше шығармашылықпен айналысуға қызығушылық танытады, өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін мейлінше жүзеге асыруға ұмтылады;

8)      басқа адамдардың ар-ұжданына нұқсан келтірмей, өз қағидаттарына, ұстанымдары мен сенімдерінде берік болады.

49. Оқушылар 6-сыныптың соңында:

1)      бұрын меңгерген адамгершілік құндылықтар туралы  білімдерін дамытады және ізгілік, ізденіс, әсемдік, әдептілік, бауырмалдық, жанашырлық, ынтымақ, бірлік, денсаулық, өмір, ақиқат, мәдени мұра сияқты ұғымдар мен адамгершілік құндылықтар туралы терең түсінік алады;

2)      адамның жағымды және жағымсыз қасиеттері, эмоциялары мен сезімдері туралы мағұлұматқа ие болады;

3)      әлсіз, сырқат, жәбір көрген адамдарға қатысты мейрімділік танытады, өзінің адамдарға жанашырлығын нақты көмек арқылы көрсете алады;

4)      дене және психикалық саулық үйлесімділігінің маңызын, салауатты өмір салтының мәнін түсінеді, жағымсыз әрекеттерден аулақ болуға тырысады;

5)      өзінің бос уақытын тиімді ұйымдастыру қажеттілігін сезінеді, өз уақытын жоспарлай алады;

6)      достық пен қарым-қатынасты бағалай алады, шыдамдылық танытып, реніш пен түсінбеушілікті кешіріп, басқа адамды тыңдай алады, түсіне біледі;

7)      түрлі жағдаяттарда өзін лайықты және жауапты ұстай алады, эмоциялық жай-күйін басқара алады, жағымсыз эмоцияларын, ниеттерін тежей біледі;

8)      дербес және жауапты шешім қабылдай алады және оны негіздей алады;

9)      өз әрекеттерін айналасындағы адамдардың іс-әрекеттерімен теңдестіре алады және бағалай біледі, әйгілі адамдар өміріндегі жақсы болуға көмектесетін құндылықтарды ажырата алады. 

50. Оқушылар 7-сыныптың соңында:

1)      бұрын меңгерген адамгершілік құндылықтар туралы терең түсініктерді және даналық, адалдық, келісім, шындық, бақыт, өмір, махаббат, сыр мен сымбат, ерік-жігер, дін, діл, мәдениет сияқты жаңа ұғымдарды біледі;

2)      адам мінезінің жағымды және жағымсыз сипаттарын, әрекеттері мен ниеттерін ажырата алады;

3)      қоршаған орта мен адам сұлулығын бағалай алады, өзінің оларға қатынасын шығармашылық әрекеттер арқылы жеткізе алады;

4)      өзінің және өзге халықтар мәдениеті, дәстүрі, салты және тілінің маңызын түсіне біледі;

5)      жағымды қарым-қатынас жасау құндылығын түсінеді, өзін-өзі бағалай біледі және оны мұғалімнің, құрбыларының, таныстары мен жақындарының бағалауымен салыстыра алады;

6)      табиғат құбылыстарының  адам өміріне әсерін біледі.

51. Оқушылар 8-сыныптың соңында:

1)      бұрын меңгерген адамгершілік құндылықтар туралы терең түсініктерді және талап, жетістік, ана тілі, дос, достық, Отан,  келісім, шындық, бақыт, өмір, махаббат сияқты жаңа ұғымдарды біледі;

2)      өзінің эмоциялық және психикалық жай-күйін басқара алады, жағымсыз эмоция мен әрекеттерді тежей алады;

3)      отбасылық дәстүрлерді біледі және құрметтей алады, өзінің отбасындағы рөлін түсініп, табыстары және жақындары мен отбасында достық қарым-қатынасты сақтай біледі, жауапкершілікті сезініп, қамқор бола алады;

4)      салауатты өмір салтына ықпал ететін түрлі дене әрекеттерін орындай алады;

5)      өз міндеттеріне жауапкершілікпен қараудың мәнін түсінеді, жеке дара және ұжымда еңбек ете алады;

6)      рухани-адамгершілік нормаларға сәйкес жеке мақсаттары мен оларға қол жеткізу мүмкіндіктерін анықтай алады;

7)      жағымсыз стереотиптер мен қатерлі әуестікті бағалай алады, жағымсыз әдеттердің (маскүнемдік, шылым шегу, есірткі заттарды қолдану және т.б.) алдын алу тұрғысынан өз іс-әрекеттері мен өзінің шамасын бағалай алады;

8)      шығармашылықпен жұмыс істей алады;

9)      табиғат байлығының адам өміріндегі маңыздылығын түсінеді және табиғатпен үйлесімді өмір сүріп, табиғатты аялай біледі;

10)    қоғамда мінез-құлық ережелерін лайықты сақтай алады, өз қылықтары мен айналасындағылардың әрекеттерін бағалай алады;

11)    өзінің әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігін сезіне біледі, өз бетінше шешім қабылдай алады. 

52. Оқушылар 9-сыныптың соңында:

1)      бұрын меңгерген адамгершілік құндылықтар туралы түсініктерді және  ар, ұждан, ой, сөз, татулық, бақыт, табиғат, отбасы, өмір, өнер, шығармашылық, денсаулық ұғымдарын терең біледі;

2)      жағымды қарым-қатынас жасау мәдениетін меңгереді және оны күнделікті өмірде қолдана алады;

3)      өз көзқарасы мен қылықтарын, сондай-ақ өзге адамдардың көзқарастары мен қылықтарын талдай біледі және сыни тұрғыдан бағалай алады, өз ойы, сөзі және ісіне жауапкершілікпен қарай алады;

4)      отбасындағы жағымды қарым-қатынас, ата-аналары, тәрбиешілері немесе қамқоршыларына адамгершілік борыш құндылықтарын сезінеді, оларға сүйіспеншілік, сыйластық, шыдамдылық таныта алады;

5)      өмір мен денсаулықты құндылық ретінде сезінеді, өзінің келешек дене және рухани даму жолдарын анықтай алады, салауатты өмір салты мен сауықтыру әдістерінің пайдасы туралы білімдерін іс жүзінде пайдалана алады, шылым шегуден, маскүнемдіктен, нашақорлықтан аулақ болады;

6)      болашақ мамандығын саналы түрде таңдай алады, өзінің жеке уақытын тиімді ұйымдастырып, ұтымды пайдалана алады;

7)      өз көзқарасы мен пайымдауын еркін, дәйекті түрде жеткізеді және оны негіздей алады, өз пікірінен өзгеше айтылған пікірлерге шыдамдылық таныта алады;

8)      белгілі бір жетістіктерге қол жеткізу үшін бірін-бірі қолдаудың мәнін түсінеді, шамасына қарай жақындары мен достарына көмек, қолдау көрсете алады;

53. Бағдарлама негізінде «Өзін-өзі тану» пәнінің өзіндік ерекшеліктеріне сай, оның пән мазмұнының мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруда түрлі дәстүрден тыс сабақтар (ойлану сабақтары, әңгімелесу сабақтары, театрланған сабақтар, шығармашылық сабақ, табиғат аясындағы сабақ, конкурс сабақ, фантазия сабақ, концерт сабақ, экскурсия сабақ, ойын сабақ және т.б.) өткізуге  болады.

 

 



 

 

 



 


Каталог: uploads -> doc -> 0223
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0223 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік. Оқушыларға қазақтың алғашқы кәсіби суретшісі Әбілхан
0223 -> Өткізген: биология-химия пәні мұғалімі Ж. Б. Курмангалиева. География-биология пәні мұғалімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет