Өзін-өзі тану пәні – мейірімділікке баулитын пән!



Дата01.04.2017
өлшемі10,36 Kb.
#12912
Өзін-өзі тану пәні – мейірімділікке баулитын пән!

Таран ауданының №1 орта мектебінде өзін-өзі тану пәнінің апталығы жоспарға сай өткізілді. Қазақстанның бірінші ханымы, «Бөбек» қорының негізін қалаушы, өзін - өзі тану пәнінің авторы С.А.Назарбаеваның туған күніне орай мектебімізде тақырыптық ашық сабақтар өткізілді. Оқушылардың назарына тәлімсәтте С.А.Назарбаева туралы арнайы бейне материал көрсетілді. Мектеп кітапханасында «Алтын жүрек анамыз» атты кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Бұл көрмеде оқушыларға Сара Алпысқызының өмірі, отбасы, еңбек жолы туралы көп мәлімет айтылып өтті. Бастауыш буында туған жер, отбасы, ана тақырыбында «Барлығы махаббаттан басталады» атты мәнерлеп өлең оқу сайысы өткізілді. Бұл сайыста жас балғындар өз тақпақтарын жүрекке қонымды қылдырып жеткізе білді. Бұл апталықта орта буынның оқушылары да шектеліп қалмады. 5-6 сыныптар арасында «Мейірімділік көзімен » атты суреттер көрмесі өткізілді. Оқушыларды салауатты өмір салтына баулу мақсатында «Қызыққа толы бұл әлем!» атты спорт жарысы өткізілді. Сонымен қатар мектебімізде «Өмірің өз қолыңда» атты 6-сыныпта, «Жүрегімде жылулық», «Бірлігіміз жарасқан» атты мектепалды даярлық сыныптарында ашық сабақтар өткізілді. Өскелең ұрпақты адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелейтін өзін-өзі тану апталығы өте мағыналы түрде өтті.




Таран ауданының №1 орта мектебінің

өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Ж.Қартқожақова
Каталог: mugalimderge
mugalimderge -> Тақырыбы: Елдің анасы. Мақсаты
mugalimderge -> Амансың ба Алтын күн! Амансың ба Көк аспан Амансың ба Достарым!
mugalimderge -> «Денсаулық – зор байлық» Ұлдай Алиғапарқызы абдуллина, «Таран ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің
mugalimderge -> Халық ағарту ісінің дамуы Разия Джақсылыққызы джақсылықова, Таран ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің
mugalimderge -> Сабақтың тақырыбы Тіктөртбұрыштың (шаршының) ауданы Жалпы мақсаты
mugalimderge -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларға үш жазықтықта проекциялау арқылы бұйымдарды талдауға үйрету
mugalimderge -> Биік таулар: Алтай тауы Сауыр- тарбағатай Тянь-Шань тауы Жоңғар Алатау Алтай тауы
mugalimderge -> «сан есімді қайталау» Ұлмекен Мақсұтқанқызы НҰРҒалиева, «Таран ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет