Өзін-өзі тану сабағының жоспары



Дата19.02.2017
өлшемі206,37 Kb.
#10814
«Өмірде еш нәрсе кездейсоқтық емес, барлығының да бір-бірімен байланысы бар-ол белгілі-бір заңдылық. «Өзін-өзі тану» жобасы да кездейсоқ туындаған жоқ. Біз сіздермен біріге отырып, адам жаны үшін өте маңызды мәселені шешеміз-адамның өзін-өзі танып білуіне, ар-ұжданымен өмір сүруге, адам деген атқа лайық болуға үйретеміз»,-дейді «Өзін-өзі тану» жобасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаева.

«Өзін-өзі тану» жобасының міндеттері көп қырлы, алайда басты мақсаты-еліміздің балалары мен жастарына жалпыадамзаттық құндылықтарды үйретіп, әлеуметтік ортамен тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын іс жүзінде меңгерту. Қазақстан егемендігі нығайып, ертеңіне сеніммен қадам басқан шағында, мемлекетімізде заманына сай адам тәрбиелеу басты міндет.

Осы орайда «Өзін-өзі тану» пәні бойынша 1,5,6-сыныптар бойынша жаңа үлгідегі бағдарламамен өткізілген сабақ үлгілерін ұсынып отырмын. Жарияласаңыздар екен. Рахмет.


Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Бекітемін: _______________ Оқу ісінің меңгерушісі: Е.Берікқалиев

Мерзімі: 21.04.2015ж

Тақырыбы: Табиғатқа құштарлық

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер : адамгершілік, ізгілік, мейірімділік, адалдық,татулық, сұлулық.

Пән мұғалімі: К. Айжарикова.

Сынып 1 «а, ә» Оқушы саны: 28


Сабақтың мақсаты: « Табиғат» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мазмұнын  ашу.

Міндеттері:

- Оқушылардың  табиғат әлеміне танымдық қызығушылығын арттыру , «табиғат» ұғымын түсіндіру.

-Олардың табиғатқа аялы қарым – қатынастарын дамыту.

-Табиғатқа , туған өлке әсемдігіне сүйсіну , қамқорлық сүйіспеншілік сезімдерін ояту , тәрбиелеу.


Ресурстар:(құралдар, мәліметтер)

Оқулық, дәптер, шарлар, стикерлер,

күн суреті, жүрекше, бояулар, ақ беттер.


Сабақ барысы

1.Ұйымдастыру бөлімі.

Тыныштық сәті. «Орманға саяхат».

2.Үй тапсырмасын тексеру. Ең алдымен табиғат туралы не білетінімізді ортаға салайық .

•        Табиғат дегеніміз не ?

•        Табиғат нешеге бөлінеді ?

•        Тірі табиғатқа нелер жатады ?

•        Өлі табиғатқа нелер жатады ? (оқушылардың жауабы)

•        Табиғат туралы біраз мағлұматтар біледі екенсіңдер . Енді бәріміз зейін қойып үнтаспадағы дыбыстарды тыңдайық . (үнтаспада орман, жел , су, құс, т.б.)

•        Бұл үнтаспада ненің дыбыстарын естідіңдер ?

•        Ол дыбыстарды естігінде қандай әсерде болдыңдар , көз алдарыңа не елестеді ?


Сабақ барысын талдау.



Дәйексөз.

Жайқалсын жасыл әлем өлкемізде,

Сән түзеп көрік берсін жер бетіне.

Р.Сәттімбекұлы.





Мұғалім сыйы: Садықбек Хангелдиннің «Табиғат» өлеңі.

Тіршіліксің тұнып тұрған,

Сен – күнсің көтерілген күліп қырдан ,

Сен – көлсің ,

Сен – ормансың,

Сен – бұлбұлсың,

Адамды сұлулыққа құнықтырған.

Сен – жарықсың,

Сен – жерсің,

Сен – гүлсің,

Сен – адамсың,

Сен – ауасың,

Сен – анамсың,

Бәрі – менің өмірім сен сыйлаған.





Сергіту сәті.

Армысың , алтын күн! (күнге қарап бас иеді)

Көгілдір көк аспан! (аспанға қолдарын жаяды)

Бармысың құстарым ! (құстарға қол бұлғайды)

Қанатты достарым ! (құсша қанат қағады)

Суларым таза ма? (оң қолын оң жаққа созады)

Талдарым аман ба? (сол қолын сол жаққа созады)

Бас ием тауларға (бастарын иеді)

Жамылған қарларға (қолдарын жоғары созады)

Жайқалған даланы (қолдарын жан – жанқа соз)

Табиғат ананы (алақандарын жоғары қаратып қолдарын алдына созады)

Көруге сағынып (қолдарын жүрек тұсына қояды)

Келген біз балаңыз . (бастарын иеді)





Тапсырма.

Табиғатқа байланысты құстардың, гүлдердің, аңдардың, ағаштардың суреттерін жасырып, жұмбақтап айту.

-Ол өте нәзік, ешкімге жамандық ойламайды, гүлдерді жақсы көреді...(көбелек)





Шығармашылық жұмыс.

Оқулықта берілген суреттерді пайдаланып, сөйлемді аяқтау.







«Топпен ән айту».

«Мектеп вальсі» әні.

Сөзін жазған: С.Жиенбаев.

Әнін жазған: Б.Ғизатов






Дәптермен жұмыс.

Тақтадағы сөздерден ағашқа қатыстысын, балапанға қатыстысын жазамыз, егер тапсырманы дұрыс орындасақ екеуіне де көмектесе аламыз.

Сөздер: Биік, кішкентай, жуан, сары, жасыл, ұшпайды, жұмыртқа, тамыр, ұя, жер.





Үйге тапсырма.

«Орманшының баласы» мәтінін оқып, түсініктерін айту.







Соңғы тыныштық сәті.






Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Бекітемін: _______________ Оқу ісінің меңгерушісі: Е.Берікқалиев

Мерзімі: 14.04.2015ж

Тақырыбы: Адам болу - арманым

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер : адамгершілік, ізгілік, мейірімділік, адалдық,татулық, сұлулық.

Пән мұғалімі: К. Айжарикова.

Сынып 1 «а, ә» Оқушы саны: 28


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға адам құндылығының маңызын түсіндіру.

Міндеттері:

-Адамның адамгершілік қасиеттері туралы білімдерін кеңейту.

-Оқушы бойындағы жақсы қасиеттерді дамыту.

-Жалпы адамзаттық құндылықтармен сусындаған азамат тәрбиелеу.




Ресурстар:(құралдар, мәліметтер)

Оқулық, дәптер, шарлар, стикерлер,

күн суреті, жүрекше, бояулар, ақ беттер.


Сабақ барысы

1.Ұйымдастыру бөлімі. Тыныштық сәті.

2.Үй тапсырмасын тексеру. «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»                                                   

  Балаларға  Қарлығаштың құйрығы неге айыр? Мультфильмі көрсетіледі.

Көрсетіліп болған соң мультфильм бойынша сұрақтар қойылады.

-Ана қарлығашқа қандай қамқорлық көрсетті?

-Қарлығаш адам баласына қандай қайырымдылық жасады?


Сабақ барысын талдау.



Дәйексөз.

Адамның ең жаманы – талапсыз

( Бұл нақыл сөз Абайдың 44-ші қара сөзінен алынды.)
- Мына сөзге назар аударайық. Өлеңде айтқандай, адам талаптанбаса, яғни бір нәрсеге ұмтылмаса, білуге құштарланбаса, алдына қойған мақсатына жетуге талпынбаса, өмірден бос қалады. Сондықтан да талап қылып, қолдан келгенше соған жетуге ұмтылу керек екен.




Мұғалім сыйы: Ғылым таппай мақтанба

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз.

Тілеуің өмірің алдыңда,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ-

Бес дұшпаның, білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой-

Бес асыл іс көнсеңіз.

Ғалым болмай немене,

Балалықты қисаңыз.

Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз,

Ондай болмақ қайда деп,

Айтпа ғылым сүйсеңіз.

Сізге ғылым кім берер,

Жанбай жатып сөнсеңіз.

Дүние де өзі, мал да өзі,

Ғылымға көңіл бөлсеңіз,

Өзің үшін үйренсең,

Жамандықтан жиренсең,

Ашыларсың жылма-жыл.

- Өлеңнен не түсіндіңдер?

- Адам болу, оған жетуге ұмтылдыратын бес нәрсе деп нені айтады?

- Неден аулақ бол дейді?





Ойын: « Мен адаммын »

-Қазір ойын ойналық.Ойынның шарты: Барлығың «Мен адаммын», өйткені...деп адамның ерекше қасиеттерін айтып шығасыңдар. Ойымызды жинақтап, шеңбер бойымен айтамыз.
- Мен адаммын, өйткені сөйлей аламын.

- Мен адаммын, өйткені ақылдымын.

- Мен адаммын, өйткені үлкенді сыйлаймын,

- Мен адаммын, өйткені ойлай аламын, т.б.


Ойын: « Мен қандай баламын? »

Шарты: Оқушыларға сары түсті қағаздар таратылады. Оқушылар осы қағаздан күннің шуақтарын қиып алып, өзінің киған «шуағына» әр бала өз бойындағы жақсы қасиеттердің бірін жазып, «шуақты» тақтаға кезекпен іледі. Ал мұғалім күннің ортасын, яғни дөңгелегін өзі қиып, ортасына «мен» деп жазып, тақтаға іледі. Тақтада жақсы құндылықтарға толы үлкен күн құрастырылады.






Тапсырма.

Бес асыл іс

Талап, еңбек, терең ой,

қанағат, рақым

Бес дұшпан

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

еріншек, бекер мал шашпақ









Шығармашылық жұмыс.

-Балалар, адам бойындағы тағы да қандай жағымды, жағымсыз қасиеттерді білеміз? Сол білетінімізді қазір мына бетшеге жазайық.

(бетшені толтыру)

Ақ тізім

Қара тізім

Еңбекқор, шыншыл, әдепті, ұқыпты,
Қамқор, көпшіл

әдепсіз, өтірікші, еріншек, салақ,
мақтаншақ, тентек.







«Топпен ән айту».

«Болайықшы осындай» әні.

Сөзі мен әнін жазған: А.Меңжанова.





Дәптермен жұмыс.

-Қандай үй жануарларына қамқорлық жасағыларың келеді? Солардың (күшік, мысық, тауық, қоян, лақ, қозы, т.б.) суретін салыңдар






Үйге тапсырма.

« Мен кім болам? » тақырыбына арнап сурет салып келеміз.







Соңғы тыныштық сәті.

Баяу музыка.

Мен-Адаммын, өйткені,

Тағылықтан тайсалам.

Мен-Адаммын,өзімнің

Туып өскен жерімде,

Көктем келген кезінде

Көктеймін де жайқалам.








Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Бекітемін: _______________ Оқу ісінің меңгерушісі: Г.Өмірзақова.

Күні: 02.03. 2015ж

Тақырыбы: Өмірің өз қолыңда

Құндылық : Риясыз сүйіспеншілік

Қасиеттер : адамгершілік, мейірімділік, қайырымдылық, сыйластық.

Пән мұғалімі: К. Айжарикова.

Сынып: 6 «а, ә»

Оқушы саны:37

Сабақтың мақсаты: оқушыларға өмір, оның мәні туралы түсінік беріп, адамның өмірі өз қолында екендігін түсіндіру.

Міндеттері:

- Оқушыларға адам өмірінің маңыздылығы туралы түсінік беру;


- Оқушалрдың адамгершілік қасиеттерін дамытуға ықпал ету;
- Еліне, халқына абыройлы қызмет етіге тәрбиелеу;

Ресурстар:

Оқулық, дәптер, шарлар, стикерлер, күн суреті, қағаздан қиылған жүрекшелер.




Сабақ барысы

Ұйымдастыру бөлімі.

Тыныштық сәті. Нұрға бөлену.

Үй тапсырмасын тексеру. Сұрақтар бойынша жауап беру.

-Адам өмірі мәнді болу үшін не істеу керек?


-Адам өмірінің маңыздылығына рухани байлық қалай әсер етеді?

-Еліңе, халқыңа абыройлы қызмет ету дегенді қалай түсінесіңдер?



Сабақ барысын талдау



Дәйексөз.

«Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын – адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек»

Ш.Құдайбердиев





Жаңа ақпарат.

Адам деген атқа лайықты өмір сүру өз қолыңда.





Мұғалім сыйы: Қ.Әлімбек

Жаңа - жаңа мен ұғына бастадым,

Өмір деген қымбат екен,достарым.

Өмір – менің жарқылдайтын аспаным,

Өмір – менің сарқылмайтын дастаным.

Мен – өмірді жас зерттеуші, жас ғалым,

Енді оянып, енді зерттей бастадым.

Өмір – кітап, түсінуі тым қиын,

Әрбір күнім – әрбір бетін ашқаным.

Жағылды ма жүрегімде жаңа шам,

Ойлаумен өтеді ылғи оңашам.

Армандаймын: ұлы еліме сүйікті,

Жақсылықтар жасасам деп орасан.

Маржан іздеп терең теңіз түбінен,

Күн батарда  атар таңға үңілем.

Өмірімнен, өз ортамнан үйреніп,

Жақсы адамға айналармын түбі мен!





Тапсырма: Абайдың «Он жетінші» қарасөзін оқу арқылы оқушылар қайрат, ақыл, жүрек ушеуінің айтысын талдау.

-Автор қайрат, ақыл, жүректің ерекшеліктерін қалай жеткізген?

-Ғылымның «жүрекке билет» дегеннің мағынасын қалай түсіндіресіңдер?

-Абай қандай адамды «қасиетті адам» дейді? Неліктен?

-Тағы қандай қасиеттерді «жүрекке билетуге» болады деп ойлайсыңдар?




Шығармашылық жұмыс  

  Әр топ “Өмір” сөзіне ассоциациялар құру.

“Күн шуағы”, “Кеме”, “Жүрекше”.





Тапсырма.
Мәтіңді оқыңдар. Адамға жүктелген міндеттерге лайықты болу үшін құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді сипаттап жазып дәлелдеңдер.
Тапсырма дәптермен жұмыс түрінде орындалады.




Топпен ән айту.

«Өмір-өмір» әні.

Сөзі: Л. Ошаниндікі

Әні: С.Бәйтереков






Дәптермен жұмыс.

Абайдың өлеңін оқып, оны көзқарас, себеп, мысал, жалпылау бірізділігін сақтай отырып талқылаңдар.






Үй тапсырмасы.

Зиянды әдеттердің салдарын тізбелеп жазыңдар. Оларды болдырмаудың жолдарын ұсыныңдар. Ұсыныстарыңды кесте түрінде беріңдер.






Соңғы тыныштық сәті.





Өзін-өзі тану пәнінің жоспары

Бекітемін: __________Оқу ісінің меңгерушісі: Г.Өмірзақова.

Күні: 22.01.2015ж

Тақырыбы: Қызға нәзіктік, ұлға батылдық

Құндылық : Қиянат жасамау

Қасиеттер : адамгершілік, ізгілік, мейірімділік, сыпайылылық.

Сыныбы: 5 «а, ә»

Пән мұғалімі: К.Айжарикова

Сабақтың мақсаты: қыздар мен ұлдар арасындағы достық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.

Міндеттері:

-ұл мен қызға тән қасиеттер жайлы түсініктерін кеңейту;


- ерекшелігіне қарай олардың өз құрдастарымен қарым-қатынастарын дамыту;

-ұлды батылдыққа, қызды нәзіктікке тәрбиелеу.



Ресурстар (құралдар, мәліметтер):

Оқулық, дәптер, шарлар, стикерлер, күн суреті, жүрекше, ақ парақтар.



Ұйымдастыру бөлімі.

Тыныштық сәті. Нұрға бөлену.

Үй тапсырмасын тексеру.

С.Сарқасқаевтың «Жайма-шуақ» атты әңгімесін оқып, сұрақтарға жауап беру.

- Мұрат пен Жаннұрдың татуласуына не себепкер болды?
-Достық сезімі адамға қандай жауапкершілік жүктейді?
-Қыз бала мен ер баланың арасында нағыз достық болуы мүмкін бе?
-Қыздарды қандай қасиеттері үшін сыйлайды? Ұлдарды ше?
-Қыздар мен ұлдардың арасында сыйластыққа қалай қол жеркізуге болады?


Сабақ барысын талдау

Тапсырма.

1.Қыздың көркі деп нені түсінесің?

(ең бірінші мінезі, әдептілігі, әрине сыртқы келбеті)

2. Қыздарды неге өмірдің гүлі дейді?

( Гүл табиғаттың сәні, оны баптап, бағып күтсең, әдемі, хош иісті болып өседі. Қыз бала да, солай кішкентай кезінен бастап бағып, жақсы тәрбие беру керек. Отбасында берген тәрбие

қалай болса,өскенде солай қалыптасады.)

3. Қызға қандай қылық жараспайды?

(ерсі күлгені, дөрекі сөйлегені, өтірік айтқаны)

4. Қыздарға арнап мақал айт.

( Қыз өссе елдің көркі; Таудың көркі тас, Қыздың көркі шаш; Қызға қырық жерден тыю; Анаға қарап қыз өсер)

5. Сендерге қыздардың қандай мінезі ұнайды?

(қылықты , әдепті болса, сыпайы, биязы болса )

Қыздарға сұрақ:

1.Ұлдарға қандай қылық жараспайды?

( бұзақылық, сотқарлық, қорқақтық)

2. Ұлдарға арнап мақал айт

(Атадан жақсы ұл туса,

Қар үстінде от жанар,

Атадан жаман ұл туса,

Ат үстінде ит қабар

Жақсы бала әкесінің басын төрге сүйрейді,

Жаман бала әкесінің төрдегі басын есікке сүйрейді )

3. Саған ұлдардың қандай мінезі ұнайды?

(салмақты, кішіпейіл, адамгершілігі мол),

4. Атадан жақсы ұл туса, елінің туы болады дегенді қалай түсінесің?

( Отан үшін отқа түс, күймейсің дегендей, ұл бала еліне отанына қызмет етуі тиіс.Ол үшін тәртіпті, саналы,адамгершілі мол болуы керек деп ойлаймын)

5. Ұл бала үшін қасиетті борыш деп нені айтар едің?

(Ата-анасын сыйлау, өз елін қорғау)






Ситуациялық жағдаяттар.

1 сұрақ. Сіз автобуста отырсыз. Келесі аялдамадан қарт адам кірді. Бос

орын жоқ. Не істер едің?

2 сұрақ. Көшеде қарт әже құлап қалды. Сен не істер едің?

3 сұрақ Сіз мектепте біреудің сөмкесін тауып алдыңыз? Қандай әрекет

жасар едіңіз.

4 сұрақ. Сіз дүкенде кезекте тұрсыз. Сізден кейін егде тартқан қарт

адам келіп тұрды. Қайтер едіңіз?

5 сұрақ. Сыныптас екі құрбың театрда отырып, қатты күліп, дөрекі сөйлеп,

басқалардың көңілін өздеріне аударып отыр. Құрбыларыңа не

айтар едің?

6 сұрақ. Көшеде, мектепте, үйде таныс адамдармен кездескенде не істеу

керек?





Жаңа ақпарат.

Қыз балаларға табиғатынан нәзіктік пен ұяңдық , ер балаларға – батылдық пен ұстамдылық тән.Осыны түсіне білсе, олар күнделікті өмірде бір-біріне көмектесуге дайын тұрады.


Ер балалар мен қыз балалар арасындағы достық өзара түсіністік, келісім және сыйластықтан басталады.




Топпен ән айту.

«Қазақ қызы» әні.


Сөзі: И. Сапарбаевтікі
Әні: Р. Таймановтікі.




Шығармашылық жұмыс.
Суретке қарап, «Біз қалай достасып кеттік» тақырыбына әңгіме құрастырыңдар.




Дәптермен жұмыс.
Тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер жазыңдар.




Үйге тапсырма.

Берілген сұрақтарға толық жауап беру.






Жүректен жүрекке

Бүгін біз нәзіктік, батылдық , адамгершілік, имандылық туралы мағлұмат алдық. Сіздер қай жерде болсаңдар да әдепті, тәртіпті, батыл, ақылды болып, жамандықты жақсылыққа баурап жүрулеріңіз керек. Өмір сіздерден осыны талап етеді. Сабақтан алған әсерлерімізді жүрегімізге нық түйіп алайық. Рахмет.







Өзін-өзі тану пәнінің жоспары

Бекітемін: __________Оқу ісінің меңгерушісі: Г.Өмірзақова.

Күні: 29.01.2015ж

Тақырыбы: Адам еңбекпен шыңдалады.

Құндылық : Дұрыс әрекет.

Қасиеттер : адамгершілік, ізгілік, мейірімділік, еңбекқорлық, төзімділік.

Пән мұғалімі: К. Айжарикова.

Сынып: 5 «а,ә» Оқушы саны:

Сабақтың мақсаты: оқушылардың «еңбек», «білім» құндылығы туралы түсінік беру.

Міндеттері:

-еңбектің адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсінік беру;

-еңбекке қызығушылықтарын арттыру;

-еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.



Ресурстар (құралдар, мәліметтер):

Оқулық, дәптер, шарлар, стикерлер, күн суреті, жүрекше, ақ парақтар.



Ұйымдастыру бөлімі.

Тыныштық сәті. Нұрға бөлену.

Үй тапсырмасын тексеру. Сұрақтарға жауап беру.

*«Еңбек», «еңбексүйгіштік» деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?

*Қандай адамды еңбекқор дейміз?

*Адам бойында қандай қасиеттер болғанда жетістіктерге жетуге болады?

*Еңбекпен адам шыңдалады дегенді қалай түсінесіңдер?


Сабақ барысын талдау

Дәйексөз.

«Еңбек атаулының бәрі де бағалы, өйткені ол адамды ізгілендіреді».

Л.Н.Толстой.





Мұғалім сыйы: «Еңбек жемісі». Б.Әділ.

Әкесі алты гектар егістік жер алған. Сол – ақ екен, қауырт жұмыс басталды да кетті.


- Тұр, балам, - дейді әкесі. – Көктемнің әрбір күні жылға азық. Содан үй іші болып жердің басына келеді. Әкесі, шешесі, өзі, екі інісі... Жұмыс қызу басталып кетеді. Екпегендері жоқ. Сәбіз, картоп, пияз, жүгері, капуста, қауын, қарбыз.Асан жазғы каникулын атыз басында өткізді. Екі інісімен сонда қонады. Әкесі шартақ соғып берген. Екіншіде оқитын Досан шай дайындаудың шебері.
- Биыл өнім жаман болмас, - дейді әкесі жайқалған көкөністерге көз салып қойып. – Еңбек етсең, Жер - ана да иіс сала береді. Әкесінің айтқаны келді де тұрды. Егін мол өнім берді. Әсіресе қауын - қарбыздар... Теңкиіп көздің жауын алады. Сауда бақшалықта - ақ қызды. Бейтаныс ағалар көлікпен келіп, өздері тиеп әкетіп жатты. Әкесі мәз, мұртынан күледі.Оқудан келісімен Асан атызға асығады, әке - шешесіне көмек беруі керек. Әлі де атызда қалған - құтқан өнім көп. Қызанақтар жерге түсіп, ағып жатыр.Өткенде ауыл балалары масақ теруге келді. Өзімен төртіншіде бірге оқитын Айкүміс те бар. Екеуі бірге отырып қауын жеді.
- Қауының не деген тәтті, - деді Айкүміс. Асан біраз марқайып қалды. Әсіресе «қауының...» деп айтқанына...
- Тойып жеп ал, - деді.
- Кешке бес - алты қауын ала кет. Әйтпесе, үйіне өзім апарып тастайын. Ауыр ғой... Айкүміс үндемеді. Әдемі жымиып қойды. Бұған өте риза болғаны. Әкесі бүгін өте көңілді екен.
- Ертең менімен бірге жүріңдер, - деді үш ұлына. – Базарға апарып, керектеріңді алып берем...
Сол күні үй іші жаңа бешпент – шалбарды қайта - қайта киіп көріп әлек. Ал ең кішкентай Досан болса, жаңа велосипедтің дөңгелегіне жел беріп әлек. Насоспен қосыла мұрны да пыс - пыс етеді.
- Жаз бойғы еңбектерінің өтеуі ғой, - дейді әкесі әдетінше мұртынан күліп.

-Еңбек барысында балалардың қандай қасиеттері байқалды?

-Балалар еңбек нәтижесін қалай көрді?

-Еңбектің жемісін көргенде өздерің қандай сезімде боласыңдар?






Сахналау: «Ата ақылы».
Немересі:

Атасы:


-Балаға қандай кеңес берер едіңдер?




Жаңа ақпарат.
Ерінбей еңбек ету адамның мақсатына жетуіне көмектеседі.
Табандылықпен еңбек ету адамның өмірін көркейтеді және адамның өзіне, өзгелерге қуаныш , бақыт әкеледі.




Топпен ән айту.

«Болайықшы осындай» әні.

Сөзі мен әні –А. Меңжанованікі.





Шығармашылық жұмыс.
Даналық сөздерді оқып, еңбектің маңыздылығы жөнінде ой түйіндеңдер.
«Еңбек –қуаныш,жалқаулық-айырылмас азап». А.Құнанбаев.

« Еңбегі жоққа-бақыт жоқ». А.П Чехов.

«Жұмыс-менің бірінші рақатым». В.Моцарт.

«Жаның жай тапсын десең-еңбектен». Ж.Ж. Руссо.






Дәптермен жұмыс.
*Мына криптограмманы дұрыс шешсең, «Еңбекке» байланысты мақалды оқуға болады.
І. Отанға, қоғамға көрсеткен қызмет, жақсылық – 1, 2, 3, 4, 5.
ІІ. Барлығы, баршасы, тегіс - 6, 7, 8, 9.
ІІІ. Дауыссыз дыбыс – 10
ІV. Киімнің бір бөлігі – 11, 12, 13.
V. Бекем, мықты, берік - 14, 15, 16.
1 2 3 4 5 - 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Е ң б е к - б ә р і н ---ж-- е--ң- б-- е --к
*Жаттығу «Аяқталмаған сөйлем»
- Еңбек дегеніміз....
- Еңбексүйгіштік дегеніміз...
- Еңбек маған...




Үйге тапсырма.

Берілген сұрақтарға толық жауап беру.



«Еңбек» туралы мақал-мәтеддер жазып, жаттау.




Соңғы тыныштық сәті.




Каталог: uploads -> doc -> 0df1
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0df1 -> Сабақтың барысы: Сәлемдесу: Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз. Бар құрметпен бас иіп, Сәлем бердік біз. І. Ұйымдастыру кезеңі
0df1 -> Ұлытау ауданы әкімдігінің Ұлытау ауданының білім бөлімінің «Жамбыл Жабаев атындағы №15 Қарсақбай жобб мектебі базасындағы Тірек мектебі (ресурстық орталық)» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0df1 -> Сабақ жоспары Күні: Сабақтың тақырыбы Компьютердің логикалық негіздері


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет