Өзiн-өзi тану сабағының жоспары



Дата07.05.2017
өлшемі49,56 Kb.
#15947
түріСабақ
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мерзімі 10.01.17

Сынып 7Б

Мектеп: ЖББОМ №4

Тақырып: «Атамекен - алтын бесік» (1-сағат)

Құндылық: қиянат жасамау

Қасиеттер: мейірімділік, сүйіспеншілік, қамқорлық

Мұғалiм: Алитурлиева Л.К

Сабақ мақсаты:

Атамекеннің адамның өсіп – дамуындағы, өміріндегі рөлі туралы түсініктер беру.

Міндеттері:

-атамекенді қадірлей білу, атамекенге қызмет ету, адам өмірінде атамекеннің алатын орны туралы мағлұмат беру;

- оқушылардың өз атамекені, туған жері туралы мәліметтер мен тарихы туралы білімдерін кеңейту;

-өз атамекеніне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін, мақтаныш сезімдерін арттыру;



Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беремін

Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеріп, ұпайларын түгендейміз.

Тыныштық сәті

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

Үй тапсырмасын тексеру

Ғ.Оралбаевтың «бір шымшым топырақ» әңгімесі

Сұрақтар:


  • Атамекеннің адам үшін маңызы қандай?

  • «Атамекен», «Туған жер» ұғымдарының қандай айырмашылықтары бар?

  • Өз Атамекенің, туған жерің, Отаның туралы айтып беріңдер

Сабақ барысын талдау

Дәйексөз.

«Туған жер – тұғырың, туған ел - қыдырың...»

-Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?





Әңгiмелеу (мұғалімнің сыйы)

Қасиетті жер

Жер, тыңда дүбірді,

Басыңды, кел, көтер!

Адамның мұхиттай құдіретін көзбен көр.

Естіртсең үніңді,

Ұғуға ой жетер,

Мұқтажын өтеген өзіңе сенген ел.

Арманы халықтың,

Алаулап, жалындап,

Күнде жүз көгеріп, талмаурап күнде өшкен.

Ал бірақ тарихтың

Беттері қалыңдап,

Ежелден Жермен бір есейіп, бірге өскен.

Жер, өзің өсірген

Біз – сенің ұрпағың,

Табиғат қойнында асыр сап ойнаған.

Ашқанда төсін кең,

Ұсынып жыл тағын,

Өмірдің төрінен жүк артты ой маған.



  • Өлеңнен не ұқтыңыздар?

  • Жердің қасиеттілігі туралы не атылған?




Шығармашылық жұмыс

Дәптерде берілген мәтіндерді басшылыққа ала отырып «Атамекенім - мақтанышым» тақырыбында өз атамекені туралы шығарма жазу






Топпен ән айту.

Атамекен


Сөзі: Қ.Мырза Әлі

Әні: Е.Хасанғалиев

Жасыл жайлау – түкті кілем, көк кілем.

Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.

Айдарымнан сипап өткен самалды

Қазағымның алақаны деп білем.



Қайырмасы:

Қайда жүрсең, атамекен

Көкейіңде жатады екен.

Күннің өзі ұясына

Қимай оны батады екен,

Жасыл жайлау – түкті кілем, көк кілем

Көк кілемде көп аунаймын, көп күлем

Асқар тауың – аспаныммен таласқан

Қазағымның мәртебесі деп білем.

Қайырмасы:





Үй тапсырмасы.

С.Жүнісовтың «Аманай мен Заманай» үзіндісін оқу






Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.






Каталог: uploads -> doc -> 0216
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0216 -> «№3 Қабанбай орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталыға бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0216 -> Сабақ: Қарапайым немесе жай механизмдер Мектеп: нзм фмн семей қаласы
0216 -> Сабақ тақырыбы: Өрнектер. Меншіктеу. Сандық функциялар. Сабақтың мақсаты: білімділік


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет