Өзін-өзі тану сабағының жоспары



Дата25.12.2016
өлшемі55,68 Kb.
#5201
түріСабақ
Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Бекітілді: оқу ісінің меңгерушісі

Күні: 19.12.2015ж

Тақырыбы: Аялай біл, сен деп соққан жүректі

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Мейірімділік, жанашырлық, кешірімшіл болу және кішіпейілділік

Пән мұғалімі: Суатова Тогжан Болатовна

Сыныбы: 7 «а, ә» сынып

Оқушы саны 17,19

Мектебі: Қаракөл орта мектебі


Мақсаты:

-Жаныңда жүрген жақын адамдарды (отбасы мүшелері, құрбы-құрдастар, достар) сыйлауға, құрметтеуге үйрету.

Міндеттері:

-Адамдардың бір-біріне деген мейірім-шапағатының мән-мағынасын түсіндіру;

-Жаныңда жүрген жақын адамдарға деген сүйіспеншіліктерін дамыту;

-Жаныңда жүрген жақын адамдарды сыйлай, қадірлей білуге тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәліметтер)

«Өзін-өзі тану» оқулығы, дәптер, күн суреті, жүрекше, шарлар.





Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті. Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Нұр сіздің жүрегіңізге қайта оралды. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Мен нұрлы адамға айналдым.


Сабақ барысын талдау:


Үй тапсырмасын тексеру

Р.Акдемірдің

«Ана махаббаты» атты мәтінін оқып, сұрақтар бойынша талдау.


  • Анасы неліктен балаларының көңіл күйін бұзғысы келмеді?

  • Балалары саяхатқа жиналған кзде ана қандай сезімде болды деп ойлайсыңдар?

  • Балалар саяхаттан неліктен бас тартты?

  • Балалардың өз шешімдерін құпия ұстауының себебін қалай түсіндірер едіңдер?




Дәйексөз

Өзінің айналасындағы жор-жолдастарының, бауырларының жан дүниесіне үңіліп қарамаған адам өмірде үлкен қиыншылықтарға кезігеді және айналасына зиянын тигізеді.

Альфред Адлер




Мұғалім сыйы Өсиет әңгіме «Ағаш»

Ерте-ерте-ертеде әдемі үлкен алма ағашы болыпты. Бір кішкентай бала сол алма ағаштың көлеңкесінде үнемі келіп ойнағанды жақсы көретін. Ағаштың ең басына шығып, нәрлі жемісін жеп, көлеңкесінде ұйықтайтын еді. Ағашты жақсы көретіні анық еді. Ағаш та баланы жақсы көретін. Уақыт өте, бала ержетіп ағаштың көлеңкесінде ойнамайтын болды. Бір күні келеді, бірақ көңіл күйі жоқ болады.

«Менімен ойнашы!», деп сұрайды ағаш.

«Ағаштың көлеңкесінде ойнайтын кішкентай бала емеспін енді», жауап береді жігіт, – «Қазір мені басқа заттар қызықтырады, бірақ оларды сатып алуым үшін ақшам жоқ».

«Қап, менде де ақша жоқ… Бірақ сен барлық алмаларымды жинап алып, оларды сатсаң, ақша жасай аласың».

Жігіт қуанып, ағаштың барлық жемісін жинап алады да, қуанып сол жерді тәрк етеді. Қайтып ол жерге оралмады. Ағаш көңілсіз болады. Бір кезде ол қайтып келеді – кешегі жігіт енді ер болды! Ағаш оны көріп қатты қуанады.


«Менімен ойнашы!», сұранады ағаш…

«Ойынға еш уақытым жоқ. Жұмыс істеуім керек, бала-шағамды асырауым керек. Үй керек, жай керек. Көмектесе аласың ба?»

«Кешір… Менің үйім жоқ. Бірақ бұтақтарымды кесіп, солардан үй жасауыңа болады… »

Адам қуана келіседі де, ағаштың бұтақтарын кесіп алады. Адамның қуанғанын көріп, ағаш та қуанады. Содан адам ұзақ уақыт көрінбей кетеді.


Көп жылдардан соң адам қайтадан ағаштың алдына келеді.
«Балам, кешір. Саған беретін ешнәрсем қалмады. Алма да жоқ…»
«Керегі де жоқ. Алма жейтін тісім да қалмады..»
«Үстіме шығарып ойнатайын десем, бұтақтарым да жоқ…»
«Ойын үшін тым кәрімін…», дейді адам.

«Саған ешбір нәрсемен пайдалы бола алмайтыным мені қатты мұнайтады. Барым – кәрі, өліп бара жатқан тамырларым ғана», деді ағаш көзге жас алып. «Маған көп нәрсенің керегі жоқ. Демалатын бір орын болса болғаны. Өткен жылдар шаршатыпты…»

«Кәрі ағаштың тамырлары – демалу үшін жақсы жер, жантайып демала ғой…» – дейді ағаш қуанып. Кәрі адам ағаштың түбіне отырып, жанына тыныштық тапқандай болады. Ағаш болса адамның бақытын көріп қуанады…

Ағаш – біздің бақытымыз үшін барын беруге даяр ата-анамыз…







Шығармашылық жұмыс

- Жағдаяттарды талдау

-Өз жақындарыңды қалай қуантар едің? Тізбектеп жаз





Топпен ән айту

Ана туралы жыр 

сөзі: Ғафу Қайырбеков
 әні: Шәмші Қалдаяков

Әлемнің жарығын,


Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін,
Жинадың сен маған.
Сен берген құстардың
Қанатын самғаған
Балалық құштарым
Өзіңе арналған.

Қайырмасы:

Әлдилеп, аялап,


Өсірген жемісің.
Самал жел, сая бақ,
Құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де,
Мен саған сәбимін.
Көңіліңді көктемдей,
Көзіңнен танимын.

Өтеуге борышын


Анашым, жан сырым.
Іздедім сен үшін,
Әлемнің асылын.
Әлемнің байлығын,
Сыйлар ем, кеш мені.
Сыйлар ем ай- күнін,
Қолыма түспеді.

Қайырмасы:

Ете гөр қанағат,


Әзірге берерім.
Балалық махаббат
Балалық жүрегім.
Бол риза, анашым,
Қолдағы осы бар.
Өзіңе арнаған
Әнімді қосып ал.




Үй тапсырмасы

С.Байжанов



Адамды сүйе біл




Соңғы тыныштық сәті

Ал, енді, балалар, бір минут тыныштықта бүгінгі сабақтан үйренген жақсы қасиеттерді еске түсіріп, отбасыларыңа жақсы тілек тілеп, жүректеріңе түйіп алыңдар.






Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет