Өзіндік сана-сезім және оның ерекшеліктері


Сананың бұзылуларына тән белгілер



бет5/6
Дата06.02.2022
өлшемі22,17 Kb.
#81489
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
3. Өзіңдік сана сезім

Сананың бұзылуларына тән белгілер.

  1. Науқастың уақытқа, әсерге, жағдайға деген әрекетінің жоғалуы.

  2. Қоршаған болмысты анық нақты сезінудің, түйсіктеудің болмауы.

  3. Ойлауға байланысты бағыттылығының әр түрлі бұзылуы.

  4. Болып жатқан жағдайларға, олардың әсерінен есте сақтаудың қйындығы.

Сананың бұзылуының тереңдігін сапасы бойынша ажыратамыз.
Сананың тереңдігі бойынша бұзылулар

  1. Обнубиляция-сананың өте жеңіл түрде бұзылуы. Қоршаған болмысты дұрыс жобалағанмен, сана бірнеше секундқа немесе минутқа тұманданады. Қоршаған ортаға деген жоба жоғалмайды, обнубиляциядан кейін амнезия байқалмайды.

  2. Сомноленция-ұйқылы-ояу жағдай, бірнеше сағатқа немесе бірнеше күнге созылады. Қоршаған орта болмыс жобасы сақталған, амнезия байқалмайды.




  1. Есеңгіреу-сананың тереңірек бұзылуы. 3 сатыдан тұрады.

А. Жеңіл саты. Науқас ұйқылы жағдайда. Аз сөйлейді.Қыймыл әрекеті аз, әлсіздікке, шаршағандыққа шағымданады.
В. Орташа сатысы. Науқас төсекте көзін жұмып жатады. Сұрақтарға жауап береді.
С. Ауыр саты. Науқас қатты ұйқыда. Оны қатты сілкілеу арқылы оятуға болады. Бірақ көзін ашып, қайта ұйқыға кетеді.



  1. Сопор-науқас ес-түссіз. Ауыртқыштан басқа ешқандай тітіркендіргіштерге жауап бермейді. Қоршаған ортаны ешқандай жобалау жоқ.




  1. Кома-сана бұзылуының ең ауыр түрі, науқас ешқандай тітіркендіргіштерге жауап бермейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет