Пайдаланған әдебиеттер



бет1/4
Дата05.11.2016
өлшемі0,9 Mb.
#613
  1   2   3   4
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Қапашев, Л. Дина мен Сейтек //Ана тілі.-2011.-6 шілде(№26).-3 б.

2.Дина күйші. Жинақ /Құраст. Ғ.Әнес. Толықтырылған.-А: «Арыс» баспасы, 2010.-336 б.

3.Алаштың ардағы .-Астана: «Руханият», 2010.-116 б.

4.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтама.-А: «Аруна», 2010.-199 б.

5.Қазақ өнерінің тарихы.- 3томдық (ХІХ ғасыр және ХХ ғасырдың бірінші жартысы, ІІІ том).-А: «Өнер», 2008.-378-379 бб.

6.Тарихи тұлғалар.-Алматы: «Алматыкітап» ЖШС, 2005.-257 б

7.Ғаламтор (http://anatili.kazgazeta.kz. wikipedia.org)

8.Дина күйші. Жинақ/Құраст. Қ.Орынғали.-А: «Арыс» баспасы, 2004.-276 б.

9.Бекенов, У. Ғылыми—көпшілік кітап.-А: «Өнер», 2002.-13 б. 10.Жамбыл әлемі: (Фотоальбом) /Құраст. О.Таланова.-А: «Өнер», 1996.-192 б.



Құрастырушы:

А.Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасының меңгерушісі Құрманова Б.Д




А.Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасы



Күмбірлеген домбыраның сазды үні



Дина НҰРПЕЙІСОВА (1861-1955) 

Әдістемелік құрал



2016


Оқырманға

Әдістемелік құрал күйші-композитор, қазақ музыка мәдениетінің аса көрнекті қайраткері, Қазақ КСР Халық артисі Дина Нұрпейісованың 155 жылдығына арналған.

Көмекші құрал мәдениет қызметкерлеріне, студенттерге, өнер сүйер қауымға, халық әртісінің өмірі мен өнер жолымен жақынырақ танысқысы келетін жалпы көпшілікке арналады.

Жүргізуші: Құрманғазыдан тәлім алған еліміздің біртуар таланты Дина Нұрпейісова өзінің шығармашылығымен барша халқымызды күй өнерінің қуанышына бөледі. Күйшінің туындылары ұлттық музыкалық бояуымен, терең мазмұнымен дараланған. Дина Нұрпейісова шығармашылық жолында халқымыздың музыка өнеріндегі өткені мен бүгінін сабақтастырып, елінің арман-аңсарын, үміт-тілегін абыроймен арқалады.  Дара күйшілігімен, талантты туындыларымен Дина Нүрпейісова қазақ күйлерінің өрісін ұзартып, өресін биіктетті. Бүгінгі күні дарынды композитордың қарымды өнері халқымыздың рухани өміріне зор үлесін қосып, ел қазынасының «Алтын қорына» еніп отыр. Балалар, өнер туралы мақал-мәтелдер кім біледі? Жалғасын табыңдар.

1. Өнерлі... /өрге жүзер/
2. Өнер алды... /қызыл тіл/
3. Өнерлінің... /өрісі кең/
4. Шебердің қолы ортақ... /шешеннің сөзі ортақ/
5. Өнер... /киелі/
6. Жігітке жеті... /өнер де аз/


Иә, балалар, шын асылды тот баспайды. Динаның қанатты өнері халқының рухани асыл қазынасы ретінде бүгін мен болашаққа қызмет көрсете бермек. Балалар, осымен «Қазағымның жүрегінен жа­рал­ған, даламыздың үнісің сен, домбыра!» демекші, Халық әртісі, күйші, композитор, қазақ халқының мәдениет қайраткері Дина Нұрпейісованың 155 жасқа толуына орай өткізілген әдеби –сазды сағатымыз аяқталды.


республикалары музыкасының 3-ші онкүндігінде өнер көрсетті. Сол жылы ол (Қазақ ССР-інің халық әртісі» атағын иемденді. Ал, 1945 жылы соғыстың аяқталуына орай «Жеңіс» күйін жарыққа шығарды.   Ол осы сапарында халық өнерпаздарының Бүкіл Қазақстандық байқауында бірінші орынға ие болады. 1944 жылы 83-жасында Орта Азия Республикаларының қатысқан жарысында да жеңімпаз атанады. Динаның шығармашылығы жайлы С.Бақбергенов «Қайран шешем» (1963ж) атты роман жазды. Дина қазақтың күйшілік өнеріне өшпес із қалдырған біртуар дарын. Егер оның күйшілік бастау алған тегін іздеу керек болса Дәулеткерей мен Құрманғазыға қарай бұру керек. Екі ұлы күйшіден сусындаған Динаның өзіндік өрнегін тапқан күйші. Дәулеткерей мен Құрманғазының өршіл рухы Динаның қос қанатындай болған.

Жүргізуші: Дина «Той бастар» күйін 1940 жылы өткен Қазақстан Республикасының жиырма жылдығына арнап шығарады. Дина бұл күйінде бостандық алған, өз мемлекеті өркендеп келе жатқан экономикасы мен мәдениеті бар халықтың шалқыған қуанышын суреттейді. «Той бастар» жарқын болашаққа алып адаммен келе жатқан халықтың салтанатты марш сияқты. Бұл арнау күй. Құрылымы жағынан төкпе күй. "Әсемқоңыр" атты күйі Батыс Қазақстан облысы, Жалпақтал ауылына тұрмысқа шыққан қызы Қоңырға арналған. Күйді Дина қызын сағынып, зарығып отырып шығарған.

Оқушының орындауында Күй «Әсемқоңыр»

Ұлы тұлға туралы

 Менің оң қолым мен Динаның сол қолын бір кісіге берсе, дүниеде одан асқан домбырашы болмас еді


Құрманғазы, күйші
*****

 Бұған дейін Құрманғазының, Дәулеткерейдің, басқа да халық композиторларының күйлерін тартушылардың ішінен Динадай домбыра тілін білетін ешкім кездескен емес. Талантты домбырашы домбыра тартудың өзіндік жолын салып кетті



А.Жұбанов, академик
*****
Дала әйелінің ауыр жүгін ысырып қойып, өнерді қалай қастерлеуді үйреткен алып Ана.
А.Бақтыгереева, ақын
*****

Дина- қазақтың күйшілік өнерін жаңа белеске көтерген кемеңгер күйші
 А. Өтен,филология ғылымдарының

кандидаты


Домбыра, мұнша шешен болдың неге?

Күй толған көкірегің шежіре ме?

Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесін

Саусағым тиіп кетсе ішегіңе Қ.Аманжолов

Күй өнері – қазақ халқының ең басты рухани байлығының, жан дүние байлығының ең бір киелі, қасиетті түрі. Күй- қазақтың бағына біткен дара өнер, қастерлі дүние. «Ел іші - өнер кеніші» дегендей, халқымыз өнерлі жандарға кемде болған емес. Солардың бірі әрі бірегейі- әйгілі күйші Дина Нұрпейісова Халықтың күйші-композиторы, қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткері Дина Кенжеқызы 1861 жылы Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданында туып-өскен. Әкесі Кенже белгілі домбырашы қызына 8 жасынан бастап-ақ сол өнердің қыр-сырын үйрете бастаған. Дина ата-ана шаңырағында бұлаңдап өскен жас кезінің өзінде-ақ Дәулеткерей, Мүсірәлі, Әлікей, Түркеш, Ұзақ, Есжан, Байжұма, Баламайсаң сияқты күйшілердің күйін тартып, "домбырашы қыз" атанған. Қаршадай қыздың даңқын естіп, әйгілі Құрманғазы арнайы іздеп келіп, Динаның домбыра тартысына сүйсінген. «Менің оң қолым мен Динаның сол қолын бір кісіге берсе, дүниеде одан асқан домбырашы болмас еді» деп болашағынан үлкен үміт күтіп, батасын берген. Осыдан кейін Динадан көз жазбай, үнемі айналып соғып, додалы күй айтыстарына

алдында өз ойларын толық білдіре алмаушы еді. Саусағынан күй саулаған әйгілі күйші Дина Нұрпейісова домбырашы ғана емес кез келген той- думанда домбыра шертіп, күй тартумен бірге білегін түріп, күреске де түсетін шебер балуан да атанған. Динаның қос қолымен бірдей домбыра шертудегі шеберлігін көрген адамды ерекше қайран қалдыратын.

Каталог: files -> userfiles
userfiles -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
userfiles -> 85. Өнер. Өнер тану Құлахмет Қожықов – қазақ театры мен киносының тұңғыш суретшісі
userfiles -> Қазақстан тарихы
userfiles -> «елінің ерке серісі» (Ақан сері Қорамсаұлы)
userfiles -> Қазақстан тарихы
userfiles -> КӨгілдір экран – терең тамырлы өнер (Ж. ТӨлендинов – 85 жыл)
userfiles -> «Ұлы жеңіске – МӘҢгілік тағзым» кітап көрмесі
userfiles -> «сарыарқа самалы» атты облыс қаламгерлерінің 100 томдық шығармалар жинағы тұсаукесерінің сценарийі
userfiles -> «Қасиетті ана тілім, бал тілім» атты мақал-мәтелдер сайысының ережесі жалпы ереже Осы ереже «Қасиетті ана тілім, бал тілім»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет