Павлодар қаласы №122 мектепке дейінгі гимназиясы Ән-күй маманы: Махметова Г. К баяндама



Дата15.09.2017
өлшемі20,76 Kb.
#33285
Павлодар қаласы

122 мектепке дейінгі гимназиясы



Ән-күй маманы: Махметова Г.К

Баяндама

Фольклор ол атадан балаға тарап мирас болып келе жатқан мәдени мұра. Халқымыздың салт-дәстүрге арналған ән-жыр мен сазды күй шығармалары бала тәрбиесінде ерекше орын алады. Халықтың ән-күйі баланың ой- өрісінің жетіліп, алдағы өмір шындығындағы дұрыс мінез -құлықтың

алыптасуына әсер етеді. Бала бойын ізгі сезімдерге жетелеп, адеагершілік, сыйластық, бауырмал, үлкенді сыйлау, дос болу қасиеттерін дамытады.

Фольклордың бала тәрбиесіндегі тиімділігі:



  1. Ұлттық музыка шығармаларын танып білуде тыңдау арқылы эстетикалық, эмоционалдық көңіл бөлу ынта-қабілеттері артады. Мысалы: Тыңдаған шығармадағы аспапты темірлік үнінен тануы. Аспаптың даусын табиғаттағы құбылыстармен ,әр түрлі құстардың,аңдардың дауысымен салыстыру.

  2. Музыкалық мәнерлеу құралдарын айқын орындау.

Мысалы: Тамаша! Алақай! Бүгін қай күн? -деген әнде кездесетін сөздерді арнайы көңіл-күйде орындау.

  1. Халық өнерін, салтын сипаттап беретін ұлттық би элементтері, дене мүшелерінің өсіп жетілуімен орай, ұлттық нышандар мен қол өнерін дәріптейді.

Мысалы: «Қамажай» биі «Айжан қыз» биі қазақша адым жасап билеумен сұлулыққа жетелесе, «Киіз басу» биі қазақтың қол өнерін сипаттап, бала бойын әуеннің ырғағаын сезінуге тәрбиелейді.

Ұлттық асыл мұрамыздың бірі – Айтыс. Айтыстың түрлері алуан: «Жұмбақ айтысы», «Әзіл айтысы», «Қыз бен жігіт айтысы» т.б. Айтыс өнерінде бала тәрбиесінде қолдану өте тиімді. Мектеп алды даярлық тобының балаларының тілдік қорларын байытып, ой-өрісінің кеңейуіне өте үлкен үлес қосады. Балалардың белсенділігін арттырып, шығармашылыққа баулиды. Мысалы: Дайындық «Б» тобында балалармен әзіл айтысын құрастырып, жаттап, әуенге ілесе орындап жүрміз


Еркем-ай әнінің ырғағымен: Домбырам басы ырғайды,

Қыздар қолын бұлғайды.

Қазақшаны үйретсекте,

Біздің ұлдар болмайды.



Ұлдар: Еркем еркем еркем – ай,

Біздің қыздар көркем – ай.

Қазақшаны білмесек те,

Мың бұралып билейміз.

Бала дауыс құралы (аппараты) ересек адамдарға қарағанда әлде қайда нәзік, және үнемі даму үстінде болады.Сондықтанда әдемі ,нәзік бала даусына қорғаныш керек.Әсіресе психологикалық күйзеліске түскенде; баланың айқайы, іштей қорқынышы дауыс құралдарының дамуына кері әсерін тигізеді. Баланың дауыс құралы өзінше бір күрделі жүйе.Дем алу жолдары-дауыс құралының бір бөлшегі болып табылады.Олар өкпе дем алу жолдары,дауыс дірілін көрсететін дауыс шымылдығы, жақтың ашылу, жабылу сәттері, барлық дауыс құралдары бір-бірімен тығыз байланысты.Ән орындау кезінде осы аталған дауыс құралдары үздіксіз жұмыс жасап тұрады.Ал дауыс шығару құралдары орталық жүйке жүйесіндегі ми қабыршығына бағынып тұрады.
Каталог: uploads -> doc -> 0bff
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
0bff -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0bff -> Сабақ Әдебиеттік оқу Ыбырай Алтынсарин «Өзен» Мектеп: Подстепный қазақ жоббм күні
0bff -> “Конституция”-латын тілінен аударғанда “құрлыс” деген ұғымды білдіреді. Қазақша мағынасы- ел, мемлекет болудың тетігі деген сөз
0bff -> Тақырыбы: «Тәуелсіз елдің жас биологтары» сайысы
0bff -> Сабақтың тақырыбы: «Заттың атын білдіретін сөздер»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет