Павлодар қаласының №25 жалпы орта білім беру мектебі Смагулова Қымбат Ерболатқызы тарих пәнінің мұғалімі Инновациялық жобаның атауы



бет1/5
Дата17.11.2016
өлшемі1,18 Mb.
#1958
  1   2   3   4   5




Павлодар қаласының № 25 жалпы орта білім беру мектебі

Смагулова Қымбат Ерболатқызы

тарих пәнінің мұғалімі

Инновациялық жобаның атауы:

«Тарих сабағында инновациялық технологияларды қолдану негізінде оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту»

Жетекші идея:

білім беру үдерісінде жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану негізінде оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын ( коммуникативті, логикалық ойлау, аналитикалық құзыреттіліктерін) дамыту.

Жоба мақсаты:

білім беру үдерісінде жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану негізінде оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытудың жолдарын зерттеу, сабақ барысында инновациялық әдіс-тәсілдерді оқушылардың ең негізгі құзыреттіліктерінің қалыптасуына әсер етуін қарастыру. Жаңашыл демократиялық жолмен қисынды ойлай алатын тұлғаны тәрбиелеуде оқыту-тәрбие беру үрдісінде демократиялық қағидаларды қолдану.

Жоба міндеттері:

  • қазіргі заманғы оқушыны тәрбиелеу мен оқытуда функционалдық сауаттылықтың мәнін ашу;

  • білім беру үдерісінде инновациялық технологияларды қолдану оқушылардың функционалдық сауаттылықтарының қалыптасуына әсер етуін қарастыру;

оқу мен оқытудағы жетістерге жетудің қазіргі заманғы әдіс-тәсілдерді қарастыру.

Қолдану саласы:

тарих және құқық сабақтары

Жобаның қысқаша андатпасы:

Қазіргі заманғы оқу үрдісін ұйымдастыруда инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту. Қазіргі заманғы барлық құзыреттіліктері дамыған, азаматтық позициясы бар тұлғаны қалыптастыру. Әлемдік педагогиканың барлық жақсы әдістерін бойына жинаған инновациялық технологиялардың бірі – деңгейлік бағдарлама болып табылады. Яғни сабақта жеті модульді тиімді пайдалану арқылы оқушылардың білімдерін кеңейту, сыни тұрғыдан ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Жүзеге асыруға дайындық дәрежесі:

Тәжірибе аяқталған

Қолданудан күтілетін нәтижелер:

Оқушылардың бойында коммуникативті, логикалық ойлау құзыреттіліктері, заңды білу және оны практикада қолдана алу құзыреттіліктері дамиды

Тарих сабағында инновациялық технологияларды қолдану негізінде

оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту

Бұл зерттеу жұмысында қазіргі заманғы оқу үрдісін ұйымдастыруда инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту тәжірибесі қарастырылған. Қазіргі заманғы барлық құзыреттіліктері дамыған, азаматтық позициясы бар тұлғаны қалыптастыру. Әлемдік педагогиканың барлық жақсы әдістерін бойына жинаған инновациялық технологиялардың бірі – деңгейлік бағдарлама болып табылады. Яғни сабақта жеті модульді тиімді пайдалану арқылы оқушылардың білімдерін кеңейту, сыни тұрғыдан ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.



Оқушылардың пәндік білімдеріне, ептіліктеріне және дағдыларына сүйене отырып, оқу пәндері арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту үдерісі ойлау дағдыларын қалыптастыру негізінде жүзеге асады.

Бұл тәжірибе бойынша жұмыстар мектепішілік педагогикалық кеңесте, қалалық шығармашылық топтардың семинарларында, мектепішілік шығармашылық топтың жұмысында таратылды.

«Қай істің болмасын өнуіне үш түрлі шарт бар. Ең әуелі ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тәртіп керек»

М.Әуезов 

Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Біздің еліміздің негізгі тірегі – зияткерлік ұрпақ мүм­кіндігі. Сондықтан да біздің жастарымыздың сапалы білім алуы маңызды. Оқушылардың мектепте алған білімін қоғамдық — әлеуметтік ортада пайдалануға икемдеу, олардың функционалдық сауаттылығын арттыру арқылы еліміздегі білім мен ғылымды дамыту мәселелеріне басымдық берілуі тиіс. Мұндай жаңа міндеттерді мұғалімнің кәсіби санасының өзгеруінсіз, кәсіби құзіреттілігінің өсуінсіз ескі психологиямен, ескі әдістермен, ескі біліктілік арттыру жүйесімен шешу мүмкін емес. Олай болса қоғам – жаңалыққа жаны құмар, жаңаша ойлайтын, өзгермелі өмірге икемделіп қана қоймай, оны жағымды жаққа өзгертуге белсенді қатысатын ұстаздарға мұқтаж.



Зерттеудің көкейкестілігі: Оқушылардың практикалық жағдайда алған білімдерін тиімді қолдануға мүмкіндік беретін негізгі құзыреттіліктерді меңгеруі бүгінгі күні оқушы тұлғасының сапасына мемлекет қойып отырған талаптардың ең бастысы болып саналады. Қандай факторлар кіші мектеп оқушысының функционалдық сауаттылығын дамытуға әсер етеді?

Қазақстандық мектеп оқушылырының функционалдық сауттылығын дамытудың механизмі қандай? Қазіргі таңда мемлекетімізде өзіндік азаматтық позициясы бар, өз ойын еркін білдіре алатын, барлық технологияларды меңгерген, барлық жағынан дамыған тұлғаны дамыту мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Сондықтан қазіргі таңда білім беру үдерісінде заман талабына сай жаңа педагогикалық технологияларды қолдану қажеттілігі бар.

Сабақта инновациялық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың танымдық және ойлау үрдістерін белсендіру» мәселесі бойынша түсініктілік және белгілілік енгізді:  



- бұл стандарт, оқу бағдарламалары, жоспарларды жаңғырту;

- бұл оқудың түрі, әдістері мен технологиясын жаңғырту;

- бұл оқушыларға білім беру  нәтижелерін бағалау жүйесін дамыту;

- бұл балаларға білім беру мен тәрбиелеуге ата-аналардың белсенді қатысуын қамтамасыз ету және т.б. жалпы әлемдік  тенденциялар контекстінде және ХХІ ғасырда білім беруге қойылған талаптар негізінде Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру функционалдық сауаттылықты дамыту мәселелерін шешеді. Еліміздің білім беру саласындағы бүгінгі күннің аса өзекті мәселесі: тарихты жан-жақты, терең оқыту. Себебі, Елбасымыз айтқандай, өз елінің тарихын білмеу, оның қыр-сырына көңіл бөлмеу өз халқы мен тілін сыйламауы. Сонымен бірге жұмыс істету барысында оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту мәселесіне қатысты зерттеудің теориялық тұрғыдан ғана қарастырылуы, жүйеленбеуі. Сол себептен осы жұмыста бұл мәселе көрініс табады.

Зерттеудің мақсаты: білім беру үдерісінде жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану негізінде оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытудың жол-дарын зерттеу, сабақ барысында инновациялық әдіс-тәсілдерді оқушылардың ең негізгі құзыреттіліктерінің қалыптасуына әсер етуін қарастыру. Жаңашыл демократиялық жолмен қисынды ойлай алатын тұлғаны тәрбиелеуде оқыту-тәрбие беру үрдісінде демократиялық қағидаларды қолдану.

Зерттеудің міндеттері:

  • қазіргі заманғы оқушыны тәрбиелеу мен оқытуда функционалдық сауаттылықтың мәнін ашу;

  • білім беру үдерісінде инновациялық технологияларды қолдану оқушылардың функционалдық сауаттылықтарының қалыптасуына әсер етуін қарастыру;

  • оқу мен оқытудағы жетістерге жетудің қазіргі заманғы әдіс-тәсілдерді қарастыру.

Зерттеудің нысанасы: оқу үрдісінде оқушының жан-жақты дамуы мен функционалдық сауаттылықты дамыту арқылы жеке тұлға болып қалыптасуына әсері.

Зерттеу пәні: тарих пәні арқылы оқушылардың функционалдық сауат-тылықтарын, өмірде қажет болатын ептіліктері мен дағдыларын дамыту жолдары.

Зерттеу әдістері: Сабақ барысында сараптау әдісімен талдау жасау, салыстырмалы түрде алынған нәтижелер бойынша жасалынған мониторинг көрсеткіштері. Жинақтау әдісі негізінде теориялық білімді тәжірибемен ұштастыру және жинақталған білім мазмұнын жүйелеу. Оқушылардың жеке тұлғасының дамуы балалардың сабақ барысында және сабақтан тыс, жекелей жүргізілген жұмыстарның нәтижесі және сапасынан алынған салыстырмалы негізінде алынған көрсеткіштер.

Зерттеу жаңалығы: оқушылардың функционалдық сауатталықтарын қалыптастыруда қолданылатын инновациялық технологияларды қолдану үдерісін зерттеу аз зерттелген мәселе. Сол себептен осы жұмыста оқушылардың функцтоналдық сауаттылықтарын дамыту жолдары қарастырылған.

Зерттеу болжамы: Егер, заманауи оқытудың тиімділігі оқытушы мен оқушының шығармашылық жұмысында, оқушылардың өз қабілеті мен жүйелі түрде ойлауын қалыптастырсақ, онда пәнаралық байланысты жүзеге асыру үшін оқытуды өмірмен және еңбектенуге үйретумен байланыстырар едік, өйткені, оқушылардың еңбек өндірісін олардың оқудан тыс іс-әркетімен байланыстыруға тұлғаның әлеуметтік, мәселелік жағдаяаттардан ізденіп, алған білімдер негізінде өзбетінше шешім табуға үйрете отыра, нәтижесінде жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға жағдай тудырылар еді.

    1. Білім беру үдерісінде инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытудың теориялық негіздері




    1. Сабақта инновациялық технологияларды қолдану негізінде жеке тұлғаны дамытудың ғылыми- теориялық негіздері.

Ғалымдардың айтуы бойынша, сауатсыздық дерті адамға кішкентай кезінен бастап жұғады екен. Әсіресе бүлдіршінді жазу мен оқуға баули бастаған 1-ден 3-сыныпқа дейінгі аралықта пайда болады. Яғни, үшінші сынып оқушысы ешқашан кітапханаға бармаса, оқулықтан басқа ешқандай кітап оқымаса тағы бір ертеңгі сауатсыздың дүниеге келгені. Ғалымдардың айтуынша, 8-сыныптан бастап оқушылардың 60 пайызының өз бетімен жазып-оқуға деген ынтасы жоғалады екен. Тіпті түлектердің үштен бірінің оқуға мүлдем құлқы болмайтын көрінеді.

Сондықтан да аталмыш тапсырманы орындау үшін Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұловтың басшылығымен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған 2012-2016  жылдарға арналған Ұлттық әрекет жоспары құрылды.



Функционалдық сауаттылық дегеніміз – адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығын әрдайым жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады. Яғни, оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануына үйрету.

Пәндік білімдеріне, ептіліктеріне және дағдыларына сүйене отырып, оқу пәндері арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту үдерісі ойлау дағдыларын қалыптастыру негізінде жүзеге асады. Ойлау дағдыларын қалыптастыру және дамыту құралдарына тапсырма түрінде берілген пәндік БЕД жатады, ал ұйымдастыру формасына – проблемалық жағдайлар жатады. Осыған байланысты, ойлау дағдыларының өзі БЕД-тердің құзыреттілікке көшуінің құралы ретінде қызмет атқарады, яғни функционалдық сауаттылығы.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі Ұлттық жоспардың қабылдануы – оқыту әдіснамасы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту болып табылады.

Қазір еліміздің түкпір-түкпірінде оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдермен қаруланған біршама ұстаздар қауымы өз мамандығына деген сүйіспеншілігі арта түсіп, жаңа нәтижелерге жетуде, шәкірттерінің жаңа белестерді меңгеруіне жол ашуда.

Соның бірі функционалдық сауаттылықты дамытудағы білім мазмұнының жаңғыруы – сындарлы оқыту теориясына негізделгендігі. Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.

Сондай-ақ оқушының жеке тұлға және әлеуметтік нысан ретіндегі келешегі басты назарға алынады. Оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас түбегейлі өзгерісті керек етеді. Яғни дәстүрлі оқулардағы оқытушы мен шәкірт арасындағы көп жағдайлар оқушы көңілін қанаттандыра бермейтін қалыптасқан заңдылықтар ұстаз бен шәкірт арасындағы серіктестік қарым-қатынасқа ауысады.

Сонымен қатар оқушыға қалай оқу керектігін үйрету, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни ойлай алатын, пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыру.

Сонымен мектеп тәжірибесінде табысты қолдануға ықпал ететін әдістемелік сипаттағы бірқатар жалпы ұсыныстардан тұратын сындарлы оқытудың (бағдарламаның) жеті модулі:


  • оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;

  • сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;

  • оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;

  • оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану;

  • оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу;

  • оқытудағы басқару және көшбасшылық болып келеді.


Каталог: files -> blogs
blogs -> Тақырыбы: Ленинград қорғанысы Мақсаты: Білімдік
blogs -> Программа по предмету «Русский язык»
blogs -> Сабақ түрі : Аралас сабақ Әдіс-тәсілдері : баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту,топпен жұмыс
blogs -> «Мұрагер»» бағдарламасы жайлы
blogs -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы пәндерінің
blogs -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
blogs -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
blogs -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша
blogs -> Сабақ тақырыбы: Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа»
blogs -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет