Павлодар қаласының №25 жалпы орта білім беру мектебі Смагулова Қымбат Ерболатқызы тарих пәнінің мұғалімі Инновациялық жобаның атауы



бет3/5
Дата17.11.2016
өлшемі1,18 Mb.
#1958
1   2   3   4   5

Сабақтағы жұмысты тиімді ұйымдастыру үшін және сабақ басталмас бұрын оқушылардың ойлау іс-әрекеттерінің белсенділіктерін арттыру үшін сыныпта оқушыларды белгілі бір ретпен отырғыздым. Мысалы, топта үлгерімі жоғары және үлгерімі төмен оқушыларды араластырып бір топқа отырғыздым. Сондай-ақ, оқушыларды отырған кезде социометриялық зерттеулердің нәтижелерін есепке ала отырып, әр топқа көшбасшы бола алатындай оқушыларды отырғыздым. Топта осылайша, отырғызу сабақта оң нәтижелерін берді. Себебі, топта белсенді оқушылар көшбасшылар болып топты жұмысқа жұмылдырып отырды.

Топтағы жұмыс істеу тәртібі ұйымдасқан болу үшін әр топқа кубик бойынша жұмыс істеу ережесін ұсындым (2-суретті қараңыз).



2-сурет

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай байқағаным, бұл сыныптағы оқушылардың белсенділіктері жақсы, кейде оқушылардың эмоциялары тым көп болып кетеді де, балалар бір-біріне бөгет жасап жатқандықтарын байқамай қалады. Сол себептен сабақта тыныштық және жұмыс істеген кезде тәртіп болу үшін осы кубик бойынша жұмыс істеу өте тиімді болды. Себебі оқушылар жұмыс істеген кезде өз - өздерін реттеуге үйреніп, топтар бір-бірінің жауаптарын күтіп тыңдауға үйреніп, сөйлеу кезегін жақсы ұстана бастады. Топ ішіндегі оқушылардың барлығын жұмысқа жұмылдыру үшін әр топ мүшесіне рөлдер бөлінді. Бұл ретте тіпті оқудағы үлгерімі төмен балаға арнайы міндеттер жүктеліп, ол топтық жұмысқа өз үлесін қосты. Мысалы, оқушыларға спикер, таймкипер, бағалаушы, бақылаушы, дизайнер сияқты рөлдер тағайындылды. Менің байқағаным, оқушыларға рөлдер және рөлдерге сәйкес міндет жүктеу топтың нәтижелі жұмыс жасауына жақсы септігін тигізді. Оқушыларға рөлдер беру өте ұнады. Оқушылар рөлдеріне сәйкес бұлжытпай міндеттерін атқара білді.

Оқудың нәтижелілігіне қол жеткізу үшін мен сабағымда бағдарламаның жеті модулін тиімді ықпалдастыруға тырыстым. Тарих пәнінің басқа пәндерден ерекшелігі оның көлемділігі мен оқушылардан арнайы ептіліктердің болуын талап ететін пәндердің бірі. Бұл пәнді түсіну үшін оқушылар болып жатқан оқиғаларды байланыстыра біліп, нақты тұлғалар мен үдерістерді, уақыт мерзімділігі мен бұл оқиғалардың реті мен маңыздылығын білуге тиіс. Яғни, тарих сабақтары оқушыларға қиындыққа соқпау үшін оларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Кейде бұл сабақта оқушыларға нәтиже жасап, көп ой қорыту қажет болғандықтан кейбір оқушыларға бұл пән қызықсыз болып көрінеді.

Мұғалім нұсқаулығында сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің да сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. [Мұғалімге арналған нұсқаулық, 49 бет].



Осы орайда оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту үшін мен бұл сабақтың А кезеңінде бастапқыда ой қозғауға арналған бейнероликті көрсете отырып, «Миға шабуыл», «Кластер» сияқты стратегияларды қолдандым (3-суретті қараңыз).

3-сурет


Бұл стратегияларды қолдану ұтымды екендігіне көзім жетті, себебі оқушылар сабақ төңірегінде өздері ойланады, сабақтың тақырыбын өздері табады. Осылайша, оларда қызығушылық пайда болады. Сондай-ақ, сыни тұрғыдан ойлауға үйретуге ыңғайлы стратегиялардың бірі «ЖИГСО», бұл стартегияны сабақтың А кезеңінде пайдалана отырып, кең көлемді материалды оқушыларға игеруге ыңғайлы екендігіне көзім жетті. Бұл әдістің тағы бір жағы тақырып бойынша «ЖИГСО» әдісін қолданған кезде оқушылар топтық және зерттеушілік диалогқа жақсы түседі, әуелі олар топта талқылайды, одан соң білгендерін сыныпта түсіндіреді, бұл ретте менің өзіме оқушылармен диалогқа түсуіме қолайлы жағдай туындағанын аңғардым (4-суретті қараңыз).

4-сурет


Сонымен қатар оқушылардың сыни тұрғыдан ойлатуға арналған стратегиялардың бірі «төмен және жоғары деңгейдегі сұрақтарды» құрастыру тапсырмасы.

Александердің (2001, 2008) Диалогтік оқытуына сәйкес диалектикалық және диалогтік педагогика тұрғысынан оқушылардың ой-пікірлері назарға болмашы ғана алынатын сыныптағы қарым-қатынастың дәстүрлі моделіне күмәнмен қарайды. Ол балалардың күннен-күнге қолжетімділігі артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамыту керектігін басып айтады [Мұғалімге арналған нұсқаулық, 51 бет].

Оқушылар бұл тапсырманы орындаған кезде сынып жалпы зерттеушілік диалогқа түсіп, тақырып бойынша маңызды мәселелер талқыланды. Осы тапсырманы ұсынған кезде сыныптағы дарынды және талантты балаларға «жоғары деңгейлі» сұрақтардан күрделенген екі сұрақ құрастыру тапсырмасы берілді. Сынып ішіндегі төрт дарынды бала бұл тапсырманы орындай алды. Сынып ішіндегі дарынды балалардың жұмысы топтың тақырып бойынша постерлерін қорғаған кезде және топтың көшбасшылары ретінде жұмысты ұйымдастырған кезде, сондай-ақ, сыныптастарын бағалаған кезде айрықша көрінді.

Сабақтың А кезеңінде тақырыпты анықтаған кезде акт-ны қолдану тиімділігі көрінді. Оқушылар ерекше қызығушылықпен кластерді өздері толтырды.

Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған (Hattie, 2009).

Міне осы сындарлы оқытуды негізге алған бағдарламаны оқу барысында 7 модуль қамтылған. Осы жеті модульдің ішінде «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулін өз сабақтарымда пайдаландым. Дәстүрлі оқыту жүйесінде баланы бағалауда тек мұғалімнің ғана ықпалы болатын және көбіне баланың жауап беру стиліне қарап салыстырмалы немесе ынталандыру бағасы қойылатын, сонымен қатар нақты білім бағаланатын.

Сондықтан балалардың өз білімін өзі бағалауы маңызды деп ойлаймын. Әрі қарай өзін қалай дамыту керек екенін, нені үйренгенін және нені үйрену керек екенін оқушылар өздері шешу керек және одан арғы қызметті өздері белгілеулері қажет. Мысалы, оқушыларға рефлексивтік кестені толтыру арқылы бағалауды ұсынған кезде оқушылар сабақ тақырыбын қаншалықты түсінгендіктерін және топтық жұмыс жасау оларға қаншалықты тиімді, сондай-ақ сабақтағы кері байланысты орнатуға мүмкіндік береді, сондай - ақ оқушылардың сабаққа деген көзқарасын білуге болады.

Оқыту үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы мүмкін және мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, оқушылар белсенді қатысуы керек. Талпынғандар ғана білім ала алады. Білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды үйренуі қажет, сондықтан оқушыларға өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеу қажет. Бұл олардан түсінушілікті, қызығушылықты және ықыласпен әрекет етуді қажет етеді [МАН, 58 бет].



Сабақ барысында бағалаудың оқыту үшін бағалау түрін сабақтың әр кезеңінде қолдану оқудың нәтижелілігіне оң әсерін тигізеді. Сабақ барысында мен формативті бағалаудың «Шапалақтау», «Бағдаршам», «Екі жұлдыз, бір тілек» түрлерін қолдандым. «ЖИГСО» стратегиясын пайдаланған соң оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендіктерін түсіну үшін оқушыларға «бағдаршам» бойынша бағалауды ұсындым (6-суретті қараңыз).



6-сурет

Нәтижесінде сыныптағы жиырма оқушыдан тақырып бойынша сұрақ үш балада ғана туындады. Оқушылардың сұрақтарына жауап бергеннен кейін, олар бұл тақырыпты меңгергендіктері білінді. Оқушылар формативті бағалауға үйренгеннен кейін бір-бірін суммативті бағалай алды.



Сабақтың С кезеңінде оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінгендіктерін білу үшін сабақта кері байланысты орнату маңызды болып табылады. Бұл сабақта кері байланыстың «шығу парағын» толтыру арқылы білдім. Оқушылардың сабақта не туралы білім алағандықтарын, нені түсінгендіктері айқын көрінді. Ал оқушылардың сабаққа деген көзқарастарын білу үшін оларға смайликтерді көтеруді ұсындым. Смайликтер арқылы оқушылардың сабаққа деген көзқарастарын білдім (7 - суретті қараңыз).

7-сурет


Барлық оқушыларда күлімдеген смайликтің бейнесі көрінді. Осындай кері байланысты орнату арқылы оқушылар қалай оқып жатқандықтарын, нені оқып жатқандықтарын түсінді. Сабақ барысында оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес отырғызу және оларға жас ерекшеліктеріне сәйкес барлық тапсырмаларды беру қарастырылды. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай ұзақ және қысқа мерзімді жадыларын дамытуға тапсырмалар берілді.


Каталог: files -> blogs
blogs -> Тақырыбы: Ленинград қорғанысы Мақсаты: Білімдік
blogs -> Программа по предмету «Русский язык»
blogs -> Сабақ түрі : Аралас сабақ Әдіс-тәсілдері : баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту,топпен жұмыс
blogs -> «Мұрагер»» бағдарламасы жайлы
blogs -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы пәндерінің
blogs -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
blogs -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
blogs -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша
blogs -> Сабақ тақырыбы: Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа»
blogs -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет