Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты 2017 жыл



бет7/20
Дата09.06.2020
өлшемі0,6 Mb.
#72749
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20
Байланысты:
Құдайберген Ақбота
Ақбота діни ұйымдар, Ақбота діни ұйымдар

Ораза

  • Оразаның сөздік мағынасы – бір нәрседен алыстау, шариғи мағынасы – ораза ұстауға күші жеткен адамның ниет етіп, таңның атуынан күннің батуына дейінгі уақытта оразаны бұзатын нәрселерден сақтануы.
  • Ораза белгілі бір уақытта ішіп-жеуден және құмарлық сезімдерден сақтану. Мұсылмандар рамазан айында ораза ұстайды.

Оразаның түрлері: парыз, уәжіп, нәпіл.

  • Оразаның түрлері: парыз, уәжіп, нәпіл.
  • Парыз ораза – рамазан айының оразасы және қазаға қалған ораза, кәффәрәті, яғни рамазан оразасын әдейі бұзудың жазасы үшін ұсталатын ораза.
  • Уәжіп ораза – белгілі бір уақытта ораза ұстауға ниеттенгеннен кейін тағайындалған ораза. Белгілі бір уақыты белгіленбей кез келген бір күні, не болмаса бір айда ұстаймын деген ораза тағайындалмаған уәжіп ораза.
  • Нәпіл ораза – күн ара ауыз бекіту, әр айдың он үшінші, он төртінші, он бесінші күні ораза ұстау. Әр аптаның дүйсенбі, бейсенбі күндері ораза ұстау, шәууәл айында алты күн ораза ұстау, Арафа күнінде ораза ұстау, Ашура күні ораза ұстау. Сонымен қатар, Зилқағда, Зилхижжа, Мухаррам және Рәжап айларының бейсенбі, жұма, сенбі күндері ораза ұстау және Шағбан айында ораза ұстау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет