Педагогика кафедрасы



бет1/9
Дата05.11.2016
өлшемі2,69 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ

ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ


СМЖ 3 - деңгейдегі құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18.19-002-2014



«Педагогика» пәнінің оқу-әдістемелік кешені (оқытушылар үшін)

№ 2-басылым 16.06.2014

№1-басылым 05.09.2013 орнына




«Педагогика» пәні бойынша


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Барлық мамандықтарға арналған




Cемей -2015
1.ӘЗІРЛЕГЕН:

Құрастырушы: _Турғанбаева Б.Ш. п.ғ.к.,доцент м.а.________ педагогика кафедрасының доценты Дуйсембекова Ш.Д.

05___.____. 2015 ж.
2.ТАЛҚЫЛАНДЫ:

2.1. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің

Педагогика кафедрасының мәжілісінде қаралды.

Хаттама № ____. ___.____. 2015 ж.

Кафедра меңгерушісі қ.а.: ______________ /Фазылбеков И.Ш../
2.2. Педагогика факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында.

Хаттама № ____. ___.____. 2015ж.

Төрағасы: ________________ /Ахметова Т.Ш./
3. БЕКІТІЛДІ:

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданған және басып шығаруға ұсынылды.

Хаттама № ____. ___.____.2015ж.

ОӘК төрағасы: ____________ /с.ғ.д. Искакова Г.К./



4. АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН басылымның орнына)


Мазмұны


  1. Глоссарий

  2. Дәріс

  3. Практикалық және зертханалық сабақтар

  4. Білім алушылардың өздік жұмыстар



1 ГЛОССАРИЙ

Білім беру білім алушылардың білімдер жүйесін қалыптастырудағы білім, іскерлік пен дағдыларын меңгертудің үдерісі, олардың негізінде дүниетанымдық, адамгершілік және т.б. тұлға қасиеттері, адамға тән көзқарастардың қалыптасуы, шығармашылық күш пен қабілеттерінің дамуы. Оқыту – арнайы ұйымдастырылған, мақсатты бағытталған үдеріс, оның жүргізілу барысында білім алушылар белгілі бір көлемде білім, іскерлік пен дағдылар жүйесін игеріп, табиғи қабілеттері дамиды, әлеуметтік және тұлғалық мәнге ие қасиеттердің қалыптасуы жүзеге асады.

Әдіс (грек. «methodos» - шындыққа жетудің жолы) ретке келтірілген іс-әрекеттің белгілі бір тұрғыда мақсатқа жету жолын білдіреді.

Бейнелік көрнекілік – сабақта заттар, құбылыстар мен үдерістер бейнесін, олар туралы теориялық білімдерді көрсету. Бейнелеу көрнекілігінің өзі үш түрлі болады: көркем бейнелеу, символдық бейнелеу және мәтіндік бейнелеу.

Бекіту – екінші қайтара ұғу және оқылған материалды бірнеше рет еске түсіру үдерісінен тұрады. Білімнің беріктігі, пәрменділігі практика жүзінде тексеріледі.

Білім берудің жаһандануы білім берудің ашықтығына бағытталған, яғни білім алудың жалпыға қол жетімділігі, оны игерудің мол мүмкіндіктерінің болуы.

Вариативті компонент аймақтық және жергілікті әлеуметтік мәдениеттің ерекшеліктері мен дәстүрлерін ескеретін, білім алушылардың бейімділігі мен қызығушылығына байланысты жеке даму қасиеттерін қамтамасыз ететін типтік оқу жоспарының бөлігі.

Жинақтау – заттың немесе құбылыстың нақтылы ортақ белгілерін анықтау және жүйелеу, нақтылыдан абстрактіліге өту, пікірлер, ойлар қалыптастыру, өзіндік қорытындылар мен дәлелдеулерге өту үдерісі.

Заттық көрнекілік – нақтылы заттарды, құбылыстар мен үдерістерді демонстрациялау. Оқытушының басты міндеті – көрнекілік арқылы педагогиканы оқыту барысында арнайы феномендерді, заңдылықтарды көрсету. Бұл жақсы түсіну мен есте сақтауға негіз болады. Осы орайда «жүз рет естігенше, бір рет көрген артық» деген белгілі мәтел қолданылса керек.

Инвариантты компонент білім алушылардың жалпы адамзаттық идеалдар мен мәдени дәстүрге сәйкес тұлғалық қасиетінің қалыптасуын қамтасыз ететін және мемлекет аумағында білім берудің біртұтас кеңістігін құрайтын типтік оқу жоспарының түйіні.

Көркем бейнелік көрнекілік - бейнеленуші нысанды немесе жағдайды бөлшігесіне дейін қалдырмай бейнелейді. Бұған фотосуреттерді көрсету, суреттер, кино және бейнефильмдерді демонстрациялау жатады. Басқа жағдайларда сурет өнері мен суреттер де қолданылуы мүмкін. Фильмдердің өзін ғылыми-көпшілік және көркем фильмдер деп екі типке бөлеміз.

Мамандандыруеңбек пәні мен нақты іс-әрекетін ескере отырып жасалған, педагогикалық мамандықтардың шегінде педагогты нақты іс-әрекет түріне дайындауға бағытталған педагогикалық пәндерді іріктеу. Мысалы, педагогика пәнің оқытушысы, әлеуметтік педагог, педагог-дефектолог және т.б.

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартытүлектерді кәсіби даярлаудағы міндетті түрдегі талаптар деңгейін анықтайтын және осы талаптарға сай оқыту мен бақылаудың мазмұнын, әдістерін, формаларын, құралдарын белгілейтін нормативті құжат. Жалпы педагогикалық білім беруді стандарттау түлектерді педагогикалық дайындаудың деңгейіне деген негізгі талаптарды анықтайды және сонымен қатар «норма», «үлгі» ретінде де қызмет атқарады.

Оқулық – қазіргі заманғы ғылым мен мәдениеттің жетістіктері деңгейінде белгілі бір жастағылар мен әлеуметтік топтарды оқыту мен тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін, белгілі бір салада жүйелі түрде баяндалатын білім негіздері туралы кітап.

Оқыту әдісі дегеніміз оқытушы мен білім алушылардың ретке келтірілген өзара байланысты іс-әрекеттерінің оқу үдерісіндегі білім беру, тәрбиелеу және дамыту міндеттерді шешуге бағытталған іс-әрекет түрі.Оқыту әдістері – оқу-тәрбие үдерісінде үйретуші, дамытушы, тәрбиелеуші, ынталандырушы (мотивациялық) және бақылау-түзетушілік қызметтерді атқарады.

Оқыту құралдары (педагогикалық құралдар) – оқытушының оқу үдерісіне ықпал етуде қолданатын барлық материалдар жиынтығы. Оқыту құралдарына педагогикалық міндеттерді шешуде қолданылатын рухани және материалдық мәдениет заттары жатады.

Оқытудың белсенді әдістері – оқу материалын меңгеру үдерісіндегі студенттердің танымдық іс-әрекетін арттыруға негіз болатын оқыту тәсілдері.

Оқытудың жекеленген жүйе әдісі – білім алушылар өздігінен, жекелей оқу материалын оқу әдебиеттері, бейнефильмдер, юниталар, слайд-дәрістер, курстық кейстер арқылы меңгеретін оқыту тәсілі.

Пәнаралық интеграция – болашақ педагог даярлығының барлық кезеңіндегі білімдер мен практикалық іс-әрекеттер бірлігі.

Педагогика – педагогикалық үдерістің мақсатын, заңдылықтарын, принциптерін, әдістері мен құралдарын, формаларын, мазмұны мен технологиясын адам дамуының құралы мен факторы ретінде зерттейтін ғылым.

Педагогикалық пәндер интеграциясыпедагогикалық білімдер жүйесін бір тұтас бірлік ретінде меңгеруге әкелетін, педагогикалық дайындық жүйесі аясында өтетін үдеріс.

Принциптер – оқыту үдерісін ұйымдастыру мен өткізуге жетекшілік жасайтын нормативтік талаптар

Пікірталас әдісіоқу материалының дау тудыратын тақырыбын қарастыруға, талдауға бағытталған және білім алушылардың әр түрлі ұстанымдарын бір арнаға тоғыстыратын оқыту тәсілі.

Іскерлік ойындар әдісі – оқу-кәсіби міндеттердің ережелер бойынша ойын формасында шешілетін оқыту тәсілі. Білім алушылар кәсіби іс-әрекеттің үзінділерінен көрініс қоя отырып, түрлі рөлдер мен кәсіби іс-әрекет түрлерін орындайды.

Семинар (лат. seminarium – көшет), студенттердің оқу-танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру формасы, ол бекітуге арналған, сонымен қатар өз бетімен алған білімдерді тексеру мен бағалау тәсілі.

Символдық (сызбалық) көрнекілік – заттардың немесе құбылыстардың белгісін, сипатын, байланысын көрсететін бейнелер. Оған кестелер, сызбалар, диаграммалар, графиктер жатады. Оларда теориялық ойлар беріп, құбылыстар құрылымы туралы білімдер жүйесі, белгілі бір параметрлер байланысы көрсетіледі. Символдық көрнекілік мәтіндік көрнекілікпен жақсы үйлесім табады.

Тәрбие – тұлғаның дамуына және қалыптасуына негізгі жағдайларды жасауға бағытталған мақсатты үдеріс.

Типтік оқу бағдарламасы – педагогика оқу пәні бойынша студенттер меңгеруге тиіс негізгі білім, іскерлік, дағды мен құзыреттіліктің шегі анықталатын және педагогиканы оқытудың ерекшеліктеріне тән әдістер, тәсілдер мен оқытудың құралдарының тізімдері көрсетілген әдістемелік сипаттағы нұсқаулықтары бар нормативті құжат.

Типтік оқу жоспары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бекітілген нормативтік құжат. Онда оқытылатын пәндердің тізімінен және оларды оқу семестрлеріне бөлетін және пәндерді әр оқыту сатысындағы оқыту көлемін анықтайтын, оқу сабақтарының формалары (дәрістер, семинарлар, практикалық сабақтар, өзіндік жұмыстар және т.б.), аралық және қорытынды бақылау түрлері (емтихан, курстық, дипломдық жұмыс) көрсетілген.Типтік оқу жоспарының құрылымындағы инвариантты және вариативті компоненттерді ерекшелеуге болады.

Түсіну – оқылатын пәннің (құбылыстың, үдерістің) арасындағы байланыс пен қарым-қатынастың алғашқы мәнін ашу, оның құрамын, қызмет ету себептері мен көздерін анықтайтын үдеріс.

Ұғыну – оқылатын ақпаратты талдау және жинақтау, салыстыру және салғастыру, топтау және жүйелеу үдерісі.

Ұйымдастырушылық-әдістемелік принциптер педагогиканы оқыту үдерісінің ұйымдастырушы формалары мен әдістерін анықтайтын ережелер.

Шеберлік – ол өте көп мағынада қолданылады. Мысалы: іскерлік, өнерпаз, іскер, ұста, білімпаз т.б. Шебердің қолы ортақ деуге болады.

Іскерлік ойын - әр түрлі жағдайларда берілген неме­се қатысушылардың өздері бекіткен ережелер бойынша басқаратын шешімдер қабылдауының еліктеушілік әдісі (имитация).

  1. Дәрістер

Модуль 1.Адамзат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой-пікірлердің дамуы.
Дәріс 1 Педагогика тарихы мен білім берудің теориялық-әдіснамалық негіздері.

Жоспар


  1. Адамзат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой-пікірлердің дамуы

  2. Тарихи-педагогиканың білім беруде маңызды әдіснамалық негіздеуге өркениет тұрғысынан қарау

Бұл жұмыста тәрбие ұғымы әдіснамалық тұрғыдан сипатталады, тарихи-педагогикалық білім әдіснамалық негізде талданған. Қорытындыда әдіснамалық негіздеуді қажет ететін тарихи-педагогикалық білімнің негізгі мәселелерді ерекше бөлініп берілген.
Әдіснамалық шындықты танудың ерекше жалпы жолдары туралы ғылым ретінде қарастырылды. Әдіснаманың басқа да анықтамалары баршылық. Мәселен, ондағы танымдық мәселені бөле отырып, әдіснаманы шындықты танудың жолдары туралы ғылым деп анықтама беруге болады.
Болмыстың мәні, болмыс пен сананың қатысы, адамның мәнін тану сияқты мәселелердің әдіснамалық тұрғыдан мәні ерекше. Бұл мәселелерді диалектикалық-материалистік негіздеуде әруақытта да болмыстың біріншілігі және сананың екінщілігі туралы түсіндірілді. Осындай орын алған, қалыптасқан көзқарас рухани дүниенің мәнін, сананың белсенділігін тежеп келді.
Қазіргі кезде зерттеушілер орыс философиясы мен педагогикалық ой-пікірінің көрнекті өкілдері Н.А.Бердяев, В.В.Зенковский, И.А.Ильин және көптеген басқаларының идеяларына көңіл бөле бастады. Олардың пайымдауынша, рухани дүниенің мәнін, сананың рөлін, оның адамның және қоғамның дамуына әсерін атап көрсетті.
Жалпы алғанда, әдіснама танудың елеулі қызметін атқарады, оның ішінде белгілі білім саласының дамуының, әсіресе, әлеуметтік ғылымдарынң әртүрлі саласына қатысын орындайды. Бұл қызметтерін жүйе ұйымдастырушылық, түсіндірме-бағалаушылық, жобалаушылық ретінде анықтауға болады.
Тарихи-педагогикалық білімді әдіснамалық негіздеу үшін тәрбиенің мәнін түсінудің маңызы орасан зор. Педагогика тарихы ғылым ретінде және оның негізінде құрылған оқу пәні жалпы түрде қоғам өміріндегі тәрбиенің теориясы мен тәжірибесінің даму заңдылықтары үрдісін зерттейді. Тәрбиені кең мағынада түсінетін болсаң, сонда оның құрамына оқыту да, білім беруде кіреді.
Тәрбиені әлеуметтік және педагогикалық құбылыс ретінде қарастыру қажет. Тәрбие үрдіс ретінде белгілі әлеуметтік, қоғамдық жағдайларда пайда болды. Ол қоғамдық дамудың тарихымен тығыз байланысты. Егер де тәрибеге жан-жақты берілген анықтамалардың бірінде “тәрбиені адамзат тәжірибесін бір ұрпақтан келесі ұрпаққа беру үрдісі ретінде қарастырады, демек, тәрбиенің қоғамның дамуында, ұрпақтар сабақтастығында, жас ұрпақтық өркениеттің, жинақталған тәжірибесін меңгеруде мәні ерекше”.
Педагогика тарихы-ғылым және оқу пәні ретінде кеңестік дәуірде көп жылдар бойы өзінің әдіснамалық негізі ретінде марксистік-лениндік ілімдігі, диалектикалық және тарихи материалдық біржақты басшылыққа алып келді. Бұл ілімнің қатаң қағидалары негізге алынады, ғылыми зерттеу жұмыстары мен әдебиеттер, өткендегі белгілі педагогтардың, ағартушылардың көзқарастары мен педагогикалық жүйелері, сонымен қатар әртүрлі тарихи кезеңдегі тәрбиенің, білім берудің, оқытудың теориясы мен тәжірибесін қарастырғанда және оған баға бергенде марксистік-лениндік әдіснама, партиялық таптық көзқарас тұрғысынан түсіндіріледі.
Тарихи-педагогикалық үрдісті, оның ішінде тәрбие тарихын әлеуметтік құбылыс ретінде бағалауда таптық көзқарас басшылыққа алынды. Тарихи-педагогикалық құбылыстарға таптық тұрғыдан қарау тәрбиенің тарихи-теориялық теориясы мен тәжірибесінің барлық байлығын тежеп отырды, тарихтағы көрнекті педагог тұлғалардың идеяларын жеткіліксіз бағалауға, олардың дүниетанымдық идеяларын пайымдауда біржақтылыққа ұрындырды, сонымен қатар объективтік тұрғыдан оларыдң тарихи-педагогикалық үрдістегі орны мен мәнін дұрыс бағалалауға жол берілді. Әсіресе, бұл кемшіліктер педагогика тарихынан жазылған оқулықтар мен оқу құралдарында ерекше орын алды.
Дей тұрғанмен, барлық кеңестік кезеңдегі педагогика тарихының дамуын тек ғана біржақты жағымсыз тұрғыдан бағалау дұрыс болмаған болар еді. Кезінде педагогика тарихынан оқулықтар мен оқу құралдарын жазған белгілі ғалымдар Н.А.Константинов, Е.Н.Медынский, М.Ф.Шабалда, тұңғыш қазақ тілінде шыққан “Педагогика тарихы” оқулығының авторлары, белгілі ғалымдар, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қартбай Бекенұлы Бержанов пен педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Сыздық Мусиннің еңбегін ерекше атаған жөн. Бірақ бұл оқулықтар ескі әдіснама мен идеологияға негізделіп жазылғандықтан, қазіргі уақыт талабына сай көптеген тарихи мәселелерді тарихқа жаңа көзқарас тұрғысынан қайтадан қарастыру қажет болды.
Тарихи-педагогиканың білім беруде маңызды әдіснамалық негіздеуге өркениет тұрғысынан қарау жатады, ол тәрбиенің тарихи педагогикалық идеялары мен тәжірибесінің дамуын бағалауда әлеуметтік алғышарттарды енгізуге мүмкіншілк жасайды, оның дамуын қозғалысын әлеуметтік себептермен негіздейді.
Келесі педагогика тарихының мәнді әдіснамалық негіздеріне мәдениеттану тұрғысынан қарауды жатқызуға болады. Оның мәні мәдениет ұғымының өз мәнімен байланысты, мәдениетті өмір сүру үрдісінде адамзаттың жинақтаған тәжірибесі деп анықтама беруге болады. Сонымен қатар тәрбие жалпы алғанда тәжірибені бір ұрпақтан келесі ұрпаққа беру мағынасында қолданылады. Осы мәдениет, адамзат тәжірибесі, тәрбие ұғымдарының өзара байланысында, мәдениеттанудың негіздері жатыр. Екінші байланысы-тарихи-педагогикалық ілімінің өзі – бұл мәдениеттің бір бөлігі.
Әрбір педагогикалық ілім ғылымның даму тарихында белгілі орын алады және басқа ғылымдармен бірге мәдениеттің дамуына көмектеседі, оны байыта түседі.
Педагогика тарихы курсында өткендегі көрнекті педагогтардың ілімдерімен қатар аса дарынды философтардың, ойшылдардың, жазушылардың және қоғамдық қайраткерлердің педагогикалық көзқарастары талданылады, олар кәсіптік білімі бар педагогтар-болмағанымен, педагогикалық теорияны дамыту үшін ерекше еңбек сіңірді, тәрбиенің мақсаттары мен міндеттері туралы, кейбір әдістемелік мәселелер туралы құнды идеялар қалдырды.
Қазіргі кезде өткендегі Қазақстанда педагогикалық ой-пікірдің даму тарихын зерттеуде үкіметтің “Мәдени мұра” атты мемлекеттік бағдарламасын басшылыққа алып, сол бағдарлама саласында тарихи-педагогикалық мұраны тарихқа жаңа көзқарас тұрғысынан зерделеуге тиіспіз. Өткен тарихи мұрамызды зерттеуде әдіснамалық тұрғыдан тарихи-педагогикалық құбылыстарды бүгінгі күннің мәселелерімен байланыстыра отырып пайымдауда, педагогикалық теориялар мен көрнекті педагогтарымыздың мұраларын зерделеуде тарихилық қағида басшылыққа алынды.
“Педагогиканың қазіргі мәселелерін,- деп жазды профессор Н.К.Гончаров, барлық педагогика тарихына сын көзқараспен пайымдамайынша, түпкілікті шешу мүмкін емес. Үрдістер немесе құбылыстардың мәні тарихи дамуда ашылады, ал құбылыстың өзі педагогика тарихының жалпы фонында түсінікті болады”.
Тарихи-педагогикалық құбылыстарды зерттеуде дәстүрлі педагогикалық әдістер кеңінен қолданылады. Дәстүрлі әдістер деп педагогика ғылымының бастауында тұрған зерттеу ілімдерден, ағартушы-ойшылдардан мұрагерлікпен қазіргі педагогика ғылымына жеткен әдістерді айтамыз. Бұл Платон мен Квинтилиани, Коменский мен Песталоцци пайдаланған әдістер; олар күні бүгінге дейін педагогика ғылымында пайдаланылып келеді.
Зерттеу жұмысының мәселесі, пәні және міндерттеріне сәйкес барлық тарих ғылымдарына ортақ тарихи және логикалық зерттеу әдістері бір-бірімен бірлікте қарастырылады, сонымен қатар арнаулы әдістер, атап айтқанда, тарихи-салыстырмалы, ретроспективті, статистикалық және тағы басқа да зерттеуге, салыстырмалы талдауға және деректі әдеби, мұрағат материалдарын теориялық жинақтауға бағытталған әдістер қолданылады.
Тәрбиені зерттеу – педагогикалық зертеудің ертеден қолданылып келе жатқан әдістердің бірі. Кең мағынада тәжірибені зерттеу әдісі тәрбиенің тарихи байланысын орнатуға, жалпы, оқу-тәрбие жүйелерін айқын көрсетуге бағытталған ұйымдасқан таным қызметі болып табылады. Бұл әдістің көмегімен нақтылы мәселелерді шешудің жолдары талқыланады, жаңа тарихи жағдайда оны қолданудың қажеттігі туралы ойластырылған қорытынды жасалады. Сондықтан да қарастырып отырған әдісті кейде тарихи әдіс деп те атайды.
Бұл әдіс әдебиетпен жұмыс істеу әдісімен тығыз байланысты.
Педагогика тарихын зертеу үшін қажетті әдебиет құжаттары мен қайнар көздеріне мыналар жатады:
1. Қазақстан Республикасы үкіметінің ресми материалдары мен құжаттары (Ата Заңымыз, Білім беру туралы заң, 2004-2010 жылдарға дейін арналған Білім беру тұжырымдамасы, Гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бекіткен нормативті құжаттары);
2. Жалпы адамтану мәселелері, педагогика тарихы мәселелері бойынша классиктердің еңбектері; тарихи-педагогикалық әдебиеттері; мұрағат құжаттары мен басқа да тарихи-педагогикалық материалдар; мерзімді педагогикалық басылым;
3. Мектеп, мұғалім, тәрбие туралы көркем әдебиеттер; халықтың педагогиканың даналығы, халық ауыз әдебиетінің тәрбиелік үлгілері (мақал-мәтелдер, ертегілер, шешендік өнері, айтыс өнері, батырлар жырлары мен дастандар және т.б.); тәрбие мәселелері жөніндегі жазылған мемуарлық және көркем әдеби шығармалар, ескі жазба ескерткіштер, жазушылардың, философтардың, ойшылдардың, педагогтардың әр кезеңдердегі педагогика, тәрбие, білім беру мәселелеріне арналған еңбектері және т.б. жатады.
Педагогика тарихы - ғылым және пән ретінде көптеген гуманитарлық ғылымдармен байланысты. Педагогика тарихы ең алдымен мәдениет тарихымен тығыз байланысты.
Педагогика тарихы тарих ғылымдарының өзімен, әдебиет және өнермен, психология және социологиямен де байланысады.
Адам тәрбие субъектісі ретінде мәдениетті тұтынушы және оның иесі болып табылады. Тәрбиенің білім берудің, оқытудың міндеттерін дұрыс шеше білу – қоғамдағы мәдениеттің дамуының басты шарты. Жас ұрпақтың мәдениеті мен тәрбиесінің дамуының арасындағы өзара байланысты тарихи-педагогикалық үрдісте анықтау-педагогика тарихының ғылым және оқу пәні ретінде негізгі міндеттерінің бірі.
Педагогикалық ой-пікірдің кез-келген өкілі мәдениеттің жаршысы, насихаттысы болып табылады. Тарихи-педагогикалық мәселелелерді зердеулеуде зерттеуші адамзат тарихының, мәдениет тарихының, философия тарихының, әдебииет тарихының қайнар көздерін әртүрлі еңбектерін кеінен пайдаланады.
Педагогика тарихы азамат тарихымен байланысты. Ең алдымен педагогика тарихын дәуірлерге бөлуде азамат тарихында алынған негізгі кезеңдермен сәйкес келеді.

Дәріс 2 Ежелгі Шығыс және Көшпелі өркениет мемлекеттеріндегі тәрбие мен оқыту. Антикалық дәуірдегі білім берудің ерекшеліктері

Жоспар

  1. Ежелгі Египет мектебі

  2. Ежелгі Римдегі мектеп пен тәрбие

  3. Таяу Шығыс елдеріндегі оқыту мен тәрбиелеу

Ежелгі шығыс өркенниеті жайындағы тәрбие мен оқу. Ежелгі Египет мектебі. Ежелгі Үндістандағы мектеп пен тәрбие. Ежелгі Қытайдағы мектеп ісі мен педагогикалық ойлардың пайда болуы. Жерорта теңізіндегі антикалық әлем тәрбиесі мен мектеп. Ежелгі Грециядағы мектеп пен тәрбие. Эллин дәуіріндегі тәрбие мен білім беру. Ежелгі Римдегі мектеп пен тәрбие.

Ежелгі Шығыс елдеріндегі тәрбие және мектеп ісі

Шығыс елдерінде жазу жүйелері мен мектептің шығуы және дамуы (Қытай, Египет, Үндістан т.б.). Діни ілімдер мен жазба ескерткіштердегі («Хаммурапи заңдары», «Сүлеймен патша аңыздары», «Бхагавадгита», «Орхон – енисей жазбалары» т.б.) педагогикалық идеялар. Педагогикалық ой-пікір (Конфуций, Заратустра т.б.). Таяу Шығыс елдеріндегі оқыту мен тәрбиелеу тәжірибесі. Ежелгі Қазақстан халықтарындағы отбасы тәрбиесінің дәстүрлері және жазудың шығуы. Дене тәрбиесін ұйымдастыру, Жастарға әскери тәрбие берудің жүйесі және ерекшеліктері. Түрік қанағаты кезеңіндегі тәрбиелеу мен оқытудың идеялары, олардың педагогикалық ой-пікір мен тәрбие практикасындағы көріністері.
3-Дәріс тақырыбы: Орта ғасыр дәуірі. Византиядағы педагогикалық ой-пікірдің дамуын оқыту. Орта ғасырда Индия мен Қытайдағы оқыту мен тәрбие. ЕЖЕЛГІ ҚЫТАЙ МЕКТЕПТЕРІ

Жоспары:

1. Ежелгі Қытай мемлекеті.

2. Конфуций мектебі.

3. Даосистік мектеп.

4. Легистер мектебі.

Ежелгі Қытай мемлекеті

Ежелгі Қытайдың қола дәуірінен темір дэуіріне өтуіне байланысты ауылшаруышылығы мен қала түрғындарының еңбектерінің бөлоінуіне, ақшалай-тауарлық қатынастардың қалыптасуына, ой жэне дене еңбектерінің бөлінуіне, эр түрлі сатыдағы элеуметтік топтардың пайда болуына экеліп соқтырды.

Ежелгі Қытай мемлекеті - шын мэніндегі шығыстық деспотия болатын. Мемлекет басшысы - Әрі монарх, Әрі жрец жэне жалғыз ғана жер иесі болды. Әр түрлі рангтағы аристократия мемлекеттік қызметте болды. Олардан кейін элеуметтік сатыда - рубасылары, отбасы (семья) басылары түрды. Ал қүлдар болса, олар жануарлар сияқты элеуметтік сатыдан тыс қалды.

Заң болған жоқ, сондықтан элеуметтік сатыда жоғары түрғандардың өктемдігінен ешкім тыс қала алмады. Бірақ мемлекет басшысының (ван) алдында эр түрлі элеуметтік сатылардың бэрі тең болды. Халық арасындағы қарым-қатынас күрделі, шым-шытырық ритуалдарға негіздіелді.

Мысалы, тірілердің өлгендерге, олардың рухына, табиғат қүбылыстарына жерге және аспанға деген қарым-қатынас негізінде қалыптасқан діни көзқарас, эдет-ғүрып, дәстүрлермен түрғандар мен төменгі сатыдағылардың арақатынасын нақтылап айқындайды, т.б.

Қытайлықтардың сол кездегі дүниетанымдық көзқарастары «Бес кітап» («У цзин») аталатын кітаптарда шоғырланған. Бүл кітаптар өздерін білімді санайтын эр адамның көзқарастарын қалыптастыруда үлкен рөл атқарды.

Ежелгі Қытайда ғылымның да кейбір салалары пайда бола бастады. Мысалы: математика, астрономия, медицина. Осы ғылымдар саласындағы жетістіктер негізінде Ай мен Күннің түтылу мезгілін анықтады, астрономиялық қүбылыстар мен жердегі қүбылыстардың байланысын айқындауға, күнтізбе (календарь), уақыт есептеу, т.б. тэсілдерді ойлап табуға мүмкіндік туды.бірақ ғылым элі де болса әлжуаз қалыпта еді. Бүл жағдай философиялықілімдердің деңгейіне эсер етпей қойған жоқ.

Б.д.д. III ғ. аяғында пайда болған Ежелгі Қытай философиясы кейінірек негізгі алты философиялық бағытқа - мектептерге бөлінді. Олар: конфуцийшылдық, моизм, заң мектебі (легистер), даосизм, түрпайы философия (натурфилософия) жэне Атаулар мектебі.



Дәріс № 5 дәріс кеңес дәуіріндегі ресей мектебі мен педагогикасы
Дәріс 7 н.г.чернышевский –философ-материалист
Дәріс № 10 13.хіх аяғы – хх бас қазақстандағы тәрбие және педагогикалық ой және даму бағыттары.
Пайдаланған әдебиеттер
Жүсіпбек аймауытұлының педагогикалық көзғарастары

Каталог: ebook -> umm
umm -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
umm -> Жалпы және заң психологиясы терминдерінің қысқаша сөздігі. І бөлім. Жалпы психология пәнінің терминдері
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Оқытушы үшін «Қазақстан тарихы»
umm -> Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет