Педагогикалық факультет



бет17/23
Дата29.01.2018
өлшемі1,81 Mb.
#36194
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23

Дәріс мазмұны


  1. Психология ғылымының дамуындағы қазақ интеллегенциясына қосқан үлесі: А. Ситдинов, С. Қожахметов.

  2. Ұлттық психологияның дамуына Т.Тәжібаевтың қосқан үлесі

  3. Педагогикалық психологияның дамуына қосқан қазақ психологиялық терминологиясының ғылыми жүйесінің негізі.

Мақсаты: 30-50 жылдардағы жылдардағы психология ғылымының дамуы.

Т.Тәжібаев еңбектерінің маңыздылығы туралы ақпаратпен таныстыру.

Т.Тәжібаев (1910-1964) Шымкент облысы Арыс ауданына қарасты 9 ауылында дүниеге келген. 1917 жылғы жұт пен аштықта әке-шешесінен, тума-туысқандарынан айрылып, тұл жетім болып қалады. Сол кездегі адамдардың арқасында Арыстағы бастауыш мектепке оқуға түседі. Кейін балалар үйінде тәрбиеленеді. 1935 жылдан бастап психология бойынша еңбектер жаза бастайды. Солардың бірі Л.С. Выготскийдің психологиялық мұрасына арналған көлемі 80 беттік қолжазба.

Қазақстандағы ұлттық тәлім-тәрбиелік ой-пікірлер тарихының түп тамыры көне мәдени мұра- халықтық педагогика мен 5-ғасырдағы Орхон- Енисей жазуларынан басталып, орта ғасыр ойшылдарының парасатты тәлімгерлік ой толғаныстарымен толысып, 14-19 ғ.ғ ақын- жыраулардың терме, толғауларында жалғасып,19- ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген қазақтың ғұлама ағартушы демократ ұлдары: Шоқан, Ыбырай, Абай, Сұлтанмахмұт еңбектері арқылы өркен жайғанымен, шын мәнінде Қазан төңкерісіне дейін педагогика, психология ғылымдары дербес ғылымдық дәрежеге көтеріліп жетпеген еді. Оның бірнеше себептері болды. Біріншіден, Қазақстанда қоғамдық ғылымдардың сан-салалы тараулары бір-бірінен дараланып бөлініп шығып, ғылыми терминдері қалыптасып жетілмеген болатын.Екіншіден, әр ғылымның салаларын жеке-жеке ғылыми тұрғыда зерттеуші ғалымдардың жоқтығы, үшіншіден, ғылым салаларын өрістетерлік ғылыми- техникалық материалдық базаның (арнаулы зерттеу мекемелері мен баспа орындарының) болмауы себеп болды..

Қазан төңкерісінен кейін еліміздің саяси- экономикалық және мәдени- әлеуметтік өмірінде болған ұлы өзгерістер мен жаңалықтар ғылым мен мәдениеттің, оқу-ағарту ісінің барлық саласының өркен жаюына толық мүмкіндік туғызды.Көптеген арнаулы орта және жоғары оқу орындары ашылып, ғылым мен мәдениеттің әр саласынан білікті маман кадрларының көбеюіне жағдай жасалды. Ғылымының сан саласын қамтитын ондаған ғылыми зерттеу институттары ашылып, оларға басшылық жасайтын орталық Қазақстан ұлттық Академиясы құрылды.

Педагогика, психология ғылымдарының терминдерін қалыптастырып, арнайы зерттеу еңбектері мен оқулықтарын жасауда, сөйтіп бұл ғылым салаларын қалыптастыруда 1920-1935 жылдары Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедов, К.Кемеңгеров, Қ.Жұбанов, С.Асфендияров, Н.Құлжанова, Жолдабаев, Ш.Әлжанов сияқты біртуар асыл азаматтар орасан зор еңбек етсе, 1935-1980 жылдарда М.Әуезов, Ә.Сыдықов, Р.Г.Лемберг, А.П.Нечаев, Т.Тәжібаев, Е.Бекмаханов, Ә.Сембаев, Ә. Қоңыратбаев, Ш.Кәрібаев, С.Қожахметов, М.Мұқанолв, М.Ғабдуллин, Қ.Бержанов т. б. ондаған көрнекті педагог ғалымдар белсене ат салысып, бірнеше монографиялық зерттеу еңбектерін қалдырып кетті. Сөйтіп, педогогика, психология ғылымы шын мәнісінде 20-ғасырдың алғашқы 20-30 жылдарында қоғамдық ғылымдар саласынан бөлініп, жеке ғылым саласы болып қалыптаса бастады.

Осымен байланысты ұлттық тәлім-тәрбие ілімінің іргетасын қалаушы , ірі ғылым қайраткерлерінің бірі-Төлеген Тәжібаев.

Кеңес өкіметі жылдарында қазақ психология ғылымының дамуына Ж.Аймауытовтан кейінгі елеулі үлес қосқан ғұлама ғалым, белгілі мемлекет қайраткері және дипломат болған осынау біртуар ардагер азамат қазіргі Шымкент облысының Арыс ауданына қарасты ( бұрынғы Сырдария губерниясы, Қараспан болысының) 9- ауылда дүниеге келді.Ол 1917 жылғы аштық пен жұтта әке-шешесінен, тума-туыстарынан айырылып, тұл жетім болып қалады. Сол кездегі кейбір қайырымды адамдардың көмегімен Арыстағы бастауыш мектепке түсіп оқиды, кейіннен балалар үйінде тәрбиеленеді. Шымкент педтехникумын үздік бітіріп (Т.Тәжібаетың осы техникумының сол кездегі директоры Ж.Аймауытовтан педагогика мен психологиядан дәріс алғаны архив құжаттары арқылы беріліп отыр-Қ.Ж), бірер жыл ұстаздық еткеннен кейін Мәскеудегі Н. К. Крупская атындағы тәрбие академиясына жолдама алып, оны 1935 жылы бітіріп шығады.Сол жылы психология кафедрасына аспирантурасына қалдырылады.Осы жылдары ол әлемдік психологтардың еңбектерімен тыңғылықты танысады. Солардың бірі- Л.С.Выготскийдің (1896-1934) психологиялық мұрасына арналған көлемі 80 беттік қолжазба. Ол 1938 жылы «К. Д. Ушинский-Ресейдегі педагогикалық психологияның негізін қалаушы» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған соң кешікпей, Алматыға келіп, Абай атындағы Қазақ педагогика институтында психологиядан қазақ тілінде дәріс бере бастайды. Ол 1938-1964 жылдары ҚазПИ мен ҚазМУ-де доцент, профессор, кафедра меңгерушісі болды. 1940 жылы Қазақ ССР Оқу халық комиссары болып тағайындалды, 1941жылы Қазақ ССР Халық Комиссарлар Кеңесі төрағасының орынбасарлығына жоғарылатылып, кейіннен Сыртқы істер және Мәдениет министрі қызметтерін атқарды. Қазақ университетіне ректор болды, біраз жыл дипломатиялық қызметте болды.Ол 1949 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының толық мүшесі болып сайланды. 1962 жылы Ленинградта «20-ғасырдың екінші жарымында Қазақстандағы халық ағарту ісі, мектеп пен педагогикалық ой-пікірдің дамуы» атты тақырыпқа докторлық диссертация қорғады.

Осы жылдар ішінде (1938-1964) үлкен қоғамдық, жауапты мемлекеттік қызметтермен айналысып жүргеніне қарамастан бірнеше көлемді монография, жүзден аса ғылыми мақалалар жазып үлгерді. Бұл еңбектерінде психология мен педагогиканың теориясы мен тарихы, ұлттық мінез бен этнопсихология, халықтық педагогика, мораль, этика мәселелері сан қырынан сөз болды.

Төлеген Тәжібаевтың ғылыми ізденістері негізінен екі бағыттың төңірегінде, атап айтқанда, ұлт тілінде психологиядан оқу құралдарын құрастыру мен халқымыздың педагогикалық және психологиялық ой- пікірлерінің даму, қалыптасу жолдарын зерттеу ісіне бағышталды.



Төл тіліміздегі ғылыми психология Ұлы Отан соғысынан бұрынғы жылдардың өзінде-ақ өркен жая бастаған еді.Өйткені 1938-жылдардан бастап «Халық мұғалімі» журналының беттерінде Тәжібаетың осы ғылым төңірегінде жазған біраз мақалалары жарық көрді, ол ҚазПИ мен ҚазМУ-де психологиядан қазақ тілінде дәріс оқиды.Ғылыми жағынан мазмұны терең осынау дәрістер мен мақалалар студенттер мен мұғалімдердің психология саласында тиянақты да жүйелі білім алуына кезінде біраз көмегін көрсетті.Осы еңбектерінде Төлеген Тәжібаев бұрын әр жерде шашырап жүрген ұлттық психологиялық терминдерді саралап, бұл ғылымның төл тілімізде тамыр жая түсуіне жағдай жасады. Төлеген Тәжібаевтың «Жалпы психология» деген үлкен еңбегінде (1993) психология ғылымының теориялық негіздері баяндалады. Бұл 1940, 1946-жылдары жарық көрген профессор С. Л. Рубенштейннің «Основы общей психологий» (1990 жылы орыс тілінде 2 том болып басылып шықты-Қ.Ж) атты кітабының ғылыми принциптерімен астарлас дүниежүзілік классикалық психологияның іргелі теориялық қағидаларынан мол мағлұмат беретін, Жүсіпбек Аймауытовтан кейінгі кесек психологиялық еңбек. Мұнда осы ғылымның екі жарым мың жылдық тарихына қатысы бар біраз мәселелер, оның негізгі бағыттары мен ағымдары жайлы келелі сөз қозғалады.Мәселен осы айтылған жайт «Психология ғылымының пәні» атты бөлімде баяндалса, кітаптың қалған тарауларында «Жеке адам (кісі,тұлға), оның іс- әрекетінің түрлері, бұлардың өзіндік психологиялық астарлары, сондай-ақ адамның басты-басты жан қуаттары: түйсіну мен қабылдау , елестету мен ес, зейін мен дағды, елестер мен ес, ойлау мен сөйлеу, қиял мен сезім, ерік- жігер т.б. ғылыми талдауға алынады. Мұнда сондай-ақ адамның жеке-дара қасиеттері: темперамент, мінез, қабілет, қызығу» т.б. мәселер баяндалады. Бұлардың бәрі әрі өмірден алынған нақтылы мысал, фактілермен тәптіштеп түсіндіріледі. Әрине, осы кітаптың негізгі желісі бұдан 50 жыл бұрын түзілген. Сондықтан мұнда психология ғылымының соңғы жетістіктерін баяндайтын кейбір тақырыптардың нақ орын алмағаны түсінікті. Осы айтылғанға орай психология дәрістері мен оқулықтарына соңғы кездері енгізілген жаңа тақырыптар («Ұжым мен топ психологиясы», «Қарым–қатынас психологиясы» т.б.) оқу құралында кездеспейді. Бірақ бұлар жөнінде басқа тарауларда аз болса да мағлұмат беріліп отырады. Мәселен, «Қарым –қатынастың түрлері жайлы «Сөйлеу» тарауында, ал «Ұжым, топ психологиясы туралы «Жеке адамға» арналған тарау ішінде баяндалған. «Дағды мен әдеттің психологиялық астарлары туралы» мәлімет қазіргі кітаптардағыдай «іс-әрекет психологиясы» атты тарауда берілмей, өз алдына жеке тақырып ретінде берілгені автордың өзіндік ғылыми позициясының сонылығын байқатады. Бірақ осы айтылғандар психологиялық категорияларды ұғынып түсінуге оншама кедергі жасамайды, өйткені ғылымның іргетасты мәселелері толық кітаптан орын алғаны белгілі.Бір есте боларлық жайт, психологиядан түрлі ұлт тілдерінде жарық көрген оқу құралдары мен оқулықтардың негізгі құрылымы соңғы 50 жыл ішінде оншама өзгеріске түсе қоймайтын математика, физика, лингвистика секілді дәстүрлі классикалық пәндермен үндес екендігі есте болғаны абзал. Әрине, кітапта психологияның 40-жылдардағы ішінде қазақша баламаларының бірен-сараны қазір де өзгеріске түскенін оқырман ескеретін жайт екені белгілі.

Төлеген Тәжібаев еңбектерінің біразы халқымыздың ғұлама перзенттері-Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаевтардың психологиялық және педагогикалық көзқарастарын көп жылдар бойына сарыла зерттеп, бірнеше еңбектер жазды.

Абайдың саяси-әлеуметтік, пәлсапа көзқарасына жан-жақты талдау жасай келіп оның психологиялық ойлары мен пайымдауларына кең тоқталады.Ғалымның тұжырымдауынша, Абай тек асқан кемеңгер, ойшыл ақын емес, сонымен қатар, ол-қазақтан шыққан ірі философ, психологияиық ілімдер жүйесін насихаттаумен айналысқан ғұлама.Байырғы қазақ тілінің сарқылмас бұлағынан сусындай отырып, Абай ұлттық психологиялық ұғымдардың негізін қалады. Ол қазақтың жазба әдеби тілінің негізін қалаумен шектелмей, сонымен бірге ұлттық философиялық және психологиялық білімдер саласына қатысы бар ұғым, түсініктерді саралап берген еді.

Бар өмірін туған халқының игілігіне сарп еткен Тәжібаев еңбектерінің қазіргі жас буынға ғылыми –тәлімдік тағылым аз болмаса керек.Ұлт психологиясының, ұлттық тәлім-тәрбиесінің Саясаттың сойылы жарқылдап тұрған дүрбелең заманда ұлттық тәлім-тәрбиенің, ұлт психологиясының орнын тауып берген, оның қалыптасуы мен дамуына орасан зор үлес қосқан Төлеген Тәжібаевтың еңбектерін көлемді де маңызды еңбектер қатарынан табу қиындық туғыза қоймас.Қазақ психологиясының, замани ой-пікірдің, оқу–ағарту ісінің дамуы мен мектептердің тарихын, Абайдың философиялық, психологиялық көзқарастарын жан-жақты зерттеген Төлеген Тәжібаевтың елеулі еңбектері ғылымның келелі мәселелері мен өзекті сұрақтарын шешуде әлі де халық тұтынар үлгінің бірі болып қала бермек.

Т.Тәжібаевтың ғылыми ізденістері негізінен екі бағыттың төңірегінде. 1. Ұлт тілінде психологиядан оқу құралдарын құрастыру. 2. Халқымыздың психологиялық ой-пікірлерінің қалыптасу жолын зерттеу. Оның «Ұжым мен топ психологиясы», «Қарым-қатынас психологиясы» деген оқу құралдары бар. Т.Тәжібаевтың еңбектерінің көбі Ш.Уәлиханов Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтың психологиялық көзқарастарын зерттеуге арналған. Абайдың психологиялық көзқарастарын көп жылдар бойына зерттеп, бірнеше еңбектер жазды.

Сұлтанбек Қожахметов (1910-1945) психологиядан және педагогикадан бірнеше лекциялар жинағын жасақтаған. Ол Ұлы Отан соғысына дейін кезеңде психология ғылымдарын жұртшылыққа кейіннен насихаттаушылардың бірі болды. Ол шәкірттердің адамгершілік пен әдеп саналы тәртіпке тәрбиелеу мәселелеріне байланысты бірнеше еңбек жазды. Оның «Эстетикалық тәрбие», «Оқушыларды саналы тәртіпке тәрбиелеу туралы» және т.б.



Өзіндік бақылау сұрақтары:

  1. М.Жұмабаевтың психологиялық көзқарастары туралы ақпарат беріңіз?

  2. Жұмабаевтың шығармашылығындағы психологиялық ойлардың маңыздылығын анықтаңыз

  3. М.Жұмабаевтың педагогикалық көзқарастары неден құралған?

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

1.Жарикбаев. К Психологическая наука в Казахстане. Алматы., 2002

2. Казахи . Исторические личности . Алматы 1998 г

3. Орынбеков М.С История философской т общественной мысли Казахстана. Алматы,1997

4. Сегизбаев И История казахской философии. Алматы, 1996
18 дәріс

Тақырып: М. Мұқановтың қазақтың ғылыми психологиясына қосқан үлесі


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет