Педагогикалық факультет



бет19/23
Дата29.01.2018
өлшемі1,81 Mb.
#36194
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

Дәрістің мазмұны


  1. педагогикалық көзқарастары

  2. Халел Досмұхамедовтың психологиялық көзқарастары

  3. Міржақов Дулатовтың психология ғылымына қосқан үлесі

Мақсаты: Қазақ зиялыларының психологияға қосқан үлесі туралы және оның шығармашылығындағы жетістіктерін баяндау.

Халқымыздың азаттығы мен тәуелсіздігі жолында жанын пида еткен ардагер азаматтардың бірі Халел Атырау облысы Қызылқоға ауданында дүниеге келген. Алдымен ауыл молдасынан хат таниды, кейіннен жергілікті орыс-қазақ мектебінде оқиды. Одан соң Орал қаласындағы Реалдық училищеге оқуға түседі. Халел Досмұхамедов психология саласы бойынша көптеген терминдік атауларды төл тіліміздің сөздік қорына ала білген. Ғалым қазақтың салт-дәстүрлеріне байланысты ырымдардың діне-и- наным- сенімдерімен байланысты туу себебін аша келе бұлардың тәлімдік мәнін арнайы сөз етті.

Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым - Х.Досмұхамедов 1983 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданында дүниеге келді. Алдымен ауыл молдасынан хат таниды, кейіннен жергілікті қазақ – орыс мектебінде оқиды. Одан соң Орал әскери – реалдық училищесінің даярлық класына қабылданып, оны 1902 жылы үздік бітіреді де, тағы бір жылға қосымша класта оқуға қалдырылады. 1903 жылы Санкт – Питербург императорлық әскери – медициналық академиясына латын тілінен қосымша емтихан тапсырып түскен. Х.Досмұхамедовтың студенттік өмірі императордың саяси толқуларға толы кезеңімен тұтас келіп, оның саяси білімін жетілдіріп, қалыптасуына әсер етті. Ол осы жылдары ел ішінде үгіт – насихат жүргізіп, жергілікті «Фикер», «Уральский листок» газетіне мақалалар жазып, болып жатқан саяси толқулардың мән – жайын халыққа түсіндіріп отырды. 1909 жылы академияны үздік дәрежелі дәрігер атағын бітіріп, офицер ретінде кесімді мерзімдегі әскери міндеттерін өтеуге жіберілді. Алдымен Перьм губерниясында, кейін 2 – Түркістан, 2 – Орал қаазақ – орыс атқыштар батальонында әскери кіші дәрежелік қызмет атқарады. Осы жылдары Орал қалалық ауруханасында бір жылдық мамандану курсын өтеді.

1913 – 18 жж. «Қазақ» газетінде « Тамыр дәрі хақында», «Сары кезік – сузек», «Жұқпалы ауру хақында» сынды кәсіби, әлеуметтік – саяси тақырыпта мақалалар жариялап, өзіндік ой – пікірін білдіріп тұрды. 1917 жылыдың желтоқсанында 2 – жалпықазақ съезінде жарияланған Алашорда үкіметі – Ұлт Кеңесі құрамына сайланады. Алаш қайраткерлерімен бірге бірінші кезекте халықты бүліншіліктен қорғайтын ұлттық әскер халық милициясын жасақтауға, Алаш қорын құруға, елден алым – салық, қаражат жинау ісіне күш салды. 1918 жылдың жазынан бастап Ташкентке келіп жұмыс істейді. 1920 – 21 жж. Ташкенттегі физикалық әдіспен емдеу институтының ординаторы, Қазақ педагогикалық институтында мектеп дәрігері, Орта Азия университеті медициналық факультетінің хирургиялық емханасында ординатор, 1923 жылы Орта Азия мемлекеттік баспа коллегиясының, кейін қазақ мемлекеттік баспасы басқармасының мүшесі және менгерушісінің орынбасары қызметін атқарады. Жауапты қызметкер атқара отырып, отандық ғылымның дамуынада мол үлес қосты « Табиғаттану », « Адамның тән тірлігі », « Оқушының саулығын сақтау », « Дене бітімі және оның жұмысы туралы әгімелер » оқулықтар мен ғылыми еңбектер жатады.

Сонымен бірге Халел Досмұхамедовтың қазақ халқының тілі мен әдебиетіне, тарихына қатысты материалдар жинап тілдің дыбыс жүйесінің өзекті мәселесі сингармонизм заңын зерттеді. « Қазақ – қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы », « Шернияз шешен », « Диуани лұғат ат – түрік », « Кеңесарының соңғы күндері », « Жалаңтөс батыр шежіресі » т.б ғылыми – теориялық еңбектер жазып қалдырды. 1927 жылы Қазақ педагогикалық институтының даценті болып бекітілді. 1928 жылы Қазақ мемлекеттік иневерситетінің әкімшілдік – шаруашылық бөлімін басқарды. 1929 жылы осы университетінің профессоры болып, Қазақ пед.институтының проректорына тағайындалады. Бірақ келесі жылы кеңес үкіметі ұйымдастырған қуғын – сүргін саясаты кезінде тұтқындалды. 1938 жылы 26 шілдеде жалған саяси айыппен тұтқынға алынып, Мәскеуге, кейін Алматыға әкелінді. 1939 жылы 24 сәуірде әскеру требуналдың үкімімен ату жазасына кесілді. 1939 жылы 19 тамызда түрме ауруханасына өкпе туберкулезінен қайтыс болады.

Халелдың тәлім – тәрбие, педагогика, психология ғылымдары саласында жазған ғылыми еңбектерінің де болуы ықтимал. « Білім оңайлықпен қолға түспейді. Білім алуға көп еңбек керек. Аса сабыр керек. Білім алудың жолы көп, жолдың ішіндегі ең төтесі жақсы мектеп, білімді мұғалім, мұнан қалса ел ішінде көпке түсінікті болып жазылған білім кітаптары.»

Х. Досмұхамедов тіл, сөйлеу – адам психологиясының басты белгілерінің бірі екендігін айтады. « Тіл – жұрттың жаны. Өз тілін өзі білмегенген ел болмайды. Тілінен айырылған жұрт жойылған жұрт. Мектеппен баспананың тілі дұрыс болса, елдің тілін көркейтіп, байытып гүлдендіреді. Ана тілін білмей тұрып, бөтенше жақсы сөйлессен ол күйініш. Ана тілін жақсы білшіп тұрып, бөтенше жақсы сөйлесу бұл сүйініш. Өз тілін білмей тұрып жат тілге еліктей беруі зор қата ».

Халелдің психологияның жеке мәселелеріне байланысты пікірлеріде терең. « Адамның табиғаттағы бір мінезі,- дейді ол,- ойын – сауық қылып қызықтап кетуі. Ойнамайтын адам жоқ. Күлмеген адам – адам емес. Салтымызға, тұрмысымызға қарай түзелуге елімізде көп ойындар бар. Бұларды менсінбей ұмытып барамыз. Бұл жарамайды. Біздің кейбір ойындарымызға Европа таңданарлық ». Ол тілмен қатар әдебиетіміздің де ұлт, психологиясының айнасы екендігіне көңіл аударды.

Х. Досмұхамедовтың осы пікірлері көрнекті орыс психологі Б.М. Тепловтың « Әдеби мұралар психология ғылымы үшін еш уақытта да мәнін жоймайтын, бірден – бір қажетті материал болып табылады », дейтін түйіндерімен астарласып тұр.

Ғұлама ғалымның психологиялық тұрғыдан ерекше назар аудартар ендігі бір түйіні – ұлттық психологияның қалыптасуына қоғамдық ортаның, әсересе ондағы әлеуметтік тәрбиенің ықпалы жайлы мәселе. « Ұлт мемлекетін жасап, - деп жазды ол, - қазақ арасынан әлеуметшілікті тура жолмен жасау үшін елдің бұрынғы, соңғы әлеумет мінездерін текскру керек...Әлеуметшіліксіз қазақта ұлт тіршілігі, ұлт мемлекеті болуға мүмкін емес. Қазақ әлеуметшілігінің өткенін жөндеп түсініп, кемісін болжай білу - ... оқыған зиялыларымыздың міндеті... Онды әлеуметшілік құру үшін елдің өткен – кеткен тұрмысының, бұрынғы болған әлеумет қимылдарын тану керек». Бұл түйіндерден оның ұлт психалогиясының қызықты, іргелі мәселелеріне көңіл аударғанын көруге болады.

Х. Досмұхамедовтың педагогика, психология ғылымдарына қатысты бұл айтылғаннан басқа да әр түрлі ой толғаныстары толып жатыр. Бұлардың бәрін ғылыми талдауға алу - арнаулы зерттеуді қажет етеді.

Халел Досмұхамедов халқымыздың шаруашылық, кәсіби тыныс тіршілігі, аңшылық өмірі, ұлттық киімдері әсіресе қыздар табиғатын алтын-күміс, сырға-шолпы, ер-тұрман тізбектей келіп, осылардың әсемдікке, сыпайлыққа, адамгершілік –қасиеттерге баулып тәрбиелеуде маңызы зор екенін айтып өтті.

Автордың лиро- эпос, тұрмыс- салт жырларына қазақтың ұлттық өнеріне жасаған талдауларының ғылыми мәні бар.

Халел Досмұхамедов тіл, сөйлеу – адам психологиясының басты белгілерінің бірі екендігін айтады. Тіл жұрттың жаны. Өз тілін білмеген ел болмайды,тілінен айрылған жұрт жойылған жұрт. Мектеп пен баспаның тілі дұрыс болса, елдің тілін көркейтіп, байытып гүлдендіреді. Ана тілін білмей тұрып, бөтенше жақсы сөйлесу бұл күйініш. Ана тілін жақсы біліе тұрып, бөтенше жақсы сөйлесу бұл сүйініш. Өз тілін білмей тұрып, жат тілге еліктей беруі зор қате

Халелдің психологиясының жеке мәселелеріне пікірлері де терең. Ғұлама ғалымның психологиялық тұрғыдан ерекше назар аудартар ендігі бір түйіні- ұлттық психологияның қалыптасуына қоғамдық ортаның, мәсіресе ондағы әлеуметтің тәрбиенің ықпалы жайлы мәселе.

М. Дулатов екі жасында шешеден, 12 жасында әкеден жетім қалады. Ол 1897 жылы Торғайдағы қазақ-орыс мектебіне түсіп, оны 1902 жылы бітіріп шыққаннан кейін ауылға барып бала оқытады. Ол 1920 жылдан бастап жаңа өкіметке қызмет етеді. 1922-26 жылдары Орынбордағы Қазақтың ағарту институтында оқытушы болып қызмет етеді. 1922 жылы «Есеп құралын», 1924 жылы «Қирағат» кітабын бастырады. 1928 жылы зобалаңда бір топ қазақ зиялыларымен бірге тұтқынға алынады, осылайша 10 жыл өмірін абақтыда өткізеді. 1935 жылы тұтқында жүріп Балтық каналының бойындағы Сосновец деген жерде қайтыс болады. 1988 жылы республика Жоғарғы сотының колегиясы қылмыс құрамы болмағандықтан оны біржола ақтайды. Кейін оның «Оян қазақ», «Жастарға» , «Бақытсыз Жамал» деген шығармалары жарық көрді.Әмбебап ағартушының артына қалдырған рухани мұрасында кешегі көшпелі қазақ елінің әдет-ғұрпы, дәстүр- салты, жол- жоралғысы, тәлім-тәрбиесі, өзіне тән этикалық, эстетикалық ұнам- талғамдары нақты деректерге толып баяндалған.

Табиғаттан тәлімгерлік қасиеті мол жазушы қазақ арастында көбінде көзге түспей, түссе де еленбей жүрген ғылым- білімге , өнерге зерек балаларды оқытып- тәрбиелеудің мәне жайында сөз ете келіп, дарындылықтың кейбір психологиялық астарларына үңілді. Бұны: «Туысында қанша зеректік болса, да-ғылымсыз, тәрбиесіз кемеліне жетпейді. Кімде- кім өзінің табиғатына не нәрсеге шеберлік барлығын сезіп, өз жолына түссе ғана көзге көрінеді. ..Жақсы суретші адамның сыртқы түрін айнытпай сала білсе, жақсы жазушы да адамның ішкі сырын, мінезін, әдетін бұлжытпай көрсете біледі.

Өзіндік бақылау сұрақтары:


  1. Халел Досмұхамедовтың психологиялық көзқарастары қандай болды?

  2. Міржақов Дулатовтың психология ғылымына қосқан үлесі қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

1.Жарикбаев. К Психологическая наука в Казахстане. Алматы., 2002

2. Казахи . Исторические личности . Алматы 1998 г

3. Орынбеков М.С История философской т общественной мысли Казахстана. Алматы,1997

4. Сегизбаев И История казахской философии. Алматы, 1996
22 дәріс

Тақырып: Нәзипа Құлжанованың психологиялық көзқарастары


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет