Педагогикалық факультет



бет21/23
Дата29.01.2018
өлшемі1,81 Mb.
#36194
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

Дәрістің мазмұны


  1. Қ.Жарықбаевтың өмірі мен қызметі

  2. Ж.И.Намазбаеваның ғылыми еңбектері

  3. Н.А.Логинованың ғылыми еңбектері

Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, педагогика ғылымының докторы Қабығұл Жарықбаев 1929 жылы 26 қазанда Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Көкбұлақ ауылында дүниеге келген.

Жүсіпбек Аймауытовтың сөзімен айтқанда «Тәрбиелі адам, демек иманды адам, ол білімін өз орнына, игілікке, адамзаттың гүлденуіне жұмсайды» - деген екен. 1946 жылы Ақтөбе оқытушылар педагогикалық институтын бітірген балаң жігіт Құбығұл Бозбайұлының ойына Жүсіпбек Аймауытовтың осы бір тәрбие туралы ғұламалық даналығы, аталық сөзі кірмегенде шығар, немесе елес берді ме оны сол кезден бастаған тәрбие туралы талпыныс пен білім алу туралы үлкен ұмтылыс, зор арман. Алға қазақ орта мектебінде ұстаздық қызметін бастаған, оны болашаққа жетелей берді. 1947 жылы алғаш Төлеген Тәжібаев ұйымдастырған Әл – Фараби атындағы Ұлттық Университетінің «Логика және психология» бөлімін бітіріп шықты. 1951 – 1977 жылдары Қызылорда педагогикалық институтының оқытушысы және Шымкент педагогикалық институтында доцент, психология кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарды. 1977 жылдан бері Әл – Фараби атындағы ұлттық университеттің психология және педагогика кафедрасының меңгерушісі, кейінгі жылдары «Этнопсихилогия және педагогикалық психология» кафедрасының профессоры болып қызмет атқарып жүр.

Педагогика ғылымының докторы 1982 жыл, профессор 1984 жыл, Қазақстанның еңбек сіңірген ғалымы, қайраткері 1998 жыл, Ақтөбе мұғалімдер институтын 11946 жылы, Қазақ мемлекеттік университетін 1951 жылы бітірді. 1977 – 1987 жылдары ҚАЗМУ – де кафедра меңгерушісі қызметін атқарды. 1987 жылдан бастап Қазақ ұлттық университетінің профессоры. 1998 жылдан бастап этнопедагогика және этнопсихология орталығының директоры қызметін атқарды. Ғылыми зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты Қазақстандағы психологиялық, педагогикалық ой пікірлердің даму тарихы – этнопсихология мәселелері болды. Оның еңбектерінде қазақ халқыныңсан ғасырлық психологиялық ұғым түсініктері жан – жақты талданған.

Аңсаған арман оның басындағымінез – құлықтық психологиялық ерекшелік психология ғылымын зерттеуге тұлғалық берілгендігі, оны биік мәжеге жетеледі. Сөйтіп ол алғашқы еңбегін «Абай қазақ халқының ұлы ағартушысы» және «Қазақ ағартушылары жастарды тәрбиелеу туралы» еңбектері жарыққа шыға бастағаннан бері қарай, ол елуге тарта психология саласын қамтитын оқулық пен оқу құралдарын, оқу бағдарламаларын жазды. 800 – дей ғылыми мақаланың авторы. Мұнын барлығы психологияның маңызды мәселелеріне арналған. Демек, Құбығұл Бозайұлы ХХ ғасырдың соңғы ширегінде педагогика, әсіресе психология ғылымының дамуына зор үлес қосқан көрнекті ғалым. Қазақстанның психология ғылымының негізін салушылардың бірі. Абай атындағы АлМУ – дың педагогика кафедрасындағы докторлық ғылыми кеңестің және әл – Фараби атындағы ұлттық университеттің психологиядан докторлық ғылыми жәреже беретін кеңестің мүшесі.

1962 жылы қазақ тілінде жазған тұңғыш психология оқулығы (1970 – 82 - 94) қайтадан үш рет басылды. Сонымен бірге «Махамбет Өтемісұлы жастар тәрбиесі хақында» (1976), «әл – Фараби» (1977), «Аталар сөзі – ақылдың көзі» (Монография, 1980), «Ұстаздық еткен жалықпас» (психология очерктері, 1987) жазылды. Осы еңбектерінде автор қазақтың тәлім – тәрбиелік нұсқасын психологиялық негізге айналдырып, жастар және ұрпақ тәрбиесінің психологиялық негізін салды. Сонымен қатар ол «Қазақтың тәлім – тәрбиелік ой – пікір антологиясы» (1995), «Этнопсихология» (1998), «Қазақ мектептеріндегі оқу – тәрбие процесінің этнопсихологиялық мәселелері» (1997), «Психология пәнін оқытудың кейбір мәселелері» (1987) еңбектері әл – Фарабиден бері қарайғы қазақтың этнопедагогикалық немесе халықтық педагогиканы күні бүгінге дейінгі дамуына талдау жасайтын тарихи тағылымы мол, жастар тәрбиесін халықтық педагогика негізінде тәрбиелейтін және білім беретін тарихи еңбектер.

Қ. Б. Жарықбаев «Қазақ психологиясының тарихы» (1996), «Развитие психологической мысли в Казахстане» (1968), «Жүсіпбек Аймауытовтың психологиялық ой - пікірлері» (1998) еңбектері арқылы Қазақстандағы психологиялық ой – пікірдің дамуын, оның әртүрлі тарихи кезеңін тереңнен тартып талдайды. Осы жоғарыдағы еңбектердің барлығында да Құбылғұл Бозайұлы сан бергі тәрбиесін, психологиялық және педагогикалық оқу – ағарту туралы ой – пікірдің қалыптасу бағыттарын саралап та сараптап, бүгінгі өмірдің талаптарына сәйкес зерттеп, жазды.

Қ. Жарықбаевтың ғылыми – ізденіс бағыттарының негізі – ағартушылықты: тәрбие, оқу – ағарту, білім беруді, оның ішінде психологиялық ілімді зерттеуді өзінің биік межесі етіп ұстаған. Ғалым – жаңа рухта жас ұрпақ тәрбиелеу, адамгершілік, жақсы мінез – құлық қалыптастыру қажеттіліктерін тек қана тәжірибеде іске асырып қоймай, бұл мәселелерді теорилық тұрғыдан да терең зерттеген.

2003 жылы «Қазақ психологиясының дамуы мен қалыптасуы» туралы психология ғылымының докторы дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.

Университеттер мен пединституттардың студенттеріне және орта мектептердің мұғалімдеріне ұсынылып отырған «Қазақ тәлім – тәрбиесі» атты оқу құралы – республика топырағында тұңғыш жарық көрген төл туынды.

Қазақ халқы – рухани зор байлықтың мұрагері. Ол өзінің өресі биік, сан салалы өскелең мәдениетіне бір күнде, бір ғасырда жеткен жоқ. Осы мол қазынаның түп төркіні сонау VI – VIII ғасырлардағы Орхон – Енисей, ежелгі түркі жазбаларынан басталады.



Өзіндің бақылау сұрақтары:

    1. Қ.Жарықбаевтың өмірі мен қызметі қандай болды?

    2. Ж.И.Намазбаеваның ғылыми еңбектерінің психологиялық негізі неде?

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

1.Жарикбаев. К Психологическая наука в Казахстане. Алматы., 2002

2. Казахи . Исторические личности . Алматы 1998 г

3. Орынбеков М.С История философской т общественной мысли Казахстана. Алматы,1997

4. Сегизбаев И История казахской философии. Алматы, 1996
29 дәріс

Тақырып: Қазіргі кезеңдегі Қазақстанда 20 жылдардағы

психология ғылымының дамуы.



Мақсаты: Қазіргі кезеңдегі Қазақстанда 20 жылдардағы

психология ғылымының даму қарқаны жетістіктерімен студенттерді таныстыру.

Дәрістің мазмұны


1. ХХІ ғасырдағы Қазақстан Республикасында психология ғылымының дамуы

2. Қазіргі тенденциялық ғылыми психологиялық зерттеулердің өзекті мәселелері

3.Қазіргі тенденциялық ғылыми психологиялық зерттеулердің бағыттары

Қазан төңкерісінен кейін еліміздің саяси-экономикалық және мәдени-әлеуметтік өмірінде болған ұлы өзгерістер мен жаңалықтар ғылым мен мәдениеттің , оқу-ағарту ісінің барлық саласының өркен жаюына толық мүмкіндік туғызды.Көптеген арнаулы орта және жоға-ры оқу орындары ашылып, ғылым мен мәдениеттің әр саласынан білікті маман кадрлардың көбеюіне жағдай жасалды.Ғылымның сан саласын қамтитын ондаған ғылыми зерттеу институттары ашылып, оларға басшылық жасайтын орталық Қазақстан ұлттық Академиясы құрылды.Оларда 4,5 мыңнан астам ғылыми қызметкерлер еңбек етті.Оның ішінде Академияның 53 толық мүшесі , 85 мүше-коррес-понденті , 204 ғылым докторлары , 1486 ғылым кандидаттары бар.

Республикада соңғы 50 жыл ішінде педагогика ғылымының дамып қалыптасуына ондаған баспа орындарының ашылып, 5 ғылыми-методикалық арнайы журналдар мен 2 газеттің халыққа қызмет етуі , жыл сайын жүздеген оқулықтар мен ондаған ғылыми педагогикалық зерттеу еңбектерінің шығуы да игі әсерін тигізді.Бұл істе 1933 жылы Қазақ ССР Халық ағарту комиссариаты жанынан тұңғыш құрылған педагогика ғылымдарының ғылыми-зерттеу инсти-туты үлкен рөл атқарды.Педагогика, психология ғылымдарының тер-миндерін қалыптастырып, арнайы зерттеу еңбектері мен оқулықта-рын жасауда, сөйтіп бұл ғылым салаларын қалыптастыруда 1920-1935 жылдары Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Ай-мауытов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедов, К.Кеменгеров, Қ.Жұбанов, С.Асфендияров, Н.Құлжанова, Ш.Әлжанов сияқты біртуар асыл аза-маттар орасан зор еңбек етсе, ал 1935-1980 жылдарда М.Әуезов, Ә.Сыдықов, Р.Г.Лемберг, А.П.Нечаев, Т.Тәжібаев, Е.Бекмаханов, Ә.Сембаев, Ә.Қоңыратбаев, Ш.Кәрібаев, С.Қожахметов, М.Мұқанов, М.Ғабдуллин, Қ.Бержанов т.б. ондаған көрнекті педагог ғалымдар белсене ат салысып, бірнеше монографиялық зерттеу еңбектерін қалдырып кетті.Сөйтіп, педагогика, психология ғылымы шын мәні-сінде ΧΧ ғ. Алғашқы 20-30-жылдарында қоғамдық ғылымдар сала-сынан бөлініп, жеке ғылым саласы болып қалыптаса бастады.

Қазақстанда психология ғылымының қалыптасуына қолайлы жағдай жасаған басқа факторлар да аз болған жоқ.Соның бірі Ұлы Отан соғысы жылдарында Алматыда, сондай-ақ республиканың кейбір облыс орталықтарында Ресей, Украина т.б. жерлерден уақыт-ша көшіп келген белгілі ғалымдар қызмет еткені мәлім. М.П.Рубинштейн, Қызылорда-да – белгілі украин психологы, кейін академик болған Г.С.Кос-тюк, Қостанайда профессор В.Я.Резник т.б. жұмыс істеді.Олар жергілікті ғалымдармен бірлесіп бірнеше еңбектер жазды.Мәсе-лен, М.П.Рубинштейннің «Батылдық психологиясы» атты зертте-уіне кезінде баспасөз беттерінде жылы лебіз білдірілді.Респуб-ликадағы психология ғылымы, әсіресе соғыстан кейінгі жылдар- да елеулі қарқынмен дами бастады.Оған да бірнеше сәтті жағдай-лар себеп болды.

Республикада 1958 жылдан бастап Қазақ республикалық психологтар қоғамы, жастар мен мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беретін Алматы қалалық зерттеу орталығы (1987), «Отба-сы қызметі» атты консультациялық кабинет жұмыс істейді.Пси-хологиялық проблемаларды зерттеу ісімен жиырма педагогика-лық институт пен бес университеттің арнаулы кафедралары айна-лысады.Қазіргі кезде үш жүзден астам ғылыми қызметкер психо-логиялық зерттеулер жүргізуде, орта арнаулы, жоғары оқу орын-дарында студенттерге дәріс оқумен айналысуда.Бұлардың жет-пістен астамы психология ғылымының кандидаттары мен доктор профессорлары.Ғылыми кадрлар даярлау ісімен профессор Қ.Жа-рықбаев, Н.А.Логинова, Ж.Намазбаева, Б.Хамзин, В.Шабельников, т.б. ғалымдар айналысып жүр.

Соңғы кездері, әсіресе жариялылық, демократиялық бет-бұрыстар республиканың егемендік алып, тәуелсіздігін жарияла-ған тұста психологиялық зерттеулердің комплексті тақырыптары қолға алынып, оларды ұлт өміріне орайластыра жүргізудің қажет-тігін сезіне бастады.Қазақ тілінде алғаш рет психология саласын- да кандидаттық диссертация қорғау мүмкіндігі туды.1994 жылы Абай атындағы АлМУ-де арнайы кеңесте Ә.Ж..Алдамұратовтың «Оқушылардың грамматикалық ұғымдарын меңгеру психология-сы» атты тақырыптағы диссертациясы мемлекеттік тілде қорғал-ды.Еліміздің психология ғылымының тарихы үшін маңызды оқи-ғалар қатарына 1998 жылы Мәскеуде қорғалған екі докторлық диссертацияны жатқызуға болады.Профессор С.М.Жақыповтың «Оқыту процесінің психологиялық құрылымы» және Қ.Т.Шерьяз-данованың «Мектепке дейінгі білім жүйесіндегі педагогтар мен психологтарды кәсіби даярлаудың психологиялық негіздері» атты тақырыптардағы диссертациялары психология саласындағы жоға-ры ғылыми дәрежедегі ұлттық кадрлар санының өсуіне және ал-ғаш рет психологиядан докторлық кеңес ашуға мүмкіндік береді. Елімізде психолог мамандарын даярлау ісі жолға қойылды.Мемле-кеттік жоғары оқу орындарымен бірге жекеменшік оқу орында-рында да психологтар даярлануда.

Тағы бір назар аударар жайт: психология ғылымының инсти-туттық-құрылымдық негізін қалауда 2000 жылы Әл-Фараби атын-дағы Қазақ ұлттық университетінде ашылған этникалық және психологиялық кафедралардың маңызы үлкен.Өйткені, ғылым са-ласы дамуы үшін ғылыми-зерттеу мекемелерінің, материалдық-техникалық негіздің болуы қажет.Қорыта айтқанда, Қазақстан-дағы психология ғылымының өркендеуіне кешегі жіне бүгінгі ұр-пақтың өзіндік үлесі бар.Ал болашақ зерттеушілерді алда қыруар әстер күтіп тұр.

Қазақ елі егемен мемлекет болып, көгілдір туын көкке көте-ріп, әлемге таныла бастаған кезде халқымыздың ерте замандардан бері іргесі қаланған ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрі қайта өр-кендей бастады.Ата-бабаларымыздың жас ұрпаққа мұра етіп қал-дырған игі қасиеттерін қастерлеу - өскін буынға тәлім-тәрбие бе-рудің қуатты құралы болатындығы ешқандай күдік тудырмайтын ақиқат.

Кешегі кеңестік дәуірде өмір сүрген әлемге аты әйгілі психо-лог маман Л.С.Выготскийдің психологиялық көзқарастары адам баласының тарихы дамуын көздейді.Ол тәрбиені мәдени-тарихи даму тұрғысынан іздестіріп, өзінің психологиялық еңбектерін де осы теорияның талаптарына негіздей отырып жазды.

Әрбір халықтың мәдени-рухани қазынасы өскелең буынға білім беріп, оларды тәрбиелеуде ұлттық мінез-құлық пен тілдің орасан зор тағылымдық маңызы болатынын заманында ғұламалар жақсы түсінген.Өскелең ұрпақ – туған жері мен халқының пер-зенті.Ол қайда жүрсе де өз ұлтының жарқын болашағы әрі өкілі. Жастарға ата-баба дәстүрлерінің озық-үлгілері негізінде тәрбие беріп, олардың бойында ұлттық қадір-қасиеттерді, намысы мен туған елін, халқын құрметтейтін, сөйтіп азаматтық борышын өтейтін тұлға етіп тәрбиелеу – жалпы қоғам дамуындағы ізгі мақ-сат екендігі кімге болса да ерте кездерден таныс қасиеттер ата дәстүрді дәріптеу – қазақы тәлім-тәрбиенің іргетасы деуге болады. Ал имандылық пен сенім, ел-жұртын құрметтеу – саналы азамат-тың мінезіндегі ізгі сипаттар.Жас ұрпаққа өнеге көрсетіп білім беру – халықтық тағылымды бойына сіңіру, ата мұраны құрмет тұту, тәлім-тәрбиенің басты өлшемі ретінде әрбір ұстаздың хал- қы мен ел-жұрты алдындағы парызы, Отан алдындағы кәсіпкерлік міндеті.



Өзіндік бақылау сұрақтары:

1. ХХІ ғасырдағы Қазақстан Республикасында психология ғылымының дамуы қандай деңгейде?

2. Қазіргі тенденциялық ғылыми психологиялық зерттеулердің өзекті мәселелері не болып табылады?
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

1.Жарикбаев. К Психологическая наука в Казахстане. Алматы., 2002

2. Казахи . Исторические личности . Алматы 1998 г

3. Орынбеков М.С История философской т общественной мысли Казахстана. Алматы,1997

4. Сегизбаев И История казахской философии. Алматы, 1996

30 дәріс



Тақырып: ХХ ғасыр 80-90 жылдардағы психология ғылымының дамуы.

Дәрістің мазмұны:

1.Қазақ ССР жоғары оқу орнындағы кафедраларда психологиялық мәселелерін өңдеу.



2. Қазіргі тенденциялық ғылыми психологиялық зерттеулердің өзекті мәселелері мен бағыттары

Мақсаты: ХХ ғасыр 80-90 жылдардағы психология ғылымының дамуымен және осы аралықтағы жетістіктермен таныстыру.

Республикада 1958 жылдан бастап Қазақ республикалық психологтар қоғамы, жастар мен мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беретін Алматы қалалық зерттеу орталығы (1987), «Отба-сы қызметі» атты консультациялық кабинет жұмыс істейді.Пси-хологиялық проблемаларды зерттеу ісімен жиырма педагогика-лық институт пен бес университеттің арнаулы кафедралары айна-лысады.Қазіргі кезде үш жүзден астам ғылыми қызметкер психо-логиялық зерттеулер жүргізуде, орта арнаулы, жоғары оқу орын-дарында студенттерге дәріс оқумен айналысуда.Бұлардың жет-пістен астамы психология ғылымының кандидаттары мен доктор профессорлары.Ғылыми кадрлар даярлау ісімен профессор Қ.Жа-рықбаев, Н.А.Логинова, Ж.Намазбаева, Б.Хамзин, В.Шабельников, т.б. ғалымдар айналысып жүр.

Соңғы кездері, әсіресе жариялылық, демократиялық бет-бұрыстар республиканың егемендік алып, тәуелсіздігін жарияла-ған тұста психологиялық зерттеулердің комплексті тақырыптары қолға алынып, оларды ұлт өміріне орайластыра жүргізудің қажет-тігін сезіне бастады.Қазақ тілінде алғаш рет психология саласын- да кандидаттық диссертация қорғау мүмкіндігі туды.1994 жылы Абай атындағы АлМУ-де арнайы кеңесте Ә.Ж..Алдамұратовтың «Оқушылардың грамматикалық ұғымдарын меңгеру психология-сы» атты тақырыптағы диссертациясы мемлекеттік тілде қорғал-ды.Еліміздің психология ғылымының тарихы үшін маңызды оқи-ғалар қатарына 1998 жылы Мәскеуде қорғалған екі докторлық диссертацияны жатқызуға болады.Профессор С.М.Жақыповтың «Оқыту процесінің психологиялық құрылымы» және Қ.Т.Шерьяз-данованың «Мектепке дейінгі білім жүйесіндегі педагогтар мен психологтарды кәсіби даярлаудың психологиялық негіздері» атты тақырыптардағы диссертациялары психология саласындағы жоға-ры ғылыми дәрежедегі ұлттық кадрлар санының өсуіне және ал-ғаш рет психологиядан докторлық кеңес ашуға мүмкіндік береді. Елімізде психолог мамандарын даярлау ісі жолға қойылды.Мемле-кеттік жоғары оқу орындарымен бірге жекеменшік оқу орында-рында да психологтар даярлануда.

Тағы бір назар аударар жайт: психология ғылымының инсти-туттық-құрылымдық негізін қалауда 2000 жылы Әл-Фараби атын-дағы Қазақ ұлттық университетінде ашылған этникалық және психологиялық кафедралардың маңызы үлкен.Өйткені, ғылым са-ласы дамуы үшін ғылыми-зерттеу мекемелерінің, материалдық-техникалық негіздің болуы қажет.Қорыта айтқанда, Қазақстан-дағы психология ғылымының өркендеуіне кешегі жіне бүгінгі ұр-пақтың өзіндік үлесі бар.Ал болашақ зерттеушілерді алда қыруар әстер күтіп тұр.

Қазақ елі егемен мемлекет болып, көгілдір туын көкке көте-ріп, әлемге таныла бастаған кезде халқымыздың ерте замандардан бері іргесі қаланған ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрі қайта өр-кендей бастады.Ата-бабаларымыздың жас ұрпаққа мұра етіп қал-дырған игі қасиеттерін қастерлеу - өскін буынға тәлім-тәрбие бе-рудің қуатты құралы болатындығы ешқандай күдік тудырмайтын ақиқат.

Кешегі кеңестік дәуірде өмір сүрген әлемге аты әйгілі психо-лог маман Л.С.Выготскийдің психологиялық көзқарастары адам баласының тарихы дамуын көздейді.Ол тәрбиені мәдени-тарихи даму тұрғысынан іздестіріп, өзінің психологиялық еңбектерін де осы теорияның талаптарына негіздей отырып жазды.

Әрбір халықтың мәдени-рухани қазынасы өскелең буынға білім беріп, оларды тәрбиелеуде ұлттық мінез-құлық пен тілдің орасан зор тағылымдық маңызы болатынын заманында ғұламалар жақсы түсінген.Өскелең ұрпақ – туған жері мен халқының пер-зенті.Ол қайда жүрсе де өз ұлтының жарқын болашағы әрі өкілі. Жастарға ата-баба дәстүрлерінің озық-үлгілері негізінде тәрбие беріп, олардың бойында ұлттық қадір-қасиеттерді, намысы мен туған елін, халқын құрметтейтін, сөйтіп азаматтық борышын өтейтін тұлға етіп тәрбиелеу – жалпы қоғам дамуындағы ізгі мақ-сат екендігі кімге болса да ерте кездерден таныс қасиеттер ата дәстүрді дәріптеу – қазақы тәлім-тәрбиенің іргетасы деуге болады. Ал имандылық пен сенім, ел-жұртын құрметтеу – саналы азамат-тың мінезіндегі ізгі сипаттар.Жас ұрпаққа өнеге көрсетіп білім беру – халықтық тағылымды бойына сіңіру, ата мұраны құрмет тұту, тәлім-тәрбиенің басты өлшемі ретінде әрбір ұстаздың хал- қы мен ел-жұрты алдындағы парызы, Отан алдындағы кәсіпкерлік міндеті.

Өзіндік бақылау сұрақтары

1.Қазақ ССР жоғары оқу орнындағы кафедраларда психологиялық мәселелерін өңдеудегі қиыншылықтар неде болды?



2. Қазіргі тенденциялық ғылыми психологиялық зерттеулердің өзекті мәселелері мен бағыттары қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

1.Жарикбаев. К Психологическая наука в Казахстане. Алматы., 2002

2. Казахи . Исторические личности . Алматы 1998 г

3. Орынбеков М.С История философской т общественной мысли Казахстана. Алматы,1997

4. Сегизбаев И История казахской философии. Алматы, 1996


6. ПРАКТИКАЛЫҚ, СЕМИНАРЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ЖОСПАРЫ.





Тақырыбы

Семинарлық сабақ мазмұны

Апта

Әдебиеттер.

1

Психология ғылым ретінде


  1. Ғылыми таным әдіснамасы.


  2. Байқау, эксперимент, өзіндік байқау.

  3. Психодиагностикалық әдістер: тест, проективті әдіс

  4. Іс-әрекет өнімділігін талдау әдісі.




1

1.Жарикбаев. К Психологическая наука в Казахстане. Алматы., 2002

2. Казахи . Исторические личности . Алматы 1998 г

3. Орынбеков М.С История философской т общественной мысли Казахстана. Алматы,1997

4. Сегизбаев И История казахской философии. Алматы, 1996


2

Әл-Фарабидің психологиялық ой- пікірі.

Әл-Фараби Аристотель еңбегін жалғастырушы


Психологиялық қызметтің анатомиялық-физиологиялық негізі.

Тану теориясындағы таным процестерін зерттеу.




2

1.Жарикбаев. К Психологическая наука в Казахстане. Алматы., 2002

2. Казахи . Исторические личности . Алматы 1998 г

3. Орынбеков М.С История философской т общественной мысли Казахстана. Алматы,1997

4. Сегизбаев И История казахской философии. Алматы, 1996



3

А Яссауидың писхологиялық ойлары

    1. А. Яссауидың психологияға қосқан үлесі

    2. Яссауи және интеллектуалды ислам

    3. Түріктердің рухани дамуы А Яссауидың «Дивани Хикмет» шығармасы




3

1.Жарикбаев. К Психологическая наука в Казахстане. Алматы., 2002

2. Казахи . Исторические личности . Алматы 1998 г

3. Орынбеков М.С История философской т общественной мысли Казахстана. Алматы,1997

4. Сегизбаев И История казахской философии. Алматы, 1996



4

С. Торайғыровтың психологиялық идеялары.

С. Торайғыров шығармашылығындағы гуманизм.


С.Торайғыровтың адамгершілік тәрбиесі туралы.

Философиялық натурализм, материализм. Адам әрекеттерінің қоғамдық бағытталуы туралы көзқарастары.




4

1.Жарикбаев. К Психологическая наука в Казахстане. Алматы., 2002

2. Казахи . Исторические личности . Алматы 1998 г

3. Орынбеков М.С История философской т общественной мысли Казахстана. Алматы,1997

4. Сегизбаев И История казахской философии. Алматы, 1996



5

Ш.Уалихановтың философиялық көзқарастары және этнопсихологиялық зерттеулері

  1. Ш.Уалихановтың дінді және атеизмді сынауы

  2. Ыстық көл мен Құлжаға саяхаты

  3. Қашқарға баруы




5

1.Жарикбаев. К Психологическая наука в Казахстане. Алматы., 2002

2. Казахи . Исторические личности . Алматы 1998 г

3. Орынбеков М.С История философской т общественной мысли Казахстана. Алматы,1997

4. Сегизбаев И История казахской философии. Алматы, 1996



6

С.Торайғыров пен С.Сейфуллиннің психологиялық көзқарастары

  1. шығармашылығындағы психологиялық сарындар

  2. С.Торайғыров және адам дамуының биологиялық, әлеуметтік факторлары

  3. С.Сейфуллиннің педагогикалық- психологиялық көзқарастары




6

1.Жарикбаев. К Психологическая наука в Казахстане. Алматы., 2002

2. Казахи . Исторические личности . Алматы 1998 г

3. Орынбеков М.С История философской т общественной мысли Казахстана. Алматы,1997

4. Сегизбаев И История казахской философии. Алматы, 1996



7

ХХ ғасыр 20 жылдарындағы психология ғылымының дамуы.

Қазақстанда 20 жылдарында психологиялық білім мен психология ғылымының дамуының қажеттілігі В.Я Стуминский мен А.Н. Нечаевтың зерттеулері

Қазақ психологиясының дамуындағы орыс психолог, психологтердің рөлін талдау

Ұлттық психологиялық ғылыми терминологияны өңдеу. Этнопсихологиялық зерттеулер. Қазақ ғылымдары мен қоғамдық ағартушыларының зерттеулері: А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Х. Досмұхаммедов.


7

1.Жарикбаев. К Психологическая наука в Казахстане. Алматы., 2002

2. Казахи . Исторические личности . Алматы 1998 г

3. Орынбеков М.С История философской т общественной мысли Казахстана. Алматы,1997

4. Сегизбаев И История казахской философии. Алматы, 1996



8

Қазақстанда ұлттық тәлім-тәрбие ілімінің қалыптасу кезеңі

Қазақстанда ұлттық тәлім-тәрбие ілімінің қалыптасуы

Ш.Құдайбердиевтің психологиялық көзқарастары

Ахмет Байтұрсыновтың психологиялық көзқарастары


8

1.Жарикбаев. К Психологическая наука в Казахстане. Алматы., 2002

2. Казахи . Исторические личности . Алматы 1998 г

3. Орынбеков М.С История философской т общественной мысли Казахстана. Алматы,1997

4. Сегизбаев И История казахской философии. Алматы, 1996



9

ХХ ғасырдың 30-50 жылдарындағы Қазақстандағы психология ғылымы

  1. Т.Тәжібаевтың психология ғылымы

  2. М.Мұқановтың психологиядағы шығармашылығы

  3. Қазақ зиялыларының психология ғылымын қалыптастырудағы сіңірген еңбектері




9

1.Жарикбаев. К Психологическая наука в Казахстане. Алматы., 2002

2. Казахи . Исторические личности . Алматы 1998 г

3. Орынбеков М.С История философской т общественной мысли Казахстана. Алматы,1997

4. Сегизбаев И История казахской философии. Алматы, 1996



10

Қартбай Бержанов психологиялық және педагогикалық көзқарастары

  1. Қ.Бержановтың өмірі мен шығармашылығы

  2. Қартбай Бержанов психологиялық көзқарастары

  3. Қ. Бержановтың шығармашылығындағы негізгі туындылар




10

1.Жарикбаев. К Психологическая наука в Казахстане. Алматы., 2002

2. Казахи . Исторические личности. Алматы 1998 г

3. Орынбеков М.С История философской т общественной мысли Казахстана. Алматы,1997

4. Сегизбаев И История казахской философии. Алматы, 1996



11

Қазақ зиялылыарының Қазақстан психологиясын қалыптастырудағы үлесі

  1. Н. Құлжанованың психологиялық шығармалары

  2. Х. Досмұхамедовтың шығармашылығындағы психологиялық сарындар

  3. Н.Құлжанованың педагогика ғылымына қосқан үлесі




11

1.Жарикбаев. К Психологическая наука в Казахстане. Алматы., 2002

2. Казахи . Исторические личности . Алматы 1998 г

3. Орынбеков М.С История философской т общественной мысли Казахстана. Алматы,1997

4. Сегизбаев И История казахской философии. Алматы, 1996



12

Психология ғылымдарының дамуы

Қазан төңкерісінен кейінгі мектеп ісі

Педагогика және психолология ғылымдарының дамуы

Шетел зиялылары қазақтар туралы


12

1.Жарикбаев. К Психологическая наука в Казахстане. Алматы., 2002

2. Казахи . Исторические личности . Алматы 1998 г

3. Орынбеков М.С История философской т общественной мысли Казахстана. Алматы,1997

4. Сегизбаев И История казахской философии. Алматы, 1996



13


Психологиядағы тұлғаны тәрбиелеудегі тәрбиелер

  1. Халықтық тәрбие мен салт дәстүр

  2. Бата –тілек түрлері

  3. Шежіре үйрету




13

1.Жарикбаев. К Психологическая наука в Казахстане. Алматы., 2002

2. Казахи . Исторические личности . Алматы 1998 г

3. Орынбеков М.С История философской т общественной мысли Казахстана. Алматы,1997

4. Сегизбаев И История казахской философии. Алматы, 1996



14

ХХ ғасыр 80-90 жылдардағы

психология ғылымының дамуы.




Қазақ психологтарының докторлық диссертациясын қорғауы.

Кандидаттық диссертацияны қорғау жөнінде арнайы кеңестің ашылуы.

Оқу бағдарламасының психологиялық негізінің қалыптасуы


14

1.Жарикбаев. К Психологическая наука в Казахстане. Алматы., 2002

2. Казахи . Исторические личности . Алматы 1998 г

3. Орынбеков М.С История философской т общественной мысли Казахстана. Алматы,1997

4. Сегизбаев И История казахской философии. Алматы, 1996



15

Ежелгі түрік әдебиеттеріндегі психологиялық ойлардың пайда болуы

  1. Ежелгі түріктердің сенімдері мен дін жүйесіне сенерінің өмірлік көзқарасы мен психологиясына әсері.

  2. Ежелгі түрік мифологиясы.

  3. Жан туралы ілімі.




15

1.Жарикбаев. К Психологическая наука в Казахстане. Алматы., 2002

2. Казахи . Исторические личности . Алматы 1998 г

3. Орынбеков М.С История философской т общественной мысли Казахстана. Алматы,1997

4. Сегизбаев И История казахской философии. Алматы, 1996



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет