Педагогикалық Қызметкерлердің ҚЫСҚа мерзімді біліктілікті арттыру курсының ОӘк дайындау мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар



Дата18.03.2017
өлшемі355,22 Kb.
#11996
Бекітемін

«Өрлеу» БАҰО АҚ

Басқарма төрағасының

Бірінші орынбасары

___________Ж. Қараев

«___»________2014 ж.

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫНЫҢ ОӘК ДАЙЫНДАУ МЕН РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР



1. Осы Талаптар біліктілікті арттыру курстарының ОӘК дайындау мен рәсімдеуге қойылатын бірыңғай амал тұрғысынан келуді қамтамасыз ету мақсатында тұжырымдалған.

1.1 Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсының оқу-әдістемелік кешені (ОӘК) тыңдаушылардың сұраныстары мен қызығушылықтарын ескеретін, оқу курсын игеру мен сапалы оқыту үшін қажетті және жеткілікті оқу-әдістемелік құжаттардың жиынтығы болып табылады.

1.2 ОӘК кафедра отырысында талқыланып, институт директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарымен келісіліп, ПҚ БАИ директорымен бекітіледі.

1.3 ОӘК мақсаты:

- біліктілікті арттыру курсын нормативті- әдістемелік қамтамасыз ету;

- оқу бағдарламасының мазмұнын білім беру жүйесін жаңғыртуға сәйкестендіріп жаңарту;

- кафедраның ПОҚ кәсіби құзыреттілігін арттыру.



1.4 Міндеттері:

- біліктілікті арттыру курсының нормативті- әдістемелік негіздерін жүйелеу;

- курс тыңдаушыларының кәсіби құзыреттілік деңгейін анықтайтын материалдарды жүйелеу;

- бақылау өлшемдерін жасау;

- оқу материалын сапалы меңгерту мақсатында тыңдаушыларға жеке әдістемелік көмек көрсету.



1.5 ОӘК дайындау біліктілікті арттыру курстарының жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

1.6 Курс кураторы ОӘК-ді жоспарлаған курсты өткізу үшін дәріскерлердің пайдаланатын материалдарының негізінде оқыту тілінде дайындайды. ОӘК курстың басталуына 10 күн қалғанда кафедра отырысында қарастырылады.

1.7 Курстың ОӘК оны дайындау мен рәсімдеуге қойылатын нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес болуы тиіс (1,2- қосымша).

1.8 ОӘК курс тыңдаушыларының барлық аудиториялық және аудиториядан тыс оқу жұмыстарының барлық түрлерін оқу-әдістемелік қолдауды қамтамасыз етеді, қағаз және

электронды нұсқада дайындалады.



1.9 ОӘК-ге жыл сайын ҚР Бж/еҒМ мен «Өрлеу» БАҰО» АҚ жаңа нормативтік құжаттарына сәйкес, қосымшалар мен өзгерістер енгізіліп, өзгерістер тіркеу парақтарында көрсетіледі (17- қосымша).
2. Қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курсының оқу – әдістемелік кешенінің құрылымы
ОӘК құрылымы 1- кестеде көрсетілген.
Кесте 1

КУРСТЫҢ ОӘК-нің ҚҰРАУЫШТАРЫ

2.1 Курстың оқу бағдарламасы

2.2 Курстың оқу-тақырыптық жоспары

2.3 Дәрістердің тезистері

2.4 Оқытушылар мен тыңдаушыларға арналған әдістемелік ұсыныстар (материалдар)

2.5 Сабақты өткізу бойынша оқытушыларға арналған әдістемелік нұсқаулар:

- дәріс сабағын өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар;

- семинар сабақты өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар;

- тренингтер мен шеберлік сыныпты өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар;

- дөңгелек үстел өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар;

- конференция өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар;

- пікірталас өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар;

- іскерлік ойын өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар;

- көшпелі тәжірибелік сабақ өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар;

- қорытынды бақылауды ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар.


2.6 Тыңдаушыларға арналған әдістемелік нұсқаулар:

- жобаны орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар;

 - өзіндік жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар;

- бақылау тапсырмаларын, тесттер орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар.


2.7 Тыңдаушылардың білімін бақылауды өткізу тәртібі мен мазмұнын анықтайтын материалдар

- жоба жұмыстарының тақырыптарының тізімі;

- бақылау тапсырмаларының (тестердің) сұрақтары;

- өзіндік жұмыстың тапсырмалары;

- тест және бақылау жұмыстарының қоры деңгейлік тапсырмалар.




ОӘК-нің құрылымы 1-кесте негізінде қалыптасады.
2.1. Курстың оқу бағдарламасы ОӘК-нің құрамындағы негізгі құжат болып табылады. Курстың оқу бағдарламасы модульдік принциппен құрылады, оқу мақсаттары, негізгі міндеттері көрсетіледі. Оқу бағдарламасы 5 модульден, инварианттық және вариативтік бөліктерден тұрады (3-қосымша);

2.2. Курстың оқу-тақырыптық жоспары көлемі мен өткізу формасы көрсетілген түрлеріне қарай құрылымдалған оқу сабақтарынан тұрады.

2.3. Дәрістердің тезистері. Тезис – баяндалатын дәрістің негізгі идеяларының қысқаша тұжырымдамасы. Тезистерде тақырыптың, сұрақтың мазмұны қысқаша ашылады

(4,5- қосымша).



2.4. Мұғалімдерге арналған әдістемелік ұсыныстар (материалдар), курстың оқыту бағдарламасына қосымша жазбаша түрде рәсімдеп, оқыту әдісінің нәтижелілігіне негіздеу. Әдістемелік ұсыныстар оқу тапсырмаларын орындау, тыңдаушылардың өзіндік және жоба жұмыстарын ұйымдастыру, негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі, бағдарламаны меңгеру деңгейіне және мен ағымдық, қорытынды бақылаулардың түрлері мен оларға қойылатын талаптардан тұрады.

2.5. Мұғалімдерге арналған әдістемелік ұсыныстардың мазмұнына:

- дәріс тезистерін жазу бойынша әдістемелік нұсқаулар (9,10- қосымша);

- тренингтер мен шеберлік сыныпты өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар (егер олар оқу-тақырыптық жоспарда қарастырылса);

- семинар сабақтарын өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар немесе семинар сабақтарының жоспарлары (егер оқу-тақырыптық жоспарда қарастырылса)



(6-қосымша);

- дөңгелек үстелді өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар ( 8-қосымша);



- конференцияны өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар;

- пікірталасты өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар (7-қосымша);



- іскерлік ойындарды өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар немесе педагогикалық жағдаяттарды қарастыру (егер іскерлік ойындар оқу-тақырыптық жоспарда қарастырылса) (11-қосымша);

- қорытынды бақылауды өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар.



2.6. Тыңдаушыға арналған әдістемелік нұсқау мазмұны:

- жоба жұмысын орындау бойынша әдістемелік нұсқау (егер жоба жұмысы оқу-тақырыптық жоспарда қарастырылса);

- өзіндік жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқау, тыңдаушының өзіндік бақылауы мен оқытушының оқу нәтижелілігін, аралық бақылауды жүргізуін қамтамасыз ететін әдістемелік материалдардан тұрады.


3. Оқу әдістемелік кешенді рәсімдеу талаптары мен бекіту тәртібі


3.1. ОӘК-нің оқу-әдістемелік материалдары қосымшаларға сәйкес рәсімделеді және бекітіледі (1-17- қосымша);

  • ОӘК титул парағын рәсімдеу үлгісі;

  • ОӘК титул парағының келесі бетін рәсімдеу үлгісі;

  • курстың оқу-тақырыптық жоспары және оқу бағдарламасының құрылымы;

  • дәріс тезистері;

  • диолог -дәрісті өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар, диолог -дәрістің

технологиялық картасы;

  • педагогикалық қыметкерлер курсы семинар сабақтарының құрылымы;

  • пікірталасты өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар;

  • дөңгелек үстел өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар;

  • «шеберлік сыныпты» өткізу алгоритмі;

  • тренинг сабақтарын өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар;

  • іскерлік ойынды өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар;

  • көшпелі тәжірибелік сабақты рәсімдеуге қойылатын талаптар;.

  • тыңдаушылардың білімін бақылауды жүргізудің кестесі;

  • тыңдаушылардың өзіндік жұмыстарының тапсырмасы;

  • жоба құрылымы мен бағалау критерийлері;

  • реферат пен бақылау жұмысына берілетін пікірге қойылатын талаптар;

  • ОӘК-ге қосымшалар мен өзгерістерді енгізуді тіркеу парағы.

3.2.  ОӘК-нің барлық құрауыштары үшін ұсынылатын әдебиеттер берілген білім аймағына қойылатын заманауи талаптарды қанағаттандыруы тиіс.

3.3. ОӘК-ді құрастырушы курстың құрамы мен оқу-әдістемелік материалдарының жекелеген түрлеріне өзгерістер енгізе алады. Ол өзгерістер пікір беру және бекіту процедураларынан қайта өткізіледі.

3.4. Курстың ОӘК-нің барлық құрауыштары бумаға (папка) жинақталып, курс бекітілген кафедрада сақталады.
1-қосымша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«ӨРЛЕУ» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы

«................... облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты»

«_______________________________________________» тақырыбындағы

БІЛІКТІЛІК АРТТЫРУ КУРСЫНЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
_____________________________________________________

(сағат саны)

(Басылым орны мен жылы)

2-қосымша




1 ДАЙЫНДАЛДЫ ЖӘНЕ ЕНГІЗІЛДІ

________________________________________________________________________________

құрастырушының А.Ж.Т.

________________________________________________________________________________

филиалдың атауы


2 ______________________ПҚ БАИ ________________ кафедрасының отырысында ҚАРАЛДЫ. Хаттама № ___ «__» __________20__ жыл

3-қосымша
Оқу бағдарламасы мен ОТЖ құрылымы

«..........................................» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсының оқу бағдарламасы:



1.Кіріспе.

    1. Курс тақырыбының өзектілігі.

    2. Мақсатты топтың сипаттамасы.

    3. Қиындықтар аясы.

    4. Курстың мақсаты мен міндеттері.

2. Мазмұндық бөлімі.

2.1. Модульдердің қысқаша мазмұны және модульдердің сағат көлемі.

3. Курстың оқу-тақырыптық жоспары.

4. Әдістемелік-ақпараттық бөлімі.

4.1. Тәжірибелік сабақ тақырыптарының тізімі.

4.2. Семинар сабағы тақырыптарының тізімі.

4.3. Өзіндік жұмыстар тақырыптарының тізімі.

4.4. Шығармашылық жобалар тақырыптарының тізімі және оларды орындауға

қойылатын талаптар.

4.5. Көшпелі тәжірибелік сабақтардың тақырыптары.

4.6. Оқытудың түрлері, тыңдаушылардың білімін бақылауды жүргізу, кәсіби

құзыреттілік деңгейін бағалау жүйесі.

4.7. Оқу үдерісін материалдық-техникалық қамтамасыз ету.



4.8. Әдебиеттер тізімі.

Курстың оқу бағдарламасын рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар


1. Оқу бағдарламасы 3 қосымшаға сәйкес дайындалуы тиіс.

2. Оқу бағдарламасының негізгі мәтінін рәсімдеу стиліне қойылатын талаптар:

Қаріп кегль 12, «Тimes New Roman».

Жоларалық интервал –1.

Сөзаралық интервал – 1 белгі.

Азат жол – 1,25.

Тегістеу ені бойынша.

Парақ беттерінің номірлері парақтың төменгі ортасынан қойылады.

Бет пішімі – А4 (210Х297 мм).

Ақ жолақ шегі: жоғарғы жағы - 20 мм; төменгі жағы - 20 мм; сол жағы – 20 мм; оң

жағы – 20 мм.

3. Оқу бағдарламасы бөлімдері мен тармақтары мәтіннен бөлінбеуі тиіс және

беттің төменгі жағында болмауы тиіс.

4. Кестелер дұрыс орналасуы керек: «үзіксіз», тақрыбы кестеден бөлінбеуі тиіс;

кестені келесі бетке көшіргенде кесте тақырыбы қайталанады және «.... кестенің

жалғасы» деген сөз жазылады. Кестенің ішіндегі кегль өлшемі 12 мм, ең аз өлшем

(қажет болған жағдайда) 10 мм болуы мүмкін.

«......................................................» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫНЫҢ ОҚУ-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
Тыңдаушылар санаты: _____________________________________




Сабақтардың тақырыбы

Дәріс

Диалог-дәріс

Таңдау бойынша дәріс

Пікірталас

Іскерлік ойын

Тренинг

Семинар

Шеберлік сынып

Конференция

Дөңгелек үстел

Диагностика

Жоба қорғау

Барлығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15




Инварианттық бөлім








































І











































ІІ











































ІІІ











































ІҮ














































Вариативтік бөлім











































ЖАЛПЫ:









































Әдебиеттер тізімін рәсімдеу ережелері

Әдебиеттерді библиографиялық тізімге топтастырудың бірнеше тәсілдері бар. Топтастыру жұмыстың сипатына, бағыттылығана, тақырыбына байланысты жүргізіледі.

Оқу бағдарламасы үшін әдебиеттердің келесі топтастыру үлгісі қолдану керек:

Нормативтік құжаттар

Қолдану жағдайы көрсетіледі:

ҚР Конституциясы, заңдары, Қазақстан Республикасының Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары және т.б.

Негізгі әдебиеттер:

Оқулықтар мен оқу құралдары – алфавит бойынша орналасады.



Қосымша әдебиеттер:

Алфавит бойынша орналасады.



Мерзімдік басылым:

Алфавит бойынша орналасады



Интернет ресурстары

ЕСКЕРТУ:


Негізгі әдебиеттер тізіміне соңғы 5-10 жылда жарияланған басылымдардың енуі міндетті.
4-қосымша
Дәріс тезистері мен диалог-дәрістің

технологиялық картасына қойылатын талаптар
Тезис – баяндалатын дәрістің негізгі мәселелерінің қысқаша тұжырымдалуы. Тезистің жекелеген абзацтар мен шағын тақырыпты немесе сұрақты ашуға мүмкіндік береді.

Тезистің құрылымы дәрістің құрылымын қайталайды.



Тезис көлемі ережеге сәйкес 2-ден 5-ке дейін А4 стандартты өлшемді баспа беттен тұрады; қаріп – Times New Roman, өлшемі – 14 pts, жоларалық интервал – 1; сол және оң жақтары бойынша теңестіріледі, тақырып мәтіні бір интервал арқылы, беттің шектелуі - барлық жағынан 2,0 см.

Әдебиеттер тізімі стандарттық үлгіге сәйкес рәсімделеді.
5-қосымша

Диалог-дәрісті өткізу бойынша әдістемелік ұсыныстар
Диалог-дәріс (қосарланған дәріс) – екі оқытушының түрлі ғылыми мектеп өкілдері ретінде, немесе теория мен нақты тәжірибе өкілдері ретінде, немесе көтерілген мәселені жақтаушы мен оппонент ретінде, немесе педагогикалық технологияларды қолдаушылардың тұтастығын қамтамасыз ететін диалог формасында дәрісті оқу түрі.

Екі түрлі ақпараттың болуы тыңдаушыларды әртүрлі көзқарастарды салыстыруға, таңдау жасауға, өзінің көзқарасын айтуға, бір пікірге қосылуына ықпал етеді. Сонымен қатар, әрбір тыңдаушыда пікірталас мәдениеті, диалогты жүргізу әдістері, шешімді бірге іздестіру және қабылдау, талқыланатын мәселеге қатысу мүмкіндігі туралы көрнекі түрде пікір қалыптасады. Яғни, оқытушылардың да, тыңдаушылардың да кәсіби ортақ шығармашылық деңгейі айқындалады.



Диалог-дәрісті қолдану шегі:

1. Кез келген тақырыпта, дегенмен ең алдымен теорияның тәжірибеде қолданылуының мейлінше үйлесімділігін көрсететін тақырыптарға қолдануға болады. Теориялық ұстанымдар тәжірибелік әрекеттер аймағына қарай ауысады, сондықтан оқу ақпараттары тыңдаушылар үшін қолжетімді, түсінікті болады, теория мен практиканың байланысы қамтамасыз етіліп ғана қойылмайды, сонымен бірге технологиялық сипаттағы тірек білімдерінің тақырыптары да өзара бірігеді.

2. Жекелеген пәндер арасындағы (педагогика және невропатология, педагогика және психология, психология және медицина және т.б.) жаңа білімдерді меңгеруде, үйлесімділікті нақты мәселені шешуде түрлі білім аймағының кірігуін қамтамасыз ететін көпжақты байланыста қолдануға болады. Бұл жағдайда тыңдаушыларға кәсіби білімдері ғылыми білімдердің қарама-қайшылықтарын жеңуге мүмкіндік жасалады.

3. Түрлі пәндерде (мысалы, үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс барысында) компьютерлік және телекоммуникациялық құралдарды пайдалану арқылы құбылыстың тұтастығы туралы пікірді қалыптастыруда қолданылуы мүмкін. Бұл жағдайда алынатын ақпараттар аумағы стандартты дәріспен салыстырғанда кеңірек болады.



Қосарланған дәрісті оқу келесі үлгі бойынша өтілуі мүмкін: бірінші оқытушы мәселе бойынша өзінің ойын білдіреді, екінші оқытушы оны тыңдайды және жаңа білімдерді баяндаудың логикасын толықтырады немесе бірінші оқытушының баяндамасының мазмұны бойынша қарсы пікірін білдіреді.

Диалог-дәрістің құрылымы: дәрістің әрбір кезеңіндегі оқу материалының нақтылығымен, ықшамдылығымен, жинақылығымен, ақпарат көлемінің көптігімен, логикалық өзара байланыстылығымен ерекшеленеді. Дәрістің оқу материалы горизонтал бағытта кіріктіріледі – түрлі пәндердің ұқсас материалдарының бірігуі, немесе вертикал бағытта – қиындық деңгейі әртүрлі дәріс материалдарының тақырыптық ашылуын қамтамасыз етеді.

Дәріс сабағында оқытушылар өз баяндамаларының белгілі бір сабақтастығын алдын-ала келісе отырып, әрекет түрлерін үнемі ауыстырып отырады. Егер пәндер өзара байланысты болса, оқу материалын өте мұқият таңдау қажет, себебі диалог-дәрісті өткізудегі ең басты мәселе – материал мазмұнының қайталанбауы.

Диалог-дәріске дайындалу кәдімгі дәріске қарағанда ұзақ уақытты қажет етеді. Диалог-дәрісті дайындау және өткізуде оқытушылардың психологиялық және әдістемелік әрекеттестігі маңызды.

Диалог-дәрістің технологиялық картасы


Кезеңдер

Оқытушының әрекеті

Тыңдаушының әрекеті

Әдістер

Оқытушылар

Ұйымдастыру сәті













Өзіндік тәжірибелік жұмыс













Рефлексия













Қорытынды













6-қосымша
Біліктілікті арттыру курстарының семинар сабақтарының құрылымы
Семинар сабағы:


  • семинар сабағының тақырыбынан;

  • семинар сабағының формасынан;

  • семинар сабағын өткізу мақсатының тақырыпқа сәйкес келуінен;

  • семинар сабағының жоспарынан;

  • баяндама және хабарлама тақырыптарынан, пікірталас сұрақтарынан;

  • әрбір тақырып бойынша барынша күрделі мәселелерді оқып-үйрену бойынша ұсыныстардан;

  • семинардың оқу-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етілуінен тұрады.


7-қосымша

Пікірталасты өткізу бойынша әдістемелік нұсқау
Пікірталас – оқытуда ерекше мүмкіндіктері бар топтық әрекеттесудің барынша тиімді технологияларының бірі.

Пікірталас (латыншадан аударғанда discussio – қарастыру, зерттеу) – топта қандайда бір сұрақты немесе мәселені талдау арқылы шешім қабылдаудың қарқындылығын арттыру мақсатында атқарылатын бірлескен әрекетті ұйымдастыру тәсілі. Пікірталасты белсенді оқыту әдісі және ерекше технология түрінде қарастыруға болады.

Пікірталас әдіс түрінде басқа да технологиялары мен оқыту әдістерінің: әлеуметтік-психологиялық тренингтер, іскерлік ойындар, практикалық жағдаяттар мен мәселелерді талдау барысында тыңдаушылардың ойлау және бағдарлы-құндылықты әрекеттерін қарқынды ұйымдастыруда қолданылады.

Пікірталас өзіндік технология ретінде «миға шабуыл», «синектика», «жағдаят талдау» сияқты оқыту әдістері мен тәсілдерін қамтиды.

Пікірталастың оқыту әсері тыңдаушылардан әртүрлі ақпараттарды алу мүмкіндігімен, өзінің құзыреттілігін арттыру және көрсете алуымен, қарастыралатын мәселеге қатысты көзқарасын тексеру және нақтылай алуымен, оқу тапсырмаларын бірлесе шешуде білімдері қолдана алуымен анықталады.

Пікірталастың дамытушылық қызметі тыңдаушылардың шығармашылығын ынталандырумен, өзінің идеялары мен ұстанымдарын дәйектелген, логикалық құрылған дәлелімен және ақпаратты талдау қабілетін дамытумен, коммуникативтік белсенділікті арттырумен, тыңдаушылардың оқу үдерісіне қызу араласуымен байланысты.

Коммуникативтік тұрғыдан пікірталас әрқашанда жан-жақты қисындылығымен, ал сипаты бойынша әркім өзінің ұстанымын қорғайтын айтыс түріндегі келіспеушілігімен; немесе қатысушылардың бірігіп бір мәселені шешу үшін бірін-бірі толықтыратын келісімдік-диалог түрімен ерекшеленеді.

Пікірталас пен айтыстың ұқсастығы мен айырмашылығы туралы әртүрлі көзқарастар бар, бұл жағдайда айтысты пікірталастың бір элементі ретінде немесе пікірталастың жеке типі ретінде қарастыруға болады. Оппоненттердің, қарама-қарсы көзқарастардың болуы пікірталасты қыздыра түседі, әрі өнімділігін арттырады, талқыланатын мәселенің тиімді шешу үшін қарама-қарсы көзқарастардың құрылымдық шиеленісін құруға мүмкіндік береді. Айтыстың дау-дамайға айналмауы ең маңызды болып табылады.

Пікірталастың белгілі бір типін талқыланатын мәселенің сипаты және пікірталастың мақсатына байланысты қолдануға болады.

Диалог-пікірталас көбінесе шешімі бірін-бірі толықтыру, «жеке үлес» ұстанымының негізіндегі топтық әрекеттесу немесе әртүрлі көзқарастардың ортақ келісімге келуі арқылы анықталатын оқу мәселесін бірлесіп талқылауда қолданылады.

Пікірталас - тіпті ғылымда, әлеуметтік-саяси өмірде бірмәнді шешімі жоқ күрделі мәселелерді жан-жақты қарастыруда қолданылатын талас. Ол «тірескен қарсы тұру» ұстанымында құрылған және оның мақсаты мәселені шешуден гөрі білім алушылардың мәселе туралы ойлауға, ол туралы өзінің көзқарасын нақтылауға, анықтауға; өзінің көзқарасын дәлелді қорғауға және осы мәселе туралы басқалардың жеке тұлға ретінде пікірін білдіруге құқылы екенін сезінуге ықпал ету болып табылады. Бұл тыңдаушылардың қисынды ойлауын ынталандыруға, айтылған пікірлердің негізінде өз ойын тұжырымдауға және оны айтылған дәлелдер арқылы бекітуге ықпал ететіндіктен тәжірибелік әрекеттерді ұйымдастырудың тиімді түрі болып табылады. Осындай жолмен келген білім белсенді ұстанымның қалыптасуына және игерген білімі мен білігін тәжірибеде саналы қолдануға тікелей әсер етеді.

Нәтижелі пікірталас өткізудің шарттары:



  1. тыңдаушылардың ақпараттануы мен пікірталасқа дайын болуы, материалды толық меңгергендігі, ұсыныстарын қорғауға арналған дәлелдемесі үшін түрлі дерек көздерін қарастыруы;

  2. пікірталас кезінде қолданылатын ұғымдарды дұрыс пайдалануы, оларды біркелкі түсінуі;

  3. сыпайы мінез-құлық танытып, қарсыластың жеке басына қатысты пікірге жол бермеу.

  4. қатысушылардың сөйлеуіне уақыт тәртібін белгілеу.

  5. пікірталасқа топтың толығымен топты кірістіру, әрбір тыңдаушының қатысуы қажет:

    • талқылауға қызықтыру үшін дискуссияның тақырыбын өзекті тұжырымдау керек,

    • топты қарым-қатынасты қиындататын кедергілерді жою үшін орналастыру керек.

    • әр тыңдаушыға ойын толық айтуына мүмкіндік беру.

  6. топтық қарым-қатынас ережелерін бірлесіп жасау.

  7. жұмысты қорытындылайтын, пікірлерді шоғырландыратын, талқылауды ынталандыратын пікірталас жетекшісі ретіндегі оқытушының ерекше ұстанымының болуы. Оқытушы пікірталасқа қатысқанымен мәселені талқылауда оның жеке ұстанымы басым болмауы керек.


Пікірталасқа дайындықтағы негізгі қадамдар:



  1. курстың тақырыбы мен оқу материалының мазмұнына сәйкес пікірталастың тақырыбын таңдау. Талқылауға өзекті мәселелік сипаттағы, мазмұнында қарама-қарсы көзқарастары, білім алушылардың дағдыланған қалыптарына әсер ететін дилеммалардан құралған тақырыптар алынады;

  2. пікірталас тақырыбы жеке сұрақтарды қамтиды және олар тыңдаушыларға алдын-ала хабарланады;

  3. пікірталасқа дайындалуға қажетті әдебиеттер, анықтамалық материалдар көрсетіледі;

  4. тыңдаушылардың өзіндік жұмысы ұйымдастырылады.


Пікірталас өткізу.
Пікірталастың бірнеше кезеңде ұйымдастырылады.
1-кезең, пікірталасқа кіріспе:

  • пікірталастың мәселесі мен мақсатын тұжырымдау;

  • талқылауға түрткі қалыптастыру – мәселенің маңыздылығын айқындап, оның шешілмегендігін және сұрақтың қарама-қайшылығын және т.б. көрсету;

  • пікірталастың және оның негізгі кезеңдерінің уақыт тәртібін белгілеу;

  • топтық қарым-қатынас ережелерін бірлесіп дайындау;

  • пікірталас тақырыбын, қолданылатын терминдерді, ұғымдарды түсінудің бір мағыналылығын айқындау.

Пікірталас кіріспесінің тәсілдері:

  • мәселенің жағдаятын (ахуалын) ашып көрсету;

  • бейнемазмұнды көрсету;

  • материалдарды көрсету (мақалалар, құжаттар);

  • мәселелік жағдаятты рөлдік ойнау;

  • қарама-қайшы пікірді талдау – талқыланып отырған мәселе бойынша қарама-қарсы көзқарастың қақтығысуы;

  • мәселелік сұрақтар қою;

  • балама таңдау (тыңдаушыларға бірнеше көзқарастың немесе мәселені шешу тәсілдерінің біреуін таңдау ұсынылады).


2-кезең, мәселені талқылау:
Тыңдаушылар әр сұрақ бойынша пікірлер алмасады. Кезеңнің мақсаты – бір-бірімен салыстыра отырып барынша көп пікірлер, идеялар, ұсыныстар жинау.

Жетекшінің міндеттері:

  • уақыт тәртібінің сақталуын қадағалау;

  • барлық тыңдаушылардың ойын айту мүмкіндігін қамтамасыз ету, сұрақтардың көмегімен белсенділігі төмен қатысушылардың жұмысын ынталандыру (“Сіз қалай ойлайсыз?”, “Сіз айтылған түсініктемеге қатағаттанасыз ба?”, “Айтылған пікірмен келісесіз бе?”, “Біз сіздің пікіріңізді білгіміз келеді” және т.б.);

  • пікірталас тақырыбынан ауытқуға жол бермеу;

  • айтыс үшін пікірталастың таласқа ауысуын ескерту;

  • пікірталастың жеке тұлғааралық қарсыласу мен жанжал деңгейіне өтпеуін қадағалау;

  • пікірталас басылған жағдайда қатысушылардың белсенділігін арттыру;



3-кезең талқылау қорытындысын шығару:


  • тыңдаушылардың келісілген пікірді дайындауы және топтық шешім қабылдауы;

  • жүргізушінің пікірталас тыңдаушылардың толық келіскен ұстанымына келмеген жағдайда қарама-қарсы ұстанымдардың басым көзқарастарын және жағдаяттың бір-біріне жақын сәттерін атап көрсетуі;

  • білім алушылардың келешекте мәселенің мәнін түсінуге және оның шешу жолдарын іздестіруге бағыттау;

  • пікірталастың талқыланған мәселені шешудегі және педагогикалық мақсаттарға, әрбір қатысушының оң үлесіне қолжеткізудегі тиімділігін бірлесе бағалау.


Пікірталасты талдау
Пікірталасты талдау оның маңызды элементі болып табылады. Сабақ қорытындыланады, тыңдаушылар пікірталас барысында жасаған шешімдері талқыланады, мәселені дұрыс түсінген негізгі сәттері атап айтылады, айтылған ойлардың қисындылығы, қателігі, пікірталас тақырыбы бойынша жекелеген ескертулердің жеткіліксіздігі көрсетіледі. Айтылған сөздің мазмұнына, тереңдігіне және дәлелдемелерінің ғылымилығына мән беріледі.

Кез келген пікірталастың соңында қорытынды шығарылады, шешімдер тұжырымдалады, белсенді қатысушылар, топтың барлық идеялары, қателіктер мен жаңылысудың неге әкелетіндігі атап көрсету маңызды болып табылады.



8-қосымша

«Дөңгелек үстелді» өткізу бойынша әдістемелік нұсқау
«Дөңгелек үстелді» өткізудің негізгі мақсаты тыңдаушылардың өз ойын айту, пікірін дәлелдеу, ұсынылған шешімді негіздеу, өзінің ұстанымын қорғау сияқты кәсіби біліктілігін қалыптастыру болып табылады. Сол арқылы ақпаратты бекіту және қосымша материалмен өзіндік жұмысын орындау, сонымен қатар талқылауды қажет ететін сұрақтар мен мәселелерді анықтау жүзеге асады.

«Дөңгелек үстелді» ұйымдастыру барысындағы маңызды міндеттер:



  • пікірталас барысында берілген тақырып бойынша бір-екі мәселені, өткір жағдайды талқылау;

  • әртүрлі көрнекі материалдар (сызбалар, диаграммалар, графиктер, аудио және видео жазбалар, фото және кино құжаттар); қолдану арқылы пікірлерді көрсету;

  • негізгі сөз сөйлейтіндерді мұқият дайындау (баяндамалармен, шолулармен шектелмей, өз пікірін, дәлелдемелері мен дәлелдерін айту)

болып табылады.

«Дөңгелек үстелді» өткізу барысында келесі ерекшеліктерді ескеру қажет:

- қарым-қатынас, тілдесу үдерісі жүзеге асып, қатысушылардың көз алдында өтуі тиіс. «Дөңгелек үстел» алғышарты, яғни қатысушыларды бір-біріне қарама-қарсы орналастыру жалпы алғанда белсенділіктің артуына, айтылған пікірлер санының және талқылауға әрбір қатысушының пікірталасқа қатысу мүмкіндігінің артуына, вербалды емес қатынас құралдарын (ым-шара, қимыл, көңіл-күй көрінісі) қолдануға әкеледі;

- оқытушының топтың тең құқылы мүшесі рөлінде болуы жағдайдың формальдылығын төмендетеді. Қалыпты жағдайда қатысушылар өздерінің пікірлерін бір-біріне емес оқытушыға арнайды. Егер оқытушы тыңдаушылардың арасында болса, онда топ мүшелерінің бір-бірімен қарым-қатынасы жиірек болады, сонымен қатар тыңдаушылар мен оқытушы арасындағы өзара түсіністікті дамыту мен пікірталас үшін қолайлы жағдайдың қалыптасуына ықпал етеді.



«Дөңгелек үстелді» келесі үлгіде ұйымдастырған дұрыс:

- оқытушы мәселені жан-жақты талқылауға мүмкіндік беретін сұрақтарды тұжырымдайды (оған тыңдаушыларды қамту ұсынылады);

- ерекше сұрақтарды жан-жақты ашу үшін арнайы мамандар (заңгер, әлеуметтанушы, психолог, экономист) шақырылуы мүмкін;

- сабақ барысында сұрақтар белгіленген реттілікпен талқыланады.

Тыңдаушылардың арнайы дайындаған баяндамалары талқыланып, толықтырылады.

«Дөңгелек үстелдің» кез келген тақырып бойынша негізгі бөлімі барлық қатысушылардың міндетті орындайтын келісімін қабылдау болып табылады.



9-қосымша
Шеберлік сынып технологиясының қадамдық алгоритмі
1-қадам. Педагогикалық тәжірибенің презентациясы:
- оқушылардың қысқаша сипаттамасы, диагностика нәтижелерін негіздеу, оқушылардың дамуын болжау;

- технологияның негізгі идеяларын қысқаша негіздеу;

- тәжірибедегі жетістіктердің сипаттамасы;

- ұсынылған оқыту әдістерінің, әдістемелік тәсілдер мен техниканың тиімділігін дәлелдейтін оқушылар әрекеттерінің нәтижелілігінің дәлелдемесі;

- мұғалім жұмысының мәселелері мен болашағын анықтау.
2-қадам. Сабақ жүйесін көрсету:
- ұсынылған тәжірибе тәртібіндегі сабақтар жүйесінің сипаттамасы;

- шебер-ұстаздың тыңдаушыларға көрсететін жұмысының негізгі әдістерін анықтау.

3-қадам. Имитациялық ойын.
-тиімді жұмыс әдістерін көрсету арқылы қатысушылармен сабақ өткізу.
4-қадам. Модельдеу:
- тыңдаушылардың авторлық технологиясы негізінде өзінің сабағының моделін дайындау бойынша өзіндік жұмысы,

-шебер-ұстаз кеңесші рөлін атқарады, тыңдаушылардың өзіндік әрекеттерін ұйымдастырады, оны басқарады;

- авторлық сабақ модельдерін талқылау.


5-қадам. Рефлексия:
- шебер-ұстаз бен тыңдаушылардың бірлескен әрекеттерінің нәтижесі бойынша пікірталас.

-шебер-ұстаздың сабақты (жұмысты) талдауы;

-шебер-ұстаз бен бірлескен автордың немесе жетекшінің сабақты (жұмысты) талдауы;

- сабақты (жұмысты) өткізген мұғалімге тыңдаушылардың сұрақтар қоюы;

-жалпы пікірталас;



-шебер-ұстаздың барлық ұсыныстар мен ескертулер бойынша қорытынды сөзі

10 -қосымша
Тренинг сабағын өткізу бойынша әдістемелік нұсқау
Тренингтің міндеттері тыңдаушылардың кәсіби құзыреттілігі мен жеке тиімділігін арттыру болып табылады.

Педагогикалық тренингті ұйымдастырудың негізгі алғышарттары:

- өз еркімен қатысу, қойылған міндетті (мәселені) шешу және жаңа тәжірибе жинақтауға қызығушылығы бар қатысушылардың шығармашылық ұстанымының белсенділігі;

- тренингтік топта әріптестік, құрметтік, түзету, сенімді тұлғааралық тілдесу ретіндегі диалогтық өзара әрекеттесу;

- топта ой салатын мәселені ашық талқылау, яғни кері байланыс құралы ретінде психологиялық құбылыс;

- қатысушылардың өз пікірлері мен қарым-қатынастарын тұжырымдауы мен сезінуі ретінде өзіндік диагностикалау.

Тренингтік топты қалыптастыруда оған қатысушылардың құрамын, әрқайсысының оқу курсына деген қызығушылық дәрежесін және тренингке қызығушылығын ескеру қажет. Қатысушылардың педагогикалық өтіліне байланысты тренингтік топтарды таңдауға болады, дегенмен топтар әртүрлі құрамда болуы мүмкін. Қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды. Әрбір қатысушының ашылуына ықпал ететін үдерісінің пайда болуы – топтың өнімді жұмысының басты шарты. Барлық қатысушылардың қабылданған ережелерді сақтау және кез келген пікірді қабылдауы міндетті болып табылады.

Жүргізуші сабақтың ұзақтығын, оның реті мен мақсатын жұмыстың басында анықтайды. Сабақ өткізілетін орында қатысушылардың еркін қозғалуына, олардың шеңбер бойымен орналасуына, жұпқа және 3-5 адамдық кіші топтарға бірігуіне мүмкіндік жасалады.



Тренинг сабағын ұйымдастыру құрылымы:

1 кезең – кіріспе

2 кезең – тақырыпты тұжырымдау

3 кезең – жаттығулар, ойындар

4 кезең – талқылау

5 кезең – рефлексия

Педагогикалық тренинг сабақтарындағы негізгі әрекет түрлері: нақты берілген үлгі бойынша әрекеттерді меңгеруі; жаңа білімді іздеу және қалыптастыру; сәйкес біліктерді (ғылыми зерттеу түрлері бойынша танымдық іздеу; ойындық модельдеу және ойын экспрессиясы арқылы әрекеттерін жобалау) меңгеру арқылы жаңа тәжірибені игереді; пікірталастық әрекеттер (диалогтік, коммуникативтік). Барлық әрекеттер бір-бірімен үйлесуі мүмкін, бірақ тренингтің сапалылығы негізгі басым әрекеттер арқылы анықталады.

11-қосымша

Іскерлік ойын өткізу бойынша әдістемелік ұсыныстар


Біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушыларына арналған іскерлік ойын өткізу бойынша әдістемелік ұсыныстар ережеге сәйкес келесі құрылымдық элементтерден тұрады:

1. Іскерлік ойынның тақырыбы.

2. Мазмұны.

3. Негізгі бөлім.

3.1 Ойын туралы жалпы мәлімет.

3.2. Ойын моделі мен ақпараттар базасының сипаттамасы

3.3. Ойынды өткізу реті

3.4. Ойын ережесі

3.5. Қатысушыларды бағалау критерийлері

3.6. Іскерлік ойын қатысушыларына арналған нұсқаулар

3.7. Ойын жетекшісіне арналған нұсқаулар

4. Әдебиеттер тізімі



5. Қосымшалар

Әдістемелік нұсқаудың негізгі бөлімі:

  1. Ойын

туралы

жалпы

мәлімет.


Атауы, түпнұсқалық дайындаманың авторлары туралы мәлімет, ортаға бейімдеуші авторлар туралы мәлімет (егер дайындама қайталанып қолданылса), негізгі міндеті, мақсаты мен міндеттері, қатысушылар саны, ұзақтығы, қолданылатын техникалық құралдар мен бағдарламалық қамсыздандырудың сипаттамасы, мүмкін қолдану аясы

  1. Ойын

моделінің

сипаттамасы


Имитациялық модельдің (әлеуметтік-экономикалық жүйе) немесе имитациялық әрекеттердің, модель қызметінің шарттарының (әрекеттерді жүзеге асыру) сипаттамасы, қатысушылар саны мен құрамы, олардың рөлдік қызметі мен міндеттері

  1. Ақпараттар базасының сипаттамасы




Имитациялық модельдің алғашқы параметрлерінің, нақты жағдайдың (немесе жағдай типінің), сыртқы ортаның параметрлерінің (әрекет шарттары), анықтамалық ақпараттарды, оның ішінде Интернет ресурстарын пайдалану мүмкіндіктерінің сипаттамалары

  1. Ойынды

өткізу реті

Ойын кезеңдерінің құрамы мен мазмұны, уақытша регламент

  1. Ойын

ережесі


Ойын топтарын қалыптастыру және ойында рольдерді бөлу әдістері; қатысушылардың реттелген әрекеттерінің сипаттамасы; қатысушылардың өзара әрекеттесу формасы мен дәрежесі; ойын кезеңдері мен ойынның тұтас аяқталғандығының белгісі; ойынға қатысушыларды ынталандыру (жазалау мен мадақтау); ойын нәтижелерін анықтау жолы

6)Қатысушыларды бағалау критерийлері

Ойын әрекеттерін бағалау жүйесінің сипаттамасы (қабылданған шешімнің сапасы мен тиімділігі, АКТ және презентациялау технологияларын білуі және т.б.)

7) Іскерлік ойын қатысушыларына арналған нұсқаулар

Бағдарламалық қамтамасыз ету, ақпараттық ресурстарды пайдалану, келіспеушілік және шиеленіс орын алған жағдайда әрекеттерді реттеу, ойын әрекеттерінің нәтижелерін рәсімдеу және ұсыну бойынша ұсыныстар

8) Ойын жетекшісіне арналған нұсқаулар

Іскерлік ойынды дайындау, ұйымдастыру және өткізу, ойын әрекеттерін басқару, ойынның қорытындысын шығару, балдық жүйеде ойын нәтижелерін есепке алу бойынша ұсыныстар


12-қосымша
Көшпелі тәжірибелік сабақты рәсімдеуге қойылатын талаптар






Курс тақырыбы







Курс тыңдаушыларының санаты







КТС базасы







КТС сағатының көлемі







КТС тақырыбы







КТС мақсаты мен міндеттері







КТС өткізу формасы







КТС өткізу жоспары (қысқаша мазмұны)





13-қосымша
Тыңдаушылардың білімін тексеруді өткізу кестесі

№ р/с
Тексеруді өткізу формасы
Мерзімі
Орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
Нәтижесі
Тест(кіру диагностикасы)
Тыңдаушының өзіндік жұмысы
3
Жоба қорғау
4
Қорытынды тестілеу
Барлығы:


14-қосымша
Тыңдаушының өзіндік жұмыстарының тапсырмалары


р/с


Тапсырма

Мазмұны

Ұсынылатын әдебиеттер мен басқа ақпарат көздері

Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік-нұсқаулық ұсыныстар

Ұпай саны

1.
















2.


















15-қосымша
Жобаның құрылымы және бағалау критерийлері
Жоба келесі құрылымдық элементтерден тұрады:

1) титул парағы (білім беру ұйымының атауы, дайындаушының аты-жөні, қаласы, жылы);

2) мазмұны (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, қосымша);

3) кіріспе (тақырыптың өзектілігі негізделеді, жұмыстың мақсаты мен міндеттері, қолданылған әдебиеттер, негізгі мәселенің тұжырымдамасы және қысқаша сипаттамасы);

4) негізгі бөлім (кіріспеде қарастырылған мәселе реттілікпен ашылады, ақпарат көздерінен алынған материал негізінде мәселені шешу жолдары зерттеледі, дәйектелген ұстанымы көрсетіледі, әртүрлі көзқарастар сипатталады және автордың пікірі айтылады);

5) қорытынды (жобаның ұсынылған мақсаты мен міндеттеріне сәйкес зерттеудің негізгі қорытындылары шығарылады, жалпылама қорытындылар жасалады немесе зерттеу нәтижелерін нақты қолдану бойынша практикалық ұсыныстар беріледі);

6) қолданылған ақпарат көздерінің тізімі;

7) қосымша (қажеттілікке қарай);

8) слайд түріндегі презентация.
Жоба қорғауды бағалау реті
Шығармашылық жобаны дайындау мен қорғауды бағалау барысында келесі критерийлер ескеріледі:

1) теориялық және тәжірибелік білімнің көлемі;

2) тақырыптың жаңашылдығы мен өзектілігі;

3) креативтілігі;

4) нақты мәселені шешу үшін білімді қолдану білігі;

5) тақырып бойынша өзінің мәтіні мен презентазациясын сәйкесінше қисынды құру білігі;

6) шешендік қабілеті.

16-қосымша
Реферат, бақылау жұмысының пікірлерінің талаптары
Ұсынылған барлық рефераттар, бақылау жұмыстарына пікірлер беріледі.

Пікір беруші:

- қарастырылатын мәселе бойынша қолданылған әдебиеттердің толықтығын анықтауға;

- автордың мәселенің маңыздылығы мен оның тарихи шолуының мазмұнын түсінуін анықтауға;


  • жұмыс тәжірибесі мен қарастырған әдебиеттерін ашылу тереңдігін анықтауға;

-тәжірибедегі әрекеттерге арналған нұсқаулардың, қорытындылардың маңыздылығын

анықтауға;



  • жұмыстың әдебиеттер тізімін рәсімделуіне баға беруге міндетті.

  • пікір жазу, жалпы ұпай санының жиынын қою;

  • бағалау жүйесін 5 балдық жүйеге ауыстыру.

17-қосымша

ОӘК-нің өзгерістер мен қосымшаларды тіркеу парағы


р/с

Өзгерістер енгізілген модульдердің атауы

Жаңа тақырыптар

Сағат саны

Өзгеріс енгізілген мерзім

1













2













3
















Каталог: attachments -> article -> 190
article -> Ұлы баба есімі дәріптелді  Жаңа кітап баспадан шықты  Кітап тұсаукесеріне әзірлік
article -> Програма за развитие на читалищната дейност в община пещера за 2016 година
article -> ҚазақТҰтынуодағЫ
article -> «мемлекеттік қызмет этикасы» пәні бойынша
article -> Абыз тұЛҒА, АҢыз тұЛҒа кетбұҚа жауапты редакторы
article -> «Мемлекеттік қызмет этикасы» пәні бойынша
article -> Элективті пәндердің каталогы Мамандық 5В090500 «Әлеуметтік жұмыс» (оқу мерзімі – 4 жыл, оқу тілі – қазақ) Қарағанды – 2014-2015
190 -> Бекітемін Басқарма төрағасының Бірінші орынбасары Ж.Қараев 2014 ж
190 -> Педагог қызметкерлердің біліктілікті арттыру курсының кураторы портфолиосына қойылатын талаптар


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет